Жоспар:
1 Кіріспе………………………………………………………………………….
1.1 Мекеменің тарихы………………………………………………………………………………..
2 Кәсіптік іс-тәжірибенің мазмұны……………………………………………………….
2.1 Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі …………………………..
3 Студенттің өзіндік жұмысы:. АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
4 Қорытынды……………………………………………………………………………………….
5 Қолданылған әдебиеттер………………………………………………………………………
Кіріспе
Менің іс тәжірибем Шымкент қаласы Тауке хан даңғылындағы Компьтерлік қызмет көрсету орталығында өтті. Менің тәжірибелік жұмысым берілген мекеменің білім мен жаңа технологиялар орталығында 24.07.06ж басталып 2.09.06ж өтілді. Іс тәжірибелік жетекшім берілген орталықтың директорлық қызметің атқаратын Досжанов Марат болды.
Жалпы мекеменің тарихына келетін болсақ «Copy Land» компьтерлік қызмет көрсету орталығы 2002 жылы Досжанов Мараттың бастамасымен құрылған болатын. Мемлекеттік басқару органымен Оңтүстік Қазақстан облыс тұрғындарын жұмыспен қамтуды уәкіл етеді. Яғни берілген кәсіпорын халықты оның ішінде жастарды, мүгедектерді, оралмандарды жалпы жұмысссыз қауымды жұмыспен қамту іс шараларымен айналысады.
Бұл орталық өз қызметінде яғни білім беру қызметінде жоғары деңгейлі әрі қазіргі заман талабына сай техниканы қолданып және сонымен қатар шетелдерде берілетін оқу жүйесіне сүйене отырып оқу процесін жаңарту жұмыстарын жоспарлауда.
Жалпы орталық еңбек нарқына бәсекелес ұлттық кадрлар:
- Электронды есептеуіш машинаның операторы – компьютерлік техниканы жөндеуші.
- Эем – операторы WEB дизайнері.
- Интернет маманы, компьютерлік графика және дизайн.
- Сауда және жарнама агенті.
- Саяхат комплекстерінде қызмет көрсетуді ұйымдастырушы.
- Фотограф.
Сияқты мамандарды кеңінен ұсынады. Жалпы мекемеде осы мамандықтар үшін жаңа және керекті, әрі сапалы техникамен жабдықталған. Сонымен қатар мекеме өз оқушыларына төлем ақысында жеңілдіктер жасап отыр. Әр мамандықтарда оқушыларға арнап іс тәжірибелік сабақтарға да жеке уақыт та бөлінген. Сонымен қатар орталық үлгілі әрі оқуда озат оқушыларға арнайы жұмыс орындарын бөліп береді. Әр кез-келген мамандықта оқушыларға арнап компьютерлік сауаттылық сабақтары өтіледі. Онда компьютердің маңызды программаларымен қатар интернет желісінде жұмыс істеу сабақтарына да сағат бөлінеді.
Кәсіптік іс-тәжірибенің мазмұны
Мен Торубаев Ғ. Ж. жазғы кәсіптік іс-тәжірибемді «Copy Land» компьтерлік қызмет көрсету орталығында 24-ші маусым мен 2-ші қыркүйек аралығында өткіздім. Кәсіптік іс-тәжірибені бұл компьтерлік қызмет көрсету орталығы өткізу үшін біріншіден міндетті түрде техникалық қауіпсіздік ережесін білу қажет болды. Сондықтан алғаш компьтерлік қызмет көрсету орталығына барған күні техника қауіпсіздік ережесі өткізілді. Сол сабақ өткізіліп болғаннан соң компьтерлік қызмет көрсету орталығына кіруге рұқсат берілді. Онда да тек компьютерлік технология жағынан көмек көрсету бөліміне ғана кіруге мүмкіндік болды.
24-25.07.06. Техника қауіпсіздік шараларымен танысу. Жалпы бұл күні бізге орталықтың техника қауіпсіздік ережелерінің барлық саласымен таныстырды. Сонымен жалпы алғанда мына техника қауіпсіздік ережелерін сақтау керек:
- Есептеуіш техника бөлмесінде әрбір студент қауіпсіздік техникасының ережесін қатаң тәртіпте орындау керек.
- Электрлік тоқпен зақымдалған студентке әрбір студент бірінші көмек көрсете білу керек
- Электр тоғымен зақымдалған кезде тезірек тоқты өшіріп, зақымдалған адамды сымнан босату керек.
- Егер демалысы тоқтап қалған болса , онда дәрігер шақырып жасанды тыныс алу жәрдемін көрсету керек.Ол минутына 16-18 рет бір қалыпты өту керек және қашан тыныс пайда болғанша жасау керек.
- Студенттер ЭЕМ сым өткізгіштеріне рұқсатсыз тимеу керек.
- Суланған қол , ылғал киіммен ЭЕМ-мен жұмыс істеуге болмайды.
