МАЗМҰНЫ
Кіріспе…………………………………………………………………. 3
1. |
Aлматы Маргарин зауыты жалпы сипаттамасы………………………… |
4 |
|
|
|
2. |
Aлматы Маргарин зауытының шығарылған өнімдерінің сипаттамасы………………………………………………………………………………. |
5 |
|
|
|
3 |
Aлматы Маргарин зауытының өнімдерін өткізу нарығы…………………. |
8 |
|
|
|
4. |
Кәсіпорынның кадрлық саясаты………………………..……………. |
11 |
|
|
|
5. |
Aлматы Маргарин зауыты қызметінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау………………………………………..…..……. |
13 |
|
|
|
6 |
Aлматы Маргарин зауытының қаржылық жағдайын талдау……………………………………………………………………. |
18 |
|
|
|
|
Қорытынды…………………………………………………………….. |
20 |
|
|
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………… |
21 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
КІРІСПЕ
Өндірістік тәжірибе оқу үрдісінің бөлінбейтін бір бөлігі болып табылады және өнеркәсіп салалары мен әртүрлі меншік формаларындағы кәсіпорындар үшін мамандар дайындауда маңызды элемент болып табылады.
Экономистер мен менеджерлер – бұл әртүрлі экономикалық және басқарушылық дайындығы бар, экономикалық заңдардағы, заңдылықтар мен олардың әрекет ету механизмдеріне еркін бейімделе алатын, болжау, жоспарлау және күрделі экономикалық өзара байланыстарды зерттеу әдістемесін жетік игерген мамандар жас-бітірушілер мамандықтың теориялық білімдерін жетік білуімен қатар, кәсіби мәселелерді тәжірибеде шығармашылықпен шеше ала білуі қажет.
Өндірістік тәжірибенің шешілген мәселелері:
— нарықтық қатынсатарда қызмет ету шартында кәсіпорындағы экономикалық жұмыстардың қағидалары мен әдістерін терең үйрену және зерттеу;
— студенттердің мамандық бойынша жұмыстар үшін тәжірибелік білімдерді меңгеруі;
— басқару жолдары мен әдістерін зерттеу, өндіріс тиімділігін және кәсіпорын жұмысының сапасын арттыруға әсерін зерттеу;
— өндірісті жоспарлау мен басқаруды ұйымдастыру тәжірибесімен танысу;
— негізгі өндірістік-экономикалық және қаржылық көрсеткіштерді және статистикалық мәліметтерді өңдеу, талдау;
— талдау және жоспарлаудың алдыңғы әдістерінің негізгілері болып табылатын кейбір есептерді өз бетінше орындау;
— жеке бөлімдердің тәжірибелік жұмыстарына белсенді қатысу.
Өндірістік тәжірибе орны болып Aлматы Маргарин зауытының қызметі табылады.
- Aлматы Маргарин зауыты жалпы сипаттамасы
Aлматы Маргарин зауыты 1962 ж. 11 маусымында іске қосылған. Aлматы Маргарин зауыты жылына 6300 тонна маргарин өнімдерін өндіретін қуатқа ие. Зауыт бойынша өнімнің 9 түрлері өндіріледі:
- ж/с сары маргарин;
- 1 сортты сары маргарин;
- ж/с асханалық-сүтті маргарин;
- гидромай;
- өсімдік салосы;
- аралас жануар майы;
- кокос қосылған май;
- асханалық май;
- провансаль майы.
1972 ж. зауыттың өндірістік қуаты с ол өндірістік аудандарында ұлғайып, жоба бойынша 6000 тоннаның орына жылына 22,5 мың тоннаны құрады.
1976 ж. зауыттың өндірістік қуаты маргарин өнімінің 27000 тоннасын және жылына 1000 тонна майонез өнімін шығаруға жеткілікті болған.
1987 ж. маргарин өнімінің 40000 тоннаға дейін жеткізіп, майонез өнімін 2,9 мың тоннаға жеткізген. Ассортимент 10-нан астам түрлерді құраған: «Асханалық –сүтті», «Күн шуағы», «Сары май қосылған», кулинарлы майлар «Өсімдік салосы», «Көктем» майонезі, «Провансаль» майонезі және т.б.
Зауыт жұмысшыларының саны 242 адам және қызметкерлер саны 57 адам.
45 жыл жұмыс істеу барысында зауыт еш уақытта да тоқтамай үздіксіз жұмыс істеген.
Қазіргі таңда компанияның аты «Евразиан Фудс Корпорейшн» АҚ болып қайта құрылған-перспективті кәсіпорын болып табылады, әлемдік ең жақсы өндірушілердің жоғары өнімділікті қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен қамтамасыздандырылған, мысалы «Alfa Laval» , «Kircyfeld». Зауытта майонез, кетчуп және «Фрима» (Швейцария) фирмасының салат соустарының өндірісі бойынша 2 линия, «Radel» (Швейцария) фирмасының майонездерді евробанкаларға фасовкалау құрал-жабдығы, «Bossar» (Испания) фирмасының «Дой Пак» типті қорапқа фасовкалау бойынша автоматтар, «Коste» (Австрия) және «Renopak» (Швейцария) фирмаларының өсімдік майларын ПЭТ бөтелкелерге құю бойынша технологиялық линиясы іске қосылған.
