АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Отчет по практике «КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ-НЫҢ ІС-ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУ ЖОСПАР

 

 

«КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ-НЫҢ  ІС-ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУ ЖОСПАРЫ:

 

  1. Жалпы бөлім.

1.1. «Казкоммерцбанк» АҚ мекемесінің бухгалтерлік есебін құру негіздері. 

1.3. «Казкоммерцбанк» АҚ мекемесінің  қаржылық  шаруашылық  қызметіне  талдау  жүргізу.

1.4. «Казкоммерцбанк» АҚ мекемесінің бөлімдерімен танысу

  1. Қаржылық есеп, талдау және  аудит.

2.1. Шаруашылық субъектінің  меншікті  капиталының  есебі,талдауы мен аудиті.

2.2. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі, талдауы мен аудиті. 

2.3. Инвестициялар есебі, талдауы мен аудиті.

2.4. Тауарлық-материалдық  қорлар  есебі, талдауы мен аудиті.

2.5. Ақша қаражаттарының есебі, талдауы мен аудиті.

2.6. Дебиторлық қарыздар есебі, талдауы мен аудиті.

2.7. Міндеттемелер есебі, талдауы мен аудиті.

2.8. Еңбек және еңбек ақы есебі, талдауы мен аудиті.

2.9. Қаржылық есеп  беру: құрастыру  әдісі  мен  тәсілі; талдауы және  аудиті.

  1. Басқару есебі, талдауы және  аудиті.

3.1. Өндірістік  шығындардың  есебі, талдауы мен аудиті.

Қорытынды.

Қолданылған  әдебиеттер.

 

 

 

 

 

1.1. «Казкоммерцбанк» АҚ мекемесінің шаруашылық қызметімен танысу.

Мен 2010-жылдың 18-шы қаңтар айымен  28-шы наурыз айы аралығындағы өндірістік іс-тәжірибемді «Казкоммерцбанк» АҚ мекемесінде толығымен өткіздім. Мен ол жерде бізге берілген бағдарламаны пайдалана отырып, «Казкоммерцбанк» АҚ мекемесінің ең алдымен негізгі қызмет түрлерімен танысудан бастадым. Іс-тәжірибедегі жетекшім мекеменің жалпы құрылымымен таныстырып, мекеменің әрбір бөліміне,  экскурсия ұйымдастырды. Содан соң мен мекеменің  басқару құрылымы мен басқа да нормативтік құжаттарымен таныстым.

Қазіргі  «Казкоммерцбанк» (ары қарай — Банк) Қазақ Социалистік Кеңес республикасының заңнамасына сәйкес, 1990 жылдың 12 шілдесінде «Медеу Банкі» АҚ деген атаумен ашық акционерлік қоғам ретінде құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, Медеу банкі басқаша атаумен – «Казкоммерцбанк» ААҚ болып қайта тіркеуден өтті және банктік операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен 1991 жылы 21 қазанда №48 лицензия алды. Аталған күн ресми түрде Банктің туған күні болып саналады.

Банктің Әділет министрлігі берген №4466-1910-АҚ тіркеу куәлігі бар. Банк және оның бас кеңсесі мына мекен-жай бойынша тіркелген: Қазақстан Республикасы, 050060, Алматы қ., Гагарин д-лы, 135 ж., банк телефоны: +7 (727) 2 58 56 70 және 258 51 85, факс: + 7 (727) 258 52 29. Казкоммерцбанктің Интернеттегі мекен жайы: http://www.kkb.kz    

1994 жылдың сәуірінде Банк өзге қазақстандық коммерциялық банкпен – «Астана Холдингпен» бірікті. 1994 жылдан бері банк 22 бөлімшеден, 51 кассалық- есеп айырысу орталығынан және 12 дербес қызмет көрсету орталығынан тұратын филиалдық желісі арқылы негізгі іскерлік және халық көп қоныстанған орталықтарда орын тепті.

1994 жылдан бері Банк ҚР Ұлттық Банкі мен ҚР Қаржы министрлігі, сондай-ақ, Әлемдік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді халықаралық қаржы институттары дайындаған және демеушілік көрсеткен бірқатар арнайы бағдарламаларға қатысты.

1995 жылы Казкоммерцбанк ҚР Үкіметінің ресми кеңесшісі ретінде экономикалық және саяси мәні бар мұнайгаз саласы кәсіпорындарын қайта құрылымдау және жекешелендіру процесіне белсене қатысты.

1996 жылы Банк өзінің негізгі мақсатына – банктік қызметтің халықаралық стандарттарға сай болуына қол жеткізуге үлкен қадам жасады. Казкоммерцбанк «Deloitte & Touche» фирмасынан толық халықаралық аудиторлық тұжырымдама алған бірінші қазақстандық банк болды. Тағы бір маңызды оқиға – Орталық Азиядағы банктердің ішінде бірінші рет Казкоммерцбанкке «Thomas Bank Watch-BREE» рейтинг агенттігінен халықаралық рейтингі берілді.

2002 жылы Казкоммерцбанк Қырғызавтобанкінің 74% акциясын сатып алды, одан кейін ол банк Казкоммерцбанк Қырғызстан деп атауын өзгертті.

2005 жылы мамыр айында Казкоммерцбанк «Москоммерцбанк» КБ жарғылық капиталындағы 60,04%  үлесін сенімді басқаруға алды.

2004 жылдың шілдесінде Казкоммерцбанктің қолдауымен «Құс Жолы» қайырымдылық қоры құрылды. Қордың мақсаты – тиімді қайырымдылық жұмыстарын жүргізу және банктің әлеуметтік-жауапкершілікті қаржы институты ретінде стратегиясын жүзеге асыру.

2006 жылдың ақпан айында Казкоммерцбанк қазақстандық «Exclusive» журналы жүргізген сауалнаманың қорытындысы бойынша үшінші жыл қатарынан «Беделі үздік компания» болып табылады.

2006 жылдың наурыз айында казкоммерцбанк халықаралық Global Finance журналы жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша сегізінші жыл қатарынан «Дамушы нарықтағы үздік банк: Қазақстан» номинациясында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, банк «Сауданы қаржыландыратын үздік банк» және «Валюта нарығындағы үздік банк» номинацияларында жеңімпаз атанды. Казкоммерцбанк өзге де халықаралық қаржы басылымдарынан – Euromoney және The Banker – «Қазақстанның үздік банкі» атағын алды.

2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, Банк бас офистен басқа, Қазақстандағы 25 әмбебап филиалға және 165 операциялық бөлімшеге иелік етті.   

«Казкоммерцбанк» АҚ, қазіргі уақытта активі, несие қоржыны, таза кірісі және депозиттері бойынша ірі жекеменшік қаржы институты болып табылады.

2007 жылдың 31 желтоқсанындағы қаржылық есеп-қисаптың халықаралық стандарттары бойынша есептелген банк активтері 22,997 триллион теңгені (24,9 млрд. $) құрады. Ал осы көлемнің 79%-ы, яғни 2,366 трлн. теңге (19,7 млрд.) клиенттердің қарызына (нетто) тиесілі.

Қаражатты тартудың негізгі көзі – банк депозиттері болып табылады, олар қордың жалпы көлемінің үштен бір бөлігін құрайды. 2007 жылдың ішінде клиент депозиттері 30,1% өсіп, 895,1 млрд. теңгені құрады. Осылай Казкоммерцбанк тартылған депозиттердің көлемі бойынша Қазақстандағы №1 банк, оған нарықтың 20% астамы тиесілі.

Депозит тартумен қатар банк теңге және шетел валютасында қарыз және несие беру, клиенттердің төлем қабылдау, дебетті және несиелік карталары, инкассация, сондай-ақ жеке банкингі сияқты ағымдағы шоттары бойынша қызмет көрсетудің кең спектрін ұсынады.

Казкоммерцбанк ең ірі үш халықаралық төлем жүйесінің – VISA және MasterCard және American Express – дебеттік және несиелік карталарын шығаратын Қазақстандағы жалғыз банк. 2008 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша банктің айналыста 966 мың картасы бар. Сондай-ақ Банк American Express карталарын тарату жөніндегі уәкілетті агент болып табылады. 2001 жылы қазақстандық банктердің ішінде Казкоммерцбанк бірінші болып магниттік лента мен чип құрамдастырылған смарткарталар, ал 2005 жылы тағы да бірінші болып GoCard несиелік бонус картасын шығарды.

Сонымен қатар банктің банкоматтар желісі бар. 2008 ж. 1 маусымдағы жағдай бойынша банкоматтар саны 871 құраса, соның ішінде ақшаны қабыладау функциясы бар (кэшин) банкоматтар саны – 160. Сондай-ақ банктің процессингтік орталығы 250 интернет-дүңгіршекке және сауда орындарында орналасқан 7522 POS-терминалға қызмет көрсетті.

Банк орташа және ірі қазақстандық және Қазақстанда өз қызметін жүзеге асыратын халықаралық бірлестіктерге түрлі өнім мен қызметтер ұсынады: сауда, жобалық қаржыландыру, инвестжобаларды қаржыландыру, активтерді басқару, сондай-ақ қысқа мерзімді несиелеу мен басқа да жалпы банктік қызметтерді қосқанда. Банк өз саясатына сәйкес, жоғары өтімділік деңгейін қолдау мақсатында, әдетте, корпоративтік клинттер үшін 18 айға дейін орташа мерзімге несие, сондай-ақ, қазіргі уақытта ресурстарына байланысты ұзақ мерзімді қаржыландыру ұсынады. Банк Қазақстандағы өзінің негізгі клиенттері

 

 

 

 «Казкоммерцбанк» АҚ-нің заңды түрде берілген мынадай құжаттары бар: жарғы (қосымша 1), Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес берілген СТН (қосымша 2), статистикалық карточка (қосымша3), Заңды тұлғаны қайта тіркеу туралы куәлік (қосымша 4), мемелекеттік лицензия (қосымша 5), мемлекеттік лицензияға қосымша (қосымша 6,7).

«Казкоммерцбанк» АҚ-нің жарғылық капиталы 82300 теңгені құрайды.

Серіктестіктің басқару структурасына келесі бөлімдер кіреді: қызметкерлерді басқару әкімшілігі, ремонт жасау бригадасы, машина-трактор паркі, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бөлімі, өрт сөндіру және күзет қызметі бөлімі, есеп және есеп беру бөлімі.

«Казкоммерцбанк» АҚ-де нақты жұмысшылар саны негізгі бөлімде 13, әкімшілік бөлімде 9 адамнан құралған, сонымен қатар уақытша жұмысшылар саны 90 адам.

Машина-трактор паркінде 17 автотранспорт бар, эксковатор 6, погрузщик 3, бульдозер 1, жүк машинасы 7.

Жоғарыда аталған 5 жүк машинасы,2 эксковатор 2007жыл «BTA ОRIX» лизингі негізінде 3 жыл мерзімге алынған.

Жарғы негізінде тікелей басшылыққа алатын директоры Табиров Аскар Инкарбекович болып табылады.

Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр
түрлі  әдістерін  білуді,  кәсіпорында қабылданған     қаржылық  стратегияны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап, соны басшылыққа ұсынуы керек,  яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне   дейін өсіп айтарлықтай кеңейеді.

          «Казкоммерцбанк» АҚ мекемесі ол БЕС көрсетілген барлық Заңдар мен ережелермен қызмет етеді. Қазақстанның Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына өтуіне байланысты «Казкоммерцбанк» АҚ де өзінің есеп беруін осыған сәйкес етіп тапсырады.

 Қазақстанның  бухгалтерлік  есеп  стандарттарында  және  ол  бойынша  жасалған  әдістемелік  ұсыныстарында  басқарушылық  пен қаржылық  есебін  жүргізудің  қоғамдық  тұрғысынан  танылған  тәсілдері  мен  әдістері, ережелері  мен  қағидалары  белгіленген, онда  әрбір  кәсіпорындардың  техникалық  базасына, олардың  шешетін  міндеттемелерінің  күрделілігіне, басқарушы  қызметкердің  біліктілігіне  қарап  нақтыланған.

      Оларды  жүзеге  асыру  барысында  нақты  кәсіпорының  есептік  саясаты  келесідей  жорамалдардан  алынғаны  жөн:

   — кәсіпорын  өз  мүлкімен  өзімен-өзі  болушылығы (кәсіпорын    балансында  тек  заң  бойынша  танылған  мүліктерді  ғана  көрсетеді, ал  қалған  барлық  құндылықтар  мен  міндеттемелер  баланстан  тыс  шоттарда  есепке  алынады);

   — толассыз  қызметі  (есеп  саясатының  мәселесі  бойынша  қандай  да  бір  қабылданатын  шешім, кәсіпорын  өз  қызметіне  болашақ  кезеңде  тоқтатпайтындығы  немесе  қызмет  масштабын  қысқартпайтындығы  басшылыққа  алынуы  керек);

   — есеп  саясатын  пайдаланудың  жүйелілігі (шаруашылық  операциясын  көрсету  әдісінің  тұрақтылығы, есеп  беру  жылының  барысында  міндеттеме  мен  мүлікті  бағалау, сондай-ақ  бір  есептік  жылдан  басқасына  өткен кезде  де);

   — шаруашылық  қызметіндегі  фактілердің  мерзімділік  анықтылығы  (әр  фактілердің  түскен  немесе  төленген  кезіне  қарамастан, олар  өзінің  орындалған  немесе  орын  алған  кезеңіне  жатқызылуы  керек).

           Есеп  саясатының  әдістемелік  бөлігі  нақты  шаруашылық  ахуалынан, олардың  қолдану  тәртібінде  белгіленген  және  бухгалтерлік  есеп  Стандарттарының  біршама  рұқсатымен  бухгалтерлік  есепті  жүргізудің  белгілі  бір  әдістерінен  таңдап  алу  жолымен  қалыптасады. Егер  де  стандартты  бухгалтерлік  есепті  жүргізудің  кейбір  объектілері  көрсетілмесе, онда  бухгалтерлік  есеп  бойынша  нормативтік  актілер  мен  заң  талаптарына  сәйкес, кәсіпорынның  өзі  есеп  жүргізудің  процедурасын  дербес  әзірлей  алады.

 

1.2. «Казкоммерцбанк» АҚ мекемесінің бухгалтерлік есебін құру негіздері.

          Кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіз құжаттық байқау мен оны бақылау жүйесі бухгалтерлік есеп болып табылады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы заңдарымен, бухгалтерлік есеп стандарттарымен, сондай-ақ ұйымның есеп саясаты мен реттелетін кәсіпкерлер, ұйымдардың операциялар жайлы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтап қорыту жүйесі. Есеп қатаң түрде, әр жазба тек арнайы рәсімделген құжат негізінде ғана жүргізіледі, бұл бухгалтерлік есептің бақылаушылық мәнін, оның күмәнсіз сенімділігін, шыншылдығын және тағы басқаларын арттырады.

Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызметін бейнелейді. Субъектінің меншігі, шаруашылық құралдарының және оның өндіріс процесіндегі көздерінің қозғалысы бухгалтерлік есептің мәні болып табылады. Бухгалтерлік есептің объектілеріне мына процестер жатады:

  • қамтамасыз ету (дайындау), кәсіпорын алған шикізат, материалдар, отын және басқа материалдық қорлар, сонымен қатар мұндайда жабдықтаушылармен, транспортттық ұйымдармен арада туындаған қарым қатынастар бухгалтерлік есептің объектілері болып саналады;
  • өндірістік, мұнда өнім дайындауда пайдаланылатын өндіріс құралдары, оларға байланысты шығындар бухгалтерлік есеп объектілері болып. Объектілер бухгалтерлік есепте жалақы, амортизация есептеу, еңбек құралдарын есептен шығару мен өнімнің өзіндік құнын анықтау жолдарымен бейнеленуі;
  • өткізу, сату,а арналаған өндіріс өнімдері; өткізу жөнімдегі шығындар (буып-түю, орау, іріктеу, тасымалдау); субъектінің сатылған тауар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін алған ақшалай түсімі есептелінеді.

Кәсіпорынның шаруашылық құралдары құрамы (түрлері), орналасуы, пайда болу көзі мен көзделген мақсаты бойынша жіктеледі.

 

Құралдардың түрлері мен орналасуы бойынша жіктеу

 

 

Субъектінің құралдары

 

 

Айналымнан тыс

 

айнымалы

 

Айналымдағы процесс құралдары (кассадағы есепшоттағы және банктегі басқа шоттағы ақшалай қаражат, қысқа мерзімдік құнды қағаздар)

Ұзақ мерзімдік қаржылық салымдар

 

Өндіріс процесінің құралдары (шикізат пен материалдар, отын, жартылай өнімдер, дайын өнім)

Тұрақты тіркелген

 

       
       
 

 

Негізгі құралдар (ғимараттар,үйлер,машиналар мен жабдық, транспорт құралдары, шаруашылық және өндірістік мүлік т.б.)

 

Материалдық емес активтер (лицензиялар, патенттер, бағдарламамен қамтамасыз ету және т.б.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бухгалтерлік есеп тәсілі -әдіс, амалдардың жиынтығы түсіндіріледі, олардың көмегімен байқау, есепке алынатын мәліметтерді жете білу мен зерттеу жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп тәсілінің элементтері:

  1. Құжаттама – шаруашылық операцияларының бастапқы тіркеу әдісі мен бухгалтерлік жазбалардың (есептің басы) дұрыстығын негіздеу. Бухгалтерлік есептегі бір де бір жазба оны тиісті ресімдеусіз жасалмайды. Құжат – бұл белгіленген тәртіппен ресімделген шаруашылық операциясының жасағаны туралы ақпаратты жазып қойылған түрде сақтайтын материалдық сақтаушы.
  2. Түгендеу – мүліктің іс жүзінде бар екендігі бухгалтерлік есептің мәліметтеріне сәйкестігін тексеру әдісі. Түгендеу мақсаты – құралдың сақталуын кейіннен бақылау үшін істің нақты жағдайын айқындау, нақты есептік көрсеткіштерді қамтамасыз ету.
  3. Бағалау – белгілі бір уақыт сәтіндегі кәсіпорын мүлкін ақшалай өлшеммен бейнелеу амалы. Кәсіпорын құралдарын дұрыс бағалау жанды және затқа айналған еңбекке жұмсалған шығындардың іс жүзіндегі бейнеленуін талап етеді, бұларға есеп объектілерін ақшалай өлшеу кіреді.
  4. Калькуляция — өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірлігінің өзіндік құнын ақшалай бейнелеп шығару амалы. Өнімнің өзіндік құны материалдық, еңбек басқаруға жұмсалған шығындардан, әлеуметтік салық аударудан құралады.
  5. Шоттар – қаржы жағдайы, міндеттемелер және капитал туралы ағымдағы ақпарат жинайтын, жүйеленетін экономикалық топтастыру. Шоттардағы жазба құжаттар негізінде жасалады – бұл операцияны екінші рет тіркеу. Шаруашылық құралдарының немесе көздерінің әрбір түріне жеке шоттар ашылады.
  6. Қосарлы жазба – шаруашылық операцияларын есеп объектілерінің өзара байланысын көрсететін бухгалтерлік есептің шоттарында тіркеу тәсілі.
  7. Баланс – белгілі бір сәттегі (кездегі) субъектінің мүлкі, міндеттемелері және капиталы туралы ақпаратты жинақтап қорыту мен экономикалық топтастыру тәсілі. Бұл – субъектінің қаржылық жағдайын сипаттайтын негізгі есепті форма. Баланс барлық шаруашылық құралдарын, олардың пайда болып, ұалыртасу көздерін салыстыру және есеп объектісінің барлық жиынтығын бақылауды жүзеге асыру үшін қажет.
  8. Есеп беру – кәсіпорынның белгілі бір кезең (ай, тоқсан, жыл) ішіндегі шаруашылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.