- Зақымдалған сым дұрыс істемей тұрған есептеуіш техникасының құралдарымен жұмыс істеуге болмайды.
- ЭЕМ-мен жұмыс істеу барысында қолайсыз иіс, дыбыс немесе түтінделген сым байқалған болса ЭЕМ-ді өшіріп мұғалімге хабарлау керек.
- ЭЕМ-ді іске қосып ескерусіз қалдыруға бөлме ішінде жүріп жолдастарының назарын аударуға болмайды.
- ЭЕМ-нің үстіне кітап, дәптер , киімдер тағы басқа заттарды қоюға болмайды.
- ЭЕМ-мен жұмыс істеп жатқанда сырттан кірген кісілерге тұрудың қажеті жоқ.
- ЭЕМ бөлмесіне рұқсатсыз кіруге болмайды.
26-27.07.06. Компьтерлік қызмет көрсету орталығындағы компьютерлермен байланысы бар жұмыс орындарымен танысу. Бұл өндіріс орнында компьютермен байланысы бар бөлімдер саны өте көп емес, кадрлар бөлімінде компьютермен жұмыс істейді, арнайы компьютерлік технология жағынан көмек көрсету бөлімі бар, ксерокөшірме орталығы бар, т.б. Біздің өндірістік іс-тәжірибемізді өткізген бөліміміз компьютерлік технология жағынан көмек көрсету бөлімі. Бұл бөлімде төрт компьютер орны берілген және алты қызметкер жұмыс істейді. Компьютерлер соңғы технология бойынша жұмыс істейді. Әрқайсысы соңғы моделдегі компьютерлер және жаңа бағдарламалық тілдермен жабдықталған.
28.07.06-.1.08.06. Өндіріс орнының бас қызметкерлерімен, тарихымен және экономикалық, техникалық қамтамасыздандыру шараларымен танысу. Бүгінгі таңда компьтерлік қызмет көрсету орталығы қуатты әрі қазіргі заман талаптарына сай құрылған орталық.
Біздің барған бөлім бұл компьютерлік технология жағынан көмек көрсету бөлімі, бұл бөлімнің бас қызметкері Досжанов Марат бас программист қызметін атқарады. Өндірістің өзінің кітапханасы бар, бізге оның көптеген көмегі тиді. Сонымен бірге бізге басшылық қылған үш қызметкер болды, олар- Рысқұлов Қуаныш, Байменов Ғалымжан т.б. Рысқұлов Қуаныш компьютерлік технология жағынан көмек көрсету бөлімінің бас маманы. Сол бөлімнің ішіне кіретін мамандардың барлығы Досжанов Мараттың қарамағына кіреді.
02-4.08.06. Компьютердің мінездемелерімен және Internet желісімен танысу. Бөлімдегі қолданылатын компьютердің барлығы да соңғы үлгідегі компьютерлер, қолданылатын бағдарламалардың санында шек жоқ. Internet желісімен жұмыс істеу уақыты да , мүмкіндігі де өз қалауыңша.
05-08.08.06. Өндіріс орнында қолданылатын бағдарламалармен жұмыс жасау. Қолданылатын бағдарламалардың саны шексіз деп айтып кеттім, егер оларды айтып кетер болсақ, олар — DirX , Outlook Express, Windows Messenger, Nero, Corel Graphics Suite, Microsoft FrontPage, Delphi, Visual basic секілді бағдарламалар. Алғашқы қолданған бағдарлама Borland Delphi бағдарламалық тілі болды.
09–12.08.09. Негізі көбінесе Microsoft Word-пен, болмаса Microsoft Excel бағдарламаларымен жұмыс жасадым. Сонымен қатар өзімнің өзіндік жұмысыма байланысты Delphi — бағдарламасында жұмыстар атқардым.
Түрлі шаруашылықтарда, оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және т.б. салаларда берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі. Мысалы, жоғары оқу орындарында дайындалатын мәліметтер:
- Факультеттер, олардың құрамындағы кафедралар мен кафедра қызметкерлерінің тізімі не қызметкерлер жөнінде басқа мәліметтер;
- емтихан ведомостары;
- студенттер жөнінде мәліметтік тізімдер;
- түрлі бөлімдерде жұмыс істейтін адамдардың тізімі (тегі, аты жөні, білімі, адресі, үй телефоны, т.б.).
Мұндай мәліметтерді сақтау және өңдеу көп тараған әдісі – оларды берілгендер қоры түрінде дайындау. Берілгендер қоры – құрылымы арнайы тәсіл бойынша берілген форматтағы файлдар жиынтығы. Файл негізінен кесте түрінде дайындалады. Кестелерді дайындау, жылдам түрде олардан қажетті жазулар тобын таңдау (шартты қанағаттандыратын сұраныс құру), оларды сақтау, жазуларды редакциялау, жолдарды алып тастау, кестені басып шығару сияқты орындалатын іс-әрекеттер – күрделі жұмыстар.
