Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы туралы жалпы түсініктеме.
1.1 «Маңғыстаумұнайгаз» акцинерлік қоғамының даму кезеңі.
2.1 «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамына қатысты мәліметтер
2002 жылдың 1 желтоқсанға
- «Oil Services Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылу тарихы мен бүгінгі еңбектері.
- «Oil Services Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдастырушылық құрылымы.
- «Oil Services Company» ЖШС-ндағы Бухгалтерлік Есеп басқармасы.
- «Oil Services Company» ЖШС-ндағы Кәсіпкерлікті Жоспарлау Басқармасы.
- «Oil Services Company» ЖШС-нің технико экономикалық көрсеткіштері мен оны талдау.
3.1 Серіктестіктің шаруашылық қызметін талдау.
3.2 «Oil Services Company» ЖШС-тің 2000 жылғы қаржылвқ қорытындысы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Өндірістік тәжірибе өту мерзімі 4 апта (25.02.08-22.03.08). Өтетін жері Маңғыстау облысының Ақтау қаласында орналасқан “Маңғыстаумұнайгаз” Акционерлік Қоғамына техникалық қызмет көрсететін “Oil Services Company” Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестікте. Серіктестіктің өндірісті материалдық техникалық қамтамасыз ету басқармасында өндірістік тәжірибені өткіздік.
Бұл басқарманың басты мақсаты болып акционерлік қоғам «Маңғыстаумұнайгаздың» негізгі кенорындары Жетібаймұнайгаз және Қаламқасмұнайгаз басқармаларын негізгі материалдармен, құрал жабдықтармен, техникалармен қамтамасыз етумен айналысады. Сонымен қатар бұл бөлім барлық ұңғылардағы бұрғылау жұмыстарын бақылап, бригадалардың ұңғыны жерасты және толықтай жөндеу жұмыстарын жүргізуін бақылайды.
“Oil Services Company ” ЖШС құрылымын, әр бөлімінің функционалдық қызметін, өзімнің бекітілген бөлімнің міндеті мен функцияларын, жоғары, орта және төменгі басқару деңгейінің басқару әдістерін бақылап, артықшылықтары мен кемшіліктерін табу арқылы талдау жасадым.Сауалнама жүргізу арқылы бөлімше қызметкерлерінің өз жұмысына деген қөзқарасын тексеріп, талдадым.
“Oil Services Company ” жауапкершілігі шектеулі серіктестік бірнеше бөлімдер мен басқармаларға бөлінеді. Атап айтатын болсақ Қаржы және Бухгалтерлік есеп басқармасы, Кәсіпкерлікті Жоспарлау басқармасы және т.б.
Қаржы және Бухгалтерлік есеп басқармасының негізгі жұмысы қаржылық талдау жасау, оның қозғалысын реттеу, еңбекақы қорын ұйымдастыру, шығындарын азайту және кәсіпорын табысын ұлғайту, электроэнергияны,байланысты, көлікті тиімді пайдалану.
“Oil Services Company ” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жоспарлау қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады және де экономикалық жетістіктің негізгі критериі болып есептеледі. Өте жақсы технологияны алуға болады, өндіріс қуаттылығын арттыру процестерін жетілдіру. Жобалау концепциясын ұйымдастырудың негізін қазіргі кезде өсіп келе жатқан жеке тұлғаның ролі, оны ынталандыру мүмкіндіктері, ұйым алдындағы белгіленген міндеттерге сәйкес бағыттап отыру. Біздің еліміздегі қалыптасқан мұндай жағдай, саяси және экономикалық жүйелердің өзгеруі үлкен мүмкіндіктер мен қатар әрбір тұлғаға белгілі бір дәрежедегі қауіптер де тудыруы мүмкін. Отандық және шетел тәжірибелерін ұштастыру өндірісті жоспарлау жүйесінің басты мақсаты болып саналады.
“Oil Services Company ” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің негізгі мақсатының бастысы акционерлік қоғам «Маңғыстаумұнайгаздың» басқаруымен басқа да еншілес компаниялырмен бірігіп жұмыс істей отырып, Қаламқас және Жетібай кенорындарындағы мұнай өндіру көлемін жоғарлатып және кәсңпкерлерге техникалық қызмет көрсету болып табылады.
- «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы туралы жалпы түсініктеме.
“Маңғыстаумұнайгаз” ашық акционерлік қоғамы — Қазақстан Республикасында ірі мұнай өндіруші кәсіпорындардың бірі. Басты орталығы Батыс Қазақстандағы Каспий теңізінің жағалауындағы Ақтау қаласында орналасқан.
Басты тауар өнімі сәйкесінше орнатылған талаптарымен мұнай және онымен шығатын газ болып табылады.
Негізгі айналысатын қызметі:
- Көмірсутекті шикізат жатынын барлау
- Мұнай және газ ұңғыларын іздеудің барлаулық, құрылымдық және эксплуатациялық бұрғылау
- Мұнай және газ кеніштерін орналастыру, құрылыс-монтаждық және жөндеу-құрылыс жұмыстары, автокөлік жолдарының құрылыс және жөндеу жұмыстары
- Мұнай және газды өңдеу
- Тұтынушыларға жеткізілетін мұнайды өнеркәсіп ішіндегі жинау, жеткізу және кешенді дайындау
- Республикадағы мұнай өңдеуші зауыттарда мұнай өнімдерін өңдеуден кейінгі іске асыру
- Мұнайкәсіптік және электромеханикалық құрал-жабдықтарға жөндеу және қызмет ету, бақылау-өлшеу саймандарының қолданыстағы ұңғыларға, автоматизация құралдарының өндірістік процестері, байланыс құралдарының эксплуатациясы және монтаж
- Шикі мұнай және мұнай өнімдерінің ішкі және сыртқы нарығының маркетингі және зерттеу
- Тауар және қызмет көрсету экспорты және импорты бойынша операцияларды орындау, шетел фирмаларын тиімді сыртқы экономикалық байланыс, сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық әрекет етуді жетілдіру
- Кенішті барлау процесін ақпаратты-есептеу қызмет ету.
1.1 «Маңғыстаумұнайгаз» акцинерлік қоғамының даму кезеңі.
“Маңғыстаумұнайгаз” Ашық Акционерлік Қоғамының алғашқы кезеңдері.
1963 жылы
1963 жылы 27 қарашада Батыс Қазақстан совнархозының № 280 мемлекеттік мекеме “ Маңғышлақ мұнай” өндірістік бірлестігі құрылды.
