МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Ішкі Істер Департаменті тарихы……………………………………………………4
2.2 Ішкі Істер Департаменті…………………………………………………………….5-9
III. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
3.1 «1С Предприятие» программалық жүйесі……………………………….10-11
3.2 Зертханалық жұмыстың қойылымы……………………………………………12
3.3 Қажетті техникалық жабдықтар………………………………………………… 12
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………….13
КІРІСПЕ
Алматы қаласының Ішкі Істер Департаменті Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігінің структуралық бөлімшесі болып табылады. Ол Алматы қаласының территориясында қызмет көрсету мен ішкі істер органдарының бөлімшелерін басшылық етуді іске асырады.
Ол Қалада қоғамдық тәртіпті және ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; ескертулер, іздеулер, қылмыс жасаудың және административті бұзышылар алдын алу шаралары; бақылаусыздықты және кәмелетке толмағандардың заңды бұзуды табу және алдын алу; мемлекеттік қадағалау және қаладағы көшелерде жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету; шетелдік азаматтарға және қаладағы тұлғалардың азматтықсыз келуін бақылау жасайды.
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТАРИХЫ
Ішкі Істер Департаменті ресми түрде 1960 жылдың 2 шілдесінде пайда болды. Бұл күні КазССР-дың Жоғарғы қаулымның Президуимының бұйрығы «Қызметкерлердің депутаттар қаулымының Алматы қалалық қызмет көрсету комитетінің милиция басқарудың пайда болу туралы»қол қойылды.
1992 жылдың 4 шілдесінде ҚР-ның МВД-ның бұйрығы бойынша Алматы қаласының ішкі істерді басқару Алматы қаласының ГУВД-да қайта ұйымдастырылды.
Алматы полициясын басқару тәуелсіздіктің пайда болуы 1867 жылдан бері келеді. 1987 жылдың 11 сәуірінде Верныйдың күшеюі қала атағына ие болады. Сол уақытта тәртіпті ұстау және қалада тыныштықты сақтау үшін Полиция басқаруда жасады. 1918 жылы 3 наурыздың түніне қарағанда Верныйда большевиктер басқаруымен көтеріліс басталды. Военревком құрылды, ол өкімет органдарын, сонымен қатар милицияны ұйымдастырды.
1918 жылдың 22 маусымында Верный қаласында Қалалық Күзетші ұйымдастырылды, Семиреченск аудандық атқарушылық комитеті заседаниясының бірлестігі №26 протоколымен расталады.
Верный қаласының бірінші күзетшісі Г.А. Казаков болды, сонымен қатар әскери коммисардың көмекшісі болды.
Күзетшінің міндеті контрреволюциямен және қылмыстармен, спекуляциямен, тонаушылықпен, жасырын таратушылықпен, сонымен бірге санитарлы жайын бақылау болды. Сондықтан Верный қаласында арнайы күзетші инструкциясы қабылданды. Онда осы органның қызмет-әрекеті туралы толық жазылған.
1919 жылдың 10 қарашасында Верный қаласының күзетшісі милиция атағымен алмастырылды. Ал осы жылдың қарашасында барлық бастықтар мен көмекшілер РКМ Исполкомға сайлана бастады және ішкі істердің коммисарымен бекіле бастады. Милицияны бірінші ұйымдастырушылар болып Алматы қаласында Казаков, Кривошеев, Кособоков және Масанчи болды.
20-30 жылдары Алматы милициясының қызметкерлеріне өте қиын болды. Білім, тәжірибе, формалы киімдер, техника, ең қажеттісі – халыққа және арналған ісіне шын берілгендік жетіспеді. Ұлы Отан соғысы бүкіл елге ауыр қиыншылық болды. Бұл қиыншылықты бүкіл елмен бірге алматы милициясы да ортақтастырды: оның көптеген қызметкерлері соғыстан қайта оралмаған. Қазақтан милициясының мақтанышы Совет Союзының қаһармандары Т.Ажимов, П.Блинов, легендарный защитник Бреста Н.Сыдыков, партизан П.Козлов және көбісі Алматы қаласының милициясында көп уақыт бойы қызмет жасады.
Қазіргі уақытта Алматы қаласының Ішкі Істер Департаментін юстицияның генерал-майор Молдияр Оразалиев басқарады. Алматы полициясына маңызды оқиға «ҚР-ның ішкі істер органы туралы» заң болды.
