АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Отчет по практике Әйелдер польтосы мен әйелдер пиджагын тігу

 

 

 

 

 

Мк-021.3(г) тобының студенті Мөйтбекова Сафура Әбдімаратқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

 

 

Техника қауіпсіздік ережесі…………………………………………………………………………

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………

Сән бағыты…………………………………………………………………………………………………

Споттық ерлер костюмнің моделі……………………………………………………………..

Құрастыру және есеп………………………………………………………………………………….

Жабдықтар………………………………………………………………………………………………….

Экономикалық бөлім……………………………………………………………………………………

Қорытынды…………………………………………………………………………………………………

Әдебиеттер…………………………………………………………………………………………………

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Техника қауіпсіздік ережесі

 

 

 

 

  1. Жұмыс барысында ине қорабындағы немесе ине шанышқыштағы инелердің санын білу, құрал-жабдықтарды өз орнында ұстау.
  2. Жұмысты ұқыпты орындау, ине шаншар алдындағы өртаңғы, саусаққа оймақ кию, ол қолды жарақаттанудан сақтайды, қайшыны ашық тастамау және үшкір жағын өзіңе қаратып қоймау, қайшыны тұтқыл жағынан қаратып ұсыну.
  3. Жұмыс соңында ине мен түйреуіштерді санап ине шаншығышқа салып қою, қайшыны қорабыны салып қою, жұмыс орнын тазалау.
  4. Машинаны жұмысқа дайындау: қозғалтқыш-рычагты қосып, машинаны жұмыс жүрісіне қою. Үстіңгі, астыңғы жіптерді өткізіп тігістің қажетті ұзындығын реттеп, инені жоғары көтеру.
  5. Жұмысты бастау: тігілетін матанытабанның астына қыстырып, инемен шаншу, жұмысты жалғастыру.
  6. Жұмысты орындау: қозғалтқыш тұтқаны айналдырып, матаны белгілегенорны бойынша бағыттап отыру.
  7. Жұмысты аяқтау: инені, машинаның табанын көтеру, сол қолмен матаны шығарыпжіптерін қию. Бір қарыс матаны табанының астына қыстырып инемен шаншып қою, машинаны бос жүріске қою.

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

 

 

 

Біз 25.11.2013ж. екінші курстың 1-інші семестірінде іс-тәжірибеге келдік.  Бұл іс-тәжірибе бағдарламасы бойынша біз әйелдер польтосы мен әйелдер пиджагын тігуді үйрендік.

Польто тіккенде бүкпе жасауды, екі тігісті жеңді негізгі бөлікке қосуды, капюшон тігуді, тік жағаны негізгі бөлшекке орнатуды, бедерлі тігістерді тігуді, астармен негізгі бұйымды қосуды үйрендім. Польто тіккенде еш қиындық болмады.

Пиджак тіккенде сыдырма орнатуды, пиджак етегіне манжет, екі тігісті жеңді модельдеп орнатуды, жең етегіне манжет орнатуды, рельеф тігістерді тігуді, астармен негізгі бұйымды қосуды үйрендім. Пиджагымның матасын колледждің машинкалары тікпегендіктен үйдегі машинкаммен тігуге тура келді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cән бағыты

 

 

Танымал сәнгерлер мен әрлеушілер ұсынған жаңа сән үлгілерін кез келген еркек байқап көргісі келеді. Олар да өз ортасында әдемі, сымбатты жүрсем дейді. Қазақы ұғымда жігіттер жағы сән әлеміне көп мойынсұнбағанымен, бүгінгі заман ағымы бәрін талап етуде. 2013-2014 күз-қыс маусымы үшін ерлерге арналған жаңа сән үлгірерін ұсынамыз. Осы сән үлігілерінің ішінен керегін табасыз деп үміттенеміз.

 

Қараны көкпен ауыстыру

Көптеген сәнгерлердің топтамасында қара түстің орнына қара-көк түс басты. Нavy blue пішіні теңізшілердің әскери формасы іспетті, қайратты әрі мәртебелі көрінеді. Бұл пішін сasual үлгісі сынды классикалық үлгіде әдемі көрінеді. Жылтыраған былғарылы күртеше бұл пішінде стильді әрі жаңа.

Шатыраш костюм

1930 жылдардағы сән үлгісі арамызға қайта оралуда. Сіздің киім ілгішіңізде міндетті түрде пиджак, шалбар, пальто және шатыраш жейде тұруға тиіс. Костюмнің шатыраш болуы жігіттерді сырбаз әрі сымбатты көрсетеді. Ерлерге арналған костюмдер мен түкті шатыраш пальтолар 2013-2014 күз-қыс маусымында өтімді болады. Және ол сіздің талғамыңызға дәл келері анық.

