АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Отчет по практике ҰК «ҚТЖ» АҚ-НЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

КІРІСПЕ

 

Кәсіпорында шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, дайын өнім, жылу, энергия, отын, т.б. ресурстарды тасымалдау, пішу, түсіру, жылжыту жұмыстары мен көлік шаруашылығы айналысады.

Ұйымдастыру деңгейі кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштеріне тікелей әсерін тигізеді. Сонымен қатар кәсіпорынның материалдық құндылықтарының тасымалдануына, сақталуына, сапа көрсеткіштеріне, өндірістік циклдың ұзақтығына, аяқталмаған өндірістегі айналым қаражаттарының мөлшеріне әсерін тигізеді.

Кәсіпорын көлік шаруашылық міндетіне барлық тиеу, түсіру және тасымалдау жұмыстарын тиімді жүргізу жатады.

 

Көлік шаруашылық қызмет 3-ке бөлінеді:

  • ішкі (цех ішілік), яғни өндіріс және цех аумағындағы тасымалдайтын көлік түрі. Мұндағы көлік түрлері кәсіпорынның қай салаға жататынын, өнімнің түрлері мен мазмұнына қарай анықталады.
  • Сыртқы, яғни жабдықтаушылардың және өнімді тұтынушылардың арасындағы байланысты қамтамасыз ететін көлікті сыртқы қызмет дейміз.
  • цех аралық, өндіріс аралық, яғни жүктерді цехтар арасында, өндіріс арасында бір қоймадан екінші қоймаға тасымалдауда қолданылатын көлік түрлері.

 

Көлік шаруашылығында қолданылатын кәсіпорын көлік түрлері:

— рельсті

— рельссіз көлік

— автомобильдер

— конвейерлер

— транспортерлер

— әр түрлі арбалар

— лифт

— аспалы жолдар

— стелаждар

          — жүк тасушы машиналардың және автобустардың жүргізушілері.

— скаттар (сырғымалар)

— қолмен тасымалдаушылар және т.б.

 

Көлік шаруашылығын дамыту үшін мынандай көрсеткіштерді есептейміз.

1)көлік құралдарына қажеттілік

2)жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру деңгейі

3)жүк айналымы

4)жүк ағыны

 

Жүк айналымы дегеніміз- белгілі бір уақыт аралығындағы, белгілі бір бөлімше шеңберінде тасымалданатын жүктің жалпы санын айтады.

          Жүк ағыны дегеніміз – белгілі бір уақыт аралығында тиеу, түсіру                 пунктерінің арасындағы бір бағыттағы тасымалданатын жүк саны.

Жүк ағынының жиынтығы кәсіпорынның жүк айналымын құрайды.

Ірі кәсіпорындарда осы жұмысты жеңілдету үшін осы көрсеткіштерді есептеу үшін жаңаша бағдарламалық кешенді технологияларды пайдаланады.

 

Көлік шаруашылығын жетілдіру бағыттарына мыналар жатады:

— меншіктік жүйені ұтымды пайдалану

— көліктің жаңа түрлерін пайдалану

— көлік шаруашылығын жанар-жағармаймен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және т.б.

 

Мен бұл практикалық жұмысымда өзімнің тәжірибие сабағымды өткізген «Ұлттық Компания «Қазақстан Темір Жолы» Акционерлік Қоғамы туралы айтайын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  1 ҰК «ҚТЖ» АҚ-НЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

 

          1997 жылы Алматы, Целинный және Шығыс Қазақстанның темір торабтарының бірігуі арқылы «Қазақстан Темір Жолы» мемлекеттік республикалық кәсіпорыны құрылды. Үкіметтің 15 наурыз 2002 жылғы № 310 «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компания» Жабық Акционерлік Қоғамы құрылуы туралы жарлық бойынша «Қазақстан Темір Жолы» мемлекеттік республикалық кәсіпорыны Акционерлік Қоғамға қайта құрылды, ол ең жас, әрі республикадағы ең ірі Акционерлік Қоғам болып есептеледі, оның активтері 6 млрд. доллардан астам.

          Акционерлік Қоғам «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы» көлік саясаты аясындағы басқарушы органы – Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация Министрлігі болып табылады.

 «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік Қоғамының 100% активтерінің иесі – Қазақстандық «Самрұқ» холдингін мемлекеттік басқаратын Акционерлік Қоғамы саналады.

Темір жол көлігі ҚР-ң өндірістік инфраструктурасының маңызды бөлігің құрайды. Оның тұрақты және тиімді жұмыс істеуі мемлекет экономикасының өсуіне, ұлттық қауіпсіздіктің сақталуына, халықтың әл-ауқатының және тұрмыс-жағдайының жақсаруына зор үлесін тигізеді.

