Кіріспе
Мен, Биширова Надиям өндірістік кәсіптік тәжірибемді «Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында өткіздім. Өндірістік тәжірибе мерзімі 05.04.10ж.-дан 05.06.10ж. аралығында болды.
Мен, өндірістік тәжірибені өту барысында осы «Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының атқаратын қызметтерімен, орындайтын міндеттерімен толығымен таныстым. Тәжірибе барысында кәсіпорындағы бухгалтерия бөлімшесінде болдым. Кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде болып, ондағы қаржылық жұмыстардың орындалуын көріп, өз білімімді жетілдіріп, оқып үйрендім.
«Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық мекемесі шаруашылық есеппен жұмыс істейді. Яғни, ол атқарған міндеттері мен орындаған жұмыстарының нәтижесінде өзін-өзі қаржыландырады. Мен, кәсіпорын өз жұмысын үздіксіз атқаруы үшін қандай жағдайлар орнату керек екендігін білдім. Кәсіпорындағы қызметкерлердің орындайтын міндеттерімен толығымен таныстым. Тәжірибе барысында, мен, кәсіпорында қаржылық жұмыстарды ұйымдастыру негіздерін оқып үйрендім.
Ондағы жарғы капиталымен, мекемедегі инвестициялық қызметпен, ұйымның айналым құралдарымен таныстым. Тәжірибе барысында Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қаржы жоспарымен танысып, алдағы кезеңге жоспар құруды үйрендім. Кәсіпорынның табысы мен рентабельділігіне талдау жасап, мекеменің банкрот болмауы үшін қандай іс-шаралар қолдану екендігін білдім.
«Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына мемлекет тарапынан 20% субсидия бөлініп тұрады. Сондықтан да бұл мекеме мемлекеттік болып табылады. Кәсіпорын басқа мекемелер сияқты бюджетке төленетін міндетті төлемдерді өз уақытында төлеп отырады. Мен, «Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бюджетке төлемдерімен таныстым. Мекемедегі қызметкерлердің жалақысынан әр айда ұсталынатын салықтарды қалайша есептеуге болатынын есептеп көрдім.
«Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық мекемесінің негізгі қызметі шаруашылық қожалықтарына су жеткізу болып табылады. Мен, осы өндірістік тәжірибе барысында шаруашылық қожалықтарын қалайша сумен қамтамасыз ететіндігін білдім. Оларға әрбір берілген су көлеміне байланысты төлейтін ақшасын қалай есептеуге болатынын үйрендім.
«Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық мекемесінің аудандағы тұрғындар үшін маңызы зор. Себебі, мекеме суды қолдануды тәртіпке салып, оны шаруашылық иелеріне жеткізіп отырады.
Бірақ, бүгінгі күнде «Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық мекемесінің техникалық жағдайы жақсы емес деп айтуға болады. Өйткені, кейбір су құбырлары күрделі техникалық жөндеуді талап етеді.
Мен, өндірістік тәжірибе барысында кәсіпорынның қаржы жағдайына талдау жасап,өз қорытынымды шығардым. Кәсіпорынның бухгалтерлік балансын оқып үйрендім. Кәсіпорынның табыстары мен залалдары туралы есеп (форма 2), ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеппен (форма 3) танысып, оның қаржы жағдайына баға бердім. Менің ойымша сол деректерге сүйенетін болсақ «Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қаржы жағдайы жақсы деп айтуға болады. Өндірістік кәсіптік тәжірибе барысында,мен,«Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ұйымдастыру-құқықтық түрлерінде қаржы ерекшеліктерін білдім. Кәсіпорының 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында тапсыратын қаржылық қорытынды есебін көріп, ондағы деректермен таныстым. Бұл өндірістік кәсіптік тәжірибе менің білімімді жетілдіріп, болашақта жақсы маман иесі болуыма өз септігін тигізді деп ойлаймын.
Өндірістік тәжірибені өту барысында менің мақсатым- кәсіпорынның негізгі қызметімен және кәсіпорында қаржылық жұмыстарды ұйымдастыру негіздерімен танысып, оның қаржылық жағдайын талдауды үйрену болды.
Ал, менің міндетім- кәсіпорынның оперативтік қаржылық жағдайымен толығымен танысып, қаржылық есептегі маңызды толтыратын құжаттарымен танысып,үйрену, кәсіптік тәжірибе туралы есепті толтыру болды. Мен бұл жұмыстарды атқарып, тәжірибе кезінде барлық маңызды есептемені үйрендім.
Кәсіпорында қаржылық жұмыстарды ұйымдастыру негіздері.
Кәсіпорын-экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады.
Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және қызметкерлер мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз өндірістік-техникалық, ұйымдастыру — әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әр түрлі қызметтерді көрсету арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.
Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты- бәсекелесуге қабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу негізінде сұранысқа ие және бәсекелесуге қабілеті бар өнім шығару.
Кәсіпорынның функциялары мыналар:
- өндірісте және жекелей тұтынылатын өнім шығару;
- тұтынушыға өнімді жеткізу және сату;
- өнімді сатып болғаннан кейін қызметті жалғастыру;
- кәсіпорындағы өндірісті материалдық-техникалық жабдықтау;
- кәсіпорындағы өндіріс көлемін жан-жақты дамытып, ұлғайту;
- кәсіпкерлік;
- салықтарды төлеу, мемлекеттік бюджеттің және басқа да қаржы ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін өтеу;
- мемлекеттік заңдарды, нормативтер мен стандарттарды орындау.
Қазіргі заманғы өндірістің басты мазмұны- өндірісті автоматтандыру арқылы ғылыми-техникалық өзгерістер жағдайында даму.
Әрбір мекеме өзінің қызметкерлерінің және отбасы мүшелерінің қажеттерін қанағаттандыруға арналған өндірістік бөлімшелерден, басқару, ұйымдастыру органдарынан тұрады.
Өндіріс бөлімшелері, кәсіпорынды басқару және қызметкерлерге қызмет көрсету ұйымдарының кешені, олардың саны, өзара байланыс шамасы және орналасқан ауданы, жұмыскерлер саны және өдіріп шығару қабілеті бойынша өзара қатынастары кәсіпорынның (бірлестіктің) жалпы құрылымын құрайды.
Кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері – цехтар, телімдер, қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен қызметтер, олардың арасындағы өзара байланыстардың барлығы оның өндірістік құрылымын құрайды. Ол еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шығындарын, берілген материалдық өндірістің техника-экономикалық және экономика-географиялық деректері негізінде техника мен табиғи байлықтарды пайдалану тиімділігін анықтайды.
Мен, өндірістік кәсіптік тәжірибемді «Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында өткендіктен, осы мекеменің тарихи анықтамаларының дамуына тоқталып өтейін.
«Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 1935 жылдан бастап өз жұмысын атқарып келеді. Осы жылдар аралығында кәсіпорын бірнеше рет өз атауын өзгерткен. Біздің ауданда көлемі жағынан үлкен өзендердің бірі- Шарын өзені және 20 кіші өзендер мен 11 су құбырлары бар.
«Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының балансында 2 магистральдық су жүретін каналдар бар;
Төменгі Шонжы каналы, ұзындығы 16,8 км, суармалы жері 3881 га, К.Исламов атындағы канал ұзындығы 27,4 км, суармалы жер көлемі 4513га.
Осы мекеме күшімен 152 шаруашылық құрылымдары, 1 өндірістік кооператив , 2 ЖШС сумен қамтамасыз етіледі.
Су шаруашылығы мекемесінде біздің ауданда білікті мамандар жұмыс істейді. Олар су шаруашылығының дамуына өз үлестерін қосып, су ресурстарын тиімді пайдаланудың жолын табуды көрсеткен. Су шаруашылығының дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалардың бірі- Абрамов Владимир Петровичті атап өтуге болады.
«Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының лауазымды тұлғаларының міндеттері мен қызметтеріне тоқталып өтейін. Соның ішінде кәсіпорынның директорының атқаратын қызметтері мен орындайтын міндеттерін айтуға болады. Бас директор кәсіпорынның лауазымды тұлғасы болып табылады, өзінің өкілетті шегінде сенімхатсыз кәсіпорынның атынан әрекет ете береді, шарт жасасады, оның ішінде еңбек шарттары, сенімхаттар береді, банктен есеп шот ашады, орындалуы міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады. Сонымен қатар кәсіпорынның бас директоры:
- мекемедегі штаттық кестені бекіте алады;
- кәсіпорынның жалдаған қызметкерлерін жалға алу, оларды шығару және басқа жұмысқа ауыстыру құқығын иеленеді;
- кәсіпорынның қызметі туралы жылдық есеп береді;
- қаржы және статистикалық есепті ұйымдастырады;
- заңды және жеке тұлғаларға кәсіпорын атынан шағым жасау туралы шешім қабылдайды және шағымды қанағаттандыруды талап етеді.
- материалдық,еңбек,қаржы ресурстарын тиімді және үнемді пайдалануға бақылау жасайды;
- кәсіпорынның қызметкерлеріне жұмыс жасау үшін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның басшысы мынаны білу керек:
- Заң акті, нормативтік және әдістемелік заң акті, әдістемелік материалдарды жоспарлау бойынша, кәсіпорынның қаржы және экономикалық қызметтерін, федералды, аймақтық және жергілікті органдардың қаулыларын дамытуды анықтайтын басым бағыттар экономика және тиісті салаларды;
- Нормативтік және әдістемелік заң акті материалдарды жоспарлау бойынша, кәсіпорын қызметіне байланысты;
- Мамандандыруды профиль және кәсіпорынның құрылымының ерекшелігі;
- Саланың техникалық – экономикалық және әлеуметтік дамытуы және кәсіпорынның перспективалары;
- өндіріс қуаты жән кәсіпорынның кадрлық қорлары;
- кәсіпорынның өнімінің өндіріс технологиялары;
- салық және экологиядағы заңдарды;
- кәсіпорынның жоспар өндірістік шаруашылық қаржылық экономикалық индикаторларының жүйесін және өткізудің жаңа нарықтарына шығуға программаларды өңдеуді анықтайды;
- шаруашылық және қаржы келісімшарттарының орындалуын;
- нарықтық конъюктураларын;
- ғылыми техникалық табыстар және өндірістің тиісті саласындағы алдынғы тәжірибесі;
- экономикамен және кәсіпорынның қаражаттарымен басқару;
- өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруға;
- еңбектік заң;
- еңбекті қорғау ереже және нормативтерін.
Кәсіпорынның директоры болмаған жағдайда оның барлық қызметін оның орынбасары орындайды.
Құқығы:
Бас директор мынадай құқыққа ие:
- кәсіпорынның атымен жұмыс істеуге сенімхаттарынсыз;
- талаптарының орындалуы бар заң нақтылы кәсіпорынның құралдарымен дуние мүлкімен иелік ету, кәсіпорынның басқа нормативтік құқықтық акттеріме, жарғымен;
- келісімшарттарды Трудовоелерді тұжырымдау;
- өкілдіктің азаматтық заңға сүйенген мәмілелерінің іске асыруына сенімхатты беру, т.б.
Кәсіпорындағы әрбір қызметкердің өз алдына жүктелген міндеттері болады. Барлық қызметкерлер кәсіпорынның ішкі ережелеріне бағынуы тиіс және міндетті болып табылады. Мысалы, кәсіпорынның қаржылық директоры:
- өндірістік инвестициялық инновациялық саясатпен байланысты кәсіпорынның қаржылық саясат жобасын жасайды және оны кәсіпорын дирекциясына акционерлер жиналысына мақұлдауға ұсынады;
- ұйымның қаржыны басқару принциптерін және ережелерін дайындайды;
- қаржылық жоспарлауға ортақ басқаруды қалыптастырады;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайына мониторинг жасайды, қорытынды есеп беруді құрастырады;
- кәсіпорынның қаржылық қызметіне енетін бөлім қызметіне бақылау жасайды.
- кәсіпорынның қаржылық стратегиясы бойынша ұсыныс дайындайды.
- Алдағы кезеңде кәсіпорынның қажылық қызметіне жоспар жасайды
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау мен методикасын дайындайды.
Жарғы капиталы. Оперативті қаржылық жұмыс.
Жарғылық капитал-кәсіпорын мүлкінің оның кредиторларының мүддесіне кепілдік беретін барынша аз мөлшері. Жарғылық капитал- негізгі құрал – жабдықтың, басқа мүліктің, материалдық емес активтің, сондай-ақ кәсіпорынға оның құрылтайшылары мен қатысушылары (зааңды және жеке тұлғалар) құрылтай құжатта белгіленген үлеске үйлесімді салған, сондай-ақ ақшамен бағаланатын мүліктік құқықтардың жиынтығы.
Жарғылық капитал – кәсіпорын жарғысында белгіленген капиталдыңбастапқы сомасы. «Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жарғысында көрсетілген ақша сомасы 33000 теңгені құрайды.Жарғылық капиталға бағытталатын қаражаттың сомасы жаңадан құрылған кәсіпорынның қызметін бастауды қамтамасыз етуі тиіс.
Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеу кезінде қатысушылардың салымының сомасына немесе акцияға жазылыс сомасына тең оның жарғылық капиталы құрылтай құжатта тіркеледі.
Егер қатысушылары бұрынғы өтініштегі оның мөлшерін толықтай төлемесе, онда жарғылық капиталды ұлғайту жөніндегі шешімге наразылық білдіруі мүмкін.
Жарғылық капиталға салынатын салымды төлеуге ақшалай қаражат, материалдық емес актив, сондай-ақ интеллектуалдық меншік нәтижесіне берілген құқық, «ноухау», негізгі құрал жабдық және басқа да актив қабылдануы мүскін.
Жарғылық капитал сатылған акцияның атаулы құны бойынша бағаланады. Сатылған акция құнының оның атаулы құнынан асуы жеке ескеріледі және акция атаулы құннан сатылғанда пайда болатын айырманы өтеу үшін пайдаланады. Осы қаражат «Қосымша төленген капитал» деген 5400-шотта ескеріледі.
Республика заңнамасында жарғылық капиталдың мөлшері шектелген (мөлшері заңнамада берілген есептік көрсеткіштің санымен). Бүгінгі күні қоғамның жарғылық капиталының барынша аз мөлшері АЕК-тің 50000-есе мөлшерін құрайды.
Жарғылық капиталтың абсолюттік мөлшері мен пассив баланстың жалпы қорытындысындағы оның үлесі кәсіпорынның тұрақты қарды жай-күйінің ең маңызды көрсеткіші болып табылады.
Қоғам жарғылық капиталдың азайғаны жөнінде өзінің кредиторларына 30 күндік мерзімде хабарлауы тиіс. Кредиторлар жарғылық капиталдың азайғаны жөнінде өздеріне хабарлама жолданған күнінен бастап 30 күннен кешіктірмей оның міндеттемелерді мерзімінен бұрын орыдауды тоқтатуды және осыған байланысты залалды,мысалы, облигациялық қарызды өтеуді талап етуі құқылы. Қоғм жарғысына жарғылық капиталды төмендетумен байланысты енгізілетін өзгеріс кредиторларға хабарланғанын растайтын дәлел (қоғамның жарғылық капиталын төмендету жөніндегі жазбаша хабарлама) болса мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Жарғылық капитал атаулы құнды төмендету немесе жалпы акциялар санын қысқарту, оның ішінде қоғам басшылығының оның бөлігін сатып алып, кейін өтеу (егер осы тәртіптеме қоғам жарғысында қарастырылса) арқылы азайтыдуы мүмкін.
Егер осы тәртіптеме нәтижесінде жарғылық капиталдың мөлшері оның заңнамада белгіленген барынша аз мөлшерінен кем болтын болса, онда қоғам жарғылық капиталды азайтуға құқысыз. Жарғылық капиталды төмендету жөніндегі шешімді акционерлердің жиналысы қабылдайды.
Барлық кәсіпорындарда капиталдан бөлек өзінің кірісі пайдасы болады. Кәсіпорынның пайдасын бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады. Соның ішінде біз, таза кіріске тоқталып өтейік.
Таза пайда (кіріс) – бұл салық аслынғаннан кейінгі пайда, ол ұйымның (кәсіпорынның) одан әрі өсу көзі және кәсіпорынның меншік иесі (кәсіпкер) кіріс алатын көзі.
Мемлекет ұйымның (кәсіпорынның) таза кірісті бөлуін және пайдалануын (акционерлер, жарнашылар, қатысушылар) шешімі бойынша бөледі. Жыл басында менеджерді ұсынысы бойынша меншік иелері болжамды жылы, тоқсанда пайданы бөлу сметасын бекітеді. Қолданыстағы заңнама бойынша кейбір салықтар мен жиындар (мысалы, үстеме пайдаға салынатын салық) кәсіпорын иелігінде қалатын таза пайдадан төленетінін ескерген жөн.
Кәсіпорында қалатын таза пайда екі бөлікке: жыл бойы оның жарғысында көзделен мақсатқа бөлінетінге және бөлінбейтін бөлікке бөлінеді. Соңғы бөлік жыл (тоқсан) соңында бөлінбеген пайданың болжанатын қалдығының мөлшерін көрсетеді. Меншік иелерінің шешімі бойынша кәсіпорын иелігінде қалатын бүкіл пайданың бөлінуін болжауға болады.
Кәсіпорын дивидент төлеп, резервтік қор құрғаннан кейін иелігінде қалатын жоспарлы пайданың бөлу үйлесімі кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық міндетінде анықталады. Аталмыш міндетке кәсіпорынның келешегі (өндірісті дамытуға немесе тұқыртуға жұмылдыруға байланысты пайданы инвестицияға және тұтынуға бөлген кездегі үйлесім), жаңа инвесторды (бұл үшін алдағы жылы дивидент төлеуді арттыру орынды) және жалдамалы қызметкерлерді (пайданы әлеуметтік іс-шараларға, әлеуметтік сала қаражатының қорына, балалар мекемелерін ұстауға және т.б.) тарту қажеттілігі жатады.
Пайданы жыл бойы пайдалану бағыттары нақты кәсіпорынның жарғысында қарастырылған, ал олардың әрқайсысынан түсетін пайдадан аударылатын аударымның сомасын кәсіпорынның меншік иелері жыл сайын белгілейді.
Жыл бойы нақты пайда бекітілген сметаға сәйкес пайдаланылады. Жоспарлы шығысты қоспағанда, кәсіпорын иелігінде қалатын пайданың есебінен бюджеттен тыс қорларға кейбір төлем, өкілдік шығыс, сондай-ақ салық заңнамасын бұзғаны үшін белгіленетін айыппұл санкциясы және т.б. төленеді.
Жыл басында кәсіпорынның кірісі мен шығысы, сондай-ақ есепті жылы пайданы пайдалану есебі жасаладысондай-ақ бөлінбеген пайданың сомасы анықталады.
Инвестициялық қызмет. Негізгі қаражаттар және басқа да айналымнан тыс активтер.
Инвестиция- салыстырмалы түрде алғанда біздің экономикамыз үшін жаңа термин. Отандық экономикалық әдебиеттерде инвестиция ұғымы күрделі қаржыларды жұмсау синонимі ретінде қолданылып келеді. Бұл ұғым арқылы негізгі қорлардың жай және дамыған ұдайы өндірісіне бағытталған барлық материалдық, еңбек, қаржылық шығынның ресурстарымен түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» заңына сәйкес инвестициялар — бұл ақша қаражаттары, арнаулы банктік ақша қаржылары,жарна, акция және басқа да құнды қағаздар; технологиялар, машиналар, құрал-жабдықтар; лицензиялар, соның ішінде, тауарлық белгіге беретін; кез келген мүлік немесе мүліктік құқық, кәсіпкерлік немесе өзге де іс-әрекет түрлерінен табыс табу және әлеуметтік оң нәтижеге қол жеткізу мақсатына жұмсалатын зияткерлік құндылық. Нарықтық экономикада ең кең тараған және жалпылама ұғым бойынша инвестиция- бұл табыс табу немесе басқа да бір нәтиже алу мақсатында кез келген түрдегі қаржы жұмсау үдерісі.
Экономикалық пікір сайыстарында «таза инвестиция жасау» немесе «капитал түзу» деп аталатын, нақта капиталдың таза өсімін білдіретін (ғимараттар, жабдық, материалдық-өндіріс қорлар және т.б.) ұғым біздің күнделікті өмірде қолданатын «инвестиция» сөзінің мағынасымен сәйкес келе бермейді. Күнделікті тұрмыста «инвестиция жасау» деп жер бөлігін сатып алғанда, айналымдағы құнды қағаздарды немес кел келген өзге меншік атағын сатып алған кездерде жиі айтылады.
