ӘЛФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
«ГЕОГРАФИЯ» 050116
мамандығының 2 курс
студенттерінің кешенді физикалық географиялық
және зоналық практикасынан
ЕСЕП БЕРУ
АЛМАТЫ – ПЕТРОПАВЛ – АЛМАТЫ
Орындаған: №3 бригада
мүшелері:
- Беген Ж.
- Беккулиев А.
- Қасымова Г.
- Қонтаева К.
- Қосмұратова Ж.
- Құлжанова Қ.
- Мамырова П.
- Нұрбаева А.
- Сағын Д.
Қабылдаған: Мылқайдаров Ә.Т.
Алматы 2010 ж.
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Жүргізілген маршрут бойынша қалаларға жалпы сипаттама:
- Алматы
- Балқаш
- Қарағанды
- Теміртау
- Астана
- «Бурабай» ұлттық табиғи паркі
- Көкшетау
- Петропавл
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Біз 2 курсты бітіріп, келесі оқу практикасын 2010 жылдың мамыр айының 17ші жұлдызы күні бастадық. Бұл практиканың негізгі бағыты, яғни маршрут: Алматы–Балқаш–Қарағанды–Теміртау–Астана–Бурабай–Көкшетау–Петропавл. Практиканың негізгі мазмұны қалалардың экономикалықгеографиялық орнына, орналасу ерекшелігіне, өндіріс орындарына, даму қарқынына көңіл бөлуден тұрады. Аталған қалалардың қазіргі таңдағы дамуы, олардың өндіріс орындары, халқы, тұрмыстіршілігі, шаруашылығы т.б. толығымен зерделеніп өтті. Қала тұрғындарының, аталмыш аудандардағы елді мекендердің әлауқаты, тұрмыс жағдайы да ерекше көңіл аудартты. Әрбір қаланың өзіндік даму ерекшеліктері, символдары бар. Бұл есеп беруде әрбір қаланың экономикалық жағдайына, басқа да ерекшеліктеріне сипаттама берілген. Біз осы практика барысында еліміздің осындай маңызды қаларымен танысып шықтық.
Алматы
Қаланың таңбасы Қазақстанда орналасуы
Алматы қаласы (бұрынғы кездері Верный және Алма-Ата деп аталған) — Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан.
Қаланың аумағы — 170 шаршы километр.
Әкімшілік бөлінісуі
Алматы қаласы 6 ауданнан тұрады: Алмалы, Алатау, Әуезов, Бостандық, Жетiсу, Медеу және Түрксiб аудандары.
Алматы қалалық әкімшілігі мынадай департаменттер мен басқармалардан тұрады:
Департаменттер
Қаржы
Мəдениет
Денсаулық сақтау
Сəулет жəне құрылыс
Бiлiм
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп
Табиғи монополиялар қызметін реттеу мен бәсекелестікті қорғау
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
Алматы қаласы табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу
Басқармалар
Мұрағаттар және құжаттама
Тілдерді дамыту
Денешынықтыру және спорт.
Халқы
Қала тұрғындарының жартысынан көбін қазақтар құрайды. Қазақтардан басқа орыстар, ұйғырлар, татарлар, украиндар және т.б. тұрады. Шетелдіктердің ішінде ең көбі түріктер. Бейресми деректер бойынша халық саны 2 миллионды, ал ресми дерек бойынша Алматыда 1,3 милллионды қоныстайды.
Тарихы
Көне тарихы
Б.з.д. 10-9 ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел — ерте кездегі Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы. Бұл жерлерде керамика, тастан жасалған қарулар, темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған.
Б.з.д. 7 ғ.- б.з.д. сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейіннен үйсіндердің тұрғылықты жері болған. Осы кезеңнен көптеген қорғандар мен қоныстар орындары қалған; олардың арасында ерекшеленетін «сақ патшаларының» қорғандары. Солардың ішіндегі ең танымалы — Есік қорғаны, онда «Алтын адам», Жалаулы қазынасы, Қарғалы диадемасы, жетісулық «көркемдік қоласы» — шамдар, құрбандық шалатын орын, қазан сияқты көне дәуір жәдігерлері табылған. Сақ және үйсін дәуірінде Алматы аумағы Қазақстан жерінде құрылған ертедегі мемлекеттердң орталығы болған.
Б.з. 8-10 ғғ. Алматы өміріндегі келесі кезең орта ғасыр кезеңі. Бұл қала мәдениетінің даму, отырықшылыққа көшу, жер өңдеу мен қолөнердің дамуы, Жетісу аумағында көптеген қалалық қоныстардың пайда болу кезеңі. Қазба жұмыстарының нәтижесінде керамика, темір және сүйек бұйымдар табылған. 10-14 ғасырларда «Үлкен Алматы» аумағындағы қалалар Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда байланысына қатысты. Алматы сауда, қолөнер және ауылшаруашылық орталығының біріне айналды. Бұған дәлел — осы жерде табылған 13 ғасырдың 2 күміс дирхемі. Бұл дирхейде алғаш рет қаланың аты аталынады.
Орта ғасырлар
15-18 ғғ. Ұлы Жібек жолының маңызының төмендеуімен қала да құлдырай бастады. Бұл кезеңде Алматы мен жалпы Қазақстанның тарихында оқиғалар орын алды. Мұнда маңызды этносаяси процестер, Жетісу мәдениетінің қалыптасуы жүрді. Алматы аумағына қатысы бар аудандарда қазақ мемлекеттігінің құрылуы басталды. Бұл жер жоңғар шапқыншылығының және өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырларының оқиғаларына бай.
1730 жылы Алматыдан 70 шаршы км. қашықтықта орналасқан Аңырақай тауларында қазақ батырлары қазақ халқының жоңғарлармен Отан соғысындағы қиын кезеңдегі тарихта мәңгі қалған жеңіске жетті.
1854 жылғы ақпанның 4-інде Іле Алатауының баурайында Ресей империясының әскери қамалы Верныйдың негізі қалануымен қала тарихының жаңа кезеңі басталады.
1854 жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды. Верный қамалының бір жағы Кіші Алматы өзенінің бойымен орналасқан, ағаштан құрылған бесбұрыш пішінінде салынды. Кейіннен ағаш кірпіш пен таспен ауыстырылды.
1855 жылғы шілденің 1-інде Верный қаласына казактардың бірінші тобы көшіп келді. 1856 ж. орыс шаруалары да көшіп келе бастады. Олар қамал жанынан салынған Үлкен Алматы орталығына қоныстанды. Қоныс аударғандардың көбеюіне орай Кіші Алматы бекеті мен Татар (Райымбек) көшесі пайда болды. Бұл жерге татар қолөнершілері мен саудагерлері қоныстанды. 1859 жылдың мамырында қоныс аударғандардың саны 5 мыңға жетті. Құрылыс жұмыстарына инженер Л. Александровский жетекшілік жүргізді, ал құрылысты басқарған әскери-инженер Ц. Гумницкий болды.