Мысалға, темір жол үлесіне елдің жүк айналымының 70%-ы, жүргізушілер айналымының 50%-ы тиесілі. Темір жол саласында 135 мыңға жуық адам қызмет атқарады, ол Қазақстанның тұрғындарының 1%-ын құрайды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының темір жол магистралі – 14 мың км асатын темір жол торабынан – оның 5 мыңға жуығы екі жолды тораб және 4 мыңға жуығы – электрофицерленген.

Жыл сайын темір жол көліктерінің есебінен мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің, елдің ЖІӨ-ң үлесі айтарлықтай артып отыр.

Қазақстанның темір жол саласы жоғары рентабельді, қарқынды дамып келе жатқан сала, өндірістік, қаржылық және техникалық потенциалын тұрақты арттырып келеді.

 

 «Ұлттық Компания «Қазақстан Темір Жолы» қызметіндегі негізгі мақсаттар:

— экономика және халықтың қажеттіліктерін үздіксіз және сапалы көліктік қамтамасыз ету. (жүк, жүк тасымалдау, тасымал, хат және жолаушылар қажеттілігі);

— поездың қозғалу қауіпсіздігін және тасымалданушы жүктің сақталуын қамтамасыз ету;

— материалды-техникалық базаны жоспарлы және кешенді түрде дамыту;

— темір жол көліктерінің мобилизациялық дайындылығын қамтамасыз ету, жұмыс жайлы құпия ақпаратты қорғау, жария етпеу.

 

«Ұлттық Компания «Қазақстан Темір Жолы» атқаратын қызметінің негізгі түрлері:

— магистральді темір жол жүйесін иелену мен қолдану;

— магистральді темір жол жүйесінің операторлық функцияларын жүзеге асыру;

— жүкті жіберуші, жүкті алушы, тасымалданушы жолаушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру;

— маркетингтік қызмет түрі;

— Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігімен бірлесе отырып темір жол транзитті-көліктік коридорлардың қалыптасуы үшін шаралар өткізу.

— ішкі экономикалық қызмет және және басқа мемлекеттердің кәсіпорын экономикалық қызметін экспорттау, өнімді импорттау, қызмет көрсету аясын дамыту;

— Қазақстан Республикасының мемлекеттік секторларын техникалық қорғау қызметі (монтаж, қолдану, т.б.)

— «Ұлттық Компания «Қазақстан Темір Жолы» қызметі туралы ақпаратты дайындау және жария ету;
          — ақпараттық қызмет түрі;

— Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленбеген басқа да қызмет түрлері.

 

«Ұлттық Компания «Қазақстан Темір Жолы» Акционерлік Қоғамының аудиторы – «Deloitte» компаниясы

Қазақ тіліндегі толық атауы – «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік Қоғамы, қысқартылған түрі – «ҚТЖ»ҰК»АҚ.

Орыс тіліндегі толық атауы – Акционерное Общество «Национальная Компания» Казакстан Темір Жолы», қысқартылған түрі – АО «НК «КТЖ»

Ағылшын тіліндегі толық атауы – joint – stock Company « National Company «Kazakhstan Temir Zholy», қысқартылған түрі —  JSC NC KTZ.

Мекен-жайы: 010000 ҚР, Астана қаласы, Победа көшесі,98

Телефон: +7 (3172) 93-41-14

РНН  620 100 210 058

Расчетный счет № 000 421 646 АРФ «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ

КБе 16, БИК 195 301 603

 

 

Капитал салымдары.

 

Ұлттық Компания «Қазақстан Темір Жолы» Акционерлік Қоғамының капитал салымдары, реконструкциясы және модернизациясы инвестициялық бюджет негізінде жүзеге асады. Капитал салымдары бухгалтерлік есеп шотының 126 «аяқталмаған құрылыс» бөлімшесінде есепке алынады. Бұл шотта субшоттар ашуға болады, яғни құрылыс

монтаж жұмыстарын (олар шаруашылық және тізбектелген әдістер бойынша іске асады) есепке алуға мүмкіндік береді.

Капитал салымдарына шығындар, капитал ремонты бойынша негізгі құралдардың бағасын көтеретін жұмыстар жатады:

  • жол шаруашылығы бойынша:

—  ағаш шпалдарын темір бетондарына ауыстыру;

—  уақытша ағаш мосттарын темір бетонды трубаларға алмастыру;

—  жасанды құрылыстарды берік және мықты материалдарға ауыстыру;

—  жол құрылысын ауыр типті рельстер мен ауыстыру;

  • сигнализация және байланыс, электрмен қамсыздандыру шаруашылығы бойынша:

—  әуе линияларын кабельді линияларға ауыстыру;

—  крюковтардан траверстарға көшу;

—  темір бетонды негіздегі бекеттерді орналастыру;

—  әуе линиясы берілетін ағаш бекеттерін темір бетонды бекеттерге      ауыстыру;

—  фарфорлы изоляторларды әйнек, керамикалық, жақсартылған және полимерлі (консольды,жоғары вольтты электр берілетін линия) изоляторларға ауыстыру.

