Мазмұны
Тарау 1. «Келешек және К» ЖШС жалпы сипаттамасы
1.1.Кәсіпорынның даму тарихы…………………………………………………………………
1.2. Кәсіпорындағы технологиялық процестің және жабдықтардың сипаттамасы……………………………………………………………………………………………..
1.3. «Келешек және К» ЖШС технико-экономикалық көрсеткіштері 2002-2004 жж…………………………………………………………………………………………………….
Тарау 2. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау
2.1. Өнімді өндіру мен өткізуді талдау………………………………………………………
2.2. Еңбек көрсеткіштерін талдау……………………………………………………………..
2.3. Кәсіпорынның негізгі қорларын талдау………………………………………………
2.4. Өндіріс шығындарын, жалпы (таза) табысын және өнім рентабелділігін талдау……………………………………………………………………………..
2.5. Қаржылық жағдайын талдау……………………………………………………………….
Қорытынды………………………………………………………………………………………………
Әдебиеттер тізімі……………………………………………………………………………………..
Кіріспе
Рыноктағы белсенді қызмет – бұл қазіргі кезде кәсіпорынның экономикалық дамуының негізі. Өзге жағдайда кәсіпорын тауарының өткізілуі және табыстың жоғарлатылуы қамтамасыз етілмейді. Бұл міндеттерді кәсіпорынның өндірістік қызметіне талдау жасау арқылы шешуге болады. Кәсіпорын қызметін тиянақты түрде талдау кәсіпорынға өзінің бәсекелестік қабілетін жоғарлатуға, кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметін тұтастай жақсартуға, өндіріс тиімділігін жоғарлату үшін кәсіпорын резервтерін айқындауға мүмкіндік береді.
Есеп құрылымы екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда кәсіпорынның жалпы сипаттамасы берілген, екіншіде кәсіпорынның өндірісті-шаруашылық қызметі келесі бағыттар бойынша талданды: өнімді өндіру мен өткізу; еңбек көрсеткіштері; негізгі өндірістік қорларды пайдалану; өнімнің өзіндік құны, пайда және рентабелділік; кәсіпорынның қаржылық жағдайы.
Жүргізілген талдау нәтижесінде кәсіпорын жағдайын жақсартудың резервтері анықталды. Бардлық кәсіпорынның резервтері кәсіпорынның жүктелуімен емес шикізат ресурстарының жоқтығымен қамтылған.
Талдау нәтижелерінің негізінде кәсіпорынның әкімшілігі өндірілетін өнімнің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін шараларды ұсынуы тиіс.
Тарау 1. «Келешек және К» ЖШС жалпы сипаттамасы
1.1.Кәсіпорынның даму тарихы
Қазіргі нарық жағдайында «Келешек және К» ЖШС алып қарағанда кәсіпкерліктің бас кезеңінде тұр. Экономикалық жағдайы статистика бойынша жаңадан бастаған кәсіпорынға жақсы даму процесінде жүр. «Келешек және К» ЖШС Жамбыл облысында әділет басқармасында 2001 жылы тіркелген. Атқаратын қызметінің негізгі түрі сүт өнімдерін өндіру мен Жамбыл облысы тұғындарының осы өнім түріне деген қажеттіліктерін толық қанағаттандыру болып табылады.
Өндірістік қызметті жүргізу үшін кәсіпорын «Сүт» ААҚ өндірістік аудандарын пайдаланады. «Келешек және К» ЖШС құрамына келесі негізгі бөлімшелер кіреді:
- сүт өнімінің цехы;
- балқытылған ерітілген ірімшік цехы;
- компрессорлық цех;
- вафельдер цехы;
- балмұздақ цехы;
- дайын өнім қоймасы;
- материалдар қоймасы.
2001 ж. ақпанына 2001 ж. 31 желтоқсаны аралығында «Келешек және К» ЖШС Жамбыл облысы халқынан және шаруашылық жүргізуші субъектілерден 1400 тонна сүтті 25 млн.тг. сомасына сатып алды, 32 млн.теңгеге өнім шығарылды.
«Келешек және К» ЖШС зауытты іске қосу үшін сүтті, жабдықтарды және ғимараттарды сатып алуға 5 млн.теңге көлемінде өзіндік қаражаттарын жұмсады.
«Келешек және К» ЖШС шығаратын өнім аталуы:
- қайнатылған сүт;
- сүт;
- ряженка;
- айран;
- ірімшік;
- сүзбе;
- сары май;
- қаймақ;
- «Костромской» ірімшік;
- «Алматинский» ірімшік;
- балмұздақ.
Өнеркәсіп мекен жайы: Жамбыл облысы, тараз қаласы, Жамбыл даңғылы 1. «Келешек және К» ЖШС территориясында келесі мүліктер бар:
- мұздатқыш камералары 2000м2;
- дайын өнімнің қоймалары;
- материалдық қоймалар;
- теміржол тупигі.
Басқа аудандармен қарым қатынастарға бизнес жағдайын жақсартуда «Келешек және К» ЖШС өзінің сүт өнімдерін тарататын жерлерін ашпақ, олар: Байзақ, Меркі және Құлан аудандары. Кәсіпорынның өнім бағасы, нарықтық бағамен салыстырғанда 20% пайызға төмен. Шикізаттың сатылып алыну көлемін арттырған сайын Келешек сүт өнімін таратуда көптеген жергілікті өзінің тарататын ірі дүкендерімен қарым қатынасқа қол қойылған. Осыған байланысты кәсіпорын өнімінің жаңа түрлерін жасап шығаруға тырысады.
«Келешек және К» ЖШС негізгі екі жол түрлері жақсы орналасқан, ол: авто көлік және темір жолдары.
«Келешек және К» ЖШС басқару және өндірістік құрылымы келесі суретте графикалық түрде көрсетілген.
1.2. «Келешек және К» ЖШС кәсіпорындағы технологиялық процессі мен жабдықтарының сипаттамасы.
Сүтті тазалау әдістері:
- сүтті филтрлеу. Сүт насоспен фильтрге беріледі және қысыммен тығыз фильтрациялық мата арқылы өтеді.
- Бір орталықтан тазалау сепараторларды және сүттазалағыштарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Қабылданған сүттер өндеуге дейін салқындатылған күйінде сақталуы тиіс.
Салқындатқыштан сүт уақытша сақтау үшін арнайы ыдысқа түседі, мұндағы мақсат жұмыс ағымы ауысымында кәсіпорынды бірқалыпты шикізатпен қамтамасыз ету.
Пастерленген сүттің технологиясы:
— шикізатты қабылдау
— шикізатты нормализациялау
— нормализацияланған сүтті тазалау
— гомогенизация
— пастеризация
— сүтті салқындату
— сүтті арнайы ыдыстарға құю
Майлылығы 2,5және 3,2% пастерленген сүтті әзірлеу үшін қаймағынан ажыратылмаған сүт қолданылады. Пастерленген майлы емес сүтті дайындау үшін майсыз сүт қолданылады.
Шикізатты дайындау: қабылданған сүтті механикалық қоспалардан тазалайды, салқындатады және өңдегенге дейін белгілі бір режимде сақтайды.
Нормализация процесі құрамы бойынша стандарттық дайын өнімді алу үшін қолданылады. Пастеризациялау арнайы иісі және дәмі бар сливканы алуда қолданылады. Сливканың сапасын жаќсарту үшін оны ашытар алдында гомогенизация жасайды. Гомогенизация жасау барысында сливканың сапасы жақсарады.
1.3 «Келешек және К» ЖШС технико-экономикалық көрсеткіштері
Қарастырылып отырған уақыт аралығында кәсіпорын келесі нәтижелерге қол жеткізді.
