АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Отчет по практике «ЮСКО Логистикс Интернешнл» компаниясы

Жоспар:

I  Кіріспе

II «ЮСКО Логистикс Интернешнл» компаниясы

 

III «ЮСКО Логистикс Интернешнл» компаниясына SWOT талдау

 

IV «ЮСКО Логистикс Интернешнл» компаниясына SWOT талдау бойынша негізгі ұсыныстар

 

V Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Логистика  корпорация,  компания, зауыт, фабрика секілді кәсіпорындардың жасап шығарған тауар өнімдерін бір нүктеден екінші нүктеге жеткізумен айналысатын  сала. Ол тасымалдау, мүліктеу, қоймалау, қаптамалау және қауіпсіздік сияқты құраушылар бірлесуін қамтиды. Логистика саласына жер, әуе, құбыр жүйесі, кеме, темір жол секілді тасымалдау көлік түрлерін жатқызамыз.

Мақсаты: қысқа мерзімде жеткізу, мүліктің сапасын жоғалтпау және өндірістік қуатты жоғарғы деңгейде пайдалану.

Логистиканы келесідей салаларға бөлуге болады:

  • Қамтамыз ету логистикасы
  • Өндірістік логистика
  • Тарату логистикасы
  • Сатудан кейінгі (after sales) логистика
  • Шығарып тастау (disposal) логистикасы

Қамтамыз ету логистикасы нарықты зерттеу, қажеттіліктерді жоспарлау, жасау немесе сатып алу шешімдері, тапсырыс беру және тапсырысту бақылау сияқты әрекеттерден тұрады.

Өндірістік логистика қамтамасыз ету мен тарату логистикасын біріктіреді.

Тарату логистикасы негізгі мақсаты ретінде дайын өнімдерді клиентке жеткізу болып саналады. Бұл өз кезегінде тапсырысты өңдеу, қоймалау және тасымалдаудан тұрады. Тарату логистикасының қажеті мол, өйткені өндірудің уақыты, орны және көлемі тұтыну уақыты, орны және көлемінен өзгеше.

Шығарып тастау (disposal) логистикасының негізгі функциясы болып бизнес үрдістері кезіндегі пайда болған қоқыс-қалдықтарды шығарып тастауға байланысты логистика құнын азайту, қызмет түрдерін көбейту болып есептеледі.

 

 Қазақстан көлік инфрақұрылымының қойма шаруашылығы, қызмет көрсетуінің төмен деңгейде болуы, мамандарға тәжірибенің жетіспеушілігі сарапшылар тарапынан төмен баға алды. Алайда үлкен даму мен серпілістер де жоқ емес. Мысалы, «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық дәлізі мен «ЭКСПО-2017» жобасы осы логистика саласын дамыту негізінде жүзеге асырылып жатыр.

Сондай-ақ 2013 жылы маусым айының он екінші жұлдызында өткен Қазақ-Неміс логистика Форумы Қазақстан мемлекеті отандық өндірісінің көлік құрылымын дамытуға үлкен мүмкіндіктері бар екендігін көрсетті.

Қазақстанның логистика жүйесі күрделілігімен ерекшеленеді. Қазіргі таңда өнеркәсіп орындары алыс қашықтықтағы қолданушыларды тауарлармен жеткілікті түрде қамтамасыз ете алмай келеді. Сол себептен де осы логистика мәселесін шешетін компаниялар: тасымал, өнімді қысқа мерзімде жеткізу, заттың сапасын жоғары дәрежеде сақтап, ешқандай зақымсыз, көзделген жерге жеткізу секілді міндеттемелерді орындауы қажет. Мұндай мәселелерді реттеу үшін жоғары дәрежелі мамандар дайындап, ішкі нарықтың коммуникациялық байланыс түрлерін бір жолға қою керек.

Осыған орай, үкімет басшылары 2010 жылдан бастап логистика саласын дамыту шарасы ретінде күрделі жобалар ұсынып, соны жүзеге асыру барысында мамандар мен тасымал жұмыстарымен айналысатын компанияларға семинар, курс, тренинг сабақтарын өткізіп, оны тәжірибе ретінде жүзеге асыруға қолдау білдіріп келеді.

Бүгінде еліміздің көлік-логистика саласындағы маман дайындау ісінде кейбір ауыртпалықтар туындап отыр. Дәлірек айтсақ, бүгінгі білім беру жүйесі дайындаған мамандар жұмыс берушілер талап етіп отырған үдеден шыға алмауда. Бұл еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің бұзылуына әкеп соқты. Кәсіби-техникалық білім берудің қазіргі маман даярлау жүйесі қажетті деңгейдегі мамандарды әзірлеуге мүмкіндік бермейді. Бұл жаңа бағыттағы кәсіби мамандықтарды даярлауға деген сұраныстың барлығын көрсетеді. Мемлекеттік органның бекітуімен көлік және логистика саласында біліктілік деңгейін арттыратын бірыңғай орталық құру қажеттілігі туды. Екі салалық қауымдастықтың базасында біліктілікті айқындайтын тәуелсіз орталық құру жөнінде мемлекет басшысының тапсырмасы да бар. Көлік-логистика саласындағы негізгі үдерісті ескере отырып, аймақтық еңбек нарығындағы кадр сұранысының бүгінгі түйіткілі, сапалы маман даярлау ісі, жұмыс берушілер мен оқу орындарының өзара байланысы талқылануда.

