[:kz]
Күні кеше қазақстандық жас орындаушы Ержан Максим Польшада өткен «Балалар Евровидениесінде» екінші орын иеленді. Осы орайда отандық эстрада жұлдыздары отандасымызды жүлделі орнымен құттықтап, ақ тілектерін білдіріп жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.
![Коллаж: KAZ.NUR.KZ Коллаж: KAZ.NUR.KZ](https://netstorage-nur.akamaized.net/images/db11341d1dede3a9.jpg?imwidth=900)
Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Өнердегі інісін әлемге танымал Димаш Құдайберген алғашқылардың бірі болып құттықтады.
«Құлыншақ, жеңісің құтты болсын! Екінші орын емес мен үшін бірінші орын деп білемін! Жарайсың балапан!», — деп жазды ол.
Әнші жазбасының астында қазақстандық өнерпазды Игорь Крутой да құттықтап үлгерді.
«Құттықтаймын», — деп жазды ол.
Ержан Максимге ақ тілегін білдіргендер қатарында 2014 жылы Turkvision байқауында топ жарған Жанар Дұғалова да бар.
«Ержан! Көөөп рахмет саған, балапан! Сен біздің мақтанышымызсың! Урррра!», — деп жазды әнші.
Жас орындаушыға Ақбота Керімбекова да ақ тілегін арнады.
«Жеңіс құтты болсын қазақ елі. Ержан баламызды Аллам тіл көзден сақтап, бүкіл әлемнің жұлдызы болуды нәсіп етсін», — деп жазды ол.
Ал Мадина Сәдуақасова Ержанмен бірге түскен суретін жариялап, оның жеңімпаз деп санайтынын жеткізді.
[:]