АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Отчет по практике: оқу-өндірістік практикасы ЖШС «NAZ Airtouragency

 

Мазмұны

 

кІРІСПЕ

І бөлім

  1. ЖШС «NAZ Airtouragency» фирмасының жалпы сипаттамасы

1.1 Фирма туралы  мәлiметтер

1.2 Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы

1.3 Бөлiмдердiң функциясы және штаттық кестесі

  1. Фирманың жұмыс технологиясы

2.1 Қызмет көрсету ерекшеліктері

2.2 Компанияда жұмыс істеуші жүйелер

  1. Маркетинг тұжырымдамасы

        3.1 Маркетинг қызметiнiң ұйымдастыру жүйесi

        3.2 Жарнамалық жұмыс

        3.3 Кәсіпорынның бағалық саясаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кiрiспе

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің география факультетінің туризм мамандығының 4 курс бойынша оқу-өндірістік практикасы 23.03.15 – 26.04.15 уақыт аралығында болып өтті.

Мақсаты: Ұйым практикалық тәжирбесін алу және Қазақстан мен қапсарлас елдерде туристік саяхаттау  жүргізу, экскурсиялық қызмет көрсету, туристік ақпарат жинақтап, өңдеу болып табылады.

Міндеттері: Теориялық материалдарды практика жүзінде жетілдіру, экскурсия методикасын үйрену, танымдық экскурсия өткізудің тәсілдерін үйрену. Алматы облысы, Ақмола облыстары және Шеттелдік елдер бойынша туристік-рекреациялық ресуртармен танысу, кәсіби экскурсоводтар тәжірибелерімен танысу, жаңа мәліметтерді алу, туризм инфрақұрылымындағы орналастыру орындарының құрылымен, құрылысымен өндірістік тұрғыда танысу, білім алып, оны жетілдіру. Сонымен қатар, отандық туризмге деген қызығушылықты одан ары арттыру, шетел туризмі мен еліміздің туристік жағдайын салыстыру, анализ жасау, құнды тарихи-мәдени объектілермен танысу, елімізге деген қамқорлықты, экологиялық тазалықтың маңызын, танымдық туризм, жаяу, ат, велотуризм, су туризмін меңгеру жатады.

Практика келесі кезеңдерден тұрады:

  1. Жолға дайындық, маршрут бойынша мәліметтер жинау.
  2. Алматы – Астана – Көкшетау – Бурабай – Астана – Алматы 
  3. Өндірістік практика өтетін мекеме
  4. Есеп дайындау және қорғау.

Практика кезінде студенттер экскурсия бойынша кітапханалардан, интернет көздерінен мәліметтер жинастырды және де маршрут карточкаларын, карта-схемаларды, сонымен қоса фотоматериалдар дайындады.

Өндірістік практика студенттердің кәсіби дайындығының басты кезеңі  болып табылады. Өндірістік іс-әрекет негізінде студент болашақта қажет болатын туризм мамандығына қажетті терең және нақты білім алады, іскерлікке үйренеді.

Туризм дүние жүзі бойынша қоғамда және экономикада ерекше бір мәнге ие. Туризм сөзін естігенде біздің көз алдымызға ең алдымен бір немесе бірнеше адамдардың өзара ұйымдасқан саяхаты, қонақ үйлер елестейді.

Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді бағдарламасында туризмнің дамытылуын, әрбір ауданда туризмге қажетті обьектілерді қорғау, ел экономикасын жақсарту айтылған. Сондықтан туризмді дамытудың негізгі нысаны республика экономикасының дамуына туризм арқылы кіріс кіргізу және халықаралық туризм деңгейіне сай сапалы қызмет жасау болып табылады. Бүгінгі күнде бұл тапсырмаларды туризмнің дамуы мен әр аудандағы туристік-рекреациялық потенциалды пайдалану арқылы шешу керек.

Туризмді дамытудың негізгі мәселелері республикамыздың аудандарында кездеседі. Сол сияқты Алматы облысында, яғни мұнда практикалық тұрғыдан алып қарағанда туристік-рекреациялық қатынастар негізделген. Ал қазіргі уақытта облыс біріншіден, өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуының жоғарғы көрсеткішімен танылады, яғни өнеркәсібімен алда келе жатқан облыс, екіншіден туристік-рекреациялық потенциалы бар. Ол рекреациялық потенциал барлық жағынан зерттеуді, сол салаға қолдануды қажет етеді.