Зауытты қайта жарақтандыру нәтижесінде жылдық өндірістік қуат қазіргі таңда мынаған тең : майонез – 16861 тонна, кетчуптар мен соустар – 1122 тонна, 328 тонна горчица (қыша), 26322 тонна өсімдік майы.
- Aлматы Маргарин зауытының шығаратын өнімдерінің сипаттамасы
Алматы маргарин зауыты өздерінің өнім өндірісі үшін ең жақсы және жоғары сапалы шикізаттар қолданады. Қазіргі заманғы құрал-жабдықтар әлемдік сапада кең өнім ассортименттерін шығаруға мүмкіндік береді.
Майонез өнімдері бойынша — «Провансаль», «Салатный», «Экстра» , «Жеңіл»;
Кетчуптар мен соустар: «Қазақстандық», «Класикалық», «Чили», «Барбекю», «Шашлычный».
Өсімдік майлары: «Шедевр», «Майя», «Жүгері майы», «Мақта майы».
Ассортимент түрлері үнемі кеңейтілуде, жаңа өнім түрлері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Зауыттың Қазақстан бойынша филиалдар тармағы және Қырғызстанда өкілдіктері бар. Зауытта өнімдерді жеткізу бойынша едәуір автомашиналар паркі қызмет етуде.
Нарықтық қатынастарға өтуде өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамассыз ету мәселесі елеулі түрде өткірлене түсті. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі құраушысы оның сапасы болып табылады. Өнімнің жоғары сапасы – кәсіпорын қызметінің ең маңызды нәтижелі көрсеткіші. Ол нарықта кәсіпорынның бәсекелік артықшылығын, оның экономикалық қауіпсіздігін қамтамассыз етеді.
Өнім сапасы деп өнімнің атқаратын міндетімен сәйкес қажеттілік анықтамасын қанағаттандыруға жарамдылығын қамтамассыз ететін өнім қасиеттерінің жиынтығы түсіндіріледі.
Нарықтық қатынастарға өтудің қазіргі кезеңдегі жағдайларында кәсіпорынға өзінің тауарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамассыз ету өте маңызды. Бәсекеге қабілеттіліктің қазіргі замаңғы теориясы, соның ішінде, Гарвард университетінің профессоры Майкл Портердің кітаптарынан бастау алады. Майкл Портер бәсекелік артықшылықтың үш түрін бөліп көрсетті: шығындар бойынша артықшылық, саралау және бір нәрсеге бейімделу.
Шығындар бойынша артықшылық – бұл фирманың бәсекелестерге қарағанда аз шығындала отырып, тауар өңдеу, өндіру және өткізу қабілеті. Басқа сөзбен айтқанда, бұл артықшылыққа жету үшін кәсіпорын аз шығындар мен және өте аз мерзім ішінде тауар өңдеу, өндіру және өткізуді ұйымдастыру қажет.
Саралау деп сападағы артықшылықты, соның ішінде, өнімнің ерекшелігін, тұтынушыларға сервистік қызмет көрсетудегі артықшылықты айтамыз, осы арқылы тауар тез сатылады, ал кәсіпорынның өнімі бәсекелестеріне қарағанда жоғары бағаланады.
Бір нәрсеге бейімделу фирманың күш – қуаттарының тұтынушылардың қандай да бір тобына немесе арнайы бір географиялық нарыққа бағытталуы («фокус») болып табылады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілік стратегиясы фирманың бәсекелік артықшылық түрлерінің бірін таңдауы негізінде құрылады: не тұтынушыларды өзінің өнімдерінің басқа өндірушілердің ұқсас өнімдеріне қарағанда салыстырмалы арзандығымен қызықтыра отырып, шығындардың артықшылықтарын көрсетумен ; не тұтынушылардың тауардың (қызметтің) жоғары сапасына қызығушылығын тудыру арқылы саралауды; не тұтынушылардың белгілі бір тобын қызықтыру арқылы бейімделуді таңдау.
Сонымен, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі — бұл өнімнің бәсекелес өнімнің ұқсас қасиеттерінен, өндіруші және тұтынушы (сатушы және сатып алушы) үшін екі жақты тиімді өндіру (сатудан түскен пайда), сатып алу — сату (нарықтық баға) және тұтыну (пайдалану шығындары) көрсеткіштерімен ерекшеленетін техникалық (техникалық деңгейі), функционалдық (пайдалану деңгейі) және экономикалық (сатып алу және пайдалану бағасы) қасиеттерінің жиынтығы.