Логистика – экономиканың қозғаушысы десек те болады. Бұл қарыштап дамып келе жатқан мемлекетке жат емес. Көптеген ғалымдардың айтуынша Қазақстандағы логистиканың даму потенциалы жоғары

Қазақстанда логистиканың дамуына кедергі келтіретін жағдайларды қарастырайық. Біз әлі жас мемлекетпіз. Нарыққа қадам басқанымыз кеше. Логистика бойынша көш соңында қалуымыздың басты себебі – осы. Логистикалық жүйені қалыптастыру үшін әліде болса біраз уақыт керек. Екінші, еліміздің экономикалық жағдайы. Статистика бойынша, Қазақстанда 1000 шаршы шақырымға шаққанда 35 шақырым, ал АҚШ-та 677 шақырым жол бар. Қазақстанда халықтың 2,3 млн.-ы ауылшаруашылық кәсіпорындарында, ал 0,8 млн.-ы өнеркәсіпте жұмыс істейтін көрінеді. Бұлар өте төмен көрсеткіштер. Экономикамызды, оның ішінде жолдардың сапасын, өнеркәсіп жағдайын, сонымен қатар көлік және коммуникация жағдайын реттемей дамуға жол жоқ. Үшінші, мамандардың мардымсыздығы. Өкінішке қарай, логистика өмірімізге енді-енді еніп келе жатқандықтан, мамандар дайындау жағы ақсап тұр және де қызмет көрсету сапасыда төмендеу. Рас, еліміздің бірнеше жоғарғы оқу орындарында логист мамандығын алып шығуға болады. Бірақ оқу бағдарламаларында логистиканың жалпы теориясы қамтылғанымен, олар білімді-білікті маман дайындау жағынан дәрменсіздеу болып тұр. Мамандарымыздың тәжірибесін арттыру мақсатында шетел тәжірибесін кеңінен қолданған жөн. 
Қуантарлық жағдайларда бар, Дүниежүзілік банк өзінің әлемдік сауда логистикасы бойынша есебінде «Қазақстан сауда логистикасы қарқынды түрде дамып келе жатқан мемлекет» деп баға беріпті. Қазақстан тауар логистикасы жөнінде 2007 жылы 133 орынға, 2011 жылы 62, қазір 35 орынға табан тіреген. Ал Германия 1-орында. Әлі де жағдайды жақсарта түсу керек» дегенді жеткізді. 
Қорытындылай кетсем, Қазақстандағы логис­тика­ның даму потенциалы өте жоғары. Өзім болашақ логист маманы болып шығатындықтан, менің ойымша, ең алдымен осы маман дайындау ісін жақсылап қолға алу керек. Бұл бағытта шетел тәжірибесін кеңінен қолдану керек деп ойлаймын, өйткені тәжірибенің аты тәжірибе, олар біз өткеріп жатқан процесстердің барлығынан өткен. Екінші, мемлекет тарапынан жаңа логистикалық орталықтар мен тасымалдау компаниялардың ашылуына  көп көңіл бөлінсе деп ойлаймын. Қазірде көп көңіл бөлінуде, бірақ бұл өзін-өзі тез ақтап шығатын маңызды сала үшін аз деп ойлаймын. Өйткені логистиканың өмірімізге енуі бізге көп  жеңілдіктер сыйламақ. Үшінші ол әрине уақыт, «Мәскеу бірден құрылмады дегендей», біздің елімізде логистиканың  қарыштап дамуына уақыт керек. Алдағы уақытта Қазақстанда логистика жоғары деңгейге көтеріледі деп сенемін, және бұған үлесімді қосамын.

 

 

«ЮСКО Логистикс Интернешнл» компаниясы

 

ЮСКО – табысты бизнеске арналған шешімдер  кешені. 

ЮСКО Сізге өзіңіздің бизнесіңіздің мәнін терең түсінуге, өнімділіктің жаңа құралдарын алып,  сол арқылы табысты арттыруға мүмкіндік беретін, бір-бірін өзара толықтыратын кешенді ұсынады. 

 

Жоғары деңгейде қызмет ұсыну – біз үшін аксиома және біздің клиенттер үшін сапа белгісі

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

Компания әр жобасының сәтті болуы жоғары білікті қызметкерлердің – кеңес беру-жобалау, коммерциялық және құрылыс-монтаждау қызметтің мамандарының арқасы, ал сапа менеджментінің қолданылатын  жүйесі процестерді тиімді және орынды басқаруға септігін тигізеді.

 

ЮСКО – бұл жобаларды кәсіби басқару, дұрыс шешімдерді әзірлеу және құрылыс, логистика, жиһаз шығару, жылыту және желдету жүйелерін орнату саласында толық сервисті көрсету. Біздің компания Сізге өз бизнесініңіздің мәніне қатты көңіл бөлуге, өнімділіктің жаңа инструментарийін алуға, сол арқылы сәттілікті арттыруға мүмкіндік беретін бір-бірін өзара толықтыратын қызметтер кешенін ұсынады. 1992 жылы құрылған сәттен бастап, «ЮСКО Интернешнл» ең соңғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, қазақстандық нарықта қарқынды түрде дамып келеді. Біз Сізге кеңсені салуға немесе жаңартуға, өнімді жұмыс атмосферасын жасауға, сондай-ақ өнімді жеткізуге, сақтауға және циркуляциясы бойынша тиімді операцияларды ұйымдастыруға көмектесеміз.

 

Тұтастығы мен жан-жақтылығы Сіздің бизнесіңізге үлкен импульс беретін бір әріптеспен жұмыстың әбден пысықталғандығын, жинақтылығын және жеңілдігін сезініңіз. Компанияның тәжірибесі Қазақстан нарығындағы бірқатар ірі компанияларымен ұзақ мерзімді өзара пайдалы ынтымақтастықпен расталуда. Компанияның қаржылық айқындылығы мен тұрақтылығы бизнес бойынша клиенттермен және әріптестермен сенімді және өзара пайдалы қарым-қатынастар құруға мүмкіндік береді. Біздің клиенттер мен әріптестердің сенімдері үлкен прогресс пен сәттілік кепілі болып табылады.