1867 жылғы сәуірдің 11-інде Верный қамалының атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы аталды. Бірақ сол жылы «Дала комиссиясының» баяндамасы бойынша қаланың аты Верный болып қайта өзгертілді. Верныйдың қала болуы сол кездегі реформаларға байланысты болды. Верный өзімен аттас Верный уезі мен Жетісу ауданының орталығына айналды.
1921 ж. 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата дегенжаңа атқа ие болды. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери-революциялық комитеті: «Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу әкімшілік орталығының атауы Алма-Атаға өзгертілсін» деген бұйрық шығарды.
1926 ж. 3 желтоқсанында Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Түркістан-Сібір теміржолын салу жөнінде шешім қабылдады.
1927 ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызылордадан Алматыға көшіруге шешім қабылдады. ІV-ші бүкілқазақстандық кеңестер съезі бұл шешімді мақұлдады.
Үкімет орындарының көшуі салынып жатқан Түркісіб теміржолының бірінші поезында 1929 ж. мамырында басталды.
1930 ж. 28 сәуірінде «Айнабұлақ» станциясында соңғы балдақ соғылды. Осы арқылы Кеңестер Одағының екі ірі экономикалық ауданы Сібір мен Қазақстанды қосылды. 1 мамырда Түрксіб жолы ашылды. Алматыға Мәскеуден бірінші поезд келді.
1930 жылы Алматы әуе жолы ашылды, сөйтіп Қазақстан астанасы Мәскеумен әуе арқылы байланысқа ие болды.
Кішкене қалашықтың астанаға айналуы көптеген әкімшілік мекемелердің, тұрғын үйлердің салынуын қажет етті.
1926 жылы қала халқы 45 мың адамды құраған болатын, ал 1929 жылдың күзінде қала тұрғындарының саны 100 мың адамға жетті.
Республиканың кеңестік халық комитеті 1929-1930 жылдарға арналған қала құрылысының жоспарын қабылдады. Тұрғын үй құрылысына 6,5 млн. сом қаржы бөлінді, әкімшілік мекемелер құрылысына 2,9 млн. сом, коммуналдық шаруашылыққа 2,2 млн. сом қаржы бөлінді.
Қаржы бірінші кезекте тұрғын үй және мектептер, денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысына бірінші кезекте бөліне бастады.
Қазақстанның астанасы Алматыға көшірілуіне байланысты 1936 жылы қаланың архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша қалыптасқан тарихи маңызы бар құрылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту көзделді.
1941-1945 ж. Ұлы Отан Соғысы жылдары қала көптеген өзгерістерге ұшырады. Бүкілодақтық тыл жұмыстарын ұйымдастыруда өнеркәсіптік және материалдық қорды концентрациялау үшін 45 мың шаршы метр жер берілді, көшіріліп әкелінген 26 мың адамды қабылдау үшін жер бөлінді. Алматы қаласына майдан шегінен 30 өнеркәсіп орны, 8 госпиталь, 15 жоғарғы оқу орны, орта кәсіптік білім беру жүйесі, 20-ға жуық ғылыми-зерттеу институттары, 20-дан аса мәдени орталықтар көшірілді. Ленинград, Киев, Мәскеу киностудиялары Алматыға ауыстырылды.
Тылдағы ерен еңбегі үшін 52 мың алматылық жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды, 48 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Алматыда үш атқыштар дивизиясы (олардың танымалы — 28-гвардиялық панфиловшылар дивизиясы), екі атқыштар бригадасы және үш авиациялық полк құрылды.
1949-1950 жж. Ленинградтық Гипрогор жасаған жаңа жоба ҚазССР-і халық шаруашылығының дамуының 5 жылдық жоспарына негізделді. Жоспар бойынша қала аумағы оңтүстік-батыс бағытында үлкейтілу, орталық бөлігінде 3-4 қабатты үйлер салыну, жол құрылысы мен қатынасы, селге қарсы қорғау шаралары қолға алынды.
«Ленгипрогром» жоспарлағандай, 1962-1963 жж. Алматы қаласы 1980 жылға дейін төрт жоспарланған аумақ және сел жүретін аумақтарға үлкен өзгерістер енгізілді. Тек 1966-1971 жылдар аралығында қалада 1400 шаршы метр мемлекеттік және кооперативтік құрылыс тұрағы тапсырылды. Жыл сайын қалада 300 мың шаршы метр баспана салынды. Құрылыс барысында жер сілкінісіне шыдайтын көп қабатты үйлер салу ұйғарылды.
Бұрынғы Верный қаласының тарихи жоспарланған жүйесі 1968 жылы қабылданған Алматы қаласының бас жоспарында негізделді.
Құрылыста түрлендіру мен сәйкестендіру архитектуралық тұрпаттың әр түрлі болуына себебін тигізді. Мектеп, аурухана, мәдени орталықтар, солардың қатарында Ленин атындағы сарай, «Қазақстан» қонақ үйі, Медеу спорттық кешені т.б. құрылыс нысандары салынды. Қалада демалыс орындарын құруға, қалалық көліктің дамуына көңіл бөлінді. 1981 жылдан бастап метрополитен жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық жағынан таза, қауіпсіз, әлеуметтік жағдайлары қолайлы орта құру. Негізгі архитектуралық-құрылыстық мақсат — Алматының «жасыл желекті қала» атын сақтау және одан әрі дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын, қоғамдық көлік жүйесін дамыту, метрополитенді іске қосу көзделді.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.
1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады.
Өнеркәсібі
2005 ж. 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, қала аумағында 1668 өнеркәсіптік кәсіпорын тіркелген. Олардың 168 — ірі және орта (қызметкер саны 50 адамнан асады), жалпы өндіріс көлеміндегі үлесі — 77,7%. Жалпы алғанда, қала бойынша ірі және орта кәсіпорындары өнім өндірісін 2004 ж. алдыңғы жылға қарағанда 10,2% ұлғайтты.
2004 жылы қалада жалпы құны 169563,2 млн. теңге өнеркәсіп өнімі өндірілген, бұл 2003 жылдың деңгейімен салыстырғанда 113,4 % құрады, ал қаржылық емес сектор бойынша 168274,7 млн. теңге- 113,4 %.
Өнеркәсіп өнімдерінің жалпы қала бойынша өсуін өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары қамтамасыз етеді. Осы сала бойынша өндірілген өнімнің көлемі есеп беру кезеңіне 156311,8 млн. теңгеге жетті, физикалық көлемінің индексі 116,6% құрады, ал өндірілген өнімнің жалпы салмағынан үлесі 92,2% құрады. Тау — кен өнеркәсібінің үлесі-0,1%, ал электр қуатын өндіру мен үйлестіру, газ және су үлесі −7,7%.
Өңдеу өнеркәсібінде өнім үлесі ең көп салалар:
Азық-түлік өнеркәсібі-38,0%;
Көлік жасау-15,4%;
Целлюлозды-қағаздық өнеркәсіп және баспа ісі-10,3%;
Кен өнеркәсібі-10,3%;
Құрылыс заттарын өндіру-7,6%
Жалпы қала бойынша өнімнің 63,7% азық-түлік саласына, целлюлозды-қағаздық өнеркәсіп пен баспа ісі, көлік жасау салаларына келеді.