Туризм – экономиканың табысты бағыты ретінде танылған сала. Оның маңыздылығын еске ала отырып Елбасы Н.Ә.Назарбаев туризм саласының дамуына үлкен көңіл бөлуде. 2011 – 2014 жылдары туризмді дамыту бағдарламасы қабылданды. Ол керемет табиғи ресурстарды, тарихи, мәдени мұраларды сақтауға  және тиімді пайдалануға, туристік индустрияны табысты дамытуға бағытталған. Сыртқы және ішкі туризмді дамыту мемлекеттік саясаттың туризм саласындағы маңызды міндеті болып саналады. Ғасырлар қойнауына бойлайтын көне тарих пен бүгінгі индустрия жымдаса жарасып, ескі мен жаңаның қайталанбас көркем оюын кестелейді. Көгілдір суы көбіктенген  көптеген көлдер, өзендер, көне қорғандар, мазарлар, қоныстар бар. Өлкеміз республиканың аса ірі индустриялды аймағы. 

Туристiк салада жұмыс iстейтiн фирмалардың қызметтерiнің ең маңызды бағыты турөнімді алға жылжыту болып табылады, жарнамасы мен іске асырылуы қарастырылады.

Бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құрал жаңартылған технологияларымен дамытылған,  арнайы түрлi туристiк ұсыныстарға  толған жарнамалық даңғылары және турфирманың жетiстiкке жету жолында арнайы мәлiметтерді  болашақ клиентке жеткізу, оның табысты жұмыспен аяқталуына кепілдік береді. Нарықты  саралауды қарап шықсақ, тұтынушыларды қанағаттандыру қарапайым есеп емес. Ең алдымен тұтынушы талғамдарын жақсы білу керек. Ол үшiн маркетинг зерттеулерi өткiзедi. Бұл жұмыс барысында қарастырылады.

Өндірістік практиканы мен ЖШС «NAZ»  фирмасында  23.03 – 26.04.2015 аралығында өттім. Фирманың негізгі қызмет көрсету түрі ішкі туризмді дамыту, сонымен қатар менiң тәжiрибиемнiң мақсаты мамандық бойынша теориялық білімімді және өзiндiк жұмыстан алған білімді бекiту болып табылады.

Қазақстан қалалары бойынша шығу тәжірибесі 26.03.2015 – 04.04.2014 аралығында Алматы-Астана-Бурабай-Көкшетау-Бурабай-Астана-Қарағанды-Алматы бағыты бойынша бекітілген бағдарламаға сай ұйымдастырылды.

Қазақстан қалаларына шығу практикасының міндеті:

  1. студенттерді әр қаланың туристік орындарымен таныстыру;
  2. туризм инфрақұрылымын дамытуға деген студенттің өзіндік көзқарасын қалыптастыру;
  3. шетел, Қазақстандағы практикаларға салыстыру жасау және Қазақстан туризмін дамыту шараларын іздестіру;
  4. теориялық білімді практика жүзінде одан әрі жетілдіру;

Туристтiк салада жұмыс iстейтiн фирмалардың қызметтерiнің ең маңызды бағыты турөнімді алға жылжыту болып табылады, жарнамасы мен іске асырылуы қарастырылады.

Өндірістік практиканың мақсаты: студенттердiң өндiрiстiк практикасы  оқу кезінде  алған теориялық білімдерін жетілдіру мен бекіту, практика өтетін ұйымдар мен мекеме жұмыстарын терең  зерттеу  негізінде аналитикалық және  басқару дағдыларына ие болу мақсатында, жүргізіледі.

Өндірістік практика міндеті:

  1. ұйымдастырушы, басқару жұмыс тәжiрибесін жинау;
  2. кәсіпорын экономикасын, технологиялық өндіріс пен ұйымдастырушылық құрылымын зерттеу;
  3. кәсіпорынның стратегиясын, маркетингтік, қаржылық, жарнамалық іс-әрекетін сипаттайтын материалдарға талдау жасау;
  4. кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын,капитал жұмсауын, сапаны бақылау мен стандартизация тұрғысын, еңбек тиiмдiлiгін және өнiмдiлiгін анықтайтын шараларын талқылау;
  5. жаңа бағдарламалармен, технологиялармен, компьютерлік қызмет көрсетумен танысу;
  6. келісімшарт, шарт ,әріптестердің картотекасын құрастыру, өндірістік кеңес, іскерлік кездесулер, келіссөз өткізу тәжірибесін талқылау;
  7. туристік кәсіпорын мамандарының нұсқаулары мен қызметтік міндетімен, кадрларды орналастыру принциптерімен танысу;

Экономиканың  жаңа секторларын дамыту маңызды болып саналады, себебі бұл жалпы ұлттық табысты көтеруге әсерін тигізеді. Соның ішінде мықты мультипликациялық эффект туризм саласы көрсете алады. Туризмді дамыту, бiр жағынан,  аймақтық экономиканы табиғи-климаттық, объектілер мен нысандар, әр түрлі ресурстар мүмкiндiктерi арқылы жүзеге асыру қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І БӨЛІМ

 

  1. ЖШС «NAZ» фирмасының жалпы сипаттамасы

 

1.1 Фирма туралы  мәлiметтер        

 

NAZ — халықаралық неміс компаниясы, әлемдік логистика нарығындағы және туризм саласындағы көшбасшылардың бірі. 