Келтірілген түсініктер жоспарлы және нарықтық жүйедегі инвестиция мәнін анықтаудың ерекшеліктерін көрсетіп отыр. Күрделі қаржы жұмсауға (инвестицияға) жоспарлы экономика берген анықтама инвестиция аумағын тарылтып отыр, оны тек қорларды көбейтуге және жетілдіруге қаржы жұмсау деген ұғыммен шектейді. Ресурстарды әкімшілік үлестіру жағдайында инвестицияның қаржылық және басқа да түрлерінің болуын отандық экономика ғылымы қарастырмады. Қазіргі уақытта, біздің еліміздің экономикасында екі термин де қолданылады. «күрделі қаржы жұмсау» термині негізінен негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне бағытталған инвестициялар түрін білдіреді.
Нарықтық экономикада инвестиция ұғымында инвестициялық іс — әрекеттің екі жағы ұштасады: ресурстар шығыны және нәтиже. Инвестициялар нәтиже алу мақсатымен жүзеге асырылады, егер ол мұндай нәтиже бермейтін болса, онда ол керексіз болып табылады.
Сонымен қатар инвестициялардың өзіне тән ортақ сипаттарын айтып өтуге болады: олар, әдетте, ұзақ мерзімді сипатқа ие (бұл- нақты инвестицияларға қатысты; қысқа мерзімді инвестициялар қаржы шеңберінде өте тиімді құнды қағаздар арқылы жүзеге асырылады); инвестициялық іс-әрекет және қабылданған инвестиция жасау шешімдері кәсіпкерлік қызметтің барлық тараптарына және аймақтағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға кешенді түрде ықпал етеді.
Сол себепті қабылданатын инвестициялық шешімдер техникалық, ақпараттық және ұйымдастыру жағынан негізделген болуы керек. «Инвестиция ұғымын түсіну» деген сөздің мәні осында.
Батыс экономика ғылымы инвестициялар теориясын микро және макроэкономикалық тұрғыдан қарағанда ғылымдардың негізі деп қарастырады. Макроэкономикалық тұрғыдан алғанда, инвестициялар теориясында кәсіпкерлерге оңтайлы инвестициялық саясат құрудың ғылыми негізделген нақты әдістерін ұсына отырып, кәсіпорын деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдау үдерісі инвестициялық теориясының негізі болып табылады. Макроэкономикалық тұрғыдан (теорияның негізін қалаушы Д. Кейнс) инвестиция проблеасы мемлекеттің инвестициялық, табыстар мен жұмыспен қамту саясаты тұрғысынан қаралады.
Кез келген кәсіпорында инвестициялар мен қатар айналымда негізгі қаражаттар мен айналымнан тыс активтері болады. Бұл қаражаттар кәсіпорынға белгілі бір табыс алып келеді.
Негізгі өндірістік қаражаттар елдің экономикалық әлеуетінің маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады. Сол себепті олардың өндіріске тигізер ықпалын, олардың барынша тиімді пайдалануды зерттеу үлкен қызығушылық тұғызады.
Мақсатына қарай материалдық активтер есепте негізгі капитал, тауарлық- материалдық қорлар және қаржылық инвестициялар түрінде көрсетіледі.
Негізгі қаражаттар қоғамның материалдық-техникалық негізінің едәуір маңызды бөлігін құрайды. Оның қаншалықты тиімді пайдалануына, қайтарымы қандай болатынына байланысты оған тұтынылатын еңбек өнімділігінің өсімі, ұлттық табыс өсімі байланысты болады.
Халық шаруашылығын үнемі дамыту және жетілдіру жағдайында негізгі қаражаттар құнының өсуімен бірге жаңа еңбек құралдары пайда болуда. Оның барлығы негізгі қаражаттарды дұрыс саралауды қажет етеді. Мұндай саралау кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекетін, өндірісті есепке алу, негізгі қордың ұдайы өндірісін пайдалану мен жоспарлауды, амортизация мөлшерін санағанда керек болады.
Кәсіпкерліктің басты мақсаты- пайда табудың қажетті шартын жүзеге асыру, яғни инвестиция, өндіру, сату және тұтынудың барлықсатыларын қамтитын капиталды қайта жаңғыртуды жоспарлау болып табылады. Кәсіпорын өз жұмысын атқарып, белгілі бір табыс табыс табуды көздейді. Сол себептен кез келген кәсіпорын алдағы кезеңде өз жұмысын дұрыс атқаруы үшін жоспар құрады. Кәсіпкерлікте ағымдағы белгілі бір кезеңге өз жұмысын жоспарлауды- бизнес жоспар құру деп айтуға болады.
Бизнес жоспар ағылшын тілінен аударғанда «кәсіпкерлік іс-әрекет жоспары» деп аударылады. Бизнес жоспардың екі қағидалы бағыты бар: 1) ішкі — кәсіпорынның кәсіпкерлік іс-әрекетін өзіндік бағалау және жүзеге асыру кезеңдеріне бөлінген жобалық ұсыныстардың бағдарламаларын дайындау; 2) сыртқы – қызыққан кәсіпорындар мен ұйымдар, мемлекеттік және жергілікті ұйымдарға, сыртқы инвесторларға ұйымдық- техникалық, қаржылық-экономикалық және басқа да артықшылықтары жөнінде ақпараттар жатады.
Жоспарлау тәжірибесінің мақсатына қарай бизнес жоспарлардың бірнеше түрлері белгілі: өндірістік бизнес жоспар немесе кәсіпорынды дамыту бизнес жоспары; инвестициялық бизнес-жоспар, жаңа кәсіпорынды, жаңа тауар мен қызметтерді құрудың бизнес-жоспары; несие алу үшін бизнес-жоспар және т.б.
Бизнес- жоспардың құрылымы, көлемі мен құрамы кәсіпорынның мақсаттарымен, іс-әрекет түрлерімен, өлшемдерімен анықталады. Сонымен қатар бизнес-жоспарды әзірлеудің ішкі логикасы мен жалпыға танымал қағидалары болуға тиіс. Бизнес жоспар мәтіні 25 парақтан аспауы қажет және кеелесі бөлімдерден тұрады:
- Түйіндеме.
- Кәсіпорын мен оның өнімінің жалпы сипаттамасы.
- Маркетинг жоспары.
- Өндіріс жоспары.
- Ұйымдық жоспар.
- Қаржылық жоспар.
- Тәуекелдікті бағалау және сақтандыру.
Осы көрсеткіштерді есептеп отырып, кәсіпорынның болашақта қандай да бір табыстарға қол жеткізуі үшін бизнес-жоспар құрылады.болжам көбінесе алғашқы үш жылға және келесі кезеңдерге жасалады.
Жоспарлау- бұл белгілі бір болашаққа кәсіпорын мақсатын таңдау және негіздеу үдерісі, оған жету үшін сәйкес технологияны әзірлеу, шешімдер мен негізгі бағыттарды таңдау және негіздеу қажет. Қазіргі нарықтық экономика орталықтандырылған басқару жүйесі кезінде отандық экономикаға қарағанда, неғұрлым жоспарлы болып табылады.
Нарықтық жағдай кәсіпорындағы жоспарлаудың белгілі бір мақсатты бағыты мен сипаты болуын талап етеді. Дер кезінде кәсіпорынға ықпал ететін сыртқы факторларын (бәсекелестердің, өткізу нарығының, тұтынушылардың және т.б.) ескеру, алдағы ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, экологиялық, саяси және басқа да өзгерістердің ықпалын анықтауға ұмтылу керек. Жоспарлау болашақты және ағымдағы жоспарлаудың өзара байланысты жиынтығы түрінде жүзеге асады.
Кәсіпорын алдағы кезеңге жоспар құрудың алдында, әрине ондағы таза табысты есептейді. Кез келген кәсіпорын рентабельділік, таза табыс, толтыру мерзімдері сияқты көрсеткіштерін, инвестияның тиімділігін есептеу қажет. Осы көрсеткіштердің барлығын есептеп отырып, кәсіпорын болашаққа жоспар құрады. Меншіктің түріне, қызметтің көлеміне және оның бағытына қарамай әрбір кәсіпорын жоспарлаумен айналыса алады. Жоспарлаудың басты бағыттарының бірі- кәсіпорынның төлемге қабілеттілігін сақтау. Жоспардың шығыс және табыс қалдығы бюджетке енгізіледі. Кәсіпорынның қызметін жоспарлау үшін алғашқы мәліметтер нарық көрсеткіштері болып табылады.
Айналым қаражаттары. Айналым қаражаттарында қажеттіліктерді анықтау.
Үздіксіз өндірістік үдерісті қамтамасыз ету үшін негізгі өндірістік қорлармен қатар лған еңбек заттары мен материалдық ресурстар қажет. Еңбек заттары еңбек құралдарымен бірге өндіріс үдерісіне қатысып, олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін жасап, өнімнің өзіндік құнын құрайды. өндірістік айналым капиталдың заттық элементтерінің айналымдылығымен, еңбек үдерісімен және негізгі өндірістік қорлармен тығыз байланыста болады.
Кәсіпорынның айналым қаражаттары мен айналым капиталы түсінігін, оның мәнін, қызметі мен құрамын қарастырайық. Бұл түсініктер барабар ұғымдар екенін естен шығармау керек. Айналым қаражаттары- бұл өндірістік үдерістің міндетті, ал өнімнің өзіндік құнының негізгі бөлігі (элементі). Оның негізгі өндірістік қорлардан ерекшелігі- айналым қорлары әрбір өндірістік циклде толығымен тұтынылып, өзінің құнын өндірілген өнімге толығымен өткізеді.
Айналым қаражаттары өндірісте пайдалануға немесе белгілі бір жұмыс пен қызметті орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай өңделген өнімдер, құрастырушы өнімдер, отын, ыдыс , ыдысқа арналған материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар аяқталмаған өндіріс түрінде болады. өнім бірлігіне жұмсалатын шикізат, матеиалдар, отын мен энергия шығыны неғұрлым аз болса, өнімді өндіруге және дайындауға жұмсалатын еңбек шығыны солғұрлым үнемді әрі оның өзіндік құны арзан болады.
Айналым қаражатын қалыптастыру және пайдалану механизмі өндірі с барысына, сондай-ақ ағымдағы өндірістік және қаржы жоспарын орындауға жан-жақты ықпал етеді.
Айналым қаражаты өндіріс көлемін және өнімді сатуды кеңейтуді, жаңа өткізу нарықтарын, яғни кәсіпорын капиталы айналатын саланы басып алуды жоспарлы түрде және барынша ұтымды, сондай-ақ үнемді, басқаша айтқанда, айналым қаражатының ең аз мөлшерімен қамтамасыз етуі тиіс.
Айналым қаражатын тиімді пайдалануды жоспарлау және ұйымдастыру үшін жауапты менеджерлердің ең негізгі міндеті болып табылады.
Айналым қаражаты оның екі саласындағы ауыспалы айналымға: өндіріс саласы мен айналыс аясына қатысады. Сондықтан айналым қаражаты өндірістік айналым қоры мен айналыс аясындағы қорға бөлінеді.
Айналым қаражаты өндіріс процессінің үздіксіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан кәсіпорынның айналым қаражаты қажеттілігінің құрамы мен көлемі өндіріс қажеттілігіне ғана емес, айналыс қажеттілігіне де орай анықталады.
Кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігі мына факторларға байланысты:
- өндіріс пен сату мөлшеріне;
- бизнестің түріне (кәсіпорын қызметінің сипатына);
- қызмет (бизнес) ауқымына;
- өндірістік кезеңнің ұзақтығына;
- кәсіпорын капиталының құрылымына;
- кәсіпорынның есептік саясатына және есеп айырысу жүйесіне;
- кәсіпорынның шаруашылық қызметін кредиттеу шарттары мен практикасына;
- материалдық-техникалық жабдықтау деңгейіне;
- тұтынылатын шикізаттың түрі мен құрылымына;
- өндірістің және кәсіпорын өнімінің сату мөлшерінің өсу қарқынына;
- менеджерлер мен бухгалтерлердің және т.б. шеберлігіне.
Кәсіпорын айналым қаражатына қажеттілігін дәл есептеуді айналым қаражатының жоғарыда атап өтілген факторларға байланысты өндіріс саласында және айналыс аясында болатын уақытын есептеуден бастау қажет.
Айналым қаражатының өндірісте болатын уақыты өндірістің айналым қаражатының сатылмаған өнім қалдығы, кәсіпорын кассасындағы, банктегі және шаруашылық жүргізуші субъектілермен есеп айырысуда шоттардағы ақшалай қаражат түрінде болатын уақытты қамтиды.
Айналым қаражаты айналымының жалпы уақыты (бір айналымның жылдамдығы немесе айналымның жылдамдығы) өндіріс саласында және айналыс аясында болатын уақыттан құралады. Ол айналым қаражатын тиімді пайдалануға, кәсіпорын қаржысының жай-күйіне ықпал ететін аса маңызды сипаттама болып табылады.
Айналым қаражаты айналымының жылдамдығы айналым қаражатын өндірісте пайдалану деңгейін сипаттайды. Айналым жылдамдығы неғұрлым жоғары болса, кәсіпорынға айналым қаражаты аз қажет болады. Бұған өнім сату процесін жеделдету арқылы да, сондай-ақөндіріс шығынын кеміту және өнімнің өзіндік құнын төмендету арқылы да қол жеткізуге болады.
Сөйтіп, айналым қаражаты айналымының жылдамдығы кәсіпорын жұмысының аса маңызды сапа көрсеткіштерінің қатарына жатқызылады.
Айналым қаражатының нормативін есептеудің талдамалы, тура шот әдісі, коэффициенттік әдіс деген үш әдісі қолданылады.
Әрбір кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының нормативі мына негізгі көрсеткішпен анықталады:
- өндіріс және өнім сату көлемімен;
- өндіріске, өнім сақтауға және сатуға жұмсалған шығынмен;
- тауарлы-материалдық құндылықтың жекелеген түрі бойынша айналым қаражаты запасының (айналым қаражатының нормасымен) және күнде белгіленген шығынның нормасымен.
Айналым қаражатының жекелеген элементінің нормативін есептейтін жалпы формула: сос оэл
Норматив = ─* нэл,
сос Эл тд
Мұнда: Норматив — элемент бойынша меншікті айналым қаражатының нормативі;
эл
Нэл – осы элемент бойынша айналым қаражатының нормасы;
Оэл- осы элемент бойынша кезеңдегі айналым.
Өнімдерді шығару мен өткізуге кеткен шығындар.
Ұйым (кәсіпорын) шаруашылық қызмет процесінде ақшаман бағалануы мүмкін ақшалай және өзге де шығын мен шығыс кешенін іске асырады.
Шығынды өтеу (мысалы өндіріс шығындары) қарастырылады, ал шығысты өтеу қарастырылмайды (мысалы, негізгі қорды қайта бағалауға жұмсалатын шығыс).
Шығын мен шығыс айқын (сандық көрсеткіште көрсетілген) және күнгірт (мысалы, кәсіпрынның меншік иесінің еңбек шығынының мөлшеріанықталмаған). Айқын шығын бухгалтерлік, ал күңгірт шығын- экономикалық деп аталады.
Шығын мен шығыс экономикалық мағынасы мен тағайындалуы бойынша төмендегі бірнеше топқа біріктіріледі:
- негізгі және айналым капиталын ұдайы жаңғыртуға жұмсалатын. Бұл шығын негізгі және айналым капиталын құрумен, қайта жаңартумен және кеңейтумен байланысты және кәсіпорынның меншікті қаражаты мен пайдасының есебінен жүзеге асырылады;
- өнім (жұмыс, қызмет) өндірісіне және сатуға жұмсалатын. Бұл шығын негізгі және айналым капиталын, сондай-ақ еңбек ресурсын тиісті мақсатта пайдаланумен байланысты; ол өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түсетін түсіммен өтеледі;
- әлеуметтік-мәдени бағдарламаларға жұмсалатын. Оған мысалы, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, кадр даярлау, қызметкерлерге тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығын енгізіледі және ол кәсіпорынның меншікті қаражатынан немесе пайдадан өтеледі.
- Біржолғы шығыс.
Шығын орнын толтыру көзі бойнша төмендегілердің есебінен қаржыландырылатындарға бөлінеді:
- меншікті және сырттан тартылған көз;
- бюджетің және бюджеттен тыс қордың қаражаты;
- кредит (қарыз) ресурс.
Шығын қабылданатын шешімге орай мына түрлерге бөлінеді: жүктелме(міндетті) және баламалы (оңтайлылық көзқарастан алып қарағанда ықтимал); өндірістік және сауда.
Сонымен бірге барлық шығысы:
- шартты-тұрақты (өндірістің және өнім,жұмыс, қызмет сатудың мөлшерінен дербес) және шартты-ауыспалы (осы мөлшерге тәуелді);
- тікелей (өнімге тікелей әдіспен бөлінетін) және жанама (жанама әдіспен бөлінетін);
- ағымдағы және күрделі;
- негізгі және қосалқы (үстеме)
- бір элементтік және кешенді;
- нормаланатын және нормаланбайтынға бөлінеді.
Ұйымның (кәсіпорынның) барлық шығысы өзіндік құнға кіретін мынадай шығын элементтеріне бөлінеді:
- материалдық шығын
- еңбекақы төлеу шығыны;
- әлеуметтік қажетке аударылатын аударымның («Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі ҚР Заңына және 2003 жылғы 29 желтоқсанда өзгерістер енгізілген ҚР Салық кодексіне сәйкес) әлеуметтік салықты және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымды қоса алғанда аударым;
- амортизациялық аударым;
- өзге шығын.
Осылай бөлу қанша шығын жұмсалғанын көрсетед. Сонымен бірге шығысы кәсіпорын дербес немесе әдістемелік ұсынымның негізінде белгілейтін шығын баптары бөлінеді және осы шығын өнімнің, жұмыстың, қызметтің қай түріне жататынын көрсетеді.
Экономикалық мағынасы мен тағайындалуы бойынша өндіріске және өнім сатуға жатқызылатын шығын мен шығыс шығасы (өзіндік құн) деп аталады.
Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорынның нақты өнімнің белгіленген мөлшерін өндірумен және сатумен байланысты барлық шығынын көрсететін экономикалық санат.
Өзіндік құн былайша бөлінеді:
- цехтық, оған жауапкершілік орталықтарының шығыны кіреді;
- өндірістік, оған өнім (жұмыс, қызмет) шығарумен байланысты барлық шығынның жиынтығы кіреді;
- сауда, ол өнім (жұмыс,қызмет) өткізу жөніндегі шығынды біріктіреді;
- толық, оған өнім жұмыс,қызмет) өндірісі мен оны сатуға жұмсалатын барлық шығын кіреді.
Өзіндік құнды есептегенде шығын екі белгі бойынша, яғни өндіріс процесінде тағайындалуы және шығынды өзіндік құнға жатқызу тәсілі бойынша жіктеледі. Сондықтан өзіндік құн шығын баптары бойынша тікелей және жанама шығынға бөлініп есептеледі.
Алдымен өндіріспен және нақты өнімді сатумен тікелей байланысты шығын анықталады. Бұл ретте тікелей шот әдісі қолданылады.
Өндіріске қызмет көрсетумен және басқарумен байланысты шығын өзіндік құнда тура ескерілуі мүмкін емес және аталмыш шығын өзіндік құнға жанама енгізіледі.
Өзіндік құн кәсіпорында бірнеше сатыда есептеледі. Бірінші сатыда өнімнің белгіленген мөлшерін өндірумен байланысты шығын ғана анықталады. Екінші кезеңде – жалпы өнімнің өзіндік құны өндірілген өнімнің өзіндік құнын алдағы кезеңдегі шығыстың қалдығының өзгеруіне нақтылау арқылы анықталады.
Алдағы кезеңнің шығысына: жаңа өндірісті, құрылғыны, агрегатты игерумен байланысты шығыс; кейінгі кезеңнің жалға алу төлемінің жарнасы және есепті айда жұмсалған, алайда кейінгі айларда немес жылдарда өнімнің өзіндік құнына енгізілуі тиіс өзге шығын жатады. Осы шығын қалдығының ұлғаюы өндіріс шығынының мөлшерінен шегеріледі, ал кемуі- осы мөлшерге қосылады.
Біздің кәсіпорында қалдық 10 млн теңгеге кеміді деп қарастырайық.Бұл осы шығынды өндірілген өнімнің өзіндік құнына енгізетін уақыттың келгенін көрсетеді. Егер өндірілген өнімнің өзіндік құнын 12498 млн теңге мөлшерінде қабылдасақ, онда жалпы өнімнің өзіндік құны 124999 млн теңгені құрайды.
Үшінші кезеңде тауарлық өнімнің өзіндік құны анықталады. Бұл ретте жалпы өнімнің өзіндік құны аяқталмаған өндіріс қалдығының өзгеруіне нақтыланады. Аяқталмаған өндіріс қалдығының өсуі өзіндік құнды төмендетеді.