  • локомотивті шаруашылық бойынша:
  • агрегаттарды жаңа жоғары қуаттыларына ауыстыру (дизель генераторлық орналастырулар, ауыр двигательдер, редукторлар, электродвигательдер, т.б.)
  • тасымалданушылар шаруашылығы бойынша:

—  агрегаттарды жаңа жоғары қуаттыларына ауыстыру (редукторлар, электродвигательдер, климаттық жағдайлар, т.б.)

—  вагондардың өзгеруіне байланысты ішкі және сыртқы интерьерін қайта жабдықтау:

— агрегаттарды жаңа жоғары қуаттыларына ауыстыру (трубалар, электродвигательдер, насостар, сантехникалық құралдар).

 

Мысалға, келесі диаграмманы алсақ. Жүк вагондарының жөндеу жұмыстары мен техникалық жағдайы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл диаграммада күнделікті жөндеуден өтуге тиісті вагондардың динамикасы келтірілген. Жалпы алдыңғы жылдың 1- кварталымен салыстырғанда жөндеуге жатпайтын жүк вгондарының саны – 39,9%-ға азайған, оның ішінде капиталды жөндеуден өткен – 42,7%, деполық жөндеуден өткені – 16,3%, ағынды жөндеудегі – 2,7 есе және заводта – 2,0 есе азайған.

 

Материалды емес активтерді есептеу

 

  • Материалды емес активтерді есептеу бухгалтерлік есеп шоттарының 28 «материалды емес активтерді есептеу» бөлімшесінде жүзеге асырылады.
  • Негізгі құралдардың тозуы белгіленген нормалар бойынша іске асады.
  • Материалды емес активтердің тиімді пайдаланылу мерзімі оның түріне тәуелді анықталады (лицензиялық келісімдер, бағдарламалық қамсыздандыру, патенттер және т.б.)
  • Материалды емес активтердің инвентаризациясы жылына бір рет жылдық қаржылық есеп кезінде есептелінеді.

 

 

Тауарлыматериалдық қорларды есепке алу

 

  • Тауарлы-материалдық қорларды есепке алу бухгалтерлік есеп шотының 7 «Тауарлы-материалдық қорларды есепке алу» бөлімшесінде жүзеге асырылады.
  • Тауарлы материалдық қорлар өзіндік құнның және реализацияның таза құндылығы бойынша есептеледі, т.б

 

 

1 кесте — «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ң кадрлар құрамы

 

Негізгі шаруашылық және өндірістік топтардың кадрлар құрамы

 

Шаруашылық және өндірістік топтардың атауы

1кв

2005ж.

1кв

2006ж.

«+», «-« 1 кв 2005ж.

Вагон шар. – барлығы

2,1

2,1

0,0

Оның ішінде

 

Вагонды тексеруші

1,3

1,2

-0,1

Вагонды ремонттау жөніндегі слесарлар

3,3

4,3

1,0

Тасымалдау шар. – барлығы

1,3

1,5

0,2

Оның ішінде

 

Станция, разъезд, пост бойынша кезекшілер

0,7

0,8

0,1

Поезд құраушылары

1,6

1,6

0,0

Орталық пост операторлары, тізбек пост кезекшілері

1,8

3,6

1,8

Жүк шар. және коммерциялық жұмыс – барлығы

1,5

1,2

-0,3

Оның ішінде

Жүк пен багажды қабылдау-тапсырушылар

 

0,9

1,2

-0,3

Жол жүру шар. – барлығы

2,6

2,4

-0,2

Оның ішінде

 

Жол монтерлары

2,8

2,9

0,1

Жол машиналарын жүргізушілер

2,5

1,6

-0,9

Сигналдандыру және байланыс шар. – барлығы

1,8

1,7

-0,1

Оның ішінде

 

СЦБ және байланыс электромонтерлары

2,3

1,9

-0,4

Электрификация және электрмен қамсыздандыру шар. – барлығы

3,2

2,3

-0,9

Оның ішінде

 

Байланыс жүйесінің электромонтерлары

5,6

4,4

-1,2

 

1 – кестеде «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ң негізгі шаруашылық және өндірістік топтарының кадрлар құрамы келтірілген. Кадрлардың өсуі тасымалдау шаруашылығында — 0,2%, ал кезекші посттарында, орталықтандыру және сигналдандыру пост операторларында – 1,8% өскен.

