АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Отчет по практике АО «Қазпочта» -дағы оқу-танысушылық тәжірибені өткені жөніндегі

 

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті Казахский экономический университет

 им. Т. Рыскулова

 

 

 

 

 

Т.РЫСҚҮЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

«БАСҚАРУ» ФАКУЛЬТЕТІ

«МЕНЕДЖМЕНТ» КАФЕДРАСЫ

 

 

 

АО «Қазпочта» -дағы оқу-танысушылық тәжірибені өткені жөніндегі

 

ЕСЕП    БЕРУІ

 

«Басқару» факультетінің

050507 «Менеджмент» мамандығы

Күндізгі бөлімі III курс студенті                                          Кукенов Ғ

 

ҚазЭУ-нен тәжірибе жетекшісі,

аға оқытушы                                                                         Ерғалиев Қ.Р.

 

Кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісі                                       Сафинов М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ, 2008

 

Мазмұны

 

Кіріспе………………………………………………………………………………………………3

 

  1. «Казпочта» АҚ акцияларды шығару проспектісі …………………5
  2. Ұйымның есеп саясаты және құрудың мақсаты……………………8
  3. «Казпочта» акционерлік қоғамына техника-экономикалық

                      талдау…………………………………………………………………………………..10

  1. «Казпочта» акционерлік қоғамының кәсіпкерлік қызметінің

                      даму жағдайы………………………………………………………………………15

  1. Почта – жинақтау қызметтері дамуының шетелдік

                    тәжірибесі………………………………………………………………………………18

  1. Ұлттық почта операторының қазіргі жай-күйі……………………20
  2. Қолданылған әдебиеттер ……………………………………………………..26
  3. Қосымша  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Осы Бағдарлама «Почта туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына, «Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесін дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 5 мамырдағы № 131-ө өкіміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 4.15-тармағына сәйкес әзірленді.

Аумағының ауқымдылығын, халық тығыздығының төмендігі мен біркелкі еместігін, елді мекендердің бір-бірінен шалғай орналасқандығын, сондай-ақ ауыл халқының төлеу қабілетінің төмендігін қоса алғанда, Қазақстанның географиялық және экономикалық-демографиялық ерекшеліктері ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына теріс әсер етеді. Қаржы-банк құрылымдарының болмашы қатысуы негізінен ауылдық елді мекендердің жалпы санының 5%-ынан азын қамтитын аудандық деңгейлерде шоғырланған ауылдык жерлерде ел халқының 43%-ы, тұратындығын ескерсек, Қазақстан экономикасын одан әрі қайта кұру ауылдың каладан өмір сүру деңгейі мен жағдайлары бойынша артта қалу проблемаларын шешуге, сондай-ақ ауыл халқының өмір салтындағы теріс        өзгерістерді жеңуге бағытталады.

Осыған байланысты, 2000 жылдан бастап почта саласы оның қызметін әртараптандыруға және Қазақстан халқының қалың бұқара топтарына аумақтық және бағалық қол жетімділік қағидаттарындағы почта мен банк қызметтерінің жекелеген түрлерін көрсетуді көздейтін почта-жинақтау жүйесін қалыптастыруға бағытталған реформалауға ұшырады.

Қазіргі кезде Қазақстанда почта-жинақтау жүйесін қалыптастыруға арналған құқықтық және ұйымдастырушылық негіздер жасалған. «Почта туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына және басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес почта-жинақтау жүйесі қызметін дамыту жөніндегі мемелекеттік саясатты жүргізуші ретінде «Қазпочта» акционерлік қоғамы (бұдан әрі -«Қазпочта» АҚ) түрғысында Қазақстан Республикасының ¥лттық почта операторы (бұдан әрі — ¥лттық почта операторы) белгіленді. Заңнамаға сәйкес Ұлттық почта операторы почталық қызметтермен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиялары негізінде қаржы қызметтерін жүзеге асыру және қаржы қызметтерін көрсету құқығын алды. Мұндай шешім мынадай факторлар негізге алына отырып қабылданды: «Қазпочта» АҚ-та іс жүзінде елдің бүкіл аумағын қанағаттандыратын, 617-і қалаларда және 278-і — ауылдық жерлерде орналасқан 3385 бөлімшені камтитын ең тармақталған почта бөлімшелері желісінің; ақпараттық және ақша ағымдарының қалыпқа түскен жүйесінің болуы; мемлекет Қоғамның бірден-бір құрылтайшысы және қатысушысы болып табылады.

Почта-жинақтау жүйесін қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және оларды халыкаралық стандарттар бойынша ұсынуды қарастыратын сапалы жаңа деңгейде одан әрі дамыту үшін мынадай кезеңге өту қажет: почта-жинақтау қызметтері рыногында Ұлттық почта операторының тұрақты жұмыс істеуіне арналған инвестициялық және экономикалык қолайлы жағдай жасау.

Бірақ, Қазақстан Республикасында почта саласын қайта реформалау процесінде «Қазпочта» АҚ құру кезінде мемлекет почта-жинақтау жүйесін қалыптастыруға арнап тиісті қаржылық қаражат бөлінбеді: бастапқыда Қоғамның жарғылық капиталы тек ғимараттар мен жабдықтар түрінде қалыптастырылды. Бұл жағдай Почта байланысының республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жинақтаушы зейнетақы қорларына, жалақы мен салықтар бойынша 1993-2000 жылдар кезеңінде жинақталған жалпы сомасы 140,0 млн. теңге берешегімен сипатталатын аса ауыр қаржылық жағдайымен киындай түсті. Өткен жылдарда жинақталған шығындардың сомасы көрсетілген кезеңде 250,6 млн. теңгені құрады.

Қаржыландырудың болмауы материалдық-техникалық базаға теріс әсерін тигізді, оның тозуы 45%-дан асты. Почта қызметінің ерекшелігі негізгі қаражаттың елеулі бөлігінің іске қосылғандағынан және оларды ұстауға қаржы ресурстары бөлінетіндігінен ескерсек, мұндай жағдай түбегейлі шешімдерді қажет етеді.

Жоғарыда көрсетілген факторларды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының почта саласын дамытудың және почта-жинақ жүйесін қалыптастырудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 қарашадағы № 1716 қаулысымен бекітілген салалық бағдарламаның 2003 жылы орындалғанын ескерсек, онда мақсаттары, іске асыру жолдары мен тетіктері айқындалатын Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесін дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарласмасын (бұдан әрі — Бағдарлама) әзірлеу қажеттілігі туындады.

Бағдарламада көзделген мақсаттарға кол жеткізуге арналған почта-жинақтау жүйесін дамыту стратегиясым емлекеттік саясаттың мынадай қағидаттарына сүйенетін болады

почта-жинақтау жүйесін дамыту үшін тиімді құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық тетіктерін іске асыру;

қала мен ауыл арасындағы почта-жинақтау қызметтеріне қол жетімділік деңгейіндегі алшақтықты қысқартуға мемлекеттің жәрдемдесуі;

почта-жинақтау жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған тиімді мемлекеттік саясат жүргізу.