 

Үзіліссіз даму мен тұрақты өсу деген осы. Біздің стратегиямыз өндірістің жаңа технолоргияларын ендіру бойынша жобаларға қаражатты инвестициялау арқылы іске асырылады. «USKO International» Компаниясы –бұл кәсіби қызметтердің толық кешенін ұсынатын көп профильді компания. Біздің тұтынушылар мен клиенттердің қажеттілігін барынша қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтер нарығында алдыңғы саптағы жоғары тиімді, прогрессивті компания.

 

Бүгін ЮСКО компаниясы –бұл өз штатында 500 қызметкері бар заманауи, қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын. Компания қызметі Республиканың басты қалаларындағы филиалдар желісі арқылы бүкіл Қазақстанды қамтиды. Компанияның бірегей құрылымы клиентке әр түрлі ілеспе қызметтер мен тауарларды ұсынатын бір Компаниямен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін «синержи эффект» артықшылығын ұсынады. Бүгін ЮСКО бизнестің мынадай бағыттары бойынша жұмыс істейді — Жиһаз, Жылжымайтын мүлік, Қоймалар мен логистика, Құрылыс, Халықаралық маркетинг және Интеграцияланған Бизнес Шешімдер –олардың әрқайсысы өз саласында көшбасшы болып есептеледі. Біз өзімізді шынайылық, ашықтық, қызметкерлердің кәсібилігі және өнім мен қызметтердің керемет сапасы үшін сыйлату үшін қолымыздан келгеннің бәрін істеп отырмыз.

 

ЮСКО клиенттерге мынадай мүмкіндік беретін бір-бірін өзара толықтыратын қызметтер кешенін ұсынады:

  • Өз бизнесіңіздің мәніне қатты көңіл бөлу
  • Өнімділікті ұлғайту
  • Сәттілікті арттыру
  • Тұтастық
  • Айқындылық
  • Кәсібилік
  • Командалық жұмыс

 

Компания стратегиясы

Жаңа мүмкіндіктерді тұрақты зерделеу, өнімдер мен қызметтердің жаңа түрлерін ендіру, көрсетілетін қызметтер мен шығарылып отырған тауарлардың сапасын бақылауды жетілдіру.

 

Компания қызметінің қағидаттары

  • Құрылыс
  • Жиһаз шығару
  • Жылжымайтын мүлік
  • Жылыту және желдету
  • Қоймалар және логистика

ОФИС ЖИҺАЗЫ

“USKO Мебель» ЖШС Қазақстандағы кеңсе жиһазының ірі жеткізушілерінің бірі болып табылады. Компания ассортименті Оңтүстік Кореяның көшбасшы өндірушілерінің өнімдерін, сондай-ақ өзі шығарған жиһазды қосады. Сіздерге ұсынып отырған жиһаз қатары өзіне бірінші басшыларға арналған эксклюзивті кабиналарды, орта буындағы басшыларға арналған элегантты серияларды, қызметкерлерге арналған әр түрлі құн санатындағы жиһаздардың кең ассортиментін, сондай-ақ креслолар мен орындықтарды қосады.  Сіздің Кеңсеңіздің әр элементі тек сіздің имиджіңіздің айнасы емес, сонымен бірге қызметкерлердің өнімділігіне ықпал ететін тиімді кеңсе кеңістігін жасауда тиімді инвестиция болып табылады.

 

Өндіріс бағытының бірі қонақ үйлер мен вахталы қалашықтар үшін жиһаз әзірлеу болып табылады. Функционалдылық пен ыңғайлылықпен үйлесетін тиімді баға Сіз үшін тартымды ұсыныс болып табылады.

 

USKO мебель компаниясының жоғары білікті мамандары өндіріс технологиясы, компьютер дизайны, менеджмент, маркетинг және логистика сияқты салаларда сізге жұмыс тиімділігін арттыруға және Сіздің имиджіңізді ерекшелендіруге мүмкіндік беретін ыңғайлы кеңсе жай-күйін жасауға көмектеседі. 

 

Бас кеңсе мен фабрика Алматы қаласында, компания филиалдары Астана, Атырау, Ақтау қалаларында орналасқан.

 

ҚОЙМА ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА

«ЮСКО» –өз клиенттеріне халықаралық деңгейдегі қызметтерін ұсынады. Біз көптеген ірі компаниялармен көп жыл ынтымақтастықтамыз. Бізбен жұмыс істей отырып, Сіз Қазақстанның ең ірі қалалары – Атырауда, Астанада және Алматыда қойма қызметтеріне тапсырыс бере аласыз. Біз NESTLE, MARY KAY, PROCTER & GAMBLE, CHEVRON TEXACO, AGFA сияқты әлемдік өнеркәсіптік алыптармен және көптеген басқалармен ынтымақтастықтамыз.

 

Сіздің ыңғайлық үшін біз өзіміздің қойма үй-жайларымызды өнеркәсіптік аймақтардың орталығында орналастырдық. 

 

Біз қандай қосымша артықшылықтарды ұсынамыз?

  • Қоймаларды 24/7 режимінде күзету
  • Жылдам интернетке деген тәуліктік рұқсат
  • Өрт қауіпсіздігі
  • 12 аналогты телефон желілері (АТС Samsung 60)
  • Бейнебақылау жүйесі
  • Тиеу-түсіру жұмыстарына арналған жабық алаң

 

Сондай-ақ Сіздердің пайдалануларыңызда:

  • Кеңсе үй-жайлары
  • Жүк машиналары мен темір жол поездары кіре алатын қойма кешені
  • Ірі габаритті жүктер мен контейнерлерді сақтауға арналған ашық алаң
  • Асфальтталған аумақ
  • 500 кг-дан 25 тоннаға дейін көтеру қабілеті бар жүк көтеру жабдығының көп саны, оның ішінде: қол домкраттары, шанышқы көтергіштер (электр, газ, дизелді, бензинді)

 

«ЮСКО«-мен ынтымақтастықта бола отырып, Сіз өзіңіздің тауарыңыз уақтылы және қатаң көрсетілген мекенжай бойынша жеткізілетініне сенімді бола аласыз.