Шаруашылық кадрларында керісінше төмендеген

  • сигналдандыру және байланыс –0,1% (электромонтер – 0,4%)
  • электрификация -0,9% (келісім жүйесінің электромонтерлері – 1,2%)
  • жолдар – 0,2%(жол монтерлары кадрлары 2006 жылдың 1 кварталынды 0,1% артқан алдыңғы жылмен салыстырғанда)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 «ҚТЖ»ҰК» АҚ-НЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

 

2 кесте – Ағынды периодтағы жұмысшылар қозғалысы

 

Көрсеткіштер атауы

«ҚТЖ»ҰК» АҚ

1 кв 2005ж

1 кв 2006ж

«+», «-» 1 кв 2005ж

Ағынды жыл басындағы  жұмысшылар санының тізбегі

80009

81222

1213

Қабылданған – барлығы

3972

3162

-810

Жұмыстан шыққандар- барлығы

3043

3581

538

Соның ішіндегі

 

 

 

Жұмысшылардың қысқаруы және кәсіпорынның ликвидациясымен байланысты

95

1051

956

Себеппен

1823

1676

-147

Басқа да себептерге байланысты

1125

854

-271

Ағынды жыл соңындағы жұмысшылар санының тізбегі

80931

80803

-128

 

Осы 2 – кестеде «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ң кадрларының тізбек саны және қозғалысы келтірілген. Ағынды жылдың есебі бойынша қабылданған жұмысшылар саны аз, ал алдыңғы жылмен салыстырғанда жұмыстан шыққандар саны көп.

 

 

3 кесте — Жұмыс жолдарының негізгі көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер атауы

өлшеу бірлігі

Факт

1кв 2005ж

Жоспар

1кв 2005ж

Факт

1кв 2006 ж

«+», «-» жоспар бойынша

«+», «-»

1кв 2005ж

Өндірілген өнім

Млн прив

Т-км

41411

44489

45678

1189

4267

Өндірілген өнім үлесі

Жолаушылар айналымы

%

5,7

5,8

6,1

0,3

0,4

Тарифті жүк айналымы

%

94,3

94,2

93,9

-0,3

-0,4

Жолаушылар тасымалдау

Млн адам

0,166

0,183

0,196

0,013

0,03

Жүк тасымалы

Млн адам

2,7

2,9

3,0

0,1

0,3

Орташа күндік жүк тиеу

Вагон

8264

8442

8699

257

435

Орташа күндің жүкті түсіру

Вагон

6619

6641

6856

215

237

Республикалық тасымалдау үлесі

Тасымалдау көлемі бойынша

%

57,5

56,9

56,1

-0,8

-1,4

 Тарифті жүк айналымы көлемінде

%

44,5

42,4

40,6

-1,8

-3,9

Жалпы жүк тасымалдау көлеміндегі тиеу үлесі

%

90,1

86,8

91,3

4,5

1,2

Жалпы жүк тасымалдау көлеміндегі жүк тиеудің массалық үлесі

Тас көмір

%

47,2

49,0

46,4

-2,6

-0,8

Мұнай жүктері

%

11,8

9,9

10,9

1,0

-0,9

Темір рудасы

%

12,3

13,7

12,4

-1,3

0,1

Түрлі түсті руда

%

7,0

7,1

8,1

1,0

1,1

Қара металл

%

2,3

3,0

2,4

-0,6

0,1

Химиялық және минералды тыңайтқыштар

%

1,0

0,6

0,5

-0,1

-0,5

Құрылыс заттары

%

4,5

4,3

4,6

0,3

0,1

Цемент

%

1,0

1,1

1,2

0,1

0,2

 

%

2,5

1,9

3,3

1,4

0,8

Эксплуатациалық жүк айналымындағы үлесі

Электрлік тяга

%

50,2

55,2

54,2

-1,0

4,0

Тепловоздық тяга

%

49,8

44,8

45,8

1,0

-4,0

 

Келтірілген өнім есепті кварталда 45,7 млрд. т-км құрады. Жүкті тасымалдау үлесіне тасымалдау жұмысының 93,9%-ы тиесілі, алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,4%-ға және жоспармен салыстырғанда 0,3%-ға кем екенін көрсетті. Жүк қозғалысында жергілікті жұмыс жоғары болды: республикаішілік тасымалдау – 40,6% және сыртқа шығару — 43,1%-ды құрады.

Есепті жылы жүк тасымалдау көлеміндегі тиеудің салмағы 91,3%-ды құрыды, ол алдыңғы 2005жылдың 1кварталымен салыстырғанда 1,2%-ға және жоспардан 4,5%-ға артық деңгейде болды.