Ұлттық почта операторының бәсекеге қабілеттілігін күшейту тұиасиай алғанда почта саласын дамытуға ықпал ететін және почта рыногының барлық сегменттерін халықтың және нақты экономика секторының еркін бәсеке жағдайында сапалы почтакызметтерін алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыратын халықаралық стандартқа сәйкес келтіруге жәрдемдесетін болады.

 

  1. «Казпочта» АҚ акцияларды шығару проспектісі

 

Уәкілетті органдардың жарияланған акциялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуі, осы проспектіде көрсетілген акцияларды алуда инвесторларға қандай да бір ұсыныстар жасауды білдірмейді.

Акциялар шығарылымының проспектісі Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігіне ғана құралды. Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектідегі ақпараттардың растығына жауапты болады және олар осы проспектіде берілген барлық ақпараттар рас, сондай-ақ қоғам мен оның орналасатын акцияларына қатысты инвесторларды түсінбеушілікке алып келмейтіндігін дәлелдейді.

Қазақстандағы почта саласының көп деңгейлілігі ұйымдастыру құрылымының негізгі сипаттамасы болып табылады. Қазіргі таңда Компанияда үш деңгейлік басқару жүйесі жұмыс істейді.

«Қазпочта» АҚ мына ұйымдардың мүшесі болып табылады:

1)  ЕМS халықаралык кооперативі (курьерлік қызмет) — Швейцария, Берн қ.;

2)  Бүкілдүниежүзілік почта одағы — Швейцария, Берн қ.;

3)  Аймақтық  байланыс  достастыгы   почта  байланысы  операторларының кеңесі;

4)  Қазақстан қаржы қызметкерлерінің ассоциациясы — Қазақстан Республикасы, Алматы қ.;

5)  «Қазақстан қор биржасы» АҚ — Қазақстан Республикасы, Алматы қ.;

6)  «Western Union»     жүйесінің  мүшесі — Гринвуд-Виллидж,  Колорадо штаты, Американың Құрама Штаттары.

Почталық қызмет түрлері:

«Қазпочта» АҚ мынадай почта қызметтерінің ауқымды спектрлерін жүзеге

асырады:

1)  жазба хат-хабарларды, бандерольдерді және сәлемдемелерді жіберу мен жеткізіп беру;

2)  ЕМS — Kazpost курьерлік қызметтері;

3)  мерзімді басылымдарға жазылуды қабылдау, оларды тасымалдау, жіберу, жеткізіп беру және бөлшек сауда арқылы сату;

4)  арнайы байланыс қызметтері;

5)  филателия;

6)  аралас (гибритті) электронды почта қызметтері.

Қаржылық қызмет түрлері:

«Қазпочта» АҚ мынадай қаржы қызметтерінің ауқымды спектрлерін жүзеге асырады:

1)  депозиттер;

2)  заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;

3)  аударым операциялары;

4) банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың инкассациясы мен жіберілуі;

5)  бюджеттік мекеме қызметкерлеріне жалақы мен стипендия төлеу;

 

6)  зейнетақыларды, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді төлеу;

7)  коммуналдық және салық төлемдерін қабылдау.

Агенттік қызмет түрлері:

«Қазпочта» АҚ мынадай агенттік қызметтердің ауқымды спектрлерін жүзеге асырады:

1)  Директ-Майл тікелей почталық жарнама қызметтері;

2)  зейнетақы   қорлары   мен   сақтандыру   ұйымдары   үшін   клиенттермен шарттар жасау;

3)  күнделікті сұраныстағы тауарлар мен лотерей билеттерін сату.

Қаржы ұйымдарының қаржылық жай-күйі

 

Кесте 1 — Инвестициялар мен бағалы қағаздардың портфелі:

 

                                                                                                     (мың.теңге)

Инвестиция түрі

01.01.04ж. жағдайы бойынша

Басқа  заңды  тұлғалардың  капиталындағы  ұзақ мерзімдік инвестиция

0

Бағалы қағаздардың портфелі, барлығы

2 691 152

Соның ішінде:

Мемлекеттік бағалы қағаздар

2 402 665

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар

288 487

Басқа инвестициялар

0

Инвестицияның барлығы

2 691 152

 

Инвестициялық стратегия қаржы нарығындағы жайлардың өзгеруі мен операциялардың кіріс деңгейінің артуын және бағалы қағаздар инвестициялық портфелінің өсуін қамтамасыз ететін активтерге сапалы басшылық жасау құралын анықтауға қатысты «Қазпочта» АҚ (әрі қарай Қоғам) активтерінің өсімін қамтамасыз ету мақсатында дайындалған.

Бағалы қағаздар портфелінің көлемін ұлғайту, диверсификация арқылы активтердің   оңтайлы   құрылымын   инфляциядан   сақтау   және   сенімді салымдардан   кірістер   алу   Қоғамның   инвестициялық   стратегиясының мақсаты болып табылады. Жарғылық капиталы:

1)   құрылтай құжаттары бойынша жарғылық капиталының көлемі:

      1 812 123 000 (бір миллиард сегіз жүз он екі миллион жүз жиырма үш мың) теңге.

2)  бухгалтерлік баланстың дерегі бойынша жарғылық капиталының көлемі:

      1 812 123 000 (бір миллиард сегіз жүз он екі миллион жүз жиырма үш мың) теңге.

3)  жарғылық капиталды акцияларға бөлуі:

Акциялардың жалпы саны 1 812 123 000 (бір миллион сегіз жүз он екі мың жүз жиырма үш) дана, номиналы 1 000 теңге,

жалпы сомасы 1 812 123 000 000 (бір миллиард сегіз жүз он екі миллион жүз жиырма үш мың) теңгені құрайды. оның ішінде:

—  жай атаулы акциялардың саны 1 812 123 (бір миллион сегіз жүз он екі мың жүз жиырма үш) дана, номиналы 1 000 теңге, жалпы сомасы 1 812 123 000 (бір миллиард сегіз жүз он екі миллион жүз жиырма үш мың) теңгені құрайды.

—  құрылтай құжаттарына сәйкес, артықшылықты атаулы акциялар жоқ. 4) жарғылық капиталының ақы төленген бөлігінің көлемі:

Жарғылық капиталы 1 812 123 мың теңге сомасына төленген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Ұйымның есеп саясаты және оны құрудың мақсаты мен маңызы

 

«Казпочта» акционерлік қоғамының филиалы «Почтажабдықтау» (бұдан әрі — Филиал) «Казпочта» акционерлік қоғамының оқшауланған бөлімшесі болып табылады және оған есеп береді. Филиал заңды тұлға болып табылмайды, өз қызметін «Казпочта» АҚ атынан және оған «Казпочта» АҚ берген өклеттіктер шегінде жүзеге асырады. Филиал өз қызметіне Қазақстан Ресиубликасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтык актілерін, «Казпочта» АҚ нормативтік актілерін, оның ішінде «Казпочта» АҚ Басқармасы Төрағасының бұйрықтарын, өкімдерін және осы Ережені басшылыққа алады. Филиалды «Казпочта» АҚ Басқармасы Төрағасы қызметке тағайындайтын және босататын директор басқарады. Филиал орналасқан жері бойынша заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүргізетін органда есептік тіркелуге жатады. Филиал қызметінің мақсаты мен нысаны заңдарда белгіленген тәртіппен «Казпочта» АҚ өндірістік мақсаттағы өнімдермен материалды-техникалық қамтамасыз етуді «Казпочта» АҚ үшін жабдықтар мен басқа да материалды-техникалық ресурстарды жеткізіп беруге өтінімдерді орналастыру, пайдаланылатын материалдық ресурстарды есепке алу және «Казпочта» АҚ бөлімшелерінің материалдық ресурстарды пайдалануына бақылауды, көлік құралдарының барлық түрлерін қолдану арқылы ірі көлемді пошта жөнелтілімдерін қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізіп беруді жүзеге асьтру арқылы жеке және заңды тұлғаларға пошта байланыс кызметтерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Ережемен көзделген өзге де қызметтерді жүзеге асыру болып табылады.