1965 жылы
1965 жылы 15 қазанда Қазақ ССР-нің жоғарғы Кеңес Президиумының бұйрығы және 1965 жылы 16 қазанда Қазақ ССР-нің Министрлер Кеңесінің № 675 орнатуымен “Маңғышлақмұнай” өндірістік бірлестік “Қазақстанмұнай” өндірістік бірлестікке ауысты.
1970 жылы
1970 жылдың 4 тамызында СССР мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінің №405 бұрығымен “Қазақстан ” өндірістік бірлестік “Маңғышлақмұнай” өндірістік бірлестігі болып аталды.
1992 жылы
1992 жылы 11 қыркүйекте мемлекеттік мұнай серіктестігінің № 100 бұйрығымен “Маңғышлақмұнай” өндірістік бірлестігі “Маңғыстаумұнайгаз” өндірістік бірлестігіне айналды.
1994 жылы
16 қарашада Қазақстан Республикасының мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен “Маңғыстаумұнайгаз” өндірістік бірлестігі құрамынан Жаңаөзен қаласында кеніші бар “Өзенмұнайгаз” өндірістік бірлестігі негізінде құрылған “Өзенмұнайгаз” МГӨБ шығарылды.
— желтоқсанда “Маңғыстаумұнайгаз” өндірістік бірлестік құрамында Тампожды басқарма құрылды.
— “Орикс” америка компаниясы, “Жарқын” ЖШС, ПОМП-пен бірлесе “Арман” кенішін қолдану бойынша “Арман” біріккен қазақ-американ кәсіпорынын құрды.
1995 жылы
1995 жылдың 24 мамырында Маңғыстау территориалдық комитет коллегиясының мемлекет меншігінің № 24 орнатуы бойынша — “Маңғыстаумұнайгаз” өндірістік бірлестік мемлекеттік кәсіпорын ашық типті акционерлік қоғамға айналды.
— Вахталық поселок 416 жұмыс орны бар Қаламқас кенішіне объекттерді енгізу
— Ақтау қаласында орналасқан 70 орны бар “Маңғыстаумұнайгаз” акционерлік қоғамының автостанциясы
— 75 орны бар Таушық поселкасында амбулатория
Қаламқас кенішінде алғаш рет “Энтерра Патко компании ЛТД” фирмасының винттік насостарын сынау және енгізу әрекеттері басталды.
1996 жылы
Қаңтарда төтенше акционерлердің жалпы жиналысымен “Маңғыстаумұнайгаз” акционерлік қоғамы құрылымында төмендегілер құрылуы шешілді:
- “Бұрғышы” ЖШС
- “Маңғыстаубарлау” ЖШС
- “Маңғыстаумұнара” ЖШС
- “Химремонтскважин” ЖШС
- “Жетібай технологиялық көлік” ЖШС
- “Бұзашы технологиялық көлік” ЖШС
- “Маңғыстау технологиялық көлік” ЖШС
- “Арай” ЖШС
- “Мұнайшы” ЖШС
- “Маңғыстаумұнайжолдары” ЖШС
- “Мұнаймаш” ЖШС
- “Ремкразтрак” ЖШС
- “Жетібаймұнайқұрылыс” ЖШС
- “Мұнайқұрылыс” ЖШС
- “Ақтауқұрылысбасқармасы” ЖШС
- “Шегендеу” ЖШС
- “Маңғыстауэнергомұнай” ЖШС
1997 жылы
“Маңғыстаумұнайгаз” акционерлік қоғамының жарияланған тендер бойынша 65% акциясын басқаруға “САР” компаниясы иелік етті.
1998 жылы
“САР” компаниясының келісімшартқа қолтаңба қойылып және оның толық құқына енгеннен кейін қоғамның қайта құрылуы басталды.
- “Оман Ойл компани ЛТД” және “Эмир Петролиум компани” компанияларымен Дунга және Солтүстік Бұзашы кеніштерін барлау және қолдану.
1999жылы
1999 жылдың 12 қаңтарында акционерлер қоғамы жиналысының шешімімен “Маңғыстаумұнайгаз” ашық типті акционерлік қоғам “Маңғыстаумұнайгаз” ашық акционерлік қоғамы болып аталды.
Жүргізіліп жатқан қоғамның қайта құрылуымен мамыр айында “Маңғыстаумұнара” ЖШС-на “Ақтауқұрылысбасқармасы” ЖШС және “Жетібаймұнайқұрылыс” ЖШС, ал “Жетібай технологиялық көлік” ЖШС-на “Мұнайшы” ЖШС және “Ремкразтрак” ЖШС бірікті.
1.2 «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамына қатысты мәліметтер
2002 жылдың 1 желтоқсанға
№№ Пп |
Атауы |
Айналысатын қызметі |
|
“Маңғыстаумұнайгаз” ААҚ |
— Мұнай және газ кеніштерін барлау және игеру; — Мұнай және газды өндіру; — Мұнайгаз шикізатын және өндіру өнімдерін іске асыру; |
“Маңғыстаумұнайгаз” ААҚ-мен әрекеттесетін ЖШС-лар
1 |
“Oil Transport Corporation”: — “Жетібай технологиялық көлік” — “Бұзашы технологиялық көлік” — “Арай”
|
— Арнайы техникамен қызмет көрсету; — Вахталық жолаушылар тасымалдау; |
2 |
“Oil Services Company”: — “Химремонтскважин” — “Шегендеу” -“Бұрғышы” |
— Қаламқас кенішінде ұңғыларды толық және жерасты жөндеу; — Мұнай және газ өндіру технологиялық процестерінде химизациялау; — Цементті агрегаттарды қолданумен арнайы қызметтер көрсеету; — Жетібай кенішінде ұңғыларды толық және жерасты жөндеу; |
3 |
“Oil Construction Company”: — “Маңғыстаумұнара” — “Мұнайқұрылыс” — “Маңғыстаумұнайжолдары”
|
— Мұнай және газ кеніштеріне құрылыс және орналастыру; — Мұнарақұрылыс; — Кеніштерде автокөлік жолдарын қызмет ету және ; |
4 |
“Денсаулық” |
Санаторлы-курорттық емдеу бойынша қызмет көрсету; |
5 |
“Маңғыстауэнергомұнай”
|
— Өнеркәсіптік электржүйелерін қолдану; |
6 |
“Мұнайтелеком” |
— автоматика, байланыспен қамтамасыз ету. |
- «Oil Services Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылу тарихы мен бүгінгі еңбектері.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үш мекеменің «Бұрғышы», «Шегендеу», «Ұңғыларды күрделі жөндеу және химияландыру» қосылуының негізінде 2001жылдың наурыз айында құрылды.