NAZ – компаниясы мемлекет нарыңғында 2004 жылдан бастап жұмыс атқаруда. Компания мақсаты жоғарғы сапалы қызмет көрсету болып табылады.

  Жыл сайын 1000-нан астам адам компанияның қызметтерін пайдаланады. Компанияның нарықта тәжірибесі бар, барлық қажетті инфрақұрылымдар мен жүйеленген туризмді ұйымдастыру процесіне ие бола отырып «NAZ» компаниясы Сауд Аравиясына белгіленген бағада тәжірібие алмасу бағдарламаларының ауқымды спектрін ұсынады.

Компанияның негізгі қызмет түрі:

  • тәжірібие алмасу сапарларын ұйымдастыру;
  • халықаралық туризм.

 «NAZ»-фирмасының туризм бөлімі көп салалы турагенттік ретінде авиациялық жолаушылар тасымалын сату, әлем бойынша қонақ үйлерді брондау, медициналық сақтандыру салаларында қызметтерін пайдалануды ұсынады. Агенттік көптеген мақтау қағаздарына ие және жыл сайын тұрақты клиенттер саны артып келеді. 

Үздіксіз он жыл бойы Қазақстан нарық жұмысында өз дәрежесін республикалық деңгейде көтеріп, филлиалдарын ашуы жоспарланып отыр. Бастапқы  жылдары турфирма тек құжаттармен, жеңіл дайын экскурсияларды ұйымдастырған. 2008 жылдан бастап фирманың туризм бөлімі  турпакеттерді жасауға рұқсат алып, бірнеше экскурсиялар мен турларды жасады.

Фирманың негiзгi қызмет бағыттары:

  • шетелде де, Қазақстан Республикасы iшiнде де туристтiк қызметтiң

жүзеге асыруы;

  • ұйым және визалы қолдауды қамтамасыз ету;
  • шетелдiк төл құжаттардың рәсiмделуi;
  • жеке және топтық турларды ұйымдастыру;
  • көлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру, соның iшiнде билеттердiң көлiктiң барлық түрлерiне брондалуы;
  • белгілі елде туристтердің тұруын қамтамасыз ету, соның iшiнде мейманханалық нөмiрлердiң брондалуы;
  • экскурсияларды ұйымдастыру, көлік қызметімен қамтасыз ету.

  Қазіргі кезде тур фирманың қызмет ету шеңбері біраз ұлғайған. Ұйым көлікпен қызмет етумен, Қазақстан және шетел бойынша экскурсиялық бағдарламалармен, біздің аумақта туристерді қабылдап және қызмет көрсетумен, семинарларды, корпоративтік шараларды, балаларды сауықтыру және білім беру бағдарламаларын ұйымдастырумен, шығу және VIP-туризммен айналысады.Бірақ бастапқыдай компания қызметінің негізгі және басты бағыты болып қажылық  туризмі саналады.

   Алматы қаласында орналасқан бұл фирма  бүгінгі күні туристтiк нарықта әлі қалыптасуда. Келесідей тенденциялары бар:

  • осы нарықта жұмыс iстейтiн турфирмалардың санының тұрақты өсуi;
  • белгілі бір салаға маманданған және әмбебаптық бағытта жұмыс жасайтын орындарға бөлінуі;
  • ұсынылатын қызметтер санының көбеюі. Мұндай жағдайда қосымша қызметтер сақтандыру, жеке гидтер және аудармашылардың беруi т.б. пайда болды.
  • бағалардың дұрыс және бір қалыпты орнауы;
  • турөнімнің сапасын жақсарту, оны өндіру барысындағы тәжірибені арттыру.

 

 

1.2 Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы

 

Кәсiпорынның ұйымдастырылуы заңға сүйенген формасы – ЖШС «NAZ» фирмасы (Жауапкершілігі шектеулі серіктестік). 

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – деп бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің міндеттемелері және залалдар бойынша өздері қосқан салымдарының құны шеңберінде жауап беретін серіктестікті айтамыз.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің мәні бойынша тұлғалар мен капиталдың бірігуін көрсетеді. Бұл жерде толық және сенім серіктестіктері, сондай-ақ акционерлік қоғам арасында өз орнын алатын коммерциялық нысаны байқалады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің көптеген артықшылықтары бар:

— бұл нысан, бірнеше қатысушы бар бизнес жүргізу барысында жеке тұлғалық және материалды мүдделерді үйлестіруге мүмкіндік береді;

— жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мәртебесін құқықтық реттеу кезінде көптеген диспозитивті нормаларды қолданады, бұл қатысушыларға көптеген шарттарды өздері белгілеуге мүмкіндік береді;

— қоғам алдында есеп беру міндеттілігінің жоқтығы; қатысушыларды тіркеу кезінде 25 % жарғыны төлеп, қалғанын бөлшектеп төлеуге мүмкіндігі бар.