Филиалдың қаражаты «Казпочта» АҚ берген негізгі қаражаттардан және «Казпочта» АҚ шығыс сметасына сәйкес бөлетін қаражаттардан тұрады. Филиалдың кірістері мен шығыстары «Казпочта» АҚ орталықтандырылады және қайта бөледі. Филиалдың негізгі каражаты «Казпочта» АҚ тиесілі және «Казпочта» АҚ балансында есепке алынатын Филиалға бекітілген ғимараттардан, құрылыстардан. жабдықтардан және басқа да мүліктерден тұрады.

Филиалдың құрылымын және еңбек ақы төлеу қорын «Казпочта» АҚ Басқармасы бекітеді. Филиал қызметін басқаруды «Казпочта» АҚ Басқармасының Төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметінен босататын директор жүзеге асырады. Филиал Директоры оның барльтқ қызметіне басшылық жүргізеді және Филиалға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болып табылады. Филиал Директорының «Казпочта» АҚ Басқармасының Төрағасы қызметке бекітетін және қызметінен босататын орынбасарлары, бас бухгалтері болады.

Филиал Директоры «Казпочта» АҚ берген сенімхат негізінде: Филиал қызметіне басшылық жүргізеді, Филиал құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар мен өкімдер шығарады; барлық ұйымдарда Филиалдың мүдделерін білдіреді, Филиал бөлімшелерінің қызметіне байланысты мәселелерді қарастырады, Филиал бөлімшелері басшыларының есебін тыңдайды, Филиал құрамына кіретін бөлімшелер туралы ережелерін бекітеді, «Казпочта» АҚ Басқармасы бекіткен еңбек ақысын төлеу қоры шегінде филиалдың өндірістік қызметкерлерінің штаттық кестесін бекітеді, орынбасарлар арасында міндеттерді бөледі.

Филиалдағы есеп және есеп беру Қазақстан Республикасының заңдарына және «Казпочта» АҚ нормативтік актілеріне сәйкес ұйымдастырылады. Филиал қызметінің нәтижелері «Казпочта» АҚ Филиал Директоры беретін күнделікті, ай сайынғы, тоқсандық қаржылық есептерде көрсетіледі.

Филиал қызметіне ревизияны «Казпочта» АҚ тиісті бөлімшелері жүргізеді. Филиал қызметіне тексеруді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасының салық және өзге чс органдары жүргізуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «Қазпочта» акционерлік қоғамына технико-экономикалық талдау

 

Қоғамның рыноктық экономика және ақпараттандырудың қазіргі даму кезеңінде почта байланысы ақпараттық инфрақұрылымның маңызды элементі болып табылады. Бүгінгі күні «Қазпочта» акционерлік қоғамының кең ауқымды почта, қаржылық, және агенттік қызмет көрсету үшін бар күшін жұмсауда. Қызмет көрсету механизмін тұрақты түрде жетілдіріп отырады, жаңа қызмет түрлері жобаланып жасалады және енгізіледі, клиентке қызмет көрсету сапасын арттыру үшін ең жаңа технологиялар пайдалануға енгізіледі. Сонымен қатар кеңінен тармақталған филиалдық желі біздің қызметті елдің ең шалғайдағы аймақтарының тұрғындарымен қоса, тұтынушылардың барлық топтарьшың бірдей пайдалануына жағдай жасайды.

Қазіргі кезде уақыт талабына сай, почта байланысының тиімділігінің арта түсуімен қатар, жаңа қызмет түрлері, жаңа технологиялар енгізіліп, көрсетілетін қызмет сервисі арта түсуде. Сонымен қатар почта жөнелтілімін адресатқа жеткізу мерзімі қысқарып келеді.

Өткен 2002 жыл, «Қазпочта» акционерлік қоғамы үшін қоғамның кезекті қаржылық тұрақтану және негізгі экономикалық көрсеткіштерінің өсу жылы болды. Төменде келтірілген деректер осы айтылғандардың айғағы болмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  «ҚАЗПОЧТА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНА ТЕХНИКО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

КӨРСЕТКІШТЕР

өлш. бірл

20 01

20 02

+

%

1

Көрсетілген қызметтен түскен табыс

Мың.тг

29 89304

39 15671

926367

3 0%

2

Көрс етілген қызметтің өзіндік құны

Мың. тг

19 80827

25 07131

5 26304

2 6%

 

Жалпы табыс

Мың. тг

10 08477

14

08540

4 00063

3 9

4

Кезеңдік шығындар

Мың.тг

11 152

62

32

4920

45

5

Негізгі қызметтен түсетін табыс

Мың. тг

99

7325

14 02308

4 04983

4 0

6

Негізгі         емес қызметтен

түсетін

табыс

Мың. тг

39 9563

85 009

314554

79

7

Салық       салуға

дейінгі

табыс

Мың.тг

1396888

1487317

90429

6

8

Корп

оративті

салық

(30%)

Мың.тг

26775

15635

-11140

-42

9

СалыҚ

салынғаннан      кейінгі

табыс

Мың.тг

1370113

1471682

101569

7

10

Төтенше

жағдай

шығындары

 

11

Таза

табыс

Мың.тг

1370113

1471682

101569

7

12

Негізгі

қорлардың

орташа

жылдық

құны

Мың.тг

24473595

31011905

6538310

26

13

Қор қайтарылымы

тг

о, 12214

о,12626

0 ,00412

3

14

Қор сыйымдылығы

тг

8, 187

7, 919

268

4

15

Жұмысшылар саны

Адам

15 782

16 146

3 64

2

1 6

Еңбек ақы қоры

Млн.т

10 ,4

19 ,9

— 50млн

9 1

17

Еңбек өнімділігі

Мың. тг

18 9,4

242,5

5 3,1

2 8

18

1 жұмысшының еңбекақысы

тг

54 91,48

10 270,86

4779,38

87

19

Қызмет көрсету рентабельд ілігі

 

о,691

о,586

0,105

16

20

Қызмет

 

о,458

о,375

0,083

1 9

                 

 

 

Акционерлік қоғам «Қазпочта» кәсіпорнының технико-экономикалық жағдайына талдау кезінде көрсетілген қызметтен түскен табыс 2002 жылы 926367 мың теңгеге өсті, яғни 30 пайызға. Бұл жағдайға әсер еткен фактор корпоративті табыс салығының 2002 жылы кемуі, яғни -42 пайызға. Көрсетілген қызметтің өзіндік құны 2002 жылы (есепті жылы) 526304-ке өсті, яғни 26 пайызға мүның көбейген себебі жалпы табыс 2002 жылы 400063 мың теңгеге өсті, сонымен 39 пайызға, ал кезеңдік шығындарды талдаған кезде ол 4920 мың теңгеге кеміді, оған түрткі болған себеп негізгі қордың орташа жылдық құны 2002 жылы 6538310 -ге сай келді. Салык салуға дейінгі табыс 2002 жылы 90429 -ға өсті және негізгі емес қызметтен түсетін табыс 2001-ші жылмен салыстырғанда 2002 жылы 314554 -ке кеміді, оған жүмысшылар санының 2002 жылы 369 адамға өсуі, яғни 2 пайызға өскені эсер етті.