Тас көмірді тиеу жалпы жүк тасымалының – 46,4%-ын (динамикада 0,8%-ға кем), мұнай жүктерінің – 10,9%-ын (0,9%-ға кем), темір рудасының – 12,4%-ын (0,1%-ға артқан) құрады.

Эксплуатационды жүк айналымының 54,2%-ы электрлік тягамен жүзеге асқан, яғни алдыңғы жылдың деңгейімен салыстырғанда 0,4%-ға артқан.

Алдыңғы жылмен және белгіленген жоспармен салыстырғанда жүк және жолаушылар тасымалдау тығыздығының артқаны тіркелді.

 

4 кесте — Жүк тасымалы жоспарының орындалуы

 

Көрсеткіштер атауы

орындалу 1кв 2005ж

1 кв 2006 ж

%

жоспар

орындау

жоспар

1кв 2005ж

абс

%

абс

%

абс

%

Тарифті жүк айналым

Млн т-км нетто

39051,7

100,0

41891,0

100,0

42890,9

100,0

102,4

109,8

Соның ішінде

 

Республика ішілік

17386,6

44,5

17779,0

42,4

17434,8

40,6

98,1

100,3

Шығару

15336,9

39,3

17625,0

42,1

18479,9

43,1

104,9

120,5

әкелу

2956,6

7,6

3136,0

7,5

3345,8

7,8

106,7

113,2

Транзит

3371,6

8,6

3351,0

8,0

3630,4

8,5

108,3

107,7

Тасымалданған жүк, мың тонна

53007,1

100,0

55338,0

100,0

55064,9

100,0

99,5

103,9

соның ішінде

 

Республикаішілік

30480,7

57,5

31,469

56,9

30916,2

56,1

98,2

101,4

Шығару

17518,0

33,1

18637,0

33,7

18937,4

34,4

101,6

108,1

әкелу

2915,8

5,5

3160,0

5,7

3051,7

5,5

96,6

104,7

Транзит

2092,6

3,9

2072,0

3,7

2759,6

3,9

104,2

103,2

1 тонна жүк тасымалының орташа қашықтығы

736,7

 

757,0

 

778,9

 

102,9

105,7

Соның ішінде

 

Республикаішілік

570,4

 

565,0

 

563,9

 

99,8

98,9

Шығару

875,5

 

945,7

 

975,8

 

103,2

111,5

әкелу

1014,0

 

992,4

 

1096,4

 

110,5

108,1

Транзит

1611,2

 

1617,3

 

1681,1

 

103,9

104,3

 

Есепті жылы тарифті жүк айналымының көлемі динамикада 9,8%-ға артқан. Осыған қарамастан жүк тасымалдау көлемі тарифті жүк айналымы көлемінен 5,9%-ға кем.

Жүк айналымы келесідей бөлінген: республикаішілік тасымалдауға – 40,6% , шығаруға – 43,1%, транзитке – 8,5% және әкелуге – 7,8%. Атап кететін жайт, алдыңғы жылмен салыстырғанда жүк айналымының құрылымы өзгерген: республикаішілік жүк айналымы 3,9%-ға және транзит бойынша 0,1%-ға қысқарған, ал шығару бойынша 3,8%-ға және әкелу бойынша 0,2%-ға артқан. Алдыңғы жылмен салыстырғанда жүк айналымы артқан.

 

5 кесте — Негізгі сапалық көрсеткіштері

 

көрсеткіш атауы

өлшем бірлігі

Факт

 1кв 2005ж

жоспар 1кв 2006ж

Факт

1кв 2006ж

% жоспар

%

1кв 2005ж

жүк вагонының орташа күндік өндірісі

т-км нетто

9302

9143

9494

103,8

102,1

жүк вагонының  орташа күндік қозғалысы

км

267,3

269,0

277,3

103,1

103,7

жүк вагонының толық рейсі 

км

1339

1407

1411

100,3

105,4

жүк вагонының 

км

819

853

861

100,9

105,1

жүк вагонының 

км

520

554

550

99,2

105,8

вагон массасы

т/вагон

24,00

23,89

23,94

100,2

99,7

электровоздық тяга

«-»

22,93

23,36

23,28

99,7

101,5

тепловоздық тяга

«-»

24,92

24,43

24,59

100,7

98,7

Жұмыс парк.вагон.орт динамикалық нагрузка

т/вагон

34,80

33,99

34,24

100,7

98,4

электровоздық тяга

«-»

37,80

37,11

37,21

100,3

98,4

тепловоздық тяга

«-»

32,22

30,79

31,27

101,6

97,1

тиелген жүктің орт. динамикалық нагрузкасы

т/вагон

56,94

56,11

56,15

100,1

98,6

электровоздық тяга

«-»

61,33

60,88

60,57

99,5

98,8

тепловоздық тяга

«-»