Баланс та, есеп беру де тиісті топтастыру мен шоттарды өңдеуден кейін жасалады.

Бухгалтерлік баланс құжаттармен расталған, тексерілген бухгалтерлік жазбалар негізінде жасалады. Баланс жасау үшін Бас кітап, журнал – ордерлер, сондай-ақ талдау есептерінің регистрлері пайдаланылады. Баланс 5 бөліктен тұрады:

1.Ұзақ мерзімді активтер МЕА,НҚ және т.б.

2.Ағымдағы активтер (1жылдан кем)

3.Меншікті капитал

4.Ұзақ мерзімді міндеттемелер (1жылдан астам)

  1. Қысқа мерзімді міндеттемелр.

Бухгалтерлік құжат – шаруашылық операцияларын жүзеге асыруға арналған жазбаша өнім немесе осы операцияны іс жүзінде атқаруды растау. Құжаттардағы мәліметтер бух.есепте ағымдағы шаруашылық операцияларын көрсетуге негіз болады. Құжаттар негізінде – материалдық және ақшалай қаражаттардың қозғалысын, дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысу жағдайларын және т.б. қозғалысын, дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысу жағдайларын және т.б. тұрақты бақылау жүргізіледі. Құжаттарды – кәсіпорындар арасында дау туындаған жағдайда дәлел ретінде пайдаланады, өйткені олар атқарылған шаруашылық операцияларының жазбаша куәлігі және бухесептегі жазбалардың негізі болып табылады.

Бухгалтерлік есепті құру негіздерінің технологиясы компьютерлік құралдарды және техникалық құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. 1С Бухгалтерия бағдарламасының жаңартылған версияларымен қамтылған, есепті жылдар белгілі бір базада сақталып, өзгертулер мен толықтырулар бухгалтерлер арқылы жасалып отырады. Интернет желілері арқылы байланыс жасап, арнаулы құжаттарды банктерге, мекемелер мен ұйымдарға жіберіле алады. Қазіргі уақыттағы ең үдемелі, оперативті программалар жаңартылған технологиялармен алмастырылып отырады.     

 

 

 

 

 

 

1.3. «Казкоммерцбанк» АҚ мекемесінің  қаржылық  шаруашылық  қызметіне  талдау  жүргізу.

Қазіргі замандағы мемлекеттің дамуы үшін бухгалтерлік басқапушылық есепке үлкен мән беріледі. Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлерге үндеуінде есепті, есеп беруді жетілдіріп, халықаралық стандартқа көшудің маңыздылығына тоқталды. Қаржылық есеп беруді жасауды және ұсынуды ғана білдіріп қойған жоқ, сондай-ақ әр түрлі экономикалық шешімдерді қабылдай білуге шақырады.

Шарушылық жүргізу жағдайында субъект басшысының басқарушылық шешімді қабылдауда жауапкершілігі артады. Кәсіпорынды тиімді әрі оперативті басқару үшін қаржылық есеп беруде келтірілген ақпарат жеткіліксіз.

Субъект өзінің өндірістік және ұйымдастырушылық тәжірибесіне жиі жүгінеді.

Шешім қабылдау процесі субъектінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді анықтаудан басталады. Бұған бастапқы басқарушылық ақпараттарды іріктеу мен таңдаулы шешім қабылдау алгоритмі байланысты (тәуелді) болады.

Шешім қабылдау баламалы нұсқалардың салыстырмалы бағасын және субъект шаруашылық қызметінің мақсатында әлдеқайда жоғары деңгейде жауап беретін оңтайлысын таңдап алуды ұйғарады. Бұл үшін барлық, оның ішінде алдағы кезеңдегі баламалық нұсқалар бойынша шығындар туралы ақпарат болуы керек. Есепке кәсіпорын жіберіп алған пайда да кіруі мүмкін. Яғни, кәсіпорынға пайдасына тиетін нұсқа назарға ілінбей қалуы мүмкін.

Басқарушылық ақпараттар базасында оперативтік міндеттер (тапсырмалар) залалсыздық нүктесінің есебі (расчет точки безубыточности), өнімдер ассртиментін оның құрылымын (өнім түрлерін) жоспарлау, қосымша тапсырмалардан бас тарту немесе алу (тарату), баға белгілеу, сондай-ақ ұзақ мерзімді стратегиялық маңызды бар келешектік сипаттағы міндеттер (тапсырмалар),күрделі қаржы жұмсалымы (капиталовложения) туралы, бизнесті қайта құрылымдау (реструктуризация) туралы, өнімнің жаңа түрлерін игерудің мақсатқа лайықтылығы туралы шешіледі.

Экономикалық элемент бойынша топтастыру оның құрылымын зерделеу, өндірістік шығыстық сметасын пайдалануын бақылау, жоспарлау және талдау үшін қолданылады. Бап бойынша топтастыру кәсіпорын шығынының талдамалық есебін ұйымдастыру, калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын бақылау үшін пайдаланылады.

Өнімнің өзіндік құны – бұл өндіріске және өткізуге кететін ақшалай түрдегі шығындар.

Калькуляциялау – бұл барлық тауарлық өнімдердің де әрі бір бірлітің де өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысын оперативті басқарудағы маңызды орын алады, өйткені ішкі резервті дер уақытында (уақытылы) ашуға мүмкіндік беріп, оның өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және бәсекеге жарамдылығын арттыруда пайдаланылады. Калькуляцияны өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға және өнімнің (жұмыс, қызмет) нарықтағы сұранысын ескеретін негізгі бағасын белгілеуде пайдаланылады.

Бақылау құралы ретінде бюджет қызметі жоспарлы көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыруда ашылады. Түзілу мақсатына және қызметінің ұйымдастырылу көрсеткіштерін талдауына қарай бюджет мыналарға бөлінеді:

  • статистикалық – ұйымның іскер белсенділігінің нақты деңгейіне байланысты құрылатын, яғни өткізудің бір деңгейіне негізделген жоспар;
  • икемді – белгілі бір (нақты) іскер белсенділіктің диапазоны үшін жасалатын серпінді (динамичный) жоспар (өткізу көлемінің баламалы нұсқаларының негізінде) және өткізу деңгейіне өзгеруіне қарай шығындардың өзгерісін ескереді. Оны жасау үшін шығындарды өзгермелі және тұрақты деп бөлеміз.

Икемді бюджет ұйымды және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бақылауға үлкен мүмкіндіктер тудырады. Бұл мақсатта нақты өнім ығарылымын қоса ескеретін өзгермелі шығынға түзету жүргізіледі. Тұрақты шығындар өзгеріссіз қалады, өйткені өндіріс пен өткізудің  көлеміне тәуелді емес.

Жоспарлыдан нақты шығынның ауытқуын талдау технологиясы мына кезеңдерді қамтиды:

  • нақты және жоспарлы көрсеткіштерді салыстыру;
  • жоспарлыдан нақты пайданың ауытқу себебін анықтау;
  • баға бойынша, ресурс бойынша ауытқу есебі (баға факторы);
  • ресурстарды пайдалану көлемі бойынша ауытқу есебі (сандық фактор).

Рентабельділіктің (пайдалылықтың) ішкі нормасы  — бұл кәсіпорын пайда алмай-ақ инвестициялық және ағымдық шығындарды өтейтін есеп айырысу мөлшерлемесі. Оны анықтау үшін таза ағымдық құн есебінің фоормуласын нөлге теңестіреді және жоспарланған табыстарда, инвестицияларда және жабдықты эксплуатациялау (ппайдалану) уақыты дисконттау мөлшерлемесін анықтайды.

Өтелімділік кезеңіне ұйым пайдасы уақыт факторын ескермей инвестициялық шығынның орнын толтыратын уақыт аралығы.

Рентабелділік коэффициенті жарты жылдық жоспардағы пайданың жұмсалған күрделі қаржы (на вложенный капитал) қатынасын білдіреді. Коэффициент мына схемалар бойынша уақыт факторын ескеру арқылы, сондай-ақ оны елемей есептелу мүмкін: инвестиция табыс әкелетін уақытты анықтау; жоспарлы түсімдерді анықтау; уақыт шығынының есебі; жоспарлы ағымдағы шығындар есебі; осы инвестициялық жобаға қаражат жұмсау тәуекелділігін қоса ескеретін дисконттау мөлшерлемесін таңдау; таза ағымдық құнның есебі. Бұл кқрсеткіштердің негізінде басқа әдістеме бойынша жобаның тиімділігін бағалауға болады.

Өндіріс пен өткізудің әр түрлі факторларына шектеулерді енгізуге «шығындар – көлем — пайда» талдау мүмкіндіктерін шектейді. Бұл өнімнің бір немесе басқа түрлерін өндіретін өндірістің тартымдылығына елеулі ықпал етеді. Мұндай тапсырманы шешу үшін бағдарламалаудың желілік үлгісін пайдалануға болады (модели линейного программирования). Желілік бағдарламалаудың негізгі әдісіне мыналар жатады: сара және қате әдісі (желілік бағдарламалау тұрғысынан қарағанда оңтайлы, оның шешімі мүмкін шешімдер саласындағы координатты саралау нәтижесінде табылады) және кестелік (оның оңтайлы шешімі мүмкін шешімдер саласындағы бұрыштық нүктелердің бірінен табылады).

Сауда және басқа субъектілер жүзеге асыратын тауарлық операциялар өнімдердің айналымнан жеке және заңды тұлғалардың тұтынуына өтеудегі экономикалық процесті көрсетеді.

Сауда кәсіпорны өзінің шығындарының орнын толтыру, пайданы түсіру және салық төлеу үшін саудалық үстеме бағаны қолданады. Саудалық үстеме бағаның деңгейін сауда объектісі дербес анықтайды. Алайда, көтерме сауда өткізілген саудалық үстеме баға тауардың сатып алу және сату бағаларының арасындағы айырмашылық ретінде анықталады

 

1.4. «Казкоммерцбанк» АҚ мекемесінің бөлімдерімен танысу

 

Есеп айырысу бөлімі

 

Есеп-айырысу бөлімі негізінен қызметкерлердің еңбек ақысын есептеумен айналысады. Сондай-ақ айлықты есептеу барысында барлық мемлекеттік органдарға тиісті есептеулерді тапсырып, мемлекеттік салық сомасын есептеп, төлеуге дейін барлық құжаттарды толтыратын бөлім болып табылады.Сонымен қатар бұл бөлімнің есепшісі кадрлар бөлімінің маманымен тығыз байланыста болады.Кадрлар бөлімі жұмысқа қабылданған барлық қызметкерлердің құжаттарын, яғни жеке куәлік немесе паспорт, СТТН,ӘЖК және мүмкіндігінше зейнетақы қорымен жасалған келісімшарттарын жинап, есеп-айырысу бөліміне де осы құжаттардың копияларын тапсырады. Осы құжаттардың негізінде әр қызметкерге жеке шоты ашылады. Бұл шот арқылы қызметкерлердің еңбек ақысының қозғалысы сипатталады.

Сондай-ақ есеп-айырысу бөлімі қызметкерлердің, барлық зейнетақы қорларымен жұмыс істеп, зейнетақы қорларымен жасалған келісім шарттарының барлық қызметкерлерде болуын қамтамасыз етеді. Бұл айлық есептегенде 10% мөлшерде міндетті зейнетақы жарналарын қызметкерлердің жеке зейнетақы шотына түсуіне жағдай жасайды.

Есеп-айырысу бөлімі айлыққа байланысты барлық салықтарының есебін жүргізеді және тиісті органдарға тоқсан сайын есебін тапсырып отырады.

 

Материалдық бөлім

 

Бұл бөлімде мен жалпы материалдық бөлім туралы сипаттама алдым. Бұл бөлім бухгалтерияның ең басты негізгі бөлімі болып табылады. Бұл бөлім өнеркәсіптің барлық материалды және материалды емес активтерін есепке алып, оларды түгендеу және негізгі қорлардың есебін жүргізеді. Бұл бөлімнің есепшісі подотчёт, яғни  отчёт арқылы өздерінің өндірістік мүдделеріне алған ақшаларын жабатын қызметкерлердің есебін жүргізеді.

Біріншіден, қызметкерлерге шығыс кассалық ордер арқылы ақша беріледі. Ақша бензинге, яғни қызмет бабымен іс-сапарларға және берілген уақытта орындау үшін жағдай жасайды. Оны алған қызметкерлер бензин құйылғаны туралы чек әкеледі. Осы чекпен олар алған ақшалары жабылады. Жанар-жағармаймен қатар қызметкерлерге іс-сапарлық шығындарға ақша беріледі. Бұл құжаттарды жабу үшін бірінші кезекте ол адамға іс-сапар маршруты туралы бұйрық шығарады, содан кейін оған іс-сапарлық куәлік беріледі. Қызметкер оған қызмет бабымен жіберілген жерден мөр бастырып, сол жаққа қай күні келгенін, сол жақтан қай күні кеткенін белгілейтін қызметкердің қолын қойдырту керек.

Жұмыс орнына қайтқан қызметкер матреиалдық есепшіге осы іс-сапар куәлігін тапсыру керек. Бұл құжатты алғаннан кейін есепші оған аванстық есеп беруді толтырады. Ол құжатта ол әр күнге бөлінген тәуліктік шығындарды есептеп, сомасын жазады және осы барлық құжаттардың негізінде қызметкерлердің алған ақшасы жазылады. Бөлім осы сияқты басқа да өндірістік қажеттіліктерге алған ақшалардың есебін жүргізеді.

Сонымен, қатар мен «Казкоммерцбанк» АҚ-ң басқа кәсіпорындармен қарым-қатынасы туралы таныстым.

«Казкоммерцбанк» АҚ-нің көптеген қызмет атқаратын серіктестіктері бар. Есепші олармен жұмыс істеу, олардың есебін, кім-кімге берешек екенін анықтайды. Бұны анықтау үшін ол барлық қаржы операцияларын есепке алып, барлық банк операцияларын есептеп, салыстырмалы актісі бойынша дебиторлық берешек немесе кредиторлық берешекті шығарады және өзі басқа кәсіпорындарға қызмет көрсететін болса, ол кәсіпорынға қызмет көрсеткені үшін счёт-фактура жазылады. Сол счёт-фактурада көрсетілген қызметтің, жұмысының бағасы, яғни есептелінген ақшасы жазылады. Осы счёт-фактура негізінде барлық есеп-айырысу жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен, қатар материалдық бөлімде қандай журналдар толтырылатыны туралы хабардар болдым. Бірінші кезекте Журнал-ордер №7(қосымша 38). Бұл журналды толтыру үшін кассалық операцияларды есепке алу керек. Кассадағы барлық есептеулер негізінде алынған ақшалар сомасы, оларды алған қызметкерлердің аты-жөні жазылады. Бұл қаражат сомасы осы қызметкерлердің оларды не үшін алғанын дәлелдейтін құжаттар тапсырылмағанша жауапкершілігінде болады. Сондай-ақ, бұл бөлімде басқа да көптеген журнал-ордерлер толтырылады. Мысалы, ЖО №6, ЖО №4. (қосымша 41)

Журнал-ордер №6 барлық қызмет көрсететін мердігерлермен арақатынасын сипаттайтын журнал болып табылады.

Журнал-ордер №4 кәсіпорын ішіндегі барлық кассалық операцияларды сипаттайтын журнал болып табылады.Бұл журналда ақша алған барлық қызметкерлердің аты-жөні жазылады және басқа серіктестіктердің немесе жеке кәсіпкерлердің кәсіпорынға арнайы бір қызмет немесе тауар үшін төлеген ақшалары, яғни кіріс сомалары көрсетіледі.

Сонымен қатар, материалдық бөлімде барлық материалдық активтердің түгендеу жұмыстары жылына екі рет жүргізіледі.

 

 

Өндірістік бөлім

 

Бұл бөлімнің есепшісі өндіріс ішіндегі шикізаттан бастап қосалқы өнім, дайын өнімді дайындауға дейінгі барлық өнімдердің қозғалысын сипаттайтын бөлім болып табылады.

Шикізат ретінде қиыршық тас және ірі құм, ал дайын өнім ретінде шағал тас,жуылған құм, клинецті есептеуге болады. Бұл бөлімнің есепшісі мекеменің экономисті берген мәліметтер негізінде қанша тонна тас,құм және клинец шығарылғанын есептейді. Бұны есептеу үшін текше метрді қолданады.

Осы жұмыстармен қатар бұл бөлім «Казкоммерцбанк» АҚ-нен тас, құм, клинецті қолдануға беретін көптеген серістестіктермен ара-қатынастарын бақылайтын бөлім болып табылады. Дайын өнімнің тағы басқа да түрлері бар.

Өндірістік бөлім бұлардың қозғалысын да бақылап отырады және сатып алушылардың ақша қозғалысын кассада дұрыс көрсетілуін бақылайды. Сонымен қатар өндірістік бөлім дайын өнімдерінің дұрыс жөнелтілуін, яғни кеден арқылы өтуі үшін қажетті құжатарды дайындап, кеден органдарына тапсырылуын қамтамасыз етеді.

Бұл жұмыстармен қатар, бұл бөлім барлық мемлекеттік

органдарға өзінің бөлімінің мәліметтеріне сүйене отырып, тоқсан сайын әр органға тиісті есептеулерді тапсырып отырады.

 

Кадрлар бөлімі

 

Бұл бөлімнің маманы жұмысқа қабылданған қызметкерлердің арыздарын, жеке куәлік немесе паспорт, СТТН-ін, ӘЖК-ін, зейнетақы қорымен жасалған келісім-шарттарын жинайды. Осы құжаттардың негізінде бұл қызметкерге жұмысқа қабылдау жөнінде бұйрықты шығарады. Сонымен қатар қызметкерге жеке еңбек келісім шарты толтырылады. Оған жұмыс уақыты, еңбек ақысы және қосымша жұмыстарға белгіленген үстеме сомалары көрсетіледі.

Сондай-ақ, бұл бөлімнің маманы бухгалтерияның материалдық және есеп-айырысу бөлімдерімен тығыз байланыста болады.

Материалдық бөлімге кадрлар бөлімінің маманы іс-сапарға шығатын қызметкерлерге маршруты көрсетілген  іс-сапарда болу уақыты көрсетілген бұйрықты екі данада шығарып, бір данасын материалдық бөлімге береді. Сонымен қатар біздің кәсіпорынға іс-сапармен келген адамдардың іс-сапарлық куәліктеріне олар қашан келгенін белгілеп, мөр басады.