13-21.08.06. Интернетте жұмыс жасау. Интернет ішінен керекті информацияны іздеп табуға мүмкіндік беретін тағы бір мүмкіндікті қарастырып өту керек.
Internet ішінен керекті мәліметті іздеп табуға WORLD WIDE WEB (WWW не WEB), яғни “ дүниежүзілік өрмек “ информация іздеп бүкіл дүние жүзіне “электрондық саяхат” жасайтын гипермәтіндік жүйе болып табылады. Қазіргі кездегі әртүрлі информация алуға болатын ең кең таралған жүйе ретінде, WWW есептеледі. Интернеттің қалған бөліктерінен гөрі WWW жүйесін пайдалану жеңіл, әрі ыңғайлы.
Мұнда бір-бірімен байланысқан сөздер тізбекше арқылы іздеу жүргізіледі. Өзімізге қажетті тақырыпты таңдап алып, соған байланысты информацияны қарап шығасыз, сол информация ішінен тағы бір тақырыпты таңдап алсаңыз, соған байланысты ғана мәліметтерді оқи бастайсыз. Осылай бір тақырыптан екіншісіне ауысып қарап шығасыз. Бірақ қажет болса кейін оралуыңыз да қиын емес.
WWW жүйесі байланыс орнатылған құжаттардан тұрады. Гиперсілтеме деген не деген сұраққа жауап беретін болсақ. Егер сіз Windows жүйесімен көмек беретін мәліметтер құрылымын қарап шықсаңыз немесе Micintosh компьютерінің Hiper Hard файылын көрсеңіз, сол гиперсілтеме мысал бола алады.
Интернетке қосылу дегеніміз – басқа жерлерде тұрған мыңдаған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі , университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлардағы көлеміндегі , кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және тағы басқа цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны ала аласыз.
Интернет информация магистралына өте ұқсас, институт , мектеп терминалы арқылы оған жеңіл кіруге болады. Ол үшін интернеттегі жүйенің номерін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі желі нүктесінен байланысып , өзіңізге қажетті материалдарға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз, NASA құжаттарын да , айта берсек , соңғы оқиғалар көрсететіндей , ЦРУ құпия архивтерін де оқуыңызға болады екен.
21.08.06.- 29.08.06. Microsoft Exel программалық терезесімен жұмыс жасау. Exel кесте ішінде есеп жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекі түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түрде берілген мәліметтер арқылы эксперементтер жүргізу т.б мүмкіндіктер беретін Windows ортасында жұмыс істеуге арналған арнайы программалық кесте.
Exel электрондық кестесі жазылған әр бір файл, бірнеше беттерден тұратын байланысқан кестелерді бір орынға сақтап қойып, қажетті ақпаратты жылдам іздеп табу мүмкіндігін беретін кітап болып саналыды.
31.08-03.09.06. Microsoft Word бағдарламасын пайдаланып, отчет жазу. Компьютерлік технология жағынан көмек көрсету бөлімінде бізге практиканттарға әрқайсысымызға бір компьютер орнынан берілді. Файлдар мен бумалар тізбегін экранға шығару бағдарламасын жасап болғаннан кейін осы жасаған бағдарламамыз жөнінде отчет жаздық. Отчет жазуда Microsoft Word бағдарламасын қолдандық. Microsoft Word бағдарламасында негізі кез келген тексттерді, құжаттарды теруге болады. Сонымен бірге математикалық формулалары бар тексттерді де жазуға болады. Біздің бөлімде бағдарламалардың барлығы соңғы үлгідегі бағдарламалар деп айтып кеткенмін, бөлімдегі қолданылатын Microsoft Word бағдарламасы 2003-ші жылғы, яғни Microsoft Word 2003 бағдарламасымен жұмыс жасадым.
3 СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ: АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
3.1 Берiлгендер қорын басқару жүйелері. БҚ-мен жұмыс.
Түрлі шаруашылықтарда, оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және т.б. салаларда берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі. Мысалы, жоғары оқу орындарында дайындалатын мәліметтер:
- Факультеттер, олардың құрамындағы кафедралар мен кафедра қызметкерлерінің тізімі не қызметкерлер жөнінде басқа мәліметтер;
- емтихан ведомостары;
- студенттер жөнінде мәліметтік тізімдер;
- түрлі бөлімдерде жұмыс істейтін адамдардың тізімі (тегі, аты жөні, білімі, адресі, үй телефоны, т.б.).
Мұндай мәліметтерді сақтау және өңдеу көп тараған әдісі – оларды берілгендер қоры түрінде дайындау. Берілгендер қоры – құрылымы арнайы тәсіл бойынша берілген форматтағы файлдар жиынтығы. Файл негізінен кесте түрінде дайындалады. Кестелерді дайындау, жылдам түрде олардан қажетті жазулар тобын таңдау (шартты қанағаттандыратын сұраныс құру), оларды сақтау, жазуларды редакциялау, жолдарды алып тастау, кестені басып шығару сияқты орындалатын іс-әрекеттер – күрделі жұмыстар.