53,11

51,16

51,68

101,0

97,3

Тиелген жүктердің % шамасы

%

63,43

65,07

63,83

101,9

99,4

электровоздық тяга

«-»

62,03

64,04

62,58

102,3

99,1

тепловоздық тяга

«-»

64,66

66,14

65,09

101,6

99,3

Жұмыс вагоны айналымының орташа уақыты

күн

5,01

5,24

5,09

102,9

98,4

Жергілікті вагон айналымының орташа уақыты

күн

3,57

4,22

4,28

98,6

83,4

Вагонның тұруының орташа ұзақтығы

сағат

26,63

29,18

27,18

107,4

98,0

Техникалық станциядағы вагонның тұруының орташа ұзақтығы

сағат

5,35

5,40

5,28

102,3

101,3

Жүк поезының орташа участкелік қозғалу жылдамдығы

км/сағат

41,34

41,27

41,83

101,4

101,2

электровоздық тяга

«-»

48,41

47,72

48,37

101,4

99,9

тепловоздық тяга

«-»

37,12

36,66

37,31

101,8

100,5

Жүк поезының қозғалысының орташа техникалық жылдамдығы

км/сағат

46,76

47,06

47,5

100,9

101,6

электровоздық тяга

«-»

50,77

50,58

51,14

101,1

100,7

тепловоздық тяга

«-»

44,05

44,20

44,65

101,0

101,4

 

Қозғалыс құрылымының пайдаланылуының 2006 жылдың 1- кварталын жоспармен салыстырғандағы негізгі көрсеткіштердің өзгеру динамикасы. Есепті уақытта жол бойынша вагонның орташа өндірісі 9494 т-км неттоны құрады, жоспармен салыстырғанда 3,8% және 351т-км неттоға артық. Вагон өндірісінің өсуі жұмыс паркінің вагондарының динамикалық артық күшіне 0,7% және оның орташа күндік қозғалысының 3,1% артуынан көрініп тұр. Алдыңғы жылдың 1-кварталымен салыстырғанда жол бойынша вагонның орташа өндірісі 2,1% немесе 192 т-км неттоға артқан. Вагон өндірісінің өсуі оның орташа күндік қозғалысының 3,7% өсуімен және жұмыс паркінің вагондарының динамикалық ауырлығының 1,6% кемуімен байланысты.

 

Теміржол торабында қалалар 13 тармаққа (дн-ға) бөлінеді.

Дн-1 Ақмола

Дн-2 Қостанай

Дн-3 Павлодар

Дн-4 Қарағанды

Дн-5 Защита

Дн-6 Семипалатинск

Дн-7 Алматы

Дн-8 Жамбыл

Дн-9 Шымкент

Дн-10 Қызыл Орда

Дн-11 Ақтөбе

Дн-12 Уральск

Дн-13 Атырау

 

1 – диаграмма  2006жылдың Iкварталындағы жүк тиеудің толық құрылымы

 

Диаграммада 2006жылдың Iкварталында жалпы тиеудің 70,0%-ын Павлодар, Қарағанды және Қостанай станциялар іске асырған. Павлодар тасымалдау бөліміне жүк тиеудің ең үлкен көлемі – 38,0%-ы тиесілі, 2005жылдың 1кварталымен салыстырғанда көрсеткіш 1,1 %-ға артқан, бірақта жоспардан 1,5%-ға аз орындалған. Қарағанды станциясы 19%-ын тиеген, алдыңғы жылмен салыстырғанда тиеу салмағы 1,8% және жоспардан 1,4% төмен. Қостанай станциясында 13,0%, 2005жылдың 1кварталына қарағанда 0,6% және жоспар көрсеткішінен 0,1% артық екенін көрсетеді.

          Есепті жылы вагондарға статистикалық нагрузка жоспардан 0,97т. (15%) артық. Яғни, бұл дегеніміз, жоспарланған орташа күндік төлемді 134 вагонға тиеуді білдіреді.

Мен практикада болған уақытта Дн-13 бөлімін 2 бөлімге бөлдік. Яғни Дн-14 Маңғыстау бөлімі. Енді екі бөлімге тоқталып өтсем.

Атырау бөлімі: Сағыз, Жамансор, Мақат, Карабатано, Доссор, Тендык, Ақжайық, Атырау, Махамбет, Сазан-Құрақ, Ганюшкино, Нүрпейісов, Күлсары.