Жыл соңындағы қалдық жыл басындағы қалдықтан 20 млн теңгеге жоғары деп шартты түрде алайық. Демек, тауарлық өнімнің өндірістік өзіндік құны 12479 млн теңгеге (12499-20) тең болады.
Өндірістік шығыннан басқа тауарлық өнімнің толық өзіндік құнына өндірістен тыс шығын — өнімді сатумен байланысты шығын, мысалы, жарнамаға, өнімді жөнелту станциясына (айлағына) жеткізуге жұмсалатын шығын, делдалдың қызметін төлеу, кәсіпорын орналасқан жерден тысқары орналасқан базамен қоймада ұстауға жұмсалатын шығын енгізіледі. Егер өндірістен тыс шығын 20,7 млн теңге мөлшерінде деп қабылдасақ, онда тауарлық өнімнің толық өзіндік құны 12500 млн теңгеге тең болады. Өнім өндірісінің мөлшерін біліп (шартты түрде 1 млн бірлік), тауарлық өнім бірлігінің кәсіпорынның көтерме сауда бағасын қалыптастыру үшін база болып табылатын толық өзіндік құнын анықтаймыз.
Бухгалтерлік есепте шығынды есептеу әдісі (жөнелту) бойынша көрсетіледі. Қаржы (салық) есептерінде шығынды кассалық әдіс (төлем бойынша) көрсетіледі.
Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесіне сәйкес шығыс жіктелімі бірнеше топтан (шығысы жеке бөлінбей) құрылады, сонымен бірге шарт болуы және кәсіпорын нәтижесінің сомасы мен оның кемуі анықталуға тиіс.
Төмендегі талаптар сақталған жағдайда, бухгалтерлік есепте мыналар шығыс ретінде танылады:
- шығыс нақта шартқа, заңнамамен нормативтік актінің талаптарына, іскерлік қатынас дәстүріне сәйкес жұмсалса;
- шығыстың сомасы анықталуы мүмкін болса;
- ұйым актив берген немесе активті беру қатысында белгісіздік болмаған жағдайда, нақты операцияның нәтижесінде ұйымның экономикалық пайдасының кемитініне шүбә келтірілмесе.
Егер ұйым жұмсайтын кез келген шығыс қатысында аталған талаптың бірі болса да орындалмаса, онда ұйымның бухгалтерлік есебінде дебиторлық берешек пайда болды деп танылады.
Амортизация амортизациялық аударым мөлшеріне негізділген шығыс деп танылады. Ол амортизацияланатын активтің құнының, пайдалы пайдалану мерзімінің және ұйымда қабылданған амортизация есептеу тәсілінің негізінде анықталады.
Ұйымның шығысы деп активтің (ақшалай қаражаттың, өзге мүліктің) істен шығу нәтижесінде экономикалық пайданың кемуі және (немесе) қатысушылардың (мүлік иелірінің) шешімі бойынша салымның кемуін қоспағанда, осы ұйымның капиталының кемуі әкеп соқтыратын міндеттемелердің пайда болуы танылады. Ұйым шығын баптарының тізбесін дербес белгілейді.
Қаржылық жоспарлау. Бизнес жоспарды құру кезіндегі қаржылық аспектілер.
Кәсіпорын нарық жағдайында қаржыны қазіргі заманғы басқару әдістерін пайдаланбай орнықты жұмыс істей алмайды. Фирма ішінде қаржыны жоспарлау мен бақылауды жетілдіру қаржы менеджменттінің тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Отандық және шетелдік практикалық тәжірибе қаржыны микродеңгейде жетілдіру проблемесы өзінің өзектілігін жоғалтпағанын растайды. Жоспарлау алдын ала болжанбайтын нарықтық қарым-қатынас жағдайында кәсіпорынның қызметін тұрақтандырады.
Ұйымның қызметін жоспарлаудың бір-бірімен тығыз байланысты әрә өзара себепкер болатын аспектісі бар:
- жалпы экономикалық- фирма теориясының көзқарасынан;
- басқарушылық – менеджменттің компанияның қызметін болжауға және осы болжамды өзінің даму мақсатында пайдалану ептілігін көрсететін функциясы ретінде.
Жоспарлау корпорацияның ішінде жасалатын сауда мәмілесі (келісімшарт) бойынша,мысалы, сатып алушы мен жеткізушіні іздестіруге, мәміленің мәні жөнінде келіссөз жүргізуге, консультанттың қызметін төлеуге жұмсалатын трансакциялық артық шығынды жоюға септігін тигізеді.
Жоспарлау арқылы:
- кәсіпорын дамудың қандай деңгейінде (оның экономикалық әлеуеті қандай) және оның қаржы-экономикалық қызметінің нәтижесі қандай?
- кәсіпорынның мақсатына қаржыны қоса алғанда қандай ресурстың көмегімен қол жеткізуге болады деген сұрақтарға жауап алуға болады.
Жоспарлаудың артықшылықтары мынада:
- жоспарлау өзгермелі нарықтық жағдаят жағдайында қолайлы мүмкіндікті пайдалануды қамтамасыз етеді;
- жоспарлау нәтижесінде туындайтын көптеген проблема анықталады;
- жоспарла басқарушылық қызметті ынталандырады;
- корпорацияның құрылымдық (филиалдары) арасындағы іс-әрекетті айқын үйлестіру қамтамасыз етіледі;
- басшылық қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіледі;
- ресурс оңтайлы бөлінеді.
Кәсіпорынның қаржы жоспарын (бюджетті) әзірлеуі оның ақша шаруашылығын тұрақтандыру жөніндегі іс-шаралар жүйесінде маңызды орын алады. Қаржыны жоспарлаумен байланысты негізгі ұғымдарға анықтама берейік.
Қаржы жоспары- бұл ағымдағы (бір жылға дейін) және ұзақ мерзімді (бір жылдан асатын) кезеңде ақшалайқаражаттың түсуі мен оның жұмсалғанын көрсететін қорытып жинақталған жоспарлау құжаты. Аталмыш жоспар келешектегі ақша түсімінің сапалы болжамын алу үшін қажет. Осы жоспарлау құжатында ағымдағы және күрделі бюджет, сондай-ақ қаржы ресурсының бір-екі жылға арналған жоспары жасалады.Қаржыны жоспарлау саласының мамандары әдетте компания үшін басымды емес жобаға күрделі салым салу жоспарын жасаудан тартынады.
Кәсіпорынның табысы мен рентабельділігі. Кәсіпорынның бюджетке төлемдері.
Бизнестің кез келген түрімен айналысқан ұйым табыстылығын есептеп, бизнестің олжалы болғанын қалайды. Кәсіпорын табысы екі құрамнан: бағадан және шығындардан тұрады. Баға сұраныс пен ұсыныстың қарым-қатанасына тәуелді екні белгілі. Сол себепті өз қалауымызша бағаны көтере алмаймыз. Шығындар жөнінде басқаша- оның шамасы пайдаланып жатқан еңбек, материалды ресурстарға, техниканың деңгейіне, өндірісті және еңбекті техникалық жағынан ұйымдастыруға және т.б. байланысты. Осыдан көрініп тұрғандай, оларды тиімді басқаруға күш салу керек екені көрініп тұр.
Өндірістік, инвестициялық және қаржылық іс-әрекеттер қаржылық нәтижелер түрінде байқалады.
Нарық жағдайында әпбір шараушылықпен айналысатынсубъект өз алдына дара тауар өндіруші болын саналады, ол экономика және заңдылық жағынан тәуелсіз болады. Шаруашылықпен айналысатын субъект бизнес түрін таңдағанда, тауарлар ассортиментін қалыптастырғанда тәуелсіз болады ,шығындарды өзі анықтайды, бағаларды өзі қалыптастырады, тауарды сатқаннан түскен табысты өзі есепке алады, солай болғандықтан іс-әрекеттің нәтижесінен болған пайда немесе залалды айқыдайды. өндіріспен айналысатын шаруашылық субъектінің басты мақсаты: нарық жағдайында пайда табу болып саналады. Бұл мақсатты қоғам қажеттілігін өзінің тұтыну қасиеті бойынша қамтамасыз ететін тауарды шығарғанда ғана іске асыруға болады.
Пайда өндірілген және міндетті түрде өткізілген қосымша затты білдіпеді. Ол қайта жаңғырту циклінің барлық сатысында өндіріледі, алайда өзінің ерекше нысанын өнімді өткізу сатысында табады. Пайда таза табыстың негізгі түрі болып табылады.
Пайда шамасына, оның өсу қарқынына шаруашылықпен айналысатын субъектінің қимылына байланысты және байланысы жоқ факторларға әсер етеді.
Ішкі ортадағы факторларға көбінесе белгілі және оларды зерттеуге мүмкіндік болады, сондықтан пайданы өсіру мақсатында ықпал жасалынады. Ішкі факторларға шаруашылықты жүргізу жеңгейі, менеджерлердің біліктіліг, екбекақының деңгейі, өткізілген өнім бағасының деңгейі, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруы жатады.
Іс жүзінде реттеуге келмейтін сыртқы ортаның факторлары: пайдалануға қажетті ресурстар бағасының деңгейі, бәсекелестік орта,нарыққа ену кедергілері, салық жүйесі, мемлекеттік басқару органдары, саяси, әлеуметтік, мәдени, діни мәселелері және т.б. жатады.
Пайда қаржылық іс-әрекет нәтижесі түрінде белгілібір функцияларды орындайды. Пайда шаруашылық субъектсінің іс-әрекеті арқасында алынған экономикалық нәтижені көрсетеді. Ол шаруашылық субъектсінің экономикалық дамуы үшін басты негіз болып табылады. Пайданың өсуі өзін-өзі қамтамасыз етудің, ұлғаймалы өндірістің, еңбек ұжымының әлеуметтік және материалдық мәселелерін шешудің негізгі көзі болып табылады. Пайда арқылы кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа ұйымдар алдындағы міндеттемесі орындалады. Пайда жалғыз қаржылық нәтиже түрінде ғана емес, сонымен қатар қаржылық ресурстардың негізгі бөлігі болып саналады.
Жыл бойы негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайдыжәне ол №5 БЕС-на сәйкес есептелінеді. Табыс, сондай-ақ тауарлы-материалдық қорларды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан, роялтиден және дивиденттерден алынуы мүмкін.
Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсетілген қызметтерден алынады; олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісімшартта анықталады.
Көрсеткен қызметтен және орныдалған жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайларды қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:
- есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі жоғары деңгейдегі дәлдікпен анықталса;
- мәмілені жүргізу кезінде жұмсалған шығындары да, мәмілені аяқтау үшін қажет шығындары да жоғары деңгейдегі дәлдікпен бағаланса.
Алдын ала төленген төлемдер, яғни сатып алушылардан алынған аванстар табыс болып танылмайды.
Қызмет көрсетудің, яғни мәміленің нәтижесінде жоғары деңгейдегі дәлдікпен табысты анықтау мүмкін болмаған жағдайда табыс жұмсалған шығын мөлшерінде танылады, яғни ол сол шығынның орнын жабады.
Кәсіпорын іс-әрекеттің маңызды көрсеткішінің бірі табыстылық болып саналады. Табыстылық- бұл өндіріс кәсіпорын жұмысының сапасын сипаттайтын жалпы көрсеткіш. Себебі тапқан пайданың көлеміне қарамай, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің толық салалық бағасын тек табыстылықтың деңгейі ғана көрсете алады. Ол пайданың өндіріс қорына немесе өнімнің өзіндік құнына қатынасын білдіреді. Табыстылықтың көрсеткіші өндіріске кеткен шығын мен табысты салыстыра отырып, өндірістің тиімділігін бағалайды.
Санау әдісі бойынша халық шаруашылығында кәсіпорын табыстылығы Тбөнд және өнім табыстылығы Тбөнм болып екіге бөлінеді. Бірінші көрсеткіш пайданың П өндірістік негізгі қорлар НҚ мен айналым қаражаттарының АҚ орташа жылдық құнына қатынасын білдіреді:
Тбөнд = П * 100/( НҚ + АҚ),%
Екінші көрсеткіш пайданың П өнімнің өзіндік құнына ӨҚ қатынасын көрсетеді:
Тбөнм = П * 100/ӨҚ,%
Табыстылықты анықтайтын әдістер көрсетіп отырғандай, табыстылықтың деңгейі және оның өзгеруі өндіріс өнімдерінің бағасына тікелей байланысты екенін көрсетіп отыр. Сондықтан бағаны қалыптастыратын жүйенің шынайы болғаны көп жағдайда табыстылықтың деңгейін дәлелді анықтауға мүмкіндік береді,сонымен қатар оның өзгеруі өнімнің бағасына байланысты болады.
Салық төлеушінің жылдық жиынтық табыс алумен байланысты салық салынатын табыстың базасын анықтау үшін түзетілген жылдық жиынтық табыстан болған шығындары алып тасталынады және оны шегерім деп атайды.
Шегерімдерді жылдық жиынтық табысты алуға байланысты шығындарды растайтын құжаттары болған кезде ғана шегерімдерді салық төлеуші өзі анықтайды.
Бұл шығындар болашақтағы кезеңдердің шығындарын қоспағанда, олар нақты жүргізілген салық кезеңінде шегеруге жатады. Болашақтағы кезеңдердің шығындары қай салық кезеңіне қатысты болса, сол кезеңде шегеріледі.
Егер шығындар бірнеше баптар бойынша көрсетілген болса, онда ол салық салынатын пайданы есептеу кезінде тек бір рет қана шегеріледі.
Мемлекеттік бюджетке енгізілуге тиістілерін қоспағанда, жылдық жиынтық табыс табуға байланысты салынған немесе танылған айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы шегеріп тасталады.
Шегерімге жататындар:
- қызмет бабындағы іс-сапарлар кезіндегі және өкілдік шығындар бойынша өтемдер сомаларын шегеру.
- Сыйақы бойынша шегеімдер.
- Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерімдер.
- Күмәнді талаптар бойыншашегерімдер.
- Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер.
- Ғылыми-зерттеу, жобалау, іздену және тәжірибе конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығындар бойынша шегерімдер.
- Сақтандыру сыйақылары бойынша шығындарды шегеру.
- әлеуметтік төлемдерге жұмсалған шығындарды шегеру.
- Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндіруге әзірлік жұмыстарына жұмсалған шығындар бойынша шегерімдер және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шегерімдері.
- Теріс бағамдық айырма бойынша шегерімдер.
- Салықтар шегерімі.
Есептелген шектерде мемлекеттік бюджетке төленгенсалықтар шегерімге жатады, оларға:
- жылдық жиынтық табыс анықталғанға дейін есептен шығарылатын салықтар;
- басқа мемлекеттерде төленген корпорациялық табыс салығы мен Қазақстан Республикасының аумағында төленген табыс салығы;
- үстеме пайдаға салынатын салық қосылмайды.
Өткен салық кезеңі үшін ағымдағы салық кезеңінде төленген салықтар төлем жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатады.Кезкелген кәсіпорын бюджетке жалпыға міндетті және бірдей салық мөлшерін төлеуге міндетті болып табылады. Егер ол салық төлеуден бас тартса, заңға сәйкес жазаланады.Әрбір ұйым жалпыға бірдей және міндетті салықты белгіленген мерзімде көрсетілген мөлшерде төлем жүргізеді.
Кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық түрлерінде қаржы ерекшеліктері. Коммерциялық қызметтің қаржысы.
Сот алдында жауап беретін және сотқа шағымдана алатын, өз атынан жеке мүліктік емес және мүліктік құқығын жүзеге асыра алатын, сол мүліктерді өз қалауынша қолма-қол тұрғыда басқара алатын немесе шаруашылықты жүргізуге меншік құқығы бар ұйымдарды заңды тұлғалар деп атайды.
Филиалдар бұл заңды тұлғалардың тұрған жерінен тыс жерде орналасқан және оеың барлық немесе кейбір қызмет түрлерін жүзеге асыратын дараланған бөлімшелері болып табылады, оның ішінде өкілдік мәртебесі де кіреді.
Филиал да, өкілдік те заңды тұлға болып табылмайды. Заңды тұлға коммерциялық та, коммерциялық емес те болуы мүмкін, біріншісінің мақсаты барынша мол табыс табу және оны өз қалауынша жұмсай алады, ал екіншісінің- өз қалауынша табыс табу мүмкіндігі де және таза табысын өз қатысушыларының арасында бөлу жағдайы да шектелген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес коммерциялық ұйымдар тек келесідей түрлері құрылуы мүмкін:
- шаруашылық серіктестер;
- акционерлік қоғамдар;
- өндірістік кооперативтер;
- мемлекеттік кәсіпорындар.
Коммерциялық емес ұйымдар заң актілерімен қаралған діни бірлестіктерден, қоғамдық қорлардан,тұтыну кооперативтерінен, акционерлік қоғамдардан, қоғамдық бірлестіктерден және тағы басқа ұйымдық нысандарынан құрылуы мүмкін.
Шаруашылық серіктестіктер-құрылтайшылардың (қатысушылардың) қосқан үлесі бөліп көрсетілген жарлық капиталы бар коммерциялық ұйымдар. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарының есебінен құрылған, сондай-ақ серіктестіктің шаруашылық қызметінде шығарылған және сатып алынған мүліктер серіктестіктерінің меншігіне жатады.
Шаруашылық серіктестікті бір адам құруы мүмкін, ол оның бірден бір қатысушысы болады.
Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенімгерлік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам нысандары бойыншақұрылуы мүмкін.
Азаматтар ғана толық серіктестіктің қатысушылары және сенім серіктестігіндегі толық серіктер бола алады.
Акционерлік қоғамнан басқа шаруашылық серіктестіктердің акциялар шығаруға құқығы жоқ.
Мемлекеттік кәсіпорындарға жататындар:
- шаруашылықты жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорын. Ол өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді, бірақ мемлекет міндеттемелері үшін жауапты болмайды;
- Оралымды басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) мемлекеттік кәсіпорын.
Мемлекеттік кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді және оның салымдар (үлестер, жарналар) бойынша, соның ішінде кәсіпорын қызметкерлер арасында бөлуге болмайды. Мемлекеттік кәсіпорын уәкілдік берілген мемлекеттік органның шешімі бойынша құрылады.
Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді.
Қазыналық кәсіпорын- оралымды басқару құқығымен мемлекет мүлкіне ие болған кәсіпорын. Қазыналық кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқару органының шешімімен құрылады. Қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызметі оның Жарғысында көрсетілген (белгіленген) мақсаттармен және міндеттермен анықталады. Қазақстан Республикасы немес жергілікті әкімшілік – аумақтық бөлініс қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жәрдем беру жауаптылығы өз мойнына алады.
Ақша, құнды қағаздар, заттар, мүліктік құқық, соның ішінде зияткерлік меншік және өзге де мүлік шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына салынатын салым бола алады.
Толық серіктестік – мұндай серіктестіктің қатысушылары толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен ортақ жауапкершілікте болады.
Азамат бір ғана толық серіктестіктің қатысушысы бола алады.
Толық серіктестіктің жарғылық қорының мөлшерін оның құрылтайшысы белгілейді, бірақ ол заң құжаттарында көрсетілген ең төменгі мөлшерден кем болмауға тиісті.
Толық серіктестікке қатысушы қалған қатысушының келісімінсіз өз атынан және өз мүдделері немесе үшіншіжақтардың мүдделері үшін серіктестік қызметі мәнімен тектес мәмілелер жасасуға құқығы жоқ. Бұл ереже бұзылған жағдайда серіктестік өз қалауы бойынша мұндай қатысушылардан не серіктестікке келтірілген залалдың орнын толтыруын, не осындай мәмілелерден тапқан бүкіл пайданы серіктестікке беруін талап етуге құқылы.
Сенімгерлік серіктестік – серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктестерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, жауапкершілігі толық серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан да көп қатысушыларды енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік. Сенімгерлік серіктестігіне қатысатын толық серіктестердің құқықты ережесі және олардың серіктестік қатысушылары туралы ережемен белгіленеді.
Азамат тек бір ғана сенімгерлік серіктестігінің толық серіктесі бола алады.
Сенімгерлік серіктесіндегі толық серіктес басқа толық серіктестіктің қатысушысы бола алмайды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік(ЖШС) – бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік.
Қаржы жағдайын талдау. Есеп берулерді толтыру.