Ал, қызмет көрсету рентабельділігі есепті жылы 0,Ю5-ке кеміді оған эсер еткен фактор көрсетілген қызметтің өзіндік қүны есепті жылы 526304-ке өсуі. Қор сыйымдылығы есепті жылы 268-ге кемісе және кор қайтарымдылығы 0,00412 ге өсті, оған эсер еткен фактор негізгі қордың орташа жылдық қүнының 6538310-ға өсуі болып табылады.

2001 жылдың қаңтар айында Қазақстан почтасы Қазақстан Республикасының Ұлттык Банкінен теңгемен және шетел валюталарымен бірқатар банкілік операциялар жүргізуге лицензия алды. Осы лицензияға сәйкес «Қазпочта» акционерлік қоғамының жеке және заңды тұлғаларға кең ауқымды банкілік қызмет көрсетуге құқығы бар. Ондай қызметтер катарына мыналар жатады:

  • депозиттер қабылдау, заңды тұлғаларға банкілік шоттар ашу және жүргізу;
  • депозиттер  қабылдау,  жеке тұлғаларға банкілік шоттар  ашу және жүргізу;
  • кассалық операциялар: банкноттар мен метал ақшаларды кабылдау, беру, кайта санау,  үсақтау,  алмастыру,  сұрыптау,  буып-түю және сақтау;
  • аудару операциялары:   ақша   аудару   жөнінде   заңды   және   жеке тұлғалардың тапсырыстарын орындау;
  • банкноттарды, метал ақшаларды және құндылықтарды инкассациялау;
  • шетел валюталарымен алмастыру операцияларын ұйымдастыру;
  • шарттың (лизингтің) барлық әрекет ету мерзімінде жалға берілетін мүлікке жалға   берушінің    меншіктік   құқығын    сақтай    отырып, мүліктерді жалға беру;
  • меншікті бағалы қағаздар (акциялардан басқа) эмиссиясы;
  • факторингтік операциялар: төленбеу тәуекелділігін қабылдау арқылы сатып алушыдан    тауар    (жұмыс,    қызмет    көрсету)    төлемдері талаптарының құқығын иелену;
  • форфейтингтік операциялар (форфейтингтеу): сатушыға айналымсыз вексельдерін сатып алу жолымен тауар (жұмыс, қызмет көрсету) сатып алушының қарыздық міндеттемесін төлеу.

 

 

 

 

 

 

  1. «Қазпочта» акционерлік қоғамының кәсіпкерлік қызметінің даму жағдайы

«Қазпочта» акционерлік қоғамы қаншалықты дамып жатыр десек те, кез-келген ұйым, кез-келген өнеркәсіп болсын кедергілер кездесетіні сөзсіз. Мысал келтіретін болсақ, қазіргі кезде көптеген адамдар хат арқылы алмасуға қарағанда, телефон арқылы қатынасып түруды қалайды. Бұған себеп болып тұрған мәселелердің бірі хат — ол ұзақ уақыт жүретін процесс. Осының тез жетуі үшін олар көптеген мэселелерді қарастыру керек. Солардың бірі хат тасымалдаушы жұмысшылар санын көбейту. Қазіргі кезде белгілі хат тасымалдаушы адамдар өте аз, сондықтан кейде хат алушыға ұзақ уақыт жетпейді. Мысалға 2001 жылы бір жұмысшының орташа  еңбек ақысы   5491 тенге болды да,   2002 жылы   ол   87 пайызға өседі.

 

                                                                                       3 — кесте

Ұлттық почта операторының почта-жинақтау қызметтерінің

динамикасы

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлі гі

2000 ж.

2001 ж.

2002 ж.

2003 ж.

 

 

 

 

са ны

Алд ыңғы жылы

саны

Алды ңғы жылы

саны

Алд ыңғы жылы

саны

Алд ыңғы жылы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Мерзімді басылымдар

млн. дана.

65,1

100,3 %

82,4

126,6

%

93,6

113,6%

91,0

97,2%

Жазбаша хат-хабарлар

млн. дана.

14,6

98,0

%

14,7

100,7

%

15,1

102,7%

16,2

107,3%

Сәлемдеме

млн. дана.

1,2

133,3

%

1,3

108,3 %

1,2

92,3%

1,2

100%

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Жедел почта қызметтері

млн. дана

170,4

8 есе

277, 0

162,6

%

243,0

87,7%

325,0

133,7%

Ақша аударымдары

млн. дана.

0,7

116,7

%

0,72

102,9

%

0,7

97,2%

0,78

111,4%

Зейнетақы төлеу

млрд.

23,5

3 есе

57,3

2 есе

70,9

123,7%

93,4

131,7%

 

теңге

 

 

 

 

 

 

 

 

Депозиттер қабылдау

млн. теңге

363,1

40 есе

735,

5

2 есе

753,7

102,4%

1381,0

183,2%

Жалақы төлеу

млрд. теңге

0,14

ю,

4

74 есе

19,9

191,3%

25,96

130,5%

Коммуналдық төлемдер қабылдау

млрд. теңге

1,5

18 есе

2,0

133,3 %

2,5

125,0%

11,3

4 есе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Салық қабылдау

млрд. теңге

1,4

3,8

2 есе

5,4

142,1%

Ақша инкассациясы

млрд. теңге

43,3

33 есе

91,0

2 есе

141,6

155,6%

184,7

130,4%

 

Қазақстанда почта-жинақтау қызметтер рыногын сипаттау үшін оның кейбір сегменттерін қарастырайық.

Қазақстанның курьерлік қызмет көрсету рыногында 30-дан астам компаниялар, соның ішінде мынадай халықаралық ірі компаниялар «DHL», «FedEx», «ТNТ», «UPS», «ОСS», «Роnу Ехргеss», сондай-ақ Қазақстанның жекелеген облыс орталықтарында қызметтен ұсынатын бірқатар отандық компаниялар бар. Аталған компаниялар өз қызметін Қазақстанда 7-8 жыл көлемінде жүзеге асырып жүр және Ұлттық почта операторына елеулі бәсекені құрайды.