Өнімнің тұтыну қасиеттері сапа көрсеткіштерінде көрініс табады. Сапа көрсеткіштері бірлік, кешендік, интегралдық сапа көрсеткіштері болып бөлінеді.
Бірлік көрсеткіштер өнімнің жекелеген пайдалы қасиеттерін сипаттайды. Жиынтықта олар өнім сапасының техникалық — экономикалық деңгейін анықтайды. Сапаның кешендік көрсеткіштері қасиеттер тобын анықтайды. Интегралдық көрсеткіш – бұл өнімнің пайдалы қасиеттері мен осы қасиеттерді қамтамассыз етуге кеткен жиынтық шығындарды салыстыру.
Жеке көрсеткіштер үлкен екі топқа бөлінеді: сұрыптау (классификация) және бағалау.
Жоғары сапалы өнім өзінің техникалық — экономикалық көрсеткіштері бойынша ұқсас бәсекелес тауарлардан артық болады. Көптеген жағдайларда бұл негізінен жаңа өнім болып табылады. Мұндай тауарлардың өндірушісі өз пайдасын өнімге өте жоғары баға белгілеу есебінен де елеулі түрде көбейтуі мүмкін.
Бәсекеге қабілетті өнім негізінен сапаның жоғары деңгейіне сәйкес келеді, бірақ осы нарықтағы ұқсас тауарлар арасында орташа сапа деңгейін иеленуі де мүмкін. Соңғы жағдайда тауардың бәсекеге қабілеттілігіне жарнама және сатуды ынталандыру жөніндегі іс – шаралар есебінен қол жеткізіледі және ол, негізінде, баға құруға, сатудан кейінгі қызмет көрсетуге, жарнамаға, өткізу арналарын таңдауға және т.б. тәуелді болады.
Сапа деңгейі төмен өнімдердің тұтастай алғанда көптеген бәсекелестер өніміне қарағанда бірнеше тұтыну қасиеттері болады. Бұл жағдайда фирманың нарықтық бағыты тұрақты болып қалуы үшін өндіруші мұндай тауарларға бағаны төмендету стратегияларын қолдануына болады.
Сапа деңгейі өте төмен өнімдер әдетте бәсекеге қабілетсіз, не тұтынушысын ешқашан таппайды, не тек өте төмен бағада ғана сатылуы мүмкін. Бұл жағдайда өндірушіге не мұндай өнімнің сапасын көтеру, не нарықта жаңа өнімдерге ауыса отырып, оны өндірістен алып тастау керек.
Кәсіпорын — өндірушінің экономикалық мүдделері бағыты бойынша нарықта белгілі бір орынды (ниша) иелену арқылы нарықтық сұранысы бар, кәсіпорынның жұмыс істеуінің тиімді дамуы үшін өнім рентабельділігін қамтамассыз ететін өнім бәсекеге қабілетті деп есептеледі:
Ре(ө)=Пс(с)/Өкт(ө)>Рет(ө),
Мұндағы: Ре(ө) — өндіруші -кәсіпорын өнімнің нарықтық рентабельділігі;
Пс(ө)- өндіруші – кәсіпорын өнімін сатудан түскен пайда;
Өқт(ө)- өндіруші – кәсіпорын өнімін сатудан түскен пайда;
Рат(ө)- өндіруші кәсіпорынның тиімді дамуы үшін өнімнің талап етілетін рентабельділігі.
Тұтынушы – кәсіпорынның экономикалық мүдделері бағыты бойынша тұтынушы – кәсіпорынды да, өндіруші — кәсіпорынды да қанағаттандыратын, талап етілетін тиімділіктегі қолайлы тұтыну бағасын (өнімнің сатып алу бағасы және оны пайдалану құны) қамтамассыз ететін сатып алынған өнім бәсекеге қабілетті деп аталады
Егер сатып алынатын бұйымдар өнімді шығару мен сату үшін қолданылатын болса, онда тұтынушы – кәсіпорын үшін де, өндіруші – кәсіпорын үшін де, талап етілетін рентабельділікті қамтамассыз ететін бұйымдар бәсекеге қабілетті деп саналады.
- Алматы маргарин зауытының өнімдерін өткізу нарығы
Алматы қаласы және Алматы облысының дүкендері, демалыс үйлері, бала-бақша, аурухана, емхана, интернат және балалар үйін сүт өнімдерімен қамтамасыз етеді .
1-сурет. Алматы маргарин зауытының басқару құрылымы.
Алматы маргарин зауытында маркетинг және өнімді өткізу бөлімдері жақсы жұмыс істейді.
Жамбыл облысы Луговое ауданында болған жер сілкінісінен зардап шеккендерге 50 000 т көлемінде көмек көрсетілді.
