АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Отчёт по практике: Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

 

Кафедра «Есеп және аудит»

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу-танысу тәжірибесінің бағдарламасын орындау туралы

ЕСЕП

 

Тәжірибе өту базасы ТОО «Базилик»

 

 

 

5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының _4__ курс студенті _____________________________________________________________________________

 

 

 

 

Кафедрадан бекітілген жетекші  _________________________________________________________

(А.Ж.Т., қызметі)

 

 

Кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекші _________________________________________________________

(А.Ж.Т., қызметі)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана, 2014 ж.

 

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………………4

  1. Кәсіпорын жарғысымен және оның қызметімен танысу………………………………6
  2. Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың негіздері……………………..7

ІІI. КӘСІПОРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК  ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

3.1 Кәсіпорынның меншікті қаржысының есебі………………………………………………9

3.2 Негізгі қорлар есебі мен материалдық емес ативтердің есебі…………………….12

3.3 Қорлар есебі…………………………………………………………………………………….18

3.4 Ақша қаражаттарының есебі……………………………………………………………………22

3.5 Дебиторлық берешектердің есебі…………………………………………………………….23

3.6 Міндеттемелер есебі……………………………………………………………………………….26

3.7 Еңбек және оны төлеу есебі…………………………………………………………………… 27

3.8 Кірістер мен шығыстар есебі…………………………………………………………………..32

 

Қорытынды…………………………………………………………………………………………………..37

Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………………………………….39

 

 

КІРІСПЕ

 

Мен, өндірістік іс-тәжірибемді  2014 жылдың маусым айының 2-ші жұлдызынан 2014 -жылдың маусым айының 7-ші жұлдызына дейінгі аралықта Астана қаласы, «Базилик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өттім.

Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді.

Іс-тәжірибе уақытында мекеме еңбеккерлерінің еңбек жалақысын есептеуге және оны банктен өткізіп, жеке карточкаларына аударым жасау жұмысына қатыстым. Сонымен бірге есеп жұмыскерлері арасында міндеттемелердің бөлінуімен танысып, бухгалтерлік құжаттарды толтыру мен өңдеу, түгендеу және тексеру жүргізу жұмыстарына да қатыстым.

Іс-тәжірибе есебінде кәсіпорын қызметіне де талдау жүргізіп, ішкі шаруашылық аудитіне қатысты анықтамалармен де танысу жұмысын орындадым. Негізгі құралдары бойынша есеп жасау жұмыстарына да ерекше көңіл бөлініп отырды. Тікелей кейбір еңбек құралдарын есептен шығару операциясына қатыстым.

Өндірістік тәжірибені өтумен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды  игеруге тырыстым. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындауға тырыстым:

  • филиалдағы белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;
  • әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды толығымен әрі уақтылы орындау;
  • филиалда белгіленген эстетикалық және этикалық нормаларға сай ұқыпты кйіну;
  • филиалда болған барлық іс-шараларға қатысу.

 

Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым – филиалдың құрылудағы мақсаты, жүзеге асырылу тәртібін, ақша қаражаттарының, ағымдағы және ұзак мерзімді активтерінің, жұмыскерлермен есеп айырысу, яғни еңбекақының алғашқы есептерінің ұйымдастырылуын, сондай-ақ  қаржылық есептіліктің дұрыс орындалуын зерттеу болды. Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды  игеруге тырыстым.

Практикалық жұмыстың мақсаты кәсіпорынның шаруашылық қызметінің талдау және оның әдістемесін меңгеру болып табылады.