2004 ж. өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың саны 48750 адам болды. Орта айлық табыс 2003 жылмен салыстырғанда 19,9% өсіп, 36,1 мың теңгені құрады.
2004 жылы қаланың өнеркәсіп орындарында өндірістің дамуына, негізінен, жаңа құрал-жабдық, жаңа технологиялар алу үшін және өнімнің жаңа түрін өндіруге 15,0 млрд. теңге инвестиция салынды.
2004 жылы полиграфилық өнім, темірден, ағаштан және металлопластикадан жасалатын бұйымдар, сусындар өндіретін, сүт өнімдері және т.б. бойынша 44 жаңа өндірісі енгізілді.
35 кәсіпорындарында жаңа технология бағыттары енгізілді және өнімнің жаңа идеялары меңгерілді. Осының барлығы 2004 жылы 2837 жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.
Қандай да болмасын кәсіпорынның ішкі немесе халықаралық нарығында жетістігін қамтамасыз етудегі негізгі әдіс ИСО 9000 және т.б. сапасындағы менеджмент жүйесін енгізу болып табылады. Бүгінгі күні 54 өнеркәсіптік кәсіпорындар өндіру жүйелеріне сапа менеджменті жүйесін енгізді.
Алматы қаласы бойынша 2005 жылдың 1 қаңтарындағы дерегіне сәйкес асфальтті жолдардың жалпы ұзындығы 1509,21 шақырымды құрады.
Қала жолдарының жөндеу аралық мерзімі 12 жыл. Жылына жалпы ұзындықтан 8,33 км-ді жөндеу қажет немесе ол 125,7 шақырымға тең.
1999 — 2004 жылдар аралығында жалпы ұзындығы 166,16 шақырымға созылған 58 нысан жөндеуден өтті.
2004 жылы жалпы ұзындығы 10,55 шақырымды құрайтын 4 нысан күрделі жөндеуден өтті, атап айтқанда, олар:
Абай даңғылы (Алтынсарин — Абай) ұзындығы 1,25 шақырым.
2005 жылдың 1 қаңтарына сәйкес Алматы қаласында жолаушыларды тасымалдаумен 196 бағыт бойынша 49 кәсіпорын айналысады (заңды тұлғалар), оның ішінде жеке меншік нысандағы сегіз автобус паркі бар
2005 жылдың 1 қаңтарындағы дерек бойынша қалада жолаушылар тасымалдайтын 63 жеке меншік таксомоторлық кәсіпорын тіркелген, олардағы жалпы жеңіл көлік саны 698.
Сауда
2004 жылғы тауар айналымы (қоғамдық тамақтандыруды санамағанда) 428,9 млрд. теңге құрады және 2003 жылға қарағанда 22,2% өсті.
Сауда кәсіпорындарының тауар айналымы жалпы тауар айналымының 34,4% (130,9млрд. теңге) құрады. Осы кәсіпорындардың физикалық көлемінің индексі оның алдындағы жылмен салыстырғанда 7,2% өсті. Тауар айналымының көп бөлігі орта және шағын кәсіпорындардың үлесіне тиеді.
Жекеменшік кәсіпорындар арқылы сатылған тауар айналымы және киім, аралас, азық-түлік базарларындағы саудадан салық түрінде 419,9 млрд. теңге (97,9%) алынды, заңды тұлға және шет ел мемлекеттер азаматтарының қызметінен — 8973,1 млн. теңге (2,09%), мемлекеттік сауда кәсіпорындарынан — 47,2 млн. теңге (0,01%) алынды.
Есеп беру кезеңінде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарымен 6754,7 млн. теңге көлемінде өнім өткізілген. Бұл салыстырмалы бағамен алғанда 25,0% артық, олардың көп бөлігі шағын және орта кәсіпорындармен қамтамасыз етіледі. Олардың үлесі тиісінше 45,6 және 44,5%.
Көтерме сауда айналымы 2004 жылы 522,7 млн. теңгені құрады. Бұл қазіргі бағада 2003 жылмен салыстырғанда 23,3% артық. Шағын және орта кәсіпорындар үлесі тиісінше тауар айналымы сәйкесінше — 57,6 және 41,5 %.
2005 ж. 01 қаңтарына қарағандағы мәлімет бойынша Алматы қаласында 5140 сауда, қоғамдық тамақтандыру және қамтамасыз ету кәсіпорындары бар:
Өнеркәсіп және азық-түлік тобы-2922;
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары-1119;
Тұрмыстық қызмет көрсету-1021;
Базарлар-76.
Сауда, қоғамдық тамақтандыру мен қамтамасыз ету салаларында барлығы 69484 адам жұмыс істейді.
Аймақтық қаржы орталығы
Алматы қаласында Аймақтық қаржы орталығын құру жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен ұсынылған болатын және алғаш рет 2004 жылдың қараша айында Қазақстан қаржыгерлерінің Конгресінде жария етілді.
2005 жылы Қазақстан Үкіметімен Сингапур мен Тайланд қаржы орталықтарын құру мен дамытуға қатысқан «Boston Consulting Group Inc.» компаниясы шақырылды.Бұл компанияның басты мақсаты қаржы нарығын дамытуда артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтап, құрылатын қаржы орталығында құқықтық, инфрақұрылымдық, басқару позициялары бойынша ұсыныстар әзірлеу болды.
Бүгінгі күні эмитенттер, қатысушылар, сондай-ақ, арнайы сауда алаңында Қазақстанның барлық аймақтарынан дара инвесторлар тарту мақсатында Агенттік Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Солтүстік-Қазақстан облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында презентация өткізді. Оның аясында облыс әкімдіктері мен Агенттік арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойылды. Осы келісімдерге сәйкес 2007 жылдың аяғына дейін әр аймақтан үштен кем емес эмитент тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.
Сонымен қатар, Агенттік ААҚО бірнеше шетел, Ұлыбритания, Қытай, Сингапур, Германия, Оңтүстік Корея, Балтық елдерінде, Ресей, Украина және т.б. елдерінде тұсаукесерін өткізді. Осы сапарлардың басты қорытындысы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы, атап айтқанда, Лондон, Франкфурт, Гонконг, Сеул және Варшава қор биржаларымен меморандумға қол қою болып табылды. Қол қойылған құжаттар ұзақ мерзімді ынтымақтастық механизмін әзірлеуге, аталған елдердің қор биржаларымен ААҚО арасында байланыс орнату бойынша нақты іс-әрекетке дайындықты білдіреді.