Әр қайсысының 20-жылдық өркендеу тарихы бар, Маңғыстау түбегінің мұнай кен орындарын игеруде өз үлестерін қосып ат салысуда.
Жетібай, Асар, шығыс Жетібай, оңтүстік жетібай, Қаражанбас, Қаламқас, Құмкөл және т.б. кен орындары осы ұжымдардың күшімен қазылып игерілді.
Серіктестік Қаламқас және Жетібай кен орындарындағы жұмыстарды «Жетібай Сервиз» және «Қаламқас Сервиз» екі өндірістік басқармасы арқылы атқарылады. Әр басқармада ұңғыларды күрделі жөндеу, жерасты жөндеу, бұрғылау, технологиялық көлік автотізбектері, мұнай өндіру процесстерін технологиялық химияландыру цехі, орталық өндірістік қамту базасы жұмыс істейді.
Орталық өндірістік қамту базасы және кенорындарда орналасқан осы базаның филиалдары өндірістің айналым қорын жасап,материалдық ресурстармен, мұнай кәсіпшілігіне қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді.
Серіктестіктің обьектілерінде бірнеше жылдар бойы Совет Кеңесінің дәуірінде шындалаып жаңа ғылыми тұрғыдан өңделген технологияларды отандық және шет елдік құрал жабдықтарды пайдалана отырып жүзеге асырады.
Серіктестік жұмыс барысында жақын және алыс шет елдерде бар жаңа технологияларды енгізу бағытында тұрақты іздену жұмыстарын жүргізіп отырады.
Серіктестік «Қабатты жоғарғы қысымда жару металургиясы және арнайы машина құрастыру» Акционерлік қоғамымен тығыз қызметтік байланысты.
Ұңғыларды күрделі жөндеу саласы бойынша Серіктестік «Smith Oversices Services» фирмасымен тығыз қызметтік қарым қатынаста. «Smith Oversices Services» фирмасы мұнай кәсіпшілігіне қажетті шет елдік құрал жабыдықтармен қамтамасыз етіп, мамандарды оқытуды ұйымдастырады.
Серіктестік жұмысшылардың бос уақытын пайдалы әрі қызықты өткізуді алғашқы міндеттерінің бірі деп санайды. Серіктестікте ұжымнан құрылған футбол, волейбол командалары халықааралық, қалалық, аудандық спорт жарыстарына белсенді қатысып бірнеше мәрте құнды сыйлықтармен марапатталып алғашқы орынды жүлделерге ие болып келеді.
“Oil Services Company ” жауапкершілігі шектеулі серіктестік “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ-на және Қаламқас және Жетібай кенорындарына технологиялық қызмет көрсететін. Оның ішінде бұл еншілес компания Жетібай және Қаламқал кенорындарында болатын әртүрлі кішігірім және толықтай жөндеу жұмыстары жүргізеді. Оның атқаратын қызметін ұңғыны жерасты жөндеу және қңғыны толықтай жөндеу болып екіге бөлінеді. Осы қызметтерді орындау үшін түрлі түрлі бригадалар құрылған. Жыл басында әрбір бригаданың өз жоспары мен қызметі анықталып беріледі. Алдынғы жылғы атқара жұмысына қарай отырып, осы жылғы жұмыс шамасын да айқындап береді. Бригаданың негізгі жұмысы ұңғылар бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу. Егер де әртүрлі себептерге байланысты тоқтаулар болса, онда бригада үшін де, Серіктестік үшін де шығын болып табылады. Сондықтан әрбір бригада жұмысын компания үнемі тексеріп отырады және болуы мүмкін ақауларды алдын ала анықтап, алдын алады. Бұл жұмысты атқару үшін де серіктестік жанында бөлімшелер де құрылған. Бұл бөлімшелер кенорындарға негізгі материалдар мен техниканы жеткізумен айналысады.
«Oil service company» ЖШС-нің 2005 жылғы қолданыстағы негізгі қорларының калькуляциясы
№ |
Шығын түрлері |
Ай бойынша соммасы,тенге |
1 |
Негізгі және қосалқы материалдар |
384188 |
2 |
Электроэнергия |
24000 |
3 |
Транспорт шығындары |
889906 |
4 |
Байланыс |
74830 |
5 |
Еңбекақы қоры |
2547308 |
6 |
Сақтандыру қорына төлем |
602090 |
7 |
Амортизация |
1393958 |
|
Ай бойынша барлық шығындар |
5916280 |
2.1 «Oil Services Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдастырушылық құрылымы.
2003 жылы Серіктестіктің басты өндірістік қызметі болып эксплуатациялық қңғылардың құрылылысы, ұңғыларды толықтай және жерасты жөндеу болып табылады.
Есептік жылдың басында еншілес компанияның құрамына кірген бөлімшелер:
- Басқару аппараты;
- Ұңғыларды бұрғылау цехі;
- Ұңғыларды толықтай және жерасты жөндеу цехі №1,№2;
- өндірістік қызмет көрсету базасы:
құрамында: бұрғылау және мұнай кенорынындағы құрал жабдықтарды жөндеу цехі, құбыр жөндейтін цехі, электроқұрылғыларды жалға беру, жөндеу цехі, құбыр – инструменталды цехі.
- Технологиялық көлік және арнайы техника цехі;
- Оқу –үйрету комбинаты;
- Жөндеу құрылыс учаскесі;
- Жартасты шығару керьерасы;
- Өндірістік обьектілерді қорғау учаскесі.