Бұл бөлім басқа жұмыстармен қатар барлық қызметкерлердің техникалық қауіпсіздік ережелерінен толық өтілуін қадағалап қана қоймай қызметкерлердің міндетті өтуін талап етеді және олардан жылда медициналық байқаудан өтіп, медициналық кітапты әкелуін талап етеді.

Кадрлар бөлімінің маманы кадрлар қозғалысын реттеп қана қоймай, әр қызметкерге жұмысқа қабылданғаны немесе жұмыстан босатылғаны жөнінде бұйрықтарды шығарады. Бұл кадрлық бұйрықтар деп аталады. Сонымен қатар, өндіріске байланысты барлық бұйрықтар өндірістік бұйрықтар деп аталады.

Кадрлар бөлімінің маманы өндіріс басшыларына келген ресми хаттарды және кәсіпорын атынан барлық тиісті органдарға жазылған хаттардың қозғалысын реттеп, арнайы журналға белгілеп, оларды арнайы папкілерде сақтайды. Оларға шығыс, кіріс номерін беріп, бақылап отырады. Сонымен қатар қызметкерлерге қажетті анықтамаларды беріп отырады және қызметкерлерді аттестациялауға қатысып, хаттамаларды жазып, коммисияның мүшесі болып қызметін атқарады.

Кадрлар бөлімінің бухгалтерияның есеп-айырысу бөлімімен жұмысы өте тығыз байланыста болады. Ол есеп-айырысу бөліміне уақытылы барлық кадрлардың қозғалысын сипаттайтын кадрлық бұйрықтарды тапсырып, қызметкерлердің барлық қажетті құжаттарының дұрыс тапсырылуын қамтамасыз етеді.

Жоғарыда аталған жұмыстармен қатар бұл бөлім кәсіпорынының газет, журналдарды қабылдап түгелдеумен жұмыс істейді, яғни пошта қызметі арқылы келетінақпарат құралдарын тиісті журналға белгілеп, арнайы орында сақтайды.

 

Кассалық бөлім

 

Бұл бөлімде ақшалай операциялардың қозғалысы сипатталады.

Кассир ақша қаражаттарының кассаға келуін, кассадан шығуын бақылап отырады. Бұл бөлім кіріс кассалық ордері, шығыс кассалық ордер және т.б. құжаттармен жұмыс істейді.

Кәсіпорын кассасы жұмысшы-қызметкерлерге есептелінген еңбекақы бойынша есеп айырысу үшін, күнделікті көлік құралдарына қажетті шығындарды төлеп отыру үшін, кеңсе тауарларын сатып алу үшін, сондай-ақ ұйымның хат және басқа да құжаттарды пошта арқылы жөнелтуі үшін есеп айырысуға арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қаржылық есеп, талдау және  аудит.

2.1. Шаруашылық субъектінің  меншікті  капиталының  есебі,талдауы мен аудиті.

 

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:

  • жарғылық капитал;
  • резервтік капитал;
  • бөлінбеген пайда.

Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.

 

Ұйымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі (айналымнан тыс) активтер» және «айналымдағы активтер» деп екіге бөледі.

Негізгі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер шаруашылық субъек-тінің материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.

Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және басқа да активтер жатады.

Жарғылық қор (қосымша 8) мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.

Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал  жаңадан кұрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің,  қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлік құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.

Осындай бағалау кезеңінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылтайшылары (қатысушылары) өздері қосқан сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді.

Егер де салым ретінде субъектіге мүлікті пайдалану құқы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, кұрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.

Сонымен қатар №11 журнал ордер (қосымша 9),№14 журнал ордерлер (қосымша 10,11,12,13) қолданылады.

 

««Казкоммерцбанк» АҚ-ның капиталына келіп тоқталатын болсақ, капиталдың жалпы қоры

82300 тенгені құрайды. Ал осы кәсіпорынның осы жылдағы таза табысы

23400578 тенгені құраса, алдыңғы жылғы таза табыс

9695688 тенгені құраған. Екі жылдың таза табысын салыстыратын болсақ 13704890 тенгеге өскен.

 

Меншікті капиталдың шоттар корреспонденциясы:

 

1.Негізгі құралдардың пайдалануына қарай қайта бағалау сомасының анықталған көлемде бөлінбеген пайдаға апарылмағаны

Дт  5320                                               Кт 2421

2.Кәсіпорынның өткен жылдағы жабылмаған зиянын өтеуге бағытталған резервтік капитал соммасы

Дт  5010                                                Кт   5430

 

 

Меншікті  капиталдың  ұйымдастырушылық  аудиті.

          Жарғылық  капитал  кәсіпорын  мүлкіне оны  құрған  кездегі  қатысушылардың  салымының  жиынтығы  болып  табылады. Жарғылық  капиталды  белгілеу  мен  қалыптастыру  тәртібі  және  пайдалану  шаруашылық  жүргізуші  субъектінің  іс-қызметінің  өрісі  мен  жағдайына, ұйымдастыру-құқықтық  түріне  байланысты.

          Жарғылық  капиталды  тексергенде  аудитор  бірінші  кезекте  келесі  жағдайларды  қарасытрады:

                   а) жарғылық  капитал  көлемінің  құқықтық-нормативтік  акті  талаптарына  сай  болуын;

                   ә) жарғылық  капитал  мөлшерінің  өзгеру  ықтималдылығын;

                   б) бухгалтерлік  есепте  жарғы  капиталының  шамасына  ықпал  ететін  операцияларды  көрсетудің  және  қолданған  корреспонденциялардың  дұрыстығы, көбінесе  олардың  ішінде  төмендегідей  өткізбелерге  ерекше  көңіл  бөлінеді:

   — Д-т 5020 «Төленбеген  капитал»  шотына  және  К-т 5010 «салымдар  мен  пайлар»  шотына  қатысушылардың  салымдары  сомасына;   — жарғы  капиталы  мөлшері  ұлғайғанда  К-т 5010 «Салымдар  мен  пайлар»  шотына, 2410 «Негізгі  құралдар», 1310 «Материалдар», 1330 «Тауарлар»,1010 «Банктердегі  аккредетивтегі, чектердегі, карт-шоттардағы  және  басқа  да  шоттардағы  ақша»,  1010 «Кассадағы  қолда  бар  ақшалар»  бөлімшелердің  шоттарына  жазу  түседі. Жарғылық  капиталды  тексеру  бағдарламасына  мынадай  аудит  процедураларыны  кіреді

 1-кесте.

Аудит  процедурасы

Ақпарат  көздері

1. Баланс  көрсеткіштерінің  Бас  кітап  мәліметтеріне  сәйкестігін  тексеру.

Баланс,501, 502, 503, 511, 521  шоттары  бойынша  Бас  кітап.

2. Жарғылық  капитал  қозғалысының  синтетикалық  және  аналитикалық  есебін  жүргізудің  дұрыстығын  тексеру.

Бас  кітап, 13 журнал-ордер, акционерлердің  тізімі, акционерлердің  есеп  карточкалары, құрылтайшы  құжаттар, НҚ  мен  МЕА  қабылдау-тапсыру  актілері, төлем  тапсырмалары, кірістік  кассалық  ордерлер  және  т.б.

3. Жарғылық  капиталды  қалыптастырудың  дұрыстығын  тексеру 

Қолданылып  жүрген  заңнама, құрылтайшы  құжаттар, бухгалтерлік  анықтама.

4. Құрылтайшылардың  жарнасын (салымдарын)  кіріске  алудың  толықтығы  мен  мерзімділігін  тексеру.

НҚ  мен  МЕА  қабылдау-тапсыру  актілері, ТМҚ  қабылдау  актілері, жүкқұжаттар, төлем  тапсырмалары, кірістік  кассалық  ордерлер, бухгалтерлік  есеп  шоттарындағы  жазулар  және  т.б. 

5. Жарғылық  капитал  өзгерісінің  негізділігін  және  оны  құрылтайшы  құжаттарға  енгізудің  мерзімділігін  тексеру.

Құрылтайшылардың (меншік  иелерінің)  және  акционерлердің  жалпы  жиналысының  шешім  хаттамалары, эмиссия  жобасы  мен  құрылтайшылық  шарты.

6. Кәсіпорынның  жарғылық  капиталға  жарна  ретінде  салынған  мүліктік  құқықтарды  түгендеу. 

Түгендеу  актілері, түгендеу  тізімдемесі, салыстыру  тізімідемесі (ведомость)  және  т.с.с.

7. Қолданыстағы  заңнамамен  салыстырғандағы  жарғылық  капитал  есебінде  анықталған  ауытқуларды  жою  жөніндегі  ұсыныстарды  әзірлеу  мен  негіздеу.

Аудитордың  тұжырымдары, есептеулері  және  ұсыныстары.

 

Меншікті  капитиалды  талдау.

   Біздің  отандық  тәжірибеде  кәсіпорынның  меншікті  капиталының  құралу  көздері  болып  мыналар  саналған: жарғылық  капитал, резервтік  қор, арнайы  бағыттағы  қорлар, мақсатты  қаржыландыру  мен  салымдар (келіп  түсулер), жалгерлік  міндеттемелер, баланс  пассивінің  1-бөлімінде  көрсетілген  бөлінбеген  табыс, сонымен  қатар  құрылтайшылармен  есеп  айырысулар, тұтыну  қорлары, алдағы  кезең  шығындары  мен  төлемдер  резервтері, күмәнді  қарыздар  бойынша  резервтері, 1997 жылы  құрылған  баланс  пассивінің  2 –бөлімінде  көрсетілген  алдағы   кезең  табыстары. БЕС №2  сәйкес 1998  жылдың  балансында  меншікті  капиталға  жарғылық  капитал, қосымша  төленбеген  капитал, қосымша  төленген  капитал, резервтік  капитал  және  бөлінбеген  табыс (жабылмаған  зиян)  кіреді.

   Меншікті  капиталды  зерттегенде  өзіндік  айналым  қаражаттарындағы  болған  өзгерістерге  ерекше  назар  аударылады, яғни  меншікті  капиталдың  қандай  бөлігі  иммобильдік  сипаттағы  құндылықтарда  бекітілмегендігін  және  осы  құражаттарды  неғұрлым  азды-көпті  еркін  жұмсауға  мүмкіндік  беретін  нысанда  түрғандығы  анықталады. Меншікті  айналым  қаражаттарының  көлемін  анықтау  үшін, меншікті  капиталдың  сомасынан  баланс  активінің  бірінші  бөлімінің  жалпы  сомасын қорытынды (қортындысын)  алып  тастау  керек.

   Меншікті  капиталды  талдау  кезіндегі  негізгі  коэффиценттер:

  1. Жұмсау коэффиценті:

    Кж =  Ма.к. / Мк

Мұндағы:  Кж  — жұмсау  коэффиценті;

                   Ма.к. – меншікті  айналым  капиталы;

                   Мк – меншікті  капитал.

  1. Тәуелсіздік коэффиценті – Кн.

   Меншікті  капиталдың  кәсіпорын  активтерінің  қалыптастыру  көзінің  жалпы  көлеміндегі  үлесін  сипаттайды. Ол  бойынша  кәсіпорынның  қаншалықты  деңгейде  қарыз  қаражатқа  тәуелді  екендігін  және  меншікті  қаражатын  қалай  пайдаланатынын  білуге  болады.

    Кн = Меншікті  капитал / Жиынтық  капитал (баланс  валютасы)

    Қолайлы  мәні: 0,5-0,6.

  1. Тәулділік коэффиценті:

    Қарыз  қаражаттарының  жиынтық  капиталдағы  үлесін  сипаттайды. Авансталған  капиталдағы  қарыз  үлесі  неғұрлым  көп  болса,  соғұрлым  кәсіпорын  қаржыландырудың  сыртқы  көздері  көбірек  тәуелді  болады.

     Кз =Таратылған  капитал / Жиынтық  капитал.

     Қолайлы  мәні: 0,4-0,5.

  1. Қаржыландыру коэффиценті:

   Меншікті  және  тартылған  капиталдың  арақатынасын  сипаттайды. Ол  кәсіпорын  активтерінің  қай  бөлігі  меншікті  қаражат  есебінен, қай  бөлігі  қарыз  қаражаты  есебінен  қаржыландырылатынын  көрсетеі.

   Кф = Меншікті  капитал / Тартылған  капитал.

   Қолайлы  мәні: 1-ден  жоғары.

  1. Инвестицияларды өтеу коэффиценті:

   Жиынтық  капиталдағы  меншікті  капитал  мен  ұзақ  мерзімді  міндеттемелердің  үлесін  сипаттайды.

   Ки  = (Меншікті  капитал + Ұзақ  мерзімді  міндеттемелер) / Жиынтық  капитал.

   Қолайлы  мәні: Қалыпты = 0,9                                   Қауіпті = 0,75

 

 

 2.2. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі, талдауы мен аудиті. 

 

Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатыи, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. «Негізгі құралдарға» — қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуші аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

Барлық «негізгі құралдар» өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететіи, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларьша және істейтін қызметтеріиің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашьшығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.

Негізгі құралдар өндірісте мынадай құжаттар арқылы толтырылады: негізгі құрал келіп түскенде  «Негізгі құралдарының қабылдау- беру актісі» (қосымша 14) толтырылады.Негізгі құралдар пайдалану барысында оларды түрлі жағдайда жөндеу қажет болады ол жағдайда «Негізгі құралдардың жөндеуі туралы қабылдау-беру актісі» (қосымша 15) толтырылады.Сонымен қатар негізгі құралдарға өндірісте жылына бір рет түгендеу жүргізіледі, «Негізгі құралдарды түгендеу описьі» (қосымша 16) толтырылады.Негізгі құралдар Журнал ордер 12 (қосымша 17) толтырылады.Сонымен қатар өндірісте «Құжаттарды қабылдау беру реестрі» (қосымша 18)  қолданылады.

 

Материалдық емес (ұстап көруге болмайтын) активтер —  нақты табиғи нысаны  жоқ  сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен  материалдық активтердің де, материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.

Жалпы материалдық емес активтер деп – белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан субъектіге үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.

 

Материалдық емес активтер — бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды  (жұмыстарды, қызметтерді), сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны (мәні) жоқ ақшалай емес активтер.Бұл активтерді анықтауға болады, олар субъектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашақта экономикалық олжа табады деп күтіледі.

Келешек экономикалық олжа, осы материалдық емес активпен тікелей байланысты, егер олар мынадай жағдайда алынса: болашақ экономикалық олжаны өсіруде материалдық емес активтердің ролі анықталса;субъектінің осы активті пайдалану қабілеттілігі мен ниеті болса; бүгінгі күнге пара-пар қаржылық, техникалық және басқа да ресурстар бар болып, субъектіге болашақта күтілетін экономикалық олжаны алуға қолайлы жағдай туғызса.

Материалдық емес (ұстап көруге болмайтын) активтер —  нақты табиғи нысаны  жоқ  сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен  материалдық активтердің де, материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.

Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер. Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы құнын анықтаудың ерекшкліктері бар.Бұған мысал ретінде соңғы уақыттарда акционерлік қоғамдар мен жекешелендірілген шаруашылық субъектілерінде және басқа да ұйымдарда қолданып жүрген «Ноу-Хау» — деген ұғымды келтіруге болады.

«Ноу-Хау» — деп шаруашылық қызметі, яғни пайдаланылуы барысында субъектіге табыс (пайда) беретін (әкелетін) жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады.  «Ноу-Хау» жалпы «патент» сияқты болып көрінгенмен одан өзгеше болып келеді.

Кең мағынасында «ноу-хау» техникалық құжаттама түрінде рәсімделген, бірақ патенттелмеген, белгілі бір өндірістің түрін ұйымдастыруға қажетті өндірістік тәжірибесінің техникалық, коммерциялық және басқа да қыр-сырларын  көрсететін білім жиынтығы. Лицензиялық келісім-шарттарда, техникалық ынтымақтастық туралы шарттарда, лизингте, «кілті қолма-қол» тапсырылатын құрылыста және т.б. қызмет көрсетудің сан алуан түрлерінде кеңінен қолданылады. Жаңалықтар патенті, тауар белгілері, авторлық құқықтар мен патенттік ақпараттар субъектінің меншігі болып табылады. Кәсіпорын «ноу-хаудың» құпиясын сақтап, оны пайдаланудан түскен табыстарын бақылай алған жағдайда ғана материалдық емес активтің анықтамасына жауап бере алады.

Өндірістік ақпаратты пайдалану құқықтарын есепке алу. Оған материалдық емес активтер қатарына белгілі бір уақыт кезеңі ішінде табыс әкелетін, ақыға сатып алынған өндірістік ақпарат немесе субъектінің өнімін болашақ кезеңдегі тұтынушылары туралы; шикізатпен, материалдармен  және қызметтермен жабдықтау туралы, бәсекелестері және тағысы тағылар туралы мәліметтер жатады.

Материалдық емес активтерді өндіріске қабылдау барысында «Материалдық емес активтердің қабылдау- беру актісі» (қосымша 19) толтырылады.

 

 

 

 

 

««Казкоммерцбанк» АҚ  негізгі құралдардың есебін төмендегі №2  кестеден көре аламыз:

 

Аты

2008ж   І ж.ж.

2007ж  Іж.ж.

Ауытқуы

Негізгі құралдар

81631062

82230187

-599125

 

Бұл жерден біз негізгі құралдардың азайғанын көреміз, яғни кәсіпорын өзінің құрал-жабдықтарының  санының азайғанын білдіреді.

 

Негізгі құралдардың шоттар корреспонденциясы:

 

Жабдықтаушылардан негізгі құралдар келіп түсті

Дт-2410           Кт-3310

Негізгі құралдар аяқталмаған өндіріске жіберілді

Дт-2930           Кт-2410

Заңды тұлғалардан қайтымсыз негізде транспорт құралдарының келіп түсуі

Дт – 2414                Кт – 6160

Қайта бағалау нәтижесінде негізгі қорлардың бастапқы құнының артуы

Дт – 2411-2417       Кт – 5320

 

 

 

Негізгі құралдардың аудиті.

 

Негізгі қорларды аудиторлық тексеру барысында аудиторлар ХҚЕС сәйкес және негізгі ережелер мен заңға сүйеніп тексеру жүргізеді. Негізгі қорларды аудиторлық тексергенде:

  1. Баланс көрсеткіштерінің Бас кітаптың негізгі құралдар, баптары бойынша мәліметтері мен сәйкестігін тексереді;
  2. Негізгі құралдардың синтетикалық және аналитикалық есебін жүрүгізудің  дұрыстығын тексереді;
  3. Негізгі құралдардың кіріске алудың дұрыстығын тексереді;
  4. Негізгі құжаттардың жіктелуін жасалудың дұрыстығын тексереді;
  5. Негізгі құралдардың техникалық жағдайы мен тиімді пайдалануды сараптайды.

 

1-кесте. Негізгі  құралдардың (НҚ)  аудит  бағдарламасы.

Аудит  процедуралары

Ақпарат  көздері

1

2

1. Баланс  көрсеткіште-

рінің  Бас  кітаптың  не-

гізгі  құралдар  баптары

бойынша  мәліметтері-

мен  сәйкестігін  тексе-ру.

Бухгалтерлік  баланс, Бас  кітаптағы  2410-2417

2. Негізгі  құралдардың

синтетикалық  және  аналитикалық  есебін 

жүргізудің  дұрыстығын

тексеру.