Практикалық  жұмыста қарастырылатын негізгі тақырыптар:

  • Кәсіпорынның меншікті қаржысының есебі
  • Негізгі қорлар есебі мен материалдық емес активтердің есебі
  • Қорлар есебі
· Ақша қаражаттарының есебі
  • Дебиторлық берешектердің есебі
  • Міндеттемелер есебі
  • Еңбек және оны төлеу есебі
  • Кірістер мен шығыстар есебі

 

Берілген жұмыстың басты мақсаты — кәсіпорынның жұмысы, оның жарғысы, өндірістік процесс пен технологиялары, басқару жүйесі және ішкі бөлім қызметтері, бәсекелестік стратегиясы туралы ақпаратты көрсету; қаржы көздері мен ақша ағымдары туралы есеп арқылы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және де кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын, кәсіпорынның қызметтерінің артықшылықтарын бейнелеу.  

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

І. Кәсіпорын жарғысымен және оның қызметімен танысу

 

«Базилик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, «Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері туралы 1998 жылғы сәуірдің 22-сіндегі Заңына және де кәсіпкерлік қызметті реттейтін қолданылып жүрген актілеріне сәйкес ретінде құрылған.

Серіктестіктің құрылтайшысы болып Утегенов Сабыр Ержанович табылады.

Серіктестіктің қызметінің басты мақсаты – оның Қатысушыларының әл-ауқатын көтеру үшін табыс табу болып табылады.

Серіктестік мақсаттарға сәйкес өзінің қызметін негізгі бағыттар бойынша ҚР қолданып жүрген заңға сәйкес жүзеге асырады.

 

  • коммерциялық қызметі (сауда-саттық қызметі, дүкендерді, киоскі, сауда нүктелерін ашуы, биржада операцияларды, брокерлік делдалдық қызметтер, көтерме – бөлшек, коммиссиондық сауда ұйымдастыру.

 

  • қоғамдық тамақтандыру нүктелерін ашу (кафелер, мейрамханалар, асханалар және т.с.с).

 

Серіктестік алдына қойған мақсаттарға жету үшін заң актілерімен тыйым салынбайтын қызметтің кез-келген түрлерін жүзеге асыра алады. Лицензиялауға жататын қызмет, белгіленген тәртіпте алынған лицензия негізінде жүзеге асатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   ІІ . Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың негіздері

 

«Базилик» ЖШС АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалының есеп саясаты Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпанынан «Бухгалтерлік және қаржылық есептілік туралы заңының» №234-ІІІ заңына, Халықаралық қаржылық есеп стандартына (МСФО-IFRS), Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына (МСБУ-IAS) сәйкес құрастырылған. Жалпы баптар саны 966. Есеп саясатының принциптері  барлық құрылымдық бөлімшелерге де қолданылады.

Есеп саясатының келесідей мақсаттары белгілі:

  • Есептіліктің барлық түрін кірістіру;
  • Қаржылық мәліметтердің түсініктілігін, анықтылығын, сенімділігін қамтамасыз ету;
  • Қоғамда бухгалтерлік есепті жүргізудің бірыңғайлығын қадағалау;
  • Бухгалтерлік есептің жұмыс жасау аясының, қоғамға байланысыт нормативтік актілердің өгеруі, ауысуына тез бейімделуін қамтамасыз ету.

Есеп саясаты бойынша «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалының негізгі валютасы болып Қазақстан Республикасының  Ұлттық валютасы – теңге болып табылады. Есептілік кезеңі — ағымдағы жыл.

Есеп саясаты бухгалтерлік есепті ұйымдастыру барысында келесі сұрақтарды қарастырған:

  1. «Базилик» ЖШС АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалының жалпы жағдайы мен статусы:
  2. Негізгі құралдар есебін жргізу;
  3. Жал есебі;
  4. Материалдық емес активтер;
  5. Инвестициялық жылжымалы мүлік;
  6. Қаржылық құралдар;
  7. Тауарлы-материалдық құндылықтар есебі;
  8. Сатуға арналған немес жойылуға жіберілген ұзақ мерзімді активтер;
  9. Активтер құнсыздануы;
  10. Ақша қаражаттарының есебі;
  11. Меншікті капитал;
  12. Жұмыскерлерге еңбекақы есебін ұйымдастыру;
  13. Кірістер;
  14. Мемлекеттік субсидия;
  15. Шығыстар;
  16. Займдар бойынша шығыстар;
  17. Әлеуметтік сфера;
  18. Корпоротивті табыс салығының есебі;
  19. Шетел валютасындағы операциялар есебі;
  20. Бағалау міндеттемелері;
  21. Есептілік күнінен кейін жағдай;
  22. Сегменттелген есеп;
  23. Ағымда қаржылық есептілік;
  24. Кәсіпкерліктің қосылуы;
  25. Дисконтталуды қолдану.