Жылы серіктестіктің ұйымдастырушылық құрылымында көптеген күрделі өзгерістер болды. Акционерлік қоғам «Маңғыстаумұнай газдың» оперативті тапсырмасын ұңғыларды толықтай және жерасты жөндеуді жүзеге асыру мақсатында Серіктестікте қосымша бес КПРС бригадалары құрылды:
- Ұңғыларды жерасты жөндеу жұмысының көбеюіне байланысты ЦКПРС №1 бригадасы құрылды (шілде айындағы серіктестіктің он тоғызыншы бригадасы);
- ГРП бағдарламасы мен Кремко-100,УПА-60 А көтергіш станоктарын пайдалану мен жүзеге асыруна байланысты төрт ЦКПРС №2 бригадалары құрылды (шілде, тамыз айындағы серіктестіктің 20,21,ал қыркүйек айындағы 22,23 бригадасы)
Еңбекақы қорын үнемдеу мен шығындарды төмендету мақсатында, 2003жылдың бірінші жартысы бойынша АҚ «ММГ» баланстық комиссиясы және 07.09.2003 жылдың жауапкершілігі шектеулі серіктестік ССУП комиссиясының шешімі негізінде, бұрғылау жұмыстарын қаржыландыру болмағандықтан, компанияның шаруашылық қаржылық қызметіның шығынға ұшырауына байланысты:
- Қаламқас кенорынындағы СП «Арманмен» келісімшарты бойынша ұңғыларды бұрғылау үшін Қаламқас кенорынындағы ұңғыларды бұрғылау цехі қайта құрылды және 35 адамнан тұратын бір бұрғылау бригадасы құрылды.
- Штаттық кестедегі мамандарды қысқыарты.
- Бірігу арқылы цехтар, бөлімшелер құрылды:
- Механика энергетика бөлімшесі;
- Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау бөлімшесі;
- БПО қарамағындағы ұңғыларды және құрал жабдықтарды жалға беру және жөндеу цехі;
- БПО қарамағындағы жөндеу және шаруашылық цехі.
Желтоқсан айында Қаламқас кенорынындағы бұрғылау жұмыстарын жаңартумен байланысты 35 адамнан тұратын бір бұрғылау бригадасы құрылды.
Есепті жылдың айағында компанияның жұмысшылар саны 958 адам болды (жыл басында 903):
- Жұмысшылар -774
- Басқарушы қызметкерлер мен мамандар –184 адам
Орта жылдық адам тізімі 910 адам.
Жылы серіктестікті материялдық техникалық қамсыздандыру ортаалықтандырылған УМО басқармасымен жүзеге асырылды. Бар материалды, құрал жабдықтарды, құрылғыларды, ГСМ, химиялық реагентерді бөлу УМО-ның қолда бар материалдар негізігде жүзеге асырылды. Бұрғылу жұмыстарын қамтамасыз ететін орталықтандырылған УМО жұмыстарын болашақта жақсару қажет.
«Oil service company» ЖШС-нің 2003 жылғы негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері
№ |
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлік |
Желтоқсан |
Жыл басынан |
||||
жоспарлы |
есепті |
Атқарылған % |
жоспарлы |
Есепті |
Атқарылған % |
|||
1 |
Жұмыс көлемі-барлығы |
мың теңге |
151492 |
136065 |
89,8 |
1715274 |
1072567 |
62,5 |
|
Соның ішінде: ПРС |
мың теңге |
80796 |
59012 |
73,0 |
842133 |
522439 |
62 |
|
КРС |
мың теңге |
55445 |
28106 |
50,7 |
727022 |
308001 |
42,4 |
|
НКТ жөндеу |
мың теңге |
8000 |
6425 |
80,3 |
54504 |
69112 |
126,8 |
|
Объектіні қорғау |
мың теңге |
7251 |
7251 |
100 |
91615 |
91615 |
100 |
|
Арман |
мың теңге |
|
35271 |
|
|
81400 |
|
2 |
Еңбек көлемінің натуралдық мөлшері |
|
|
|
|
|
|
|
|
ПРС |
ұңғы |
90 |
87 |
96,7 |
1074 |
869 |
80,9 |
|
КРС |
ұңғы |
11 |
7 |
63,6 |
136 |
69 |
50,7 |
|
НКТ жөндеу |
құбыр |
24890 |
22442 |
90,2 |
189703 |
242581 |
127,9 |
|
Арман |
метр |
|
2551 |
|
|
5345 |
|
2.2 «Oil Services Company» ЖШС-ндағы Бухгалтерлік Есеп басқармасы.
«Oil Services Company» ЖШС—нің бухгалтерлік бөлімшесінің жалпы ережелері
- Қаржыны және бухгалтерлік есеп басқармасы бухгалтерге бағынатын, компанияның отдел құқындағы дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
«Oil Services Company» ЖШС—нің бухгалтерлік бөлімшесінің тапсырмалары
- Компанияның қаржы-шаруашылық ұйымдастырушылық есебі
- Компанияның меншігіндегі құрал-жабдықтар және тағы да басқалары, ақшалай қаражат және материалдық құндылықтарды тиімді қолдану және тағы да басқаларына бақылауды орнату.
«Oil Services Company» ЖШС—нің бухгалтерлік бөлімшесінің құрылымы
- Қаржыны және бухгалтерлік есеп басқармасының құрылымы мен штаттарын компанияның директоры мамандардың сандық нормативімен және құрылымдық аппарат түрлерін басқару және жұмысшылардың жұмыс ету көлемі және өндірістің ерекшеліктерін ескеріп орнатады.
- Қаржыны және бухгалтерлік есеп басқарма құрамына кіреді
Компанияның негізгі атқаратын қызметтері.
- Бухгалтерлік есепті рационалды және сенімді ұйымдастыру. Ол компанияны оперативті жүргізу, есепті жүргізудің қатал ережелерін сақтауды талап етуіне жауап береді.
- Кең қолданысты компьютеризацияны қолдану негізінде бухгалтерлік есеп әдістерін және озық техниканы енгізу.
- Негізгі қорлар, шикізат, материал, отын, компанияның ақшалай қаражаттары және басқа да құндылықтары, шығын сметаларын орындау есебін ұйымдастыру.
- Компания жұмысшыларының еңбекақы бойынша есебін ұйымдастыру.
- Бухгалтерлік есеп нәтижесі,өнімнің өзіндік құн калькуляцияның нәтижесін құру.
- Салықты уақытында және бақылау жүргізу, бюджетке табыстан және басқа да төлемдерден және де күрделі жөндеу жұмыстарына амортизациялық қордан қаржылық шығындардан, банктерден несиені өтеуді жүргізу.
- Бухгалтерлік есеп шоттарындағы операцияларды құжаттық түрде енгізу, ақшалай қаражаттар қозғалысымен байланысты салықты аудару және есептеу, бюджетке табыстан және тағы да басқаларынан аудару.
- Негізгі қорлардың инвентаризациясын өз уақытында жүргізуге, негізгі қаражат, ақшалай қаражат, тауарлы-материалдық құндылықтар, құрылымдық бөлімшелердегі ревизияға бақылау орнату.