Қазіргі таңда ААҚО АСА листингінде 14 эмитент бар — «Астана-Финанс» АҚ, «Астана-Недвижимость» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ, «Концерн «Цесна-Астық» ЖШС, «ЭКОТОН+» АҚ, «MAG» АҚ, «Казақтелеком» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, Kazkommerts International B.V., АО «Kazcat», «Темiрбанк» АҚ, «АТФ-Банк» АҚ және «RESMI COMMERCE» ЖШС. Қор нарығына қойылған осы компаниялардың 55 құнды қағаздарынан 15 акция, 40 облигация. Бүгінгі күні ААҚО сауда көлемі 40 млн. АҚШ долларын құрады. Акцияның нарықтық капиталдануы 5,3 АҚШ долларын, облигация-3,6 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Бүгінде ААҚО ҚРА экономиканың түрлі салаларының — қаржы, құрылыс, өнеркәсіп, ауылшаруашылық және т.б. компанияларын АСА шығару бойынша келіссөздер жүргізуді жалғастыруда.
Мәдениет және қоғам
Дін
Алматыда 42 конфессияны құрайтын барлығы 275 діни бірлестіктер мен топтар қызмет етеді. Бұл 1991-жылға қарағанда 10 есе артып, діни бірлестіктер қатары әлі де көбеюде.
Олардың ішінде: Ислам — 38, Орыс православиелік шіркеуі — 14, көне салтшылдар — 2, Ахмадие — 2, Римдік-католиктік шіркеу — 5, Иудейлік дін — 2, Лютерандық шіркеу — 5, Евангельдік мәсіхші-баптистер — 20-ға тарта, Жетінші күннің Адвентистері — 5, Елушілдер — 4, Пресвитериандар, Әдістемешілер және оған жақын бірлестіктер — 40-тан аса, Иегова Куәгерлері — 30-ға тарта, Жаңа апостолдық шіркеу — 2, Біртұтастық шіркеуі — 2, Буддизм — 2, Соңғы өсиет шіркеуі — 1, Харизматикалық бірлестіктер — 16, Иса Пайғамбар шіркеуі — 2, Бахаи — 2, Жаңа ұстаным Бірлестіктері (Кришна Танымы Қоғамы, Вайшнавалар, Шри Чинмоя және т.б.) — 4, Інжіл шіркеуі — 1, эзотерикалықтар (Ұлы Ақ Бауырластық) — 1, Армян-григориандық шіркеуі — 1, Трансцендентальдық медитация — 1, Саентологиялар — 1 және басқалары бар.
Көптеген діни бірлестіктердің ресми өкілдіктерінің деңгейі әлдеқайда өсті. Алматы қаласы және Қазақстанның оңтүстік өңірі бойынша Апостол Әкімгері Г.Хованец Рим Папасы Иоанн-Павел ІІ-нің декреті бойынша тағайындалды. Алматыда бірқатар ескі және жаңа республикалық діни орталықтар да қызмет етеді: Қазақстан мұсылмандарының діни Басқармасы, Орыс Православиелік шіркеуі Астана-Алматы қалалық епархиясының Епархиалық Басқармасы, Қазақстан Республикасы оңтүстік-шығыс аймағының Евангельдік Мәсіхші-Баптистер Бірлестігі, Жетінші күннің Адвентистері шіркеуінің оңтүстік юниондық конференциясы (Қазақстан және Орта Азия бойынша), Қазақстандық Мәсіхшілер Орталығы, «Жаңа өмір» Інжіл Орталығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ахмадиялық Мұсылман Жамағаты, сонымен қатар басқа да бірқатар аймақтық орталықтар.
Ислам және Орыс Православиелік шіркеуі діни бірлестіктері ірі орталықтар болып есептеледі, өйткені қазақстандықтардың 95%-дан астамы аталмыш діндердің үлесіне тиеді. Сонымен қатар Римдік-католиктік шіркеудің қызметі де белсенді жүргізілуде. Сондай-ақ протестанттық ұйымдар ішінен Евангельдік мәсіхші-баптистер бірлестігі, Пресвитериан, Харизматтар және Евангельдік мәсіхшілер, Жетінші күннің Адвентистері, Евангельдік-лютерандық шіркеу қызметтері де біршама қолдауға ие. Алматы қаласында түрлі дәстүрлі діндерден тыс басқа да жаңа діни бірлестіктер (Мысалы, Мун шіркеуі, Виссарион шіркеуі, Кришна санасы қоғамы, вишнуиттер және т.б.) қызметін атқарып жатыр.
Алматы қаласында көптеген діни оқу орындары бар — Ислам мәдениетінің Египет «Нұр-Мүбәрак» университеті, Орыс Православиелік шіркеуінің Алматы епархиалдық училищесі, Алматы пресвитериандық діни Академиясы, Қазақстандық пресвитериандық діни семинариясы, «Агапе» және «Жаңа өмір» інжіл колледждері, Жетінші күннің Адвентистері Заок Діни Академясының Алматыдағы бөлімшесі, барлығы 10-нан астам оқу орны.
Алматы қаласында мынадай діни басылымдар жарық көреді: «Ислам Әлемі», «Шапағат Нұр», «Қазақстандағы Православие Нұры», «Веди», «Жаңа Өмір», «Хабаршы», «Шолом Алейхем» және т.б.
Қалада 87 діни ғимарат пен құрылыс объектілері орналасқан. Олар діни дәстүрлерді ұстану мен жүзеге асыру үшін ашылған. Мысалы, қаланың Орталық Мешіті, Әулие Вознесендік Кафедралды соборы, (тарихи және мәдени ескерткіштер), Сұлтан-Қорғандағы мешіт ғимараты, Әулие-Қазан шіркеуі, Әулие Үштік католиктік храмының ғимараты, алуан түрлі мінәжат үйлері, «Менахем Үйі» — Хабад-Любавич Қазақстандық Еврей орталығы және т.б. Сонымен қатар барлық дін өкілдерінің соңғы сапарға аттандыру салттарын ұстанатын бірлестіктер бар.Діни бірлестіктердің қалыпты қызмет етуіне қалалық және аудандық әкімшіліктер тарапынан әрдайым көмек көрсетіледі: діни ғимараттардың құрылысына арнайы жер учаскелері бөлінеді, жергілікті бірлестіктерде қызмет ететін шет елдік өкілдердің білім деңгейін тексеру жүргізіледі, қайырымдылық шараларды ұйымдастыруда да бірқатар мәселелердің шешілуіне ықпал етіледі.
Қазақстан мұсылмандары Діни Басқармасының басшысы (Ә. Дербісәлі), Орыс Православиелік шіркеуі Епархиалдық Басқармасының басшысы (Мефодий митрополит), Римдік-Католиктік шіркеу басшысы (Г. Хованец епископ), Евангельдік-лютерандық шіркеу басшысы, Қазақстан Республикасы оңтүстік-шығыс аймағының Евангельдік Мәсіхші-Баптистер Бірлестігінің аға-пресвитері, Оңтүстік юнион және Жетінші күн Адвентистері шіркеуінің Қазақстандық конференциясы, Иудейлік дін, Бахаи діні, Кришна Танымы Қоғамы президенттері сияқты діни басшылар діндарлар арасында рухани көсем ретінде есептеледі.
Балқаш
Қаланың таңбасы. Қазақстанда орналасуы.