Нарықтық экономикаға көшу кәсіпоырнның шаруашылық іс-әрекетін біршама мұқият әрі жүйелі түрде талдауды және оның даму стратегиясын құруды талап етеді. Осы кешенді талдау жоспарлау алдындағы зерттеулердің негізі болып табылады. Тек талдау қорытындысына сүйене отырып ғана кәсіпорынішілік жоспарлау үдерісін тиімді түрде ұйымдастырып, кәсіпорынның қаржылқ жағдайын талдау жалпы жүйелік талдаудың маңызды құраушы бөлігі болып табылады.
Қаржылық талдау келесілерден тұрады:
- бастапқы талдау;
- қаржылық тұрақтылықты бағалау;
- теңдестіктің абсолютті өтімділігін талдау;
- қаржы коэффициентін талдау;
- қаржылық нәтижелерді талдау;
- табыстылық пен іскерлік белсенділігінің коэффициенттерін талдау.
Бастапқы талдаудың қорытындысы ретінде кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беріледі және теңдестік құрылымның жарамдылығы мен төлемқабілеттілігі анықталады. Кәсіпорынның қазіргі қаржылық жағдайының себептерін, даму болашағын анықтау үшін кәсіпорын қызметіне тереңінен, жан-жақты және кешенді талдау жасалады. Теңдестіктің жалпы сомасының өзгеруін, пассивтер мен активтер құрылымы, айналмалы капиталды қалыптастыру көздері, қаржылық іс-әрекет нәтижелері және т.б. талдаудан өтеді.
Белгілі бір кезең ішінде теңдестік жалпы сомасының азаюы- бұл, негізінен, өндіріс көлемі төмендеуінің нәтижесі болады. Ол төлемқабілетсіздіктің басты себептерінің бірі болып саналады.
Қаржылық тұрақтылық түріне және оның өзгеру бағытына қарай кәсіпорынның төлемқабілеттілік тұрғысынан сенімділігі жайлы баға беруге ьолады. Қаржылық тұрақтылықтыталдау оның осы жайлы мәнін бейнелейтін көрсеткіштерден басталады. Ұзақ- және орта мерзімді несиелердің негізінен өндірісті дамыуға, қайта жаңғырту мен техникалық қайта жарақтауға жұмсалынаиынын ескеретін болсақ, төлемқабілеттілік шартын орындау үшін запастар меншығындарды меншікті айналмалы капиталдың көлеміне сәйкес келетіндей етіп шектеуді қажет етеді.
Запастар мен қаржыны меншікті және несиеге алған қаражаттар көздерімен қамтамасыз етілуіне қарай қаржылық тұрақтылықтың келесі түрлері болады:
- кәсіпорынның абсолютті қаржылық тұрақтылығы (меншікті айналмалы капитал өндірістік запастар мен шығындар көлемін қамтамасыз етеді);
- қалыпты орнықты қаржылық жағдайы (запастар мен шығындар көлемі меншікті айналмалы капиталымен және ұзақ мерзімді несиелермен, қарыздармен қамтамасыз етіледі);
- тұрақсызқаржылық жағдайы (запастар мен шығындар меншікті айналмалы капиталымен және ұзақ мерзімді несиелермен, қарыздармен қамтамасыз етіледі);
- дағдарыстық жағдайы ( запастар мен шығындар қаражат көздермен қамтамасыз етілмеген, яғни кәсіпорын банкротка ұшырау шегінде тұр деген сөз).
Қаржы коэффициентін талдау кәсіпорын жағдайының орнықтылығы жайлы өзгерістерін зерттеу мақсатымен немесе бірнеше бәсекелес кәсіпорындарды салыстыру үшін жасалады.
Кәсіпорынның іс-әрекетінің қаржылық нәтижелерін талдау мына бағыттарда жүргізіледі:
- пайда көрсеткіші динамикасын бағалау;
- пайданы бөлудің дәлелдігін талдау;
- пайданың өсу факторларын талдау;
- табыстылық пен іскерлік белсенділікті бағалау.
Табыстылық пен іскерлік белсенділіктің негізгі коэффициенттері
Коэффициент атауы |
Нормативтік мәні |
Есептеу реті |
Сипаттамасы |
1 |
2 |
3 |
4 |
Автономия |
0,5-тен артық |
МК/А |
коэффициенттің өсуі кәсіп- орынның қаржылық тәуелсіз- дігі артқанын көрсетеді. |
Меншікті және Айналмалы қа- ражаттарының арақатынасы |
Ең көп мәні |
(МК-ҰН)/ МК |
Коэффициенттің өсуі қарыз- дық капитаалдыңоларды жабатын меншікті көздерден артықтығын көрсетеді |
Ептілігі |
|
(МАК-А1)/ МК |
Коэффициент мәнінің жоғары- лауы – кәсіпорынның жақсы қаржылық жағдайын көрсете- ді |
Запастар мен Шығындарды Меншікті қара- Жаттармен қам- тамасыз етілуі |
1 |
(МАК-А1)/ МК |
Коэффициент мәні норма- Тивтен төмен болуы кәсіп- орынның қорлары мен қар- жсының меншікті қаржылан- дыру көздерімен қамтамасыз етілмеуін білдіреді |
Өтімділілік |
0,8-1 |
А3/(П2-ҰН) |
Кәсіпорынның дебиторлармен дер кезінде есеп айырысқан жағдайда болжамдықтөлем- дерін көрсетеді.
|
Абсолютті өтімділік |
Ең аз мәні 2 |
ӨЖА/(П2- ҰН) |
Кәсіпорынның жуық арада Қандай қысқа мерзімді қа- рыздарын өтей алатындығын көрсетеді. |
Төлемқабілетті лік |
Ең аз мәні 2 ІӨК≥НӨК |
Іс жүзінде (А2+А3)/ (П2+ҰН), нормативтік (А2+А3-ҰН)/ (П2-ҰН) |
кәсіпорынның дебиторлармен дер кезінде есеп айырысып, дайын өнімді табысты түрде сатылған жағдайымен қоса, өзге де айналмалы капитал элементтерінің сату кезіндегі төлем қабілетін сипаттайды |
өндірістік маңы- зы бар мүліктің нақты құны |
Ең аз мәні 0,5 |
(НК+ӨЗ+ АӨ)/А |
Коэффициент кәсіпорынның өндірістік маңызы бар мүлкі- нің нақты құндық үлесін көрсетеді. |
Белгілеулер: А- кәсіпорын қаржылық теңдестіктің активі; ҰН- ұзақ мерзімді несиелер; НК- негізгі капитал; ӨЖА- өтімділігі жоғары активтер; ӨЗ- өндірістік запастар; АӨ-аяқталмаған өндіріс; ІӨК- іс жүзінде өтелу коэффициеті; НӨК- нормативтік өтелу коэффициеті; А- теңдестік активінің нәтижесі; А1- несие және несиелік берешек; А2- запастар; А3- дебиторлық қарыздар; МК- меншікті капитал; МАК-меншікті айналым капиталы; П2- ұзақ, қысқа мерзімді несиелік берешектер
Кәсіпорынның қаржылық есептілігі және оны талдау.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындарның тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланыста болады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөнідегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жайдай» дегеніміз не немесе «қаржылық жай күй» дегеніміз не соны анықтап алған жөн.соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әртүрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д.Шеремет «Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншікті капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады» деп жазған.
Профессор Н.А.Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілермен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкінділігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды ұсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетіледі.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:
- бухгалтерлік баланс;
- қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
- ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс.Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс— есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдарды сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орнын таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әртүрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оның ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процессінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.
Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелдіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды.
Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады.
1997 жылға бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түінде құрылып келді. Активтер, баланс кәсіпорынының есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.
«Активтер – бұл тиісті немесе ол пайдаланатын бағалы нәрсе».
«Пассивиер- басқа біреуге тиісті нәрсе. «Пассив» термині таза бухгалтерлік ұғым болып табылады және ол кәсіпорынның қарызы дегенді білдіреді.
Капитал— пассивтердің арнайы түрі. Капитал алғашқы капитал мен қызметте қалдырылған табысты қоса алғандағы меншік иесінің бизнестегі үлесі болып табылады.
БЕС-2 негізінде құрастырылған бухгалтерлік баланс
Активтер |
Меншікті капитал және міндеттемелер |
I. ұзақ мерзімді активтер |
I. меншікті капитал |
негізгі құралдар: |
— жарғылық капитал — дивиденттер |
— жер
|
қайта бағалау сомасы |
— құрылыстар мен ғимараттар |
-негізгі құралдардың -инвестицияның |
— машиналар мен жабдықтар |
Резервтік капитал |
— басқа негізгі құралдар |
бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) |
— жинақталған тозуы — аяқталмаған күрделі құры- лыс |
Жиыны: |
Материалдық емес активтер:
|
II. Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
— гудвилл |
—қайтарылуы қамтамасыз етілген несиелер |
-патенттер, тауарлық белгілер және басқалар |
қайтарылуы қамтамасыз етілмеген несиелер |
материалдық емес активтер- дің амортизациясы |
-негізгі шаруашылық серіктестегі мен оның еншілес серіктестерінің бір-біріне берілетін несиелері |
Инвестициялар: -еншілес серіктестіктерге ин- вестициялар |
-кейінге қалдырылған салықтар |
-тәуелді серіктестіктерге ин- вестициялар |
Жиыны: |
-басқадай инвестициялар |
III. Ағымдағы міндеттемелер |
Дебиторлық борыш: |
-қысқа мерзімді несиелер және овердрафт |
-алынуға тиісті борыштар |
-ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі |
-алынған вексельдер |
-кредиторлық борыш |
— ішкі топтық операциялар нәтижесінде пайда болған негіз- гі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестері- нің арасындағы дебиторлық борыш |
-кредиторлық борыш |
— акционерлік қоғамның лауа- зымды тұлғаларының дебитор- лық борышы |
-төленуге тиісті вексельдер және шоттар |
— басқадай дебиторлық борыш |
|
— алдағы кезең шығындары |
|
Жиыны: |
— сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар |
II. Ағымдағы активтер |
|
-тауарлы материалдық қорлар |
-салықтар бойынша борыш |
-алдағы кезең шығындары |
-төленуге тиісті дивиденттер |
-ақша қаражаттары -қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар |
-негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестігі ара- сындағы борыш |
-ағымдағы активтерді сатып алуға қажетті аванстық төлем |
— басқадай несиелік борыштар |
-алынуға тиіс шоттар -алынған вексельдер |
-төленуге берілген шығындар |
-ішкі топтық операциялар нә- тижесінде пайда болған негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестігінің арасындағы дебиторлық борыш |
— алдағы кезең кірістері |
-акционерлік қоғамдағы лауа- зымды тұлғалардың дебитор- лық борышы |
-алдын ала қарастырылмаған жағ- дайға байланысты бөлінген төлемдер |
Жиыны: |
Жиыны: |
Барлығы: |
Барлығы: |
Алайда айта кеткен жөн, балансты құрудың түрін таңдау (көлденең, яғни екі жақты немесе тікелей) шаруашылық субъектісінің шексіз құқы болып табылады.
Баланстың активі мен пассивінің сомасы әрқашан да тең болуы тиіс.
Субъект қызметінің қаржылық нәтижесі туралы есеп бухгалтерлік есептің №3 «Қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп» стандартымен анықталады. Онда заңды тұлғаларды рет-ретімен құру және ұсыну мақсатында қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі есептің баптарын жіктеу және есепке алудың тәртібі көрсетіледі, бұл өз кезегінде заңды тұлғаның әр мезгілдегі есептік кезеңдеріндегі қаржылық есебі мен түрлі заңды тұлғалардың қаржы есптерін салыстыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ стандарт, негізгі қызметтен алынған табыс пен шығынды, төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан болатын табыс пен зиянды, сондай-ақ есеп кезеңіндегі есептік бағаның, есеп саясатының өзгеруінен және қаржылық есептегі елеулі қателіктерді түзетуден болатын әр түрлі табыс пен шығындарды ашудың тәртібін анықтайды.
Табыстар мен шығындар баптарының арасын ажырату да субъектінің жұмысының нәтижесін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл бөлімдерге әр түрлі баптар жатады. Мысалы, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп жалпы табысты, салық салынғанға дейін және салық салынғаннан кейінгі негізгі қызметтен алынған табысты және таза табысты көрсетуі мүмкін.
Бұл есептің жасалуы №3 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес келесідей түрде болады.
Қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп
Көрсеткіштің аты |
Код |
Ағымдағы кезең |
Өткен кезең |
|
|
|
|
1.негізгі қызметтен алынатын табыс |
010 |
9882 |
11423 |
2.сатылған өнімнің (жұмыс, қызметінің) өзіндік құны |
020 |
7862 |
8369 |
3. жалпы табыс |
030 |
2020 |
3054 |
4. кезең шығындары: |
|
|
|
-жалпы және әкімшілік шығын- дар |
040 |
2998 |
3674 |
-пайыздарды төлеу шығындары |
050 |
|
|
сату бойынша шығындар |
060 |
|
|
5. негізгі қызмет бойынша табыс (шығын) |
070 |
|
|
6. негізгі емес қызмет бойынша табыс (шығын) |
080 |
-971 |
2736 |
7.салық салынғанға дейінгі әдет- тегі қызметтен алынған табыс |
090 |
|
|
8. Табыс салығы |
100 |
|
821 |
9.салық салынғаннан кейінгі әдет- тегі қызметтен алынған табыс (шығын) |
110 |
|
1915 |
10. төтенше жағдайлардан бола- тын табыс (шығын) |
120 |
|
|
11. таза табыс (шығын) |
130 |
-971 |
1915 |
Есепті кезеңде табылған табыстар мен шығындардың барлық баптары есепті кезеңнің таза табысын немесе шығынын анықтау барысында есепке алынады.
Осылайша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп, қаржылық есептің қалған екі элементі туралы- яғни табыс пен шығындар туралы мәліметтерден тұрады. ҚР Президентінің 1995 жылы 26 желтоқсандағы №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар Жарлығында, сондай-ақ ҚР-ның Ұлттық коммисиясының қаулысымен бекітілген бухгалтерлік есеп бойынша 1996 жылы 12 қарашада №2 қаржылық есепті дайындау және тапсыруға қажетті Концептуалдық негізінде айтылғандай, бұлэлементтер субъектінің қаржылық көрсеткіштерін өлшеумен тікелей байланысты. Табыстар активтерінің көбеюін немесе міндеттемелердің азаюын немесе есепті кезеңдегі міндеттемелердің көбеюін көрсетеді.
Табыстар мен шығындар баптарының арасына қойылған шектеулер тәжірибеде жалпы қабылданған болып табылады. Бұл шектеу, баптың қалыптасу көзі осы субъектінің ақша қаражатын болашақтаайналдыру мүмкіндігін бағалау барысында белгілі бір маңызға ие болады деген негізде жүргізіледі.
№3 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі» ҚР шаруашылық субъектілерінің қаржылық есеп беруіндегі жаңа үлгі болып табылады. Бұл есепте кәсіпорынның белгілібір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері анықталады және оларды пайдаланылу жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезеңіндегі жұмсағанақша қаражаттарын жабу үшін негізгі қызметтен алынатын қаражаттары жеткілікті ме, соны көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушыларды кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің белгілі бір бөлігіндегі есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығыны туралы ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауға мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттары- бұл кассадағы және банк шоттарындағы қолма-қол ақша.
Сонымен, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаған кезде тек бухгалтерлік баланс мәліметтері ғана емес сонымен бірге басқа да қаржылық есеп беру нысандарының көрсеткіштері қолданылады
Баланс өтімділігін талдау.
Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілібір тәртіппен топталады,- өтімділігі жоғарылардан өтімділігі төмендегілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтаран қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы мүмкін, мысалы батыс еуропалық елдерде осыны қолданады.
өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.
А1 Ең өтімді активтер.Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.
Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар)- айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға тез айналады.
А2 Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есепайырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түседі, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалуы мүмкін.
А3 баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің II бөлімінің «Таурлы-материалдық қорлар» бабы және баланс активінің I бөліміндегі «Ұзақ мерзімдіинвестициялар»(жарғылық қорға басқа кәсіпорындардың салған салымдар мөлшеріне азайтылған) бабы.
А4 Қиын өткізілетін активтер-баланс активінің I бөлімінің алдындағы топтарға енгізілген баптарынан басқа барлық баптары. I бөлім жиынынан «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» бабы бойынша срманың бір бөлігі ғана алынып тасталатындықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.
Баланс активінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, басты орындыең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады- кассадағы, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар тұрады. Активтің бұл қарастырылған баптары негізінен кәсіпорынның «өтімділігін», яғни активтің бірінші кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін қаражаттар алынатын бөлігін көрсетеді. Өтімділігі бұдан төмен элементтер тауарлы-материалдық қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылған. Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.
П1 Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер- бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктің мақсатты қарыздарын өз мақсаты бойынша пайдаланбағандығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.
П2 Қысқа мерзімді міндеттемелер- қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.
П3 Ұзақ мерзімді міндеттемелер- ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.
П4 Тұрақты міндеттемелер- пассивінің I бөлімінің «Меншікті капитал» баптары. Актив пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің «Алдағы кезең шығындары» бабы бойынша азайтылады.
Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:
А1 > П1
А2 > П2
А3 > П3
А4 < П4
Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктіңтің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғащқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздік «баланстау» сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді.
Егер бір жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігінің қолайды варианттарға қарама-қарсы мәні болса, онда баланс өтімділігінің абсолютті өтімділіктен азды-көпті айырмашылығы болады. Бұл кезде активтердің бір тобы бойынша қаражат жетіспеушілігі олардың басқа топ бойынша артылғанымен орны толтырылады, бірақ өтем тек құндық мөлшері бойынша жүзеге асырылады, өйткені нақты төлем жағдайында аз өтімді активтер неғұрлым өтімді активтердің орнын баса алмайды.
Баланстың топтастырылған баптарын кесте түрінде көрсету орынды болады.
«Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мәліметтері негізінде баланс активінің өтімділік дәрежесі және оның пассивінің төлеу мерзімінің шұғылдығы бойынша баптарының тобы.
Актив
|
сомасы,мың тг
|
Пассив
|
сомасы мың тг
|
төлеу артықтығы (+), жетіспеушілігі (-)
|
|||
жыл басындағы |
жыл аяғындағы |
ж. бас |
ж. аяғ |
жыл басы |
жыл соңы |
||
1.Ең өтімді активтер |
122 |
3751 |
неғұрлым тезірек: 1)төленуге тиіс міндеттемелер |
22 352
|
26 564 |
-22203 |
22813 |
2.тез өт- кізілетін активтер |
14448 |
10168 |
2)қысқа мерзімді мідеттемелер |
5750
|
2520 |
+12698 |
+7618 |
3.баяу өткізіле- тін акт- ивтер |
7100 |
11475 |
3)ұзақ мерзімді міндеттемелер |
735 |
735 |
+6365 |
+10740 |
4. қиын өткізіле- тін актив тер |
64896 |
62944 |
4)тұрақты міндеттемелер |
61 756 |
58 489 |
+3140 |
4455 |
Жиыны: |
90566 |
88338 |
Жиыны: |
90 566 |
88 338 |
— |
— |
Төлем қаражаттарының бірінші тобы (А1) төлем міндеттемелерін айтарлықтай жауып тұрған жоқ, ал екінші бөлігі керісінше.
Актив пен пассив баптарының I тобының жиындарын салыстыру жақын уақытта келіп түскен кірістер мен төлемдердің (3 айға дейінгі) қатынасын көрсетеді.
Актив пен пассив баптарының II тобын салыстыру жақын уақытта күтілетін төлем тәртібінің (3 айдан 6 айға дейін) жағдайының жақсаруы немесе нашарлауы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда баланс активі мен пассиві баптарының I және II топтарын салыстыру ағымдағы өтімділікті анықтауға мүмкіндік береді.
Төлем қабілеттілігін талдау.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.
Арнайы есептік-талдау әдебиеттерінде төлем қабілеттілігін анықтау жөнінде әртүрлі көзқарастар кездеседі. Қаржылық талдау бойынша кейбір авторлар төлем қабілеттілігі ретінде кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсінеді. Мысалы, О.С.Ефимова төлем қабілеттілігі: «кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсіну қабылданған», — деп жазады. «Фирманың қызметін қаржылық талдау» кітабінің авторлары да осы көзқарасты ұстайды.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек деп есептейміз.
Табыс табу қабілеттілігі деп болашақта кәсіпорынның негізгі қызметінен тұрақты табыс алу қабілеттілігі түсіндіріледі. Осы қабілеттілікті бағалау үшін ақша қаражатының жеткіліктігі мен оның капиталға айналдыратын коэффииенттері талданады. Ақша қаражаттарының жеткіліктілік коэффициенті (Каж) кәсіпорынның күрделі шығындары, айналым қаражатының өсуі немесе дивиденттерді төлеуді жабу үшін табыс табу қабілеттілігін көрсетеді.