2.2 ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ
Алматы қаласының Ішкі Істер Департаменті Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігінің структуралық бөлімшесі болып табылады. Ол Алматы қаласының территориясында қызмет көрсету мен ішкі істер органдарының бөлімшелерін басшылық етуді іске асырады.
Ішкі Істер Департаменті Қазақстан Республикасының Конституциясымен және «ҚР-ның ішкі істер органдары туралы» заңмен басшылық етіледі.
Департаменттің заңдық адресі: 050012, Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 57-а.
Департаменттің функциясы:
- Қалада қоғамдық тәртіпті және ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
- Ескертулер, іздеулер, қылмыс жасаудың және административті бұзышылар алдын алу шаралары;
- Бақылаусыздықты және кәмелетке толмағандардың заңды бұзуды табу және алдын алу;
- Мемлекеттік қадағалау және қаладағы көшелерде жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- Шетелдік азаматтарға және қаладағы тұлғалардың азматтықсыз келуін бақылау жасау.
Басшылық:
ІІД бастығы |
|
ІІД бастығының бірінші орынбасары |
|
ІІД бастығының орынбасары |
Шахманов Мейрам Ғалымұлы |
Ұрұмханов Мұрат Жәлелұлы |
Қабдолдин Болат Құдайбергенұлы |
Құрылымы:
Алматы қаласының Ішкі істер Департаменті
- Тергеу Басқармасы.
- Анықтау Басқармасы. Криминалды полиция Басқармасы.
- Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес Басқармасы.
- Экстремизм, сепаратизм және лаңкестікпен күрес Басқармасы.
- Жедел-криминалистік Басқарма.
- Қоғамдық қауіпсіздік Басқармасы.
- Өзіндік қауіпсіздік Басқармасы.
- Жол полициясы Басқармасы.
- Көші-қон полициясы Басқармасы.
- Есірткі саудасына қарсы күрес Басқармасы.
- Тәрбие және кадр жұмыстары Басқармасы.
- Штаб Басқармасы.
- Жедел басқару Орталығы.
- Баспасөз қызметі.
Алматы қаласының ІІД аудандық Ішкі істер Басқармалары (АІІБ):
- Алмалы АІІБ.
- Әуезов АІІБ.
- Бостандық АІІБ.
- Медеу АІІБ.
- Жетісу АІІБ.
- Түрксіб АІІБ.
Аудандық ІІБ жанындағы аудандық полиция бөлімдері (АПБ):
- Алмалы ауданының ІІБ жанындағы АПБ.
- Әуезов ауданының ІІБ жанындағы АПБ.
- Бостандық ауданының ІІБ жанындағы АПБ.
- Медеу ауданының ІІБ жанындағы АПБ.
- Жетісу ауданының ІІБ жанындағы АПБ.
- Түрксіб ауданының ІІБ жанындағы АПБ.
Алматы қаласының Ішкі істер Департаментінің спорттық өмірі
Алматы қаласының Ішкі істер Департаментінің Дене шынықтыру және спорт Басқармасының негізгі мақсаттары Алматы қаласының ІІД құрамында дене-шынықтыру, жалпы-спорттық және дене шынықтыру—сауықтыру іс шараларын ұйымдастыру және өткізу болып табылады. Сондай-ақ, спорттың қызметтік-қолданбалы түрлерін қалалық Депатаментте, сонымен қатар аудандық бөлімшелерде дамыту жұмыстарын жүргізеді. Полиция қызметкерлері ІІД спорттық базасында және «Динамо» Алматы қалалық кеңесінде жаттығады. Бұл—стадион, 50-метрлік жүзу бассейіні және тир.
Алматы қаласы полиция қызметкерлері арасында самбо күресі, жекпе-жектен, отты қарумен атудан, президенттік көпсайыстан, мини-футболдан, волейбол және жүзуден спорттық сайыстар, сонымен қатар Алматы қаласы полиция қызметкерлерінің жанұялары қатысатын «Наурыз» мейрамын, «полициялық эстафетадан» және «Қысқы мейрамы» іс-шараларын өткізу жыл сайынғы дәстүрге айналған.