- Жетіспеушіліктің алдын алуын ескеру, шығын және тағы да басқа бұзушылық пен зияншегушілік мақсатымен өз уақытында құжатты толтыруды қамтамасыз ету, бақылау орнату мақсатымен берілген құжаттарды қажетті уақытта сотты-тергеу органдарына таапсыру.
- Алғашқы мәліметтер және сәйкесінше бухгалтерлік жазу, өз уақытымен керекті органдарға құжатты тапсыру негізінде бухгалтерлік есепті құру.
- Бухгалтерлік есеп және ішкі шаруашылық резервтердің есебін шығару, жоғалтуларды жою және өнімсіз шығындарды жою негізінде мекеменің қаржы-шаруашылық экономикалық анализін орнату.
- Есепті құжат және рационалды жоспарды, методикалық басқару және енгізудегі ұйымдастырушылық жұмыстар, ішкі шаруашылық есеп іс-әрекеттерін кеңейту және жетілдіру істеріне қатысу.
- Алғашқы есеп құжаттарын белгілі бір типтегі сәйкестірілген түріндегі орнатылуын қолдану, осы құжаттарды толтыру барысында қатаң ережелерді сақтауды орнату.
- Қатаң кассалық және есептік дисциплинаны орнатуды қамтамасыз ету, банктан алған қаражатты бағыты бойынша тиімді жұмсау, чектерді толтыру және чек кітапшаларын ережелерін сақтауды қадағалау.
- Бухгалтерлік құжаттарды және бухгалтерлік архивтерді белгілі тәртіпте сақтауды қамтамасыз ету.
- Бақылау орнату:
- Шикізат, материал, отын, дайын өнім, тауар және тағы да басқа құндылықтардың тиімді және өз уақытында қабылдауды рәсімдеу және шикізатты жұмсау, уақытында жабдықтаушы ұсыныстарын жасау.
- Еңбекақы төлеу қорын уақытында жұмсау, сыйлықақы және әртүрлі премияларды аудару және жіберу, төлем және қаржы дисциплинасын орындау.
- Бухгалтерлік есептен жетіспеушілік, жоғалтулар, дебиторлық қарыздар және тағы да басқа заңды және ақталған жазулар.
- Тауарлы-материалды құндылықтарды берілген тәртіппен бағалауды уақытында және тиімді өткізу және рәсімдеу.
«Oil Services Company» ЖШС—нің бухгалтерлік бөлімінің жауапкершілігі:
Қаржыны және бухгалтерлік есеп басқармасы мәселелері мен функцияларының сапалы және уақытында орындалуына басты бухгалтер жауапты.
Жұмысшылардың жауапкершілік дәрежесі лауазымды ережелермен орнатылады.
«Oil Services Company» ЖШС—нің бухгалтерлік бөлімшесінің құқықтары:
Басты бухгалтерияның қызметіне кіретін қызметті жоспар, есеп, анықтамаларды компания бөлімшелерін талап етуге;
Компанияның бухгалтерлік есеп және балансына, компанияның өндірістік-шаруашылық қызметінің жоспарда көрсетілген басты көрсеткіштердің орындалуы туралы статистикалық есеп беру, ақшаны қабылдау және аудару, материалды және мекеменің өзгермелі несиелік және есептік міндеттерін, сонымен қатар басқа да құндылықтар негізі болатын құжаттарға қол таңбасын қоюға құқықты. Берілген құжаттар басты бухгалтердің және оның орынбасарының қолтаңбасынсыз жарамсыз болып саналады;
Сыйлықақы және еңбекақы шартын орнату және өзгерту, қабылдау, мекеменің материалды жауапкер адамдарын басқа жаққа орналастыру және жұмыстан босату, құндылықтарды қолдану бұйрықтары компанияның келісілген келісімшартмен қарастырылады ;
Ақша қаражатын, құрал-жабдықтар, материалдарды және басқа құндылықтарды сақтау және қолдану заң және орнатылған қабылдау тәртібіне қатерін әкелетін құжаттарды қабылдамау және жібермеуге құқы бар ;
Қаржыны және бухгалтерлік есеп басқармасы қызметіне кіретін сұрақтар бойынша басқа компаниялармен байланыс орнату ;
Қаржыны және бухгалтерлік есеп басқармасының тапсырмаларын берілген қызмет шеңберінде орындауға тиісті және бұл мекеме бөлімшелеріне міндетті тапсырма болып саналады.
2.3“Oil Services Company ” ЖШС-ндағы Кәсіпкерлікті Жоспарлау Басқармасы.
«Oil Services Company» ЖШС-ндағы Кәсіпкерлікті Жоспарлау Басқармасының
жалпы ережелері
- Кәсіпкерлікті жоспарлау басқармасы мекеменің директорына бағынатын дербес құрылымдық бөлімше болып табылады.
«Oil Services Company» ЖШС-ндағы Кәсіпкерлікті Жоспарлау Басқармасының тапсырмалары
- Мекеменің экономикалық жоспарлау жұмысын басқару мекеменің шаруашылық қызметін ұйымдастыру, неғұрлым жоғары экономикалық тиімділікке жету мақсатымен өндіріс резервтерін анықтау және қолдануға бағытталған.
- Мекеменің кешенді экономикалық анализ қызметі және еңбек өнімділігінің өсу дүрсілін жылдамдату бойынша жасалған мейрамдарға қатысуды, өндіріс қуаттылығын, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді қолдануды, өндіріс рентабельділігін көтеруді ұйымдастыру.
- Ішкі өндірістік қалыптастыру мен жоспарлауды ұйымдастыру және жетілдіру.
- Көлік қызметі мен жоспарлы-есеп бағасына калькуляция, есеп бағаларын құрастыру.
«Oil Services Company» ЖШС-ндағы Кәсіпкерлікті Жоспарлау Басқармасының құрылымы
- Басқарманың құрылымы мен штаттарын мамандардың сандық нормативімен және құрылымдық аппарат басқармасының түрлерімен, жұмысшылардың жұмыс көлемі мен өндірістің ерекшеліктерін ескеріп орнатады.
- Басқарманың құрамына технико-экономикалық жоспарлау, өзіндік құн, баға, экономикалық анализ, есеп пен статистика, калькуляция, норматив және тағы да басқалары бойынща мамандар кіреді.