Төлем қабілеттілгінің екі түрі бар:
- ағымдағы төлем қабілеттілік- балансты құру мерзіміне байланысты анықталады.
- Перспективалық төлем қабілеттілік- болашақтағы нақты бір мерзімге оның төлем құралдары мен бірінші кезектегі төлемдерді салыстыру арқылы анықталады.
Ағымдағы төлем қабілеттілік: К= ақша қаражаттары/қысқа мерзімді міндеттемелер≥1;
Перспективалық төлем қабілеттілік: К= Өнімді өткізуден түскен табыс/орташа ағымдағы міндеттеме.
Ақша қаражаттарының жетістік коэффициенті. Бұл капиталды шығындайды, айналым құралдарының өсімін және дивиденттік төлемдерді жабу үшін кәсіпорынның табыс табу мүмкіндігін түсіндіреді.
К= өнімді өткізуден түскен табыс/ капиталды шығындар+дивиденттік төлемдер+айналым құралдарының өсімі.
Ақша қаражатын капитализациялау коэффициенті. Бұл кәсіпорынның активтеріне салынған инвестициялық деңгейін анықтауда пайдаланылады.
К= өнімді өткізуден түскен табыс- дивиденттік төлемдер/НҚбастапқы құны +инвестициялар+басқа да активтер+меншікті айналым құралдары.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің перспективасын анықтауда активтерді ақша қаражаттарына айналдыру дайындығы мен жылдамдығын сипаттайтын өтімділік көрсеткіштері пайдаланылады. Олар:
- абсолютті өтімділік коэффициенті;
- аралық жабу коэффициенті немесе жедел өтімділік;
- жалпы жабу коэффициенті немесе ағымдағы өтімділік.
Абсолютті өтімділік коэффициенті- ағымдағы активтердің қандай бөлігі жақын арада міндеттемелерді төлеу мүмкіндігін көрсетеді.
К= ақша қаражаттары + бағалы қағаздар/ағымдағы міндеттемелер>0,2-0,5.
Аралық жабу коэффициенті- дебиторлармен уақтында есептесу жағдайында кәсіпорынның болжамды төлем қабілеттілігін көрсетеді. Яғни, ағымдағы міндеттеменің қандай бөлігі тек ақша қаражаттарының есебінен емес, сонымен қатар көрсетілген қызмет, тиелген өнім төлемдері мен жабу мүмкіндігін сипаттайды.
К= ақша қаражаттары + дебиторлық қарыз + басқа да активтер/ ағымдағы міндеттемелер.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті. Бұл ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерді жабу мүмкіндігін көрсетеді.
К= ағымдағы активтер/ ағымдағы міндеттемелер≥2.
Мысал ретінде қарастырып көрейік:
Берілгені:
Ақша қаражаттары – 33542тг
Инвестициялар – 2300 тг
Дебиторлық қарыз -1468 тг
Айналым құралдарының өсімі-4678 тг
Ұзақ мерзімді активтер – 24083 тг
Ағымдағы активтер – 55840 тг
Меншікті капитал – 45764 тг
Қысқа мерзімді міндеттемелер – 23500 тг
Капиталды шығындар – 5468 тг
Дивиденттік төлемдер – 12000 тг
Бағалы қағаздар – 23000 тг
Ағымдағы міндеттеме – 55400 тг
Басқа да активтер – 2300 тг
өнімді өткізуден түскен табыс – 88239 тг
негізгі құралдардың бастапқы құны – 21400 тг
Табу керек: ағымдағы және ұзақ мерзімді төлем қабілеттілік, ақша қаражаттарының жеткіліктілігі, абсолюттік өтімділік, аралық өтімділік және жалпы жабу коэффициенттерін, ақша қаражатын капитализациялау.
1)ағымдағы төлем қабілеттілік : = 33542/23500≥1=1,43≥1;
2)ұзақ мерзімді төлем қабілеттілік : =88239/55400=1,59;
3)ақша қаражатының жеткіліктілігі : =88239/5468+12000+4678=3,98;
4)абсолюттік өтімділік коэффициенті : =33542+23000/55400=1,02;
5) аралық өтімділік коэффициенті : =33542+1468+2300/55400=0,67;
6)жалпы жабу коэффициенті : =55840/55400=1,007.
7) ақша қаражатын капитализациялау коэффициенті: = 88239-12000/21400+2300+2300+21681=1,6.
Қаржылық тұрақтылықты талдау.
Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі жне оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Меншікті капитал жетпегенде ғана, шеттен капитал тартылады.
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш әртүрлі атпен (тәуелсіздік немесе автономдық коэффициенті)берілген. Бірақ оның мәні бір ғана- бұл коэффициентіне қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатындығын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентінің формуласы:
Ктс=Мк/Ак
Мұндағы;
Ктс- тәуелсіздік коэффициенті;
Мк- меншікті капитал;
Ак-авансталған капитал.
Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.
Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл, қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік береді.
Ковалев А.М және т.б. бұл көрсеткіштердің 0,5 деңгейдегі мәні кәсіпорынның барлық міндеттемелерінің өз қаражатымен жабуды қамтамасыз ете алатын ең төменгі көрсеткіш бола алады деп санайды.
Меншікті капиталдың үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі. Кәсіпорын капиталының құрылымын зерттеу оларға кәсіпорын қызметінің кеңейгені не қысқарғаны жайлы айтуына мүмкіндік береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі және меншікті капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қысқарғанын көрсетеді. Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивиденттердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражатты өсірген дұрыс. Ал, егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс. Тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатыстырылған капиталдың барлық авансталған капиталдағы үлес салмағы дәлелдейді. Оны тәуелділік коэффициенті деп атайды, оның формуласы:
Кт=Қк/Ак;
Кт=1 – Ктс;
Мұндағы: Кт- тәуелділік коэффициенті;
Қк- қатыстырылған капитал.
Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздық үлесін сипаттайды.
Іскерлік белсенділікті талдау.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау – кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анықтауға мүмкіндік беретін әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттерінің деңгейі мен қозғалысын зерттейді. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициенттер жатады:
- капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті:
о
К = өнімді өткізуден түскен табыс/авансталған капитал
а
бұл жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін алып келгенін көрсетеді.
- меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті:
о
К = өнімді өткізуден түскен табыс / меншікті капитал;
м
Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды. Коммерциялық тұрғыдан қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды.
- ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті:
о
К = өнімді өткізуден түскен табыс/ағымдағы активтер
Бұл ағымдағы активтерінің айналым жылдамдығын, яғни талданып отырған кезеңдегі барлық айналым қаражатының айналым санын көрсетеді.
- материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті:
о
К з = өнімді өткізуден түскен табыс/ өндірістік запастардың орташа құны.
Бұл кәсіпорынның талдау кезіндегі шығындар мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын көрсетеді.
- дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті:
о
К = өнімді өткізуден түскен табыс/ дайын өнім мөлшері.
r
Бұл дайын өнімнің айналым жылжамдығын көрсетеді. Оның өсуі кәсіпорынның өніміне деген сұраныстың артқанын көрсетеді. Ал, төмендеуі, сұраныстың төмендеуіне байланысты дайын өнімнің шамадан тыс жиналып қалғанын білдіреді.
Дебиторлық қарыздың айналымдылық коэффициенті:
о
6) К = өнімді өткізуден түскен табыс/Дебиторлық қарыз.
дқ
7)кредиторлық қарыздың айналымдылық коэффициенті:
о
К = өнімді өткізуден түскен табыс/ кредиторлық қарыз.
кқ
8)ақша қаражаттарының айналымдылық коэффициенті:
о
К = ақша қаражаттарының айналымы/ ақша қаражаттарының қалдығы.
9) инвестицияланған капитал айналымы:
Кик = өнімді өткізуден түскен табыс/ ұзақ және қысқа мерзімді инвестициялар.
10) істегі капитал айналымдылығы:
Кфк = өнімді өткізуден түскен табыс/ істегі капитал.
Істегі капитал = барлық активтер — ұзақ және қысқа мерзімді инвестициялар.
Бұл коэффициент өндірістік қызметке тікелей қатысатын капиталдың айналымдылығын сипаттайды.
11)перманентті капитал айналымдылығы :
Кпк = өнімді өткізуден түскен табыс/ перманентті капитал
Перманетті капитал = меншікті капитал + ұзақ мерзімді міндеттеме.
12)іскерлік белсенділік индексі.
Ида = істегі капитал айналымдылығы* негізгі қызметтің табыстылығы.
Осы келтірілген көрсеткіштердің мәнін есептеп көрейік:
Берілгені:
өнімді өткізуден түскен табыс – 211103 тг
авансталған капитал – 88480 тг
меншікті капитал – 60846 тг
ағымдағы активтер – 56551 тг
өнімнің өзіндік құны – 172 000 тг
өндірістік запастардың орташа құны – 9654 тг
дайын өнім мөлшері – 3500 тг
дебиторлық қарыз – 12176 тг
кредиторлық қарыз – 21553 тг
ақша қаражатының қалдығы – 12176 тг
ұзақ және қысқа мерзімді активтер – 88480 тг
істегі капитал – 63047 тг
перманентті капитал – 55200 тг
табу керек: іскерлік белсенділік көрсеткіштерін
о
1) К = 211 103 / 88480 =2,38;
а
о
2) К = 211 103 / 60846 = 3,47;
м
о
3) К = 211 103 / 56 551= 3,73;
аа
о
4) К з = 172 000 / 9654 = 17,8;
о
5) К = 211 103 / 3500 = 60,3;
r
о
6) К = 211 103 / 29 846 = 7,07;
дқ
о
7) К = 211 103 / 21 553=9,8;
кқ
о
8) К = ақша қаражаттарының айналымы/ ақша қаражаттарының қалдығы = 211 103 / 12 176 = 17,8;
9) Кик = өнімді өткізуден түскен табыс/ ұзақ және қысқа мерзімді = 211 103 / 88480 = 2,39;
10) Кфк = өнімді өткізуден түскен табыс/ істегі капитал = 211 103 / 63 047 = 3,35;
11) Кпк = өнімді өткізуден түскен табыс/ перманентті капитал = 211 103 / 55200 = 3,8;
12) Ида = 2,35 * 0,07 = 0,17.
Сонымен, мен кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді қарадым, оларды талдау, кәсіпорын өзінің қаражатын қаншалықты тиімді жұмсағанын айқындауға көмектеседі. Бұл көрсеткіштерді талдаумен қаиар, кәсіпорынның базарлық (рыногтық) белсенділігін бағалауға болатын басқа да көрсеткіштерді қарап және жан-жақты таңдап қорыту керек.
Табыстылықты талдау
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші — бүл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әде-биеттерде «табыстар» ұғымы келесідей түрде анықгалады:
«Табыстар дегеніміз — қаржының келуі немесе ак-тивтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың үлғаюы болып табылады, бүл акционерлер салымдары-ның есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі» (15).
Ықшамдалған түрде бүл түсінік 1995 жылы 26 жел-тоқсандағы «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делінген: «Табыстар — бүл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы» (11). Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезе-гінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Менің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.
Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорын-ның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қа-лыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады.
Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:
- табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
- таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
- табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
- табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
- табыстың өсу резервтерін анықтау;
- кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
- табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-мате-риалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіден — азаюына әсер етеді.
Кәсіпорында өнімді өікізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардын, < тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі
Мына кестеде өнімді өткізуден түскен табысты алу жоспарының негізделуін тексеру жөнінде мәліметтер келтірілген.
Өнімді өткізуден түскен табыс жоспарының негізделуін тексеру
№ |
Көрсеткіштер |
Есептік бағасы бойынша мың тг. |
1. |
Өткізілмей қалған дайын өнімнің жыл басындағы нақты қалдығы |
8360 |
2 |
Тауарлы онім шығару |
29000 |
3. |
Өткізілген енімнің жыл аяғындағы қалдығы |
15940 |
4. |
Өнімді өткізуден алынуы мүмкін табыс (1 қатар+2 қатар — 3 қатар) |
21420 |
5. |
Жоспар бойынша енімді өткізуден алынатын табыс |
20850 |
6. |
Ауытқуы (4 қатар — 5 қатар) |
570 |
Кестеден кәсіпорынның өнімді өткізуден түсетін табыс көлемін 570 мың теңгеге төмендеткені көрінеді. Жоспар жасаған кезде жыл соңындағы өтпеген өнімнің шамадан тыс қалдықтарын ескерген болуы керек. Өнімді өткізуден түсетін табыс 20 850 мың теңгені емес, 570 мың теңгеге көп, яғни 21 420 мың теңгені құрауы керек еді. Басқаша айтқанда, жоспарды артық орындау болмас еді.
Келесі кестеде кәсіпорынның жалпы табысына әсер ететін факторларды талдап көрсетейік:
|
Көрсеткіштер |
Жоспар бойынша |
Нақты өткізілген өнімге жоспар бойынша |
Нақты |
1. |
Өнімді (жұмыс, қьізмет) өткізуден түсетін табыс |
20850 |
19745 |
23179 |
2. |
Өткізілген өнімнің өнді-рістік өзіндік құны |
16435 |
15741 |
16996 |
3. |
Жалпы табыс (1қатар-2қатар) |
4415 |
. 4004 |
6183 |
Жалпы табыстың нақты көлемі жоспарланған көлемінен 1768 мың теңгеге көп.
Бұл ауытқуға келесі факторлар әсер етті:
өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;
өнім бірлігінің бағасы;
өткізілген өнім көлемі (саны);
өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер.
Жоғарыда аталған факторлардың осы ауытқуға әсерін анықтау керек. Олардың есебі келесі түрде жүргізіледі.
- Өнімнің өндірістік өзіндік қүньшың өзгерісінің әсері, өткізілген өнімнің нақты өзіндік құнынан өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспарлы өзіндік қүнын алып тастау жолымен мына формула арқылы табылады:
0ін — өткізілген өнімнің нақты көлемі;
Sі» — өнім бірлігінің нақты өзіндік құны;
S* — өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құны.
Осылайша табылған сомада шикізат, материалдар, отын, сатып алынған жартылай фабрикаттар, энергия тарифі бағаларының жоспармен салыстырғандағы өзгерістері бар. Бүл фактор кәсіпорыннан тәуелсіз болғандықтан, ішкі талдау барысында оны дербес фактор ретінде көрсету дұрыс.
Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнының жоспармен салыстырғанда төмендеуі немесе өсуі кезінде жалпы табыс сәйкесінше өседі немесе азаяды. Біздің мысалда артық шығындалу болған, бүл жалпы табыс көлемін 1255 мың теңгеге төмендетті (16 966-15 741).
- Жалпы табыстың нақты көлемінің жоспардан ауытқуына қолданыстағы баға өзгерісінің әсері келесі формула бойынша есептеледі: Мұндағы: Р/ және р; — өнім бірлігіне сәйкесінше нақты және жоспарлы бағасы.
Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнім өткізуден түскен нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады.
Біздің мысалымызда жалпы табыс баға факторы есебінен 3434 мың теңгеге (23179-19745) өсті.
Өткізу көлемінің өзгерісінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау үшін алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу дәрежесін анықтау керек. Табыс көлемі осы факторға тікелей үйлесімді тәуелді болғандықтан, жоспарлы табысты өткізу көлемі бойынша орындалу пайызына көбейту керек.
Біз талдап отырған кәсіпорын тауарлы өнімді өткізу бойынша жоспарды 3,4%-ға асыра орындады (16996:16435-100)-100, нәтижесінде жоспарланған жалпы табыстан 150 мың теңге артық алынған (4415-10,34:100) — 4415.
Талдау жұмысының теориясы мен тәжірибесінде, өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістердің жалпы табысқа әсерін есептеудің екі тәсілі бар:
«өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар бойынша» есептелінген, алынуға тиісті жалпы табыс сомасын өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу коэффициентіне түзетілген жалпы табыстың жоспарлы мөлшерімен салыстыру арқылы;
«өткізу көлемінің өзгеруі» факторының әсер ету соммасын «өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша» есептелінген және алынуға тиісті табысының көрсеткіштері арасындағы айырмадан шегеру арқылы (қалдық тәсілі).
Тәжірибеде екінші тәсіл жиі қолданылады, өйткені бүл фактордың әсер ету көлемін есептеуге дейін өткізу көлемінің өзгерісінің әсерін анықтайды. «Өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша» есептелінген, алынуға тиісті жалпы табыс сомасы осы екі факторлардың жиынтық әсерін сипаттайтын болғандықтан, бұл сомадан өткізу көлемін қолданудың әсерін шегеру арқылы өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістерінің пайдаға тигізетін әсерін анықтайды.
Бұл мысалда есептеулер келесіні көрсетеді:
4004 *415= — 411;
— 411+(-150)= — 561.
Құрылымдық өзгерістер нәтижесінде жоспармен салыстырғанда жалпы табыс 561 мың теңгеге кем алынған.
Менің ойымша, бұл фактордың әсерін нақты өткізілген өнімнен жоспар бойынша алынуға тиісті табысты, есепті жылы өнімді өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалуын ескере отырып, жоспарлы құ-рылым жағдайында алынған табыспен салыстыру. арқылы анықтаған дұрыс болып табылады.
Есептің мұндай әдісі әлдеқайда ыңғайлы әрі дәл болып табылады. Есептеулер келесідей түрде болады:
4004 — (4415*103,4:100>4004 — 4565= -561.
Бұл мысалда құрылымның өзгеруі жалпы табыстың ауытқуына теріс әсерін тигізді, яғни оның мөлшері 561 мың теңгеге азайды. Жалпы табысты талдау нәтижелерін мына кесте арқылы көрсетейін.
Жалпы табыстың ауытқуына негізгі факторлардың әсері
№ |
Көрсеткіштер |
Сомасы, мың тг |
Жоспарлы табысқа %-бен |
1. |
Өткізілген енімнің өзіндік құнының өсуі |
-1255 |
+ 28,4 |
2. |
Келісілген бағалар деңгейінің өсуі |
+ 3434 |
+ 77,7 |
3. |
Өнімді өткізу көлемінің артуы |
+ 150 |
+ 3,4 |
4. |
Өткізілген енім құрамындағы құрылымдық езгерістер |
-561 |
-12,7 |
|
Жиыны: |
+ 1768 |
+ 40,0 |
Жоспардан тыс жалпы табыс келісім бағалары мен өнімді өткізу көлемінің өсуі нәтижесінде алынып отыр. Егер кәсіпорын өнімнің өзіндік құнының өсуіне жол бермеген болса және де бизнес жоспармен салыстыр ғанда өткізілген өнімнің құрамындағы құрылымдық өзгерістер болмаған жағдайда жалпы табыс 1816 мың теңгеге (1255+561) есетін еді. Жалпы табыстың өндірістік өзіндік құнының өсуі нәтижесінде азаюын — кәсіпорын жұмысындағы жағымсыз құбылыс ретінде сипаттауға болады.
Біздің мысалымызда өткен жылмен салыстырғанда баға индексі 1,05-ті құрайды. Бағаның өсуі жалпы табысқа әсер етуі тиіс.
Жалпы табыстың өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларға келесі езгерістер жатады:
өткізілген өнімдердің бағасының өзгеруі;
өнімді өткізуден түскен табыстың өзгеруі;
өткізілген өнімнің 1 теңгеге шаққандағы шығындарының өзгерісі. Олардың есепті жылы алынған жиынтық табыстың өткен жылмен салыстырғандағы ауытқуына тигізетін әсерін анықтау үшін, келесі аналитикалық кестені құрайық.
Жалпы табыстың өткен жылдағыдан ауытқуына факторлардың. тигізетін әсерін анықтау үшін қажетті алғашқы мәлімет
№ |
Көрсеткіштер |
Өткен жылғы |
Есепті жылғы |
1 |
Өнімді (жұмыс, қызметті)өткізуден түскен табыс |
24392 |
24179 |
2 |
Өткізілген өнімің (жұмыс қызмет) өндірістік өзіндік құны |
20689 |
16996 |
3 |
Жалпы табыс (1 қатар – 2 қатар) |
3703 |
6283 |
4 |
Баға индексі |
1,00 |
1,05 |
5 |
Өткізілген өнімнен (жұмыс, қызмет) түскен табыс, салыстырмалы бағамен |
24392 |
22075 |
Осы мәліметтерге сүйене отырып, жоғарыда көрсетілген факторлардың жалпы табыстың өзгеруіне тигізген әсерін анықтайық:
- Бағаның өсуі табысқа қалай әсер еткенін анықтау үшін, есепті жылы өнімді өткізуден түскен табысты өткен жылдың еркін сатылу бағасымен (ҚҚС және акцизсіз) қайта есептеп, содан кейін оны есепті жыл-дың еркін сату бағасымен (ҚҚС және акцизсіз) есептелген өнімді өткізуден түскен табыспен салыстыру қажет. Алынған айырма бағалар қандай сомаға өзгер-гендігін (өскенін немесе кемігендігін) және сәйкесінше табыстың да өзгерісін көрсетеді.