Бүгін баспа өнімдерін тарату бойынша қызметтер рыногында Ұлттық почта операторынан басқа мынадай «Аргуметы и факты» ЖШС БК, «Евразия пресс» ЖШС, «Эврика-пресс» ЖАҚ, «Дауыс» БТММ АҚ, «Бико» ЖШС, «Бурда-Алатау пресс» ЖАҚ сияқты баламалы құрылымдар, сондай-ақ жекелеген облыс орталықтарында қызмет көрсететін басқа да компаниялар жұмыс істеуде. Облыстық газеттер редакцияларында Ұлттық почта операторының облыстык филиалдарына бәсекелестік тудыратын, жергілікті газеттерді таратып қана қоймай, республикалық және ресейлік басылымдарды да тарататын бөлімшелер құрылған. Егер бұрындары баламалы құрылымдар қабылдайтын жазылымдар ¥лттық почта операторының филиалдары арқылы жеткізілсе, бүгінде осындай басылымдарды жеткізетін жекеменшік қызметтер құрылуда. Бұл ретте ¥лттық почта операторы басылымдар мен жазылымдарды тарату бойынша қызмет көрсету рыногының ең ірі субъектісі болып қала береді: оның еншісінде республикада таратылатын мерзімді жазылымды басылымдар тираждарының 85%-ға жуығы, оның ішінде 42%-ы шалғай ауылдық және шекаралық аудандарды қоса алғанда, ¥лттық почта операторы ауылдық жерлерге жеткізетін республикалық мерзімді басылымдар.

Соңғы жылдары ақша аударымдар рыногы үдемелі түрде өсуде. Рыногтың негізгі қатысушылары – Western Union, MoneyGram, Contact (АКБ «Русславбанк» — Ресей Федерациясы) және Анелик («Банк Анелик» ЖШБ -Армения). Қазақстан рыногына Travelex Worldwide Money Ltd халықаралық аударымдар жүйесі қызығушылық танытуда. Қазақстандық қатысушылар арасында мынадай екінші денгейдегі банктер бөлініп шығуда: ЦентрКредит Банкі, Қазақстан Халық Банкі. Каспийский Банкі және басқалар. Бұл рыногта ¥лттық почта операторының еншісі 1%-дан төмен, бірақ ол кеңейтілген өңірлік желісінің болғандығынан жоғары даму потенциалына жетуде. Оған мынадай цифрлар дэлел бола алады: соңғы бес жыл ішінде Қазақстан аумағында орналаскан коммерциялық банктер мен есеп-айырысу кассалық бөлімшелер саны тиісінше 91 және 266 бірлікке, филиалдардың тармақталған желісі және жинақтау қызметтері мен зейнетақы төлеу бойынша ұзақ тәжірибесі бар Халық банкінде -14 және 743 бірлікке қысқарды. Қазіргі уақытта әлеуметтік төлемдер рыногындағы Халықтық жинақ банкінің еншісіне 51%, Ұлттық почта операторына — 47%, екінші деңгейдегі банктер еншісіне 2% тиеді. Бұл ретте республиканың ауылдық елді мекендерінде төлемдердің 100%-ын ¥лттық почта операторы жүргізеді. Қазақстандағы депозит рыногын дамыту және оған ауылдық жерлердегі тұрғындарды тарту мақсатында «Почта туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ¥лттық почта операторының шұғыл депозиттерге тартқан халық салымдарының сақталуы мемлекеттік бағалы қағаздарға және басқа да өтімді қаржы құралдарына орналастыру жолымен мемлекет арқылы қамтамасыз етіледі. Бірақ, бұл қызметке қол жетімділіктің кеңеюіне қармастан, ¥лттық почта операторының жүйесіне орналастырылған салымдар үшін төленетін сыйақы деңгейінің төмендігі депозиттік қызметтердің тартымдылығына кері әсерін тигізеді, ол банктік секторда орналастырылған, депозиттердің жалпы сомасының шамамен 1 % құрайтын, олардың азын-аулақ үлесімен расталады. Осылайша, Қазақстандағы почта-жинақтау рыногы тек қана қалалық деңгейдегі бэсекелестіктің жоғары деңгейімен сипатталады. Ауылдық жерлерде ¥лттық почта операторы почталық және қаржылық қызметтер рыногының іс жүзіндегі бірден бір қатысушысы болып табылады, бірак почталық инфрақүрылымның және телекоммуникациялық технологиялардың жетілмегендігі оларды сапалы түрде көрсетуге мүмкіншілік бермейді. Жүргізілген талдау көрсеткендей почта-жинақтау қызметтерін сапалы түрде көрсетуде ауыл мен қала арасында алшақтық проблемасы байқалады, оның коммерциялық компаниялардың рыноктың тартымды бөліктерінің басып алуы мен өз қызметін көбінесе ауылдық жерлерде жүзеге асыратын, Үлттық почта операторы үшін бэсекелестіктің тең емес жағдайында мемлекттің реттеуінсіз күшейіп кетуі мүмкін. Осыған байланысты осы Бағдарлама почта-жинақтау рыногында ¥лттық почта операторының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Почта-жинақтау қызметтері дамуының шетелдік тәжірбиесі

 

Рыногтың ырықтандырылуымен, сондай-ақ технологиялық эволюцияның халықаралық деңгейдегі құрылымдық өзгерістеріне байланысты әлемдік және аймақтык шеңбердегі (тиісінше кірістердің де) почта алмасуларының күрт төмендеуі жағдайында почта индустриясын дамытудың жаңа стратегиясын жасап шығару қажеттілігі 2002 — 2004 жылдарға Пекиндік почта стратегиясын бекіткен 1999 жылғы тамыз -қыркүйек айларында өткен Дүниежүзілік Почта ¥йымының XXII Конгресінде жарияланған болатын. Осы стратегияның негізін қалаушы қағида ретінде әр түрлі қызмет түрлерін, бірінші кезекте рыногқа бейімделген, қаржылық қызметтерді енгізу, және почта қызметінің сапасын көтеру қабылданған болатын.

Әр түрлі қызметтерді косу түрлі экономикалық даму деңгейіндегі көптеген елдерде оң нәтижелерге алып келді. ¥лттық заңнамалық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі елдер почталық институттарға қосымша ретінде почталык банктерді күру нұсқасын қалай таңдаса, филиалдық желі негізінде почталық, қаржылық және агенттік қызметтердің тікелей үйлесуін де солай таңдайды.

Осылайша, Францияда көрсетілетін қызметтер аясы почталық қызметтерден басқа, бірқатар банктік қызметтерді, соның ішінде, ипотекалық несиелеу, логистика қызметтері және өзге де қызметтерден тұрады. Германияда — аударым операциялары, есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, несиелеу, лизинг, электрондық коммерция, депозиттер қабылдау, логистика қызметтері. Италиянын почталық саласын осындай жолмен реформалау почта әкімшілігіне 2000 жылдың 1 жартыжылдығында-ақ жедел қызметтердің теріс нәтижесінің анағұрлым (336 -дан 19 млрд. лирге дейін) төмендеуіне алып келді. 7 миллионнан астам адамдардың есепшоттары орналасқан, Нидерландының почта-жинақтау жүйесі елдің барлық төлемдерінің 50 %-дан астамын жүзеге асырады және де аса ірі қаржы қызметтерін көрсетушілердің бірі болып табылады.

