[:kz]
Мен еркін ағылшынша сөйлеймін, арабшам да бар, бірақ бәсеңдеу, күнде ағылшынша бір сағат шет ел достарыммен түрлі проблемаларды талқылаймыз. Мәселен испаниялық досыммен Франко туралы екі күн бір сағаттан талқылаудан кейін сол қайраткер туралы пікірімді өзгерттім, сондай уақыт поляк досыммен Пилсудский туралы талқылап, оның әсіре ұлтшыл емес, мемлекетшіл екеніне көзім жетті.Яғни соңғы отыз жылда мен ескі көзқарастарымды қайта қарап келемін.Сонымен бірге бізде жалған прогрессизм бағыты күш алып келеді: озықпын деп қазақшаға шабуыл жасап жатқан біраз шет елде оқыған бастық бар көрінеді.Біразы қазақша өздері білмей қазақтілділерді қудалайтын көрінеді. Қазақша білмей министр, әкім, ректорлар олар іс жүзінде орысшаның, Ресейдің ықпал агенттеріне айналды. Ресей — изгой мемлекет, оқшауланған мемлекеттің патриоттары бізге қожайын болып алды. Африкада өз тілі емес французша, не ағылшынша ағылатындардың жөні бар. Көптеген шағын мемлекетерден шыққан қайраткерлер дамымаған шағын тайпалар өкілі. Ал қазақ — дамыған халық, саны да аз емес — 12 миллион. Мәселен, арабтарда өз тілін менсінбеушілік жеңіліп келеді, бірақ әлі бар. Арабтардың дәулетті дегендері балаларымен французша, не ағылшынша сөйлейді. Осының себебі отарлық сананың салдары.
Әзімбай Ғали
Фейсбуктегі парақшасынан
alashainasy.kz
[:]