Серіктестіктің құрылтай құжаты болып, құрылтай шарты табылады. құрылтайшылардың қол қойған жарғысы болады. Бұл серіктестік бір ғана тұлғадан құрылады, оның құрылтай құжаты жарғы болып табылады. Серіктестік жарғылық қоры құрылтайшыларының салымдарынан құралып, өз несие берушілердің мүддесін есепке алатын минималды мөлшерін белгілейді. Артықшылықтары: ірі қаржы сомасының тез арада жиналуы, бір тұлғамен де құрылу мүмкіндігі, серіктес мүшелері, серіктестік міндеттемелері үшін шектеулі жауапкершілікке ие.

Туристiк фирма қызметкерлерi жұмыстарының негiзгi бағыттары: клиенттерге мәлiмет беру, клиенттермен жұмыс, билеттердi брондау және рәсiмдеу, турды сату, маркетинг және жарнама, әкiмшілік мiндеттердi орындау. Кәсiпорын басқарудың   ұйымдық құрылымы  3 суретте көрсетілген.

 

 

Сурет 5.  Басқарудың  ұйымдық құрылымы

 

Әр  туристiк фирманың өз маманданған саласы болады, бiрақ көбісі түрлi бағыттарда бірдей жұмыс жасай алмайды. «NAZ» фирмасында  олар төртеу:

—  шетелдiк туризмнiң бөлiмi және VIP — қызмет көрсету

—  Алматы қаласының  туризм және  қызмет көрсету

        —  қабылдау бөлiмi және экскурсиялық қызмет көрсету

  Фирманың барлық қызметi фирма бөлiмдерiнiң табысты жұмысына тәуелдi болады.  Негiзгi бөлiмдерден басқа тағы 2 бөлiмдер жұмыс iстейдi: виза және бухгалтерлiк.

 

 

1.3 Бөлiмдердiң функциясы және штаттық кестесі

 

Фирмада қажылық  туризмін дамыту мақсатындағы шаралар: діни бағытта білім беру, ифтикаф,  танымдық экскурсиялар.

Бөлiмнiң жұмыс технологиясы келесi кезеңдерден тұрады. «NAZ» көп салалы турагенттік ретінде авиациялық жолаушылар тасымалын сату, әлем бойынша қонақ үйлерді брондау, медициналық сақтандыру салаларында қызметтерін пайдалануды ұсынады.
        Қазақстанның барлық авиакомпанияларына авиабилеттерді брондау мен сату:
        — Эйр Астана; 

  — Скат;

  — Семей-авиа;

  — Джезказган авиа;

Ресейдің барлық авиакомпанияларына авиабилеттерді брондау мен сату:
        — Трансаэро;

— Аэрофлот;

— Россия;

— Сибирь авиа; 

— ресейлік басқа әуе жолдары;

— таяу шетел авиакомпаниялары;

— Georgian Airways;

— Узбекистон хаво йуллари; 

— Донбассаэро;

— Алыс шетел авиакомпаниялары;

— Kam Air;

— KLM;

— Lufthansa; 

— British airways; 

— Turkish airlines; 

— Asiana airlines;

— Star alliance;

        «NAZ» 25 авиакомпанияның авиабилеттерін сатуды жүзеге асырады: 
        — KLM;

— Turkish Airlines; 

— BMI;

— Lufthansa; 

— Transaero; 

— Aeroflot;

— Air Astana; 

— Air Arabia; 

— Скат;

— басқа авиакомпаниялар;

        Барлық авиакомпанияларға авиациялық билеттерді брондау мен рәсімдеу:
        — Қазақстандық;

— Ресейлік;

— Халықаралық; 

— Офистарға билеттерді тегін жеткізу;

— Визалық қолдау;

— Сақтандыру;

— VIP – қызметтер;

— Алматыда қонақ үй-аэропорт-қонақ үй трансферын ұсыну;

Авиакомпаниялардың өз рейстарына арнайы және жеңілдігі бар тарифтері болса, операторлар брондау кезінде клиенттеріне бағалары әдеттегіден төмен арнайы тарифтерді ұсынады:

  — жастарға және балаларға;

  — егде жастағы адамдарға;

  — топтық;

— халықаралық туризм (лицензия ТО- 481 от11.07.2007. сертификат соответствия КСYN 0012195 от 11.07.2007);

— клиенттерге ыңғайлы төлем: ақшалай, кредиттік карталар;

— әуежайда  VIP қызмет көрсету;