Бас  кітап, 12  және  10  журнал-ордерлер, тозу  сомасы  мен  негізгі  құралдарды  қайта  бағалау 

3. Негізгі  құралдардың

қойылған  және  пайда-

ланатын  орындарда бар

болуы  мен  сақталуын

бақылауды  қамтамасыз

етуді  тексеру.

Кәсіпорын  басшысының  тұрақты  жұмыс  істейтін

Инвентарзациялау  комиссиясын  және  МЖА тағайындау  туралы  бұйрықтары, МЖА-мен  келісім-шарттар, түгендеу  тізімдемесі (опись)  және  салыстыру  ведомостілері, түгендеу  актілері, қабылдау-тапсыру  актілері, есептің  инвентарлық  карточкалары  мен  негізгі  құралдардың  инвентарлық  тізімі (олардың  тұрған  және  пайдаланатын  орындары  бойынша)  және  т.б.

4. Негізгі  құралдардың  қозғалысы  бойынша  алғашқы  құжаттарды  рәсімдеудің  дұрысты-

ғын  тексеру

Қабылдау  актісі (НҚ-1); жөнделген, қайта  құрастырылған  және  жаңғыртып, жетілдірілеген  объектілерді  қабылдау-тапсыру  актісі  (НҚ-2); негізгі  құралдарды  есептен  шығару  актісі (НҚ-3); көлік  құралдарын  есептен  шығару  актісі (НҚ-4); негізгі  құралдардың  есебі  инвентарлық  карточкалардың  тізімдемесі  (НҚ-10); негізгі  құрал  қозғалысының  есеп  карточкасы  (НҚ-12); жалға  алынған  негізгі  құрал  есебі  (ұзақ  мерзімге  жалға  алынған  инвентарлық  тізім)  карточкасы  (НҚ-12а); негізгі  құрадардың  (олардың  тұрған, пайдаланылатын  орындары  бойынша – НҚ-13); 

5. Негізгі  құралдардың  жіктелуін  жасаудың  дұрыстығын  тексеру.

Техникалық  құжаттама  (паспорт, ерекшеліктері, іріктеп  жинақталған  ведомость  және  т.б.) НҚ-1; НҚ-2; НҚ-3; НҚ-4; НҚ-5; НҚ-6. 

6. Негізгі  құралдарды  бағалау  мен  қайта 

бағалаудың  дұрысты-

ғын  тексеру

Келісімшарттық  баға  хаттамалары, сатып  алу-сату  келісім-шарттары, негізгі  құралдарды  қайта  бағалаудың  әзірлеме  кестелері, НҚ-1, НҚ-2, НҚ-6

және  т.б.  

7. Негізгі  құралдарды  кіріске  алудың  дұрыстығын  тексеру.

Техникалық  құжаттама, НҚ-1, НҚ-2, НҚ-6  және  т.б., 1-8  журнал-ордерлер, Бас  кітап.

8. Негізгі  құралдардың  тозуын  есептеу  мен  көрсетудің  дұрыстығын  тексеру.

Есеп  саясаты  жөніндегі  бұйрық, негізгі  құралдардың  тозуын  есептеу  жөніндегі  әзірлеме  кесетлер, нормативті  құжаттар, 10-журнал-ордер, 2410-2417  шоттар.

9. Негізгі  құралдарды  жөндеуге  кеткен  шығындардың  негізділігін  және  оларды  бухгалтерлік  есеп  шоттарында  көрсетудің  дұрыстығын  тексеру.

Есеп  саясаты  жөніндегі бұйрық, жобалық-сметалық  құжаттам  (ақау (дефект) ведомостілері, сметалар  және  т.б.); орындалған  жұмысты  қабылдау-тапсыру  актілері, мердігерлер  мен  келісім-шарттар, басқа  алғашқы  құжаттар, аналитикалық  есеп  мәліметтері  және  934 «Негізгі  құралдарды  жөндеу»  шотының  мәліметтері.

10. Жалға  алынған  негізгі  құралдар  бойынша  жал  төлемін  есептеу  шоттарда  көрсетудің  және  т.с.с. операциялардың  дұрыстығын  тексеру.

Жал  шарттары, жалға алынған (ұзақ  мерзімді  жалға  алынған)  негізгі  құрал-жабдықтар  есебі  карточкасы  (НҚ-12а)

11. Негізгі  құралдардың  істен  шығуын  есепте  дұрыс  көрсетілуін  тексеру.

НҚ-1, НҚ-3, НҚ-4, НҚ-6, келісімшарттар, ағымдағы  түгендеу  қорытындылары, 12  журнал-ордер, Бас  кітап.

12. Негізгі  құралдарға  қатысты салықтар  есебі  мен  есептеуді тексеру.

Есептеу  ведомостілері, салықтар  бойынша  есеп  айырысулар, 5, 8,  журанл-ордерлер, Бас  кітаптағы 1420, 3130,3160 -3170  шоттар.

 

Негізгі  құралдарды  талдау:

  1. Инвестициялық коэффицент – Ки:

   Меншікті  капиталдың  негізгі  құралдар  мен  басқа  да  активтер  сатып  алуға  пайдалануын  көрсетеді.

   Ки. = Меншікті  капитал / Негізгі  капитал.

  1. Негізгі құралдардың нақты  құнының  коэффиценті:

    Кәсіпорынның  материалдық-техникалық  базасын  сипаттайды =

    Қалдық  құны  бойынша  негізгі  құралдар / баланс  валютасы.

   Қолайлы  мәні: 0,5-тен  кем  емес.

  1. Негізгі құралдардың актив  бөлігінің  үлесі:

    Негізгі  құралдардың  жалпы  құнындағы  еңбек  құралдарының  үлесін  сипаттайды =

    (Жұмыс  машиналары  және  жабдықтар + көлік  құралдары) / Негізгі  құралдар;

    Қолайлы  мәні: 0,5-тен  кем  емес.

  1. Негізгі құралдардың тозу  коэффиценті:

    Негізгі  құралдардың  техникалық  жағдайын  сипаттайды =

    Негізгі  құралдардың  тозу  сомасы / Негізгі  құралдардың  бастапқы  сомасы;

    Қолайлы  мәні: 0,5-тен  кем  емес.

  1. Негізгі құралдардың жаңарту  коэффиценті =

    Кезең  ішінде  келіп  түскен  жаңа  негізгі  құралдардың  құны / Кезең  соңындағы  негізгі  құралдардың  құны;

  1. Негізгі құралдардың жарамдылық  коэффиценті =

    Негізгі  құралдардың  қалдық  құны / Негізгі  құралдардың  бастапқы  құны;

    Қолайлы  мәні: 0,5-тен  кем  емес.

  1. Негізгі құралдардың істен  шығу  коэффиценті:

    Кезең  ішінде  есептен  шығарылған  негізгі  құралдарды  сипаттайды =

    Есепті  кезеңде  есептен  шыққан  негізгі  құралдардың  құны / Кезең  басындағы  негізгі  құралдардың  бастапқы  құны.

Материалдық  емес  активтердің  аудиті..

          Материалдық  емес  активтердің  аудиті  ретінде  қалыптасуды, іс-жүзіндегі  нақты  қолда  бар,  құжаттарда  көрсетілудің  анық  сенімділігін, пайдалы  қызмет  ету  құны  мен  мерзімін  бағалаудың  шынайлылығын, амортизациялық  есептеуді, істен (есептен)  шығарудың  негізділігін, есепті  ұйымдастыруды, оларды  кәсіпорында  қолданудың  тиімділігін  ішкі  бақылауды  тексеру  түсіндіріледі.

           Аудитор  бұл  объектілерді  тексергенде  38 ҚЕХС (Қаржылық  есеп  берудің  халықаралық  стандарттары), 28 БЕС (Бухгалтерлік  есеп  стнадарттары), ҚР-ның  «Меншік  туралы», «Тауарлық  белгілер  туралы», «Авторлық  құқық  туралы»  және  басқа  құқықтық-нормативтік  актілерді  басшылыққа  алады .

          Ең  алдымен,  аудит  бағдарламасына  сай  Бас  кітаптың  мәліметтеріне  баланс  көрсеткіштерінің  сәйкестігі  зияткерлік  меншік  объектілерінің  бар  екендігі  және  оның  жағдайы, алу  фактісін  растайтын  материалдық  емес  активтердің  қабылдау-тапсыру  актілері, бұл  объектілер  сипатталған  немесе  кесімді  белгіленген  жердегі  ақпарат  көздері  мен  өзге  құжаттар  тексеріледі .

          Объектілерді  кәсіпорынның  пайдалануына  жарамды  жағдайға  келтіруге  қажетті  шығындар  көлемін  айқындаудың  анықтығы  мен  материалдық  емес  активтердің  алғашқы  бағалаудың  әртүрлі  тәсілдермен  анықталатындығын  есергені  жөн:

          а) жарғы  капиталына  санаткерлік (интелектуалдық)  меншік  салынған  жағдайда  тараптардың (құрылтайшы)  келісімдері  бойынша;

          ә) бұл  объектілерді  иелікке  алу  мен  дайын  жағдайға  келтіру  бойынша  нақты  шығындарға  негізделе  отырып;

          б) басқа  кәсіпорындардан  және  тұлғалардан  өтеусіз  алу  күйінде  сарптама  жолымен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Инвестициялар есебі, талдауы мен аудиті.

 

Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты — түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.

Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптаскан (құрылған) күн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.

Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа  және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлінеді.

Нақты инвестициялар — бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.

Қаржылық инвестициялар — бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық бағалы (кұнды) қағаздар екі топқа бөлінеді — акшалай және күрделі (капиталды) болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы кағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.

Бағалы қағаздар әрекет ететін орыны бойынша ақша нарығының бағалы қағаздары және іс капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.

Ақша нарығы дегеніміз — қысқа мерзімді бағалы кағаздардың алынуы мен сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Қысқа мерзімді бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі — бір күннен бастап бір жылға дейін болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, теменгі төлем тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық векселдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.

Бағалы қағаздар нарықтық капиталдар ретінде бір жылдан астам мерзімге ұсынылады. Бұл борышкерлік, сондай-ақ инвестициялық бағалы қағаздар болуы мүмкін.

Инвестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей жүріп салымдарды тараптандырудың (диверсификациялаудың) принципін ұстануы тиіс: инвестор қаржылық активтердің әр түрлісін алуға ұмтылуы керек. Бұл салымдардың тәуекелділігін азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор өзінің барлық ақшаларын бір компанияның акцияларына салды делік. Бұл жағдайда ол акция курсының нарықтық ауытқуына толық тәуелді болады. Егер кәсіпорын қаражаттары бірнеше компаниялардың акцияларына салынатын болса, онда инвестордың табысы неғұрлым аз ауытқитын біршама компаниялардың акциясына төуелді болады. Егер инвестор әр тараптандыру (диверсификациялау) принципін ұстанатын болса, онда ол инвестициялық (фондылык) портфел деп аталатын бағалы қағаздардың жиынтығымен байланысты болады.

Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді қалыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип — өсім қоржыны, екінші тип — табыс қоржыны.

Қоржынның бірінші пішінін максаты өсімді көбіне дивиденттер мен проценттер алу есебінен емес, бағалы қағаздардың бағамдық (курстық) өсімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін акция құрайды. Күтілетін капитал өсімімен және тәуекелділіктің ара қатынасына байланысты қоржыңдық өсімнің ортасынан, тағы да басқа қоржынның түрлерін, атап айтқанда: агрессивті, консервативті және орташа өсімін бөліп көрсетуге болады. Агрессивті өсім қоржыңдары капиталдың максимадцы өсіміне бағытталады. Бұл қоржын үлкен тәуекелділікпен байланысты екенін көрсетеді, бірақ эмитент-кәсіпорындардың колайлы дамуы кезінде ол үлкен табыс әкелуі мүмкін. Каржынның бұл құрылымы, әдетте, тез өсетін жас компаниялардың акцияларымен көрсетілуі мүмкін. Консервативтік қоржынның өсімі негізінен ірі, жақсы белгілі және тұрақты компаниялардың акциясынан тұрады, бұндай қоржынның тәуекедділігі де аса үлкен болмайды. Қоржынның орташа өсіміңде агрессивті қоржынға да, консервативті қоржынға да тән инвестициялық касиеттері болады. Оның құрамына сенімді кәсіпорындармен қоса даму үстіндегі жас кәсіпорындардың да акциялары енеді. Мұндай қоржын жеткілікті жоғары табысқа және тәуекеддің орташа деңгейін ұстауына қолайлы жағдай туғызады.

Қоржындардың екінші дивиденттер мен проценттер есебінен табыс алу болып табылады. Қоржынның бұл типі тәуекел кезінде алдын ала жоспарланған табыстың деңгейін қамтамасыз етеді және онда тәуекелділіктің деңгейі нольге тең болады. Қоржындардың аталған типін инвестициялау объектілері ретіңде сенімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады. Оның құрамына енетін корлардың инструменттеріне байланысты олар: конверттелетін, нарықтык ақшалай және облигациялар болып бөлінеді. Конверттелетін (айырбасталынатын) қоржындар: айрықша акциялардан және облигацияларынан тұрады. Мұндай қоржын оны құрайтын бағалы қағаздардың есебінен нарық коньюктурасы мүмкіңдік беретін болса, онда оларға жай акциялардын өзі де, қосымша табыс әкелуі мүмкін. Басқаша жағдайда, қоржын инвестициясы тек тәуекелділік төмен болған кезінде ғана табыспен қамтамасыз етіледі.

Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан кұрылған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды.

Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн. Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардың епті әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастыруымен, валютаның бағамдық пайыз мелшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді несиелерді тартудың қиыңдылыктарымен және т.б. осы сияқты мәселелерімен байланысты болып келеді. Сонымен қатар, табиғат зілзалаларымен және саяси тәуекелділіктерімен байланысты болатынын ескерген абзал. Қаржылық инвестициялар техникалық-экономикалық есептеулер жасалған соң және сол инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып, жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтық қарым-қатынастар жағдайындағы тәуекелділіктер төмендеуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада инвестициялык жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер мен преференциялар әзірленіп жасалған.

Түптеп келгенде, инвестициялардың мақсаты-жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет көрсету; отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту, Қазақстан Республикасының шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану; қазіргі заманғы менеджмент пен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын кұру; жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру; өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын жақсарту болып табылады.

Шетелдік инвесторлар заңға қайшы келмейтін кез келген қызметпен, атап айтқанда: бірлескен кәсіпорындарды құруға және олардың шетелдік филиалдарын ашуға, мүліктік құқын сатып алуға, қарыз, несие беруге т.б. қызметтермен шұғылдануына болады.

Шетелдік инвесторлар өздерінің қызметінен алған табысын өз қалаулары бойынша пайдалануға құқылы, Қазақстан аймағында қайта қаржыландыру үшін, тауарлар алуға және басқа да мақсаттар үшін, яғни Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуына болады.

Заңды тұлға басқа кәсіпорындардың пакет акциясын, қатысу үлесін алу арқылы қаржылық салымдарын жүзеге асыруы мүмкін. Салынған қаржылық салымдардың деңгейіне байланысты олар: не бақылаушы, не қаржылық немесе субъектінің басқа да саясатына едәуір әсер ететін болып белгіленеді.

Егер де инвестордың қатысу үлесі 50% және одан да көп болса немесе 50% және одан да көп дауыс беру құқы бар акциясы болса, онда ол қаржыландырылатын объекті бойынша онын бақылауында болатын және еншілес серіктестігі болып табылады.

Егер де инвестордың қатысу үлесі 20%-тен астам болса, бірақ оның дауыс беруге құқы бар акциясы 50%-тен аспаса, онда ол қаржыландырылатын объекті бойынша оның едәуір әсер етуінде болатын және тәуелді серіктестік болып табылады.

Егер де инвестордың қатысу үлесі 20% акциясынан аспаса, онда ол бірлесіп бақыланатын заңды тұлға болып табылады.

Шаруашьшык серіктестіктері деп, серіктестіктердің меншігі ғана емес, және оған акционерлік қоғамы да жатады. Талдамалы (аналитикалық) есеп инвестицияланған кәсіпорыңдар мен инвестициялар түрлері бойынша жүргізіледі.

Инвестицияларды есепке алу Бухгалтерлік есептің №14 «Тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің инвестициялық есебі» деп аталатын стандарты бойынша реттеледі.

Тәуелді шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі. Тәуелді серіктестік инвесторлардың едәуір ықпал етуінде болады және ол еншілес шаруашылық серіктестігі де, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғасы да бола алмайды. Субъектің қызметіне инвестор едәуір ықпал етеді, оның тек 20%-тен астам ғана дауыс беруші акциясы болса да. Тәуелді серіктестіктер өз инвестициясын жүзеге асыру үшін мына екі әдістің бірін пайдаланады:

үлестік қатысу әдісі;

құндық әдіс (немесе кұн әдісі).

Инвестиция сатып алу құны бойынша есептелінеді, егер де инвестицияны жақын арада сату мақсатында алса немесе инвестицияланған кәсіпорын қатаң ұзақ мерзімді шектеулі жағдайында әрекет ететін болса, бұл соңғы инвесторға табысты беру қабілетін біршама төмендетеді. Мұндай шектеулерді тудыратын себептерінің қатарына: реттеуші органның бақылауында болса, сондай-ақ олар кәсіпорындағы дивидендтерді бөлудің саясатына араласса кәсіпорын өз қызметін, дивидендтерді (табыстарды) аударуға шек қойылған елдерде жүргізуі мүмкін. Сондай-ақ, саяси хал-ахуалдың өзгеруі кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүзеге асыру туралы келісімдерде қарастырылған дивидендтерді төлеуге шектеулердің күшіне енуі және басқа да кедергілердің болуы мүмкін.

Егер де дивиденд инвестицияны алғанға дейін алынса, онда ол капиталды қайтарған болып саналады және инвестордың балансы сол сомаға азаяды.

Тәуелді шаруашылык серіктестік деген анықтамаға сәйкес келмеген күннен бастап, инвестициялар ұзақ мерзімді инвестицияны есептейтін есепке алу саясатына сәйкес есептелінеді.

 

Инвестицияның талдауы.

Іс жүзінде қаржылық жоспарды құраушы және инвестициялық жобаны жоспарлауға, талдау мен бақылауға мүмкіндік беретін 3 негізгі құжат бар: «Бухгалтерлік баланс», «Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы баланс» және «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп». Алғашқы құжат, кәсіпорынның белгілі бір уақыт арасындағы емес, нақты мерзімдегі, мысалы, 2007 жылдың 31 желтоқсанындағы қаржылық жағдайын сипаттайды. Баланс белгілі бір мерзімде жобаны жүзеге асырып отырған кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаншалықты мөлшерде тұрақты екенін көрсетеді.

 

Инвестициялар есебінің шоттар корреспонденциясы:

 

Жабдықтаушылардан автокөлік сатып алынды

Дт – 2414          Кт – 3310

2.Кәсіпорын қысқа мерзімді қаржы салымын төледі

Дт – 1110          Кт – 1010

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4. Тауарлық-материалдық  қорлар  есебі, талдауы мен аудиті.