Кесте 1
«Келешек және К» ЖШС технико-экономикалық көрсеткіштері 2002-2004 жж
№ |
Көрсеткіштер |
Өлш. бірлігі |
Жылдар |
Ауытқу |
|||
2002 |
2003 |
2004 |
м.тг. |
% |
|||
1 |
Тауарлы өнім көлемі |
мың тг. |
46977 |
41445 |
36431 |
-10546 |
77,6 |
2 |
Нақты түрдегі өнім көлемі |
тонна |
713,805 |
633,112 |
566,102 |
-147,703 |
79,4 |
3 |
Өткізілген тауар |
мың тг |
45987,3 |
43408,5 |
36599,6 |
9387,7 |
-79,5 |
4 |
Өткізілген өнімнің өзіндік құны |
мың тг. |
41370,4 |
44691,3 |
34299,5 |
7070,9 |
-82,9 |
5 |
Жалпы табыс (шығын) |
мың тг. |
4616,9 |
-1282,8 |
2300,1 |
2316,8 |
-49,9 |
6 |
Кезең шығындары |
мың тг. |
6741,8 |
7575,0 |
12748,2 |
+6006,4 |
-189,1 |
7 |
Негізгі қызмет табысы |
мың тг. |
-2124,9 |
-8857,8 |
-10448,1 |
-8323,2 |
-491,7 |
8 |
Негізгі емес қызметтен алынған табыс |
мың тг. |
— |
90,3 |
— |
— |
— |
9 |
Табыс (шығын) барлығы |
|
-2124,9 |
-8767,5 |
-10448,1 |
-8323,2 |
-491,6 |
10 |
Өнеркәсіпті-өндірістік персонал |
адам |
70 |
65 |
56 |
-14 |
-80 |
|
соның ішінде: жұмысшылар |
адам |
51 |
54 |
43 |
-8 |
-84,3 |
11 |
Бір жұмысшының еңбек өнімділігі |
мың тг. |
921,5 |
767,5 |
847,2 |
-74,3 |
91,9 |
12 |
Еңбек ақы қоры |
мың тг. |
3981,2 |
5217,9 |
5265,5 |
1284,3 |
-13,2 |
13 |
Бір жұмысшының орта жылдық еңбек ақысы |
мың тг. |
56,87 |
80,28 |
94,0 |
37,13 |
-165,2 |
14 |
Негізігі қорлардың орта жылдық құны |
мың тг. |
9261 |
18730,2 |
29462,0 |
21201 |
-356,6 |
15 |
Қор қайтарымы |
тг |
5,68 |
2,24 |
1,24 |
-4,44 |
-21,8 |
16 |
Бір теңгеге кеткен шығындар |
тг |
0,90 |
1,03 |
0,94 |
+0,04 |
104,4 |
17 |
Өнім рентабелділігі |
% |
11,2 |
— |
6,7 |
+55,8 |
59,9 |
Кесте мәліметтерінен көріп отырғандай, қарастырылып отырған аралықта . «Келешек және К» ЖШС белгілі нәтижелерге қол жеткізді. Сонымен тауарлы өнім көлемі 46977 мың тг. 36431 мың тг. дейін немесе 776% азайды. Тауарлы өнім көлемінің азаюымен нақты түрдегі өнім көлемі де 566,102 тоннаға азайды. Осыған байланысты өткізілген өнім көлемі 36599,6 мың тг. төмендеді.
Жалпы алғанда еңбек өнімділігінің өсу қарқындары орта жылдық еңбек ақының өсу қарқындарынан төмен, бұл кәсіпорын қызметінде жағымсыз көрініс болып табылады.
Үш жыл ішінде негізгі қорлардың орта жылдық құны 29462,0 мың тг. дейін күрт өсті, бірақ қор қайтарымы 1,24 тг. деңгейіне дейін төмендеді.
Сонымен, өндірілген өнім көлемінің өсуіне қарамастан «Келешек және К» ЖШС қызметі шығынды.
Тарау 2. Кәсіпорынның швруашылық қызметін талдау
2.1. Өнімді өндіру мен өткізуді талдау
Бұл бөлімді өндірістік өнім көлемінің динамикасын талдаудан, өсудің базистік және тізбекті қарқындарын есептеуден бастаймыз (кесте ).
Кесте 2
Өндірілген өнім көлемінің динамикасы
Годы |
Тауарлы өнім, мың тг. |
Өсу қарқыны, % |
|
базистік |
тізбекті |
||
2002 |
46977 |
100 |
100 |
2003 |
41445 |
96,8 |
96,6 |
2004 |
36431 |
89,6 |
87,5 |
Өсімшенің орта жылдық қарқыны:
Т ер= 3-1√1*9,68*8,75 = 2 √84,52 = 9,1 = 910%
Тпр= 910-1000=90%
Кәсіпорында өндірілген өнім көлемі 89,6% азайды. Өсімшенің орта жылдық қарқыны 90% тең. Енді таурлы өнім динамикасын графикалық түрде көрсетеміз.
Сурет 1. Тауарлы өнім динамикасы
Шаруашылық қызмет нәтижелеріне негізгі қызмет түрлері бойынша шығарылатын өнім ассортименті, құрылымы және бағасы әсер етеді.
Кесте 3
Шығарылатын өнім ассортиментің талдау
Көрсеткіштер аталуы |
Тауарлы өнім көлемі |
Үлес салмағы |
Ауытқу |
|||
2003 |
2004 |
2003 |
2004 |
2003 |
2004 |
|
Сүт 2,5% |
5584 |
9313 |
13,47 |
25,56 |
12,09 |
5584 |
Ряженка 4,0% |
612 |
454 |
1,47 |
1,24 |
-0,23 |
454 |
Айран 2,5% |
9816 |
8719 |
23,68 |
23,93 |
0,25 |
8719 |
Сырки миізбен |
563 |
— |
1,35 |
— |
-1,35 |
— |
Ірімшік 5% |
2478 |
1966 |
5,97 |
5,39 |
-0,58 |
1966 |
Сары май |
7534 |
— |
18,17 |
— |
-18,17 |
— |
Қаймақ |
7769 |
7302 |
18,74 |
20,04 |
-13 |
7302 |
Балқытылған сырок |
3598 |
1488 |
8,68 |
4,08 |
-4,6 |
1488 |
Балмұздақ |
2053 |
3463 |
4,95 |
9,50 |
4,55 |
2053 |
Сыр майсыз |
1382 |
— |
3,33 |
— |
3,33 |
— |
Құрт |
56 |
46 |
0,13 |
0,12 |
-0,01 |
46 |
Тәтті сырок |
— |
686 |
— |
1,88 |
1,88 |
— |
Барлығы |
41445 |
36431 |
100 |
100 |
— |
27612 |
Ассортимент бойынша өндіріс көлемін орындауды бағалау шығарылатын өнім ассортиментің орындаудың ең төмен пайызы бойынша жүргізіледі, біздің жағдайда 63,5%.
Екінші жағдайда ассортимент бойынша көлемді орындауды орташа пайыз әдісімен анықтауға болады. Бұл жағдайда ассортимент бойынша өндіріс көлемі 66,6% орындалған: 27612/41445=66,6
Ассортимент бойынша өнімді шығарудың орындалмау себептері әртүрлі болуы мүмкін: сыртқы және ішкі. Ішкі себептерге ассортимент құрылымының өзгеруін жатқызуға болады.
Шығарылатын өнгімнің жалпы көлемінің құрылымы – бұл пайызмен көрсетілген, ассортимент бойынша өнім көлемінің қатынасы. Шығарылған өнімнің жалпы көлемі құрылымын талдау кезінде? Оны өткен жылмен салыстыру қажет.
Кесте 4
Өнім көлеміне құрылымдық өзгерістердің әсерін талдау құнды түрде
Ассотримент аталуы |
Өткен жыл бағасы |
Өнім шығысы, тонна |
Үлес салмағы, % |
Үлес салмақтың өзгерісі (+,-) |
Есепке алынатын көлем |
||
2003 |
2004 |
2003 |
2004 |
||||
Сүт 2,5% |
31,59 |
197333 |
260151 |
31,16 |
45,9 |
14,74 |
197333 |
Ряженка 4,0% |
47,93 |
11997 |
7025 |
1,89 |
1,24 |
-0,65 |
7025 |
Айран 2,5% |
36,29 |
256942 |
180181 |
40,58 |
31,82 |
-8,76 |
180181 |
Сырки миізбен |
161,61 |
3359 |
— |
0,53 |
— |
-0,53 |
— |
Ірімшік 5% |
113,06 |
24868 |
16305 |
3,92 |
2,88 |
-1,04 |
16305 |
Сары май |
198,68 |
30660 |
9320 |
4,84 |
1,64 |
-3,2 |
9320 |
Қаймақ |
150,66 |
47252 |
38277 |
7,46 |
6,76 |
-0,7 |
38277 |
Балқытылған сырок |
170,55 |
166447 |
5805 |
2,62 |
1,02 |
-1,6 |
5805 |
Сыр майсыз |
131,24 |
18887 |
— |
2,98 |
— |
-2,98 |
— |
Балмұздақ |
70,59 |
24978 |
45197 |
3,94 |
7,98 |
4,04 |
24978 |
Құрт |
54,2 |
191 |
154 |
0,03 |
0,02 |
-0,01 |
154 |
Тәтті сырок |
134,21 |
— |
3613 |
— |
0,63 |
0,63 |
— |
Барлығы |
— |
633154 |
566102 |
100 |
100 |
— |
479378 |
Өткен жыл құрылымы және бағаларындағы есепті жылдағы тауарлы өнім көлемі:
ТӨ1= 566102*(31,59*0,0316+0,018*47,93+0,040*36,29+0,005*161,61+ +0,039*113,06+0,048*198,68+0,074*150,66+0,026*170,55+0,029*131,24+
+0,039*70,59+0,003*54,2) = 22876181,9 мың тг.