Балқаш қаласы — Балқаш жағалауында орналасқан қала. Халқы 74,5 мың адам. 1931 ж. қаланған. Қала дәрежесі 1937 ж. берілген. Балқаш көлінің солтүстігінде 12 км жердегі Қоңырат мыс кені мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс қорыту зауытының құрылысына байланысты салына бастады.Балқаш қаласы картаға оралу Қала 1937 жылы құрылған. Қала аумағы 5,9 мың шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 73,7 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 4 кент бар. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының 56,8%-ы қазақтар, 33,5%-ы орыстар, 1,9%-ы немістер, 1,5%-ы татарлар, 2,2%-ы украиндер, 0,4%-ы белорустар, 1,6%-ы кәрістер, 2,1% басқа ұлт өкілдері. 2006 жылы халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттер: туылу – 18,53 өлім – 14,36 табиғи өсім – 4,17 Қалада 01.01.07ж. 414 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 4 ірі, 45 орта, 365 шағын субъектілері. Негізгі экономикалық бағыт: түсті металлургия; энергетика; Қаланың негізгі кәсіпорындары: «ЗОЦМ» АҚ, Балқаш қаласы әкімінің жанындағы «Су Жылу Транс» КМК Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері: — электр және жылу энергиясы; — түсті металдар өндірісі. 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 1 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 1 іс-әрекеттегі шаруа қожалығы, 3,6 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылық өнім өндіруге 0,3 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 0,1 мың га – егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 0,3 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде картоп 0,1 мың га, көкөніс 0,2 мың га. 2006 жылы 1,8 мың тонна картоп, 3,6 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары, 0,06 мың тонна ет (тірі салмақта), 1,8 мың тонна сүт; 445,2 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2007 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 2,3 мың бас; қой мен ешкі – 3,1 мың бас; шошқа — 0,3 мың бас; жылқы — 42 бас; құс – 5,4 мың бас.* Қалада 2006/2007 оқу жылы басына • 21 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 12456 оқушы оқиды, • 4 колледжде – 2736 оқушы, • 2 кәсіби-техникалық оқу орнында – 1195 оқушы, • 1 жоғары оқу орнында — 2595 оқушы оқиды. Қалада • 9 кітапхана, • 5 клуб типті мекеме, • 1 мұражай істейді. 2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 20877 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы — 31683 теңге. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 216083,4 млн. теңгені құрады. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 5005,3 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 117,7%-ды құрайды. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындалған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 1978,6 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемінің 134,0%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 3829,2 млн. теңге шамасында құралды, ақылы қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз)– 887,8 млн. теңге.
Қарағанды
Қаланың таңбасы Қазақстанда орналасуы
Қарағанды қаласы картаға оралу Қала 1934 жылы құрылған. Қала аумағы 543,3 шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 453,4 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 1 ауылдық елді мекен бар. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының 33,2%-ы қазақтар, 47,9%-ы орыстар, 3,4%-ы немістер, 3,2%-ы татарлар, 5,2%-ы украиндер, 1,3%-ы белорустар, 1,6%-ы кәрістер, 4,2%-ы басқа ұлт өкілдері. 2006 жылғы деректер бойынша халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттер: туылу – 16,85 өлім – 13,89 табиғи өсім – 2,96 Қалада 01.01.07 жылға 10371 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 92 ірі, 397 орта, 9882 шағын субъектілер. Негізгі экономикалық бағыт: энергетика; тамақ өнеркәсібі. Қаланың негізгі кәсіпорындары: «Қарағанды-Жарық» ЖШС, «Қарағанды Маргарин зауыты» АҚ, «Эфес Қарағанды Сыра қайнату зауыты» АҚ ЖК, «Қарағанды конфеті» АҚ, Қарағанды металлоконструкция заводы «Имсталькон» АҚ филиалы, «Қарағанды Жылу» ЖШС. Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері: электр энергиясы; жылу энергиясы; маргарин өнімі; сыра; конфеттер. 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімнің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 20 ауыл шаруашылығы кәсіпорыны, 14,9 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылық өнім өндіруге 10,3 мың гектар ауыл шаруашылық жерлер пайдаланылады, оның ішінде 3,0 мың га – егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 2,9 мың гектар ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның 0,1 мың гектарын дәнді дақылдар, 1,3 мың гектарын картоп, 0,5 мың гектарын көкөніс алады. 2006 жылы 0,1 мың тонна дән дақылдар, 23,5 мың тонна картоп, 12,5 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары, 0,7 мың тонна ет (тірі салмақта), 3,5 мың тонна сүт; 1991,0 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2007 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 3,0 мың бас; қой мен ешкі – 1,1 мың бас; шошқа – 2,4 мың бас; жылқы — 0,1 мың бас; құс — 22,8 мың басты құрады.* Қалада 2006/2007 оқу жылы басына 103 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 62917 оқушы оқиды, 18 колледжде – 23427 оқушы, 11 кәсіби-техникалық оқу орнында – 4567 оқушы, 12 жоғары оқу орнында — 56222 оқушы оқиды. Қалада 26 кітапхана, 9 клуб типті мекеме, кино көрсету қызметін жүзеге асыратын 7 ұйым, 4 мәдениет және демалыс паркі, 3 театр, 2 мұражай, 1 концерт залы, бір хайуанаттар паркі жұмыс істейді. 2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 118844 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы — 34150 теңге. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 77505,5 млн. теңгені құрады. 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 49855,6 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 132,5%-ды құрайды. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 21687,7 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемнің 140,7%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметін есепке алмағанда) 131272,1 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 21379,2 млн. теңге.