Маңғыстау бөлімі: Опорная, Бейнеу, Үстірт, Сайутес, Шетпе, Мангышлак, Актау Порт, Актау Порт Пе, Жетібай, Өзен, Разъезд 1

 

2 – диаграмма

 

Шет ел мемлекетеріне шығарылатын транзитті тасымалдың салмағы

 

 

Бұл диаграммада 2006 жылдың 1кварталындағы басқа шет елдерге шығарылатын транзитті тасымалдың салмағы бейнеленген. Көріп отырғанымыздай 2006 жылдың 1кварталында жалпы экспортталған жүктің көп мөлшері Россияға тиесілі 45,33% құрайды. Қазақстаннан Россияға шығатын жүктердің номенклатурасы келесідей: тас көмір, темір және марганец рудалары, ұн өнімдері, қара металл. Келесі орында Өзбекстан (15,92%) және Қытай (11,61%) елдеріне, Таджікстан (5,08%), Украина (4,92%), т.б. елдеріне тасымалданады. Бізге сырттан әкелінетін жүктердің көп үлесі Россия — 70,53% мемлекетіне тиесілі (динамикадағы өсуі — 1,73%құрады) Қытайдан – 6,81% (кемуі – 0,31%), Украинадан – 3,67 (кемуі – 2,17%), Өзбекстаннан – 3,11 (өсуі – 0,24 ) т.с.с.

 

 

 3 ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

Негізгі шаруашылық жұмысшыларының саны және еңбек ақысы.

ҰК «ҚТЖ» АҚ негізгі қызметінің 2006жылдың 1кварталында факт бойынша жұмысшылар саны – 79926 адам. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 633адамға (0,8%) артық екенін көрсетеді. Жұмысшылар санының өсуі шаруашылық жолдарының өсуімен және магистральды жүйе Дирекциясын басқару аппаратының құрылуымен тығыз байланысты. Орталық аппаратты басқару жұмыскерлерінің саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 421адамға немесе 16,2% артқан. Сигнализация және байланыс шаруашылығында – 2,1% төмендеген. Себебі Ғылыми — өндірістік орталықтың құрылуымен және оған материалды-техникалық қамтамасыздандырудың қосылуымен. Вагон және жүк шаруашылығында адамдарды жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару салдарынан жұмысшылар санының азаюы байқалады.

ҰК «ҚТЖ» АҚ орташа айлық жалақысы алдыңғы жылмен салыстырғанда 11313 теңге немесе 27,4% өсіп, 52553 теңгені құрады. Басқару аппаратының айлық жалақысы орташа 25,8% , ал басқа да негізгі шаруашылықтар бойынша 27,3% артты. Айлық жалақының өсуі тарифтік ставкалардың және окладтардың өсуімен байланысты:

15% жұмыскерлерге 01.04.2005ж. №41-Ц бұйрық 20.01.05ж.

15% басқарушыларға, мамандарға және қызметкерлерге 01.07.2005ж. № 689-Ц бұйрық 20.07.05ж.

10% барлық жұмысшыларға 01.10.2005ж. №864-Ц бұйрық 11.10.05ж.

Айлық жалақының өсуі: тасымал шаруашылығында 29,3%, жол бойынша 25,4%, сигнализация және байланыс шаруашылығында 27,9%, вагон бойынша 28% , энергиямен қамсыздандыру 28,2%  және жүк бойынша 29,4% байқалады.

 

Келесі 3 – диаграммада  негізгі өндірістік топтардың орташа айлық жалақысы келтірілген, 30706теңге вагон шаруашылығының жөндеушілеріне және 75784теңге СЦБ және байланыс электромеханиктеріне тиесілі.

 

 

 

 

СЦБ және байланыс және байланыс жүйесінің электромеханиктерінің айлық жалақысының өсу себебі поезд өозғалысының ауыр еңбек жағдайына байланысты қосымша төленетін ақы: Достық станциясының және Батыс аймағының жұмысшыларына — 20% қосымша төлемақы және Екібастұз-1, Екібастұз-2, (ГРЭС, ГРЭС, Ақбидайық), Атырау, Ақжайық станцияларының жұмыскерлеріне — 30%  қосымша төлемақы төленеді.

 

 

6 кесте — Есепті уақыттағы жұмысшылар қозғалысы

 

Көрсеткіштер атауы

ҰК «ҚТЖ» АҚ

1кв 2005ж

1кв 2006ж

«+»,«-»

1кв 2005Ж

Есепті жыл басындағы жұмыскерлердің тізбек саны

80009

81222

1213

Қабылданған, барлығы

3972

3162

-810

Шығарылды, барлығы

3043

3581

538

Оның ішінде:

 

 

 

Кәсіпорын ликвидациясы және персоналдың қысқаруы

95

1051

956

Ағым себептері бойынша

1823

1676

-147

Басқа да себептер бойынша

1125

854

-271

Есепті жыл соңындағы жұмыскерлердің тізбек саны

80931

80803

-128

 