Соңғы кездерде кестелерден тұратын берілгендер қорын құрып, оларды өңдейтін көптеген программалар жүйесі дайындалған. Оларды берілгендер қорын басқару жүйелері деп атайды. Белгілі берілгендер қорын басқару жүйелер:
dBase, FoxBase, FoxPro, Paradox, Access, т.б.2 .
3Database Desktop утилитасы.
Берілгендер қоры кестесі Dlephi құрамына енгізілген Database Desktop (Берілгендер қоры жұмыс столы) қосымша программасы (утилитасы) арқылы құрылады:
- Tools — Database Desktop (Сервис Берілгендер қоры жұмыс столы / қабықшасы) командасын беру. Қабықша программасы көрінеді (1.6-сурет).
2.6-сурет. Database Desktop терезесі
- терезеден File – New – Table (Файл-Жаңа-Кесте) командасын беру. Create Table (Кесте құру) сұхбаттық терезесі шығады. Онда ашылатын тізімнен қажетті кесте форматын таңдау (Paradox не dBase). Алғашқы рет Paradox7 форматы іске қосылып, терезе өрісінде осы атау көрінеді (1.7-сурет).
1.7-сурет. Кесте форматын таңдау
- Paradox7 форматымен келісіп, ОК түймесін шерту (онда пайдалануға болатын өріс типтері жеткілікті). Бірінші бағанында автоматты түрде өрістің номері жазылып қойылған кесте өрісі атауын сипаттау терезесі көрінеді (1.8-сурет).
1.8-сурет. Өрісті сипаттау терезесі
- екінші бағаннан бастап ретімен өріске берілетін атауды (FieldName), өріс типін (Type), өлшемін (Size) енгізу (өлшем өріс символдық типті болса ғана енгізіледі). Өрісті кілттік ету қажет болса, оның бесінші бағанда (Key) көрсетілуі тиіс. Ол «*» символы арқылы белгіленеді (жалпы, кілт Delphi-де және MS Access сияқты арнайы берілгендер қорын басқару жүйелерінде кеңінен пайдаланылады).
3.3 Берілгендер кестелерін құру
Мысалы, Database Desktop арқылы Пункт коды, Абонент аты-жөні, Сөйлесу уақыты, Төлем ақы сомасы, Пункт атауы, Сөйлесу күні құрылымды Peregovor.db кестені (1.1-кесте) құру үшін алдымен өріс атауын сипаттау терезесін 1.9-суреттегі сияқты толтыру керек.
1.1-кесте. Peregovor.db
№ |
Өріс |
Тип |
Өлшем |
Кілт |
Сипаттама |
1 |
Kod_Reg |
I |
|
* |
Пункт коды |
2 |
Name_Abonent |
A |
50 |
|
Абонент аты-жөні |
3 |
VremPeregov |
T |
|
|
Сөйлесу ауқыты |
4 |
SumKOplate |
N |
|
|
Төлем ақы сомасы |
5 |
NameRegion |
A |
20 |
|
Пункт атауы |
6 |
DatePeregov |
D |
|
|
Сөйлесу күні |
1.9-сурет. Өрістер сипатталған терезе
Кестеде берілгендер адресі жолдар мен бағандар қиылысы арқылы анықталады. Бағанды өріс деп, жолды жазу деп те атайды.
Ескерту. Ескерту ретінде біз мыналарды әрқашан есте ұстауымыз керек:
- Өріс атауының ортасына нүкте (.) символы енгізілмегені жөн;
- Өрістерді сипаттау немесе дайындау терезесінің бірінші бағанында автоматты түрде атаулардың реттік номерлері көрсетулі тұрады. Оларға көңіл бөлмеу керек. Кезекті өріске мән енгізілген соң Enter не сәйкес курсорды басқару клавишінің басылуы тиіс. Курсор келесі өріске орналастырылып қойылады;
- Үшінші бағанға өріс типінің (Туре) енгізілуі тиіс. Ол үшін курсор бағанда орналасқан соң Бос орын клавишін басу керек. Таңдалған Paradox форматында пайдаланылатын тип атаулары тізімі көрінеді (2.2-кесте). Тізімнен қажетті тип таңдалуы тиіс. Оның бір әрпінен тұратын қысқаша белгілемесі курсор орналасқан орынға орныластырылып қойылады. Мысалы, CompName өрісі – символдық типті, таңдалған тип – Alpha. Ол таңдалған кезде өріске тип белгілемесі (А) енгізіліп қойылады;
- Кестені толтыруға, берілгендерді редакциялауға мүмкіндік беретін Table-Edit Date (Кесте-Берілгендерді редакциядау) командасын беру (аспаптар панелінің аттас клавишін басуға да болады). Сomputers атауының астына 1 саны жазылып, курсор Компьютер аты өрісіне орналастырылып қойылады.