Өндіріс процесінде өнім өндіру және қызмет көрсету үшін керекті жағдайлардың бірі — еңбек заттары. Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралы өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып, өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы кұнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының жартысынан артығы еңбек заттарының кұнынан тұрады. Еңбек заттары өндірістік қор болып табылады. Материалдық құндылықтардың есебі Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің №7 стандартына сәйкес жүргізіледі.

Субъектілердің бухгалтерлік-шаруашылық қызметі бас шоттар кестесінің екінші бөлімінде «Материалдар» есебі мына шоттарда жүргізіледі:

1310-шикізат пен материалдар;

1310-сатылып алынған жартылай фабрикаттар;

1310-отындар;

1310-ыдыс және ыдыстық материалдар;

1310-қосалқы бөлшектер;

1310- басқадай материалдар;

1310-өңдеуге берілген материалдар;

1310-құрылыс материалдары.

Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ен басты мәселесі оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктерімен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:шикізаттар, негізгі материалдар мен көмекші материалдар, жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып бөлінеді. Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп, оның материалдық негізін жасайды.

Шикізаттар деп — бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдері (мұнай, руда, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар) жатады.

Негізгі материалдардың қатарына өндеуші өнеркәсіп
өнімдері (ұн, мата, кірпіш тағы да басқалар) жатады. Шикі
заттар мен негізгі материалдар өндірілген өнімнің негізін құ-
райды.

Өндірістік процестің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өндеуді қажет ететін материалдар — жартылай фабрикаттар— деп аталады. Материалдардың бұл түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйьмдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы оны сол күйінде сатуға болады.

Көмекші материалдарға — әртүрлі химикаттар мен май-лайтын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа да материал-; дар жатқызылады. Көмекші материалдардың негізгі материал-дардан өзгешелігі олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды.

Материалдық құндылықтардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, кұрылыс материалдары, тағы да басқалар есептелінеді. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй-жайларды жылытуға пайдаланылатын материал-дардың барлық түрі жатқызылады. Шаруашылық субъектісінде материалды-техникалык жаб-дықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады

Шаруашылық субъектісінің жабдықтау бөлімі шартта көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін материалдарды алып келген тасымалдау көлігінің жолдама құжаты, теміржол накладнойы, транспорттық накладнойы, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар алдымен жабдықтау бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде, яғни жабдықтау бөлімінде келген құжаттар М-1 түрлі «келген жүктіқ номерді  есептеу» журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін экспедиторға береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды алу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүк құжаттары мен сенімхатты алғаны үшін М-1 түрлі журнал ға қол қояды.

Жабдықтау бөлімі келген материалдарды қабылдап алуды да қадағалап отырады. Ол үшін жоғарыда аталған журналға материалдардың қабылданған уақыты (күні, айы, жылы) мен ол үшін толтырылған құжаттың атын (үлгілі түрі) және номерін жазады. Материалдар мен жабдықтаушы мекемеден және жүк тасымалдаушы ұйымдардан материалдарды немесе жүктерді алу үшін шаруашылық субъектісінен тағайындалған экспедиторға немесе жүкті алатын басқа адамға үлгілі түрі М-2 немесе М-2А сенімхат беріледі. М-2 түрлі сенімхаты лауазымды адамның материалдық  құндылықтарды қабылдап алуға субъектінің сенімді адамы ретінде қатысу құқығын ресімдеу үшін беріледі. Бұл сенімхатты бухгалтерия бір дана етіп жазады. Сенімхатты алған адам оны алғаны үшін хаттың бухгалтерияда қалған түбіршегіне қол қояды. Сенімхаттың М-2А түрі жабдықтаушы субъектілерден белгіленген мерзім ішіндегі материалды тұрақты алып тұратын экспедиторға беріледі. М-2А түрлі «сенімхат» алдын ала номерленген барлық парағы арқылы жіп өткізіп тігілген және үлгілі түрі М-3 «берілген сенімхаттарды есептеу» журналына тіркелуі керек. Шаруашылық субъектісінің экспедиторы немесе басқа да қызметкері М-2А түрлі «сенімхатты» алғаны үшін осы журналға қол қояды. Кейіннен олар осы журналға сенімхатта көрсетілген материалдарды алған уақытын (күні, айы, жылы), кіріс ету құжатының номерін жазады. Қоймаға қабылданған материалдық құндылықтарга осы материалдарға жауапты адам сол күні үлгілі түрі М-4 «кіріс ету» ордерін (қосымша 21) бір дана етіп толтырады.

Жабдықтаушы субъекті тауарлы-материалдық құндылық-тарды автомобиль көлігі арқылы жеткізіп беретін жағдайда жіберілетін материалдарға 4 (төрт) дана «тауар-көлік жүк құ-жаты» (накладной) толтырылады. Оның бірінші данасы жібе-рілген материалдарды есептен шығару үшін материалдарды жіберушіде қалады: екінші, үшінші және төртінші даналары материалдарды жіберуші (босатушы) субъектінің мөрі (мөр-таңбасы) және қолмен расталып, сондай-ақ жүкті қабылдап алғаны жайлы көлікті жүргізушінің қолы қойылып жүргізушіге тапсырылады.

Жүргізуші тауар-көлік жүк құжатының екінші данасын материалдарды қабылдап алушы субъектіге тапсырады.Бұл құжаттың негізінде субъекті келген материалдарды кіріске алады.

Құжаттың үшінші және төртінші даналары материалдарды қабылдап алғанын растайтын құжат ретінде субъектінің мөрі (мөртаңбасы) басылып және тиісті адамдардың қолдары қойылып, жүкті тасымалдаушы автомобиль көлігі тіркелген субъектіге тапсырылады.

Кейіннен ол құжаттың үшінші данасы материалдық құн-дылықтарды тасымалдауға тапсырыс берген субъектіге тасы-малдау құнын төлеуге табыс етілетін шотқа негіздеме ретінде қосылып беріледі.

Құжаттың төртінші данасы автомобиль көлігінің жол қа-ғазына (путевой лист) (қосымша 27) тіркеліп, жүргізушіге еңбекақы және автомобиль көлігіне пайдаланған жанар-жағармайларды, сон-дай-ақ істелінген жұмыс көлемін есептеу үшін пайдаланады.

Егер келіп түскен материалдардың нақты саны, көлемі, сапасы онымен келген құжаттағы дерекке сәйкес келмесе үлгілі түрі М-7 «қабылдау актісі» жасалады. Сонымен қатар үлгілі түрлі М-7 «қабылдау актісі» (қосымша 20) жіберу құжатынсыз келген материалдарға да толтырылады. Бұл акт екі дана етіліп міндетті түрде материалдарды қабылдап алған кісінің және материалдарды жіберген жабдықтаушы субъекті өкілінің қатысуымен, егер де жабдықтаушы субъектінің өкілі болмаған (кемеген) жағдайда бұл шаруашылық субъектісіне ешқандай қатысы (мүдделігі) жоқ ұйым өкілінің (адамның) қатысуымен, жасалады. Материалдарды қабылдап болғаннан кейін бұл актінің бір данасы материалдармен бірге келген жөнелтпе құжатымен бірге қабылданған материалдарды есепке алу үшін субъектінің бухгалтериясына, ал екінші данасы кәсіпорынның жабдықтау бөліміне келіп түскен материалдардың жетіспейтіндігін жабдықтаушы ұйымға хабарлау үшін табыс етеді. Шаруашылық субъектісіне жаңылыс келіп түскен немесе шаруашылык субъектісі алудан бас тартқан материалдар уақытша қабылданып, бөлек жиналады. Ондай материалдар үлгілі түрі М-4 «кіріс ету ордері» бойынша қабылданып, баланс сыртындағы 002-«Уақытша сақтауда тұрған материалдық  құндылықтар» -деп аталатын шотта есептелінеді.

Материалдар шаруашылық субъектінің ішіндегі цехтарына, бөлімшелеріне, өзінің аумағы (территориясы) сыртындағы шаруашылықтарына, сондай-ақ басқа ұйымдарға үлгілі түрі М-15А «Материалдарды босату (ішкі ауыстыру) талап жүк құжаты» (қосымша 23) бойынша босатылады.

«Материалдарды босату (ішкі ауыстыру) талап жүк құжа-ты» екі дана етіліп жазылып, оған бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген тұлғаның қолы қойылуы қажет.

Егер материалдар қоймадан субъектінің өзінің шаруашы-лықтарына (цехтарына, бөлімшелеріне) босатылатын жағдайда үлгілі түрі М-15А «Материалдарды босату (ішкі ауыстыру) талап жүк құжатының» бір данасы материалдарды алушыға беріледі де, ал екінші данасы қоймада қалдырылып, кейіннен бухгалтерияға табыс етіледі.

Лимиттік-заборлық картаның үлгілі түрі М-8 бойынша шаруашылық субъектісінің қоймасынан босатылатын материалдардың санын (көлемін), ол материалдар арқылы өндірілетін өнімнің және оның бір данасына жұмсалынатын материалдардың көлеміне қарап экономикалық жоспарлау бөлімі есептеп шығарады. Лимиттік-заборлық карта бойынша материалдар онда көрсетілген мөлшер шегінде (бойынша) ғана босатылады. Онда қаралған материалдардан артық өндіріске керек болған материалдар бөлек талап ету қағазы бойынша босатылады. Лимиттік-заборлық картаның негізіне сүйене отырып, өндіріске босатылатын материалдарды қойманың есебінен шығарады. Лимиттік-заборлық карта қоймадан бір ай бойы босатылатын материалдарға жасалады. Бұл картада шығарылатын өнімнің, шығынның немесе тапсырыстың коды көрсетілуі тиіс. Лимиттік-заборлық картаның бір данасы жаңа айдың басына дейін материалдарды алатын цехқа немесе бөлімшеге, ал екінші данасы материалдарды босататын қоймаға табыс етіледі. Қоймадан өндіріске босатылатын немесе жіберілетін материалдар цехтың өкілі өзіндегі лимиттік-заборлық картаны әкелгенде ғана босатылады. Қоймашы лимиттік-заборлық картаның екі данасына да материалдардың босатылған уақыты (күні, айы, жылы) мен олардың санын номенклатуралық номері бойынша жазады. Содан кейін лимиттік-заборлық картаның цехтағы данасына қоймашы, ал қоймадағы данасына цех басшысы (өкілі) қол қояды.

Материалдарды босату лимитін қоймадағы картаның өзінде де көрсетуге болады. Бұл карточканың үлгілі түрі М-17. Цехтың өкілі материалдарды алған кезде қоймашының есептеу карточкасына қол қояды да, ал қоймашы цехтың лимиттік-заборлық карточкасына қол қояды. Лимитгік-заборлық карточка да, сондай-ақ өндірісте пайдаланылмай қоймаға қайтарылып берілген материалдар да есептелінеді. Қоймадағы есеп карточкасына материалдардың әрбір номенклатуралық номері бойынша босатылғаны, қоймада қалғаны, материалдарды цехқа әрбір босатқан уақыт сайын немесе лимиттік-заборлық картаны жапқаннан кейін, бірақ келесі айдың біріне дейін жазылып отырылуы тиіс.

Егер бұл лимиттік-заборлық картадағы деректер өзара сәйкес болса, екі жақтың өкілдері, яғни қоймашы мен цех өкілі деректердің дұрыстығын мақұлдап қол қояды.

Айдың аяғында лимитгік-заборлық картада көрсетілген материалдардың пайдаланған-пайдаланбағанына қарамастан барлық лимитгік-заборлык карталар бухгалтерияға тапсыры-лады.

Құрылыс ұйымдарында көбіне лимиттік-заборлық картаның М-28 және М-28А номерлі үлгілі түрлері қолданылады. Үлгілі түрі М-28 номерлі лимиттік-заборлық карта материалдарды салынып жатқан құрылысқа, ол — құрылыс басталғаннан бастап, аяқталғанға дейін босатуға арналған. Лимиттік-заборлық картаның бұл түрі кұрылыс жұмысын жүргізуші прорабтар немесе мастерлер, тағы да басқа жұмыс жүргізушілердің біреуінде болады. Сонымен қатар ай сайын үлгілі түрі М-28 лимиттік-заборлық карта жазылады да, ол қоймада сақталынады. Материалдарды қоймадан босатқанда қоймашы үлгілі түрі М-28А лимиттік-заборлық картаға қол қояды, ал материалдарды қабылдап алушы құрылыс бөлімінің өкілі үлгілі түрі М-28А лимиттік-заборлық картаға қол қояды. Айдың аяғында жұмыс жүргізуші мастер, прораб пайдаланбаған материалдарға түгендеу жүргізіп, оның нәтижесі бойынша үлгілі түрі М-28 түрлі лимиттік-заборлық картадағы 14-графаны толтырады. Ай бойы нақтылы пайдаланған материалдар санының көлемі карточканың әрбір жолы бойынша алынған материалдардан қоймаға қайтадан тапсырылған ма-териалдармен оның айдың аяғында пайдаланылмай қалған қалдығын алып тастау арқылы табылады. Қоймашы мен жұмыс жүргізуші тиісті жазулары жазылып дайын болған лимиттік-заборлық картаны алғашқы құжаттармен бірге материалдар жайында берілетін есепке тіркеп, бухгалтерияға тапсырады. Бухгалтерияда қойманың берген есебі бойынша жұмсалған, өндіріске босатылған материалдардың есептен дұрыс шығарылуы тексеріледі. Сонымен қатар үлгілі түрі М-28 түрлі лимиттік-заборлық карта арқылы әрбір объекті бойынша құрылыс басталғаннан бастап жұмсалынған материалдар жайлы деректер анықталады. Салынып бітпеген объектінің лимиттік-заборлық картасы жұмыс жүргізушіге қайтарылып беріледі. Лимиттік-заборлық картаның М-28А номерлі үлгілі түрі материалдарды орталық қоймадан немесе құрылыс бөлімшесінің қоймасынан құрылыс объектілеріне бір ай бойы уақыт аралығында босатуға арналған. Лимитгік-заборлық картаның үлгілі түрі М-28 және М-28А санды номерлерінің ішіне материалдардың ай бойы босату санына қарап, қосымша парақ тігуге де болады. Лимиттік-заборлық карта бойынша материалдарды әрбір босатқан сайын пайдаланбағаннан қалған қалдығы шығарылып отырылады. Егер материалдар лимиттік-заборлық картада көрсетілген мөлшерден артық керек болса, ондай материалдарға үлгілі түрі М-10 санды талап ету карточкасы толтырылады. Лимиттік-заборлық картада көрсетілгеннен артық керек болған материадар үшін немесе бір материалдардың орнына екінші бір материалдарды алу немесе пайдалану керек болған жағдайда шаруашылық субъектісі басшысының немесе оның өкілетті қызмеркерінің рұқсаты болуы керек. Мұндай материалдарға да жоғарыда айтылған үлгілі түрі М-10 түрлі талап ету қағазы толтырылады. Сонымен материалдарды өндіріске лимит бойынша босату шаруашылық субъектісі бастығының өндірісте болып жатқан кемшіліктерді уақытында білуіне мүмкіндік береді. Шаруашылық субъектілерінің ішінде құрылыспен айналысатын өндіріс орындарының ашық қоймаларында сақталатын материалдар көп пайдаланылады (құм, тас, қиыршық, кірпіш, т.б). Бұлар қоймашының жауапкершілігінде далада сақталады.

Сонымен қатар өндірісте «Тауарлы материалдық құралдарды түгендеу описі» (қосымша 22), «Құжаттарды қабылдау-беру реестрі» (қосымша 24), «Материалдарды жою туралы акт» (қосымша 25),Журнал ордер 6 (қосымша 26) сияқты құжаттар толтырылады.

 

««Казкоммерцбанк»  АҚ –ғы ТМҚ есебін №3 кестеден көруге болады.

 

Аты

2008ж. І ж.ж.

2007ж. Іж.ж.

Ауытқулар

ТМҚ

772446

544784

+227662

 

 

Бұл жерде біз ««Казкоммерцбанк» АҚ-дегі ТМҚ 227662 тенгеге көбейгенін көре аламыз.

 

ТМҚ шоттар корреспонденциясы:

 

Өндіріске шикізатпен материалдар келіп түсті

Дт-1310           Кт-8010

Келіп түскен тауарлар есеп айырысу шотынан төленді

Дт-1330           Кт-1040

Әкімшіліктегі негізгі құралдарды ұстауға және жөндеуге жұмсалған материалдар құны

Дт – 7210               Кт – 1310

 

Тауарлы- материалдық қорлар аудиті

 

ТМҚ-ң аудитін жүргізуде қолда барын және қоймада сақталып тұрғандарын және жіберілген, кеткен ТМҚ-ны тексереді. Сатып алу циклінің функционалды аудитің қаржылық есеп берудің мәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады. Бастапқы есепті ұйымдастыруды, құжаттар рәсімдеуді, тиеу-тасу жұмыстарын, материалдық ресурстардың қозғалысын, сақталуын және ұтымды қолдануын бақылау мен орналастырудың жүзеге асыратын қойма шаруашылығы қызметкерлері маңызды рол атқарады. Қоймадағы материалдық құндылықтардың нақты бар болуын оларды міндетті түрде қайта есептеу, қаита таразылау және өлшеу жолымен тексеріледі.

 

Тауарлық-материалдық  қорлар  талдауы.

  1. Тауарлық-материалдық қорлардың ағымдық  активтеріндегі  үлесі:

   Ағымдық  активтердің  қанша  бөлігін  тауарлық-материалдық  қорлар  алатындығын  көрсетеді

  1. Тауарлық- материалдық қорлардың  өтелу  коэффиценті:

    Қорлар  мен  шығындардың  қандай  бөлігі  меншікті  айналым  қаражаттарымен  өтелетіндігін  көрсетеді =

  1. Қорлар мен шығындардың  меншікті  қалыптасу  көздерімен  қамтамасыз  етілу  коэффиценті:

   Қорлар  мен  шығындардың  қандай  бөлігі  меншікті  айналым  қаражатымен  өтелетіндігін  көрсетеді =

  1. Материал қайтарымдылығы – Мо =

   Өнімді  өткізуден  түскен  түсім / Шығындалған  материалдар  ресурстарының  орташа  құны;

  1. Материал сыйымдылығы — Мс =

   Шығындалған  материалдар  ресурстарының  орташа  құны / Өнімді  өткізуден  түскен  түсім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.5. Ақша қаражаттарының есебі, талдауы мен аудиті.

 

Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:

  • ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;
  • кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
  • есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.

Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Бәсеке қабілеттілігі – кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы уақыттарда дамуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен оның баламаларын (эквивалентін) дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс (нақты) бағалау үшін қажет.

Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарьшдағы ақшаларынан, аккредитивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.