Бұл кестеде ҰК «ҚТЖ» АҚ жұмыскерлерінің тізбектік саны жіне кадрлар қозғалысы келтірілген.алдыңғы жылмен салыстырғанда жұмысқа қабылданғандар саны аз, ал шыққандар саны көп. Қысқарғандар саны 956 адамға көбірек. Жұмысқа қабылдау, шығару, ауыстыру, еңбек тәртібінің жағдайы және жұмыс уақытын жоғалту бойынша еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан шыққандар: жол шаруашылығы – 28 адам, тасымалдау – 7 адам, сигнализация және байланыс – 14 адам, жүктеу шаруашылығы бойынша – 1 адам. 2006 жылдың 1 кварталында тұрғаны үшін уақыт жоғалту және ақшасыз демалыс алған адамдар бойынша жоғалтулар – 26009 адам-күн, яғни жұмысқа шықпаған 366 адамға тең.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ҚОРЫТЫНДЫ

 

Мен өзімнің практикалық жұмысыма келесідей қорытынды жасадым.

2006жылдың 1кварталында жүргізілген талдау жұмыстарын қорытындылай келе төмендегідей қорытынды жасауға болады:

 2006жылдың Iкварталында жолдың келтірілген өнімі 45,7 млрд. т-км., белгіленген жоспармен салыстырғанда 2,7%-ға немесе 1,2 т.км., 2005жылдың I кварталының деңгейінен 10,3%-ға немесе 4,3 т.км.артық. Жоспардан артық орындалу себебі жүк айналымының 2,4%-ға, тасымалдау айналымының 7,3%-ға артқанынан көрініп отыр. Келтірілген өнім көлемінің динамикасының өсуі жүк айналымы көлемінің 9,8%- ға және жолаушылар айналымының көлемінің 18,1%-ға артуы әсер етті.

Тарифті жүк айналымының 2,4%-ға жоспардан артық орындалуы 1тонна жүктің тасымалдануының орташа қашықтығының 2,9%-ға өсуінен көрініп отыр. Тасымалдау көлемі жоспардан 0,5%-ға аз орындалды.

 Тарифті жүк айналымы көлемінің динамикада 9,8%-ға өсуі жүктің тасымалдау көлемінің 3,9%-ға артуының және 1тонна жүктің тасымалдануының орташа қашықтығының 0,5%-ға артуы ның нәтижесінде жеткен.

Жалпы тиеу бойынша жоспардан 4,6%-ға артық орындалған. Жалпы тиеудің жоспардан артық орындалуы мұнай жүктерін 14,2%-ға, түрі тұсті рудалардың 20,3%-ға, құрылыс жүктерінің 13,3%-ға, цементтің 8,6%-ға, астық өнімінің 1,8есе  жоспардан артық орындалуына байланысты. Жоспарға сәйкес тас көмірді тиеу 1,0%-ға, темір рудасының 5,8%-ға, қара металлдың 15,3%-ға және химиялық және минералды тыңайтқыштардың 13,0%-ға кемігені байқалды.

Есепті кварталда жолаушылар айналымыны 18,1%-ға өскен және динамикада 7,3%-ға жоспардан артық орындалған. Жолаушылар айналымының алдыңғы жылмен салыстырғандағы өсуі тасымалданушы жолаушылар көлемінің 12,8%-ға, жолаушылар тасымалдаудың орташа қашықтығының 4,7%-ға артуына байланысты. Есепті уақытта динамикада жолаушылар вагонының қолданылуы жақсарған, сонымен қатар жолаушылар тасымалдау тығыздығы 2005жылдың 1кварталымен салыстырғанда әлдеқайда жақсы көрсеткіштерді көрсеткен.

Есепті уақытта ҰК «ҚТЖ» АҚ бойынша локомотивті парктің пайдаланылуы жоспарға қарағанда жақсырақ болған.

Жүк вагондарының пайдаланылуының негізгі көрсеткіштері жоспарда белгіленгендей орындалған.

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ:

 

 

  1. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның уставы. Астана қаласы, 2002 жыл

 

  1. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның есепті саясаты. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Директорлар жиналысының № 9 протоколы 5 қыркүйек 2003 жыл

 

  1. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның құрылымы

 

  1. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның эксплуатациондық қызметіне талдау. Кенжинов Р. Астана қаласы, 2006 жыл.

 

Экономика Департаменті Статистика Басқару бөлімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ

 

 

1 «ҚТЖ» ҰК» АҚ-НЫҢ  ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

 

 

2 «ҚТЖ» ҰК» АҚ-НЫҢКАДРЛАР ҚҰРАМЫ

 

 

3 «ҚТЖ» ҰК» АҚ-НЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

 

 

4 «ҚТЖ» ҰК» АҚ-НЫҢ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