Есепті жылдағы өнімді өткізуден түскен табыс өткен жылғы бағамен:
23179 : 1,05 = 22075.
Бағалардың өзгёрісі және оның жалпы табысқа әсері:
Кәсіпорынның еркін сату бағасының өсуі есебінен түскен есепті жылдағы қосымша табыс 1104 мың теңгені құрайды.
- Өткізуден түскен табыстың әсерін келесі жолмен
анықтаймыз.
Өткен жылғы өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шақ-қандағы табысының деңгейі тұрғысынан алатын болсақ, онда оның абсолютті сомадағы өсімі немесе азаюы енімді өткізуден түскен табыстың өсуі немесе азаюына пропорционалды түрде болуы тиіс.
Біздің мысалымызда өткен жылмен салыс-тырғанда өнімді өткізуден түскен табыс 9,5%-ға (22 075:24392×109=90,5); 100-90,5=9,5 азайды. Нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыстың кемуі есебінен жалпы табыстың азаюы 352 мың теңгені [3703(-9,5):100] қүрайды. Есептеуді, былтырғы өнімді сатудан түскен табыстың 1 теңгесіне шаққандағы жалпы табысты, өнімді сатудан түскен табыстың артуы немесе кемуіне көбейту арқылы жүргізуге- болады:
[3703:24392-(22075-24392)]=0,1518-(-2317)= -352 мың теңге.
- Өткізілген өнімнен алынған табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындар деңгейінің ықпалы, есепті жылы еткізілген өнімнен түскен табыстың 1 теңгесіне шақ-
қандағы шығындардың нақты деңгейі мен өткен жылғы шығындар деңгейі арасындағы айырмасы ретінде анықталады және бұл айырманы есепті жылдағы салыстырмалы бағамен есептегендегі өнімді өткізуден алынатын нақты табысқа көбейтеді. Нәтижесі шығынның кемуі немесе артуы кему есебінен жалпы табыс көлемінің қаншалықты өзгергенін көрсетеді. Есептеу: [(16996:22075)-20689:24392)]-22075=(0,7699-0,8482)-22075=
= -0,0783-22075= -1728 мың теңге. Өткізілген өнімнен алынатын табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығын-дардың азаюы нәтижесінде жалпы табыс 1728 мың теңгеге өсті. Жалпы табысқа шығындардың тигізетін ықпалының дәл осы нәтижесін, есепті жылдағы нақты шығындардың өнімді өткізуден алынған табыстың өсу (кему) индексіне қайта есептелген, өткен жылдың нақты шығындарымен салыстыру арқылы алуға болады:
1696-(20689- 20689*9.5/100)=1696-16996-(20689- 1965)
= 16996-18724 = -1728 мың теңге.
Өнімнің өзіндік құны осы сомаға кеміген және сәйкесінше бұл жалпы табыстың өсуіне әкеледі.
Үш фактордың ықпалы нәтижесінде жалпы табыс 2480 мың теңгеге (+1104-352+1728) =2480 өсті.
Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдылығын талдау.
Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни қаржылық және инвестициялық саясаттың тиімсіз болуынан туындайды.
Банкроттықтың ықтималдылығын бағалаудың ең жиі қолданылатын әдісі белгілі американ экономисті Э. Альтман ұсынған Z модельдері. Осы модельдердің ішіндегі ең қарапайым екі факторлы модель болып табылады. Ол негізгі екі көрсеткішке негізделеді. Э.Альтманның пікірі бойынша банкроттықтың ықтималдылығы кәсіпорынның жалпы жабу коэффициенті немесе ағымдағы өтімділік, яғни кәсіпорынның активтерінің өтімділігін сипаттайтын коэффициентке және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын коэффициенттеріне байланысты болады. Эмперикалық жолмен табылған бұл көрсеикіштер коэффициенттерінің салмақтық мағынасына көбейтіліп, нтижелері белгілі бір тұрақты өлшеммен қосылады, ол да тәжірибелік-статистикалық тәсілмен табылады. Егер нәтиже теріс болса, банкроттық ықтималдылығының үлкен емес екендігі анықталады. Ал егер Z мәні оң болатын болса, ол банкроттық ықтималдылығының жоғары екенін көрсетеді.
Тәжірибеде мынадай коэффициенттердің салмақтық мәндері қолданылады:
- ағымдағы өтімділік коэффициенті үшін:
(Кп) – ( — 1,0736)
-баланстың пассивіндегі қарыздық қаражаттың үлес салмағы көрсеткіші үшін:
(Ктәуел) – ( +0,0579)
-тұрақты шама – ( — 0,3877).
Бұдан Z есебінің формуласы мынадай болады:
Z = — 0,3877 + Кп – ( — 1,0736) + Ктәу * 0,0579.
Кп – ағымдағы өтімділік;
Ктәу – тәуелділік коэффициенті.
Мұнда Z =0 болғанда кәсіпорын үшін банкроттық ықтималдылығы 50%-ға тең. Егер Z < 0 болса, ондабанкрот ықтималдылығы 50%-дан кем болады. Егер Z > 0 болса, онда банкроттық ықтималдылығы 50%-дан асып, Z өскен сайын ұлғая береді.
Банкроттық ықтималдық дәрежесі.
Z- шоттың мәні |
банкроттық ықтималдылығы |
1,81 және одан төмен |
өте жоғары |
1,81-ден 2,70 дейін |
жоғары |
2,71-ден 2,90 дейін |
мүмкіндік бар |
3,0-ден және жоғары |
өте төмен |
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы жабу), ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерге қатынасымен анықталады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізу және ағымдағы міндеттемелерді уақытында жабу үшін айналым қаражаттарымен жалпы қамтамасыз етілуін сипаттайды.
Меншікті қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициенті меншікті айналым қаражаттарының ағымдағы активтер құнына қатынасымен анықталады.
Кәсіпорынның баланс құрылымы қнағаттанғысыз, ал кәсіпорын төлем қабілетсіз деуге негіз ретінде келесі талаптарының бірінің орындалуы шарт:
- есепті кезең соңындағы ағымдағы өтімділік коэффициентінің мәні 2,0-ден кем.
- есепті кезең соңындағы меншікті қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициенті 0,1-ден кем.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі жоқ деп тану оның жағдайының қанағаттанғысыздығын білдірмейді, яғни меншік иесіне азаматтық-құқықтық жауапкершілік жүктелмейді.
2009 жылдың басы мен аяғына кәсіпорынның баланс құрылымын бағалау.
№ |
Көрсеткіштер |
Жыл басында |
Жыл аяғында |
Коэффициент нормасы |
Мүмкін болатын шешім (баға) |
1 |
Ағымдағы өтімділік коэффициенті |
2,97 |
2,27 |
>2,0 |
баланс құрылымы қанағаттанарлықтай |
2 |
Меншікті қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициенті |
0,66 |
0,56 |
>0,1 |
|
3 |
Төлем қабілетін қалпына келтіру коэффициенті |
х |
— |
— |
баланс құрылымы қанағаттанарлықтай |
4 |
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің жойылу коэффициенті |
х |
1,05 |
>1,0 |
алдыңғы үш айда кәсіпорынның төлем қабілеттілігін сақтауғамүмкіндігі бар |
Ақша қаражаттары мен есептеулердің есебі.
Кәсіпорын материалды жеткізушілермен, өнім алушылармен немесе қызметтерді пайдаланушылармен шаруашылық байланыста болып және олармен алыс-беріс қатынастарда болады. Алыс-беріс қатынастар алушылардың белгіленге уақытта алынған материалдық құндылықтардың, орындалған жұмыстар мен қызметтердің құнын төлеу міндеттемелеріне, сондай-ақ жеткізушілердің алушылардан төлемақыны талап ету құқығына негізделеді.
Алыс-беріс қатынастары мемлекеттік бюджет, әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақы қоры және т.б. органдармен де пайда болады.
Есеп айырысудың айқын ұйымдастырылуы айналымдағы қаржылардың айналымдылығын тездетуге, төлемдердің мерзімін өткізіп алған жағдайларда кәсіпорынға айыппұлдар мен өсім төлеуден құтылу мүмкіндігін береді.
Көбінесе ұйымдардың арасында есеп айырысу банк жүйесінің жәрдемімен қолма-қол ақшасыз арқылы жүргізіледі. Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорын банкіге төмендегі құжаттарды өткізеді: шот ашу жөнінде өтініш, кәсіпорын ұйымдастырылуының заңдылығы туралы құжат (нотариуспен бекітілген құрылтайшылардың шешімі) жарғы көшірмесінің бір данасы, мөрдің таңбасымен қойылған нотариуспен бекітілген екі карточка, кәсіпорынның тіркелуі туралы статистикалық органдарынан анықтама және есепке қою туралы салық инспекциясының анықтамасы.
Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына сәйкес кәсіпорын, мекеме, ұйым өзінің негізгі қызметі бойынша операцияларды жүргізу үшін банк немесе басқа несие мекемесінде бір ағымдағы (есеп айырысу) және бюджеттік шот ашуына құқылы.
Салық төлеушілер тоқсан сайын салық органдарына өздерінің Қазақстан Республикасы көлемінде, сондай-ақ шет елдерде ашылған барлық шоттары (валюталық, депозитті және т.б.) туралы мәліметтер беріп тұруға міндетті.
Кәсіпорынның есеп айырысу шотыына өткізілген өнім үшін ақшалар, аванстық төлемдер, банктің несиелері, дебиторлық қарыздар, кассадағы қолма-қол ақша және т.б. келіп түседі.
Есеп айырысу шотынан қолма-қол ақшасыз есептеулер жүргізіледі, еңбекақы төлеу, іс сапар, шаруашылық және өкілдік шығыстарына қолма-қол ақша беріледі. Қолма-қол ақша мәлімдемеге сәйкес босатылады.
Қолма-қол ақша беруді, сондай-ақ есеп айырысу шотынан ақша аударуларын әдеттегінше, банк есеп айырысу шоты иесінің бұйрығы негізінде немесе оның келісімі (акцепті) бойынша жүргізіледі.
Ерекше жағдайларда банк есеп айырысу шотынан мәжбүрлі түрде ақша қаражаттарын шығыс етеді. Мысалы, салық органдарының ұйғарымы бойынша төлеу мерзімдері өтіп кеткен салықтар, жинаулар және т.б. аударылады. Одан басқа өзінің келісімі бойынша ақша қаражаттарын шығыс ету мүмкін, мысалы, банктің несиесін пайдаланғаны үшін (несие үшін пайыз), есеп айырысу мен кассалық қызмет үшін және т.б.
Банктің қызметтері үшін төлем бойынша шығыстар кәсіплоынның шығындарына, ал кәсіпорынның уақытша еркін қаржыларын пайдаланғаны үшін банктің төлемдері – оның негізгі емес қызметтерінің табыстарына апарылады.
Банктік ағымдағы шотында операциялар жүргізу үшін негіз ретінде бастапқы құжаттар төлем тапсырмалары, чектер, қолма-қол ақшаны өткізу үшін хабарландыру болып табылады.
Төлем тапсырмасы кәсіпорынның есеп айырысу шотынан алушының есеп айырысу шотына онда көрсетілген қаржыны шығыс ету үшін қызмет атқарады.
Ақша чегі банкіге қолма қол ақшаның көрсетілген көлемінде есеп айырысу шотынан босату туралы бұйрық болып саналады.
1000 – ақша қаражаттары;
1010 – кассадағы ақша қаражаттары;
1020 – жолдағы ақша қаражаттары;
1030 – ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттары;
1040 – карт шоттардағы ақша қаражаттары;
1050 – жинақ шоттардағы ақша қаражаттары;
1060 — өзге ақша қаражаттары.
Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісімшарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі. Олар ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Есеп айырысу шоттары – шаруашылық есепте тұрған дербес балансы бар ҚР-сы Әділет органдарына тіркеуден өткен заңды тұлғаларға ашылады.
Ағымдағы шоттар – бюджеттік мекемелерге олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша қоғамдық ұйымдарға өндірістік, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ашылады.
Бюджеттік шоттар – республикалық бюджетте тұрған мекемелерге ашылады.
Корреспонденттік шоттар – Ұлттық банк мекемелеріндегі екінші деңгейдегі банктерге және жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Ақша қаражаттарының, есеп айырысулардың және несие операцияларының бухгалтерлік есептің міндеттері:
- Қолма-қол ақшасыз аудару жолымен және ақша қолма-қол ақшамен қажетті есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргізу.
- Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айрысу операцияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде көрсету.
- Бөлінген лимиттерге, қорларға және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерін сақтау.
- Белгіленген мерзімдерге ақша қаражаттарымен есеп айырысудың жағдайына түгендеуді ұйымдастыру және жүргізу.
- Кассадағы, есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа шоттардағы ақшалардың бар-жоғы мен сақталуына бақылау жасау.
- Есеп айырысу – төлем тәртібінің сақталуына материалдық құндылықтар мен қызметтер үшін соиалардың уақтылы аударылуына, сондай-ақ несие тәртібінде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.
Ақшаларды қабылдауды, беруді және аударуды банк мынадай құжаттардың негізінде орындайды:
- Қолма- қол ақшаларды кассадан есеп айырысу шотына енгізген кезде қолма-қол ақша сомасының мәлімдемесі рәсімделеді.
- Әр түрлі мақсаттары үшін кассаға алынған чек рәсімделеді.
- Басқа субъектілермен есеп айырысқанда төлем тапсырмасы жазылады.
- Субъект босатылған өнімдердің, орындалған жұмыстар мен қызметтердің құнын сатып алушыдан өндіріп алуға тиіс болғанда төлем талап-тапсырмасы жасалынады.
- Шаруашылық істері жөніндегі алқаның бұйрығы, сот органдарының атқарушы қағаздары есеп айырысу шотынан қаражаттар есептен шығарылатын атқарушы құжат болып табылады.
Субъектінің шотынан барлық төлемдер есеп айырысу құжаттарының банкке түсуіне қарай күнтізбелік кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Банк төлеуге қабілетсіз деп жарияланған міндеттемелер бойынша төлемдердің кезектілігін банк мекемесінің басшылығы белгілейді. Банктер мезгіл – мезгіл немесе күн сайын шоттардың иелеріне жүргізілген операциялар туралы хабарлар, есепке алуға және есептен шығаруға негіз болған құжаттарды оған қоса беріп, оларға есеп айырысу шотынан көшірме беру жолымен құжаттарды жасайды.
Банкіден қолма-қол ақша алу тәртібі.
Кәсіпорын банкіден қолма-қол ақшаны оның атына жазылған ақша чегі бойынша кассир немесе басқа сенімді тұлға арқылы алады. Чектер арнайы чек кітапшасында болады. Чек кітапшасын алу үшін алушының аты-жөні көрсетілген және оның қол таңбасының үлгісі берілген арнайы өтініш толтыру қажет. өтініш басшы мен бас бухгалтердің қол таңбалары қойылып, кәсіпорынның мөрімен бекітіледі. Сол өтінішке сәйкес банк сенімді тұлғаға 25 немесе 50 данаға чек кітапшасын береді. Банкіде өзінің есеп айырысу шотынан қолма-қол ақша алу үшін бухгалтер ақша чегін толтырады, оған басшымен бірге қол таңбаларын қойып кассирге береді. Чектегі сома жолдың басынан міндетті түрде бас әріппен жазылады.
Шоттар кореспонденциясы:
- Есеп айырысу шотынан кассаға ақша қаражаттары келіп түсті:
Дт – 1010 Кт – 1030
- Есеп айырысу шотына тиеуге алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар келіп түсті:
Дт – 1031 Кт – 1270
- Лауазымды тұлғаға кассадан еңбекақы берілді:
Дт – 1251 Кт – 1010
- Кассаға сатып алушылардан төлемдер келіп түсті:
Дт – 1010 Кт – 1220
Есеп беруге тиісті адамдармен есеп айырысудың есебі.
Есепті тұлғалар болып кассадан шаруашылық, іс сапар шығыстарымен материалдар сатып алу үшін алдын-ала алған кәсіпорынның қызметкерлері саналады. Кассадан шаруашылық және басқа шығыстарға ақша алуға құқылы лауазымдар мен тұлғалардың тізімі кәсіпорынның басшысы бекітеді. Ал, іс сапарға қаражаттар оның негізінде беріледі.
Қызмет іс сапарларының тәртібі мен жағдайлары ҚР-сы үкіметі қаулысымен белгіленеді.
Есепті тұлғалармен есеп айырысу 1250 «қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотында жүргізіледі. Қазақстанның халық шаруашылығында кассалық операцияларды жүргізудің уақытша тәртібіне сәйкес шаруашылық субъектілері кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын банк мекемесімен келісім бойынша субъект бастығы белгіленген мөлшерде және мерзімде операциялық, шаруашылық және басқа шығындар үшін қолма-қол ақшаның жұмсалмаған бөлігі алынған мерзімі аяқталғанан кейінгі 3 күннен кешіктірместен кассаға қайтарыылуға тиіс. Қолма-қол ақшаны есеп беруге алған тұлға жұмсалған сомалар туралы есептемені мерзім аяқталғаннан кейінгі 5 күннен кешіктірместен субъектінің бухгалтериясына өткізуге міндетті.
Іс сапарға жіберілген қызметкердің:
- іс сапар орнына дейінгі және одан кері қарай тұрақты жұмыс орнына дейінгі жол жүру шығындарын;
- тұрғын үй-жайды жалдау шығындарын;
- тәулік ақысын;
- ұсынылған құжаттарға (сақталым, кеңсемен, офиспен сөйлесудің шоты және т.б.) сәйкес өзге шығындарын жолаушыларды сақтандыру жөніндегі сақтандыру төлемдерін, билеттерді алдын ала сату қызметіне төлемді, көрпе жастық пайдалану ақысын қоса алғанда, әуемен, теміржолмен, су және жалпы пайдаланудағы автомобильмен (таксиден басқа) жол құны мөлшерінде өтеледі.
Тұрғын үй-жайын жалдау жөніндегі шығындар мейманханадағы орынды сақтау құнын қоса алғанда, ұсынылған құжаттар негізінде (люкс номерінен басқа) өтеледі. Егер құжаттар өткізілмесе, үй-жайды жалдау жөніндегі шығындар норманың 50 пайызы мөлшерінде өтеледі.
Қызметкер іссапардан оралғаннан кейін 3 күннің ішінде іссапарға байланысты жұмсалған сомалар аванстық есептеме тапсыруға міндетті.
Кредиті бойынша аванстық есептемеге сәйкес пайдаланылған сомалар мен кіріс касса ордері бойынша пайдаланылмағандар ретінде көрсетілген сомалар көрсетіледі:
- шаруашылық шығындарына, рперация мұқтаждықтарды, іссапарға есеп беруге қолма-қол ақшалар берілгенде:
Дт – 1250 Кт – 1040, 1050
2) аударым жолымен есеп беруге сомалар берілді (ұшаққа билет сатып алу) :
Дт – 1250 Кт – 1040,1050
3)есеп беретін тұлға сатып алған ТМҚ кіріске алынды:
Дт – 1310-1315,1317,1330 Кт – 1250
4)жол жүру билеттері сатып алынды:
Дт – 1250 Кт – 1070
5)аванстық есептемелер тапсырылған бойда есеп беру сомаларын есептен шығару:
Дт – 7210, 8048 Кт – 1250
6)есеп беретін сомалар бойынша:
Дт – 1420 Кт – 1250
7)жұмсалмаған есеп беру сомаларын қайтару:
Дт – 1010, 1020 Кт – 1250
8)жұмсалмаған есеп беру сомаларын жалақыдан ұстап қалу
Дт – 3350 Кт – 1250
9)зейнетақы қорына аударымдар есеп айырысу шотынан төленді:
Дт – 3220 Кт – 1030
10)жабдықтаушылар шоты есеп айырысу шотынан төленді:
Дт – 3310 Кт – 1030
Кассадағы ақша есебі.
Ұйымдардың кассасы еңбекақы бойынша есеп айырысуға күнделікті қажетті шығындарды төлеу мақсатында кеңсе тауарларын сатып алуға ұйымның хаттарын және басқаларын пошта арқылы жөнелту үшін есеп айырысу мақсатында іссапар шығындарымен өкілеттік шығындар бойынша есеп айырысуға қызмет етеді.
