[:kz]
Митинг төбелеске ұласып кете жаздады.
Өткен жексенбіде Бішкекте Жогорку Кенеш депутаттарының сайлауы өтті. Дүйсенбіде жеңілген партиялардың өкілдері Ала-Тоо алаңына жиналды, деп хабарлайды zakon.kz.
Алдын ала нәтижелер бойынша, төрт партия 7 пайыздық межені еңсеріп, Парламентке өтті, деп хабарлайды 24.kg.
Бірлік партиясы — 24,53%;
Мекенім Қырғызстаным — 23,9%;
«Қырғызстан» — 8,74%;
Бүтін Қырғызстан — 7,09%.
Дүйсенбіде жеңіліске ұшыраған партиялардың өкілдері митинг өткізді. Акцияға қатысушылар саны мыңға жетті деп хабарланды. «Қырғызстан социал-демократтары», «Мекенчіл», «Реформа», «Чон Казат», сондай-ақ «Мекен Ынтымагы» партияларының жақтаушылары мен кандидаттары келді.
«Бүгін біз мерзімсіз наразылық акциясын жариялаймыз. Қажет болса, біз де осында түнейміз», — деді «Мекенчіл» партиясының өкілі Мелис Аспеков.
Наразы топ сайлау нәтижелерімен келіспейтіндіктерін айтты. Олар жеңіске жеткен партиялар сайлаушыларды жаппай сайлау учаскелеріне апарып, дауыстарды сатып алды деп санайды.
Митинг төбелеске ұласып кете жаздады.
[:]