Есеп айырысу шоты бойынша операциялар қолданыстағы заңдар және Мемлекеттік банкінің ережелеріне сәйкес реттеліп және тәртіп бойынша ақша қаражатының еркін қалдығы шегінде шот иесінің жазбаша бұйрықтарының негізінде жүргізіледі. Шот иесінің келісімімен материалдық  игіліктерді жеткізушінің төлем талаптары

бойынша, істелген жұмыстың және көрсетілетін  қызметтердің құндары төленеді. Кәсіпорынның келісімінсіз есеп айырысу шотынан бюджетке тиісті төлемдерінің қалғаны айыптар және басқа кәсіпорынның келісімінсіз өндірілетін төлемдер  төленіледі. Олар үшін өндіріп

алушылардың жарлықтары бойынша орындалатын және соған теңестірілген  құжаттар бойынша қаражатты есеп айырысу шотынан талассыз төлеудің тәртібі белгіленген;Ондай төлемдер кәсіпорынның шотынан тек қана арбитраж органдарының бұйрықтары, соттар берген орындау қағаздары  негізінде ғана төленіледі.

Кәсіпорынның шотынан барлық төлемдер, бюджетке аударылатын және жалақыны төлеуді қоса, банкіге есеп айырысу құжаттарының түсуіне қарай календарлық кезек тәртібімен іске асырылады. Банкілер төлем қабілеті жоқ деп хабарлаған  кәсіпорындарының міндеттемелері бойынша төлемдердің кезегін банкі мекемесінің басшысы анықтайды. Шұғыл қажет болған жағдайда кәсіпорындар есеп айырысу шотынан  орташа күндік түсімнің 5%-нен аспайтындай кезектен тыс ақша алуына болады, колхоздар 15%-тен аспайды.

Чектермен есеп айырысу. Чек беру  төлемді жүзеге  асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға  беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да.Аталған  міндемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді.Біріншісі-депозиттермен қамтылған, ал екіншісі- қамтылмаған болып бөлінеді.Чек  ұстаушылардың құқығы чек берушіден  чекті алған кезінен бастап пайда болады.Чектерге,есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша  иесінің мөрінің таңбасы болуы керек.Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте

жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды.Жөнделген чекті банк қабылдамайды, чекпен бір мезгілде түбіршегі де толтырылады,ол чек  кітапшасында сақталады. Чектер атаулы және ұсынушы болуы мүмкін. Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады.

Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген сомманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық  құндылықтады өтеу үшін есеп айырысу  кезінде, сондай-ақ қызымет пен тауарға алдын-ала төлем  жасаған кезде ,авнстық төлемдер  жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.

Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланклердегі төлем тапсырманы (қосымша 32) ұсынады. Тасырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот- фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып  берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады. Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық  түрінде де, қағаз ретіндеде ұсыну мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данадан толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.

Субьектілер :жеке өздеріне тиесілі қаражатты жекелеген азаматтардың атына; жалақы төлеуге арналған , банк мекемелерінде аударым алушының атын , оның номерін , сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің  аты мен номерін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім ,қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары  кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы соммасы төрт дана етіп жазылатын төлем  құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.

Төлем талабы – тауарларды,жұмысты, көрсетілген қызметті алушының немесе төлеушінің шотынан  төлем соммасын өндіріп алу жөніндегі банкіге берілетін бұйрық .

Талап бланкілері заңда белгіленген жағдайларда төлеушілердің шотынан қаражатты талассыз алу үшін пайдаланылуы, сондай-ақ аккркдитивтермен айырықша шоттар бойынша қаражат алу үшін шоттардың реестлері есебінде пайдаланылуы мүмкін.

Ақша қаражаттары 1010-1070 шоттарында жүргізіледі.Онда ЖО №1 (қосымша 33,34,35),ЖО №2 (қосымша 36,37) құжаты толтырылады.

 

Шоттар корреспонденциясы:

1.Қаржы инвестициясы сатып алынды

Дт – 1150              Кт – 1010-1070

2.Есеп айрысу шотынан жабдықтаушылардың кредиторлық қарыздары өтелді.

Дт-3310           Кт-1040

3.Заңды тұлғалардан кіріске алынған ғимараттар мен құрылғыларға есеп айырысу шоты арқылы төленді

Дт – 2412              Кт – 1040

 

Ақша қаражаттарының аудиті.

Кассалық тәртіпті бұрмалау жағдайлары байқалғанда ол міндетті түрде тексерілуі тиіс. Сонымен бірге едәуір сомаға қолма-қол ақша алған немесе салған кәсіпорындармен есептесулерді салыстырған жөн. Кассалық операциялар мүмкіндігінше тексерілуге жататын барлық кезең ішіндегі кассалық есептерге тіркелетін құжаттар бойынша тексеріледі. Тексеруде кассалық операциялар бойынша есептік құжаттаманың мынадай пішіндері қолданылады: кіріс касса ордері (қосымша 28), шығыс касса ордері (қосымша 29), касса кітабы (қосымша 30), кассирдің қабылдаған, берген ақша кітабы, журнал ордер №1, Бас кітап,нақты ақшалай салым туралы хабарландыру (қосымша 31), тиісті ай-күн жылға баланстар қолданылады.

Ақша-қаражаттарының  талдауы.

  1. Ақша қаражаттарының айналымдылық  коэффиценті – Кд.с. =

   Талдау  жасалып  отырған  кезеңдегі  ақша  қаражаттарының  айналымы / Ақша  қаражаттарының  орташа  қалдықтары;

  1. Ақша қаражаттары айналымының ұзақтығы — Дд.с. =

   Талдау  жасалып  отырған  кезеңнің  ұзақтығы: Ақша  қаражаттарының  орташа  қалдығы / Талдау  жасалып  отырған  кезеңдегі  ақша  қаражаттарының  айналымы;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.6. Дебиторлық қарыздар есебі, талдауы мен аудиті.

 

Дебиторлық қарыздар соларға байланысты түсетін табысты салыстырғанның нәтижесіңде ғана танылады, бірақ табыстан баға бойынша да, сату бойынша да берілген жеңілдіктермен (скидки) қоса, сатудан қайтарылған тауарлардың кұны шегеріледі.

Дебиторлық қарыз айналыстан қаражатты айыратындығын көрсететін болғандықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілер бірінші кезекте олардың айналымдылығын талдайды. Әдетте, дебиторлык карыздың айналымдылығы 30-дан 90 күнге дейін тең болады, егерде осы мерзімнен асып кетсе, онда оны мерзімі өтіп кеткен деп санайды.

Сондықтан кейінгі кездері дебиторлық қарызды талап ету құқын факторингалық компанияларға жүктейді.

«Өтелуі тиісті қосылған құн салығы» (1420-шот) (қосымша 39). Бухгалтерлік есепте қосылған кұн салығы (ҚҚС) бойынша есеп айырысуды көрсету үшін 1420 «Өтелуі тиісті қосылған құн салығы» шоты қолданылады.

1420-шотының дебеті бойынша 3310 «Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу», 3397 «Басқа да» шоттарының кредитімен корреспонденциялана отырып, алынған тауарлы-материалдық құндылықтарды, атқарылған жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді бейнелеп, ондағы акцептелінген шоттары бойынша ҚҚС көрсетеді.

Тауардың, жұмыстың, қызметтің есебінен қосылған құн салығы алынады, ондағы айналымы салық салу үшін пайдаланады, егер де:

тауар (жұмыс, қызмет) алушы қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуші болып табылса;

жабдықтаушы Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылады сатылған тауарға (жұмысқа, қызметке) берілген шот-фактураның негізінде.

Қосылған құн салығының (ҚҚС) сомасы зачетқа жатқызылатын болып табылады, егер де:

тауарды (жұмысты, қызметті) алушы қосылған құн салығын төлеуші болса;

төленген салық сомасы кеден заңдылығымен сәйкес келсе, яғни жүк кеденінің декларациясында көрсеткендей болса;

-төлем құжатында көрсетілген салық сомасы салықтың төленгенін қуаттайтын

болса;

темір жол және авиа билетінде көрсетілген салық сомасы салық заңына сәйкес сомада болса;

тұрғын-үй қызметінде пайдаланатын қүжаттарында көрсетілген сома салық сомасымен сәйкес келсе;

бақылау-кассалық машинасынан алынған чектердің сомасы салық сомасымен сәйкес келсе.

Алумен байланысты төлеуге жататын ҚҚС болса олар, зачетқа жатпайды, егерде:

тауарлар (жұмыстар, кызметтер) кәсіпкерлік қызметке жатпайтын шараларды жүргізумен байланысты болса;

тұрғын-үй қорларындағы ғимараттар болса, қонақ үй ретінде пайдаланатын ғимараттардан басқасы;

жеңіл автомобиль, негізгі құрал ретінде алынған болса;

тегін алынған мүліктер (тауарлар, жұмыстар, қызметтер).

Есептік кезең өткеннен кейін, ҚҚС бойынша зачетқа рұқсат етілген сомасы,1420 шоттың кредитінен 3130 шоттың дебетіне есептен шығарылады. Бұрындары зачетка жатқызылған ҚҚС сомасы зачеттан шығарып тасталады, ол кезде, 3130 шотының дебетінде және 1420 шотынын. кредитінде көрініс табады, бірақ қызыл жазумен жазылады. Бұл жағдайда, 1420 шотында ҚҚС сомасы не өндіріс, не тауардың құнына есептен шығарылады.

Іс-сапары бойынша жұмсалған шығыстардың есебі. Іс-сапар шығыстары деп кәсіпорын басшысының жарлығы бойынша белгілі бір мерзімге қызмет бабының тапсырмасын орындау үшін кызметкерлердің (еңбеккерлердің) басқа кәсіпорынға бару үшін алған қаражатын айтады. Ол алдын-ала жасалған еңбек шартымен, Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» заңымен қаралған шаралар бойынша беріледі. Іс-сапар шығыстары өтелетін шығыстар қатарына жатады.

Қазақстан Республикасының аясында іс-сапарда жүргендерге екі ең төменгі есептік көрсеткіштер (ТЕК) деңгейінде тәулік ақысы төленеді, демалыс және мейрам, сондай-ақ жолда болған күндері де қоса есептелінеді.

Нақты іс-сапар орнына барған және сол жерден шыққан күндері бойынша іссапар куәлігіне белгі соғады. Егер де еңбеккер бірнеше мекен-жайларға жіберілсе, сол барған жерлері бойынша түгел белгі соғуы тиіс. Іс-сапарға шыққан және келген күндері куәлікте көрсетілген күнмен сәйкес келуі тиіс. Әдетте, іс-сапар мерзімі жолда жүрген уақытын есепке алмағанда қырық күннен аспауы керек.

Іссапарға жіберілген кызметкердің үй-жайды жалдауына кеткен шығындары негізінен ұсынылған кұжаттардың негізінде, бірақ Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі бекіткен мөлшерден артық емес көлемде өтеледі.

Іс-сапар бойынша өткізілген аванстық қүжаттар (қосымша 38) бойынша белгіленген норматив денгейінде және тиісті қүжаттармен дәлелденген жағдайда: іссапарда көрсетілген жеріне дейін және кері жүрген жолына кеткен нақты шығындарымен қоса броньға кеткен шығыстары да қоса алынады.

Егер де қызметкерлер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберілсе, басшының бұйрығымен қоса оның мерзімі, мақсаты, орны анықталады. Іссапар шығыстары еңбеккерлерге қай елге барса, сол елдің валютасына алдын-ала қаралған смета бойынша төленеді, ал егер де ондай валюта болмаса, онда еркін-конверттелетін валюта беріледі. Келгеннен кейін бес күннің ішінде алған аванс бойынша есеп беру керек.

Іс-сапардан оралғаннан кейін бас бухгалтердің көмекшісі алған аванстары бойынша оларды растайтын құжаттарымен бірге нақты жұмсалған шығындары бойынша есеп берген.

1251 шоттың дебеті бойынша және мына шоттардың кредитіне келесі жазба жазылады: 1010-кассадан есеп беретін тұлғаға авансын төлеп берген кезде;

1040-авансты есеп айырысу шотынан почта арқылы аударған кезде; 1284 — есеп беретін тұлғаға чек кітапшалары арқылы берген кезде; 1010- есеп беретін мемлекетгік салық маркаларын, почта маркаларын және т.б. беру кезінде.

Шара аяқталған соң, есеп беруге тиісті тұлға, бүйрықта қаралған шаралардың орындалу деңгейін дәлелдейтін: аванстық құжаттарын, оның шығысын растайтын алғашқы кұжаттарымен (кассалық ордерлерімен, фискалдык кассалык чектерімен, сатып алу актілерімен, шоттарымен, билеттерімен, жалға келісім шарттарымен т.б.) және кәсіпорын басшысы бекіткен сметаның орындалуы туралы актісін бірге бухгалтерияға тапсырады.

1250-1290 шоттарында жүргізіледі. Сонымен қатар кезең шығындары ЖО 10 (қосымша 40) толтырылады.

 

Аты

2008ж. І ж.ж.

2007 ж.І ж.ж.

Ауытқулар

Дебиторлық қарыздар

16502581

9862286

6640295

 

Шоттар корреспонденциясы:

 

Жөнелтілген тауарлардан түсім түсті

Дт – 1210               Кт — 6010

Бұрын төленген аванс сомасы есебінен қоюшы мердігерлерге қарыз сомасы өтелді.

Дт-3310           Кт-1610

Мердігерлерге олардың алдағы уақытта атқаратын жұмыстары мен көрсететін қызметтері үшін аударған аванс сомасы

Дт-2910           Кт-1050

 

Дебиторлық берешек аудиті.

Дебиторлық берешек есебін тексеру жүргізген кезде барлық көрсетілген салаларға тоқталып қажетті құжаттарды келіп түсуі мен шығыс жағдайын қарастырады. Есеп айырысуды бақылаудың ықпалды тәсілі  дебиторлық және кредиторлық берешектердің, кірістін құжаттарды тіркеудің дұрыстығын функционалдық аудитті уақытылы өткізу, тіркелген құжаттарды төленген құжаттармен салыстыру болып табылады.

 

Дебиторлық  қарыздарды  талдау.

  1. Дебиторлық берешектің  айналымдылық  коэффиценті:

    Кдб  = Vp / ДБо;

Мұндағы: ДБо – орташа  дебиторлық  берешек.

                 Vp – қткізуден  түскен  түсім.

Яғни  ТОО  «Бадамтас»  үшін  Кдб  = Vp / ДБо = 52781 / 41221088 =  0,0012;

  1. Дебиторлық берешекті  өтеу  кезеңі:

    Тбө  = 365 / Кдб = 3041166

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.7. Міндеттемелер есебі, талдауы мен аудиті.

 

Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ,олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез-келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі ол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабықташы субъетінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де саудамен де айналыспайтын субъетілердің өз қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оың алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда аржының жетіспеушілігінен банкте, банктен тыс мекемелерден шетелдрден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ мідеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып сатылып жатқан субъектілер көптен кездеседі. Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық еептің ең негізгілрінің бірі болып саналатын тақырыптардың бірі – міндеттемелер есебі.

Міндеттемелер есебі қаржы-шаруашылық қызметі бас шоттар кестесінің алтыншы міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептелініп жүргізіледі. Бұл бөлімде 4000-«Несиелер», 3510-«Алдағы кезең кірітері», 3100-«Дивиденттер бойынша есеп айырысу», 3110-«Бюджетпен есеп айырысу», 3300-«Еншіес ( тәуелді) серіктікпен есеп айырысу», 3400-«Бюджеттен тыс төлемдер есеп айырысу», 3500-«Алынған аванстар», 3310-«Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырыу», 3350-«Басқадай несиелік борыштар бойынша есеп айырысу»-деп аталатын бас шоттарының тиісті бөлімше оттары орналасқан.

Салық жылында салық салынатын табыстары бар заңды тұлғалар табыс салығын төлеушілер болып табылады. Табыс салығын төлеушілерге Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесінен басқа заңды тұлғалар жатады. Олардың қатарына резидент емес заңды тұлғалар, олардың филиалдары және оқшауланған (дербестелінген) бөлімшелер кіреді.

Әрбір салық төлеуші салық салынатын табысты анықтау үшін, жылдық табыстың жинақталған сомасынан табыс табу мақсатында жұмсалған шығындар мен шеккен зияндардың сомасын шегереді.

Шаруашылық субъектісінің  жылдық табысына, яғни жыл бойы кіріс еткен сомаларының жиынтығына сатылған немесе өткізілген өнімдер, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер және басқа да операциялар үшін салық төлеушінің алуға тиісті ақшалай немесе басқа да қаражаттары, сондай-ақ сатып алушыдан алуға тиісті сомалардың есебінен өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген  немесе тікелей не болмаса жанама шығындарды өтеуге жіберілген қаржылар жатқызылады.

Салық салынатын табыстардың және одан шегерілетін шегерімдер мен жеңілдіктердің құрамы, сондай-ақ салынатын табыс салығының мөлшері салық кодексінде қаралады.

Салық төлеуші шаруашылық субъектісі тиісті салық органына  «Заңды тұлғаның салық салынатын табысының декларациясын» ұсынуға тиіс.

Табыс сылығын есептеу барысында бухгалтерлік есепте  7710-«Табыс салығы бойынша шығындар» -шоты дебеттелініп, 3110-«Төленетін ағымдағы табыс салығы» -шоты кредиттелінеді.

Міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі. Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.Міндеттемеге ЖО №4 (қосымша 41), ЖО №9 (қосымша 44) ордерлер толтырылады.

2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» (өзгертулермен және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және занды тұлғаларадн алынатын салықтар мемлекетгік бюджетті толықтырудың негізгі кезі болып табылады.

Корпоративтік табыс салығы. Корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу  3120 «Төлеуге жататын ағымдағы  табыс салығы» деген пассивтік шотында жүреді.Ол ЖО 5-те (қосымша42,43)  толтырылады.

Корпоративтік табыс салығының салық салынатын негізгі объектісі салық салынатын табысы болып табылады. Оның деңгейі жылдық табыс жиынтығы мен шегерімнің арасындағы айырмасы арқылы анықтайды:

Салық                       ═    Жылдық табыс   — Шегерімдер

Салынатын табыс           жиынтығы

Жылдық табыс жиынтығына: жөнелтілген өмірден, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер және басқа да операциялар үшін, салық төлеушінің алуына жататын ақшалай немесе басқа құжаттар, өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген, тікелелей  не жанама түрінде шығындарды өтеуге жіберілген құжаттар кіреді. Кәсіпкерлік қызметтерден түскен кірістерге: өнімді сатқаннан түскен кірістер; ғимараттарды, қондырғыларды сату кезінде құнның өсуінен, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерден инфляцияларға байланысты олардың құндарына түзетулерді есепке алу барысында түскен кірістер; басқа да сатудан түскен тыс кірістер; соның ішінде:   проценттер бойынша кіріс; дивиденттер; ақысыз алынған мүліктер мен ақша қаражаттары; мүліктерді жалға беруден түсетін кірістер; роялти; мемлекеттен және басқа да занды тұлғалардан алынған жәрдем ақшалар; кәсіпкерлік қызметтен немесе оның қызметін шектеуден-алынған кірістер; қарыздарды есептен шығарудан түскен кірістер және т.б. жатады.

Әлеуметтік салық. Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да теленуі мүмкін. Әлеуметтік салықтың есебі, 3140 шоттың «Әлеуметтік салық» деп аталатын субшотында жүреді.