Теміртау
Қаланың таңбасы Қазақстанда орналасуы
Теміртау — қала, Орталық Қазақстанның, Қарағанды облысында Нұра өзенінің бойында орналасқан. Ол бүкіл Қазақстанға, ТМД елдеріне өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі, өйткені Теміртау – республикамыздың ірі индустриялды орталығы, еңбеккер даңққа бөленген қала. Теміртаудағы «Миттал Стил» зауыты шойын, болат, агломерат және т. б. өндіреді. Бұл өнімдер Қазақстандағы бүкіл өндірістерді, өнеркәсіптерді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, өзінің өнімдерін 60-тан астам елдерге экспортқа шығарады. Теміртауда еліміздің елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбек етті, өндіріске мол үлесін қосты, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің қабырғасында білім алды. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров та осы қаладан шыққан. Теміртауда ҚМИУ, ТПК және т. б. оқу орындары бар. Мұнда нарықтық экономикаға, осы заманға сай, өндірісте қажетті болатын 40-тан астам мамандық түрі бар. Универститет түлектері республикамыздың ірі өндірістерінде мекемелерінде тәжірибе жинап, еңбек сіңіреді. Олар еліміздің экономикасының өркендеуіне, дамуына мол үлесін қосуда. Теміртау 60 жылға толды. Осы ұзақ мерзім аралығында қалада көптеген өзгерістер болды. 90-шы жылдары егемендігін алған Қазақстан экономикасын көтерген қаланың бірі – Теміртау болды. Қазір Теміртауда жаңа зәулім үйлер, арнайы спорт кешендері, діни мекемелер салынуда. Теміртау ендігі жылдары көркейеді, өркендейді деп сенемін. Бүкіл теміртаулықтар сүйікті қаласын биік белестерден көруді армандайды.Теміртау қаласы картаға оралу Қала 1945 жылы құрылды. Қала аумағы 0,3 мың шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 171,9 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 1 кенттік округ бар. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының 17,6% қазақтар, 64,0% орыстар, 2,9% немістер, 2,6% татарлар, 6,0% украиндер, 1,4% белорустар, 5,5% басқа ұлт өкілдері ұсынды. 2006 жылы халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттер: туылу – 13,23 өлім – 16,52 табиғи кему — – 3,29 Қалада 01.01.07 жылға 1566 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 25 ірі, 98 орта, 1443 шағын субъектілері. Негізгі экономикалық бағыт: энергетика; қара металлургия; өзге де бейметалл минералдық өнім өндіру; тамақ өнеркәсібі. Қаланың негізгі кәсіпорындары: «Миттал Стил Теміртау» АҚ, «Central Asia Cement» АҚ, «Оқжетпес» ЖШС. Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері: шойын, болат, темір мен болаттан жасалған илек, ақ қаңылтыр, мырыш жалатылған илек; электр энергиясы; жылу энергиясы; цемент; нан және нан өнімдері; сүт және сүт өнімдері. 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 7,0 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 1,3 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 1,0 мың га — егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 1,2 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, 0,8 мың га картоп, 0,4 мың га көкөніс. 2006 жылы 12,5 мың тонна картоп, 7,8 мың тонна көкөніс дақылдары, 0,3 мың тонна ет (тірі салмақта); 1,9 мың тонна сүт; 768,0 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2007 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 2,3 мың бас; қой мен ешкі – 1,2 мың бас; шошқа – 1,5 мың бас; жылқы — 0,1 мың бас; құс – 3,2 мың басты құрады.* Қалада 2006/2007 оқу жылы басына 36 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 21129 оқушы оқиды, 3 колледжде — 4063 оқушы, 4 кәсіби-техникалық оқу орнында – 2126 оқушы, 1 жоғары оқу орнында 4002 оқушы оқиды. Қалада 6 кітапхана, 3 клуб типті мекеме, кино көрсету қызметін жүзеге асыратын 2 ұйым, 1 театр, 1 мұражай, 1 парк жұмыс істейді. 2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 67849 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы — 43821 теңге. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 159720,3 млн. теңгені құрады. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 20990,5 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 51,4%-ды құрайды. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 6547,1 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемнің 87,3%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 12628,7 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 1634,1 млн. теңге.
Астана
Қаланың таңбасы
Астана — Қазақстан Республикасының елордасы.
Астанада 600 000 адам тұрады (2004). Қазір қаланың аумағы 200 km2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Атауы
Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол «киелі орын», «босаға» деген мағыналарға ие.
Жұрты
Астана қаласы халқының саны 2000 жылмен салыстырғанда 169,2 мың адамға көбейіп, 2006 жылдың басында 550,2 мың адам болды.
Астана қаласы халқының табиғи қозғалысының оң факторы бала туу мен неке қию деңгейінің артуы болып табылады. 2005 жылы қалада 8,8 мың бала өмірге келді, ол 2000 жылы туылғандармен салыстырғанда 4,3 мыңға көп. 2005 жылы бала туудың коэффициенті 1 мың тұрғынға шаққанда 6,3, өлім — 6,7 құрады.
Қала халқының өсуі негізінен көші-қон ағыны есебінен қамтамасыз етілуде. Көші-қон сальдосының елеулі түрде өсуі (50 мыңнан асатын шекте) 2000—2001 жылдары байқалды.
Келгендердің санының кеткендерден асып түсуі негізінен азаматтардың республиканың ішіндегі көші-қон есебінен қамтамасыз етілді. Алайда соңғы жылдары оның салыстырмалы түрде тұрақтануы байқалады (2002 ж. — 6,8 мың, 2003 ж.- 5,4 мың, 2004 ж. — 14,2 мың, 2005 ж. — 15,7 мың адам). Халықтың табиғи өсімі осы кезеңде 2000 жылғы 1513 адамнан 2005 жылы 5,2 адамға дейін көбейді.
Тарихы
Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.
1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды.
1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.
1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. Бұл айтулы тарихи оқиғаны Елбасы жуырда жарық көрген «Еуразия жүрегінде» атты кітабында Президент Нұрсұлтан Назарбаев былайша суреттейді:
1994 жылғы 6 шілдеде Парламент сессиясының жалпы отырысында астананы Алматыдан республиканың орталық өңірі Ақмолаға көшірудің қажеттілігін қисындық және мән-жайлық тұрғыдан негіздеп сөз сөйлегенім әлі күнге анық жадымда… Депутаттарға жаңа астананы таңдау 32 өлшем бойынша жүргенін тәптіштеп айтып бердім…Жаңа астананы таңдаудың барлық өлшемінің негізінде тәуелсіз Қазақстанның әкімшілік және саяси орталығын Ақмола қаласына орналастыру нұсқасы мейлінше оңтайлы болып шыққанына тоқталдым… барлық тартысты жағдайдан кейін депутаттар мемлекеттік істе даурықпаға және шеткері қалаға көшу мәселесінде жеке бастың мүддесіне орын жоқ екендігін көрсетіп, мемлекеттік қайраткерліктерін танытты… Жоғарғы Кеңестің Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекет астанасын Ақмола қаласына ауыстыру туралы ұсынысына келісім берілсін…
1998 ж. мамыр 6 жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.
1998 ж. шілде 10 Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.
1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.
Өзін-өзі басқаруы
Мәслихат жалпыға бірдей тең және тікелей сайлау құқығының негізінде құпия сайлау арқылы қала халқымен 4 жылдық мерзімге сайланады. Астана қаласы мәслихатының құрамына бір мандаттық аймақ бойынша сайланған 25 депутат кіреді. Депутаттар арасынан сайланып, өз қызметтерін босатылған негізде атқаратын қалалық мәслихат хатшысы мен тексеру комиссиясының төрағасынан басқа қалалық мәслихат депутаттары өз қызметтерін босатылмаған негізде атқарады.
Сессияда қарастыруға енгізілетін мәселелерді алдын ала қарастыру, мәслихат шешімдерін жүзеге асыруға әрекет жасасу және бақылау қызметтерін іске асыру үшін мәслихатта 4 тұрақты комиссия құрылған:
әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет және қаржы мәселелері жөнінде;
заңдылық, құқық тәртібі, депутаттың өкілдігі және этика мәселелері жөнінде;
шаруашылық құрылысы, экология, халыққа көлік, сауда және тұрмыстық-тұрғын үй қызметтерін көрсету мәселелері жөнінде;
әлеуметтік және ұлттық-мәдени даму мәселелері жөнінде.