Жетім балаларға көмек ретінде «Сары-Ағаш» демалыс орнына жіберуге көмектесті. Жыл сайын 9 мамырда Іргелі ауылының ¥лы Отан соғысы ардагерлеріне арнайы асханада мереке ұйымдастырып, сыйлықтар тапсырады. 65 соғыс ардагеріне және 45 ауыл ардагеріне материалдық көмек көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Кауіпсіздік комитет Шекара әскерлік 2004 жылы азық-түлік өнімдерін қамтамасыз ету мақсатында жарияланған ашық қонкурс жеңімпазы атанды .
Маргарин өнімдерін өндіру көлемі Қазақстан бойынша жоғары орындарды алады. Бұл жағдай Республикада экономикасының құрылыс секторындағы белсенділіктің жоғарылауымен, сәйкесінше, шикізат базасы мен өндірістік қуаттың мүмкіншілігі және құрылыс материалдарына сұраныстың тұрақты өсімімен түсіндіріледі. Қазақстанда май өндіру тиімді және жылдам ақтайтын болып саналады. 2007 ж. цементтің қажеттілігі 6,5 млн. тоннаны құрады. 4,3 млн. тоннаны жергілікті цемент зауыты өндіреді, ал 1,2 млн. тоннаны шетелден әкелінеді. 2006 ж. 2004 жылмен салыстырғанда маргарин тұтыну 2,1 есеге дейін өсті. Бірақ, осы уақытқа дейін маргарин тұтынудан оны өндіруі артта қалып келеді. 2004 ж. отандық зауыттар 1691212 тонна өндірсе, 2006 ж. 2885179 тонна өндірді (1,7 есеге өскен). Нәтижесінде импорт көлемі өскен, 2006 ж. 1000705,0 тонна, яғни импорт үлесі қажеттіліктің 26% құрайды. Құрылыс компанияларының маргариннің жылдық қажеттілігі 5-6 млн.тн. Алматы маргарин зауыты өндіріс технологиясын жетілдіру және өндірілетін өнімнің сапалық көрсеткішін жоғарылату өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметері бойынша шикізаттар Ресейден 253,3 мың тоннна, ал Қырғызстаннан 71,2 мың тонна әкелінген.
Республика бойынша маргарин өндіру көлемінің көп мөлшері Шығыс Қазақстан облысы-5,4 % ие, ол жақта 2 ірі май зауыты орналасқан — Өскемен және Семей. Ал ОҚО 2 ірі – Шымкент және Састөбе зауыттарында 18 % ғана өндіріледі. Қарағанды май өндіру зауыты орналасқан Қарағанды облысының үлесі 29 % құрайды.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетинг кәсіпорынның рыноктық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқарудың басты пернесі ретінде қаралады. Осы жағдайға байланысты ол нақты тұтынушылардың, нақты зерттеу мен болжау негізінде мол табыс табуға, сыртқы өнім шығарушы кәсіпорынның ішкі және сыртқы рыноктың қазіргі жағдайын және оның болашағын білуге бағытталады. Сонымен бірге, кәсіпорынның маркетинг қызметіне бәсекелесті зерттеу, баға саясатын қамтамассыз ету, өнімді өткізу мен жарнамалауды ынталандыру тауарларды өткізуді тиімді ұйымдастыруды жолға қою, тағы басқа да шаруалар жатады. Маркетинтік зерттеулер маркетинтік шешімдер қабылдау кезінде белгісіздікті төмендету мақсатымен берілгенді талдау және өңдеуді, жинауды білдіреді зерттеулердің нақты нәтижесі болып, кәсіпорынның маркетинтік қызметінің тактикасы мен стратегиясы жүзеге асыруға және тандауда қолданылатын жаңалықтар.
Маркетингтік зерттеудің негізгі бағыттары:
— нарықты зерттеу;
— тұтынушыларды зерттеу;
— бәсекелестерді зерттеу;
— нарықтың ұйымдастырушылық-құқықтық құрылымын зерттеу;
— бағаларды зерттеу;
— тауарды зерттеу;
— сату мен тауар қозғалысын зерттеу;
— өткізу және жарнаманы ынталандыру жүйесін зерттеу;
— кәсіпорынның ішкі ортасын зерттеу болып табылады.
- Кәсіпорынның еңбек ресурстары
Еңбек ресурстарының сандық сипатттамалары кәсіпорын мақсатын орындау үшін және жұмыстарын атқару үшін жұмысшының кәсіби және біліктілігінің жарамдылық дәрежесін анықтайды. Еңбек қызметіне байланысты кәсіпорын мамандары мамандығы және біліктілік деңгейіне байланысты бөлінеді.
Алматы маргарин зауытында жұмыс істейтін мамандардың көп жылға тәжірибелері бай, біліктілікті көтерудің кәсіби бағдарламаларында арнайы оқуда, қайта даярлаудан өтіп отырады.