 

Біздің мамандар Сізге тек тауарды орналастыруға ғана емес, сонымен бірге барлық қажетті құжаттарды ресімдеуге және өнімді Қазақстанның кез келген жеріне жеткізіп беруге көмектеседі.

 

«ЮСКО»-да Сіз мыналарға тапсырыс бере аласыз:

  • Қарапайым кеден қоймаларындағы және сақтау қоймаларындағы операциялық жұмыстар
  • Вагондар мен контейнерлерді терминалды өңдеу 
  • Кеден брокерінің қызметтері
  • Клиенттің тауар-материалдық қорларына қойма есеп жүргізу және бақылау
  • Тиеу-түсіру жұмыстары
  • Брак өнімдерін қайта буу және жою 
  • Тауарларды Қазақстан бойынша тасымалдау

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ ЖАЛҒА БЕРУ

Біздің компания айтарлықтай белгілі және Қазақстан нарығында танымал болып отыр.  
 
Біздің Мақсат – жылжымайтын мүлік нарығында жоғары сапалы қызмет көрсету және клиенттермен Адалдыққа, өзара Сенімге және Сыйластыққа негізделген әріптестік қарым-қатынастарды дамыту болып табылады. Біз өз клиенттерімізге Алматы, Астана және Атырау қалаларында пәтерлерді, қоймаларды және кеңсе жайларын қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге жалдаудан бастап – қызметтердің толық спектрін ұсынуға қуаныштымыз. Табысты қызметтің құпиясы көбіне серіктестердің қаншалықты сенімді екеніне байланысты. Біз Сізге сенімді серіктес болу үшін бар күшімізді салатын боламыз.

 

Компанияның құрылған кезден бастап осы күнге дейінгі кезеңде жеткен жетістіктері:

  • 1996 ЖЫЛ ҚОЙМАЛАР ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ
  • ​1997 ЖЫЛ САПАҒА СӘЙКЕС КЕЛУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЕНГІЗУ
  • ​2001 ЖЫЛы PROCTER&GAMBLE «ЛОГИСТИКА САЛАСЫНДАҒЫ 2001 ҮЗДІК КОРПОРАТИВТІК ӘРІПТЕС» НАГРАДАСЫН АЛУ.
  • 2002 ЖЫЛ САПАҒА СӘЙКЕС КЕЛУ БАҒДАРЛАМАСЫ PROCTER&GAMBLE КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗ АУДИТОРЛАРЫМЕН 96 БАЛЛМЕН БАҒАЛАНДЫ​
  • 2003 ЖЫЛ САПАҒА СӘЙКЕС КЕЛУ БАҒДАРЛАМАСЫ PROCTER&GAMBLE КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗ АУДИТОРЛАРЫМЕН 96 БАЛЛМЕН БАҒАЛАНДЫ.
  • 2004 ЖЫЛ «ЮСКО ЛОГИСТИКС» ЖШС (АСТАНА Қ.) «ҮЗДІК СВХ 2004» НАГРАДАСЫН АЛДЫ. СЕРТИФИКАЦИЯ ИСО 9001:2000 СТАНДАРТЫНА СӘЙКЕС.
  • 2005 ЖЫЛ САПАҒА СӘЙКЕС КЕЛУ БАҒДАРЛАМАСЫ PROCTER&GAMBLE КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗ АУДИТОРЛАРЫМЕН 100 БАЛЛМЕН БАҒАЛАНДЫ.
  • 2008 ЖЫЛ САПАҒА СӘЙКЕС КЕЛУ БАҒДАРЛАМАСЫ PROCTER&GAMBLE КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗ АУДИТОРЛАРЫМЕН 100 БАЛЛМЕН БАҒАЛАНДЫ.
    NESTLE «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ЛОГИСТИКАЛЫҚ ӘРІПТЕС» МАРАПАТЫНЫҢ АЛУЫ. 2007-2009 ЖЫЛДАРЫ NESTLE «ЕУРАЗИЯДАҒЫ ҮЗДІК ЛОГИСТИКАЛЫҚ ӘРІПТЕС» МАРАПАТЫНЫҢ АЛУЫ.
  • 2010 ЖЫЛ NESTLE “ҮШ ЖЫЛ ӘРІПТЕСТІК –ҮШ ЖЫЛ СӘТТІЛІК” МАРАПАТЫНАҢ АЛУЫ.
  • 2011 ЖЫЛ KIMBERLY-CLARK “ЖЕМІСТІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҮШІН” АЛҒЫС ХАТЫНЫҢ АЛУЫ.​

ЮСКО: Логистикалық жаңа орталық сапалы әрі тиімді қызмет көрсетпек

Қандай салада болсын кәсіби шеберлік пен іскерлік және жи­нақталған мол тәжірибе ауқымды табыстарға сөзсіз қол жеткізетіндігі көпшілікке белгілі. Осы орайда «ЮСКО Логистикс Интернешнл» компаниясының бұл ба­­ғыттағы сәтті қадамдары туралы ерекше атап айту қажет. Ең алдымен, «ЮСКО Логистикс Интернешнл» компаниясы Қазақстан Республикасы аумағындағы ло­гис­­­­тикалық қызмет көрсететін тәжірибелі оператор болып есептелетіндігі көп нәрседен хабар берсе керек.

Жақында «ЮСКО Логистикс Интернешнл» көпшілікке өте тиімді жобаның тұсаукесерін өткіз­ді. Анығырақ айтқанда, өткен ап­таның жұма күні Алматы облы­сының Талғар ауданындағы «Жа­ңа­лық» ауылында жаңа логис­тикалық орталықтың ашылуы сал­танатты түрде өтті. Жаңа кешен құрылысының ашылу сал­танатында сөз алған «ЮСКО Логистикс Интернешнл» компания­сы басқармасының төрағасы, доктор Чан Йан Бэнг «бүгінгі күннің жоғары талабына сай, сапалы жаб­дықтармен жабдықталған ло­гистикалық кешеннің ел эконо­микасын одан әрі арттыруға ық­пал ететіндігін» атап айтты. Қа­зақстан нарығындағы алғашқы логистикалық оператор «ЮСКО-ның» бұл жобасы Оңтүстік Корея­дағы «ММАА» атты ірі халық­аралық инвестор, Әскери өзара көмек ассоциациясымен бірлесіп жүзеге асырылып отыр.

