[:kz]
Әлеуметтік желіде Арыстанбек Байқабылов есімді азамат отандық атышулы бағдарламаны сынап, былығын әшкереледі. Ол эфирге «шашcыз шыққан» қазақ қызын сөзбен «сабап алды» деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Белсенді бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
«Мына жайды асығыс болсам да жазбасқа амалым болмады.
Бүгін әдеттегідей үйге келіп түстік асымызды ішіп отырмыз. Үйдегілер теледидарды қосып «Қалаулым» бағдарламасын көріп отыр екен.
Бір кезде көзім еріксіз экрандағы тақырбас балаға түсті. «Бақсам бақа екен» дегендей сүйтсем әлгі тақырбас бала деп отырғаным кәдімгі қазақтың қызы екен.
Бағдарламаны көріп отырып түсінгенім, әлгі тақырбас қыз алдыңғы бағдарламаларда кездесуге келген бір қыз бен жігітке «сендер жұп болмайсыңдар, егер сендер жұп болсаңдар онда мен шашымды түгел сыпырып алып тастаймын» деп бәстесіпті. Содан ол қыз бен жігіттің көңілдері жарасып, жұп болыпты- мыс.
Бірақ әрине заңды некелесіп үйлену тойлары әлі болмағанда. Сонымен не керек, ұзын сөздің қысқасы әлгі қыз бүгін шашын сыпырып алып тастап келіпті және соны өзі сол ісіне мақтанып, масаттанып, мәз-мейрам болып отыр.
Оны бір жігіт дәріптеп «міне біздің «пәленшегүл» уәдесінде тұрып, шашын алып тастап ерлік жасады» деп дәріптеп отыр. Оған қол соғып қошеметтеп бағдарламаға келген қатысушар да мәз.
Бұдан түйген ойым, жаман әдет тез жұғатыны секілді осындай келеңсіз, қазақтың әдетіне жат көріністерді эфирге шығарып, бұл бағдарлама жастарға не үлгі береді?
Хайп қуған қыздарымыз ертең жаппай шашын тықырлатып алып тастап жүрсе де, таңғалмайтын дәрежеге жететін шығармыз.
«Басшысыз елдің иттері осырақ келеді» дегендей бұны қадағалап «тәйт» дейтін тиісті саланың басшылығы қайда қарап отыр.
Әншейінде жоғарғы мінбелерден сөз сөйлеп, «ұлтым, қазағым, отаным» деп өңеші жыртылғанша қолын сермеп, қызыл сөзді сапыратын патриоттар мен халықтың сенімін арқалаған «халық қалаулылары» қайда қарап отыр екен деген ойға қалады екенсің», — деді Байқабылов.
[:]