Алматы маргарин зауыты облыстағы ірі салық төлеуші кәсіпорын болып табылады. Қазіргі таңда зауытта 450 адам жұмыс істеуде, қызметкерлер мен инженерлі-техникалық жұмыскерлер саны 190 адам. Мысалы, қазіргі таңда әлеуметтік салық бойынша және басқа да аударымдар жылына 3 605 194 теңгені құрайды. Цемент өндіру зауыты іске қосылғаннан кейін Алматы маргарин зауыты жергілікті бюджетке әлеуметтік салық және басқа да аударымдар бойынша жылына 14 819 693 теңге құяды.
Мамандар саны келесі шарттардан туындайды, зауыт 2 кезекпен бір жылда 260 жұмысшы күнімен жұмыс істейді. Кезек ұзақтығы 8 сағат.
Жұмысшылардың тізімдік саны келесідей :
Әкімшілік-басқару аппараты — 8 адам.
Қосымша өндірістік емес персонал – 158 адам.
Оның ішінде: таукен – ұсақтау цехы – 56 адам.
Май өнімдерінің өндірісі – 85 адам.
Жөндеу-механикалық цех – 8 адам.
Зертхана – 11 адам.
Барлық жұмысшы орындары келесі негізгі белгілер арқылы топтастырылған:
- технологиялық үрдіс түрлері бойынша;
- технологиялық құрал-жабдық түрлері бойынша;
- еңбек бөлінісі бойынша (дара, ұжымдық жұмыс орындары);
- механикаландыру дәрежесі бойынша (қол еңбегі, машина-қол, автоматтандырылған).
Негізгі қорлардың құнының өсуіне алып келмейтін ағымды және күрделі жөндеу шығындарын талдау. Аталған бап бойынша жылы шығындардың жоспарланған көрсеткіштен асып кетуі негізінен материалдардың қымбаттауымен және негізгі қорлардың жоғары тозығымен байланысты. Сонымен шығындардың жоспардан асып кетуіне өз күшімен орындалатын жоспарлық жөндеу жұмыстарының мердігерлік жолмен орындалуы да септігін тигізіп отыр. Бұған жөндеу жұмыстарымен айналысатын жоғары білікті мамандардың жетіспеушілігі себеп болып отыр. Сонымен қатар, арнайы автокөліктерді жөндеу барысында қосымша ақаулықтар табылып, көліктерді жөндеу жұмыстарының көлемі де ұлғайды. Энергия желілерінің аварияларын жою бойынша жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу де 2007 жылғы шығындардың жоспардан асып түсуіне септігін тигізді.
- Алматы маргарин зауытының техникалық-экономикалық жағдайын талдау
Компанияның қаржылық жағдайы қалыпты өндірістік және коммерциялық қызметті жүргізу үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілгендігімен, қаражаттарды орналастырудың және қолданудың тиімділігімен, басқа да субъектілермен қалыпты қаржылық қатынастарымен, төлем қабілеттілігімен және қаржылық тұрақтылығымен сипатталады. Табыстарды, шығындарды және басқа да қаржылық көрсеткіштерді талдау компанияның қаржылық есебінің (бухгалтерлік баланс, табыстар мен шығындар туралы есеп, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп), салықтық және статистикалық есептердің және басқа да құжаттардың негізінде жүргізілген.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін ең алдымен оның техникалық – экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау қажет. Талдаудың ақпараттық негіздері болып «Бухгалтерлік баланс», «Табыстар мен шығындар туралы есеп», өндірістік жоспарлар табылады.