Логистика және қойма сала­сының басшыларының пікірінше, халықаралық инвестордың бұл жобаға мүдделілік танытуының ең басты себебі, Қазақстанда ло­гистикалық индустрияның да­муы­ның келешегіне тікелей қа­тысты. Сонымен қатар, респуб­ли­каның географиялық жағынан орналасу қолайлылығы, көліктік-транзиттік мол қуаты, мемле­кет­тің Кеден одағына енуі мен бо­лашақта Бүкіләлемдік сауда ұйы­мына мүшелікке өтуіне де тығыз байланысты. Алматы облысында өз тұтынушыларына есігін айқара ашқан жаңа логистикалық кешен­нің ең басты ерекшелігі – орталық өз тұтынушыларына логистика­лық және қойма қызметтерінің барлық түрлерін, атап айтқанда, «ЮСКО Интернешнл» қоймаға жеткізілген тауарды қабылдаудан бастап, уақытша қоймада сақтау оны кедендік рәсімдеу, есепке алу және түгендеу сияқты басқа да логис­тикалық операцияларды ұқ­ып­ты әрі тиянақты түрде атқарады.

Компанияның негізгі тұты­ну­шылары болып есептелінетін «Nes­tle», «Kimberly-Clark» пен «Proc­ter&Gamble» және де басқа халық­аралық компаниялармен бір­неше жыл жұмыс істей отыра «ЮСКО Интернешл» өз қызме­тінде қойма­ларда тауарды сақтау­дың халық­ара­лық стандарттарын енгізіп қана қойған жоқ. Сонымен қатар, бұл компания, халықаралық аудит нәти­желері бойынша жоға­ры деңгейге қол жеткізіп, мемлекеттік орган­дар­дың кепілдік сый­лығын да иеленді.

Қайнар ауылдық округіне қа­райтын «Жаңалық» ауылындағы жаңа логистикалық кешен жиыр­ма гектар алаңға орналасқан. Ал, жүк­терді қабылдайтын қойма­лар­дың жалпы көлемі 32000 шаршы метрді құрайды. Қоймадағы орын­дар ар­на­йы температурада жылы­ты­­латын үш түрлі блок­тан тұра­ды. Оған жүк­терді ар­найы сақ­тайтын негізгі аумақ­тан басқа тауар­ларды уа­қыт­ша сақ­тайтын қойма (3200 шар­шы метр) мен ашық алаң (7920 шар­шы метр) және кедендік қой­ма да (1000 шаршы метр) енеді. Әрине, мұның барлығы орталық­тың өз тұтынушыларына көрсе­те­тін қыз­мет­терінің сапалы әрі тиімді бола­тындығының айқын ай­ғағы екендігі айтпаса да түсінікті.

Логистикалық орталықтың тұ­саукесерінде сөз алған Оңтүс­тік­кореялық инвестор «ММАА» өкі­лі Мун Джом Су, кешеннің құ­рылыс жұмыстарын жүргізген бас мердігер «Samsung Enineering» компа­ниясының басқарушы ди­рек­торы Ли Хан Соп, Алматы облысы әкі­мінің орынбасары Сәкен Жылқай­даров және «ЮСКО Логистик Интернешнл»-дің президенті Наз­гүл Оспанова жаңа жобаның мемлекетімізде көліктік-логистикалық кластерінің одан әрі дамуына жол ашатындығын тілге тиек етті. Тағы бір айта кететін жәйт, компа­ния­ның жақсы жабдықталған қойма ғимараттары Алматы қаласында ғана емес, Астана мен Атырау қа­лаларында да бар. Жалпы аумағы 60 мың шар­шы метрге жететін бұл кешендер тұтынушылардың жоға­ры тала­бы­нан шығуда. Олардың ара­­сында отандық компаниялармен қатар, халықаралық компаниялар да бар. 250-дей жұмыс ор­ны­мен қамтамасыз ететін бұл жо­ба­ның болашақта Талғар ауданының әлеу­меттік саласына да қосар үлесі зор десек болады.

 

Компанияның  ірі іске асырған жобалары мыналар болып табылады:

«Peugeot» автосалоны

« ЖШС «Арыстан Авто» Құрылыс департаментінің жұмысы үшін алғысын білдіреді…»

 

Алматы Халықаралық мектебі

Фурманов көшесінің бойындағы бизнес орталық

«Ақ Бұлак» таушаңғы курорты

Шымбұлақ таушаңғы курорты

«Ялян» қонақ үйі

ҚМЭБИ

« ҚМЭБ-нің Құрылыс департаментімен бірлескен жұмысы туралы пікір Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы қазақ менеджмент және болжау институты «ЮСКО» ЖАҚ-ны үлкен жұмысы үшін алғысын білдіреді…»

Таулы Қырат таулы ауданын коттедждермен кешенді түрде соғу

« Жобалау және құрылыс қолданыстағы Құрылыс Нормалары мен Қағидаларына сәйкес, сондай-ақ сейсмика бойынша, жұмыстардың жоғары сапасымен және шартпен белгіленген мерзімдерде орындалды. »

«Luxor» сауықтыру кешені

« Жұмыстар сапалы және жобалау құжаттамасына сәйкес уақытысында орындалды. »

 