- Өрістерді толтыру.
- Терезені жабу.
Ескерту ретінде бір-екі сөз:
- Кестені толтыру кезінде бір өрісіне өзгерту енгізу қажет болса, алдымен осы өріске курсорды орналастырып, Table-Edit Data командасын қайта беру керек.
- Database Desktop утилитасына қазақ шрифтін қосу. Кестені қазақ алфавиті әріптерімен теру тәсілі әдеттегідей. Егер бұл тәсіл жүрмесе, Database Desktop мәзірінен Edit-Preferences (Редакциялау-Ұнамды) командасын беріп, ашылған терезенің General (Негізгі) қосымша бетінен Change (Өзгерту) түймесін шерту керек (1.10-сурет).
1.10-сурет. Шрифті таңдау терезесі
ChangeFont (Шрифті өзгерту) терезесі көрінеді. Терезеден қажетті шрифті, мысалы, KZ Times New Roman шрифтін таңдап, OK түймесін шерткен кезде «Бұл әдіспен орнатылған өзгерістер Database Desktop утилитасын жауып, қайта қосқанда ғана орындалады» ескертпесі жазылған сұхбаттық терезе шығады. Оның ОК түймесін шертіп, ескертпені орындаса болғаны.
3.4 Delphi ортасында берілгендер базасын
дайындаудың негізгі кезеңдері
- Мәліметтер кестесінің құрылымын дайындау және сипаттау;
- Кестелер арасындағы байланыстар жүйесін тағайындау және мәліметтер схемааасын дайындау;
- Берілгендер базасы кестелеріне сұранысжүйелерін дайындау және оларды мәліметтер схемасына интеграциялау;
- Мәліметтердіенгізу/шығарудың экрандық формаларын дайындау;
- Мәліметтер бойынша есептер жүйесін құру;
- Берілгендер базасының программалық кеңейтулерін ондағы спецификалық есептерді шешу мақсатында дайындау;
- Мәліметтерді қорғау, құқық және жұмыс істеуді шектеу жүйелерін құру.
3.5 Жұмыс мағынасын сипаттау
Қызығушылық туғызып отырған зерттелетін нақты өмір бөлімін заттық облысдеп атайды.
Телекоммуникация саласындағы ақпараттық-іздеу бөлімінің құрылымын қарастырайық. Ақпаратық-іздеу бөлімінің операторы келесі мәліметтерді енгізумен айналысады:
- Тіркеу нөмірі
- Фамилиясы, аты-жөні
- Телефон нөмірі
- Мекен-жайы
- Төлем сомасы
- Пункт коды
- Пункт атауы
- Тілдесу ұзақтығы
- Тілдесу күні
- Тариф
Ақпараттық бөлімнің инспекторы периодты түрде абоненттер жөніндегі жаңа мәліметтерді ендіріп, есептерді жинақтап отырады.
Есептің қойылуы барысында есептің шешілу алгоритмі құрылды. Есеп PARADOX 7 берілгендер базасын басқару жүйесінің көмегімен шешілді.
Өзара байланысқан кестелерде орналасқан келесі мәліметтер ену/шығу мәліметтері болып табылады:
1 кесте — Abonent.db
№ |
Өріс |
Тип |
Өлшем |
Кілт |
Сипаттама |
1 |
ID |
+ |
|
* |
Идентификациялық номер |
2 |
FIO |
A |
30 |
|
Фамилиясы, аты-жөні |
3 |
Tel |
A |
8 |
|
Телефоны |
4 |
Adres |
A |
20 |
|
Мекен-жайы |
2 кесте — Peregovor.db
№ |
Өріс |
Тип |
Өлшем |
Кілт |
Сипаттама |
1 |
Kod_Reg |
I |
|
* |
Пункт коды |
2 |
Name_Abonent |
A |
50 |
|
Абонент аты-жөні |
3 |
VremPeregov |
T |
|
|
Сөйлесу ауқыты |
4 |
SumKOplate |
N |
|
|
Төлем ақы сомасы |
5 |
NameRegion |
A |
20 |
|
Пункт атауы |
6 |
DatePeregov |
D |
|
|
Сөйлесу күні |
3 кесте — Region.db
№ |
Өріс |
Тип |
Өлшем |
Кілт |
Сипаттама |
1 |
ID |
I |
|
* |
Идентификациялық нөмір |
2 |
Region |
A |
100 |
|
Пункт |
3 |
Tarif |
N |
|
|
Тариф |
4 |
KodRegion |
I |
|
|
Пункт коды |
4 кесте — Peregovor.db
№ |
Өріс |
Тип |
Өлшем |
Кілт |
Сипаттама |
1 |
ID |
I |
|
* |
Идентиф. нөмір |
2 |
SummOplata |
N |
|
|
Төлем ақы сомасы |
3 |
Date |
D |
|
|
Сөйлесу датасы |
4 |
NameAbonent |
A |
30 |
|
Абонент аты-жөні |
3.6 Берілгендер базасын толтыру алгоритмін құру
Қажетті кестелерді құрып болған соң бұл кестелерді қажетті ақпаратпен толтыру және құрылған кестелерді өңдеу мәселесі туындайды. Әрбір кестеге арнап оны өңдеу процедурасы жазылады. Осыдан, модульдік программалау қажеттілігі пайда болады. Демек, бірден модуль аралық интерфейс сұрағы пайда болады. Мұнан басқа, бірден пайдаланушы интерфейсін құру қажеттілігі де пайда болады. Берілгендер базасын толтыру алгоритмін құрылымдық түрде былайша кескіндеу мүмкін:
2.1-сурет. Берілгендер базасын толтыру алгоритмін құру
Әрбір кесте үшін осы кестені басқаратын өзіндік дербес модуль құрылады. Ол алдымен автономдық режимде тексеріледі, яғни осы модульдің берілгендер базасымен программалық және аппараттық түрдегі күтпеген жағдайлар үшін үйлестірілуі іске асырылады.