Алматы және Қазақстанның басқа қалаларында отелдерді брондау «NAZ» фирмасы тарихи орындарын жақсы білетін кәсіби жолбасшылар қызметін ұсынады. «NAZ» командасы — бұл туризм саласында және әуе, теміржол билеттерін сату саласында көпжылдық тәжірибелері бар, IATA халықаралық диплом иегерлері, үнемі кәсіби деңгейлерн арттырып отыратын мамандар. Компания жұмысының басты принципі — клиентпен жұмыс кезінде жоғары дәрежеде қызмет көрсету. «NAZ» өз клиенттері мен серіктестері алдында алған жауапкершілігін әрқашан орындайды. Бұл компания жетістігінің кепілі. Компания өз жұмысын әрқашан жетілдіріп отырады, ұсынылатын қызметтер спектрін кеңейтіп, сапасын жақсартады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Фирманың жұмыс технологиясы

 

2.1 Қызмет көрсету ерекшеліктері

 

Шетелдік туризмнің және VIP — бөлімінің жұмысының технологиясының кезеңдерінің бірі – виза. Егер тур визалы елге iске асса, былайша визалы бөлiм өз алдына жұмыс iстей алады.  Клиент саяхатқа бару барысында  фирманың қызметтерiн пайдаланса, онда осы  жағдайларға орай құжаттар пакеті жиналады және тiркелген  орынына жолданады.  Фирма  консул шығу мүмкiндiгін қарайды және оң немесе терiс жауап бередi. Сонымен қатар виза басқа елге шығатын негізгі құжат болып табылғанымен, шет елге шығу міндетті түрде емес. Виза тек қана турист құжатының мемлекеттік консулдық мекемеде тіркелетіндігін білдіреді. Виза төлқұжаттағы арнайы құжат, ол шет елге шығуға немесе сол елдің территориясы арқылы өтуге мүмкіндік береді.

Визалық бөлім. Шетелдiк туризм бойынша бөлiмнiң бөлiмшесi болып табылады, егер тур визалы елге iске асса, былайша визалы бөлiм өз алдына жұмыс iстей алады,  Егер клиент саяхатқа жолданады осы фирманың қызметтерiмен пайдаланбаса,  немесе ол шақырумен жүредi. Екi жағдайларға құжаттар пакет жиналады және тiркелген (бұрыштамалар пiсiп жететiн елдерi елшiлiк қайда барып тұр қала қайда барып тұр) қалаларда жолданады,  бұл жауап фирманы турға жөнелтедi, консул шығу мүмкiндiгін қарайды және оң немесе терiс жауап бередi.

Бұрыштамалар екi түрлерде болады: бекiтiлген және бекiтілмеген. Егер бекiтілмелген бұрыштамалар пiсiп жетсе, егер бекiтiлген бұрыштамалар пiсiп жетсе, онда (ай ) коридормен анықталады, осы елдi қай уақытта  адам iшiнде кiрiп-шыға алады, онда елдегi нақты сан бейнеленген болулары керек, мерзiмдердi бекiтедi. Пiсiп жететiн бұрыштамалары өзi елмен бекiтiледi. Бұрыштаманың елiнiң баруының мақсаттарына байланысты болады: (шақыру бойынша) қонақ, туристтiк және (жарыстарға, фестиваль және тағы басқалар, көрме) кәсiпкерлiк-бұрыштама

Сақтандыру. Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңының 4-тарау, 27-ші бабында көрсетілген .

Туристiк қызметтi жүзеге асыру кезiндегi сақтандыру :

  1. Халықаралық шарттарда, уақытша болатын елдiң (жердiң) заңдарында көзделген реттерде, туроператор немесе турагент, турист өмiрi мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлiктi табыс еткен жағдайда шетелге шығу көзделетiн туристiк жолдаманы сатады.
  2. Сақтандыру шартында туристке медициналық көмек көрсету ақысы және сақтандыру жағдайы тiкелей уақытша болатын елде (жерде) туындаған кезде олардың шығынының орнын толтыру көзделуге тиiс.
  3. Қазақстан Республикасының Yкiметi Қазақстан Республикасының аумағына келетiн туристерге өмiрi мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлiгi болуы жөнiнде талап белгiлеуге құқылы.
  4. Туроператор мен турагент туристiк қызмет көрсетуге жасалған шарттардан туындайтын азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруға мiндеттi.

Бухгалтерлiк бөлiм. Фирмада үш бөлiмдердiң функциясын бірден орындайды: қаржы, экономикалық, бухгалтерлiк. Барлық кассалық операцияларды жасайды, есеп беру құжаттарын толтырылады, кiрiс пен шығыс есебін есептейді. Дәл осылай еңбек және еңбекақының есепке алуын қарастырады, салықтардың түрлерiн анықтап, олар салық салынатын базасының төлемдерін,  салықты есептеудi орындайды[2].