Жапонияда почталық, қаржылық және сақтандыру қызметтерінің бір мекеме аясында бірегей үйлесуі іске асырылған. Жапонияның почта-жинақтау жүйесі әлемдегі аса ірі каржы мекемелерінің бірі болып саналады, оның бірден-бір артықшылығы елдің әрбір елді мекенінде болуы. Оның желісі шамамен              150 мыңдай адам жүмыс істейтін, 24 100 почталық бөлімшелерді құрайды. Жапондьщ почта-жинақтау жүйесі елдің депозиттік жинақ рыногының шамамен 20 %-на қызмет көрсетеді. Халықтың депозиттері 253 триллион йеннен аса немесе 2,2 триллион АҚШ долларын құрайды.

Швейцарияның қазіргі заманғы почта қызметінің басым бағыттарына мынадай төрт сектордағы қызметтер жатады: қаржылық, көліктік, почталық жөнелтілімдер және логистика. Қаржылық секторда қызмет нақты қызметтерді қарастыратын банктермен келісім негізінде жүзеге асады. Қазіргі уақытта елдегі төлемдердің 2/3-сі почта арқылы жүзеге асырылады, шоттардың саны шамамен 2,3 млн. бірлікті құрайды. Негізгі қаржылық қызметтер спектріне депозиттер, сактандырудың түрлі үлгілері, ссудалар кіреді. Сонғы кездерде енгізілген қызметтердің бірі ипотекалық несиелеу болып табылады.

Қытай почтасы жазбаша хат-хабарлар, почталық сәлемдемелер мен аударымдар, мерзімдік баспа басылымдарына жазылу, оларды жеткізу және филателия қызметі сияқты дәстүрлі қызметтерді көрсетумен қатар, ЕМS жөнелтілімдерін, басымдылықты почта, электрондық почтаны жеткізуге, почталық жинақтаушы касса қызметін дамытуға, және агенттік қызметтерді көрсетуге кірісті. Қытайдың почта саласын реформалау кезінде почталық жинақтаушы кассасы және почта арқылы төлем қызметі (ақша аударымдары) сияқты банктік қызметтерді дамытуға басты назар аударылады.

2000 жылы почтаны реформалаудың әлемдік беталысы Қазақстан Республикасына жетті. Қазақстан советтік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі тиімділігі шетелдік тәжірибемен және отандық почта операторының қол жеткізген нәтижелерімен расталатын почта-жинақтау моделінің негізін қабылдаған бірінші ел болды.

ТМД және Балтық елдері осы жолмен почта саласын дамытуды бастады.

Шетелдердегі почта саласын реформалау, мемлекеттің қолдауымен, ұлттық операторларды қаржыландыруға жәрдемдесе отырып, жүзеге асырылғандығын айта кеткен жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ¥лттық почта операторының қазіргі жай-күйі

 

2000 жылдан бастап қызметтің әртараптандырылуы соңғы он жыл ішінде қалыптасқан дағдарыстан компанияның шығуына ықпалын тигізді. Осылайша, 2000 жылдан бастап 2003 жылға дейінгі аралықта өндірістік процестердің технологиялык тізбесінің қалпына келуіне және почта желісінің қысқару беталысының тоқтауы мен почта айырбасының төмендеуі тоқтатылды және оның өсу динамикасы белгіленді. Қаржы қызметтерін көрсету қарқынды дамумен сипатталып, қаржылық ағымдарды басқару жүйесін жетілдірумен    бірге    жүрді. Бұл 2003 жылы  2000 жылмен салыстырғанда қаржылық нэтиженің 60 есе — 2,2 млн. теңгеден 131,3 млн. теңгеге артуына, ал жиынтық табыстардың — 1,5 есе өсіп, 5003,1 млн. теңгені құрауына мүмкіндік берді. Бірак, қол жеткізген оң нэтижелер өзекті мәселелердің шешілуін қамтамасыз ете алмайды.

Негізгі қорлардағы ғимараттардың басым бөлігіне және оларды үстауға кететін шығыстың жоғары деңгейінде айқындалатын почта байланысы саласының ерекшелігін ескере отырып, ¥лттық почта операторының таза табысының көлемі қатардан шыққан негізгі құралдарды қалпына келтірудегі қажеттіліктерді ғана жаба алады және де желілік инфрақүрылымның дамуына қаражаттарды шоғырландыруға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты, осы Бағдарлама белгіленген іс-шаралардың жүзеге асырылуы мемлекеттің қатысуынсыз бір он жылдыққа созылып ғана қоймай, нәтижесінде мемлекеттік деңгейдегі өзекті әлеуметтік маңызды жобаларды таратуда, аймақтық желілердің тиімді әрекеттену мүмкіндігі әлсірейді.

Почта-жинақтау жүйесінің жұмыс істеуі мынадай ішкі және сыртқы мәселелермен жанасады:

нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі халықтың төлем қабілетінің төмендеуі почталық алмасудың күрт төмендеуіне және почталық қызметтің шығындылығына алып келді;

тұрғындар саны аз елді мекендерде өмір сүретін ауыл тұрғындарының маңызды үлесі қалалық және ауылдық деңгейдегі байланыс қызметін көрсетудің күрт үзілуіне алып келді;

электробайланыс саласының құрамындағы почта байланысын қаржыландырудың қалдық принципі материалдық-техникалық базаның күрт төмендеуіне алып келді;

қазіргі заманғы технологиялардың дамуы мен балама байланыс құралдарының пайда болуы почта қызметтерін тұтынушылар сұранысының төмендеуіне ықпалын тигізді;

почта байланысының көлікті пайдалануға және аймақтық желілерді ұстауға кететін тауарлық-пайдалану шығындарының жоғары деңгейі аумағының ауқымдылығы, халық тығыздығының төмендігі елдің демографиялык және географиялык ерекшеліктерінің салдары болып табылады;

автомобиль жолдарының қанағаттандырарлықсыз жағдайы автомобиль көлігімен ауданаралық, аудан, қала ішіндегі маршруттарға қызмет көрсету шығысының қымбаттауына алып келді;

жалпы почта саласы бойынша төлем төлеудің төмен деңгейіне және қаражаттың үнемі жетіспеушілігіне байланысты еңбек мотивациясының төмендігі кәсіби персоналдардың жұмыстан кетуіне және жұмыс сапасының төмендеуіне әкелді.

Осы бөлімде шешілуі Қазақстанның почта-жинақтау жүйесінің дамуын қамтамасыз ете алатын бірқатар мәселелер белгіленген. Тарифтік саясат саласында

Почта-жинақтау қызметтері рыногын талдау қалалық жерлерде оның динамикалык дамуымен байланысты қызметтерге баға сұраныс пен ұсыныс арқылы реттелетінін, олардың өзіндік құны деңгейінің мейлінше төмен екендігін көрсетті.

Ауылдық жерлерді басқа жағдай қалыптасуда. Елді мекендердің ара қашықтығының үлкендігі мен ауыл тұрғындарының тығыздығының төмендігінен оларды ұсынудың өзіндік құны анағұрлым жоғары.

Бағаларын мемлекет реттейтін әлеуметтік маңызды қызметтер көрсететін ¥лттық почта операторы оларды ауылдық жерлерде көрсетуден көбінесе шығынға ұшырайды, өйткені қалалық және ауылдық жерлерде көрсетілетін қызметке қызмет көрсетудің өзіндік құнындағы айырмашылыкты есептемейтін орташаландырылған ставкалар бойынша, не нақты өзіндік күнынан төмен белгіленген.