4-кесте. Алматы маргарин зауытының техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау
№ |
Көрсеткіштер |
өлш. бірл. |
Жылдар |
Ауытқу |
||||
2005 |
2006 |
+/- |
% |
|||||
1 |
Өткізілген өнімнен түскен табыс |
мың тг. |
25967,5 |
5046,5 |
2449 |
194,2 |
||
2 |
Өткізілген өнімнің өзіндік құны |
мың тг. |
1506,6 |
2612,4 |
1105,8 |
173,4 |
||
3 |
Жалпы табыс |
мың тг. |
1090,9 |
2434,1 |
1343,2 |
223,1 |
||
4 |
Кезең шығындары |
мың тг. |
248,4 |
362,5 |
114,1 |
145,9 |
||
5 |
Негізгі қызметтен түскен табыс |
мың тг. |
842,5 |
2071,6 |
1229,1 |
245,9 |
||
6 |
Негізгі емес қызметтен тускен табыс |
мың тг. |
— |
— |
— |
— |
||
7 |
Салық салғанға дейінгі жиынтық табыс |
мың тг. |
848,1 |
2167,8 |
1319,7 |
255,6 |
||
8 |
Таза табыс |
мың тг. |
550,8 |
1413,1 |
862,3 |
256,6 |
||
9 |
Негізгі құралдардың орт. жылдық құны |
мың тг. |
1931,5 |
2126,1 |
194,6 |
110,1 |
||
10 |
Айналым құрал-ң орт. жылдық құны |
мың тг. |
1761,3 |
2318,3 |
557 |
131,6 |
||
11 |
Жұмыскерлер саны |
адам |
765 |
788 |
23 |
103,0 |
||
12 |
1 жұмыскердің еңбек өнімділігі |
мың тг. |
339,5 |
640,4 |
300,9 |
188,6 |
||
13 |
Жұмыскерлердің еңбекақы қоры |
мың тг. |
898201 |
900184 |
1983 |
100,2 |
||
14 |
Орташа айлық жалақы |
тг. |
58470 |
68615 |
10175 |
117,1 |
||
15 |
Өндіріс рентабель-ділігі 8/(9+10) |
% |
14,9 |
31,8 |
16,9 |
213,4 |
||
16 |
Сату рентабельділігі (3/1) |
% |
41,9 |
48,2 |
-72,1 |
23,1 |
||
17 |
Өнім рентабельділігі 8/(2+4) |
% |
31,4 |
47,5 |
16,1 |
151,3 |
||
18 |
Қор қайтарым-дылығы (1/9) |
тг. |
1,34 |
2,37 |
1,03 |
131,6 |
||
19 |
Қор сыйым-ғы (9/1) |
тг. |
0,74 |
0,02 |
-0,72 |
2,7 |
||
20 |
Қормен қарулану (9/11) |
мың тг. |
2,52 |
2,69 |
0,17 |
106,7 |
||
Ескерту — Кәсіпорын мәліметтері негізінде есептелген.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
4-кестеде Алматы маргарин зауыты өнімді өткізуден түсетін табыс 2005 жылы 32597,5 млн. тг құраса, 2006 ж. 5046,5 млн.тг.,яғни 2006 ж. 2005 жылмен салыстырғанда 2449 млн. тг немесе 94,2 % ұлғайған. Бұл кен өндіру көлемінің алдыңғы жылмен салыстырғанда артуымен түсіндіріледі. Өнімнің өзіндік құны 73,4 %-ға , жалпы табыс 223,1%-ға артқан. Бұл кәсіпорын жұмысшының қалай жүріп жатқанын сипаттайтын көрсеткіш, яғни бұдан кәсіпорынның қаржылық жұмысы, өндіріс жұмысының кеңдігі, шаруашылық субъектілерінің қаржылық деңгейін көруге болады.
Кезең шығындары 45,9 %-ға өскенін көруге болады. Нәтижесінде мыс кенін өндіру және оны өткізу бойынша түскен табыс 245,9 %-ға артқан. Ал таза табыс деңгейі 2005 ж. 550,8 млн.тг, ал 2006 ж. 1413,1 млн. тг, яғни 862,3 млн. тг, немесе 256,6 %-ға жоғарылаған.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді.
Жалпы табысқа келесі факторлар әсер еткен:
-тауарлы өнімге сұраныстың кемуі;
-өткізілген өнім көлемінің азаюы;
-өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;
— өнім бірлігінің бағасы;
— өткізілген өнімнің бағасы;
— өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер.
Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындары білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс соншалықты жоғары болады. 2005-2006 жж. өндірістік қызметтің нәтижесі бойынша пайдалы.
Өндіріс рентабельділігі. Осы көрсеткіш кәсіпорын өндірісінің эффектілігін есептеуде қолданылатын ең негізгі көрсеткіш болып табылады. Ол өндірістегі 1 теңгеден алынған пайданы көрсетеді. Өндіріс рентабельділігі 213,4 пайызға өскен.
Жұмысшылардың еңбек өнімділігі. Өндіріс қызметінің нәтижелігін көрсететін маңызды көрсеткіш. Бұл көрсеткіш бір адамның орташа жылдық өндіру көлемін сипаттайды. Ол 2006 жылы 188,6 %-ға артқан.
Өндірістегі негізгі құралдардың орташа жылдық құны. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның орналасқан жерін, мекемесін тасымалдайтын транспортты, машиналары жатады және бұлардың қосындысы арқылы негізгі құралдардың орташа жылдық құнын табу үшін, осы көрсеткіштің бәрін қосып, әр жылды жеке – жеке (2) бөлеміз.
Қор сыйымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылық көрсеткішіне кері көрсеткіш болып табылады. Оның қасиеті сонда, оның алымын бірнеше бөлек цех және құрал – жабдықтар группаларға бөліп тастауға болады. Бұл техникалық өндірістік учаскілеріне деген жерін, қор пайдаланудағы жалпы көрсеткішін анықтауға мүмкіншілік береді. Қор сыйымдылығы былтырғы, яғни 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 0,72 теңгеге кеміген. Осы көрсеткішті есептеу үшін біз:
қор сыйымдылығы = негізгі қордың (орт)/ өнімді өткізуден түскен түсім
Қор қайтарымдылығы. Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудағы жалпы көрсеткіш ретінде, кәсіпорынның эффектілігін көрсетеді. Осы көрсеткішті 2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 1,03 теңгеге өскен. Қор қайтарымдылығы келесі формуламен анықталады:
Қор қайтарым. = өнімді өткізуден түскен түсім / негізгі қордың (орт)
Қормен қарулану. Бұл көрсеткіш 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 6,7 %-ға артқан.