Жоғарыдағы сурет модуль аралық және пайдаланушы интерфейстерін кескіндейді және сонымен қатар толықтай программалық өнімнің құрылымы да көрініп тұр.
3.7 Программаның толықтай жұмыс істеу алгоритмі
Модульаралық интефейстің жұмыс алгоритмін құрылымдық түрде былайша кескіндеуге болады.
Модуль аралық интерфейсті құру барысында келесі факторлар ескерілуі тиіс:
- пайдалану барысындағы көрнекілігі және қарапайымдылығы;
- программаның жұмыс істеу сенімділігі;
- жұмыс істеу жылдамдығының жоғарылығы.
Шығу мәліметтерін баспаға шығаруға арналған программалық модульді жоғарыда сипатталған алгоритмге сүйеніп құру тағы да құрылымдық программалаудың қолданылуын қажет етеді, себебі түрліше есептерді баспаға шығару үшін әрбір формаға арналған жеке программалық модульдер құруға тура келеді. Баспаға шығаруды мәзір арқылы басқарады.
3.8 Функционалдық блок-схема
Келтірілген блок-схема негізгі программаның жекелеген программалық бөлімдерінің өзара байланысын кескіндейді. Ол бір функция және процедуралардың басқалары арқылы шақырылу тізбегін көрсетеді. Түгелдей программаның негізі бас мәзір болып табылады. Осы мәзірден жеке тәуелсіз процедуралар ретінде пайдаланылатын басқа барлық программалық модульдер шақырылады. Өз кезегінде ол модульдер өздерінің ішкі тәуелсіз функциялары мен процедураларын шақырады. Барлық ішкі программаларды шақыру барысында барлық қажетті параметрлер процедуралар иерархиясы бойынша ішке беріледі, сондықтан глобальды айнымалылар пайдаланылмайды. Олардың бұлайша құрылуы айнымалылар мәндерін бақылауды жеңілдетуге және глобальды айнымалылардың мәндерінің өзгеру мүмкіндігіне байланысты пайда болатын қателерді болдырмауға, сондай-ақ оларды тәуелсіз етуге және әлдеқайда әмбебап етуге мүмкіндік береді.
Технологиялық және датологиялық модельдер құру
Кейіннен қолданылуы мүмкін программалық және техникалық құралдарға сүйенбей сипатталған пәндік облысты инфологиялық модель деп атайды.
Мәліметтер базасы пәндік облысты адекватты түрде сипаттауы үшін жобалаушы осы пәндік облыстың барлық нюанстарын толық меңгерген және оларды мәліметтер базасында сипаттай білуі тиіс. Сондықтан, мәліметтер базасын жобалау алдында пәндік облыстың (мәліеттер базасы осы облысты кескіндеу үшін құрылады) қалай жұмыс істейтінін анықтап алған жөн. Пәндік облыс алдын ала сипатталған болуы тиіс. Бұл үшін, әрине табиғи тілді пайдалануға да болар еді, бірақ оны қолдану барысында пайда болатын кемшіліктер орасан. Олардың негізгілері – сипатталуының үлкен көлемділігі және ұйғарымдардың бірмәнді болмауы. Сондықтан, әдетте мұндай жағдайларды жасанды формалданған тілдік құралдарды пайдаланады. Осыған байланысты инфологиялық модельді алда қолданылатын программалық құралдарға тәуелсіз болып табылатын арнайы тілдік құралдарды пайдаланып орындалған пәндік облыстың сипатталуын деп қарастырады.
Инфологиялық модельдерді сипаттау үшін графиктік құралдард пайдаландық.
«Объект-қасиет» байланысының сипаталуы да графиктік материал арқылы кескінделген.