Жоғарғы басқару. Жоғарғы басқару бас директорлардан тұрады. Оның мiндетiнде кiредi:

  • фирманың туристтiк қызметiмен басшылық ету;
  • ҚР нормативтiк, экономикалық заңдарын дұрыс орындауын тексеру;
  • қызметтер мен бағыттардың жаңа түрлерiн қарастыру;
  • еңбек тәртiбi және фирманың жұмыс тәртiбiнiң орындалуы;
  • фирманың қызметiне бақылау;
  • халықаралық және iшкi туризмнiң дамытуын қарастыру.

Фирма мекемесінде барлығы автоматтандырылған. Бұл қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді және оның тез, арзан орындалуын қамтамасыз етеді. Бүгінгі заман талабына сай жаңартылған компьютерлер, факс, телефон, сканер, принтерлер орнатылган.

Көлiк желiсі. Агенттiк Алматы қаласында орналасады. Көпшiлiк пайданалатын көлiктің барлық түрлерiмен  және машинамен де кез-келген нүктеден турагенттікке жету мүмкіндігі бар. Қасында ыңғайлы автомобилдiк тұрақ орналасқан.

Тұтынушылармен жұмыс жасау. Фирма және клиент туристтiк қызмет көрсету туралы келiсiм шарттарын туристтiк жолдаманы рәсiмдей отырып нақ сол өзара тұжырымдайды. Авиа тасымалдауларды бронь жасау бойынша мiндеттемені, мейманханалық, көлiк және экскурсиялық қызметтер және тиiстi тасымал құжаттармен қатар клиент тур тапсырыс берген броньді жасау және тапсырыс берiлген туристтiк қызметтердiң төлеу растайтын құжаттардың рәсiмдеуi бойынша міндеттерді фирма өзiне алады. Ал жалпы, туристерге қызмет көрсету сұлбасын сурет 4 көрсетілген. Онда ең алдымен, турды тұтынушы сауалнама  бергеннен кейін, клиент анкетасы толтырылып, құжаттар жинастырылады. Турды толық тұтынғаға дейін, алдын –ала 30 пайыз мөлшерде төлем алынады, содан кейін ғана барып, виза рәсімдеу жұмыстары (егер баратын мемлекетке виза рәсімдеу керек болған жағдайда ғана) басталады. Виза рәсімделіп болғаннан кейін, турдың толық құны төленіп, турды тұтынушы, яғни турист сапарға аттануға дайындалады [3].

 

сауалнама

Анкета

 

құжаттар жинастыру

 

30% өлшемдегi алдын ала төлем

 

Виза әзірлеу (егер ол мемлекетке виза керек болса)

 

 

Сурет 6.  Туристерге қызмет көрсету схемасы

 

Қажетті құжаттар:

  • паспорт (жарамдылық мерзімі кем дегенде 6 ай болу керек);
  • фото 4х6 (4дана) фоны ақ, әйелдер орамалмен;
  • менинигитке қарсы егілген вакцина сертификаты;
  • 45 жасқа толмаған жұбайлар баратын жағдайда неке қию туралы куәлік.

Клиент, өз жағынан, туристтiк жолдаманың толық құнының төлеуi бойынша турдың бас тартуына болуы мүмкiн айыппұлдарды қоса мiндеттеме өзiне алады. Компания тұтынушыға келісім шартта және жолдамада көрcетiлген өз типтi программалары және жеке мәлiмдемелерiне сәйкес туристтiк қызметтердi көрсетеді. Автобуспен экскурсия турлары ең әйгiлi және өте арзан болып табылады, бiр сапарға өйткенi бiрнеше елдермен бiрден таныстыруға болады [4].

 

2.2 Компанияда жұмыс істеуші жүйелер

 

Амадеус авиабилеттерді, қонақ үйлерді, автокөлікті, теміржол билеттерін, паромдарды, круиздерді және т.б. брондайтын жүйе. Дүние жүзіндегі алғашқы төрттік жүйе құрамына кіреді. Кейбір көрсеткіштері бойынша әлемде бірінші орынды алады, мысалы: Амадеус жүйесін қолданатын турагенттердің саны мен терминалдар бойынша Европа,Африка, Оңтүстік Америка нарықтарында бірінші орынға ие. Қазіргі таңда Амадеус жүйесі 490 авиакомпаниялармен жұмыс жасайды, яғни билеттерді брондауға мүмкіндік береді.Соның ішінде Ресей компаниялары: «Аэрофлот», «ГТК», «Россия», «Самарские авиалинии», «Уральские авиалинии», «Красноярские авиалинии», Авиакомпания «Сибирь», Авиакомпания «Центр Авиа», «Кавминводыавия», «Долодедовские авиалинии», «Владивосток Авиа». Сонымен қатар, дүние жүзіндегі 750 авиакомпаниалардың күнтізбесінің мәліметтерін береді. Амадеус-өзінің клиенттеріне әлем бойынша авто көлікті (75мың турагент) 25300-ден астам кеңсемен, 50-ден астам компаниялармен байланыстырады. Амадеус қонақ үйлердегі номерлерді ұсынады, олардың бағасын көрсетеді, яғни ең төменінен қымбатына дейін және олар туралы толық мәлімет береді. Сонымен қатар, бронға толық кепілдік беріледі, бағасы өзгертілмейді.61560 қонақ үймен жұмыс істейді.Солардың ішіндегі негізгі қонақ үйлер, «Марриотт», «Вестерн хотелз», «Шератон» және т.б. жекеменшік қонақ үйлер. Кейбір нарықта темір жол, паромдар,круиз билеттерін (17 компания ) брондау жұмыстары ұсынылады.