Салыстыру үшін, Ресей Федерациясында зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша баға төлем сомасының 1,5 %-ын құрайды, Өзбекстанда — 1,4 %, Украинада қалаларда — 0,9, аудан орталықтарында және ауылдық жерлерде — 1,8 % , Белоруссияда — қалаларда — 1,2 %, аудан орталықтарында — 2,4 %, ауылдық жерлерде — 2,4 %, Қазақстанда — қалада — 0,4 %, ауылдық жерлерде — 0,84 %.

Бұл факторлар жаңғыртудың жиынтық бағдарламаларын іске асыру мүмкіндігіне және істен шыққан жабдықтың ауыстырылуына кері әсерін тигізеді, қызметкерлердің еңбек мотивациясының төмендеуіне және қызмет көрсету сапасының төмендеуіне әкеп соғады.

Почта қызметінің технологиялық жүзеге асырылуы табиғи монополия субьектісі болып табылатын және тасымалдау бағасы монополияға қарсы ведомствомен реттелетін, темір жол көлігімен почталық жөнелтілімдерді жеткізу үшін үлттық тасымалдаушының қызметін пайдаланумен байланысты. Қалыптасқан практика вагондардың жүріп өтуіне Ұлттық тасымалдаушыньщ тарифтерін арттыру ¥лттық почта операторы үшін монополияға қарсы ведомство белгілейтін почта байланысының баршаға қолжетімді тарифін бір уақытта арттырылуымен қоса жүрмейтінін көрсетті. Осылайша, Ұлттық почта операторының баршаға колжетімді кызметтерін көрсету бойынша шығыстары өтелмейді, бұл оператордың қаржылық жағдайының төмендеуіне әкеліп соқтырады.

¥шақтардың бортына почтаны тиеудің белгіленген кепілдендірілген төмен нормалары нақты көлемдерге сәйкес келмейді. Сонымен қатар, ішкі әуе тасымалдау бағасының жоғарылығыхалыққа почта байланысының баршаға қолжетімді қызметтерін көрсету бойынша Ұлттық почта операторның шығыстарын жаппайды.

Почталық қызметтер аясында қолданыстағы тарифтік саясат проблемасы әрбір қызмет түріне өзіндік құнның нақты деңгейін белгілеуге мүмкіндік беретін шығындардың бөлектеп есепке алуының жоктығымен қиындатылған. Осыған байланысты, Ұлттық почта операторының ақталатын қызметін жүзеге асыру үшін оны осы Бағдарламаның іске асыру шеңберінде жетілдіру қажет.

 

Негізгі қорлар жағдайы саласында

 

Почта-жинақтау қызметтерінің өзіндік ерекшелігі олардың уақыт пен кеңістік ұзақтығы бойынша жоғары деңгейде бөлінетін жүйелі түрде көрсетілуінде:    қызмет   көрсету   оның   адресатқа   тапсырылған    кезінде аяқталады. Осыдан, технологиялық процестерді байланыстырушы буындардың ішінен мынадай компоненттерді бөлуге болады: ғимараттар, көлік, почта, телекоммуникация жабдықтары жә не бүкіл өңірлік желі бойынша бөлінген жә не технологиялық тізбекте кешенді сипатта болатын ақпараттық технологиялар.

Істен шыққан жабдықтарды қалпына келтіру үшін қаржы көздерінің тапшылығы негізгі қүралдардың моральдык жә не табиғи тозуының жоғары деңгейіне алып келді: ғимараттар мен құрылыстар бойынша ол 32 %, автокөлік бойынша 47 % қүрады. Негізгі қорлардың сынды жағдайда болу себептеріне мыналар жатады.

Қазіргі уақытта ғимараттардың жалпы санынан (1260 бірлік) ғимараттар мен құрылыстардың негізгі үлесі 1966 жылдан 1971 жылдар аралығында салынған, олардың 417-і калаларда, 171 аудан ортальщтарында, жә не 243-і ауылдық жерлерде орналасқан. Бұған зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша функцияларды орындау үшін «Қазақстан Халык Банкі» ААҚ таратылған бірқатар аудандық филиалдардың тозығы жеткен ғимараттарын тапсыру себепші болды. Әрбір 20 жыл сайын ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеуден өткізу қаражаттың тапшылығынан жүзеге асырылмай отыр. Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі бос тұрған артық жайлардың болуы ¥лттық почта операторының оларды ұстауға бағытталған шығысгарын ақтамайды.

Ұлттық оператордың автомобиль паркінің 982 бірлігінен 50 %-дан астам көлік қүралдарының пайдалану мерзімі өткен, оны мәжбүрлі пайдалану тек қана почта жөнелтілімдердін тасымалдаумен ғана ақталып қоймай, сондай-ақ бюджеттік ұйымдарға жалақы, халыққа зейнетакы мен жәрдемақы төлеуге арналған ақша қаражатымен де ақталады. Автокөлік жолдарының проблемалық жағдайы, әсіресе ауылдық жерлерде, автокөлік құралдарына жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты шығындардың өсуіне алып келді.

Қолданылып жүрген почта вагондары паркі соңғы 15 жыл ішінде жаңартылмаған, осыған байланысты почта вагондарының маңызды бөлігі ресурстарды өндіру мерзімінің шегіне жеткен: 49 почта вагондарының 18-1 25 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді және 14 почта вагондары шығынға жазуға жатады.

Қазіргі уақытта қалалық және аудандық деңгейдегі бөлімшелер компъютерлік жабдықтармен жарақталған, Ұлттық почта операторының қызметінің негізгі саласы ауылдык жерлерде шоғырланғанын ескере отырып (80 %-дан астам бөлімшелер ауылдық елді мекендерде орналасқан) ауылдық желіні компъютерлендіру және жаңаша бағдарламалық қамтамасыз етуді қондырудың өткір проблемасы алда түр.

Негізгі құралдардың көпшілігінің тозуы жә не техникалык прогрестен анағұрлым артта қалуы қызмет көрсету сапасының төмендеуіне және клиенттердің кетуіне түрткі болды.

Бүгінгі күні тасымалдау жиілігінің үлғаюымен байланысты почталық жөнелтімдердің және ақша төлемдерін жеткізу мерзімінің қысқаруымен, мерзімдік баспа басылымдарын шыққан күні жеткізуді қамтамасыз етумен және басқалармен байланысты проблемалар бар.

 

Қызметтер ұсыну сапасы саласында.

 

Почта-жинақтау қызметтеріндегі қоғамдык қажеттіліктер халықтын барлық бөліктерінің және бизнес-құрылымдардың қызметіне еркін қол жеткізуді қамтамасыз ететін құптауға лайык деңгейдегі ұлттық желі құру жә не колдау қажеттілігін таңдады. Бұл халықтың тығыздығына жә не елді мекендер арасындағы ара қашықтыққа қарай өндірістік нысандарды орналастырудың белгілі бір нормативтерінің болуын, әмбебап қызметтер тізбесін, сондай-ақ оларды көрсету сапасының параметрін анықтауды меңзейді.