  Есеп саясаты бойынша жалпы ережелерді қарастыратын болсақ ол өз ішінде қоғамның:

  • негізгі валютасын;
  • есеп саясатының қолданушыларын;
  • Есептілік кезеңін;
  • Қаржылық есептіліктің элементтерін;
  • Қаржылық есептіліктің компоненттерін;
  • Қаржылық есептің құрамын;
  • Мүлік пен міндеттемелердің түгенделуін;
  • Бақылау мен аудит;
  • Бухгалтерлік ақпараттың құпиялылығын анықтайды.

  Есеп саясат 2008 жылы  24 желтоқсанда «Базилик» ЖШС  директорлар кеңесінің №13 хаттамадағы шешімімен бекітілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. КӘСІПОРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК  ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

3.1 Кәсіпорынның меншікті қаржысының есебі

 

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өздерінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады.

Меншікті капиталдың ерекшелігі-ол шаруашылық жүргізуші субъектінің актив көзі ретінде үнемі алға шығуы, соған орай оның бар-жоғы білінбейді.

ҚЕХС, ҚЕҰС-да меншікті капиталға мыналар жатады деп көрсетілген: жарғылық, резервтік қосымша төленген және төленбеген капитал, бөлінбеген табыс.

Жарғылық капитал кәсіпорын мүлкіне оны құрған кездегі қатысушы-лардың салымының жиынтығы болып табылады. Кәсіпорынның бухгатерлік есебінде жарғы капиталына ықпал ететін операциялар мен сәйкес корреспон-денциялар жүргізіле отырып, төмендегідей операциялар рәсімделеді:

 

Кесте 1 — Кәсіпорынның бухгатерлік есебінде жарғы капиталына ықпал ететін операциялар

Жарғылық  капиталға қатысты өткізбелер                                           Дт         Кт

1  1

Тағайындаушы құжаттарға сай жарғылық капитал өлшемін бейнелеу

5110

5030

2  2

Жарғылық капитал артуына байланысты тағайындаушы құжатқа өзгеріс

5110

5030

 Төленбеген капиталға қатысты өткізбелер:

3  1

Материалды емес активтермен

2730

5110

3  2

негізгі құралдармен

2410

5110

3 3

Тауарлық-материалдық қормен

1310,1320,1330,1350

5110

3  4

Ақшалай қаражаттармен

1010, 1030

5110

  Бөлінбеген табысқа қатысты өткізбелер

4

        Есеп беріп отырған жылғы таза табыс бейнеленуі

5610

5510

5

Есепті жылдың жабылмаған залалын өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы есебінен есептен шығару

5520

5510

6

Есептен шығару бойынша қайта бағалау сомасын бөлінбеген табысқа жіберу:

 

 

61

Негізгі құралдар бойынша

5420

5510

62

Материалды емес активтер бойынша

5430

5510

7

Негізгі құралдарды қайта бағалау сомасы

5420

5510

5000 «Жарғылық капитал», 5100«Төленбеген капитал», 5200 «Сатып алынған жеке меншік үлес құралдары», 5300 «Эмиссиялық кіріс», 5400 «Резервтер», 5500 «Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын)» кіші бөлімдері шоттарының кредиті бойынша операцияларды есепке алуға арналған.