Есепті жыл құрылымы және өткен жыл бағаларындағы есепті жылдағы тауарлы өнім көлемі:
ТӨ2= 566102*(31,59*0,045+0,012*47,93+0,0318*36,29+0,028*113,06+ +0,016*198,68+0,067*150,66+0,010*170,55+0,079*70,59+
+0,002*54,2+0,063*134,21) = 18800247,4 мың тг.
Құрылымдық өзгерістер арқасында тауарлы өнім көлемінің өзгерісі:
rТӨ = 18800247,4-22876181,9=-4075934,5 мың тг.
Өндіріс көлеміне баға әсерін талдау үшін келесі кесте мәліметтерін пайдаланамыз.
Кесте 5
Тауарлы өнім көлемін құнды және нақты түрде талдау
№ |
Көрсеткіштер аталуы |
Жылдар |
Абсолю. ауытқу (+,-) |
Өзгеру қарқыны % |
|
2003 |
2004 |
||||
1 |
Өндірілген өнім көлемі |
41445 |
36431 |
-5014 |
— |
2 |
Нақты түрде шығарылған өнім көлемі |
633,112 |
566,102 |
-67,01 |
— |
Есепті жылдағы тауарлы өнім көлемін бағалай отырып, ол өткен жылмен салыстырғанда 5014 мың тг. азайғаның айтуға болады. Нақты түрде шығарылған өнім көлемі өткен жылға қарағанда сондай-ақ 67,01 тоннаға қысқарған.
Тауарлы өнім көлемінің ұлғаюын бағалардың және нақты түрде өнімнің өсуімен түсіндіруге болады.
Ц2003 = 41445/633,112=65,462 тг
Ц2004 =36431/566,102=64,354тг
Енді бағалар мен нақты шығарудың тауарлы өнім көлеміне әсерін анықтаймыз:
а)бағалардың өзгеруі: (64,354-65,462)*566,102=-627,2 мың тг.
б) нақты шығарудың өзгеруі: (566,102-633,112)*65,462=-4386,6 мың тг.
Жиынтық өзгеріс: rТӨ = -687,2+(-4386,6) =-5013,8 мың тг.
Сонымен, өндірілетін өнім көлеміне елеулі әсер еткен бағалардың өзгерісі -627,2 мың тг. және нақты шығыс -4386,8 мың тг.
Ырғақты жұмыс өнімді дер кезінде өндіру мен өткізудің негізгі шарты болып табылады. Ырғақты емес жұмыс барлық экономикалық көрсеткіштерді нашарлатады: өнім сапасы төмендейді, аяқталмаған өндіріс және қоймалардағы дайын өнім қалдықтары көбейеді, пайда азаяды, өзіндік құн өседі, кәсіпорынның қаржылық жағдайы нашарлайды.
Ырғақтылықты талдау кезінде тікелей және жанама көрсеткіштер қолданылады. Тікелей көрсеткіштер – ырғақтылық коэффициенті, ырғақсыздық коэффициенті, әр декадада және ай сайын шығарылған өнімнің үлес салмағы және т.б., жанама көрсеткіштер – кәсіпорын кінәсіне байланысты болған тұрып қалуларды төлеу, ақаудан болған шығындар және т.б.
Ең кең тараған көрсеткіштердің бірі ырғақтылық коэффициенті. Оны есептеу үшін келесі кесте мәліметтерін пайдаланамыз.
Кесте 6
Декадалар бойынша өнімді шығару ырғақтылығы
Декада |
Жылдағы өнім шығысы, мың тг. |
Өнімнің үлес салмағы, % |
Өзгеру қарқыны (+,-) |
Өнім көлемі ырғақты шығару шектерінде |
||
2003 |
2004 |
2003 |
2004 |
|||
Бірінші |
8884 |
5101 |
21,43 |
14,00 |
-7,43 |
14,00 |
Екінші |
18746 |
17145 |
45,23 |
47,06 |
1,83 |
45,23 |
Үшінші |
13815 |
14185 |
33,3 |
38,93 |
5,63 |
33,3 |
Барлығы |
41445 |
36431 |
100 |
100 |
— |
92,53 |
Ырғақтылық коэффициентінің шамасы әр кезеңде шығарылған өнімнің іс жүзіндегі үлес салмақтарын қосу арқылы анықталады:
Кырғ=14,00+45,23+33,3=92,53
Вариация коэффициенті қарастырылып отырған кәсіпорында 0,75 құрайды. Бұл дегеніміз, декадалар бойынша өнімді шығару графиктен орташа алғанда 0,75 ауықуын көрсетеді.
Кәсіпорында өндіріс ырғақтылығын бағалау үшін ырғақсыздық көрсеткіші есептелінеді. Кәсіпорын жұмысы біркелкі емес болған сайын бұл көрсеткіш жоғары болады.
К арит= (0,48+0,389+0,395) =1,265
Өндірістің біркелкі жұмыс істемеуіне көптеген факторлар әсер етеді – бұл өндірісті, технологияны ұйымдастырудың төмен деңгейі, төмен сапалы материалдар, шикізаттар және т.б. Талдау кезінде осы жағдайға байланысты ескерілмеген кәсіпорын мүмкіндіктері есептелінеді. Бұл өнімнің іс жүзіндегі және болжамды көлемінің арасындағы айырмашылық:
( 36431- (17145*3)) =-15004 мың тг.
Кесте 7
Маусымдылық коэффициенттерін есептеу
Айлар |
Тауарлы өнім көлемі |
Маусымдылық коэффициенті |
Қантар |
1735,5 |
0,47 |
Ақпан |
1622 |
0,44 |
Наурыз |
2228 |
0,61 |
Сәуір |
2745,2 |
0,75 |
Мамыр |
3485 |
0,95 |
Маусым |
4788,3 |
1,31 |
Шілде |
4234,4 |
1,16 |
Тамыз |
4132,6 |
1,13 |
Қыркүйек |
3452 |
0,94 |
Қазан |
2832 |
0,77 |
Қараша |
2744 |
0,75 |
Желтоқсан |
2432 |
0,66 |
Барлығы |
3643 |
— |
Маусымдылықтың орта айлық коэффициенті: 36431/12 =3035,91 м.тг. тең.
Қантардағы маусымдылық коэффициентін анықтау үшін Кмау=1735,5/3035,91=0,57 қажет.
2004 жыл ішінде маусымдылық коэффициентінің ең үлкен мәні маусымда болды 1,31, ең төмен мәні ақпан айында – 0,44. Осыдан вариация өрісі:
1,31-00,44= 0,87
Орындалған талдау негізінде өндірілген өнім көлемін өсіру резервтері анықталды.
Кесте 8
Өндірілген өнім көлемін өсіру резевтері
№ |
Резервтер түрі |
Сомасы |
1 |
Ассортимент бойынша өндіріс көлемінің өзгерісі арқасында |
66,6 |
2 |
Шығарылатын өнім құрылымын өзгерту есебінен |
40759 |
3 |
Бағалардың өзгерісі арқасында |
524,7 |
4 |
Кәсіпорынның ырғақты емес жұмыс істеуінен |
15004 |
5 |
Өндіріс маусымдылығынан |
21028,6 |
|
Барлығы |
77382,9 |
2.2 Еңбек көрсеткіштерін талдау
Қандай да болсын кәсіпорынның тиімділігі еңбек ресурстарының болуы мен пайдалануына байланысты. Еңбек ресурстарына қажетті физикалық қабілеттері, еңбек дағдылары мен білімі бар адамдарды жатқызады. Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілу және оларды тиімді пайдалану деңгейне кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерінің шамасы байланысты.
Еңбек ресурстарын пайдалану жағдайын талдауды кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілун бағалаудан бастайды.
Кесте 9
Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі
№ |
Персонал категориясы |
2003 |
2004 |
Өткен жылға %-мен |
1 2 3 |
Жұмысшылар Жетекшілер Мамандар |
35 6 5 |
22 6 7 |
-62,9 100 -140 |
|
Барлығы |
46 |
35 |
— |
9 кестеден көріп отырғандай, есепті жылы персонал саны өткен жылмен салыстырғанда 13 адамға немесе 77% азайды.
Талдау кезінде өндірістік персонал құрылымының өзгерісін зерттеуден бастау қажет.