Бұл көрсеткішті есептеу формуласы:
Қормен қарулану = негізгі қорарлдың орташа жылдық құны/ жұмысшылар саны
Табыстар өткізілген қызметтердің (тауарлардың) құны бойынша бағаланады және мәміле жасалған сәттен бастап есепке алынады, осы кезеңде есептік әдіс бойынша бухгалтерлік есептен орын табады. «ЖШПТ» келесідей қызмет түрлері бойынша бөлек бухгалтерлік және қаржылық есеп жүргізеді: электр энергиясын беру және бөлу. Көрсетілетін қызметтердің толық өзіндік құны өндірістік өзіндік құнды және кезең шығындарын қамтиды. Біздің зерттеуімізге алынған кәсіпорынның табыстары мен шығындарының құрылымы 1-кестеде берілген.
Тікелей шығындарды бөлу еңбекақы қорының салмақ үлесі бойынша жүзеге асырылады және көрсетілген қызметтердің көлемін аналитикалық есептеу арқылы қамтамасыз етіледі.
Жұмыстарды және қызметтерді орындауға кеткен шығындар қызмет көрсетуге тікелей қатысы бар жұмысшылардың (соның ішінде орташа басқару буынының жұмысшылары) еңбекақысы бойынша шығындарды қамтиды. Қызметтерді көрсету (жұмыстарды орындау) барысында қолданылатын материалдардың, отын ресурстарының, энергияның, негізгі қорлардың құны және басқа да өндірістік бірліктермен байланысты шығындар, сонымен қатар өндіріс технологиясымен және оны ұйымдастырумен байланысты үстеме шығындар көрсетілген қызметтердің өндірістік өзіндік құн ретінде қарастырылады.
Өндіріске кеткен барлық шығындар қызметтердің жекелеген түрлерінің өзіндік құнына қосылады. Жекелеген қызмет түрлерінің өзіндік құнына қосылу әдісіне қарай шығындар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей шығындар деп нақты бір қызметтің өзіндік құнына тікелей қосылатын жекелеген қызметтерді көрсетумен байланысты шығындарды айтады. Жанама шығындар дегеніміз – бұл бірнеше қызмет түрлерін көрсетумен байланысты шығындар, олар қызметтің өзіндік құнына бөлу арқылы қосылады. Шығындарды баптар бойынша топтастыруда тікелей шығындар элементтер бойынша есептеледі, ал жанама шығындар кешенді баптарды қалыптастырады. Мұндай кешенді баптар өндірістік процестегі функционалдық роліне қарай бөлінеді.
Көрсетілетін қызметтердің өндірістік өзіндік құнына қосылмайтын шығындар есепті кезеңдегі шығындар деп есептеледі және кезең шығындары деп аталады. Олар былайша бөлінеді: жалпы және әкімшілік шығындар, пайыздар (сыйақылар) бойынша шығындар.
Алматы маргарин зауытында 2006 жылмен салыстырғанда жылы өндірістік шығындардың өсуі-ды құрады. Салыстырмалы түрде өндірістік шығындар келесідей баптар айтарлықтай өскен: «Еңбекақы қоры» (6,0%) – ең төменгі еңбекақы мөлшерінің өсуіне байланысты; «Амортизация» (3,1%) – негізгі қорлардың құнының артуына байланысты.
- Алматы маргарин зауытының қаржылық жағдайын талдау
Қаржы жоспары технологиялық жабдықтардың амортизация нормасынан және несиені жабу мерзімінен бөлек 5 жылға жасалған. Есептеуге арналған ақпарат әр жылға дайындалған.
Есептеуде қолднылатын бағалау әдістемесі бюджеттік әдіс тәртібіне сәйкес келеді. Бюджеттік әдіс тәртібіне сәйкес зерттеу горизонты (жоба мерзімі) уақытша интервалға бөлінеді, әрқайсысы қаржының кірісі мен шығысына қарастырылады.
Жалпы инвестициялық шығындар есебі.