Бұл үшін ІІД құрама командасы арасында үнемі дайындық жаттығулар өткізіледі (ҚР ІІМ Чемпионатына және Спартакиадаға қатысу үшін).Қызметкерлердің балалары жекпе-жек, волейбол, таэквандо және жүзу секцияларына қатысады. Дене шынықтыру және спорт Басқармасы қалалық ІІД органдары және бөлімшелерімен, барлық қызметтермен және «Динамо» Алматы қалалық кеңесімен үнемі қарым-қатынаста болады, осының нәтижесінде 25 ұжымнан 18 мың адам өздерінің дене шынықтыру қабілеттерін үнемі дамытып отырады. Нәтижесінде бүгінгі таңда қалалық полиция қызметкерлері арасында 22 ҚР ІІМ Чемпионы бар (жекпе-жектен-8 адам, отты қару атудан-7, самбо күресінен-7).
Бірқатарын атап өтейік, олар: полиция аға лейтенанты Айбек Атжанов полиция қызметкерлері арасынан самбо күресінен әлем Чемпионы, Әлем және Азия Чемпионатының қола жүлдегері. Полиция подполковнигі Қайырболат Егеубаев Ұлы Отан соғысының Жеңісінің 60 жылдығына арналған Москва-Брест бағыты бойынша өткен жоғарғы марафон жарысына қатысқан. Полиция аға лейтенанты Максим Клименко армрестлингтен Әлем және Азия Чемпионатының екі мәрте жүлдегері болды. Алматы қаласы ІІД ҚР ІІМ Чемпионатының және Алматы қалалық кеңесінің жалпы сынағы бойынша 4 жыл бойы біріші орынды иеленуде. Бүгінгі таңда Алматы қаласы ІІД бір Еңбегі сіңген спорт шебері, алты Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 25 спортшебері, 32 спорт шеберлігіне кандидаттары және бірінші разрядттағы 150 қызметкер бар.
ҚР ІІМ Жоғары оқу орындары
- ҚР ІІМ Академиясы
мамандықтар:
- тергеу-криминалистік мамандандыру;
- жедел-криминалистік мамандандыру;
- әкімшілік-құқықтық мамандандыру.
- ҚР ІІМ Қарағанды заң институты.
мамандықтар:
- жедел-іздестіру бойынша мамандандыру; —
- тергеу-криминалистік мамандандыру.
- ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің Жоғары әскери училищесі
мамандықтар:
- ішкі әскерге тактикалық басшылық бойынша мамандандыру;
- тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарға тактикалық басшылық бойынша мамандандыру;
- әскерді инженерлік-техникалық қамтамасыз етуге тактикалық басшылық бойынша мамандандыру;
- әскерді ракеталық-артиллериялық қамтамасыз етуге тактикалық басшылық бойынша мамандандыру;
- автомобильдік әскерлерге тактикалық басшылық бойынша мамандандыру;
- әскерді тылмен қамтамасыз етуге тактикалық басшылық бойынша мамандандыру.
ҚР ІІМ колледждері
- ҚР ІІМ Ақтөбе Заң колледжі;
- әкімшілік-құқықтық мамандандыру.
- ҚР ІІМ Семей Заң колледжі;
- жедел-іздестіру бойынша мамандандыру
- ҚР ІІМ Шымкент Заң колледжі;
- әкімшілік-құқықтық мамандандыру.
III. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
3.1 «1С ПРЕДПРИЯТИЕ» ПРОГРАММАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
«1С Предприятие» жүйесі Қазақстан нарығында орта және кіші кәсіпорындарда кеңінен қолданысқа ие болған программалық жүйе. Жүйенің негізгі қызметі Қазақстандағы бухгалтерлік есеп жүргізудің негізгі стандарт әдістемесі және әдістерімен реттеледі.
Программалық жүйе негізгі 4 режимде қызмет атқарады:
- «1С Предприятие» режимі
- Конфигуратор режимі
- Монитор режимі
- Отладчик режимі
«1С Предприятие» компоненті өз қызметінде келесі операцияларды жүзеге асырады:
- банктік және кассалық есеп операциялары
- негізгі құралдар және материалды емес активтер
- есеп операциялары, материалдар есебі
- қаржылық операциялар
- жабдықтаушылар мен есеп айырысу операциялары
- дебиторлық борыш есебі
- еңбекақы есебі операциялары
- салық есебі операциялары
- ағымдағы шығындар есебі
- көрсетілген қызмет және жұмыстар есебі
- өндірістік есеп
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау операциялары
Конфигуратор режимі. «1С Предприятиядан» айырмашылығы: жүйелік администратор режимі «1С Предприятие» бұл тікелелй қолданушы режимі, қолданушы-бухгалтер. Бұл режим мәліметтер базасының басқару администраторының функциясын орындауға мүмкіндік береді. Мәліметтер базасының ену құқығын беру, мәліметтер базасының құрылымына нешізгі құжаттар формаларының өзгерістер енгізу белгіленген бір параметрлерді өзгерту т.с.с функцияларды орындауға мүмкіндік береді.
