АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Отчет по практике «Орталықтандырылған автотасымалдау базасы» ЖШС

ЖОСПАР

 

Іс-тәжірибе объектісі «Орталықтандырылған автотасымалдау базасы» ЖШС

 

Есеп беру

 

І Кіріспе

  1. «Орталықтандырылған автотасымалдау базасы» ЖШС тарихымен танысу.
  2. Кәсіпорын бөлімдерімен танысу.

ІІ. Жалпы бөлім

2.1. Шаруашылық субъектісінің меншікті капиталының есебін талдау.

2.2. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебін талдау.

2.3. Тауарлы – материалдық қорлар есебін талдау.

2.4. Ақша қаражаттарының есебін талдау.

2.5. Дебиторлық қарыздарды есебін талдау.

2.6. Міндеттемелер есебін талдау.

2.7. Еңбек және еңбекақы есебін талдау.

2.8. Шығындар мен табыстардың есебін талдау.

2.9. Қаржылық есеп беру.

 

Қорытынды.        

«Орталықтандырылған автотасымалдау базасы» ЖШС тарихымен шаруашылық қызметімен танысу.

 «Тау-кен компаниясы» ЖШС филиалы «Орталықтандырылған автотасымалдау базасы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен «Тау-кен компаниясы» ЖШС  құрылтай құжаттарына сәйкес әзірленген және филиал «Орталықтандырылған автотасымалдау базасы» ұйымдастырумен оның құқықтық негіздерін белгілейді. Бұл компания шаруашылығы ХҚЕС көрсетілген барлық заңдармен ережелермен қызмет етеді, және халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес өзінің есеп беруін осыған сәйкес жүргізеді.

Филиалдың есебін жүргізу Қазақстан Республикасы президентінің 1995 жылы 26 желтоқсандағы «Бухгалтерлік есеп жүргізу туралы» заң күші бар жарлығына, бухгалтерлік есеп стандартымен компания бекіткен есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады. Филиалдың есебі бағдарламалық қамсыздандыру негізінде автоматтандырылған «Галактиканың» 8-версиясымен жүзеге асырылады. Филиал «Орталықтандырылған автотасымалдау базасы» серіктестікке қатысушысының 2004 жылғы 26 тамыздағы №1 шешіміне сәйкес құрылған.

Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандартында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылықпен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына, олардың міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкердің біліктілігіне қарап анықталған.

«Орталықтандырылған автотасымалдау базасы» ЖШС бухгалтерлік есепті экономикалық талдау.

«Орталықтандырылған автотасымалдау базасы» ЖШС бухгалтериясының құрылымы төмендегі №1 кестеде көрсетілгені бойынша бас бухгалтер кәсіпорын бухгалтериясын басқарады. Ол бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастыруын, материалдық, қаржылық ресурстарды тиімді пайдаланылуын бақылайды. Еңбекақы есептеу бөлімі жұмысшыларының қызметкерлердің еңбекке жұмсаған уақытын, еңбекақы қорын пайдалануды бақылайды, бюджетпен есеп айырысуын және т.б. еңбекақыға байланысты мәліметтерді қарастырады. Материалды бөлім материалдық қорлар мен келіп түсуін шығарылуын анықтайды. Бұл бөлімде негізгі құралдардың есебі жүргізіледі. Касса бөлімінде ақша қаражаттарының келіп түсуі, сақталуы, шығыс етілуі туралы операциялар жүргізіледі. Ол кіріс касса ордері, шығыс касса ордері негізінде толтырылады.

«Орталықтандырылған автотасымалдау базасы» ЖШС  бухгалтериясы барлық құрылымдық бөлімдермен тығыз байланысты, себебі құрылымдық бөлімдегі құжаттарды бухгалтерия толтырып бақылайды.

Меншікті капитал есебін талдау

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

Кәсіпорын мүліктерінің (капиттының) құралу көздері

Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:    

  • жарғылық капитал;
  • резервтік капитал;  
  • бөлінбеген пайда.

Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.