Амадеус жүйесімен жұмыс істейтін турагентке келген турист толық пакет қызметін алады. Онда, авиабилет, қонақ үй , жалға берілетін автокөлік, және сақтандыру анықтамасы ұсынылады.

Әлемдегі авиакомпанияларды, қонақ үйлерді, сақтандыпу компанияларын, туристік агенттіктерді бұл Амадеус жүйесі өзінің дамуымен қызықтырады. Сонымен қатар, өнімнің дамуымен және туристік агенттердің жұмысының оңайлығымен қызықтырады. Олар : отчет жүйесі, бланктердің және билеттердің автоматты түрде басылып шығуы және т.б.

Амадеус авиабилеттерді, қонақ үйлерді, автокөлікті, теміржол билеттерін және т.б. брондайтын жүйе.  Дүние жүзіндегі алғашқы төрттік жүйе құрамына кіреді. Амадеус жүйесімен жұмыс істейтін турагентке келген турист толық пакет қызметін алады. Онда, авиабилет, қонақ үй , жалға берілетін автокөлік, және сақтандыру  анықтамасы ұсынылады .

Әлемдегі авиакомпанияларды, қонақ үйлерді, сақтандыру компанияларын, туристік агенттіктерді бұл Амадеус жүйесі өзінің дамуымен қызықтырады. Сонымен қатар, өнімнің дамуымен және туристік агенттердің  жұмысының  оңайлығымен қызықтырады. Олар : есеп жүйесі, бланктердің және билеттердің автоматты түрде басылып шығуы және т.б. Интернет жүйесі және телекоммуникация арқылы брондау арзан. Арзан болудың себебі, шағын агенттер мен ірі компаниялар өз жұмыстарын дамыту үшін жасалынған. 

Аmadeus:

  1. қызықты орындардың тарифін және бос орындарының кестесін көру үшін, сондай-ақ брондау үшін, онлайн режимінде көру мүмкіндігінің болуы;
  2. стандартты темір жол билеттері;
  3. саяхат санына шектеусіз жол жүру билеттері (авиаброндаулар);
  4. қонақ үйлердегі брондау.

 

 

 

3  Маркетинг тұжырымдамасы

 

3.1 Маркетинг қызметiнiң ұйымдастыру жүйесi

 

Халықаралық Қоғамдық Туризм Академиясы және Алматы қаласы туризм Департаменті «ҚР-ның халықаралық туризм саласында 2009-жылы үздік компания» дипломы  берілген.

 Фирма дипломын сурет 5 көруге болады.

 

Сурет 7.  ЖШС «NAZ» фирмасының дипломы

 

Фирманың барлық маркетинг жұмысын ол өзi жүзеге асыратынын бұл жерде атап өту керек. Кәсiпорындағы маркетинг зерттеуiн талдаймыз.

Нарықты  саралауды қарап шықсақ, тұтынушыларды қанағаттандыру — қарапайым есеп емес. Ең алдымен тұтынушы талғамдарын жақсы білу керек, яғни сұрақтарға жауап беру: қандай бағада, қандай мақсатпен, қажеттіліктері қандай, қайда сатып алады. Ол үшiн маркетинг зерттеулерi өткiзедi. Және де, өнiмнiң барлық сатып алушыларын талқылау мүмкін емес. Сол үшін негізгі клиенттер аясын табу қажет. Парето заңы бойынша 20% тұтынушылар сәйкесінше 80% сату көлемін  қамтамасыз ететiні белгiлi [5].

Тұтынушылардың сегменттеуi белгiлердiң қатары бойынша өткiзедi. Мысалы: әлеуметтiк-экономикалық факторлар бойынша (жынысы, бiлiм деңгейі, табыстар деңгейi, отбасылық жағдайы, жасы), географиялық белгiлер бойынша, мәдениеттi-тарихи белгiлері бойынша.