Водолазка мен жейде

Дұрыс үтіктелген кеңселік жейде мен галстук сіздің жоғарғы сөреңізде тұруы қажет. Осы күз-қыс маусымында костюмді водолазкамен кию жарасымды көрінеді. Водолазканы тек костюммен емес, жемпірмен, шатыраш жейдемен кию дұрыс. Водолазканы салқын күндері суықтан қорғану үшін ғана емес, сәнді көріну үшін де киюге болады.

 

Күртеше

Жеңіл күртешелер осымен кезекті маусымда да айналымға шығып жатыр. Бұл сұраныстың бар екенін көрсетеді.

 

Түрлі түсті унисекс

Түрлі түсті унисекс дегеніміз не? Бұл – ер адамға да, қыз балаға да киюге рұқсат етілетін киім түрі. 2013-2014 күз-қыс маусымындағы ерлер топтамасында күлгін, шие түстес, сұрғылт, ашық жасыл, көк-жасыл, әдеттегідей қыздардың алқызыл түстері кездеседі. Ендеше, өміріңізді жарқын етер сәт келді!

 

 

 

 

Жабдықтар

Түймелікті тесетін құрал – ол бұйымдағы теспені түйменің өлшемі бойынша екі жаққа ажырата кесіп шығады.

Оймақ – инені мақтаға шаншып кіргізгенде қажет. Ол қолды иненің басыкіріп жарақаттанудан сақтайды. Оймақ қолдың ортаңғысаусағына кигізіледі. Оймақты пластмассадан, темірден жасайды.

Сантиметірлік таспа – өлшемдерді түсіргенде мата мен бұйым бөошектерін өлшегенде қажет. Ол созылуға төзімді арнайы матадан жасалады. Таспа ұзындығы -150 см.

Үтік жастықшасы мен тақтайшасы – дайын бұйымның жеңін, иығын, шалбардың балағын үтіктеуде қолданылады.

Инелерді қол тігісінде қолданады. Оларды №1-ден (ең жіңішке) №12-ге (ең жуан) дейін шығарады. Жұқа маталарға жіңішке №1, 2, 3 инелер қолданады, өйткені кестеде жуандығы әр-түрлі жіп пайдаланылады, олар көзі үлкен инеге оңай өткізіледі. Инелерді болаттан дайындайды.

Қайшы — матаны қиғанда, жіпті кескенде және т.б. жұмыстарға қажет. Олар тігінші, пішуші, тұрмыстық деп бөлінеді. Қайшылардың да өлшемдері мен құрылысы әрқалай. Қайшыларды болаттан жасайды.

 

 

 

 

Экономикалық бөлімі

 

 

 

 

 

Атауы

Өлшемі

Бағасы

Қорытынды

 

Спорттық ерлер костюмі

 

 

 

1.

Негізгі мата

2,0 м

800 тг

1 600 тг

2.

Астарлық мата

1,5 м

300 тг

450 тг

3.

Желім қатырма

1,0 м

250 тг

250 тг

4.

Фурнитура

Замок 1 шт

Кнопка 5 шт

Жіп – 1 шт

100 тг

20 тг

120 тг

100 гт

100 тг

120 тг

 

Қорытынды

 

 

2620  тг

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

Мен Мөйтбекова Сафура Әбдімаратқызы 10.05.2014ж.-28.06.2014ж. аралығында өткен іс-тәжірибесінде________ және спорттық ерлер костюмін тігуді үйрендім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер

 

 

 

 

 

  1. Бланк А.Ф.,Фомина М. Практическая книга по моделированию женской одежды.М. Легпромбытиздат,1992.
  2. Шершнева Л.П. Әйел және балалар киімдерін конструкциялау негіздері.- Алматы; Рауан, 1992.
  3. Қ. Кучарбаева, Т. Амреева, Г. Чмекеева. Киім пішу мен тігу (дидактикалық материалдар) — Астана: Фолиант, 2010.
  4. М.Нұржасарова, Қ. Кучарбаева, А. Рүтемова. Киім дайындау технологиясы. – Астана: Фолиант, 2008.
  5. Б. Сатыбалдинова, М. Сәлімбаева. Тігін өндірісінің технологиясы. – Астана: Фолиант, 2008.
  6. Г. Такишева, Б. Асанова. Моделирование и художественное оформление одежды. – Астана: Фолиант, 2011.
  7. Б. Дүрманов, Х. Өтешова, Г. Байділдаева. Тігінші, Пішуші, Модельер. – Астана: Фолиант, 2011.

 

 

 

 

 

 

 

Споттық ерлер костюмінің материалдары:

 

 

 

 

Негізгі материал

 

 

 

Астарлық материал

 

 

 

Желім қатырма

 

 

 

Фурнитура