LG Electronics үшін «Массагет» зауытын қайта құрастыру

«Porcelanosa» испандық плитка салоны

« ЖШС «ABG» Құрылыс департаментіне «PORCELANOSA» керамикалық плиткаларын сату жөніндегі дүкен құрылысы бойынша жұмыстардың сапалы және уақтылы орындалғаны үшін алғысын білдіреді… »

 

 

 

            «ЮСКО Логистикс Интернешнл» компаниясының тұтынушылары:

  • Қазақстан Республикасындағы монополия болып табылатын компаниялар. Соның ішінде: «Қазақтелеком», «Қазақстан темір жолы», «ҚазМұнайГаз»

Шетелдік компаниялар тәжірибесіндегі, дистрибьютор ретінде  қызмет көрсететін , тауарды өткізумен айналысатын компаниялар: «PEUGEOT», «JTI», «P&G», «Adidas» «Nestle», LOREAL, «Shell» компаниялары

 

 

 

 

          «ЮСКО Логистикс Интернешнл» компаниясының сыртқы ортасы

           Рынок көлемін талдау барысында демографиялық факторлар маңызды орын алады. 
           Мұнда маркетинг халықтың өсім құрылымын, туу мәселелерін қарастыруы қажет.

           Соның негізінде фирма кімге, қанша және қандай тауар өндіретінін біледі.

         Сол арқылы компанияның болашақ тұтынушылары анықталып, жабдықтау

              мәселесі алға қойылады.

 

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТҮРЛЕРІ

Құрылыс ЮСКО Интернешнл қызметінің алғашқы бағыттарының бірі болып табылады. 17 жыл ішінде әр түрлі қиындықтағы және бағыттағы жобалар– өндірістік және өнеркәсіптік үйлер, бизнес орталықтары, әкімшілік үйлер, оқу кешендері, қонақ үйлер, дипломатиялық ведомстволар, биік таулардағы коттедждер және т.б.  орындалды.

 

  • Күрделі құрылыс
  • Қайта соғу
  • Сәулет-құрылыс дизайны
  • Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу
  • Тұрғын үй, әкімшілік және өндірістік үйлерді жөндеу

 

ЮСКО компаниясының тобында жылыту және желдету жүйелерінөндіру, жиһаз өндірісі сияқты бағыттарының болуының арқасында біз «аяғына дейін» жұмыс істейтін бір клиентпен жұмыс істеу артықшылығын ұсына отырып, біздің клиенттерге толық кешенді ұсынуға әзірміз.

              Компанияның ішкі ортасы:

              Компания өз алдында қойған міндеттерінің ішінде:

              Акционерлерге: бизнестің тұрақты, ашық түрде дамуын қамтамасыз 

              ету     және табыс  табу   үшін компанияны бірлесіп және

              қаржылық        басқарудың тиімді механизмін    

.

              Компания өз қызметкерлеріне ұсынады:

  • тұрақты, қарқынды дамып отырған Компаниядағы қызықты жұмысты;
  • кәсіби және мансаптық өсу мүмкіндігін;
  • әр қызметкер өзінің қабілетін толық көлемде іске асыра алатын жағымды 
  • жұмыс     атмосферасын;
  • лайықты жалақыны;
  • әр түрлі корпоративтік іс-шараларды.
  • Компания басшылары қызметкерлерге тиімді жұмыс аясын ұсына отырып,
  • келесі міндетті өз жұмысшыларынан күтеді:
  • Біз өзіміздің командамызға белсенді өмір позицияларымен, нәтижеге қол жеткізу үшін бар күштерін қосуға әзір мақсатқа сай, еңбекқор кәсіпқойларды және жас мамандарды жұмысқа қуана қабылдаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЮСКО Логистикс Интернешнл» компаниясына SWOT талдау

SWOT (ағылшынның SWOT – strength – күшқуат, weak – әлсіздік, opportunіty – мүмкіндік, threat – қатер) –компанияның(фирманың) менеджері өзінің қызметін жүзеге асыратын экономикалық жағдайды, сондай-ақ қолда бар (немесе ықтимал) ресурстарды талдау үшін пайдаланатын қысқарған сөз. Ағылшынның “қуат”, “әлсіздік”, “мүмкіндік”, “қатер” (сыртқы ортаға қатысты) деген мағынаны беретін сөздерінің басқы әріптерінен құралған. Фирманың жай-күйі осы факторларды ескере отырып айқындалады. Сонан соң міндет қойылып, мүмкіндікті пайдаланып, қатерге жол бермеу, қуатты еселеп, әлсіздікті жою жоспарлары жасалады.

SWOT-талдау әдісі тиімді, қол жетімді және ұйымдағы мәселелер мен басқару жағдайын бағалаудың арзан тәсілі. Кеңесшілер ең болмағанда жылына 1 рет ұйымның SWOT-талдауын жүргізуге кеңес береді.

SWOT-талдауы шыққалы бері талдаушылар SWOT-талдаудын өздерінің зияткерлік жұмыстарының құралы ретінде қолдана бастады. Фирма мен бәсекелестік аясының белгілі, бірақ бірікпеген және жүйесіздік көрінісін —   SWOT-талдауы талдаушыларға күштер, әлсіздіктер, мүмкіндіктер мен қауіптердің өзара әрекетін схема түрінде қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Классикалық SWOT-талдауды қолдану нәтижесінде ақпараттардың бірыңғай SWOT-моделі шеңберінде құрамдастыру пайда болады.

SWOT-талдау – бұл бүкіл әлем фирмалараның кеңес беруде қолданылып жүрген ең маңызды диагностикалық процедураларының бірі. Сонымен қатар SWOT-талдауды кез келген ұйымның бизнес-технологиясы ретінде қарастыруға болады және қарастыру қажет.

Жалпы алғанда SWOT-талдау фирманың күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін қызмет етеді. Бірақ SWOT-талдаудың маңызды бөлігі кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын бағалау ғана емес, оның мүмкіндіктері мен қауіптерін, сондай-ақ стратегияға өзгерту енгізудің қажеттілігінің қорытындысы болып табылады.