Экономикасы
Астана өте серпінді дамуда. Елорда көшірілген кезден бастап қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 3,5 миллиард доллардан асты. 2007 жылға дейін Астананың құрылысына 238,6 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсау жоспарлануда.
Астананың ойдағыдай дамып келе жатқанының белгілерін оның халқының жедел өсуінен байқауға болады. Елорданы көшіру жарияланған жылы мұнда небәрі 225 мың адам тұратын. 2004 жылы елорда тұрғындарының саны екі есе өсіп, жарты миллионнан асып кетті.
1998 жылы Астана еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кірді. Әлемнің 15 қаласы Қазақстан елордасының бауырлас қалалары болып табылады, олардың арасында Мәскеу, Берлин, Варшава, Минск, Киев, Анкара, Бангкок және басқалары бар.
Елорданың жаңа әкімшілік орталығында Бейбітшілік пен келісім сарайы мен «Пекин-Палас» бизнес-орталығының құрылысына дайындық жұмыстары басталды.
Тағы 10 нысан — жанар-жағармай құю стансасы, «Capital Forum» Ынтымақтастық және даму халықаралық орталығы, 6 қабатты медиа-орталық, сауда-демалыс кешені, халықаралық сауда орталығы,т.б. нысандар құрылысқа рұқсат алу және жобалау кезеңінде тұр.
2005 жылдың басынан бері барлығы 15 нысан тіркелді, оның ішінде 3 әкімшілік ғимарат, әлеуметтік мақсаттағы 4 нысан, 4 тұрғын үй, 4 инженерлік, көлік инфрақұрылымдары бар.
Ал, соңғы 6 айда Жоғарғы сот, муниципалдық 4 тұрғын үй кешені, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2 жатақханасы, т.б. нысандар пайдалануға берілді. ҚР Парламент Мәжілісі мен Сыртқы істер министрлігі ғимараттарының, «Ғашықтар» саябағының, «Президент-отель» қонақүй кешені мен Ислам орталығының ашылу рәсімі өтті.
Сенат мен Үкіметтің әкімшілік ғимараттары, «Тұлпар» тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып келеді. Дипломатиялық қалашық, цирк ғимараты, «Сол жағалау — Абылай хан даңғылы тас жолы мен Есіл арқылы көпірдің» құрылысы жалғасуда.
Есілдің сол жағалауын әкімшілік орталыққа айналдыру мақсатында құрылған «Астана — жаңа қала» экономикалық аймағында 141 нысан салынып жатыр. 2010 жылға дейін мұнда тағы 150 ғимарат бой көтеруі тиіс. Бұл құрылыс жұмыстары үшін 240 миллиард теңге қаржы жұмсалмақ. Арнайы экномикалық аймақ Елбасы жарлығымен жаңа Астана құрылысын қарқынды дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін құрылған-ды. Ол үшін Есілдің сол жағалауынан мың жарым гектар жер бөлінді. 2002-2007 жылдарға арналған арнайы бағдарлама жасалып, оған 240 миллиард теңге инвестиция тарту көзделді. Қазір құрылыс жұмыстарына 162 миллиард теңге құйылып, жаңа ғимараттар бой көтерді. Аймақ құрылған осы 3-4 жылдың өзінде 141 нысан тіркелсе, оның 49-ы толықтай салынып бітіп, пайдалануға берілді. Сондай-ақ 2005 жылдың соңына дейін тағы 30 нысан іске қосылмақ.
Мәдениет және қоғам
Соңғы жылдары қалада мәдени-ағарту мекемелері желісі едәуір көбейді. 3 театр, 23 кітапхана, 5 мұражай, 1 клуб мекемесі, 2 кинотеатр, Мемлекеттік филармония, 2 сарай, 3 балалар музыка мектебі, өнер мектебі, көркемөнер мектебі жұмыс істейді.
Халықты спортпен және дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту мақсатында өткен кезеңде жаңа спорт кешендері ашылды және балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне (БЖСМ) күрделі жөндеу жүргізілді. Халыққа қызмет көрсетуге 25 спорт-сауықтыру кешендері іске қосылды.
Қалада ақпараттық инфрақұрылым қалыптасқан және оның дамуы жалғасуда. 2001—2005 жылдар кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) саны 78-ден 169-ға дейін (77 газет, 82 журнал, 7 телерадиокомпания, 3 ақпараттық агенттік) өсті. Олардың ішінде 25 БАҚ ағылшын, неміс, украин, татар тілдерінде шығады. Сонымен бірге мемлекеттік емес БАҚ-тар үлесін арттыру үрдісі байқалып отыр, бұл қазіргі уақытта 66 %-ды құрайды. Ақпараттық саясатты іске асырудың маңызды құралы мемлекеттік тапсырысты мемлекеттік, сондай-ақ жеке меншік БАҚ-қа да орналастыру болып табылады. Ақпараттық саясат медиажоспарларға сәйкес іске асырылады.
Әлеуметтік саласы
Әлеуметтік қорғау саласында жүргізілген жұмыс кедейлік шегінен төмен өмір сүріп жатқан халықтың, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал жіктерінің өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталды. Астанада 2005 жылғы желтоқсанда орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс шамасы 6,2 мың теңгені құрады. Кірісі кедейлік шегімен бірдей немесе одан төмен тұрмысы төмен азаматтардың саны 2006 жылдың 1 қаңтарына 2,9 мың адамды құрады, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 4,2 есе кем.
Қалада зейнеткерлердің саны 2000 жылғы 32,3 мың адамнан 2005 жылы 34,7 мың адамға өсті. Мүгедектердің саны 7,7 мың адам болды.
Жергілікті бюджеттен төленетін есебінен әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 2005 жылы 678,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде тұрғын үй көмегі — 23,5 млн. теңге, атаулы әлеуметтік көмек — 35,4 млн. теңге. 2005 жылы Астана қаласы бойынша кедейлік шегінің орташа мөлшері 2,4 мың теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 2,3 мың адам болды. 14 мыңға жуық тұрмысы төмен азамат жергілікті бюджеттен атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй жәрдемақысы, заңды және жеке тұлғалардың қайырымдылық және демеушілік көмегі түрінде түрлі материалдық көмек алды.
Қалада 11 жоғары оқу орны (оның 8-і жеке меншік), 22 колледж жұмыс істейді. Оқудың барлық түрлері бойынша жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің жалпы саны 58,3 мың адам. Оқушылар саны 1,9 мың адам болатын небәрі 5 мемлекеттік кәсіптік мектеп бастауыш және орта кәсіптік даярлықты жүзеге асырады. Астанада 54 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 2 дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты, арнаулы түзету мектеп-интернаты, ұйымдардың деректері бойынша жалпы саны 60,1 мың оқушысы бар кешкі мектеп жұмыс істейді. Мектеп жасына дейінгі білім беру жүйесінде 11,2 мың баланы қамтыған 36 мектеп жасына дейінгі ұйым жұмыс істейді. Бес-алты жастағы балалардың мектепалды дайындығын ұйымдастыру үшін жағдайлар жасалған.