6 –кесте. Маргарин өнімдерінің өзіндік құнының калькуляциясы
№пп |
Шығын элементтері |
Барлық шығыстар |
||
ҚҚСсыз |
ҚҚСпен |
ҚҚС-ты қоса алғанда |
||
1 |
Өндірістік жұмыскерлердің еңбекақысын төлеу |
35,39 |
|
35,39 |
2 |
Шикізаттар мен материлдарға шығыстар |
83,85 |
11,74 |
95,59 |
3 |
Электр энергиясының шығындары |
4,63 |
0,65 |
5,28 |
4 |
Жанғыш, жаққыш заттар |
22,70 |
3,18 |
25,88 |
5 |
Амортизациялық аударымдыр |
5,48 |
— |
5,48 |
6 |
Көлік шығыстары |
48,37 |
6,77 |
55,14 |
7 |
Зертханалық жұмыстар |
7,20 |
1,01 |
8,21 |
|
1 т. өнімнің өзіндік құны |
208 |
23 |
231 |
Сатудан түскен табысты есептеу.
Алматы маргарин зауытының стратиегиялық басымдықтары мен құндылықтары.
Жұмыстағы Алматы маргарин зауытының басымдықтары:
- май-маргарин өнімдерінің өндірісі саласында лидерлікті сақтап тұру;
- жоғары технологиялық деңгейді өнімнің сапасымен біріктіру;
- клиенттердің құндылық бағыттарына орай іс-қимыл жасау;
- шығарылған өнім ассортименттерін кеңейту;
- кәсіби әлеуетті үнемі жоғарылату.
Негізгі құндылықтар:
- Қауіпсіздік — бизнестің табыстылық кепілі болып жоғары қауіпсіздік деңгейі саналады.
- Тиімді менеджмент – Компанияның табысты жұмысы үшін жағдай жасау.
- Персонал – Компания жалпы мақсатарға жетуде әрбір қызметкерлердің үлесін бағалау.
- Бизнестің нәтижелілігі — әрбір тұтынушы бағалай білуі.
- Клиенттердің сенімділігі пайдаға қарағанда маңызды.
- Серіктестерінің сенімділігі — қойылған мақсаттарға жетудің фундаменті.
- Қызметкерлердің кері сенімі – командалық жұмысты жүзеге асыру кепілі.
- Пайдалылық Компания жұмысының табыстылық критерийі болып есептелінеді, шығарған өнімдерінің бәсекелік қабілеттілігінің өлшеуіші болып табылады.
Қорытынды
Алматы маргарин зауыты Алматы облысы Жамбыл ауданы Горный пос. жергілікті шикізаттық материалдарды (әк, саз балшық, қиыршық тас зауытының технологилық үрдісін) пайдалана отырып цемент өндірісін ұйымдастырумен айналысады.
Алматы маргарин зауыты несиелік сомалар 263 000 000 тенге мөлшерінде немесе 2 114 056 USD құрылыс жұмыстарының бастапқы сатысына және 3 523 114 USD сомасында технологиялық құрал-жабдықтарды сатып алуға пайдаланды.
Компанияның қаржылық жағдайы қалыпты өндірістік және коммерциялық қызметті жүргізу үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілгендігімен, қаражаттарды орналастырудың және қолданудың тиімділігімен, басқа да субъектілермен қалыпты қаржылық қатынастарымен, төлем қабілеттілігімен және қаржылық тұрақтылығымен сипатталады. Табыстарды, шығындарды және басқа да қаржылық көрсеткіштерді талдау компанияның қаржылық есебінің (бухгалтерлік баланс, табыстар мен шығындар туралы есеп, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп), салықтық және статистикалық есептердің және басқа да құжаттардың негізінде жүргізілген.
Пайдаланылған әдебиеттер
- ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, ақпан 2008 ж.
- Закон РК «О предприятиях в Республике Казахстан» с изменениями и дополнениями на 01.01.2002г.
- Стандарты бухгалтерского учета РК. – А. 2001г.
- Аудит и анализ финансовой отчетности, под редакцией Дюсембаева К.Ш., А. 1999г.
- Контроль качества продукции: Учебное пособие. – М.: Издательство стандартов, 2001г.
- Управление издержками организации. / учебник под ред. Кибанова А.Я. М.: «Инфра-М», 1997г.
- Издержки промышленной продукции по двум категориям качества: Методические документы. – М. Издательства стандартов, 2001г.
- Котляров С.А. Управление затратами. – СПб: Питер, 2001г.
- Экономика предприятия // под. ред. проф. Сафронова – М.: Юрист, 2002г.
- Менеджмент организации. //учеб. пособие под. ред. Румянцевой З.П., Саломатина А.Н., М.: 1999г.
- Друри К. Ведение в управленческий и производственный учет // пер. с англ. – М.: аудит, Юнити, 1998г.
- Сергеев М.В. Экономика предприятия – 2- издание переработана и дополнена М.: 2000г.
- Стратегия индустриально-инновационного развития Казахстана на 2003 – 2015 годы. – Астана, 2003 г.
- Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: 4-е изд., перераб. и доп. – Минск: ООО «Новое знание»,2002. –688с.
- Алматы маргарин зауытының жарғысы
- Алматы маргарин зауытының қаржылық-статистикалық есеп нысандары