Кесте 10
Еңбек ресурстары құрылымының өзгерісі
№ |
Персонал категориясы |
2003 |
2004 |
||
адам |
% |
адам |
% |
||
1 2 3 |
Жұмысшылар Жетекшілер Мамандар |
35 6 5 |
76,1 13,1 10,9 |
22 6 7 |
62,9 17,2 20 |
|
Барлығы |
46 |
100 |
35 |
100 |
Қарастырылып отырған екі жыл ішінде елеулі өзгерістер болғанын көріп отырмыз. Жалпы сандағы жұмысшылардың үлес салмағының өзгерісі бір жұмысшының еңбек өнімділігіне әсерін келесі формула көмегімен анықтаймыз:
ЕӨ = (Уесеп – Уөтк) * ЕӨөтк
ЕӨ = (0,629 –0,761) * 510,54 = -67,39 м.тг
2004 жылы жұмысшылар санының қысқаруына байланысты 67,39 м.тг еңбек өнімділігі төмендеді.
Өндірістік процеске қатысуына байланысты жұмысшыларды негізгі және көмекші деп бөлуге болады.
Кесте 11
Кәсіпорын жұмысшыларының құрамы
Көрсеткіштер аталуы |
Өлш. бірлігі |
Жылдар |
Ауытқу (+,-) |
|
2003 |
2004 |
|||
1.Жұмысшылардың орта тізімдік саны, олардан |
адам
|
45 |
22 |
-13 |
— негізгі |
адам % нәтижеге |
23 65,7 |
17 77,2 |
-6 — |
— көмекші |
адам % нәтижеге |
12 34,2 |
5 22,7 |
-7 — |
Кесте мәліметтерінен көріп отырғандай, негізгі жұмысшылардың саны 6 адамға қысқарды, көмекші жұмысшылардың саны да 7 адамға қысқарып отыр. Негізгі жұмысшылардың үлес салмағы 23-тен 12 дейін немесе 65,7%-дан 34,2% дейін азайды. енді жалпы сандағы негізгі жұмысшылар үлесінің өзгерісі еңбек өнімділігіне қалай әсер ететінің анықтаймыз.
ЕӨ = (Уесеп – Уөтк) * ЕӨөтк
ЕӨ = (0,772 –0,657) * 510,54 = 58,71 м.тг
Біздің жағдайда негізгі жұмысшылардың үлес салмағының өзгеруі жұмысшылардың еңбек өнімділігін 58,71 м.тг. азайтты.
Кесте 12
Жұмыс күшінің қозғалысы
№ |
Көрсеткіштер |
2003 |
2004 |
1 2 3
4
|
Жұмыскерлердің орта тізімдік саны жыл басынаЖұмысқа қабылдандыЖұмыстан шықты соның ішінде: — өз еркімен — жұмысқа келмеуі үшін Айналу коэффициенті: — қабылдау бойынша — жұмыстан шығу бойынша — тұрақсыздық коэффициенті |
46 36 5 5 —
0,55 0,08 0,08 |
35 26 23 20 3
0,37 0,33 0,33 |
Сонымен, кесте мәліметтері бойынша кәсіпорында жұмыскерлерді қабылдау мен шығу көрсеткіштері өткен жылмен салыстырғанда өсті. Сөйтіп 2004 ж жұмыстан шығу коэффициенті 2003ж салыстырғанда 0,25 пунктке өсті, ал тұрақсыздық коэффициенті – 0,25.
Кәсіпорында еңбек өнімділігіне кесімді-жұмысшылармен өндіру нормаларын орындау деңгейі елеулі әсер етеді.
Кесте 13
Жұмысшылармен өндіру нормаларын орындауды талдау
Көрсеткіштер |
Өндру нормасын орындау деңгейі бойынша жұмысшылар санын бөлу |
Өндіру нормасын орындаудың орташа % |
|||||
90% дейін |
90-100 |
100-110 |
110-120 |
120 жоғары |
барлығы |
||
1.Негізгі өндіріс |
3 |
7 |
17 |
5 |
1 |
33 |
103,2 |
2.Көмекші өндіріс |
1 |
3 |
12 |
2 |
— |
18 |
103,3 |
Барлығы |
4 |
10 |
29 |
7 |
1 |
51 |
103,2 |
Кәсіпорында 37 адам өндіру нормасын 100% жоғары орындайды, 14 адам өндіру нормасын 100% дейін.
Сонымен, кәсіпорында өндіру нормасын орташа алғанда 94,2% орындаған 14 адам бар. Осыдан барлық жұмысшылармен өндірудің бекітілген нормасын игеру арқасында 0,81 адамды қысқартуға мүмкіндік бар:
(100-94,2)*14/100=0,81 адам
Барлық жұмысшылармен өндіру нормасын орындау нәтижесінде еңбек өнімділігінің өсімшесі:
ЕӨ =(0,81*100)/(51-0,81)=1,61%
Біздің жағдайда бір жұмысшымен өндіру нормасын орындау арқасында еңбек өнімділігінің өсімшесі:
ЕӨ =510,54*0,0161=8,22 м.тг. тең.
Еңбек ресурстарын пайдалануды толық бағалау үшін қарастырылып отырған аралықта бір жұмысшымен жұмыс істелген уақытты және жұмыс уақыт қорын пайдалану дәрежесін қарастыру қажет.
Кесте 14
Жұмыс уақытын пайдалану
№ |
Көрсеткіштер |
2003 |
2004 |
Ауытқуы (+,-) |
1 |
Жұмыскерлердің орта тізімдік саны, адам |
46 |
35 |
-11 |
2 |
Жұмыс істеген адам-күндер саны |
17451 |
18383 |
932 |
3 |
Жұмыс істелген адам-сағаттар саны |
139620 |
145162 |
5542 |
4 |
1 жұмыскердің жұмыс істеген уақыты, сағ. |
2148,0 |
2073,7 |
-74,3 |
5 |
1 жұмыскердің жұмыс істеген күндер саны, күн |
268,5 |
262,6 |
-5,9 |
6 |
Ішкі смендік жұмысшылардың тұрып қалуы |
— |
1902 |
1902 |
7 |
Жұмыс күнінің ұзақтығы, сағ |
8,0 |
7,89 |
-0,11 |
Сонымен, жұмыс уақыт қоры жұмысшылар санына, бір жұмыскермен жұмыс істелген адам-күндер мен адам-сағаттар санына байланысты. Енді осы факторлардың әсерін тізбекті алмастыру тәсілімен анықтайық.
- Адамдар санының өзгеруінің әсері
ЖУҚ = (35-46)*268,5*8 = -23628 сағ.
- Жұмыс күндер санының өзгерісі
ЖУҚ = (262,6-268,5)*35*8 = -1652 сағ
- Жұмысшының өнімділігінің өзгеруі
ЖУҚ = (7,89-8)*268,5*35 = -1033,8 сағ
Жалпы ауытқу: -23628-1652-1033,8 = -209422,2 сағ
Еңбек өнімділігінің деңгейін бағалау кезеңдер жалпылама, жеке көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Жалпылама көрсеткіштерге бір жұмысшының орта жылдық, орта күндік және орта сағаттық өндіруі жатады. Жеке көрсеткіштер – бұл өнім данасын шығаруға жұмсалатын уақыт шығыны.
Еңбек өнімділігінің өсуіне негізгі факторлардың көрсететін әсерлік талдау үшін келесі кесте мәліметтерін пайдаланамыз.
Кесте 15
Жұмысшының орта жылдық өндіруін талдау үшін алғашқы мәліметтер
№ |
Көрсеткіштер |
2003 |
2004 |
Ауытқу (+;-) |
1 2
3
4
5
6 7 8 9 |
Өндірілген өнім көлемі, м.тг Жұмысшылардың орта тізімдік саны, адам 1 жұмысшының орта жылдық ЕӨ, м.тг Бір жылда жұмысшылармен жұмыс істелген уақыт, м.адам-күн Бір жылда жұмысшылармен жұмыс істелген уақыт, м.адам-сағат Орта күндік өндіру (1/4), м.тг Орта сағаттық өндіру (1/5), тг Жұмыс жылының ұзақтығы,күн Жұмыс күнінің ұзақтығы, сағат |
41445 35
721,4
12351
98808
2,687 335,85 268,5 8,0 |
36431 22
921,1
13392,6
105667,6
3,508 444,76 262,6 7,89 |
-5014 -13
199,7
10416
6859,6
0,821 108,91 -5,9 0,11 |
Енді негізгі факторлардың бір жұмысшының еңбек өнімділігінің өсуіне әсерін тізбекті алмастыру тәсілімен анықтаймыз.