Касса арнайы жабдықталған бөлмеде орналасуы қажет. Касса операцияларының есебі ҚР-ның Ұлттық банкі басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі 24-ші хаттамасымен бекітілген «ҚР-сы шаруашылығы касса операцияларын жүргізідің уақытша тәртібіне» сәйкес жүзеге асырылады. Нақты ақша кассирдің мөрі сейфте сақталады. Сейфтің бір кілті мен мөрі кассирде, екінші данасы ұйымның басшысында арнайы орында сақталады,
Кассадағы ақша қаражатарының толық сақталуына кассир жауап береді. Ол жөнінде алғаш жұмысқа қабылданғанында толық материалдық жауапкершілік жөнінде келісімшарт жасалынады.
Шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарын пайдалынады және мынадай әртүрлі валюталарда:
- ұлттық;
- еркін айырбасталатын;
- тұйық валютада:
- клиринг валютасында (қарсылама талаптар мен міндеттемелерді өзара есепке алу негізінде қолма қол ақшасыз есеп айырысуға қатысушылар келіскен валютада.
Негізгі құрал- жабдықтар мен материалдық емес активтер есебі.
Негізгі құралдар – көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.Өндіріс процесі өндіріс құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады, олар:
- еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар);
- еңбек құралдары (станоктар, машиналар) болып бөлінеді.
Негізгі құралдарға мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер (жер учаскесі, үйлер, ғимараттар, көпжылдық өсімдіктер және жермен өте тығыз байланысты, қозғалысы олардың мақсатына зиян келтірмеуі мүмкін емес басқа объектілер), көлік құралдары, жабдықтар,аулау аспаптары, өндірістік және шаруашылық құрал сайман, үлкен және өнім беретін малдар, арнайы құралдар мен басқа да негізгі қорлар.
Өндіріс прцессіне қатысу сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді: өндірістік негізгі құралдар – бұл өнірістік процесске тікелей қатысып немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар.
Өнірістік емес – бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар өніріс процесіне қатыспайды, ол ұжымның мәдени-тұрмыстық қажеттігін қамтамасыз етуге арналған (үйлер, ғимараттар, керек-жарақтар, ТКШ, денсаулық сақтау, спорт).
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:
- Қолданыстағы;
- Қорда тұрған.
Заттық құрамы бойынша негізгі құралдар былайша бөлінеді:
- инвентарлық – бұл заттай нысанға немесе және айырбастау мен заттай санауға болатын объектілер.
- Инвентарлық емес – бұл жер, орман және су дақылдарына арналған күрделі салым, яғни заттық нысаны жоқ шығындар.
Негізгі құралдардың есебі активтік 2411-2417-шоттарында жүргізіледі. Есептелген тозу сомаларын есепке алуға пассивті 2421-2429-шоттар арналған.
Сатып алынған негізгі құралдардің есебі.
Үйлер мен жеңіл автомобильдерді сатып алу:
1.баланстық құнына: Дт – 2411-2417 Кт – 3310
2.тозу сомасына (егер пайдалануда болған объектілер сатып алынған болса) Дт – 2411-2417 Кт – 2421-,2425
- ҚҚС-ты қоса алғанда жеткізуге байланысты шығындар: Дт – 2414 Кт – 3310
- Жеткізушілер мен мердігерлер алдындағы берешек өтелгенде: Дт – 3310 Кт – 1010,1020,1040,1050.
Сатып алынған басқа негізгі құралдар.
- ҚҚС-сыз шот-фактураларға сәйкес келісім құнына: Дт – 2411-2417 Кт – 3310.
- ұсынылған шот бойынша ҚҚС сомасына: Дт – 1420 Кт – 3310
- Төлем фактісіне қарамастан ҚҚС-ты есепке алу: Дт – 3130 Кт – 1420
- Жеткізушіге төленген шоттар: Дт – 3310 Кт – 1040,1030,1020,1010
егер алдын ала төлем жүргізілсе:
- Жүргізілген алдын ала төлемнің сомасына: Дт – 1610 Кт – 1040,1050,1010,1020.
- Негізгі құралдар келісім құнына: Дт – 2415,2416 Кт – 3310
- ҚҚС сомасына: Дт – 1420 Кт – 3310
- ҚҚС есепке алу: Дт – 3130 Кт – 1420
- Берілген аванстарды есепке алу: Дт – 3310 Кт – 1420
Объект құрылысының нәтижесінде келіп түскен негізгі құралдар.
- Құрылыстық мердігерлік әдісі:
ҚҚС-ты қоса алғанда, үйдің құрылысы бойынша сметалық және құрылыс-монтаж жұмыстары үшін жобалау ұйымы мен мердігерлік-құрылыс ұйымына есептелді: Дт – 2930 Кт – 3310
- монтажға берілген жабдықтың құнына: Дт – 2930 Кт – 3310
- Құрылысқа жер учаскесін бөлуге байланысты өтемақы есептелді: Дт – 2930 Кт – 3540
- Жобалау және мердігерлер ұйымдарының шоттарына төлем жасалды: Дт – 3310 Кт – 1040,1050,1010,1020
- Жер учаскесін бөлгені үшін өтемақы соамсы төленді: Дт – 3310 Кт – 1040,1050,1020,1010
- Жұмыстар аяқталғаннан кейін объектіні акт бойынша қабылдау және пайдалана беру:
— егер өтемақы объектінің бастапқы құнына енгізлсе Дт – 2412 Кт – 2930
— өтемақы сомасына Дт – 7210 Кт – 2930
— объектілер пайдалануға берілген екзде олардың бастапқы құнына Дт – 2412 Кт – 2930
— жыл қорытындысы бойынша шығындар жиынтық табыстың кемуіне жатқызылады Дт – 5410 Кт – 7210
Негізгі құралдардың өтеусіз келіп түсуі.
Егер негізгі құралдар демеушілік көмек ретінде алынса, онда оларды бойынша кіріске алады: Дт – 2411-2417 Кт – 6280
Егер табыс ету құжаттарында тозу сомасы көрсетілсе, онда:
а) баланстық құнына Дт – 2411-2417 Кт – 6280
б) тозу сомасына Дт – 2411-2417 Кт – 2421-2429
Негізгі құралдар жарғылық капиталға салым ретінде келіп түсуі
- мәлімделген жарғылық капиталдың сомасына : Дт – 5020 Кт – 5010
- жарғылық капиталға салым ретінде келіп түскен НҚ келісім құнына: Дт – 2411-2417 Кт – 5020
Тауар-айырбас операциясы нәтижесінде НҚ келіп түсу (тауар беріліп, орнына НҚ алынған).
- Босатылған тауарлардың сатып алу құнына: Дт – 7010 Кт – 1330
- ҚҚС-сыз босатылған тауарлардың келісім құнына: Дт – 1210 Кт – 6010
- ҚҚС сомасына Дт — 1210 Кт – 3130
- Алынған НҚ баланстық құнына: Дт – 2412 Кт – 3310
Материалдық емес активтер – бұл интеллектуалды меншік объектілерінің шартты құны, сондай-ақ жер, су мен басқа табиғи ресурстарды пайдалану құқықтары.
Олардың ерекшелігі, бұл активтердің өз маңызына сәйкес табиғи-заттай үлгісі болмауы мен ұзақ мерзім бойы пайдалануынан туындайды.
Материалдық емес активтерге төмендегілер жатады: ойлап табылған және өндірістік үлгі түрлеріне құқықтар, тауар белгілері, «ноу-хау»ға құқықтар (техникалық тәжірибе, өндірістің құпиялары), авторлық құқықтары, табиғи ресурстарды пайдалану құқықтары, тауарлы-икізат пен қорлар биржаларындағы орындар, гудвилл (атақ, іскерлік байланыстары, серіктестіктер), кәсіпорынды құрумен байланысты ұйымдастыру шығындары (құрылтай құжаттары мен техникалық-экономикалық негіздеулерді жете зерттеу, мамандандырылған ұйымдарға кеңестер үшіг\н төлемдер, тіркеу жинақтары, жарнамалық шығындар, кадрлар даярлау үшін шығындар және т.б.). Материалдық емес активдің соңғы түрінің ерекшелігі кәсіпорынның құрылтай құжаттарында бұл шығыстар белгіленген сомада қатысушының салымы ретінде жазып қойылуы тиіс болғандығынан тұрады.
Материалдық емес активтер оларды сатып алу мен пайдалануға дайан жағдайға келтіру үшін жұмсалынатын барлық нақты шығындар сомасында бағаланады.
Ай сайын материалдық емес активтерге олардың бастапқы құны мен тиімді пайдалану мерзіміне негізделіп есептелген нормалар бойынша амортизация есептелінеді. Егер ол белгілі болмаса, онда 10-жылдық мерзімге негізделуі мүмкін.
Жарғылық қорға құрылтайшының салымы болатын материалдық емес активтердің құны мен тиімді пайдалану мерзімі құрылтай құжаттарында жазылып қойылуы тиіс.
Материалдық емес активтердің амортизациясы амортизациялық қаржылар ретінде кәсіпорынның өнімі, жұмыстары мен қызметтерінің өзіндік құнына енгізіледі.
Материалдық емес активтер №2710 «Материалдық емес активтер» активті шоттарында, ал олардың амортизациясы №2720 «Материалдық емес активтердің құнсыздануы» пассивті шоттарда есепке алынады.
Материалдық емес активтер бойынша ҚҚС-ң есебі №65 тармақта беріледі.
- Құрылтайшылардан жарғылық капиталға салым ретінде материалдық емес активтер келіп түсті: Дт – 2710 Кт – 5110
- Материалдық емес активтердің құнсыздануы: Дт – 2710 Кт – 2720
Тауарлы – материалдық қорлар мен жеткізушілермен есептесу есебі.
Өндірістік қорлар – бұл бір өндірістік цикл процесінде толықтай тұтынылатын өзінің құнын бірден өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына көшіріп, оның материалдық негізін құрайтын еңбек заттары.
Кәсіпорындағы таурлы – материалдық қорлар есебі № 7-і «Таурлы – материалдық қорлар» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес ұйымдастырылады. Онда мыналар бөлінген:
- Стандарт әрекетінің аясы;
- Тауарлы – материалдық қорлардың өзіндік құны;
- Тауарлы – материалдық қорлардың өлшемдері;
- Тауарлы – материалдық қорларды бағалау;
- Шығысты тану;
- Есеп берудің ашылуы.
Тауарлы – материалдық қорлар – бұл 1) шикізат қорлары, материалдар, сатып алынатын жартылай фобрикаттар мен кешендік бұйымдар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және өндрісте немесе жұмыстарды, қызметтерді орындау кезінде пайдалануға арналған өзге материалдар.
2) Аяқталмаған өндіріс.
3) Субъектінің қызмет барысында сатуға арналған дайын өнім, тауар түріндегі активтер.
Тауарлы – материалдық қорларды есепке алудағы негізгі міндеттері:
- Тауарлы – материалдық қорлардың уақтылы және толықтай кірістелуіне олардың сақталу жеріндегі және қозғалысының барлық сатыларындағы сақталуына бақылау жасау.
- Тауарлы – материалдық қорлардың қозғалысы жөнінде барлық операцияларды уақтылы және толықай құжаттау.
- Көлік әзірлеу шығындарымен әзірленген қорлардың нақты өзіндік құнын уақтылы және дұрыс анықтау.
- Көлік әзірлеу шығындарының айналым шығындарына біркелкі және дұрыс есептен шығарылуын бақылау.
- Қойма қорларының жағдайына бақылау жасау.
- ішкі ресурстарды ұтқыр қолдану мақсатында субъектіге керек емес тауарлы – материалдық қорларды анықтау және сату.
- Сақталатын жерлердегі қорлардың қалдықтарымен қозғалысы жайлы дәл мәліметтерді алу.
Материалдар есебін дұрыс және тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін қажеттісі:
- материалдық тауарлардың бірегей номенклатурасын әзірлеу.
- құжат айналымының айқын жүйесі және таурлы – материалдық қорларды кіріс ету және есептен шығару жөніндегі операцияларды рәсімдеу тәртібін сақтау.
- бастапқы құжаттардың есептік нысандарын біркелкі қалыпқа келтіру.
- бухгалтериядағы материалдардың есебі учаскесін комьютерлендіру.
өндірістік қорлар функцияларының бағыты бойынша былай бөлінеді:
1.Шикізаттар мен материалдар – бұл өнім әзірленетін еңбек заттары. Олар өнімнің материалдық негізін қалайды. өз кезегінде шикізатқа жататындар:
бұл ауыл шаруашылығы мен өндіруші өнеркәсібінің өнімдері. Мысалы: сатық, мақта, газ, негізгі материалдар бұл ұқсатушы операциялық өнімдері. Көмекші материалдар – бұл шығарылатын өнім құрамына енетін материлдар, бірақ негізгі материалдардан ерекшелігі — өнімнің заттық негізін қаламайды. Бұл материалдарды негізгі материалдарға қосымша ретінде пайдаланады.
2)Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар, бұл белгілі бір өңдеу сатыларынан өткен, бірақ әлі дайын өнім болып табылмайтын шикізаттар мен материалдар. Мысалы: тоқыма өндірісінде иірілген жіп, машина жасаудағы моторлар, атомобиль жасаудағы дөңгелектер.
3)Отын – бұл мұнай өнімдері. Мысалы: бензин, керосин, дизель отыны, қатты отын:мысалы,көмір,фтор,ағаш отын және газ тәрізділер.
Отындар өз алдына былай бөлінеді:
а) технологиялық;
ә) қозғалтқыш;
б) шаруашылық.
Ыдыс және ыдыстық материалдар. Бұл әр түрлі материалдар, буып-түюге, тасымалдауға, сақтауға пайдаланылатын заттар. Мысалы: қораптар, жәшіктер, қаптар.
Қосалқы бөлшектер, тозған тетіктер мен машиналық жабдықтарды жөндеуге және алмастыруға қызмет етеді.
Өзге материалдар. Бұл өндіріс қалдықтары. Мысалы: сынықтар, кесінділер, ұнтақтар, түзелмейтін ақаудан қайтарылатын қалдықтар.
Құрылыс материалдарын құрылысшы кәсіпорындар қолданады және құрылыс бұйымдарын әзірлеу, құрылыстарды көтеру және әрлеу, үйлер мен ғимараттар үшін бөліктер салу құрылыс монтаж жұмыстары кезінде тікелей пайдаланылады.
Таурлы – материалдық қорларды дұрыс есепке алу үшін материалдардың номенклатурасын білу керек.
Материалдар номенклатурасы – бұл атау ментиісті деректемелері (сорты,мөлшері) көрсетілген материалдардың әрбір түріне номенклатуралық номер белгіленіп, дәл және тұрақты өлшем бірлігі белгіленеді.
Номенклатуралық тізілім – номенклатура бағалық деп ал онда көрсетілген бағалар есептік деп аталады.
Таурлы – материалдық қорлардың нақты өзіндік құнын анықтау мынадай әдістер арқылы жүзеге асырлады:
- орташа өлшемді құн әдісі;
- ФИФО әдісі;
- ЛИФО әдісі;
- Арнайы бірегейлендіру әдісі.
Еңбек пен оның төлемінің есебі.
Еңбек пен еңбекақының есебі бухгалтер жұмысының көп еңбекті қажет ететін және ең жуапты учаскелердің бірі болып саналады.
Қазіргі уақытта еңбек табыстары максималды мөлшермен шектелмейді, олардың көлемі тек жеке тұлғалардан ұсталатын табыс салығымен ғана реттеледі.
Еңбекке ақы төлеу екі түрге бөлінеді: жұмыс көлемі бойынша (есептің негізінде орындалған жұмыстың көлемі мен оның бірлігінің бағалауы арқылы алынатын жағдай), уақыт бойынша (есептің негізіне жұмыстың 1 сағат уақытының тарифтік мөлшерлемесі немесе атқарылған уақыт үшін еңбекақы мөлшері (оклад) алынатын жағдай).
Жұмыс көлемі бойынша еңбекақыны есептеу мысалы:
Жұмысшының бір сағаттық тарифтік мөлшерлемесе – 50 теңге. өнімнің бір бірлігін жасаудың уақыт нормасы – 30 минут. өнім бірлігінің еңбекақы мөлшері – 25 теңге (50*30/60). Бір айда өнімнің 400 бірлігі жасалды. Жұмыс көлемі бойынша еңбекақы (25 теңге * 400)=10 000 теңгені құрайды.
Уақыт бойынша еңбекақыны есептеу мысалы:
- жұмысшы бір айда 80 теңге мөлшердегі сағаттық тарифтік мөлшерлеме бойынша 120 сғат уақыт бойы еңбек етті. Оның уақыт бойынша еңбекақысы 9600 теңгеге тең болады (80 * 120 ).
- қызмеькердің лауазымды мөлшері еңбекақысы 9200 теңгеге тең болады. Ол 23 жұмыс күні орнына 16 жұмыс күндерінің уақытын атқарды. Одан соң қызметкер демалысқа шығып кетті. Есепті айдың 1 күндік орташа еңбекақы 400 теңгеге тең болады (9200/23). Уақыт бойынша еңбекақы (демалыстың ақысысыз) 6400 теңгені (400*16) құрайды.
Сондай-ақ негізгі еңбекақы (жұмсалған еңбек немесе атқарылған уақыт үшін) және қосымша (заңдарға сәйкес төлеуге жататын атқарылған уақыт үшін). Бұған демалыс, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша парақтар және т.б. төлемдер, еңбекақыға әр түрлі қосымшалар да жатады.
Кооператив, акционерлік қоғамдар мен басқа коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері олардың негізгі жұмыс орны бойынша қосымша еңбекақы алуға құқылы. Барлық жағдайларда атқарылған және атқарылмаған уақыт жұмыс уақыты есебінің табелінде көрсетілуі тиіс. Қосымшаларды төлеу шарттары мен нақты мөлшерлері кәсіпорынның өзінде белгіленеді және еңбек ақы туралы ережелерінде немесе ұжымдық келісім шарттарда көрсетіледі.
Қазіргі уақытта еңбекақы қоры қалыптастырылмайды. Пайдадан қажетті төлемдер жасалғаннан соң тұтыну қоры ұйымдастырылады. Бұл қордың есебінен негізгі және қосымша еңбекақының төленуі, емдеу, демалысқа жолдамалар мен қызметкерлерге ақысыз түрде көрсетілген қызметтердің құнын төлеу және т.б. жасалуы мүмкін.
Жыл сайын штаттағы қызметкерлерге кезекті демалыс уақыты беріледі. Біріншісі – жұмысының 11 айлық мерзімі өтуі бойынша, одан кейінгілері – кәсіпорынның әкімшілігімен бекітілген және кәсіподақ комитетімен (егер кәсіпорын кәсіподаққа кірген болса) келісілген график бойынша беріледі. Демалыстың минималды ұзақтығы 24 жұмыс күніне (1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап) тең болады.
Демалыс ақша сомаларын есептеу үшін кімге демалыс берілетіндігі, қай күннен және уақыттың ұзақтығы қандай екендігі көрсетілген бұйрық негіз болады.
ҚР-ң «Кәсіпорындар мен кәсіпкерлік қызмет туралы» Заңы негізінде қызмет ететін кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар қызметкерлернің жыл сайынғы демалысының төлемі демалысқа шығудан алдын (1-нен 1-ші күнге дейін) екі соңғы айдағы еңбекақыдан жасалады.
Демалысты орнын толтырумен ауыстыруға тыйым салынады. Егер есепті кезеңде немесе қызметкер демалысқа шыққан айда сала бойнша немесе кәсіпорында тарифтік деңгей немесе еңбекақы мөлшері артылса, онда қызметкердің еңбекақысы арттыру коэффициентіне түзетіледі. Егер тарифтік мөлшерлеме немесе еңбекақы мөлшері арттыру бір қызметкерге болса, онда түзету жасалмайды.
Қызметкерлермен еңбекақысының төлемі бойынша есеп айырысу есебі 3350 шотында жүргізіледі. Бұл пассивтік шот. Еңбекақы есептегенде 3350 шоты кредиттеледі,ал мына шоттар дебеттеледі:2930, 7110- «өнімдерді өткізу бойынша шығндар», өнім өткізумен щұғылданатын қызметкерлерге есептелген төлемінің сомасы, 7210 — әкімшілік басқармашылық қызметіне есептелген еңбек төлемінің сомасы, 8110 –«өндірістегі жұмысшылардың еңбекақысы», яғни негізгі өндіріс жұмысшыларына есептелген еңбек төлемінің сомасы және т.б.
Басшылармен есеп айырысу үшін 3350 шоты арналған.
Онда мынадай тұлғалармен есептеседі басқарма мүшесі мен төрағасы, бақылау кеңесінің мүшесі).