Демек, кәсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 3310 «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу» шотын пайдаланады. онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына (алдын-ала төлемақы, инкасса. аккредитивтер, чектер) қарамастан. жабдықтаушылардан алынған материалдық босалқы қорлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі. 3310-шоттық кредиті бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасы және дебеті бойынша — есеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады.

Кіріс құжаттары мұқиат тексерілуі және төлем-тапсырмаларындағы (шот-фактурадағы) материалдық құндылықтар  санына сәйкес келуі тиіс. Егер жүктерді қабылдау кезінде жабдықтаушының немесе көлік ұйымының кіәсінен құндылықтардың жетіспейтіні немесе бұзылуы анықталса, ақтінің неггізінде талап сомасьн 3310-шоттың кредитінен 2810-шоттың дебетіне есептеп шығарады. Егер материалдық құндылықтардың жетісиесуін есеп айырысуға дейін, яғни төлем құжаттарын акцептеуге дейін анықтайтын болса. онда оның сомасына тиісті есеп айырысу төлем құжаттарында акцептті азайтады.

Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар есебі бойынша  шоттардың корреспонденциясын қарастырайық:

Тауарлы-материалдық құндылықтарды алғаны үшін (ҚҚС есебінсіз) акцептелген шот-фактураларына: 1310-1317. 1330 шоттары дебеттеледі, сондай-ақ осымен бірге шот-фактурасына енгізілген ҚҚС сомасына 1420 шоты да дебеттеліп, 3310 шоты кредиттеледі.

Жабдықтаушылардың төленген шот-фактурасына: 3310-шот дебеттеліп, 1040, 1050, 1060 шоттар кредиттеледі.

Төленген шот-фактура бойышна қосылған құнға салынған салықтың сомасы есепке алынады, ол кезде: (3130-шоты дебеттеліп, 1420-шоты кредиттеледі.

Міндеттемелер талдауы.

Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.

Келешекке арналған қарыздар нақты бір мерзімдегі оның төлем құралдарының сомасын осы мерзімдегі жедел қарыздарын салыстыру жолымен анықталады.

Ағымдағы міндеттемелерді таладу кезінде сандық көрсеткіштерден басқа, сапалық сипаттамаларын білу керек.

 

Міндеттемелер есебі бойынша шоттар корреспонденциясы:

 

Салықтар бойынша борышты несие есебінен өтеу

Дт – 3130                    Кт – 3010

 

 

Міндететмелер  аудиті.

     Ұзақ  мерзімді  міндеттемелердің  аудиті.

   Міндеттемелер — өткен  мәмілелердің  немесе  өткен  оқиғалардың  нәтижесі. Олар  ұзақ  мерзімді  және  ағымдағы  болып  жіктеледі.

   Ұзақ  мерзімді  міндеттемелерге  мыналар  жатады:

  • Банктердің ұзақ  мерзімді  қарыздары;
  • Банктен тыс  ұзақ  мерзімдік  қарыздары;
  • Мерзімі шегерілген  корпоративтік  табыс  салығы.

   Банктердің  және  банкттен  тыс  мекемелердің  ұзақ  мерзімді  қарыздары  1  жылдан  астам  мерзімге, әдетте, жаңа  техниканы  енгізу  шығындарына, өндірісті  кеңейтуге, оны  қайта  құруға, қымбат  бағалы  жабдықты  алуға  және  басқа  мақсатты  бағдарламаларға  беріледі.

   Қарыздарды  алу  және  өтеу  бойынша  операциялардың  өткізу  үшін  келесі  көрсетілген  шоттар: 4010- «Банк  қарыздары», 4010— «Банктік  операциялардың  жекелеген  түрлерін  жүзеге  асыратын  ұйымдардың  қарызы»  және «Қарыздары», 4030-«Басқалар»  қолданылады. Оларға  «Ұзақ   мерзімді  қарыздар»  аралық  шоттары  1010- бөлімшенің  «Банктердегі  аккредетивтердегі, чектердегі, карт-шоттрадағы  және  басқа  шоттардағы  ақша», 1050-«Шетел  валютасындағы  ағымдағы, корреспонденттік  шоттардағы  ақша , 3310- «Берушілермен  және  мердігерлермен  есеп  айырысу»  және  басқа  шоттармен  корреспонденцияда  алынған  қарыздар  сомалары  кредит  бойынша, ал  дебет  бойынша – ақша  есебі  жүргізілетін  шоттармен  корреспонденцияда  өтелген  қарыздар  сомасы  беріледі.

   Қарыздарды  беру  мен  өтеуге  байланысты  барлық  мәселелер  банк  ережелерімен  және  қарыз  алушы  ұйым  мен  банк  арасындағы  кредиттік  шарттармен  реттеледі. Бұл  мақсат  үшін  кредиттік  шарт  рәсімделеді, онда  кредиттеу  объектісі, қарыз  беру  мен  қайтару  мерзімдері  проценттік  мөлшерлемелер, оларды  төлеу  тәртібі, тараптардың  қарызды  беру  мен  өтеу  жөніндегі  міндеттемелері, құқықтары  мен  жауапкершілігі, құжаттар  тізбесі  және  оларды  банкке  ұсынудың  мерзімділігі  мен  басқа  жағдайлар  көрсетіледі.

   Ұзақ  мерзімді  міндеттемелерді  тексергенде, аудитор  бәрінен  бұрын  баланста  көрсетілген, есепті  кезеңнің  басы  соңындағы  қалдықтың  Бас  кітаптың  жоғарыда  аталған  шоттары  мен  журнал-ордердің  мәліметтеріне  қарап  сәйкестігін  анықтауға  тиіс.

   Алайда  мұны  бірден  жасауға  болмайды, өйткені  баланста  синтетикалық  шоттардың  қалдықтары  емес,  аналитикалық  есептің  мәліметтері  келтіріледі. Басқаша  айтсақ, баланстың  «Қамтамасыз  етілген  қарыздар», «Қамтамасыз  етілмеген  қарыздар»  және  «Ұйымдардың  бір-біріне  және  еншілес  ұйымдарға  беретін  қарыздары», баптары  аналитикалық  есеп  мәліметтері  негізінде  толтырылуы  тиіс. Сондықтан  аудитор  синтеикалық  есептің  аналитикалыққа  сәйкес  болуына  назар  аударуы  тиіс.

   Атап  айтатын  жайт  4010-шоттары  бойынша  аналитикалық  есеп  мерзімінде  өтелмеген  қарыздар, оларды  берген  банк  түрлері  бойынша: қарыз  берушілер  мен  қарызды  өтеу  мерзімдері  бойынша  мәіметтер  банк  көшірмелерімен  расталуы  тиіс. Қарыздарды  банктер  тиісті  қамтамасыз  етуге  немесе  кепілдікке  және  белгілі  бір  мақсаттарға  беруге  тиісті  болғандықтан, біріншіден, кәсіпорын  басшысын  қамтамасыз  ету  құрамына  кіруін  немесе  кепілдікті, екіншіден – қарызды  мақсатты  пайдалану  тексеру  керек. Үшіншіден, оларды  ынталандырудың  толықтығы  мен  уақыттылығына  ерекше  назар  аудару  қажет. Бұл  үшін  банк  көшірмелерін  тексеру  керек. Қайтару  мерзімі  бұзылғанда  мұның  себебін  анықтау  талап  етіледі.

   Басқа  кәсіпорын  мен  ұйымдардан  алынған  ұзақ  мерзімді  қарыздарды  тексергенде, аудитор  қарыз  берушілермен  мәліметтерді  салыстыру  нәтижелерімен  анықтауға  тиісті, қайтарылымаған  қарыздың  қаржы  қалдықтарының  дұрыстығын  айқындауға  тиісті. Аудитор  бір  мезгілде  басқа  кәсіпорындардан  қарыз  алудың  негізділігмен  заңдылығын  да, сондай-ақ  оларды  өтеудің  толықтығы  мен  мерзімділігін  тексеруі  тиіс.

    Сонымен  қатар  аудитор  қарыз  және  алынған  несие  үшін  процент  төлеудің  дұрыстығын  тексеріп, сондай-ақ  кәсіпорынның  өтелмеген  қарыз (несие)  қалдықтарымен  бірге  осы  қарыз  үшін  банкке  тиесілі  процентті  көрсету  жайлы  шешім (бұл  туралы  есеп  саясатында  жазылуы  керек)  қабылданғанын  анықтауы  тиіс. Проценттер  сомасы  банктердің  қарыздары  жөніндегі  проценттерді  төлеу  бойынша, шығыстар есебінің  тиістісі  шоттарымен  бірге  корреспонденциясында  ұзақ  мерзімді  міндеттемелер  есебі  шотарының  кредиті  бойынша  көрсетіледі.

   Тексеру  кезінде  аудитор  берешек  кәсіпорынға  берілген  вексельдермен  қамтамасыз  етілгенін, ұзақ  мерзімді  қарыздар  шотынан  есептен  шығарылмайтынын, вексельдік  операциялар  есебі  ережелеріне  сәйкес  ескерілетінін  назарда  ұстауға  тиіс.

Міндеттемелерді  талдау.

 

  1. Кредиторлық мерзімді  борыш  коэффиценті:

       Кбп  = БП / (ҰМҚ + ҚН + БП);

  1. Қысқа мерзімді  борыштар  коэффиценті:

       Кқм  = ҚН + БП / (ҰМҚ + ҚН + БП);

  1. Қарыз қаражатын  ұзақ  мерзімді  тарту  коэффиценті:

       Кұм  = ҰМҚ / (МК + ҰМҚ).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.8. Еңбек және еңбек ақы есебі, талдауы мен аудиті.

 

Шаруашылық үдерістері (процсстері) жабдықтау, өндіру және сату деп алдыңғы тарауларда айтып еткен болсақ, осы өнім өндіру үшін қажеттілер еңбек заттары, еңбек құралдары, сондай-ақ жұмысшы күші екендігі белгілі. Тауарлық-материалдық қорлардың есебін қарастырғанда еңбек заттарының, негізгі құралдардың есебін қарастырғанда еңбек құралдарының есебі қалай жүргізілетіндігіне тоқталып өткен болатынбыз. Ал кез келген кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс бағалап, олардың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселелерінің бірі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып табылады.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері (қосымша 46) оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ бұл құжатгағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифрларының дұрыс қойылуы тексеріледі. Тексеріліп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы есептеледі.Яғни бұл құжаттар «Жеке карточка» (қосымша 45), «Есеп айырысу ведомості» (қосымша 47), «Төлем ведомості» (қосымша 49).

 

Шоттар корреспонденциясы:

1.Негізгі өндіріс жұмысшыларына кассадан еңбек ақы төленді

Дт – 8012               Кт — 1010

Еңбекақыдан есептелген әлеуметтік салық сомасы

Дт-7440           Кт-3150               1031тн

Кассадан қызметкерлердің жалақысы төленді:

Дт-1251           Кт-1010               20535тн

 

 

Еңбекке  ақы  төлеу  бойынша  есеп  айырысу  аудиті.

   Жұмысшылар  мен  қызметкерлерге  еңбекақы  төлеуді  тексерудің  негізгі  міндеті – еңбекақы  төлеуді  нормативтік-құқықтық  актілердің  сақталуын  бақылау, жалақыдан  ұстап  қалу  мен  еңбекақы  төлеуде  бухгалтерлік  есепті  жүргізудің  дұрыстығын  тексеру  болып  табылады.

   Бақылау  барысында  қолданылатын  ақпарат  көздері  болып 3350-«Қызметкерлермен  еңбекақы  бойынша  есеп  айырысу»  шоты  бойынша  аналитикалық  және  синтеикалық  мәліметтер  өнімділіктің  есебі  және  еңбекке  ақы  төлеуді  есептеу  жөніндегі  бастапқы  құжаттар (мысалы, жұмыс  істеген  уақыт  есебі  табелі  мен  нарядтар)  уақытша  еңбекке  жарамсыздық  парақтары, еңбек  демалысына  төлемді  есептеу, нормативті  құжаттар, бұл  операцияны  реттейтін  ҚР «Еңбек  туралы»  заңы, Қызметкерлердің  еңбегі  мәселелері  жөніндегі  әдістемелік  ұсыныстар, олардың  орташа  еңбекақысын  есептеу  тәртібі  жөнідегі  нұсқаулық  және  т.б.  басшылыққа  алынады.

   Қызметкерлермен  еңбекке  төлеу  бойынша  есеп  айырысуларды  тексеруді  әр  айдың  бірінші  күндегі  681 шоты  бойынша  аналитикалық  есеп  көрсеткіштерінің  және  бухгалтерлік  баланстағы, бір  уақыттағы  Бас  кітаптағы  қарастырып  отырған  айлардың  бірінші  күндегі  681 тізімдмесінің  ведомостінің  жиынтық  сомасымен (берілетін)  кәсіпорын  балансындағысымен  салыстыру  қажет.

Аудиторлық  тексерудің  жүзеге  асатын  одан  әрі  кезеңдері  мыналар:

  • төлемді есептеудің  дұрыстығын  іріктеп  тексеру;
  • жұмыстың қалыпты  жағдайларынан  ауытқумен  байланысты  қосымша  ақыны  рәсімдеу  тәртібі;
  • құжаттық рәсімдеу  мен  іркіліс  төлемі;
  • өнімнің ақауын  құжатпен  рәсімдеу  мен  оны  төлеу;
  • түнгі мезгілдегі жұмысқа  қосымша  ақы;
  • жұмыстан тыс  уақыттағы  еңбекті  өтеу;
  • мерекелік күндердегі  жұмысқа  төлеу;
  • іс жүзіндегі  заңнамада  қарастырылған (еңбек  демалысына, жұмыстан  шығу  жәрдемақысын  төлеу  және  т.с.с)  жұмыспен  өтелмеген  уақытқа  төлем  есептеу;
  • уақытша еңбекке  жарамсыздық  бойынша  жәрдемақы  есептеу;
  • жалақыдан ұстаудың  дұрыстығын  тексеру.

   Заңнамаларға  сәйкес  жалақыдан  мыналар  ұсталынады: жеке  табыс  салығы, зейнетақы  қорына  аударымдар, бұрын  берілген  аванс  бойынша  берешекті, сондай-ақ  арифметикалық  қате  нәтижесінде  артық  төленген  соманы  өткізуге; есеп  беретін  сома  бойынша  берешекті  өтеуге; пәтерақы, баланың  мектепке  дейінгі  балаларға  арналған  мекемеде  тәрбиеленгені  үшін, еңбеккерлердің  кәсіпорынға  келтірілген  материалдық  зиянның  орнын  толтыруға; ақшалай  начеттар (заңсыз  жұмсаған  қаржыны  біреудің  мойнына  жазу); кредитке  сатып  алынған  тауарға; газет  пен  журналдарға  жазылғаны  үшін; орындалатын (үкім)  құжаттар  бойынша, өнім  ақауы  үшін. Жалақыдан  басқа  ұсталымдар  еңбеккерлердің  келісімімен  ғана  ұсталады.

   Жеке  табыс  салығы  ҚР-ның «Салықтар  және  бюджетке  міндетті  басқа  төлемдер  туралы»  Кодексімен  белгіленген  тәртіп  пен  мөлшерде  ұсталынады /5/.

   Зейнетақы  жарнасын  ұстауы  және  төлеу  қызметкердің  ай  сайынғы  табысының  10%  мөлшерінде  жүргізіледі.

   Тексеру  қорытындысында  мыналарды  анықтау  қажет:

  • шығыстарды еңбекке  ақы  төлеу  қорына  жатқызудың  дұрыстығы;
  • жеке төлемдерді  өнімнің (жұмыстың, көрсетілген  қызметтің)  өзіндік  құнына  жатқызудың  дұрыстығы;
  • бухгалтерлік өткізбе  желілері (проводкалары)  еңбекті  өтеу  қоры  бойынша  жасаудың  дұрыстығы;
  • синтетикалық және  аналитикалық  есепті, жиынтық  мәліметтерді  және  еңбекке  ақы  төлеу  қоры  бойынша  бухгалтерлік  есеп  беру  формаларын  толтыруды  жүргізудің  дұрыстығы;
  • 3350- «Қызметкерлермен еңбекақы  бойынша  есеп  айырысу»  шоты  арқылы  орындайтын (үкім)  қағазы  және  депозитке  салынған  еңбекақы, 8, 10  журнал-ордерлердегі (есептің  журнал-ордерлік  формалары)  жазбасы, Бас  кітап  пен  баланс  жағынан  аналитикалық  есеп  жазбаларына  сәйкестігі.

Еңбекақыны  талдау.

  1. Бір еңбеккерге шаққандағы  орташа  жылдық  шығарым – Wк:

   Өнімді  сатудан  түскен  түсім / Еңбеккерлердің  орташа  тізімдік  саны.

  1. Бір жұмысшыға шаққандағы  орташа  жылдық  шығарым – Wr:

   Өнімді  сатудан  түскен  түсім / Жұмысшылардың  орташа  тізімдік  саны;

  1. Бір жұмысшыға шаққандағы  орташа  күндік  шығарым – Wдн:

   Өнімді  сатудан  түскен  түсім / Барлық  жұмыышылардың  еңбек  еткен  адам-сағат  саны;

  1. Бір жұмысшының орташа  сағаттық  шығарымы – Wчас:

   Өнімді  сатудан  түскен  түсім / Барлық  жұмыышылардың  еңбек  еткен  адам-сағат  саны;

  1. 5. Персоналдың көбеюі бойынша  айналым  коэффиценті:

   Кпр =  Жұмысқа  алынған  жұмысшылар  саны / Персоналдың  орташа  тізімдік  саны;

  1. 6. Персоналдың кетуі бойынша  айналым  коэффиценті:

   Кв = Жұмыстан  кеткен  жұмысшылар  саны / Персоналдың  орташа  тізімдік  саны;

  1. Кадрлар ағымдылық коэффиценті:

   Ктк = Жұмыстан  өз  еркімен  кеткендер  мен  тәртіпті  бұзғаны  үшін  қуылған  жұмысшылар  саны / Персоналдың  орташа  тізімдік  саны;

  1. Кәсіпорын персоналының тұрақтылық   коэффиценті:

   Кпс = Бір  жыл  бойы  тұрақты  түрде  жұмыс  істеген  жұмысшылар  саны / Персоналдың  орташа  тізімдік  саны;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.9. Қаржылық есеп  беру: құрастыру  әдісі  мен  тәсілі; талдауы және  аудиті.

Есеп беру термині деп есептік мәліметтердің жиынтығын түсінеміз, олар бойынша шаруашылық субъектінің көп жақты қызметін бақылауға болады. Есеп беру – сонымен қатар, бұл – құрамында есептің әр түрінің негізінде құрастырылған мәтіндік түсіндірмелердің және сандық сипаттамалардың жүйелері бар – дәлелдеуші құжаттар. Есептің және есеп берудің арасындағы байланыс, есепте алынатын жиынтық мәліметтер синтезделген көрсеткіштер түріндегі есеп берудің сәйкесінше түрлеріне құйылған кезде, орнатылады.