 

Қосымша төленген капитал — қоғамның өзінің акцияларын олардың атаулы (номиналдық) құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.

Қосымша төленбеген капитал — кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың қорының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.

Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал — келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік (сақтық, сақтаулы) капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның (қоғамның) жарғысында қаралады (көрсетіледі).

Бөлінбеген пайда (табыс) – кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.

 

 

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебін талдау.

Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатыи, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. «Негізгі құралдарға» — қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуші аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

Барлық «негізгі құралдар» өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететіи, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларьша және істейтін қызметтеріиің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашьшығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.

Негізгі қорлардың шоттар корреспонденциясы:

  1. Жабдықтаушылардан негізгі құралдар келіп түсті

Дт-2410                 Кт-3310               54932271тн

  1. негізгі құралдар аяқталмаған өндіріске жіберілді

Дт-2930                 Кт-2410               13238938тн

 

 

Қосымшалар

 

 

Тауарлы – материалдық қорлар есебін талдау.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.

Олардың өндіріс құралдарынан өзге еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өңдірілетін өнімге ауыстырады. ІІІығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.

Материалдардың бухгалтериядағы талдамалық есебі сандық және ақшалай өлшемде жүргізіледі. Мұндай есепті ұйымдастырудың көп қиындығына байланысты бухгалтерияда талдамалы есепті ұйымдастыру жұмысы үздіксіз жетілдіріліп келеді. Есеп жұмысына есеп тіркелімдерінің өте ұтымды жаңа түрлері енгізіліп, есеп жұмысының тәртібі жақсартылып, есеп машиналары пайдаланылып, есеп беру жұмысы қысқартылып, жеңілдетудің басқа да түрлері қолданылуда. Соңғы кезгі уақыттарға дейін ұйымдардың бухгалтерияларында материалдардың талдамалық сорттық, сандық, бағалық есебін карточкаларда жүргізіп келді. Жалпы бухгалтерияда материалдардың әр номенклатуралық нөміріне бөлек карточка ашылады. Материалдардың кіріс етілуіне, босатылуына жасалған әр құжат деректері тиісті карточкаға жазылуы керек. Ай біткеннен кейін немесе ай соңында әр карточка бойынша материалдардың кіріске алынуы мен шығыс етілуінің қорытындысы шығарыльш, олар материалдардың айналым тізімдемесіне жазылады. Сөйтіп, бухгалтериядағы карточкаларда қоймадағы карточкаларда жазылған деректер қайталанады.

ТМҚ шоттар корреспонденциясы:

  1. Өндіріске шикізатпен материалдар жіберілді.

Дт-8010                 Кт-1310               1,021444тн

  1. Келіп түскен тауарлар есеп айырысу шотынан төленді

Дт-1330                 Кт-1040               139761,39тн

 

Қосымшалар

 

Ақша қаражаттарының есебін талдау.

Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:

  • ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;
  • кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
  • есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.

Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Бәсеке қабілеттілігі – кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы уақыттарда дамуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен оның баламаларын (эквивалентін) дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс (нақты) бағалау үшін қажет.

Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарьшдағы ақшаларынан, аккредитивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.

Шоттар кореспонциясы:

  1. Есеп айырысу шотынан нақты ақша кассаға келіп түсті

Дт-1010                 Кт-1040               100200тн

  1. Есеп айрысу шотынан жабдықтаушылардың кредиторлық қарыздары өтелді.

Дт-3310                 Кт-1040               80546тн  

 

 

Қосымшалар

 

Дебиторлық қарыздарды есебін талдау.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары — Дебиторлық борыштар (Алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бәлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептеледі.

Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді.

Алынуға тиісті шоттар бойынша борыштар (дебиторлық борыштар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ «дебиторлық борыш» дегеніміз, бұл — иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік

Шоттар корреспонденциясы:

  1. Бұрын төленген аванс сомасы есебінен қоюшы мердігерлерге қарыз сомасы өтелді.

