АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Отасқанымызға 10 жыл»: Айдар Тұрғамбек әйеліне ерекше тосын сый жасады (видео) [:]

[:kz]

 

«Жігіттер» квартетінің мүшесі Айдар Тұрғамбек келіншегімен отасқанына он жыл болуына орай, оған естен кетпес тосын сый жасаған. Өнер иесі өмірдің ыстығы мен суығына да өзімен бірге көніп келе жатқан асыл жарына өз алғысын білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айдар Тұрғамбек келіншегін қалай құттықтағанын Instagram парақшасында көрсетті. Эстрада жұлдызы жарына жасаған тосын сыйының видеосымен бөлісіп, барша жанкүйерлерін тәнті етті. Әнші әйелін далаға шақырып алып, оған дайындап қойған сыйлығы мен гүл шоғын тарту еткен. Өнер иесінің ғашығы мұндай құттықтауға қатты таңғалған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝐀𝐈𝐃𝐀𝐑 𝐓𝐔𝐑𝐆𝐀𝐌𝐁𝐄𝐊 (@aidar_turgambek)

«Достар менде бүгін аса қуанышты жағдай. Бүгін әйелім, балаларымның анасымен отасқанымызға он жыл болды. Өте қуаныштымын. Менің мінезіме де, ыстығым мен суығыма да көніп келе жатқан асыл жарыма алғысым шексіз», — деді ол. Әнші негізі мұндай романтикалық қадамдарға аса жоқ екенін жасырмай айтты. Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларды шын жүректен құттықтап, өз ақ тілектерін жолдады. «Бақытты болыңыздар», «Қандай керемет. Келіншегіңіз қуанып қалды», «Жарайсыз, махаббаттарыңыз баянды болсын», «Айдар әйел адамға деген сыйластығыңыз жоғары деңгейде екені көрініп тұр», «Сіздерге тек қана бақыт тілеймін. Бірге қартайып, немерелеріңіздің қызығына тоймай жүре беріңіздер», — деп жазуда көпшілік.

 

kaz.nur.kz

 

[:]