SWOT-талдауы маркетинг стратегиясын жасаудағы қадам болып табылады. Бұл талдауды жүргізуде әр түрлі сұрақтар туындайды, олар: компанияның стратегиясында ішкі күшті жақтар немесе ерекше басымдылықтар бар ма? Егер компанияда ерекше басымдылықтар болмаса, онда әлеуетті күшті жақтардың қайсысы бола алады? Бәсекелестікте компанияның әлсіз жақтары оның осал жері ме? Немесе олар белгілі бір жағымды жағдайды қолдануға мүмкіндік бермей ме? Қандай әлсіздіктер стратегия барысында өзгертулерді талап етеді? Қандай жағымды мүмкіндіктер компанияға оның дәрежесі арқылы жетістікке және ресурстарға жетуге нақты мүмкіндік бере алады?

Қандай қауіптер менеджерді ойландыру керек және жақсы қорғаныс ретінде ол қандай стратегиялық шара қолдану керек?

SWOT-талдау жүргізу бірнеше бағыттардан тұрады. Сыртқы ортаны талдау бағыты — бұл кез келген фирма нарықпен байланыста қызмет атқарады: нарыққа өнім жеткізу, қызмет көрсету және тұтынушыны сәйкес ақпаратпен қамтамасыз ету. Нарықта фирма ақша және қайтадан – сауда көлемі және жылдамдығы, тұтынушылар ойы, бәсекелетер тауарлары туралы мәлімет және тағы басқа ақпараттар алады. Осы арқылы біртұтас қызмет атқаратын тұйық жүйе қалыптасады. Қорытындылай келе сыртқы ортамен фирма өте тығыз байланыста. Сыртқы  ортаға көбінесе тұтынушыларды, бәсекелестерді, жабдықтаушыларды, қаржы мекемелерін, жарнама агенттіктерін, кедендік және басқа да мемлекеттік органдарды, заңдарды, мемлекеттегі экономикалық жағдайды, саясатты, әдет-ғұрып пен мәдениетті жатқызады.

Ішкі ортаны талдау бағыты — оған фирманың қызметкерлік құрылымы, басқару, жаңа тауарларды құрастыру және тестілеу, тұтынушыға тауарларды жеткізу, өтімділік, қызмет көрсету, жабдықтаушылар мен өзге де сыртқы органдармен қарым-қатынас жатады. Сонымен қатар ішкі орта түсінігіне маман біліктілігі, ақпарат тарату жүйесі тағы басқалары да жатады.

Міне, осы сыртқы және ішкі ортаны талдау арқылы біз фирманың нарықтағы жағдайын біле аламыз. Сонымен қатар, нарықтағы жағдайды бақылап, болып жатқан өзгерістерге икемді болуымыз қажет. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күшті жақтары S

Әлсіз жақтары W

·        Жоғары деңгейде қызмет ұсыну

·         бизнесіңіздің мәнін терең түсінуге, өнімділіктің жаңа құралдарын алып,  сол арқылы табысты арттыруға мүмкіндік береді

·        Ел территориясында орналасқандықтан, нарық жағдайымен жете таныс болуы

·        Ел ішіндегі экономикалық жағдайларды жетік білу

·        Қызмет көрсетуді тиімді бағамен ұсыну

·        Қор нарығын дамытуға қызығушылығы  мол

·        Халықаралық дәрежеде қызмет атқарады.

·        Ел нарығындағы алғашқы  логистикалық оператор

·        Салаға жетіспейтін  тәжірибе, кейбір кемшіліктер

·        Заңдағы шектеулерге байланысты мүмкіндіктерінің аздығы

·        Мемлекет тарапынан қолдаудың жоқтығы

·        Нарықтық ортада беделдің орта деңгейде қалыптасуы

·        Қазақстандағы филиалдар санын арттыруға

·        Логистикалық бөлімін әртараптандыруға

·        Стратегиялық жоспардың бақыланбауы

·        Қор мен қор жұмысы туралы ақпараттардың жеткіліксіздігі

 

Мүмкіндіктері O

Қауіптері T

·        Мемлекет тарапынан қолдаудың күтілуі

·        Қазақстан нарығында толығымен мойындалуы

·        Шетелдік агенттіктермен құқықтарын теңестіретін нормативті-құқықтық актілердің қабылдануы

·        Қызмет көрсету құны жоғары

·        Ел экономикасына төнген қауіп жағдайында халықты тығырықтан шығару

·        Бәсекелестерінің нарықта үлесінің артуы

·        Қазақстанның қор нарығының дамуындағы тежеуші факторлардың пайда болуы

·        Бәсекеге қабілеттіліктің төмендеуі

·        Әлеуетті тұтынушыларының болмауы

·        Елміздің  нарығында мойындалмай қалуы

·        Инфляция жағдайындағы тоқыраулар

 

 

 

 

 

IV «ЮСКО Логистикс Интернешнл» компаниясына SWOT талдау бойынша негізгі ұсыныстар