- Басқару жұмысшылары арасындағы міндеттерді лауазымды ережелерге және қазіргі жағдайына байланысты бөледі.
«Oil Services Company» ЖШС-ндағы Кәсіпкерлікті Жоспарлау Басқармасының құқықтары.
- Кәсіпкерлікті жоспарлау басқармасының қызметіне кіретін, жұмыс орындауға қажетті келісті басқармалардан, бөлімдерден, цехтардан мәліметтерді талап етуге.
- Басқа бөлімдермен құрылған сметалар, экономикалық тиімділік есептерін тексеруге және қолдауға
- Басқа бөлімдерді жоспарды және бөлек тапсырмаларды орындауға ынталандыру
- Басқармалар, автоколоналар, цехтарға техико-экономикалық есеп және жоспарлау методикасы бойынша керекті жиналыстар өткізу, сұрақтар бойынша мекемеге және басқа да кәсіпорындарды өндірістік-шаруашылық жоспарлау қызметімен байланысты мәліметпен қамтамасыз ету, орындалған жұмысқа баға, тариф және статистикалық нәтижесін жасауға тапсырмалар беруге
«Oil Services Company» ЖШС-ндағы Кәсіпкерлікті Жоспарлау Басқармасының жауапкершілігі
- Кәсіпкерлікті жоспарлау басқармасының мәселелері мен функцияларының сапалы және уақытында орындалуына басқарма басшысы жауапты
- Жұмысшылардың жауапкершілік дәрежесі лауазымды ережелермен орнатылады.
«Oil Services Company» ЖШС-ндағы Кәсіпкерлікті Жоспарлау Басқармасының функциялары
- Жоспарлау шеңберінде
Компанияның даму перспективасінің экономикалық нормативі мен лимиттерін ескере отырып, бизнес жоспарды ұйымдастыру және жалпы басқару, және де тұтынушылардың тікелей сұранысы бойынша:
- Компания басшысы тәртіп туралы, бизнес-жоспар жобалар жасау участкілері және мерзімдерінің дайындалған ұсыныстарды орнатады.
- Компания бөлімшелерінің арасындағы өндірістік бағдарламаны орнату.
- Компания бөлімшелерінің бизнес-жоспар жобаларының есебі мен болу себебін қарастыру
- Компания қызметі, цехтары, автоколонна, көлік басқарма жобаларын
- Компания бизнес-жоспар жобаларын толығымен құру
- Жоспарлы-экономика шеңберінде
- Өндірістік жиналыста жоспарды қарастыру және жобалауға, компанияның жұмыс нәтижесіне.Компания баға құру қалыптастыру жұмысын ұйымдастыру:
- Көмекші және көлік қызметіне кететін нормативті шығын жүйесі
- Ағымдағы өзгерістерді енгізетін нормативті калькуляция, бақылау орнату
- Технико-экономикалық норма жобаларымен нормативтерді прогрессивті етуге және оларды Көлік басқармасы, автоколонналар, цехтар, бөлімдер және мекеме қызметтерін жеткізуге қатысу
- Заңды баға мен тариф жобалары және оларды орнату келісімге сәйкес мекеменің бассқа қызметтерімен бірігіп орындау
- Мекеменің қажеттілігіне кететін тұрақтанған баға мен тариф жобаларын жасау және көрсету
- Баға және тариф анализін орындау, шығынды және жоғары рентабельді жұмыстарды анықтау, шығындарды жою бойынша әрекеттер жасау, қажетті жағдайларда тарифтерді қарастыру бойынша ұсыныстарды енгізу, қажетті материалдарға орнатылған жаңа тариф пен бағаны дайындау және орнату.
- Негізгі және көмекші қорлардың өндірістік қуаттарын, материалды және еңбек ресурстарын тиімді қолдануды ұйымдастыру.
- Орнатылған жоспарлы тапсырмаларды жасау және қайта жасау қызметтерін ұйымдастыру.
- Анализ және оперативті-статистикалық есеп шеңберінде
- Компанияның Көлік басқармасының жылдық, тоқсандық, айлық, декадтық, тәуліктік жоспары мен тапсырмасын орындауға бақылау орнату.
- Компанияның өндірістік-шаруашылық қызметінің экономикалық анализ, кешенді жұмысын басқару және ұйымдастыру.
- Бухгалтериямен бірігіп жылдық есепке анықтама құжаттарын құру, мекеме қорытындысына байланысты баланстық комиссияға қатысу
- Мекеменің өндірістік-шаруашылық қызметінің анализ қорытындысына қажетті қызметтер және анықтамалармен қамтамасыз ету
- Мекеменің әртүрлі бөлімшелерінің бақылау-ревизиялық жұмысының кешенді топтарының ұйымдастыру қызметіне қатысуы
- Мекемедегі статистикалық есеп беруді ұйымдастыру:
- Қажетті мәліметтерді жинау, жалпылау, дайындау және орнатылған түрде уақытында статистикалық есеп беруді қамтамасыз ету
- Компаниядағы барлық статистикалық есеп берудің сапасын қадағалау
- Статистикалық құжаттардың жүйелілігі және статистикалық есеп беруді қамтамасыз ету
- Методологиялық жұмыс шеңберінде
- Методикалық басқару, түр және құжатты жасау, орнымен және уақытында жұмысты жүргізу:
- Технико-экономикалық жоспарлау
- Оперативті-өндірістік жоспарлау
- Компанияның өндірістік-шаруашылық қызметінің есеп және анализ нәтижелері
- Экономикалық тиімділік есебі
- Статистикалық есеп беру
- «Oil Services Company» ЖШС-нің технико экономикалық көрсеткіштері мен оны талдау.
3.1 Серіктестіктің шаруашылық қызметін талдау.
Есепті жылы ұңғыларды толықтай және жерасты жөндеу жұмыстары орындалды, келісімшарт бойынша СП «Арман» жерінде төрт ұңғы құрылды. Қаламқас кенорынында №2170 ұңғының бұрғылау жұмыстары басталды. Есепті жылы серіктестіктің қызметінің басты түрлері ұңғылардың толықтай және жерасты жөндеу және НКТ жөндеу болып табылды. Жетібай кенорынында жөнделді:
- Жерасты жөндеуде — 869ұңғы, жоспар бойынша -1074ұңғы;
- Толықтай жөндеуде — 69ұңғы, жоспар бойынша -136ұңғы;
- НКТ жөндеуде — 242581дана, жоспар бойынша -189703дана.