«Абонент» мәліметтер базасы текстік ақпарат сақтау үшін құрылады (дегенмен, енгізуді еңілдету мақсатында кейбір өрістерды сандық типті етіп беруге болады)болып табылады, сондықтан қосымшада оператор көмегімен ендірілген мәліметтердің есептелуі қолданылмайды.
Даталогиялық модель логикалыық деңгейдегі модель болып табылады және мәліметтер элементерінің арасындағы логикалық байланыстардың олардың мазмұны мен сақталу ортасына тәуелсіз кескіні болып келеді. Бұл модель біз мәліметтер базасын жобалайтын нақты берілгендер базасын басқару жүйесінде қабылданған ақпараттық бірліктер терминдері көмегімен құрылады.
Халықаралық сөйлесулердің төлемақысын есепке алуға арналған ақпараттық-іздеу жүйесі келесі мәселелерді шешуі тиіс:
- Жаңа абоненттерді және пункттерді тіркеу.
- Бұрыннан бар абоненттер мен пункттер жөніндегі мәліметтерді аықтау.
- Мәліметтер базасындағы өзгерістерді ендіру.
- Абоненттердің сөйлесулерге төлейтін сомасын анықтау.
- Төленетін сома жөніндегі ақпаратты есеп түрінде беру.
3.10 Программадағы форма терезелері
Программа мынадай формалардан тұрады: Негізгі форма, Абоненттерді тіркеу формасы (форма Регистрация абонентов), Жаңа аумақ терезесі (форма Новый регион) және Тілдесу формасы (форма Переговоры).
FormGlav терезесі өте қарапайым, дегенмен, аса тиімді формада дайындалған. Форма бетіне орналастырылған ТGroupBox компонентінің бетіне түрлі қызметтер орындауға арналған функционалдық кнопкалар орналастырылған. Олардың Caption қасиетіне сәйкесінше «Регистрация абонента», «Новый регион», «Переговор», «Оплата» және «Выход» сөздері жазылып, әрқайсысының программалық кодына сәйкесінше командалар ендірілді.
Рейстер терезесі (форма Рейсы)
Төмендегі суретте дәл алдыңғы терезедегі тәрізді компоненттер орналастырылған, тек айырмашылығы – мұнда қызмет көрсету реестріне ендірілген жаңа аумақтарды қосу мүмкіндігі қарастырылған.
Жаңа пункт терезесі
Тілдесуді тіркеу және сөйлесу ақысын есептеу терезесі
Базаға ендірілген абоненттердің белгілі қалааралық және халықаралық пункттермен тілдесуі уақытын және бағасын есептеуге арналған бұл терезеде TDBLookcupComboBox, TLabel, TEdit, TDBGrid, TDBNavigator, TButton және TBitBtn копоненттері қажетінше алынып, белгілі тәртіппен орналастырылған. Қажетті абонент аты жөні мен сөйлесу пунктінің құйылмалы тізім арқылы таңдалуы едәуір жеңілдік туғызады. Қажетті мәліметтер енгізіліп болған соң, Есептеу (Вычислить) кнопкасы арқылы сөйлесу ақысы есептеліп, нәтижесі базаға жазылып қойылады.
Осы терезе арқылы абоненттердің белгілі бір мерзім өткен соң төлеуі тиіс сомасы оның сөйлескені жөніндегі мәліметтерді қоса шығарады. Бұл іс-әрекеттерді орындау үшін фораға TLabel, TEdit, TDBGrid, TButton комоненттерінің тиісті мөлшері суреттегідей етіп орналастырылады да, олардың қасиеттеріне тиісінше мәндер тағайындалады.
4 ҚОРЫТЫНДЫ
Соңғы кездегі компьютерлік технологиялардың қолданылуы экономика мен әлеуметтік салаларға көптеген жаңа мүмкіндіктер жаратып отыр. Кез-келген авотматтандырылған жүйе өзара байланысқан көптеген модульдерден тұратын күрделі аппараттық-программалық комплекстерді сипаттайды. Мұндай жағдайда желілік технологиялардың және мәліметтер қорының алатын орны ерекше болып табылады. Жалпы Жүйе көптеген жергілікті және глобальды есептеу желілерінің комплексі түрінде анықталады. Телекоммуникациялық мекемелерде қазіргі таңда ең жетілдірілген желіілік және келекоммуникациялық құрылғылар қолданылады. Жаңа технологиялардың дұрыс пайдаланылуы бизнес әлеміндегі жетекші орындарға ие болудың алғы шарттарының бірі болып табылады.
Ақпараттық-іздеу жүйелеріне қойылатын кейбір талаптарға қарамастан, әрбір мекеме өзінің ішкі мәліметтерін өңдеудің өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Бірақ көбінше мұндай іс-әрекеттерді орындауға арналған құралдар олардың өздерінде табыла бермейді.