Кесте 16
Еңбек өнімділігін факторлық талдау
Алмастыру № |
Өткен жылмен салыстырғанда есепті жылы еңбек өнімділігінің ауытқуына әсер ететін факторлар |
Жылдық еңбек өнімділігі, м.тг |
Еңбек өнімділігінің өзгерісі |
||
Жұмыс істелген күндер саны |
Жұмыс күнінің ұзақтығы |
Орта сағаттық өндіру |
|||
1 2 3 4 |
268,5 262,6 262,3 262,3 |
8 8 7,89 7,89 |
335,85 335,85 335,85 444,76 |
721,1 705,6 695,9 921,1 |
— -15,8 -9,7 225,2 |
Барлығы |
— |
— |
— |
— |
199,7 |
Кестеден көріп отырғандай, еңбек өнімділігінің өсуіне келесі факторлар әсер етеді:
- жұмыс істеген күндер санының қысқаруы еңбек өнімділігін 15,8 м.тг азайтты;
- жұмыс күні ұзақтығының қысқаруы еңбек өнімділігін 9,7 м.тг азайтты;
- орта сағаттық өндірудің өсуі еңбек өнімділігін 225,2 м.тг ұлғайтты.
Жалпы осы факторлардың әсері 199,7 м.тг тең.
2.3 Кәсіпорынның негізгі қорларын талдау
Негізгі қорларды пайдалануды жалпы бағалау үшін 17 кесте мәліметтерін пайдаланамыз.
Кесте 17
Негізгі қорларды пайдалануды жалпы бағалау
Көрсеткіштер аталуы |
Өлшем бірлігі |
Жылдар |
Ауытқу (+;-) |
|
2003 |
2004 |
|||
1.Тауарлы өнім көлемі |
М.тг. |
41445 |
36431 |
-5014 |
2.Негізгі қорлардың құны |
М.тг. |
19730,2 |
29462,0 |
10731,8 |
3.Қор қайтарымы |
тг |
2,21 |
1,24 |
-0,97 |
Кәсіпорында тауарлы өнім көлемінің негізгі қорлардың орта жылдық құны және қор қайтарымы әсер етеді. Енді осы әсерді бағалайық:
- негізгі қорлардың орта жылдық құнының өзгеруі есебінен:
rТӨ=(29462,0-18730,2)*2,21=23717,3
- қор қайтарымның өзгеруінен:
rТӨ=(1,24-2,21)*29462,0=-28578,2
Сонымен, негізгі қорлардың орта жылдық құнының өсуі арқасында тауарлы өнім көлемі 23717,3 м.тг. өсті және қор қайтарымның төмендеуінен тауарлы өнім көлемі 28578,2 м.тг. азайды.
Есепті жыл ішінде негізгі қорлардың өзгерісі 18 кестеде көрсетілген.
Кесте 18
Негізгі құралдардың қозғалысы
Негізгі қорлар тобы |
Жыл басына |
Жылда іске қосылған |
Жылда істен шығарылған |
Жыл аяғына |
1.Өнеркәсіпті-өндірістік негізгі қорлар |
8339 |
— |
312 |
8027 |
соның ішінде: -машина және жабдықтар |
5642 |
— |
102 |
5540 |
Қарастырылып отырған аралықта елеулі өзгерістер болмаған. Негізгі өндірістік қорлардың жалпы құны 312 м.тг. азайды, соның ішінде 12 м.тг. машина мен жабдықтар құны.
Енді негізгі қорлардың құрамы мен құрылымын қарастырай-ық. Ол үшін келесі кестені пайдаланамыз.
Кесте 19
Негізгі өндірістік қорлардың құрамы мен құрылымы
Негізгі қорлар аталуы |
Жыл басына |
Жыл аяғына |
Жылдағы өзгеріс |
|||
м.тг. |
% |
м.тг. |
% |
м.тг. |
% |
|
Барлығы, соның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
1.ғимарат және құрылыс |
5642 |
67,7 |
5540 |
69 |
-12 |
1,3 |
2.машина және жабдықтар |
2550 |
30,5 |
2555 |
29,4 |
-195 |
-1,1 |
3.көлік құралдары |
33 |
0,4 |
33 |
0,4 |
— |
— |
4.құрал-саймандар |
114 |
1,4 |
99 |
-1,2 |
-15 |
-0,2 |
Негізгі өндірістік қорлар жыл ішінде 312 м.тг. өзгерді, соның ішінде ғимарат және құрылыс 102 м.тг., машина және жабдықтар 15 м.тг. Негізгі қорлар құрылымында да өзгерістер болды. Сонымен, жыл аяғында машина және жабдықтар үлесі 1,1% және құрал-саймандар үлесі 0,2% азайды, сәкесінше ғимарат пен құрылыстын үлес салмағы 1,3% көбейді. Жалпы алғанда кәсіпорында негізгі қорлардың белсенді бөлігінің азаю тенденциясы қалыптасқан.
Негізгі қорлар арасында жабдықтар басты орынды алады. Оларды толық және тиімді пайдалануға шығарылатын өнім көлемі және басқада технико-экономикалық көрсеткіштер тәуелді.
Кесте 20
Жабдықты пайдалануды талдау
Көрсеткіштер |
өлшем бірлігі |
2003 |
2004 |
Ауытқу (+;-) |
1. Тауарлы өнім көлемі 2. Орнатылған жабдықтар саны 3. Смендік коэффициент 4. Жұмыс күндер саны 5. Смена ұзақтығы 6. Жабдық жұмысының режимдік қоры 7. Машиналық уақыттың пайдалық қоры 8. Жабдықтың тұрып қалуы 9. Жабдық жұмысының режимдік қорын пайдалану коэффициенті жол (7/6) 10. Машина өнімділігі · бір сағатта (1/7) · бір жылда (1/2) |
м.тг дана — күн сағат мың маш-сағ
мың маш-сағ м.сағ
—
тг м.тг |
4144,5 132 0,9 280 8 266,1
264,0
2,1
0,992
125,7 251,4 |
36431 128 0,9 300 8 276,5
273,0
3,5
0,987
172,15 367,2 |
-5014 -4 — +20 — -10,4
+9
+1,4
+0,005
46,45 115,8 |
Жабдық жұмысының режимдік қоры 10,4 мың маш.сағатқа төмендеді өткен жылмен салыстырғанда, және де пайдалы қоры 9 мың маш.сағатқа өсіп отыр. Өз кезегінде жабдықтардың тұрып қалуы 1,4 мың сағатқа өсіп отыр. Бұған қарамастан машиналардың сағаттық және жылдық өнімділігі сәйкесінше 46,45 тг және 115,8 тг көбейді.
Өнімді өткізу көлемінің өзгеруіне әсер ететін факторларды талдау кезінде жұмыс істелген машина-сағаттың шамасы мыналарға тәуелді екенін ескеру қажет:
- орнатылған жабдықтар саны;
- жабдықтың сменалық коэффициенті;
- жабдық данасының жұмыс істеу күндер саны;
- смена ұзақтығы;
- жабдық жұмысының режимдік қорын пайдалану коэффициенті;
- 1 машина-сағаттың жабдық өнімділігі.
Барлық бұл факторлардың өнімді өткізу көлеміне әсері тізбекті ауыстыру әдісімен анықталады.
2.4 Өндіріс шығындарын, жалпы (таза) табысын және өнім рентабелділігін талдау
Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында өндіріс шығындарын төмендетудің маңызы зор. Өнімнің сапасын көтерумен қатар, өндіріс шығындарын төмендету кәсіпорынның бәсеке қабілеттігін, оның қаржылық жағдайының тұрақтылығын, төлеу қабілетін және өтімділігінанықтайды.
Өнімнің өзіндік құны өнімді өндіру процесінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, шикізаттардың, негізгі қорлардың, еңбек ресурстардың, және де оны өндіруге кеткен басқа да шығындардың құндық бағасын білдіреді.
Берілген талдауды өнімнің өзіндік құнын жалпы бағалаудан бастаймыз.
Кесте 21
Өнімнің өзіндік құнының жалпылаушы көрсеткіштерін талдау
Көрсеткіштер аталуы |
Өлш. бірлігі |
2003 |
2004 |
Ауытқу (+,-) |
1.Өткізілген өнім көлемі |
м.тг. |
43408,5 |
36599,6 |
-6808,9 |
2.Өткізілген өнімнің өзіндік құны |
м.тг. |
44691,3 |
34299,5 |
-10391,8 |
3. Жалпы (таза) табыс |
м.тг |
-1282,8 |
2300,1 |
-1017,3 |
4.Кезең шығындары |
м.тг |
7575,0 |
12748,2 |
5173,2 |
5.Негізгі қызметтен алынған табыс (шығын) |
м.тг |
-8857,8 |
-10448,1 |
1590,3 |
6. Негізгі емес қызметтен алынған табыс (шығын) |
м.тг |
90,3 |
— |
-90,3 |
7.Таза табыс (шығын) |
м.тг |
-813 |
-1978,0 |
1165,0 |
8.Өткізілген өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындар |
тг |
1,03 |
0,94 |
-0,09 |
9.Өнім рентабелділігі |
% |
— |
6,7 |
6,7 |
21 кесте мәліметтерінен көріп отырғандай, кәсіпорында өткізілген өнім көлемі қысқарды. Егер өткізілген өнім көлемі 6808,9 м.тг. азайса, онда өткізілген өнімнің өзіндік құны да 10391,8 м.тг. азаяды. Сонымен қатар өткізілген өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындар 0,09 тг төмендеді. Жалпы алғанда шығарылған өнім бойынша кәсіпорын қызметі қанағаттарлық. Сондықтан жалпы табыс -1282,8 м.тг.-ден 2300 м.тг. дейін көбейді.