Бұл екі жөндеу жұмыстары бойынша жоспарлы жұмыстың орындалмауы төмен өнімділікпен байланысты болды. Сонымен қатар көтергіштердің тозуымен, жұмыстың көп тұрып қалуымен байланысты. Ұңғыларды толықтай жөндеу жұмыстары жоспар бойынша орындалмауы бригадалардың жетіспеушілігінен болды. Тапсырылған жұмыстың нақты және жоспарлы уақытбойынша қатынасы:
- Ұңғыны толықтай жөндеу бойыншы -90,4%
- Ұңғыны жерасты жөндеу бойынша -39,6%
Ұңғыларды жерасты жөндеу жұмыстары бойынша қызмет көрсету 580455 мың теңгені құрады, соның ішінде нақты 551252 мың теңгені құрады.
Ұңғыларды толықтай жөндеу жұмыстары бойынша қызмет көрсету 319097 мың теңгені құрады, соның ішінде нақты 296971 мың теңгені құрады.
Бұрғылау көлемі жалпы 127321 мың теңгені, соның ішінде 814009 мың теңге. Нақты шығындар 120735 мың теңге. Арман алаңындағы бұрғылау жұмыстарынан 6586 мың теңге үнемделді.
2003 жылы бұрғылау обьектілерін қорғау бойынша 91616 мың теңге шығынға ұшырады.
ЖШС «ОSK»-ның 2003 жылға жасалған шығындар сметасы
№ |
Көрсеткіштер |
Коды |
Смета бойынша барлығы |
Барлық фактілер |
Соның ішінде АУП |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1.1 |
1. Материалды шығындар
Шикізат және материалдар |
100 |
360410 |
175810 |
1410 |
1.2 |
ҚҚС |
110 |
|
108 |
|
1.3 |
Жанармай |
120 |
53860 |
44625 |
|
1.4 |
Энергия |
130 |
24045 |
10857 |
1650 |
1.5 |
Өндірістік қызметтер |
140 |
248185 |
221089 |
1817 |
|
соның ішінде: Көлік Негізгі өнд.қор Байланыс Тампонажды жұмыстар Геофизикалық жұмыстар |
141 142 145 146 |
137740 10115 9690 90640
|
132214 5850 6178 76847
|
1817
|
1.6 |
Басқада материалды шығындар |
160 |
82700 |
19704 |
|
|
Барлығы: материалды шығындар |
170 |
769200 |
472193 |
4877 |
2.1 |
2. Басқада шығындар
Іс-сапар бойынша шығындар |
190 |
1730 |
303 |
303 |
2.2
|
Мамандарды дайындау бойынша төлемдер |
200 |
|
|
|
2.3 |
Материалды емес қызмет бойынша төлемдер |
230 |
63330 |
46287 |
7292 |
|
соның ішінде: Банкттер Өрт сөндіру қорғанысы Жолаушылар көлігі |
231 232 238 |
3550 59780 |
154 637 45496
|
154 637 6501 |
2.4 |
Басқа да шығындар |
250 |
22410 |
5445 |
559 |
|
Барлығы: басқада шығындар |
260 |
87470 |
52035 |
8154 |
3.1 |
Еңбекақы қоры |
270 |
466255 |
446633 |
48719 |
|
Соның ішінде Үстемақы |
|
82550 |
82543 |
14939 |
3.2 |
Сақтандыру қорына төлемдер 26 % |
280 |
85460 |
100511 |
8687 |
|
Барлық еңбекақы шығындары |
310 |
531710 |
547144 |
57406 |
4.1 |
Жер қойнауын пайдаланушылар үшін төлемдер: |
320 |
1000 |
964 |
|
|
Соның ішінде:
|
321 322 |
|
281 |
|
4.2 |
Салық және жинақ |
330 |
8660 |
5411 |
|
|
Соның ішінде:
|
341 |
|
|
|
|
Барлығы: салық және жинақ |
350 |
9660 |
6375 |
|
5 |
Банк несиесінің пайыздары |
370 |
|
|
|
6 |
Негізгі қордың амортизациясы |
380 |
105340 |
90332 |
2215 |
|
Өндіріске кеткен барлық шығындар: (қатар сомасы 170,260,310-350,370,380,390) |
410 |
1503380 |
1168029 |
72652 |
|
Көлем (жұмыс және қызмет көрсету) |
|
1623659 |
1159893 |
|
|
Бұрғылау |
|
|
127321 |
|
|
Соның ішінде Арман |
|
|
81400 |
|
|
ПРС |
|
842133 |
522439 |
|
|
КРС |
|
727022 |
308001 |
|
|
НКТ жөндеу |
|
54504 |
69112 |
|
|
УОПО |
|
— |
91616 |
|
|
Басқа да іске асырулар |
|
— |
41404 |
|
3.2 «Oil Services Company» ЖШС-тің 2000 жылғы қаржылвқ қорытындысы.
«Oil Services Company» ЖШС-гі 2000 жылы Жетібай кенорынында ұңғыны тлықтай және жерасты жөндеу жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар осы жыл аяғында Қаламқас кенорынында бұрғылау жұмыстары қайта жандандырылды. 2000 жылы «Oil Services Company» ЖШС акционерлік қоғам «Маңғыстаумұнай газдың» орталықтандырылған тапсырмасы бойынша СП «Арман» кенорынында бұрғылау жұмыстарын жүргізді.
Негізгі атқаратын қызметі мен жқндеу жұмыстары бойынша түскен барлық табыс 1159893 мың теңгені құрады.
Соның ішінде:
- Ұңғыны жерасты жөндеу; — 527337 мын.тг.
- Ұңғыны толықтай жөндеу; — 303104 мын.тг.
- НКТ жөндеу; — 69112 мын.тг.
- Объектіні қорғау; — 92606 мын.тг.
- СП «Арманда» бұрғылау жұмыстары; — 82300 мын.тг.
- Ұңғылар бойынша өтеу; — 5819-45921мын.тг
- Дайын өнім және ТМЦны өткізуден түскен табыстар; — 39785 мын.тг.
- Ғимаратты жалдаудан түскен табыс; — 216 мын.тг.