Бұдан басқа тұтынушылардың мiнез-құлығының психологиялық факторлары есепке алу керек: сатып алушылар, сатып алушы тауарлары, Жаңа бір өнімді жақсы көретiн сатып алушыларда  бар болады.

Тауарға көңiлi аудару және ол сатып алуға дайын болатын тұтынушылардың мақсаттық қажеттілігін анықтау маңызды. Дұрыс жасалынбаған зерттеулер фирманы тек шығынға ұшырата қоймай, бизнесті толық жабуға әкеледі. Сондықтанда нарықты бағылау, тауарды, клиенттерді дұрыс таңдай білу табысты жұмыспен аяқталуына кепілдік береді [6].

 

3.2 Жарнамалық жұмыс

 

Жарнама — тұтынушыларға түрлі әдістер  арқылы  белгілі бір тауардың атын шығару үшін қандай бір  мақсатпен оны таратуы.

Телеарна жарнамалық агенттігі «NAZ»  фирмасына белсенді жарнамалық жұмысты жүргізеді. Олар сыртқы жарнама жасаумен айналысады. Тағы бір жаксы жарнаманың рөлін визиткалар алады. 

Сатуларды қолдау жарнама ретiнде турөнімнің  алға басуында маңыздырақ орынды алады. Жарнамамен және өткiзудi ынталандырудың аралығында негiзгi айырмашылықтар әдістерінде және олардың өнiмге немесе қызметтерге қосатын құндылықтарын болып табылады.  Жарнама осы уақытта имиджін жасауымен шұғылданады  және оған белгілі бір уақыт керек болса, қолдау сатуларды  ынталандырумен шұғылданады[7].

Сатуларды қолдау — бұл сатып алу үшiн қосымша ұсыныстар. Оның бас артықшылығы алуантүрлiгі және әдiстердiң иiлгiштiгiнде болады. Алға басулар Алматы   турфирмаларында жиiрек әр түрлi жеңiлдiктер түрінде  қолданылады.  «NAZ»  жеңiлдiктердiң келесi жүйесiн ұсынады:

  • мерекелерге жеңiлдiктер;
  • отбасылық жеңiлдiктер;
  • топтық;
  • жастарға;
  • арнайы (жеңiлдiк купонмен беріледі немесе жаңа клиенттiң фирмаларына алып келген клиенттер үшiнi).

Берiлетiн жеңiлдiктер туралыда ақпаратты  жарнама арқылы таратады. Сонымен  қатар көрмелерге қатысу мүмкіндіктері ашылып отыр. Сол себепті нарық жағдайында өз орнын көтеру басты мақсаттарының бірі болып отыр. Мына жарнамалық бұрышта «NAZ» компаниясының 2013 жылғы шақыру бағдарламасы көрсетілген. Жарнамалық бұрышын сурет 6 көруге болады.

 

3.3 Кәсiпорынның бағалық саясаты

 

Баға — тауардың сату бiрлiгiн сәйкес бiлдiретiн экономикалық ұғым. Барлық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың өз тауарларында және қызметтiң бағалаудың есебi тұрады. Әйтсе де, бағаны iске асыруда маңызды қызметті құрайтын маркетинг құралдарының бiрi болып табылады. Бағаларды анықтау турфирма турларына әсер еткен фаторларына сүйенеді.

Баға стратегиясын өңдеуде  есепке алатынең маңызды факторлардың санына жатады:

  • сұраныс және ұсыныс байланыс;
  • бәсекелес бағалардың деңгейі және динамикасы;
  • мемлекеттiк реттеу;
  • тұтынушылар.

Әрқашан тұтынушы және қызметкерлердің бағаларын салыстыру қажет, яғни клиент қалайтын бағамен нақты орнаған бағамен ұштасқан жөн. 

Тұтынушылардан тиiстi мәлiметтi алу көздері болып табылады: тұтынушылармен сұхбат, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық және әлеуметтік  зерттеулер [8-9].

Қажеттiлiк жағдайда қызмет көрсету орны арнайы  талдау үрдісін дайындау қажет, қолданылатын  статистикалық әдiстердi,  деректер жиыны және қажеттi технологиялық үдерiстi қамтамасыз ететiн әдістермен  қамтуы керек, сұранысты болжау, қызмет сапасын тұтынушылардың талғамына сәйкес және қызмет көрсету жағдайлары бойынша тұтынушының талаптары, әлеуметтік  зерттеу нәтижелерін  өңдеу мәліметтері болу қажет. «NAZ» фирманың ұстанатын бағасын қосымша А көруге болады. Онда туристік фирманың Түркияға жолдама құны берілген. Баға құнының маусым жандану кезінде күрт өсетінін байқауымызға болады. Бұл туристердің осы уақытта сұранысның артуымен түсіндіруге болады.