Өндірілген өнім рентабелділігі қарастырылып отырған аралықта 6,7% өсті.
Енді өнімнің өзіндік құнына өткізілген өнім көлемі мен өткізілген өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындардың өзгерісі қалай әсер еткенің талдаймыз. Ол үшін 22 кесте мәліметтерін пайдаланамыз.
Кесте 22
Өнімнің өзіндік құнын жалпы бағалау
Көрсеткіштер |
Өлш. бірлігі |
2003 |
2004 |
Ауытқу (+,-) |
|
м.тг. |
% |
||||
1.Өнімнің толық өзіндік құны 2.Өткізілген өнім көлемі 3. Өткізілген өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығын |
м.тг
м.тг тг |
44691,3
43408,5 1,03 |
34299,5
36599,6 0,94 |
-10391,8
-6808,9 -0,09 |
-76,7
-84,3 -91,2 |
Өткізілген өнімнің өзіндік құны 10391,8 м.тг. төмендеді. Ол өндіріс көлемінің 6808,9 м.тг қысқаруына байланысты болды. Өткізілген өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындар есепті жылы 0,09 теңгеге төмендеді. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтануын білдіреді. Сонымен, өткізілген өнімнің өзіндік құнының азаюына бірқатар факторлар әсер етті және осы әсерді бағалайық.
1.Өткізілген өнім көлемінің өзгеруі:
rС1=(36599,6-43408,5)*1,03=-7013,16 м.тг
2.Өткізілген өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындардың өзгеруі:
rС2 =(0,94-1,03)*36599,6=-3293,9 м.тг.
Жиынтық ауытқу: rСж =-7013,16-3293,9=-3719,2 м.тг.
Өткізілген өнім көлемінің өзгеруі өнімнің өзіндік құнын 7013,16 м.тг. азайтты, ал 1 теңгеге кеткен шығындардың төмендеуі өнімнің өзіндік құнын 3293,9 м.тг. төмендетті. Өнімнің өзіндік құнының жиынтық өсуі 100% тең.
Өнімнің өзіндік құнын қалыптастыратын шығындар экономикалық мазмұнына сәйкес топтастырылады. Шығындар элементтері бойынша есептелінген өзіндік құн өндірістік бағдарламаны орындауға жұмсалған ресурстардың жалпы көлемін құнды түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Экономикалық элементтер бойынша топтастыру сондай-ақ әр элементтің шығындардың қалыптасуындағы мәнін анықтауға және өзіндік құнды төмендетудің негізгі бағыттарын анықтауға, айналым қаржыларына қажеттілікті есептеуге мүмкіндік береді.
Кесте 23
Өнімді өндіруге кеткен шығындар сметасын талдау
Аталуы |
2003 |
2004 |
Ауытқу (+,-) |
||
м.тг. |
% |
м.тг. |
% |
||
1.Негізгі шикізат және материалдар |
22739 |
67,8 |
33772 |
70,2 |
11033 |
2.Отын және энергия |
2229 |
6,6 |
3399 |
7,1 |
1170 |
3. Еңбек ақы |
3692 |
11 |
3981 |
8,3 |
— |
4.Еңбек ақыға төлемдер |
653 |
1,9 |
751 |
1,5 |
98 |
5.Амортизациялық төлемдер |
497 |
1,6 |
785 |
1,6 |
288 |
6.Басқа да шығындар |
3732 |
11,1 |
6423 |
11,3 |
1691 |
Барлығы |
33542 |
100 |
48111 |
100 |
14569 |
Кесте мәліметтерінен көріп отырғандай, есепті жылы кәсіпорынның шығындары өткен жылмен салыстырғанда 14569 м.тг. жоғары. Жоғарлау барлық элементтер бойынша байқалады, сонымен шикізат және материалдар 11033 м.тг., энергия және отын 1170 м.тг., еңбек ақы 289 м.тг., еңбек ақыға төлемдер 98 м.тг., амортизация 288 м.тг., басқада шығындар 1691 м.тг. көбейді.
Шығындар құрылымы да біршама өзгерді, шикізат және материалдардың үлесі 2,4%, энергия және отын – 0,5%, басқада шығындар – 0,2%, еңбек ақыға төлемдер – 0,4% көбейді. Шығындардың жалпы сомасын өнім көлеміне, оның құрылымына, өнімнің өзіндік құнындағы тұрақты және өзгермелі шығындар деңгейіне байланысты өзгерді.
Талдауды шығындар статьялары бойынша да жүргізуге болады.
Кесте 24
Өнімнің өзіндік құнын шығындар статьялары бойынша талдау
Шығындар статьялары |
Толық өзіндік құн |
|||||
2003 |
2004 |
Ауытқу |
||||
м.тг. |
% |
м.тг. |
% |
м.тг. |
% |
|
1. Шикізат және материалдар |
22739 |
67,8 |
33772 |
70,2 |
11033 |
2,4 |
2.Отын және энергия технологиялық қажеттіліктерге |
1920 |
5,7 |
2840 |
6 |
920 |
0,3 |
3.Өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы |
2313,7 |
6,9 |
2757 |
6,7 |
443,3 |
-1,2 |
4. Еңбек ақыға төлемдер |
485,8 |
1,4 |
579 |
1,2 |
93,2 |
-0,2 |
5.Жабдықты пайдалану мен күтуге кеткен шығындар |
1020 |
3 |
1364 |
2,8 |
344 |
-0,2 |
6.Әкімшілік-басқару шығындары |
5063,5 |
15,2 |
6799 |
14,1 |
1735,5 |
-1,1 |
Барлығы |
33542 |
100 |
48111 |
100 |
14569 |
— |
Сонымен, өнімнің өзіндік құны 14569 м.тг. өсті. Бұл шығындардың барлық статьяларынан көрініп отыр. Сөйтіп, шикізат және негізгі материалдар 11033 м.тг., Отын және энергия технологиялық қажеттіліктерге 920 м.тг., өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы 4433 м.тг., еңбек ақыға төлемдер 93,2 м.тг., жабдықты пайдалану мен күтуге кеткен шығындар 344,0 м.тг., әкімшілік-басқару шығындары 1735,5 м.тг. көбейді.
Өнімді өткізуден алынатын пайданы және өнім рентабелділігін талдау 25 кестеде көрсетілген.
Кесте 25
Пайда және өнім рентабелділігін талдау
Көрсеткіштер аталуы |
Өлш. бірлігі |
2003 |
2004 |
Ауытқу |
|
м.тг. |
% |
||||
|
|
|
|
|
|
1.Өткізуден алынған пайда |
м.тг. |
-1282,8 |
2300,1 |
-1017,3 |
173,2 |
2.Толық өзіндік құн |
м.тг. |
44691,3 |
34299,5 |
-10391,8 |
142,1 |
3.Өнім рентабелділігі |
% |
— |
6,7 |
6,7 |
121,9 |
Кестеден көріп отырғандай, өткен жылы өнім рентабелді емес еді, бірақ есепті жылы оның рентабелділігі 6,7% көбейді. Демек, нақты түрде жоғары рентабелді өнім шығысы өсті.
2.5 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды аналитикалық баланс-неттоны құрудан бастаймыз.
Кесте 26
Аналитикалық баланс-нетто 2004ж.