Негізгі емес қызметтен түскен табыс — 9066 мың тенге;
Жұмыстар мен қызмет көрсетудің өндірістік өзіндік құны — 1095427 мың тенге;
Барлық кезеңдегі шығындар —109936 мың.тг
Соның ішінде:
- Жалпы және әкімшілік шығындар – 72652 мың.тг
- Резервтер және провизиялар – 10753 мың.тг
- Кезең шығындары бойынша —26531 мың.тг
Барлық баланстық шығындар 36404 мың.тг. Провизия мен резервтерді есепке алмағанда нақты шығындар 26651 мың.теңгені құрады.
Серіктестіктің өткен жылдағы шығындары 1014375 мың теңге.
«Oil Services Company» ЖШС-ің мүлігі акционерлік қоғам «Маңғыстаумұнайгаздың» жеке меншігі болып табылады. 2000жылдың 31 желтоқсанында:
- Негізгі қорлар 1262313 мың тг.
- Жиналған тозу 637837 мың тг.
Акционерлік қоғам «Маңғыстаумұнайгаз» арқылы 2000 жылы келіп түскен негізгі құралдар 324251 мың тг., бірақ оған қарамастан жиналған тозу негізгі қордың құнының 50 пайызын құрады. Бұл көрсеткіш арқылы серіктестіктің материялдық техникалық базасын жаңарту үшін көптеген капитал салымдары қажет екенін көре аламыз.
Есепті жылдың аяғында тауарлық материялдық қор 238950 мың теңгені құрады, яғни 494530 мың теңгені құрады. Басқа да кәсіпорындарға кредиторлық борыштары 15677 мың теңгеге төмендеді, яғни 49974 мың теңгені құрады.
Ал басқа да кәсіпорындарға дебиторлық борыштары жыл аяғында 1963 мың теңгеге төмендеді, яғни 6133 мың теңгені құрады. Еншілес Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дебиторлық борыштары 1333 мың теңгені құрады.
Еңбекақы бойынша серіктестіктің ешқандай қарыздары жоқ. 2000 жылғы желтоқсан айындағы баланста тіркелген ағымдағы еңбекақы мөлшері 29931 мың теңгені құрады. Серіктестіктің уақыты өткен қарыздары жоқ. Бюджет бойынша ағымдағы борыштары 47663 мың теңгені құрады және жинақтаушы зейнатақы қоры 35933 мың теңгені құрады.
2000 жылдың аяғында акционерлік қоғам «Маңғыстаумұнайгаз» 52636 мың теңге жоспардан тыс үстемақы бөлді, үстемақыларды есепке алмағанда баланс нәтижелері төмендегідей болды:
- Өндірістік өзіндік құн және кезең шығындары — 1141934 мың теңге;
- Резервті есепке алғандағы баланстық табыс – 16232 мың теңге;
- Резервті есепке алмағандағы баланстық табыс – 26985 мың теңге.
Қорытынды
«Oil Services Company» ЖШС-тің “Маңғыстаумұнайгаз” акционерлік қоғамына көрсететін қызметтің маңызы зор. “Маңғыстаумұнайгаз” акционерлік қоғам және оның еншілес кәсіпорындарына техникалогиялық қызмет көрсету жыл бойы үзіліссіз жүріп отырды. Компанялардың келісімшарт міндеттемелерін бойынша жұмыс жасап және материалдық техникалық толық қамтамасыз етіледі. «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамына қызмет көрсету нәтижесінде алдыңғы жыл нәтижесі бойынша 96,7 % орындалған. “Oil Services Company ” ЖШС-ның техникалық қызмет көрсету түрлерінің көбеюіне және жаңаруына байланысты экономикалық жағдайы және бәсеке қабілеттілігі жоғары компаниялар қатарына қосылды.
Жалпы, “Oil Services Company ” ЖШС үшін перспективті дамуға арналған жоспарлаудың маңызы зор. Компанияны тиімді жоспарлау — ұйымдағы белсенді және тұрақты басқарусыз, компания бөлімшелері арасындағы өндірістік бағдарламаны орналастыру, бизнес-жоспар жобаларын компания бөлімшелері бойынша қарастыру, ұңғылар бойынша жөндеу жұмыстарын жоспарлау және оны материалдық техникалық қамтамасыз ету.
Бұл жоспарды жобалау және қарастырудың негізі болып табылады және компанияның болашақтағы перспективті жұмыс істеуімен тікелей байланысты. Компанияның бизнес-жоспарын жобалауға көптеген факторлар әсер етеді — жаңа техника мен технологияны енгізу, жұмысшылардың еңбекке ынтасын ояту, мамандық даму перспективалары және тағы да басқалары. Сәйкесінше, фирмадағы жобаларды тиімді жоспарлау және оның нәтижелерінің жемістерін көру үшін әрбір ұңғы бойынша шығын сметасын дұрыс құру,еңбекақы қорын есептеу, ұңғыны жерасты және толықтай жөндеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, бригадалардың уақыт кестесін құру.
Соңғы жылдары компанияның жоспарын жобалау процесі күрделеніп, стратегиялық сипат алуда. Кәсіпорын ұйымдық құрылымының жетілдірілуі, техникалық төңкеріс, нарық жағдайы мен талаптарының өзгеруі — жұмыс күшінің біліктілігі мен кәсіпкелердің қажеттілігі арасында күрделі қайшылықтарды тудырады.
«Oil Services Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жұмыс нәтижесін қорыта келгенде «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары бойынша қызмет ететін басты еншілес компаниясы болып табылады. Бұл еншілес компания келісімшарт бойынша қызмет көрсете отырып, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарына кететін шығындарды төмендетуге ықпалын тигізеді.
Қолданылған әдебиеттер
- “Oil Services Company ” ЖШС-нда Кәсіпкерлікті Жоспарлау Басқармасының желтоқсан және 2007 жылға арналған технико-экономикалық көрсеткіштері
- “Oil Services Company ” ЖШС-нда Кәсіпкерлікті Жоспарлау Басқармасының құрылымы, функциялары, құқықтары туралы мәліметтер
- “Маңғыстау” 1997 жыл
- 2003 жылғы “Oil Services Company” ЖШС-ның жылдық есеп беруі.
- “ Oil Services Company ” ЖШС-нда Қаржыны және Бухгалтерлік Есеп Басқармасының құрылымы, функциялары, құқықтары туралы мәліметтер
- Мұнай және газ геологиясы терминдерінің түсіндірме сөздігі, Жұмағалиев Т.Н., Алматы 2000 ж
- Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминологиялық түсіндірме сөздігі, Сейітов Н., 2003 ж
- Орысша-қазақша сөздігі 1-2 том, Мұсабаев Ғ., Алматы 1978 ж