Қалада білім беру кеңістігі құрылды. Білімге ынталы дарынды балалар үшін мектептер ашылды. 26 мектепте жекелеген пәндерді тереңдете оқытатын сыныптар ашылды. Қалада ғылым салыстырмалы түрде төмен деңгейде, ғылыми қызметкерлер санының күрт төмендегені байқалады.
2005 жылы Астана қаласының тұрғындарына барлық мамандықтағы 3,6 мың дәрігер және 4,2 мың орта медицина қызметкерлері еңбек ететін, жергілікті басқару органдарының қарамағындағы 32 мемлекеттік медицина ұйымы және 100-ден астам мемлекеттік емес медицина ұйымдары қызмет көрсетті.
Астана қаласында 5 жыл ішінде кепілді медициналық көмектің көлемі 1 821,2 млн-нан 4 176,6 млн-ға дейін өсті. Халықтың жеке санаттарын ауру түрлері бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 2005 жылы 102,4 млн. теңге пайдаланылды, бұл емдеу процесін жүргізу сапасына оң ықпалын тигізді.
«Бурабай» ұлттық табиғи паркі
Қазақстанның солтүстігінде, біздің планетамыздың ең көрікті жерлерінің бірінде, Ақмола облысының аумағында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі орналасқан. Бурабай Қазақстандағы ең танымал курорттардың бірі. Бұл жер бетінде сирек кездесетін өзіндік орны бар географиялық пункт ретінде кеңінен танымал. Бурабай шатқалының жоғарғы жағы Қазақ ұсақ шоқыларының құрамына кіретін аласа таулы елдерді көрсетеді. Биік таулар және қылқан жапырақты орман, айдынды көл және таза ауа. Табиғаттың шипалы қуаты жақсы демалуға және денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік тудырады. Қазіргі уақытта ұлттық парктің жалпы ауданы 83 510 гектарды құрайды, оның ішінде 47,4 мың гектары орманды алқап. Ұлттық парк Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына қарасты ерекше қорғалатын табиғат аймағына енетін табиғатты қорғайтын мемлекеттік мекеме болып табылады. Бурабай – санаторийлердің, профилакторийлердің, демалатын орындардың, спорттық-сауықтыру лагерлерінің мекені. Мұнда денсаулығын жақсартуға, табиғатымен танысуға, демалуға он мыңдаған адамдар келеді. Бурабайдың шипажайларында тыныс жолдары органдарын және ішек-қарын трактасын, жүрек-қан тамыр жүйесін, жүру-қозғалу аппараттарын емдейді. Бұнда дала шөптерінің және қылқан жапырақты орманның хош иісі сіңген таза ауамен тыныстайсыз.
Бурабай – сансыз көп көлдердің мекені. Ең терең көл Жеке-Батыр жотасының шығыс баурайында орналасқан – Щучье көлі, оның ені 3 км-ден артық, ал тереңдігі 18 метрге дейін жетеді. Көлде алабұға, шортан, шабақ балықтары бар. Аталған көл Бурабай курортының темір жол станциясы орналасқан аудан орталығы, Щучинск қаласының жанында орналасқан.
Бурабай – демалатын, қайықпен, катамаранмен жүретін сүйікті орын. Егер көлдің айналасынан өтсең (ол 12 км) Громовой көлінің бастауында иілген ағаштар атауын айтып тұрғандай «билеп тұрған» шоқ қайың табиғат ескерткішін көруге болады. Көлдің шығыс жағасы құмды жаға, шомылуға, демалуға арналған жайлы орын.
Көкшетау қыратының орталық бөлігін Көкшетау тауы алып жатыр (теңіз деңгейінің ең жоғары биіктігі 947 метр). Күннің, судың және желдің әсерінен миллиондаған жылдар ішінде олар аңдармен, ертегі кейіпкерлерімен ұқсастығын анықтауға болатын нысандарға ие болды. Мысалы, Оқжетпес тауының шыңы өз нысанымен жатқан пілдің бейнесін
бейнелейді.
Оның етегінен Көгілдір шығанағынан 18 метр биіктікке Жұмбақтас тауы көтеріледі. Ол әр жағынан қараған кезде шашы жалбыраған қыздың, әйелдің және кемпірдің бетін көруге болатындығымен қызықты. Бурабай және Үлкен Шабақты көлдерінің арасынан керемет көріністі тамашалауға болады. Ол жерден Көкшетау тауы көрінеді, Бурабай, Жеке-Батыр, Оқжетпес таулары көзге шалынады.
Көкшетау
Қаланың таңбасы Қазақстанда орналасуы
Көкшетау — Қазақстандағы қала, Ақмола облысынын орталығы. Қопа көлінін жағалауында орналасқан.
Көкшенің әсем табиғаты.
Петропавл
Қаланың таңбасы Қазақстанда орналасуы
Петропавл (Қызылжар) — Солтүстік Қазақстан облысының қаласы (1825 жылдан), облыс орталығы (1936 жылдан). Қаланың негізі Есіл өзеннің оң жағалауында 1752 жылы қаланған.
Тарихы
Іргесі 1752 ж. қазақтың Қызылжар атты ежелгі қонысы орнында Әулие Петр бекенісі болып қаланды. Алғашында әскери форпост болды. Кейіннен қаланы Сібір татарларының қаласы (түркілік деген ұғымда) деп аталды. Кейіннен Петропавл Ресейдің отаршылдығының Солтүстік және Орталық Қазақстандағы тірек пункті саналды. Қала Қазақ жерінің солтүстігіндегі ірі сауда орталығына айналды. Қазір ол Қазақстанның ең солтүстіктегі қаласы саналады.
Петропавл қаласы. Абылай хан резиденциясы.
Қорытынды
Сонымен 2 курсты бітіріп, республиканың бірнеше өлкелерін зерделеп, олардың табиғатымен, экономикалық жағдайымен танысып шықтық.
Жыл бойына теория жүзінде оқыпүйренген білімізді практика арқылы одан әрі тереңдете түстік.
Практика барысында біздер Балқаш мыс қорыту комбинатына барып, ондағы барлық жағдаяттармен танысып шықтық. Сондайақ, өзге де қалалардағы жоғары оқу орындарымен, түрлі, археологиялық, биологиялық басқа да мұражайлармен таныстық. Қарағанды маңындағы Федеров су қоймасымен, Астананың сәнді ғимараттарымен, Көкшетаудың әсем табиғатымен, Петропавлдың ғасырлар бойы сәнін жоймаған ерекше ғимараттарымен жақынырақ әрі қызыға танысып шықтық.
Бұл практиканың біздер үшін ұмытылмас әрі үлкен маңызы бар .
Осы практиканы ұйымдастырған университет басшылығына және де біздермен практика барысында бірге болған ұстаздарымызға алғысымыз шексіз!!!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Интернет желісі: www.google.kz «Қазақстан қалалары»
- Қазақ Ұлттық энциклопедиясы I ,II том