Монитор режимі. Жүйелік администратор режимі программалық жүйені қолданушы қызметін талдау үшін арналған қолданушының барлық іс-әрекетін көрсетіп отырады.
Отладчик режимі. Жүйенің қызмет көрсету барысында программалық және техникалық конфигурациясындағы уақтылы пайда болатын ақауларды түзету мүмкіндігін береді.
«1С Предприятие» жүйенің негізгі объектілері:
- константалар – тұрақты өлшемдер, яғни өзіміздің ұйым аты, реквизиттер, мекен-жайы туралы ақпаратты сақтайды. Сонымен қатар ұйымдағы есепті жүргізуде қолданылатын белгілі бір көрсеткіштер мәнін сақтайды.
- справочниктер – нормативті-анықталық ақпарат сақталады, ұйымда аналитикалық есепті жүргізуде құжаттарды толтыруда, осы оюъектегі жазбалар қолданылады, яғни ұйым қызметкерлері туралы ақпаратты ұйымның бөлімшелері туралы ақпаратты қамтиды.
- операциялар мен проводкалар – толық шаруашылық операцияларды орындауға мүмкіндік береді, бір операцияға сәйкес бір проводка орындалады.
- субконто – бухгалтерлік есептегі аналитикалық есепті жүргізу үшін қолданылатын объект. Субконто түрі есеп оюъектілерінің типін көрсетеді. Мысалы, материалдар, тауарлар, негізгі құралдар, өндіріс, т.б.
- құжаттар – шаруашылық операцияларын атқарғаны туралы ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Құжаттар ұйымның ақпараттық базасын құрайды. Мысалы, төлемдік тапсырыстар, кассалық кіріс, шығыс ордері, т.б.
- типтік операциялар – бұл шаруашылық операциялары көбірек қайталануда ақпаратты енгізуді автоматтандырудан пайдаланылатын ақпараттық механизм, яғни шаблондық типтік операциялар қолданылады.
- журналдар – барлық орындалған шаруашылық операциялар бойынша алынған белгілі бір шығыс құжаттарын және қалыптасқан проводкаларды қамтиды.
- есеп беру – қорытынды шығыс құжаттарды қамтиды.
3.2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚОЙЫЛЫМЫ
Ішкі Істер Департаментінде «1С Предпериятие» программалау жүйесінде жұмыс жасадым. Яғни қызметкерлерге төлем ақыны беруге құжат толтырдым.
3.3 ҚАЖЕТТІ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР
Берілген зертханалық жұмыс жобамды «1С Предприятие» программалау ортасында орындау үшін Pentium 4 микропроцессорына негізделген компьютердің мүмкіндіктерін пайдаландым. Мәтіналғы көмегіне жүгінуім көп уақытымды үнемдеуіме жәрдемдесті. Орындалған жұмысты қағаз бетіне түсіру HP LaserJet 1200 баспа құрылғысы (басып шығарғыш) арқылы жүзеге асырылды. Монитор, пернетақта және лазерлік тышқан (тінтуір), дыбыс колонкалары тағы бар. Сонымен қатар UPS – кернеу ауысқанда немесе электр энергиясы өшіп қалған жағдайда компьютерді қорғайтын құрылғыны пайдалануыма тура келді. USB диск немесе флеш-дискісі де қажет болды. «1С Предприятие» программалау жүйесі көмегімен жұмыс мысалын талдадым.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мен, Айтбалаева Айгуль Еркиновна өндірістік тәжірибемді қорыта келгенде 2008 жылдың 26 мамыр мен 14 маусым аралығында Алматы қаласының Ішкі Істер Департаментінде өттім. Мекен-жайы: Алматы қаласы . Мені қаржы бөлімшесіне жіберді. Практиканың жетекшісі қаржы бөлімшесінің бастығының орынбасары Турсунбаев Рустем Сержанович болды.
Ішкі Істер Департаментінің қаржы бөлімі «1С Предприятие» программалау жүйесімен жұмыс атқарады. Ішкі Істер Департаментінде маған «1С Предприятие» программалық жүйесін үйретті. Онда мен қызметкерлерге жалақы есептедім. Басқа да әр түрлі есептеулер практика жетекшісімен бірге жасадым.