Көрсеткіштер аталуы |
Жыл басына, м.тг |
Баланс валютасына, % |
Жыл аяғына, м.тг |
Баланс валютасына, % |
Ауытқу |
Актив 1.Баланстық қалдық құн |
19413 |
58,4 |
16361 |
70,5 |
-3052 |
2.Ағымдағы активтер |
13786 |
41,5 |
6832 |
29,4 |
-6954 |
-тауарлы-материалдық запас |
8872 |
26,7 |
4106 |
17,7 |
-4766 |
-қысқа мерзімді дебиторлық қарыз |
4888 |
14,7 |
2700 |
11,6 |
-2188 |
-ақша құралдары |
19 |
0,05 |
21 |
0,09 |
2 |
барлығы |
33199 |
100 |
23193 |
100 |
476 |
Пассив 1. Өзіндік капитал |
8472 |
25,5 |
4401 |
18,9 |
-4071 |
-жарғы капиталы |
78 |
0,23 |
78 |
0,33 |
— |
-қосымша төленбеген капитал |
14629 |
44,0 |
12355 |
53,2 |
-2274 |
-бөлінбеген пайда |
-11559 |
-34,8 |
19533 |
84,2 |
-7974 |
2.Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
13000 |
39,15 |
9400 |
40,5 |
-3600 |
3.Ағымдағы міндеттемелер қысқа мерзімді займдар |
11727 |
35,3 |
9392 |
40,4 |
-2336 |
-қысқа мерзімді кредиторлық қарыз |
11372 |
34,2 |
9056 |
39,0 |
-2316 |
Барлығы |
33199 |
100 |
23193 |
100 |
-10006 |
Кесте мәліметтерінен көріп отырғандай, кәсіпорын активтері 471 мың тг. азайды, мұнын себебі баланстық қалдық құнның 3052 м.тг. төмендеуі және ақша құралдарының 2 м.тг. көбеюі.
Баланстың пассив бөлігі ағымдағы міндеттемелердің үлкен үлесімен сипатталады, соның ішінде қысқа мерзімді займдар және қысқа мерзімді кредиторлық қарыз. Жалпы алғанда баланс пассиві сондай-ақ 471 мың тг. азайды, өзіндік капиталдың 4071 м.тг., ұзақ мерзімді міндеттемелердің 3600м.тг. және ағымдағы міндеттемелердің 2335 м.тг. азаюынан.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы көрсеткіштердің үлкен санымен сипатталады. Осындай көрсеткіштерге кәсіпорынның төлем қабілетілігін және өтімділігін жатқызуға болады.
Кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесу қабілетін төлем қабілеттілігі деп аталады. Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша есептесу қабілетін өтімділік деп атайды. Өтімділікті сипаттау үшін абсолютті өтімділік коэффициентін, өтеудің аралық коэффициентін, өтеудің жалпы коэффициентін есептейміз.
Кесте 27
Кәсіпорының төлем қабілеттілігі және өтімділігі коэффициенттерін есептеу
Көрсеткіштер аталуы |
Нормативті коэф. |
Жылдар |
|
2003 |
2004 |
||
1. Ақша құралдары |
— |
97 |
33 |
2.Қысқа мерзімді қаржы салымдары |
— |
9362 |
10,000 |
3.Дебиторлық қарыз |
— |
2119 |
4888 |
4.Өндірістік запастар және шығындар |
— |
5918 |
8992 |
5.Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
— |
— |
3000 |
6.Қысқа мерзімді қарыздар |
— |
1730 |
6071 |
7.Төлем қабілетілігі коэффициенті |
1,0 |
— |
3,34 |
8. Абсолютті өтімділік коффициенті |
0,2-0,25 |
5,46 |
1,65 |
9. Өтеудің аралық коэффициенті |
0,7-0,8 |
6,69 |
2,69 |
10. Өтеудің жалпы коэффициенті |
2-2,5 |
10,1 |
4,17 |
Кесте бойынша кәсіпорын төлеуге қабілетті және өтімді. Және қода бар 3000 мың тг. сомасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелер ақша құралдары және қысқа мерзімді қаржы салымдары есебінен жыл аяғында өтеледі, яғни төлем қабілеттілігінің коэффициенті 3,34 тең болады. Кәсіпорын өтімділігін сипаттайтын барлық көрсеткіштер, атап айтқанда абсолютті өтімділік коэффициенті, өтеудің аралық коэффициенті және өтеудің жалпы коэффициенті нормативті мәндерінен жоғары. Бұл дегеніміз, кәсіпорын өзінің ұзақ және қысқа міндеттемелерін төлей алады, яғни төлем қабілеттілігі бар.
Қаржылар құрылымын сипаттайтын көрсеткіштерге тәуелсіздік коэффициентін, қаржылық тұрақтылық және қаржыландыру коэффициенттерін жатқызуға болады.
Кесте 28
Қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу
Көрсеткіштер аталуы |
Норматив |
Коэффициенттер мәні |
|
2003 |
2004 |
||
1. Өзіндік құралдар |
— |
4884 |
2968 |
2.Қысқа мерзімді міндеттемелер сомасы |
— |
1730 |
6071 |
3.Дебиторлық қарыз сомасы |
— |
2119 |
6307 |
4. Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
— |
— |
3000 |
5.Кәсіпорын мүлігі |
— |
15976 |
22039 |
6. Тәуелсіздік коэффициенті |
0,5 |
0,306 |
0,135 |
7. Қаржылық тұрақтылық коэффициенті |
0,5 |
0,306 |
0,271 |
8. Қаржыландыру коэффициенті |
0,5 |
2,82 |
0,489 |
Кесте мәліметтері бойынша, кәсіпорында қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын барлық көрсеткіштер 2004 жылы шамалы төмендеген және нормативті мәндерінен төмен. Тәуелсіздік коэффциенті кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштің бірі. Берілген көрсеткіш кәсіпорын мүлігіне қатысты өзіндік капиталдың үлесін көрсетеді. Сонымен 2003 жылы бұл көрсеткіш 30,6% тең болды, ал 2004 жылы ол 13,5% төмендеді.
Өзіндік капитал сомасының өсуімен кәсіпорында дағдарыстардан өту мүмкіншілігі өсе түседі.
Қаржылық тұрақтылық коэффициенті кәсіпорын мүлігіндегі өзіндік капитал және ұзақ мерзімді міндетемелердің үлесін көрсетеді. Бұл көрсеткіш заемдық қаржылардың қандай бөлігі өзіндік қаражаттармен өтелетінің білдіреді. Біздің жағдайымызда 2003ж. заемдік қаржылардың 30,6% өзіндік қаражаттармен жабылады, ал 2004ж. – 27,1%. Бірақ заемдік қаржылар өзіндік қаржылармен толық жабылмайды.
Қаражаттандыру коэффициенті кәсіпорынның өзіндік қаржылары қысқа мерзімді міндеттемелерден қаншалықты жоғары екендігін анықтайды. Егер 2003 ж. қаражаттандыру коэффициенті 2,82 тең болса, онда 2004ж. ол нормативтен төмен және 0,489 тең. Сонымен, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын барлық көрсеткіштер кәсіпорын қаржы жағынан тұрақты емес деп сипаттайды, оның төлем қабілеттілігіне және өтімділігіне қарамастан.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған құралдар қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді. Келесі 29 кестеде активтер айналымдылығы көрсеткіштерінің динамикасы берілген.
Кесте 29
Ағымдағы активтер айналымдылығы көрсеткіштерінің динамикасы
Көрсеткіштер аталуы |
Өлш. бірлігі |
Жылдар |
Ауытқу (+,-) |
|
2003 |
2004 |
|||
1.Өткізуден алынған табыс |
м.тг. |
43408 |
36599,6 |
-6809 |
2.Ағымдағы активтердің орташа шамасы |
м.тг. |
7748,2 |
11733 |
3984,8 |
3.Активтердің айналымдылығы |
рет |
4,15 |
3,9 |
-0,25 |
4.Ағымдағы активтердің айналу ұзақтылығы |
күн |
86,8 |
92,3 |
5,5 |
Кесте мәліметтері бойынша ағымдағы активтердің айналу ұзақтылығы 5,5 күнге ұзарды, ол дегеніміз кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауы, яғни есепті жылы ағымдағы активтерге салынған қаражаттар толық циклді өтіп, ақша формасына 92,3 күннен кейін өтеді және өткен жылмен салыстырғанда 5,5 күнге ұзағырақ.
Айналымның ұзаруы қосымша қаражаттарды талап етеді:
36599,6/360(92,3-86,8)=559,17 м.тг.
Сонымен, талдаудың келесі сатысында біз өзін қаржыландыру деңгейін қарастырамыз.
Өзін өзі қаржыландыру дегеніміз кәсіпорын қызметін амортизациялық төлемдер және пайда есебінен қаржыландыру. өзін өзі қаржыландыру деңгейі келесі көрсеткіштермен бағаланады:
- өзін өзі қаржыландыру коэффициенті;
- өзін өзі қаржыландыру тұрақтылығының коэффициенті;
- өзін өзі қаржыландыру процесінің рентабелділігі.
Берілген көрсеткіштердің шамасы жоғары болған сайын өзін өзі қаржыландыру процесі тұрақтылығы арта түседі. Кәсіпорын мәліметтерін пайдалана отырып «Келешек және К» ЖШС үшін өзін өзі қаржыландыру деңгейін есептейміз.