Дт-3310                 Кт-1610               51235тн

  1. Мердігерлерге олардың алдағы уақытта атқаратын жұмыстары мен көрсететін қызметтері үшін аударған аванс сомасы

Дт-2910                 Кт-1050                69800тн

 

 

Қосымшалар

 

Еңбек және еңбекақы есебін талдау.

Шаруашылық үдерістері (процсстері) жабдықтау, өндіру және сату деп алдыңғы тарауларда айтып еткен болсақ, осы өнім өндіру үшін қажеттілер еңбек заттары, еңбек құралдары, сондай-ақ жұмысшы күші екендігі белгілі. Тауарлық-материалдық қорлардың есебін қарастырғанда еңбек заттарының, негізгі құралдардың есебін қарастырғанда еңбек құралдарының есебі қалай жүргізілетіндігіне тоқталып өткен болатынбыз. Ал кез келген кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс бағалап, олардың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселелерінің бірі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып табылады.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ бұл құжатгағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифрларының дұрыс қойылуы тексеріледі. Тексеріліп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы есептеледі.

Шоттар корреспонденциясы:

  1. Еңбекақыдан есептелген әлеуметтік салық сомасы

Дт-7440                 Кт-3150               1031тн

  1. Кассадан қызметкерлердің жалақысы төленді:

Дт-1251                 Кт-1010               20535тн  

Қосымшалар
Табыстар мен шығындар есебі және талдауы

Табыстар мен шығындар жөніндегі есеп саясатының мазмұнында негізгі қызметте және негізгі қызметке жатпайтын табыстар мұқият шектеліп көрсетілуі керек. Негізгі қызметтен түскен табыстар төмендегілерді сатудан түседі:

1) Тауарлы-материалды босалқылар:

— дайын өнімдер;

— тауарлар;

— материалдар;

— аяқталмаған өндіріс.

2) Орындалған жұмыстар:

— құрылыс-монтаж;

— зерттеу-жобалау;

— геологиялық барлау;

— ғылыми-зерттеу;

— басқалар.

3) Қызмет көрсету:

— тасымалдау (жүктерді жеткізу, жолаушыларды тасымалдау ж.б.);

— байланыс;

— коммуналды және энергетикалық;

— күзет және қоймалау;

— жалдағы активтер бойынша (негізгі құралдарды уақытша пайдалану мен иелік ету, интеллектуалды меншік құқылығын көрсету);

— делдалдық;

— басқалар.

Негізгі қызметке жатпайтын табыстар мыналар:

1) Ұзақ мерзімді (айналыс сыртындағы) активтерді сату:

— материалды емес активтер;

— негізгі құралдар;

— инвестициялар;

— ұзақ мерзімді берешектердің қарызын.

2) Дивиденттер:

— акциялар, облигациялар, басқа да құнды қағаздар бойынша;

— басқа да ұйымдардың жарғылық капиталға үлес қосуынан;

— бірлескен қызмет нәтижесінен;

3) Пайыздық түрдегі табыстар:

— берілген қарыздар мен зайыдардан;

— сатылған қарыздардан; басқалардан.

4) Басқада табыстар:

шетелдік валюта айырбастау операциялары бойынша жағымды курстық айырым;

— шаруашылық келісім-шарт талаптарының бұзылғаны үшін басқалардың төленген айып-пұлы, өсімдер, тұрақсыздықтары;

— қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар құнының ағымдағы өзгерістеріне сай;

— заңды және жеке тұлғалардан ақысыз алынған активтер;

— заңды және жеке тұлғалардың осы ұйымға шектірген зиянын төлеуден; есепті жылы анықталған өткен жылдың табысы;

— басқалардан.

5) Төтенше жағдайлардан түскен табыстар (апат, табиғат құбылысы, өрт, сақтандыру, материалды құндылықтарды жоюдан түскен жарамды материалдар құнынан т.б. себептерге сай түскен табыстар).

Есеп саясаты жөніндегі құжатқа түскен табыстар ағынын көрсететін құжаттарды, сондай-ақ түсетін табысты қамтамасыз етуге жауапты адамдардың (мамандар) жауапкершілік міндеттері қысқаша жазылуы керек.