Басшылықтағы адамдарға есептелген еңбек төлемінің сомаларына 7210 шоты дебеттеледі, ал 3350 шоты кредиттеледі. Ал, ол оны төлеген кезде Дт – 3350 Кт – 1010 .
Кәсіпорын қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу.
- Қызметкерлердің еңбекақы төлеу және ақшалай сыйлық беру Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
- Кәсіпорынның еңбекке ақы төлеу қоррының мөлшерін жыл сайын мемлекеттік басқару органымен белгіленеді.
- Еңбекақы төлеудің нысанын,штат кестесін, лауазымдық айлық ақы мөлшерін, ақшалай сыйлық және өзге де марапаттау жүйесін белгіленген еңбекақы төлеу қорының шегінде мемлекеттік басқару органының келісуімен Кәсіпорын өз бетімен белгілейді.
- Кәсіпорын басшысының, басшының орынбасарының, бас инженердің, бас бухгалтердің лауазымдық айлық ақысының мөлшерін, ақшалай сыйлық және өзге марапаттау жүйесін мемлекеттік басқару органы белгілейді.
Еңбек пен оның төлемінің есебіне шоттар корреспонденциясы:
1.Еңбекақыдан жеке табыс салығы ұсталынды.
Дт – 3350 Кт – 3120
2.Басқару аппараты жұмысшыларына демалыс ақы есептелінді:
Дт – 7210 Кт – 3350
3.Лауазымды тұлғаларға кассадан еңбекақы берілді:
Дт – 1251 Кт – 1010
4.Депонерленген еңбекақы берілді:
Дт – 3390 Кт – 1010
- Сауда қызметкерлерінің еңбекақысынан зейнетақы жарнасы ұсталды:
Дт – 3350 Кт – 3220
- Электроцех жұмысшыларына еңбекақы есептелінді:
Дт – 8312 Кт – 3350
- Өзінің жұмысшыларына еңбекақы есебінен сатылған дайын өнімнің табысы көрсетілді:
Дт – 3350 Кт – 6010
- Берілмеген депонерленген еңбекақы сомасы:
Дт – 3350 Кт – 3390
Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясының есебі.
Кәсіпорын түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан тұратын күрделі механизм (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік).
Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірісінің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей қатысады.
Қосымша цехтар негізгі өндіріс қалдықтарын жаратуға септігін тигізеді.
Қосалқы цехтар негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерде пайдаланылатын материалдардан өнім өндіреді.
Эксперименттік, яғни тәжірибелік цехтар тәжірибелік үлгілер дайындайды және әртүрлі эксперименттік жұмыстар атқарады.
Өндірістік процестің есебін жүргізу кезінде жиынтық операция болып өнімнің өзіндік құнын анықтау болып саналады. Бұл операция өте жауапты, өйткені шығындарды есептеудің дұрыстығынан табыстың сомасы тәуелді болады, ал өз кезегінде, оған салық салынуы тиіс. Демек, бухгалтер жұмысының бұл бөлімі кәсіпорынды салық инспекциясы тексеру кезінде мұқият зерттеледі.
Қазіргі уақытта бухгалтерлік есеп жүйесі « Бухгалтерлік есеп стандарттарының әдістемелік нұсқаулары» негізінде жүргізіледі.
Бірінші кезекте шғындарды екі бағыт бойынша айқын ажыратып қою керек:
а) тауар-материалдық қорлардың өзіндік құнға енгізілетін шығындар;
б) тауар-материалдық қорлардың өзіндік құнға енгізілмейтін және мезгілдік шығындар ретінде танылатын құралдар;
Өзіндік құнға тек қана өнім, жұмыстар мен қызметтердің өндірістік шығындары енгізіледі:
1)материалдық шығындар, оның ішінде мүмкін болатын пайдалану бағасы бойынша қайтарылу қалдықтарын шегергендегі табиғи ресурстарды пайдалануға байланысты шығындар.
2)Еңбекақы бойынша өндірістік нәтижелер үшін сыйақылар, заңдармен қарастырылған нормалар шегінде бағалардың жоғарылауы мен табыстардың индексациясымен байланысты еңбекақы бойынша орнын толтырулар, заңдармен белгіленген жасқа жеткенше баланың күтімі бойынша бөлшекті түрде төленетін демалыста болатын әйелдерге төленетін орнын толтырулар, сондай-ақ негізгі қызметте жұмыс істейтін, кәсіпорынның штатында есепте жоқ қызметкерлердің еңбекақысына төленетін қаражаттарды қоса есептегендегі шығындар;
3)әлеуметтік қамсыздандыру қаржылары: әлеуметтік және зейнетақы қорларының органдарына заңдармен белгіленген нормалар бойынша міндетті төлемдер.
4)Негізгі қорлардың амортизациясы және олардың индексациясы нәтижесінде амортизациялық қаржылардың, өсу сомасын қоса есептелген шығындар.
Шығындардың есебі №8010 «Негізгі өндіріс», 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар», 7210 «Әкімшілік шығыстар», 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар», шоттарында жүргізіледі.
Бұл активті шоттар. Оларда шығындар дебет бойынша бейнеленеді, ал жылдың соңында барлық көрсетілген шоттар (№ 8010-ден басқа) №5410 «Есептік жылдың пайдасы (залалы)» шотына жабылады.
Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясының есебіне шотар корреспонденциясы:
- Электроцехты қызметтері нақты өзіндік құны бойынша сауда орындарын жарықтандыруға жатқызылды:
Дт – 7110 Кт – 8310
- Негізгі өндіріс шығындарына жататын үстеме шығындар үлесі есептен шығарылды:
Дт – 8114 Кт – 8410
- Негізгі цех станогына тозу есептелінді:
Дт – 8415 Кт – 2422
- Есепті кезеңнің басындағы негізгі өндіріс бойынша аяқталмаған өндіріс қалдықтары есептен шығарылды:
Дт – 8110 Кт – 1340
- Айдың соңында электроцех бойынша шығындардың транзиттік шоттары жабылды:
Дт – 8310 Кт – 8311, 8314
- Мекеме басшысының іссапар шығындары есептен шығарылды:
Дт – 7210 Кт – 1251
- Негізгі өндіріске керекті құрылыс материалдары есептен шығарылды:
Дт – 8111 Кт – 1310
- Айдың соңында негізгі өндіріс шығындарының транзиттік шоттары жабылды:
Дт – 8110 Кт – 8111-8114.
Кәсіпорынның өндіретін тауарлардың бағасы.
Кәсіпорын өндіретін тауарлардың (жұмыс, қызмет көрсету) бағасы кәсіпорынның оларды өндіруге шығарған шығынын толық өтеуді, оның қызметінің пайдаланылған және өз табыстарының есеьінен қаржыландаруды қамтамасыз етуі тиіс.
Кәсіпорынның мемлекет тапсырысын орындау есебінен өндіретін және сататын тауарлардың (жұмыс, қызмет көрсету) бағасын Кәсіпорын мемлекеттік басқару органымен келісе отырып тағайындайды.
Кәсіпорынның мемлекет тапсырысынан артық өндірілген және сататын тауарлардың (жұмыс, қызмет көрсету) бағасын Кәсіпорын өз бетімен тағайындайды.
Кәсіпорын өз бетімен мемлекеттік тапсырыс мөлшерінде сататын тауарлардың (жұмыс, қызмет көрсету) бағасын шектен тыс көтермеу мақсатында монаполияға қарсы заңда белгіленген тәртіпте мемлекеттік реттеу жүргізеді.
Дайын өнімнің және оны өткізудің есебі.
Дайын өнім өндірістік үрдістің соңғы нәтижесі. Ұйым тапсырыс берушілермен, сатып алушылармен жасалған келісімшартардағы өнімнің сапасы, көлемі, түрлері жайлы шарттарға байланысты өнім дайындап шығаруды ұйымдастырады. Дайын өнімді сатудан түскен пайда ай сайын өнімнің сатылған құнымен оның толық өзіндік құнының айырмасы ретінде анықталады. Есепті кезең аяқталғаннан кейін дайын өнімнің нақты өзіндік құнын есептеп шығаруға болады. Өнімнің қозғалысы күнделікті жүріп тұрғандықтан (шығару, жіберу, тииеу, сату) ағымдағы есепті жүргізу үшін өнімнің шартты бағасын анықтау қажет. Жоспарлы өзіндік құнды да немесе келісімдегі есепті бағаны да ұйым өз бетінше анықтап бекіте алады. Дайын өнімді босату үшін бұйрық жүкқұжаты жасалады. Онда екі құжат біріктірілген:
- қоймаға берілетін бұйрық;
- босату жүкқұжаты.
Ұйымдарда дайын өнімнің есебін жүргізуде басты назар аударылып, оның мақсаты:
- Дайын өнімді шығаруды, құндылықтардың жағдайын және олардың қоймада сақталуын тұрақты түрде бақылау.
- Жіберілген өнімнің құжаттарын уақтында және дұрыс жасау, сатып алушылармен есептеуді ұйымдастыру.
- Әкімшілік басқару аппаратының жұмысын бағалап отыру үшін сатылған өнімнің көлемі мен түріне сай келісімшарт талаптарының орындалуын бақылау.
- Сатылған өнімнің есебін жүргізіп, оған кеткен нақты шығындарды және алынған пайданы уақытында және дұрыс есептеу.
Өндірілген дайын өнімге қарап ұйым қызметінің қорытындысын бағалауға болады.
Есеп жүргізуді журнал ордерлік формасына сай шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнының сомасы №10 журнал ордердің 1320 деп аталатын шоттар тобының дебетінде және 8110 деп аталатын шоттар тобының кредитінде көрсетіледі. 1320 шотының сальдосында ұйымның қоймасында қалған дайын өнімнің қалдығы нақты өзіндік құнымен көрсетіледі. Ал, дебет айналымы бойынша негізгі өндірістің шығарылған өнімі өзіндік құны бойынша және сыртқа жіберілген жартылай фабрикаттармен сатып алушының қайтарған өнімдері және басқа да өнімдер көрсетіледі.
Дайын өнімнің және оны өткізудің есебіне шоттар корреспонденциясы:
- Өтеусіз дайын өнім алынды:
Дт – 1320 Кт – 6220
- Ай соңында негізгі өндірістен көрсетілген дайын өнімнің нақты өзіндік құнымен есептік құнының ауытқу сомасы есепте көрсетілді:
Дт – 1320 Кт – 8110
- Жабдықтаушылардан дайын өнім келіп түсті:
Дт – 1320 Кт – 3310
- Жарғылық капиталға салым есебінде дайын өнім алынды:
Дт – 1320 Кт – 5110
Қаржылық нәтижелер және меншікті капитал есебі.
Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі олардың кірістері мен шығыстарының айырмасынан құралады. Олар жылдың соңында жабылатын №5410 « Есептік жылдың пайдасы (залалы)» жинақтаушы шотында бейнеленеді.
Кәсіпорындар ай сайын кіріс пен шығыс жақтарын салыстыру жолымен жиынтық кірістің (залалдың) мөлшерін анықтап сол мәліметтер бойынша салық инспекциясына декларацияларды тоқсан сайын беріп отырады. Кірістің негізгі бөлігі – бұл , әдеттегінше, өнім (жұмыстар, қызметтер) өткізуден түскен кіріс. Ол № 7110 «Өнімдерді сату мен қызмет көрсетуден түскен табыс» бөлімшесінің шоттары мен 7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» бөлімшесінің шоттарын салыстыру жолымен есептеледі.
Кірістң негізгі емес қызметінен түскен басқа бөлігі 6280 «Басқа да кірістер» бөлімшесі шоттарының нәтижелері мен № 7470 « Басқа да шығыстар» бөлімшесінің шоттарымен салыстыру жолымен есептеледі.
Кірістердің үшінші құрамдас бөлігі – бұл басқа кәсіпорындардың қызметінде үлес арқылы қатысудан, кәсіпорынның меншігіндегі акциялар, облигациялар мен басқа да бағалы қағаздар бойынша дивиденттер, өндірілген айыппұлдар, өсімдер мен айып төлеу бойынша шығыстардың сомасына кемітіледі. Одан соң, олар өткізуден тыс нәтиже пайда болады.
Бұл операциялардың нәтижесінде баланстық кіріс (пайда), яғни баланста көрсетілген кіріс есептеледі. Онда ол толық түрде: баланстың активінде – залалдар, ал пассивінде – кіріс жазылады.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы мүліктің ақшалай өлшемге айналдырғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғаш құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасының заңында қаралған мөлшерден кем болмауы керек.
Жарғылық капитал – кез келген ұйымдастыру құқықтық формасындағы өндірістік шаруашылық әрекеттерімен айналысатын субъектінің негізі болып саналады. Жарғылық капитал ұйымның меншігіне ие болып және басқаруға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар оның өндірістік шаруашылық қызметінің қаржылық негізі болып табылады.
Біздің кәсіпорынның жарғылық қоры құрылтайшымен 116 70 000 теңге көлеміндегі мүлікпен құрылған.
Резервтік қор қолданыстағы заңға сәйкес белгіленеді.
Қаржылық есеп беру.
Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінде әзірленетін және бекітілетін типтік нысандар бойынша жасалады. Қаржылық есеп берудің құрамына кәсіпорын балансы, кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру жатады. Барлық кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып 1 қаңтар және 31 желтоқсан аралығы болып саналады. Қаржылық есеп берудің жасалу дұрыстығына кәсіпрынның басшысы және бас бухгалтер сонымен қатар жоспарлау қызметінің басшысы жауап береді. Қаржылық есеп беру қаржылық есептеменің бір бөлігі болып табылады, және бухгалтерлік есеп стандарттарымен анықталады. Қаржылық есептемеге түсіндірме жазбалар, қосымша кестелер және осы есеп беруге негізделген немесе олардан алынған ақпараттар енеді. Шаруашылық субъектілері тоқсандық және жылдық қаржлық есептемені меншік иелеріне мемлекеттік салық инспекциясына, мемлекеттік басқарудың басқа органдарына, несие беруші банктерге және басқа да мүдделі ұйымдарға тапсырады. Шаруашылық субъектілері тоқсандық есептемені тоқсан аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде, ал жылдық есептемені жыл аяқталғаннан кейін 90 күннің ішінде тапсыруға міндетті.бюджеттік мекемелер айлық, тоқсандық, жылдық қаржылық есептемені жоғары тұрған ұйымға олар белгілеген мерзімде тапсырады. Қаржылық есептемені пайдаланушылар қатарына нақты қазіргі инвесторлар, кредиторлар, жеткізушілер, қызметкерлер, мининстрліктер және т.б. жатады.
Қаржылық есептемеміндетті аудитрлық тексеріске түсіп, оның дұрыстығын тәуелсіз аудитор растауы тиіс.
Бухгалтерияның құрылымы
Бас бухгалтер |
- Кәсіпорынның лауазымды қызметкері болып табылады.
- Оның атқаратын жұмыстары:
а) кәсіпорынның қаржылық жағдайын қадағалайды;
ә) кәсіпорындағы барлық бухгалтерлік және қаржылық есептемелерді жүргізеді;
б) жоғары тұрған органды қаржы нәтижелік қорытынды есептермен таныстырады т.б
Есептік бухгалтер |
Кәсіпорын қызметкерлері мен жұмысшыларына еңбекақы есептейді.
Материалдық
бухгалтер |
Тауарлы-материалдық қорлардың келіп түсуін, олардың есебін жүргізіп, кәсіпорындағы негізгі құралдардың есебін ұйымдастырады.
Кассир
|
Кәсіпорынның кассасына жауапты тұлға.
Қорытынды.
Қорыта келгенде, мен, өндірістік кәсіптік тәжірибемді өту барысында кәсіпорын қаржысы, қаржы есебін талдау және қаржылық есеп пәндерінен теория жүзінде оқып білгенімді тәжірибе жүзінде көріп үйрендім. Өндірістік кәсіптік тәжірибе барысында, мен, «Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының әкімшілік бөлімі, бухгалтерия бөлімімен танысып, ондағы қызметкерлердің әрқайсысының атқаратын жұмыстарымен таныстым. Осы кәсіпорынның жарғысын оқып шығып, кәсіпорынның негізгі атқаратын қызметін білдім.
Менің ойымша бұл өндірістік кәсіптік тәжірибеде мен білмегенімді үйреніп, білгенімді жетілдірдім.
«Алматы облысы ауыл шаруашылығы департаменті» мемлекеттік мекемесінің «Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны өз қызметін шаруашылық жүргізу құқығында жүзеге асырады, облыс әкімдігінің 2008 жыл 6 наурыздағы №38 қаулысымен «Алматыирригация» облыстық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынды қайта құру нәтижесінде құрылды және бөлу балансына сәйкес оның құқықтық мирасқоры болып табылады. Бүгінгі таңда, бұл кәсіпорынның атауын қайта өзгерту туралы көзқарастар, пікірлер айтылып отыр.
Кәсіпорын өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» заңын, Қазақстан Республикасының Су Кодексін, басқа да заң жиынтығы актілерін басшылыққа ала отырып өз жұмысын атқарып келеді. Менің ойымша, Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны аудандағы ауыл шаруашылығын дамытуға ықпал ететін кәсіпорындардың бірі болып саналады. Өйткені, бұл мекеме арқылы халық сумен қамтамасыз етіліп отырады. Өкінішке орай, қазіргі таңда, Чарынирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қаржылық жағдайы жақсы деп айта алмамын. Себебі, бұл кәсіпорын шаруашылық есеппен жұмыс істегендіктен, өзін-өзі қаржыландыру қиын болып отыр. Егер де, мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетіліп, белгілі бір мөлшерде қаржы бөлінсе, кәсіпорын тозуға ұшыраған құрал-жабдықтарды, яғни техниканы жөндеуден өткізер еді. Меніңше, егер кәсіпорындағы белгілі бір ақаулардың нәтижесінде өз жұмысы тоқтап қалған бөлімшелері де өз жұмысын атқарса, мекеменің қаржылық жағдайы өте жақсы болар еді.
Өндірістік кәсіптік тәжірибе барысында, мен, тек қана қаржылық есеппен танысып қоймай, сондай-ақ бұл кәсіплорын су шаруашылығының мекемесі болғандықтан, табиғи ресурстарды пайдаланудағы заңдарды оқып шығып, олармен таныстым. Кәіспорын жергілікті инфроқұрылымдарды сумен қамтамасыз ету саласында өндірістік – шаруашылық жұмыстарын іске асыру мақсатында құрылғандықтан, меніңше ол өзінің табиғи монаполиялық жағдайына және әлеуметтік – экономикалық маңыздығынан тікелей мемлекеттік басқаруды қажет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Гражданский Кодекс Республики Казахстан ( с изменениями и дополнениями) от 07.08.2007г. № 269-ш
- Закон Республики Казахстан « Об Акционерных обществах» ( с изменениями и дополнениями) от 10.07.1998г. № 415-11
- Закон Республики Казахстан « О товарищеских обществах» от 22.04.1998г. № 220-1
- Закон Республики Казахстан « О частном предпринимательстве» от 31.01.2006г. № 124-ш
5.Закон Республики Казахстан « О валютном регулировании и валютном контроле» от 13.06.2005г. № 57-ш
- 6. Закон Республики Казахстан « О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28.02.2007г. № 234-ш
- Закон Республики Казахстан « О государственной регистрации юридических лиц» от 15.04.1995г. № 21, 98
8.Трудовой Кодекс Республики Казахстан от 15 мая 2007 года,№251–III;
- Кодекс Республики Казахстан о налогах и других обязательных платежах; в бюджет. (Налоговый кодекс), 1С Рейтинг, 2009г;
10.Бюллетень бухгалтера, Издательский дом, 2010г:
11.Применение МСФО, Астана, 2009г;
12.Справочник Бухгалтера и Аудитора, Алматы,2009г;
13.Квартальная отчетность. Бюллетень бухгалтера, №27, июль 2009г;
14.Бухгалтерлерге арналған басылымдар каталогы. Центральный дом бухгалтера, Алматы 2008;
15.«Қаржылық есеп» Баймұханова, Алматы 2007;
16.«Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі», Б.С. Мырзалиев,А.А.Сәтмырзаев, Р.С.Әбдішүкіров. Алматы 2008;
17.«Бухгалтерлік есеп теориясы» Радостовец, Алматы 2008;
18.«Корпоративтік қаржы» Кадерова, Алматы 2009;
19.«Қаржы есебін талдау» Дүйсенбаев, Алматы 2007;
20.«Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі» Назарова , Алматы;
21.Налоговая отчетность. Корпоративный подоходный налог часть 1. 22.www.taxkz.kz.
23.www.google.kz.
24.www.yandex.ru.