Кесте 30
Өзін өзі қаржыландыру коэффициенттерінің динамикасы
Көрсеткіштер аталуы |
Жылдар |
Ауытқу (+,-) |
|
2003 |
2004 |
||
1.Жинақтау қорына бағытталатын пайда |
— |
— |
— |
2.Амортизациялық төлемдер |
497 |
785 |
288 |
3.Заемдік қаражаттар |
9362 |
13000 |
3638 |
4.Кредиторлық қарыз |
1730 |
6071 |
4341 |
5.Өзіндік қаражаттар |
4884 |
2968 |
-1916 |
6.Қалған таза пайда |
— |
— |
— |
7. Өзін өзі қаржыландыру коэффициенті |
0,045 |
0,041 |
-0,004 |
8. Өзін өзі қаржыландыру процесі тұрақтылығының коэффициенті |
0,10 |
0,26 |
0,16 |
9. Өзін өзі қаржыландыру процесінің рентабелділік деңгейі |
0,10 |
0,26 |
0,16 |
Кесте мәліметтерінен көріп отырғандай, өзін өзі қаржыландыру 0,004 пунктке төмендеді. Демек, өткен жылы сыртқы қаражаттардың 1 теңгесіне өзіндік қаражаттардың 4,5 тиыны келетін, бірақ есепті жылы бұл көрсеткіш 4,1 тинға дейін азайды. Өзін өзі қаржыландыру коэффициентінің 0,004 төмендеуі өзін өзі қаржыландыру деңгейінің 8,9% төмендегенің көрсетеді.
(0,004*(0,045*100))=8,9%
Өзін өзі қаржыландыру процесі тұрақтылығының коэффициенті қарастырылып отырған аралықта 0,10-нан 0,26 дейін өсті. Сонымен қатар бұл коэффициенттің шамасы салыстырмалы төмен. өндірісті кеңейтуге бағытталған өзіндік қаражаттардың үлесі өткен жылмен салыстырғанда 16% өсті.
Өзін өзі қаржыландыру процесінің рентабелділік деңгейі өзіндік қаражаттарды пайдалану деңгейін көрсетеді. Талданып отырған ралықта ол 0,10-нан 0,26 дейін көбейді. Сонымен өзін өзі қаржыландыру процесі тұрғысынан кәсіпорын қызметі жақсы деп сипатталады.
Орындалған талдау соңында кәсіпорының қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің құрама кестесін келтіреміз.
Кесте 31
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын, көрсеткіштердің құрама кестесі
Көрсеткіштер аталуы |
Өлш. бірлігі |
Норматив |
Жылдар |
Ауытқу (+,-) |
|
2003 |
2004 |
||||
1.Активтерді баланс валютасына қатысты бөлу |
% |
— |
100 |
100 |
— |
— қозғалмайтын мүлік |
% |
— |
49,1 |
30,4 |
-18,7 |
-ағымдағы активтер |
% |
— |
50,9 |
69,6 |
18,7 |
2.Қаражаттар көздерінің бөлінуі |
% |
— |
100 |
100 |
— |
-өзіндік |
% |
— |
30,6 |
13,5 |
-17,1 |
-заемдік |
% |
— |
69,4 |
86,5 |
17,1 |
3.Өтімділік және төлем қабілеттілігі |
% |
|
|
|
|
— төлем қабілетілігі коэффициенті |
% |
1 |
— |
3,3 |
3,3 |
-абсолютті өтімділік коэффициенті |
% |
0,2-0,25 |
5,46 |
1,65 |
-3,81 |
-өтеудің аралық коэффициенті |
% |
0,7-0,8 |
6,69 |
2,69 |
-4 |
4.Қаржылық тұрақтылық |
% |
|
|
|
|
-тәуелсіздік коэффициенті |
% |
0,5 |
0,306 |
0,135 |
-0,171 |
-қаржылық тұрақтылық коэффициенті |
% |
0,5 |
0,306 |
0,271 |
0,035 |
-қаржыландыру коэффициенті |
% |
1 |
2,82 |
0,489 |
-2,331 |
5.Ағымдағы активтердің айналымдылығы |
күн |
— |
86,8 |
92,3 |
5,5 |
6.Мүлікті тиімді пайдалану көрсеткіштері |
% |
|
|
|
|
-активтер рентабелділігі |
% |
— |
-4,4 |
-14,7 |
-10,3 |
-ағымдағы активтер рентабелділігі |
% |
— |
-10,4 |
-23,8 |
-13,3 |
-инвестициялар рентабелділігі |
% |
— |
-16,6 |
-46,8 |
-30,2 |
-өзіндік капитал рентабелділігі |
% |
— |
-16,6 |
-94 |
-77,4 |
-өнім рентабелділігі |
% |
— |
-2,5 |
-5,2 |
-3 |
7.Өзін өзі қаржыландыру көрсеткіштері |
% |
|
|
|
|
— өзін өзі қаржыландыру коэффициенті |
% |
— |
0,045 |
0,041 |
-0,004 |
— өзін өзі қаржыландыру тұрақтылығының коэффициенті |
% |
— |
0,1 |
0,26 |
0,16 |
— өзін өзі қаржыландыру процесінің рентабелділік деңгейі |
% |
— |
0,1 |
0,26 |
0,16 |
8.Альтман z-шотының көрсеткіші |
% |
>3 |
2,744 |
1,951 |
0,793 |
Берілген кесте мәліметтері кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Мүлік құрылымы ағымдағы активтердің үлкен үлесімен сипатталады, олар есепті жылы 18,7% көбейген. Сәкесінше қозғалмайтын мүлік 18,7% азайды.
Кәсіпорынның қаражаттар құрылымында заемдік қаражаттар басым. Сонымен, есепті жылы заемдік қаражаттардың үлес салмағы 17,1% өсті. Демек өзіндік қаражаттар 17,1% азайды.
Өтімділік және төлем қабілетілігі көрсеткіштері шамасын қарастырсақ, онда кәсіпорын өтімді деуге болады. Бірақ бұл заемдік қаражаттармен қамтамасыз етілген.
Қаржылық тұрақтылық тұрғысынан кәсіпорын тұрақсыз болып сипатталады. өйткені активтердің айналымдылығы өткен жылмен салыстырғанда елеулі баяулаған.
Жоғарыда аталған көрсеткіштердің нашарлауы мүлікті тиімді пайдалану көрсеткіштеріне де әсер етті. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің біршамасының нашарлауы және жақсаруы кәсіпорын жағдайын дұрыс бағалауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан Альтман z-шотының көрсеткішін есептейміз. Оның көмегімен кәсіпорынның дәрменсіздікке ұшырау ықтималдылығын анықтауға болады. Альтман z-шотының көрсеткіші шамасына қарай отырып, біз кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақсыз және дәрменсіздікке ұшырауы ықтимал деп айта аламыз.
Қорытынды
«Келешек және К» ЖШС-нің өндірістік шаруашылық жағдайын талдай келе төмендегідей қорытында жасаймыз.
«Келешек және К» ЖШС –гі экономикалық жағынан тұрақты, сүт, қышқыл сүт, ерітілген ірімшік, балмұздақ және тағы басқа өнім түрлерін өндіру жақсы жолға қойылған.
Кәсіпорында орта есеппен бесінші разрядтың жұмысшылары, мамандар және мастерлер жұмыс істейді. Спецификалық қасиеттеріне байланысты кәсіпорындағы сүт тез бұзылады. Кәсіпорында жоспарла тапсырмалар дайындалмайды, кәсіпорын толығымен рынокқа бейімделген және ұсыным сұранымға тең болады деген принцип бойынша жұмыс жасайды. Тауар айналымы тез жүреді, оған қоса кәсіпорынның өнімдері тек қала ішінде емес сонымен қатар оңтүстіктің қалаларында да өткізіледі.
Кәсіпорынға қабылданатын шикізат ГОСТ-қа сәйкес Жамбыл және Байзақ аудандарынан қабылданады.
Персоналдар саны 2004жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 14 адамға, соның ішінде жұмысшылар саны 8 адамға қысқарды. Бұған себеп шикізаттың жеткізілу көлемдерінің қысқаруына , сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындар арасындағы бәсекелестіктің күшейуіне байланысты өндіріс көлемінің төмендеуіне байланысты болды.
Кәсіпорынның жұмыс күні мөлшерленбеген, демалыс және мейрам күндері жоқ. өндіріс түгелдей толығымен автоматтандырылған, сол себепті персоналдардың үлкен санының қызметін қажет етпейді. Кәсіпорын бір бірімен тығыз байланысты , өз спецификасы бар негізгі және негізгі емес өндіріске ие.
Есепті қорыта келе былай деуге болады: кәсіпорынның біраз жетістіктерімен қатар кемшіліктері де бар, бірақ соған қарамастан кәсіпорынның болашағы бар, бұл оның жақсы капитал салымы.