Жалпы бұл мекеменің ашылуына көп уақыт өтілсе де онда көптеген операциялар мен ұсыныстар жүзеге асырылуда. Әрине бұл іс әрекеттердің барлығы жаңа технология бойынша іс шаралары жүргізілген. Маңызды шешімдер мен талқылаулардан кейін қазіргі таңда мекеменің жетістктері талқылауда.
Мекемеде жоғары технологиялар маңызды және ең қажетті жабдықтардың бірі болып табылады, өйткені жұмыс барысы соны талап етеді. Әсіресе жоғары деңгейлі компьютерлер мен оның көптеген қосымша қосалқы бөлшектері(принтердің, сканердің, модем т.с.с соңғы үлгілері) үлкен рөл атқарады. Компьютер жүйесінде түрлі офистік бағдарламалар мен пошталық қызмет атқаратын арнайы бағдарламалары бар.
Кәсіптік іс-тәжірбие барысында мен өзіме керекті көптеген мағлұматтармен таныстым. Қажетті бағдарламаларды жетік меңгере отырып, онда қандай программалар керектігін білдім. Өндірістік іс-тәжірбиенің студенттерді болашақ маман ретінде дайындауда маңызы зор.
Қорыта айтқанда қазіргі таңда дүниежүзілік компьютерлік желі- Internet. ХХ ғасырдың 90-жылдары компьютердің дамуына Internet және World Wide Web жүйелері үлкен әсерін тигізгені барлығымызға мәлім. Қазіргі кезде осы бағытта да компьютер өте үлкен қарқынмен дамуда. Оперативті ақпаратты алудағы негізгі құрылғының бірі болуда. Internet желiсi- Бүкiләлемдiк тор-WWW [World Wibe Web]. Берiлген тор құжатттардың өзара бiр-бiрiмен байланысы ретiнде берiледi. Өзіміз білетіндей Internet желісі түрлі сайттардан тұрады. Сайттарды пайдалана білумен қатар оны құра білуде қажет. Ол әрине көптеген жұмыстарды қажет етеді, ең бастысы ол не мақсатта құрылып жатыр? Әрбiр Web-сайт тексттен, суреттерден, видео үнтаспаларынан тұруы мүмкiн. Мұндай сайттар ғаламшардың кез-келген нүктесiндегi компьютерде болуы мүмкiн. WEB-тiң негiзгi қызметi- қажеттi ақпаратты шапшаң түрде кірiп көру, жинастыру және де оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Гипермәтiндi сiлтеме-келесi беттермен байланысты қамтамассыз етедi. Сiлтеменi тышқанмен шертiп сiз келесi WEB-сайтқа өте аласыз. WEB-сайтты бiз келесi программалар арқылы көру мүмкiншiлiгiне ие бола аламыз: Microsort Internet Explorer [Майкрософт Интернет эксплорер], Netscape Navigator [Нетскейп навигатор]. Бұл программалардың артықшылығы сайтты сiлтемелер немесе адрестер арқылы бейнелеп көрсетiп бередi және де дискiге сақтай алатын мүмкiншiлiгi бар. Сайт даяр болғаннан кейін оны алдын-анықтап алу қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- А.Я. Архангельский. Интегрированная среда разработки Delphi. От версии 1 до версии 5. Москва, ЗАО «Издательство БИНОМ» , 1999.
- А.Я. Архангельский. Работа с локальными базами данных в Delphi 5. Москва, ЗАО «Издательство БИНОМ» , 2000.
- А.Я. Архангельский. Язык SQL в Delphi 5. Москва, ЗАО «Издательство БИНОМ» , 2000.
- В.Гофман, А.Хомоненко, Delphi 5, Наиболее полное руководство. Изд-во «БХВ- Санкт-Петербург», 1999 г.
- Бобровский С., DELPHI 5: учебный курс. С.-П., «Питер», 2000.
- Атре Ш. Структурный подход к организации баз данных. – М.: Финансы и статистика, 1983. – 320 с.
- Бойко В.В., Савинков В.М. Проектирование баз данных информационных систем. – М.: Финансы и статистика, 1989. – 351 с.
- Дейт К. Руководство по реляционной СУБД DB2. – М.: Финансы и статистика, 1988. – 320 с.
- Джексон Г. Проектирование реляционных баз данных для использования с микроЭВМ. -М.: Мир, 1991. – 252 с.
- Кириллов В.В. Структуризованный язык запросов (SQL). – СПб.: ИТМО, 1994. – 80 с.
- Мартин Дж. Планирование развития автоматизированных систем. – М.: Финансы и статистика, 1984. – 196 с.
- Мейер М. Теория реляционных баз данных. – М.: Мир, 1987. – 608 с.
- Тиори Т., Фрай Дж. Проектирование структур баз данных. В 2 кн., – М.: Мир, 1985. Кн. 1. – 287 с.: Кн. 2. – 320 с.
- Ульман Дж. Базы данных на Паскале. – М.: Машиностроение, 1990. – 386 с.