Бүгінгі күнге тасымалдауды жиілетумен, почта жөнелтімдері мен ақша төлемдерін жеткізу мерзімдерін қысқартумен, мерзімдік баспа басылымдарын баспадан шыққан күні жеткізуді қамтамасыз етумен байланысты проблемалар бар.

Қазіргі уақытта көптеген облыстардың аудан орталықтарында газеттерді жеткізу тек 2-3 күндері, ал ауылдық елді мекендерде баспадан шыққан кейінгі 3-4 күндері жүргізіледі. Мерзімді баспа басылымдарын жеткізу жиілігі: облыс орталықтарында аптасына 6 рет, аудан орталықтарында — аптасына 3 рет, ауылдық елді мекендерде — аптасына 2 рет. Орталықсыздандырылған баспа пункттері желілерінің дамымай қалуы ауылдағы мерзімдік баспа басылымдарының уақытылы шығу және жеткізу проблемасын тереңдете түседі.

Ауылдық жерлерге тасымалданатын ақша қаражаттарының көлемінің өсуі олардың қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету проблемасын күшейтеді. Сонымен қатар, ауылдық елді мекендерді телефондандыру деңгейінің төмендігі ақпаратты таратудың автоматтандырылған процестерін енгізуді қиындатады.

Почта қызметтері сапасының төмендеуіне көп қабатты тұрғын үйлердің кіре берістеріне орналастырылған, көпшілігі жарамсыз жағдайға «Шыраған абоненттік почта жәшіктерінің ағымдағы жай — күйі де септігін тигізді. Бұрын абоненттік жәшіктер үйді басқару, тұрғын үй пайдалану кеңселерінің(ТҮПК) балансында болатын, оларға техникалық қызмет көрсеткенде, жөндеу, сырлау және ауыстыру жұмыстарын жүргізген кезде почта байланысы органдарының жүмысына ақы төленетін. ТҮПК құлдырауымен почталық абоненттік жәшіктерді орналастыру, пайдалану жә не үстау мэселелері қолданыстағы заңнамада көрініс таппады. Осыған байланысты абоненттік почта жә шіктерін орналастыруда және қызмет көрсетуде жеке меншік қүқығытуралы нормаларды енгізуге қатысты «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажет.

¥лттық почта операторының бөлімшелерінде көрсетілетін, почталық қызметтерді қоса, сондай-ақ жаңа қаржы қызметтері шеңберінің ұлғаюын ескере отырып, компьютерлік сауаты бар және басқару мен деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйелерімен жұмыс істеу дағдысы бар мамандапдырылған персоналды тарту қажеттілігі туындап отыр. Бірақ, ¥лттық почта операторының білікті және кәсіби дайындығы бар қызметкерлерді тарту үшін бәсекеге қабілетті төлем деңгейін қалыптастыратын қаржы мүмкіндігі жоқ. Сондай-ақ ауылдық жерлердегі

 

оператор қызметінің тиімсіздігі қызметкерлердің еңбегін төлеу деңгейінің төмендігіне ықпалын тигізеді және почта байланысы қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуының әрі қарай төмендеуіне әкеліп соғады. Мамандықтың беделін көтеру және қызметкерлерді бекіту үшін почта байланысы қызметкерлерінің жалақы деңгейін көтеруге мүмкіндік беретін, қолайлы экономикалық жагдайлар құру қажет.

Сонымен қатар елдің жоғарғы оқу орындарында мамандарды дайындау проблемасы шешілмей отыр. Қазақстан Республикасының мемлекеттік және жеке білім берудің казіргі жүйесінде почта саласындағы мамандарды дайындау қарастырылмаған.

Осылайша, құқықтық қамтамасыз етудің жетілмегендігі, әсіресе ауылдық жерлерде почталық инфракұрылымның дамымағандығы, еңбектің төмен мотивациясы почта-жинақтау қызметтерін көрсету сапасына кері әсерін тигізеді және қала мен ауыл арасындағы олардың қол жетімділігінің ажырауын қиындатады.

 

Күшті және әлсіз жақтарын бағалау

 

Почта -жинақтау жүйесінің әлсіз жақтарына мыналар жатады: қалалық деңгейдегі бәсекеге қабілетсіздік жә не ауылдық деңгейдегі жоғары шығын әкелетін қызмет; негізгі құралдардың тозуының жоғары денгейі және жетілдіру үшін қаржы көздерінің жоқтығы материалдық ресурстарды ұстауға кететін шығынның жоғары деңгейі материалдық-техникалық базаның жетілдірілуі мен дамуы үшін негіз қалыптастыруға және жаңа гехнологияларды енгізуге мүмкіндік бермейді; еңбекақы төлеу деңгейінің төмендігі кәсіби мамандардың кетуіне, нәтижесінде көрсетілетін қызметтер сапасының төмендеуіне алып келеді.

Күшті жақтарына мыналарды жатқызуға болады. Бірінші кезекте, бұл халықтың қызметке қол жетімділігін қамтамасыз ететін, іс жүзінде елдің барлық аумағын қамтитын аймақтық желінің бар болуы. Екіншіден, шұғыл депозиттерге орналастырылған халықтың салымдарының бүтіндігін кепілдендіру механизмі мен Ұлттық почта операторының мемлекеттік институт ретіндегі мәртебесі почта-жинақтау қызметі рыногында оның қызметіне деген сенімді арттырады. Үшіншіден, салынған үш деңгейлік басқару жүйесі ¥лттық почта операторының барлық құрайтын буындарының қызметін оңтайландыруға және жетілдіруге үлесін қосады.

 

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

Бағдарламаның мақсаты халыққа және экономиканың нақты секторына халықаралық стандарттар деңгейінде көрсетілетін почта-жинақтау жүйесінің қызметтеріне еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.  

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

почта-жинактау жүйесін жаңғырту және қазіргі заманғы технологияларды енгізу үшін экономикалық жағдай жасау;

почта-жинақтау жүйесінің өңірлік инфрақұрылымының техникалық жағынан жайластырылу деңгейін әсіресе селолық жерлерде күшейту;

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Стат.бюллетень Мин.финансов РК 10 (58) — октябрь 2003г.
  2. Егемен Қазақстан 2002 21 қыркүйек (Дамытуға не кедергі)
  3. Егемен Қазақстан 2002 желтоқсан (Мораторий)
  4. Ақиқат 2003 №6
  5. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің

         Актілер жинағы2002 №46

  1. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің

         Актілер жинағы2002   №27

  1. Қаржы қаражат 1998 №12
  2. ҚазМҰҮ «Кәсіпкерлік    —    ерекше    экономикалық     

         құбылыс» Е.Б. Жатқанбаева    Алматы 1994

  1. «Экономиканы дамыту — кәсіпкерлер қолында» Ілдебаев Т.

         Астана ақшамы 2003  1 қараша

  1. Кәсіпорын экоиомикасы Жолдасбаева
  2. Экономика предприятия
  3. Президенттің Қазақстан  халқына  Жолдауы     Егемен 

         Қазақстан 2004ж 19 наурыз

  1. «Қазпочта» акционерлік   қоғамының   жылдық   қаржылық  

         есебі (2001-2002ж.ж.)