Бүгінгі күндегі есеп беру – негізгі ақпараттық құжат, оның мәліметтері кәсіпорынмен бірігіп жұмыс етудің мақсаттылығын және мүмкіндігін дәлелдейді, бұл бизнессті жемісті жүргізудің негізгі факторы болып табылады. Соныме қатар, ол, бірігіп жұмыс істеу туралы алдағы болатын келіссөздерге әріптестерді тартатын, фирманың қызметінің жарнамалаудың ерекше әдісі болып саналады.

Есеп беруді құрастырудың алдыңда елеулі дайындық жұмыстар жасалады, олар арнайы алдын-ала жасалған график бойынша жүзеге асады. Негізінде бухгалтерлік есеп жатқан, есеп беруге бұл жағдайлар ерекше мән береді. Осыған байланысты, қазіргі уақыттағы бухгалтерлердің функционалдық рөлі тек қана шаруашылық операцияларды бекіту емес, сонымен қатар өзінің кәсіпорынның қызметін жақсарту бойынша экономикалық шешімдерді жоспарлау, бақылау, дайындау және қалыптастыру.

Қаржылық есеп беруде субъектінің қаржылық және мүліктік жағдайы, және де есеп беру кезеңі үшін шаруашылық қызметтің нәтижелері бейнеленеді, 

«Бухгалтерлік есептің стандарттарына әдістемелік нұсқауларды бекіту туралы» 1997 жылдың 27 шілдесіндегі ҚР-ның Өкіметінің қаулысында қаржылық есеп беруді жасау туралы әдістемелік нұсқаулар  келтіріледі. Осы құжатқа сай субъектінің қаржылық есеп беруі келесілерден тұрады:

  • бухгалтерлік баланстан;
  • қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беруден;
  • ақша құралдарының қозғалысы туралы есеп беруден.

Қаржылық есеп беруге, сонымен бірге, түсініктеме хаты, кестелер кіреді және ол бухгалтерлік есептің стандарттарының талаптарына сай басқа да материалдарымен толықтырылуы мүмкін.

Есеп берудің классификациялық сипаттамасы

Келесі белгілер бойынша жіктеу:

Есеп берудің түрлері

Экономикалық мазмұны бойынша;

Бухгалтерлік, статистикалық, салықтық

Қамтылатын кезеңдердің ұзақтығы бойынша;

Ағымдағы (күнделікті, апталық, айлық, тоқсандық, жарты жылдық) және жылдық. Уақыттың неғұрлым қысқа мерзімі арасында (аусымдық, күн, апта, 10 күн, жарты ай) жасалатын ағымдағы есеп беру оперативті деп аталады.

Маманданудың деңгейі бойынша;

Шаруашылық субъекттің қызметінің нәтижелерін толық сипаттайтын, жалпы.  Субъекттің қызметінің арнайы жақтарын ашатын, мамандалған.

Жалпылау дәрежесі бойынша;

Бөлек жеке ұйымдардың есеп беруі – индивидуальді. Сәйкес саланың немесе аймақтың бірнеше ұйымдарының қызметін біріктіретін, жинақтаушы, соның ішінде консолидацияланған есеп беруде орын алуы мүмкін.

Қолдану дәрежесі бойынша;

Шаруашылық субъектінің ішіндегі ақпараттық және басқару функцияларын орындайтын және оның қалауы бойынша өзгеретін, ішкі. Оның қолданушылардың кең шеңберінің мүддесін қанағаттандыруға арналған, сыртқы.

Бухгалтерлік баланс және оның сипаттамасы

№2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп берудің  негізгі ашылулары» деген бухгалтерлік есептің стандартына сай баланс активтердің, міндеттемелердің және меншікті капиталдың мәнін анықтайды, сонымен қатар, оның құрамында қаржылық есеп беруді ашуға жататын ақпаратқа қойылатын талаптар бар. Әдеттегідей, ол айдың (тоқсанның) бірінші күніне жасалады және орнатылған мекен-жай және мерзім бойынша ұсынылады. Сонымен бірге, ол белгілі бір уақыт мерзіміне активтерді және міндеттемелерді топтаудың және жалпылаудың әдісі боа отырып, ол бөлімдерге және баптарға бөлінеді.

Бухгалтерлік балансты (қосымша 51) дұрыс құрастыру – бұл:

  • шаруашылық процессті оның барлық қырында толық қамту;
  • шаруашылық құбылыстарға шаруашылық субъектінің мақсатына және табиғатына сәйкес топтау беру;
  • осы құбылыстардың арасындағы байланыс зерттеу және шоттардың дұрыс корреспонденциясын беру.

Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру (№2 формасы) (қосымша 52). Бұл форманы құрудың мақсаты – кәсіпорын табыс алып жатыр ма немесе ол зиян шегіп жатқандығы туралы көрініс алу болып табылады. Есеп беру табыстар және шығыстар туралы мәліметтерді түпкілікті бөлшектеу арқылы белгілі бір есеп кезеңіне экономикалық субъектінің қызметтерінің нәтижелерінің бағасын қамтамасыз етеді.

Бұл форманың маңызды ерекшелігі, онда кәсіпорынның барлық табыстарының соммасы, өзінің қызметін жүзеге асыру үшін орын алған барлық шығындардың соммасымен салыстырылады.

Бірінші бап бойынша  негізгі қызметтен алынған табыс бейнеленеді, ол тауарлы-материалдық құндылықтарды өткізуден, қызметкөрсетулерден, және де сый ақылар, пайыздар, дивидендтер, гонорарлар және рента  (негізгі қызметке тәуелді) түрінде алынуы мүмкін. Негізгі  қызметтен алынған табысы қосылған құн салығының, акциздердің және т.б. салықтардың және міндетті төлемдердің, қайтарылған тауарлардың құнының, сатып алушыларға ұсынылған бағаның жеңілдіктерінен және сатулардан жеңілдіктердің минусынан бейнеленеді.

«Өткізілген (сатылған) өнімдердің (қызмет, жұмыс) өзіндік құны» деген бабы бойынша өнімді (қызмет, жұмыс)  өндірумен тікелей байланысты нақты шығындар көрсетіледі. Олар келесі элемментерге сай экономикалық мазмұны бойынша топталады: материалдық шығындар, еңбек ақы шығындары, әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар, негізгі құралдардың тозуы, «Тауарлы-материалдардың есебі»  №7 БЕС-да берілген басқа да шығындар.

Кезең шығындарына келесілер кіреді:

  • жалпы әкімшілік шығындары;
  • пайыздарды төлеу шығындары,
  • сату (өткізу) бойынша шығындар.

Жиынтық табыс өзімен өнімді (қызмет, жұмыс) өткізуден қаржылық  нәтижені көрсетеді және өнімді (қызмет, жұмыс) өткізуден табыстың және негізгі қызметтің нәтижесінде  өткізілген өнімнің (қызмет, жұмыс)  өндірістік өзіндік құнының арасындағы айырма ретінде анықталады. 

«Негізгі қызметтен алынған табыс (зиян)» — бұл сальдоланған қаржылық нәтиже және ол кезең және жиынтық табыс және шығындары арасындағы айырма ретінде анықталады.

«Негізгі емес қызметтен алынған табыс (зиян)» бабы бойынша  негізгі емес қызметтен алынған сальдоланған қаржылық  нәтиже (табыс, зиян) көрсетіледі. Бұған, бастапқыда сату үшін арналмаған айналымнан тыс құралдарды өткізуден, биржада айналып жатқан, құнды қағаздарды қайта бағалаудан болған нәтиже жатады.

Салық салуға дейін қарапайым қызметтен табыс (зиян) өзімен «Негізгі қызметтен алынған табыс (зиян)»  және  «Негізгі емес қызметтен алынған табыс (зиян)»  баптары бойынша сомаларды алгебралық қосу арқылы анықталатын сальдоланған қаржылық  нәтижені (табыс, зиян) көрсетіледі.

«Табыс салығы» бабы бойынша заңды тұлғамен табысты алу барысында орын алған шығындары көрсетіледі. Табыс салығы «Табыс салығы бойынша есеп» деген №11 БЕС-на сай анықталады, және сәйкес табыстары орын алған кезеңінде есептелінеді.

Салық салудан кейінгі қарапайым қызметтен табысты (зиян) салық салуға дейін қарапайым қызметтің табысынан (зиян) табыс салығының көлемін шегеру арқылы есептейді.

Төтенше жағдайлардан табыс (зиян), бұл төтенше жағдайлардан табыс салығын азайтудан сальдоланған қаржылық  нәтиже.

Таза табыс өзімен есеп беру кезең бойынша заңды тұлғамен алынған  сальдоланған қаржылық  нәтижені (таза табыс, зиян) көрсетеді. Субъекттің қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп берудің мәліметтері бойынша бұл көрсеткіш  салық салудан кейінгі қарапайым қызметтің табысын (зиян) төтенше жағдайлардың табысымен (зиян) алгебралық қосу жолымен анықталады.

  Ақша құралдарының қозғалысы туралы есеп беру (қосымша 53)

Ол субъектінің қаржылық жағдайындағы өзгерістерді сипаттайды. Бұл есеп беруді жасаудың қажеттілігі белігілі бір есеп кезеңінде шаруашылық субъекттің құралдарының көзін және бұл құралдардың қалай қолданылып жатқандығын көрсету қажеттілігімен туындады.

Субъект операциялық қызметтен ақша құралдарының қозғалысын тікелей немесе жанама әдістерді қолдану арқылы ашу қажет.

Тікелей әдіс ақша түсімдерінің және төлемдердің барлық негізгі түрлерінің мазмұнын ашуды білдіреді. Басқашалай айтқанда, бұл әдіс әр ақшалай операцияны зерттеуге және ол қандай қызметтің түріне жататындығын анықтауға негізделеді.

Жанама әдіс таза табысты немесе зиянды  активтерді, міндеттемелердің, ақшалай операциялардың, және алдыңғы кезеңмен салыстыру бойынша инвестициялық және қаржылық қызметтің нәтижелері болып табылатын табыстардың және шығындардың ағымдағы өзгерісіне түзету.

 

 

 

  1. Басқару есебі, талдауы және  аудиті.

3.1. Өндірістік  шығындар мен кірістер  есебі, талдауы мен аудиті.

 

Табыстар мен шығындар жөніндегі есеп саясатының мазмұнында негізгі қызметте және негізгі қызметке жатпайтын табыстар мұқият шектеліп көрсетілуі керек. Негізгі қызметтен түскен табыстар төмендегілерді сатудан түседі:

Тауарлы-материалды босалқылар:

дайын өнімдер;

тауарлар;

материалдар;

аяқталмаған өндіріс.

2) Орындалған жұмыстар:

құрылыс-монтаж;

зерттеу-жобалау;

геологиялық барлау;

ғылыми-зерттеу;

басқалар.

3) Қызмет көрсету:

тасымалдау (жүктерді жеткізу, жолаушыларды тасымалдау ж.б.);

— байланыс;

— коммуналды және энергетикалық;

күзет және қоймалау;

жалдағы активтер бойынша (негізгі құралдарды уақытша пайдалану мен иелік ету, интеллектуалды меншік құқылығын көрсету);

делдалдық;

басқалар.

Негізгі қызметке жатпайтын табыстар мыналар:

Ұзақ мерзімді (айналыс сыртындағы) активтерді сату:

— материалды емес активтер;

— негізгі құралдар;

— инвестициялар;

— ұзақ мерзімді берешектердің қарызын.

2) Дивиденттер:

— акциялар, облигациялар, басқа да құнды қағаздар бойынша;

— басқа да ұйымдардың жарғылық капиталға үлес қосуынан;

— бірлескен қызмет нәтижесінен;

3) Пайыздық түрдегі табыстар:

— берілген қарыздар мен зайыдардан;

— сатылған қарыздардан; басқалардан.

4) Басқада табыстар:

шетелдік валюта айырбастау операциялары бойынша жағымды курстық айырым;

— шаруашылық келісім-шарт талаптарының бұзылғаны үшін басқалардың төленген айып-пұлы, өсімдер, тұрақсыздықтары;

қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар құнының ағымдағы өзгерістеріне сай;

— заңды және жеке тұлғалардан ақысыз алынған активтер;

— заңды және жеке тұлғалардың осы ұйымға шектірген зиянын төлеуден; есепті жылы анықталған өткен жылдың табысы;

— басқалардан.

5) Төтенше жағдайлардан түскен табыстар (апат, табиғат құбылысы, өрт, сақтандыру, материалды құндылықтарды жоюдан түскен жарамды материалдар құнынан т.б. себептерге сай түскен табыстар).

Есеп саясаты жөніндегі құжатқа түскен табыстар ағынын көрсететін құжаттарды, сондай-ақ түсетін табысты қамтамасыз етуге жауапты адамдардың (мамандар) жауапкершілік міндеттері қысқаша жазылуы керек.Шығындар мен табыстар ЖО №10 (қосымша 50) бойынша толтырылады.

 

Шоттар корреспонденциясы:

Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар өткізу шығындарына жатқызылады

Дт – 7110            Кт – 8030

2.Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар жалпы және әкімшілік шығындарға жатқызылады

Дт – 7210            Кт – 8030

Әкімшілік мақсатта пайдаланылатын негізгі құраладрға тозу есептелінді

Дт – 7210            Кт – 2421-2429

 

Шығындар мен табыстар аудиті.

Өндіріс шығындарын тексеруге кіріспес бұрын аудиторлар кәсіпорынның есеп саясатын шартты ұйымдастыру және техникалық ерекшеліктерін, өндіріс тұрпатымен шығарылған өнімнің түрлерімен пайдаланған ресурстардың түрлерімен танысуы қажет.Өнімді өндіруге жұмсалған шығынның дұрыстығын тексергенде аудитор жылдың басында белгіленген шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдісінің тұрақтылығын және кәсіпорынның салалық ерекшеліктерге сәйкестігін анықтайды.

Нарықтық қатынас жағдайында кез-келген шаруашылық субъектілердің мақсаты табыс табу болып табылады. Аудитор өнімді артық жөнелтуді және сату операцияларына тексеру жүргізген кезде келесілерді анықтайды:

  • дайын өнімді сатуға шарттың жасалуын және олардың дұрыстығын ;
  • артық жөнелтілген өнімнің бағасын анықтау ережелерінің сақталғанын;
  • өнімді жөнелту және сату бойынша бухгалтерлік корреспонденцияның дұрыстығын;
  • өнімді жөнелту және сатудың анықтамалық және синтетикалық есептерінің дұрыс жүргізілуін және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта келгенде, «Казкоммерцбанк» АҚ халыққа қажетті қызметтің барлық түрлерін көрсетуде. «Казкоммерцбанк» АҚ- құрылыс материалдарын табу, өндіру және сатумен айналысады, халықты жұмыспен қамтамасыз етеді. Мемелекеттің құрылыс жағдайына елеулі қызмет көрсетуде.

«Казкоммерцбанк» АҚ осындай қызметтерді көрсете отырып Қазақстандағы алдыңғы қатарлы құрылыс материалдарын табу, өндіру және сату серіктестігі болып табылады.Серіктестіктің жылдық табысының жоғарылығы, жұмысшыларды уақытылы еңбек ақымен қамтамасыз етуі және басқа да қолайлы қызметтері арқылы тұрақты серіктестік екенін дәлелдейді.

Мен бұл серіктестікте өндірістік іс-тәжірибеде жүргенімде көптеген құжаттармен таныстым. Серіктестіктің есеп және есеп беру бөлімі ,материалдық бөлім, өндірістік бөлім, есеп айырысу бөлімі, кадрлар бөлімі сияқты бөлімдерден тұрады. Мен осы бөлімдердің әр қайсысының жұмысымен, құжаттарымен таныстым.Атап айтатын болсам, материалдық бөлімде  өнеркәсіптің барлық материалды және материалды емес активтерін есепке алып, оларды түгендеу және негізгі қорлардың есебін жүргізеді. Бұл бөлімнің есепшісі подотчёт, яғни  отчёт арқылы өздерінің өндірістік мүдделеріне алған ақшаларын жабатын қызметкерлердің есебін жүргізеді. Сондай-ақ, бұл бөлімде басқа да көптеген журнал-ордерлер толтырылады. Мысалы, ЖО №6, ЖО №4.

Өндірістік бөлім негізгі бөлімдердің бірі.Бұл бөлімнің есепшісі өндіріс ішіндегі шикізаттан бастап қосалқы өнім, дайын өнімді дайындауға дейінгі барлық өнімдердің қозғалысын сипаттайтын бөлім болып табылады.Бұл бөлімде өндірістік жағдаймен толық таныстым. Есеп айырысу бөлімінде іс-тәжірибе барысында бес күн жүрдім. Есеп-айырысу бөлімі негізінен қызметкерлердің еңбек ақысын есептеумен айналысады. Сондай-ақ айлықты есептеу барысында барлық мемлекеттік органдарға тиісті есептеулерді тапсырып, мемлекеттік салық сомасын есептеп, төлеуге дейін барлық құжаттарды толтыратын бөлім болып табылады.

Кадрлар бөлімі.Бұл бөлімнің маманы жұмысқа қабылданған қызметкерлердің арыздарын, жеке куәлік немесе паспорт, СТТН-ін, ӘЖК-ін, зейнетақы қорымен жасалған келісім-шарттарын жинайды. Осы құжаттардың негізінде бұл қызметкерге жұмысқа қабылдау жөнінде бұйрықты шығарады.

Кассалық бөлімде 10 күн болдым.Бұл бөлімде ақшалай операциялардың қозғалысы сипатталады.

Кассир ақша қаражаттарының кассаға келуін, кассадан шығуын бақылап отырады. Бұл бөлім кіріс кассалық ордері, шығыс кассалық ордер және т.б. құжаттармен жұмыс істейді.

Серіктестіктің осындай бөлімдерімен танысып іс-тәжірибе барысында қажетті ақпараттарды, құжаттарды жинадым.

Бұл серіктестік халықтың толық сенімділігіне ие болған және болашақ перспективасы мен нарықтағы орны нығайған Қазақстандағы бірден-бір серіктестік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған  әдебиеттер.

 

1.«Қаржылық  есеп» — Қ.К.Кеулімжаев.

2.«Басқару  есебі» — В.Л.Назарова.

3.«Шаруашылық  жүргізуші  субъектілердегі  бухгалтерлік  есеп» —      В.Л. Назарова

4.«Кәсіпорынның  қаржылық  жағдайын  талдау» — К.Ш.Дүйсембаев.

5.«Аудит  и  анализ  финансовой  отчетности» — К.Ш.Дүйсембаев.

6.«Аудит  негіздері» — Д.О.Абленов.

7.«Анализ  хозяйственной  деятельности  предпиятия» — Г.В.Савицкая.

  1. Қазақстан Республика Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 заң күші бар Жарлығы.
  2. Қазақстан Республика Президентінің «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы №20 заң күші бар Жырлығы (2001 жылғы 15 қарашадағы өзгертулер және толықтылармен).
  3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы №209 – 11 Қазақстан Республикасының салық кодексі.
  4. Қазақстан Республика Президентінің «Акционерлік қоғам туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі №2811 заң күші бар Жырлығы.
  5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Департаменті. Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдары. – Алматы: Кәусар бұлақ, 1999.

13.Инструкция по бухгалтерскому учету бюджетных учреждений.

 Андросов А. М. Бухгалтерский учет. – М.: Финансы и статистика, 1996.