Қорыта айтсақ, ЮСКО компаниясының негізгі  міндеті дәстүрді сақтай отырып, сол бойынша қазіргі заман талабына сай халықтың басым көпшілігінің  қажеттілігін жоғары сапалы  өнімдерімен жоғары деңгейде қанағаттандыруға бағытталған. Фирма өзіне пайдалы мүмкіндіктерді іздеуге және қауіп-қатердің алдын алуға негізделген сферадан тұрады. Оған кәсіпорынның рынокпен байланысты қалыптастыруға әсер ететін барлық факторлар күші жатады. Фирма жұмысы күнделікті өз мақсатына жету үшін оған тікелей немесе жанама  әсер ететін сыртқы және ішкі орта факторларын үнемі  толыққанды зерттеп, оның барлық даму тенденцияларын ескеру қажет.Юско компаниясының Алматыда,Атырауда,Астанада  филиалдары бар және Қазақстанның ірі қалаларында өз филиалдар санын арттыру арқылы тұтынушыларға жеткізілетін тауарды қысқа уақытта жеткізеді.Компания пайда табуға тұтынушылар әсер ететінін ескерсек,онда бәсекелестерінің алдында біршама артықшылықтиарға ие болады.     Фирма өзінің ұстанған бағытын  ары қарай жүзеге асырып, сыртқы және ішкі ортаның тағы басқа факторларын зерттеп, ескеріп отырса, болашақта фирма пайдасы артып, Қазақстан беделін әлем дәрежесіне көтереді деп сеніммен айтуға болады. Бұдан шығатын қорытынды  фирма маркетингтік ортаны  толыққанды зерттеп, оның факторларының өзгерістерін мұқият бақылап, анализ жасаса, соғұрлым қатерлі жағдайлар тез табылып, жұмыстың пайдасы артады. Маркетингтік ортаның түсінігі мен құрылымдық талдауы кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасын қамтиды. Кәсіпорын өзімен бірге күрделі және өзін-өзі ұйымдастырушы механизмнен (ішкі орта) және кәсіпорын мүмкіндіктері мен тұтынушылар сұранысын қамтамасыз етуші сыртқы орта үдерісін қамтиды. Өндіруші мен тұтынушы маркетинг жүйесінің түйінді элементі болып табылады. Бұл екі элемент бір-бірімен өзара тығыз қарым-қатынаста. Қатынас екі арна арқылы жүзеге асады: тауарлы-ақшалай және ақпараттық. Өндіруші тауарды өндіргеннен кейін оны ақпаратпен қоса тұтынушыға жібереді. Ал тұтынушы өндірушіге сұраныс көлемі мен тауарды іске асырудан түскен ақшаны жібереді. Бұл айырбастың қорытындысында екі жақ өз мақсаттарына жетеді: өндіруші тауарларды іске асыру арқылы пайда табады, ал тұтынушы тауарды алу арқылы өз қажеттіліктерін қанағаттандырады. Өндіруші мен тұтынушының өзара қатынасы нақты және әсерлі болуы үшін маркетингтік жүйеде белгілі элементтер мен факторлар қатары қолданылады. Олардың дүрыс іске асуы табысты маркетингтік іс-қимылдың кепілі. Маркетингтік жоспар жасағанда осы факторлардың дұрыс орындалуын қадағалау керек.

Кәсіпорынның ішкі ортасы бұл — кәсіпорынның өзі, яғни, оның мақсаты, ұйымдастырушылық құрылымы, кәсіпорын жұмыскерлері, капитал иелері мен ішкі факторлар жиынтығы. Ішкі орта факторларының артықшылығы олардың барлығының толықтай бақылынатындығы. Кәсіпорын өз нарықтық мақсаттарына жетуі үшін ішкі ортаның жүйелерін дұрыс іске асыра алуы керек. Ішкі орта мен оның ресурстарының бағалануының түйінді критерийі алға қойылған мақсаттар мен оған қол жету әсері болып табылады. Кәсіпорынның сыртқы ортасы бұл кәсіпорынның тұтынушылармен табысты қатынас орнатуы, кәсіпорынның сыртқы факторлары мен күші, маркетингке қатысты сыртқы қатынасы болып табылады. Кәсіпорынның қызмет ету макроортасы демографиялық, экологиялық, экономикалық, техникалық, саяси, зандық, әлеуметтік және мәдени ортасын қамтиды. Бұл факторларға бірде-бір кәсіпорын әсер ете алмайды.

Кәсіпорын макроортасының мониторингісі мен талдауы кәсіпорынның дәл уақытында дұрыс басқарушылық шешім қабылдауы мен микроорта қызметінің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Мысалы, кәсіпорын өзінің қызмет жасап жатқан аймағының демографиялық көрсеткішіне еш әсер ете алмайды, ол тек басқа аймаққа ауыса алады. Екінші жағынан, кәсіпорын өз бәсекелестеріне әсер ете алады (кәсіпорын көлеміне қарай және өз маркетингтік бағдарламасын дұрыс қолдана алуы арқылы). Бұл факторлар мен күштер кәсіпорын жағынан тікелей бақылауға бағынбайды. Қоршаған ортаны жүйелі түрде зерттеу өзгермелі маркетингтік ортаның маркетингтік стратегиясын дұрыс түзету мен бейімделуін қамтамасыз етеді.

Фирманың маркетингтік ортасы бұл — фирманың ішкі ортасында ғана қызмет етпейтін және басқару мүмкіндіктеріне әсер ететін белсенді субъектілер мен күштер жиынтығын айтады. Маркетингтің қызметі — мақсатты тұтынушылармен табысты қатынасты орнату мен оны қолдап отыру.

Маркетингтік орта мақсатты түұтынушылармен тығыз қатынасты орнататын фирманың қызмет етуші сыртқы субъектілері мен факторларынан тұрады. Бұлардың барлығы маркетинг бөлімінің қалыпты дамуына әсер етеді.

Менің ойымша бұл компанияның болашағы зор деп ойлаймын.Себебі Юско еліміздегі алғашқы логистикалық оператор болып табылады.Сонымен қатар оның бір артықшылығы  «PEUGEOT», «JTI», «P&G», «Adidas» «Nestle», LOREAL, «Shell» компанияларымен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатқан.Енді компанияның қызметі жоғары деңгейге жету үшін бірқатар ұсыныстар ұсынамын.Компания тауар сапасын жоғарылату арқылы  өздерінің тұрақты тұтынушыларын көбейте алады.

 

 

 

 

                Пайдаланылған әдебиеттер

www.usko.kz

http://ikaz.kz/marketing-zhane-onyn-ortasy/

https://kk.wikipedia.org

http://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/19359/

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B2%D0%BE%D1%82