 

 

 

 

Қосымшалар

Қорытынды

 

  Қорыта келгенде, «Тау-кен компаниясы» ЖШС филиалы «Орталықтандырылған автотасымалдау базасы»  халыққа қажетті қызметтің барлық түрлерін көрсетуде. «Тау-кен компаниясы» ЖШС филиалы «Орталықтандырылған автотасымалдау базасы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен «Тау-кен компаниясы» ЖШС  құрылтай құжаттарына сәйкес әзірленген және филиал «Орталықтандырылған автотасымалдау базасы» ұйымдастырумен оның құқықтық негіздерін белгілейді. Бұл компания шаруашылығы ХҚЕС көрсетілген барлық заңдармен ережелермен қызмет етеді, және халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес өзінің есеп беруін осыған сәйкес жүргізеді.

«Орталықтандырылған автотасымалдау базасы»  халықты жұмыспен қамтып, түрлі қолайлы қызметтер көрсетуде.

          «Орталықтандырылған автотасымалдау базасы» осындай қызметтерді көрсете отырып Қазақстандағы алдыңғы қатарлы компанияларының қатарына кіреді. Компанияның жылдық табысының жоғарылығы, жұмысшыларды уақытылы еңбек ақымен қамтамасыз етуі және басқа да қолайлы қызметтері арқылы тұрақты әрі сенімді кәсіпорын екенін дәлелдейді.

          Мен бұл компанияда өндірістік іс-тәжірибеде жүргенімде көптеген құжаттармен таныстым.Зауыттың есеп және есеп беру бөлімі материалдық бөлім, өндірістік бөлім, есеп айырысу бөлімі, фьючерлік бөлім, кадрлар бөлімі сияқты бөлімдерден тұрады. Мен осы бөлімдердің әр қайсысының жұмысымен, құжаттарымен таныстым.Атап айтатын болсам, материалдық бөлімде үш күн жүрдім. Бұл бөлім кәсіпорынның барлық материалды және материалды емес активтерін есепке алып, оларды түгендеу және негізгі қорлардың есебін жүргізеді. Бұл бөлімнің есепшісі подотчёт, яғни  отчёт арқылы өздерінің кәсіпорын мүдделеріне алған ақшаларын жабатын қызметкерлердің есебін жүргізеді. Сондай-ақ, бұл бөлімде басқа да көптеген журнал-ордерлер толтырылады. Мысалы, ЖО №6, ЖО №4.

          Есеп айырысу бөлімінде іс-тәжірибе барысында бес күн жүрдім. Есеп-айырысу бөлімі негізінен қызметкерлердің еңбек ақысын есептеумен айналысады. Сондай-ақ айлықты есептеу барысында барлық мемлекеттік органдарға тиісті есептеулерді тапсырып, мемлекеттік салық сомасын есептеп, төлеуге дейін барлық құжаттарды толтыратын бөлім болып табылады.

     Кадрлар бөлімінде бір күн жүрдім.Бұл бөлімнің маманы жұмысқа қабылданған қызметкерлердің арыздарын, жеке куәлік немесе паспорт, СТТН-ін, ӘЖК-ін, зейнетақы қорымен жасалған келісім-шарттарын жинайды. Осы құжаттардың негізінде бұл қызметкерге жұмысқа қабылдау жөнінде бұйрықты шығарады.

Кассалық бөлімде екі күн болдым.Бұл бөлімде ақшалай операциялардың қозғалысы сипатталады.

Кассир ақша қаражаттарының кассаға келуін, кассадан шығуын бақылап отырады. Бұл бөлім кіріс кассалық ордері, шығыс кассалық ордер және т.б. құжаттармен жұмыс істейді.

      Кәсіпорынның осындай бөлімдерімен танысып іс-тәжірибе барысында қажетті ақпараттарды, құжаттарды жинадым.

     Бұл кәсіпорын халықтың толық сенімділігіне ие болған және болашақ перспективасы мен нарықтағы орны нығайған Қазақстандағы бірден-бір компания.