«Операциялардың мазмұны» бағаны бойынша қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жарғылық капиталға жарналарға, ұйымның жарғылық және резервтік капиталының мөлшерін арттыруға және т.б. байланысты операциялар бойынша қажетті жазба жүргізіледі.

5000, 5100, 5200, 5300, 5400, 5500 кіші бөлімдерінің әрбір синтетикалық шоты үшін бағандар арналған, оларға дебет бойынша осы шоттармен корреспонденцияланатын синтетикалық шоттардың кодтары енгізіледі. Айдың аяғында әрбір синтетикалық шот бойынша кредит бойынша айналым есептеледі және «Жиыны» бағанына енгізіледі. Әрбір синтетикалық шот бойынша кредит жөніндегі айналымдардың сомасы («Жиыны» жолы) Бас кітапқа ауыстырылады.

Қосалқы шоттардың бөлінісінде ұйымның жеке меншік капиталының бар-жоғы мен қозғалысының талдамалы есебі жүзеге асырылады.    

Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен айналысатын  шаруашылық субъектілері қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық  құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары және алашақтары болуы қажет.

Осы жоғарыда аталғандардың  ақшалай жиынтығы капитал болып  саналады. Шаруашылық субъектісі алғашқы  құрылған кезде оның капиталы Қазақстан  Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де сол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай – ақ басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

Жалпы шаруашылық субъектінің  есебін жүргізу барысында жұмыс  істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

Субъекті мүлкінің құрамы.

Субъектінің барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып  екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі (айналымнан тыс) актвтер» және «айналымдағы активтер» — деп екіге бөледі. Негізгі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес актвтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер шаруашылық субъектінің материалдық – техникалық базасын жасауға жіне дамытуға арналады.

 Ал айналымдағы  активтер шаруашылық субъектінің  атқаратын қызметінен пайда табу  үшін пайдаланылады. Олардың   қатарына ақшалай қаржылар, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлы – материалдық қорлар, дебиторлық алашақтар және басқадай активтер жатады.

  Субъекті мүліктерінің (капиталының) құралу көздері. Субъектінің мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Шаруашылық субъектісі меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:

  • жарғылық капитал;
  • резервтік капитал;
  • бөлінбеген пайда.

   Шаруашылық субъектілері өздерінің меншікті қаржыларынан басқа  қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, аванстар және кредиторлық борыштар жатқызылады.

   Жарғылық қор меншік иесі субъектінің ( кәсіпорынның ) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету  үшін инвестицияланған қаржыларының сомасы болып саналады.

   Меншіктік ұйымдық –  құқығының нысанына және меншік иесінің  тиісті құқығымен жауапкершілігінее  қарай жарғылық қор мынадай түрлерде болуы мүмкін:

   Шаруашылық серіктестіктердің (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша  жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.

   Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері). Жарғылық қор мөлшері субъектінің жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, өкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін. 

   Қосымша төленген капитал – қоғамының өзініің акцияларын олардың атаулы (номиналдық) құнынан артық құнмен сатқаннан пайда болған құн айырмашылығынан туындайды. 

   Қосымша төленбеген капитал —  негізгі құралдар мен инвестицияларды қайта бағаланғанда олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқалардан туындайды.

   Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал – келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға арналып шаруашылық субъектісі өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік ( сақтық, сақтаулы) капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен шаруашылық субъектісінің (қоғамның) жарғысында қаралады (көрсетіледі).

  Бөлінбеген пайда (табыс) – шаруашылық субъектінің (кәсіпорынның) жалпы табысының (пайдасының) барлық шығындарын өтегеннен, бюджетке төленген салық сомаларынан және табыстан (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланғаннан қалған бөлігі.

   Жарғылық капитал. Жарғылық капиталдың жалпы мөлшері, шығарылған түрлері бойынша (жәй және артықшылығы бар) акциялардың сандары, бір акцияның номиналдық (атаулы) құны, акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жарғы тиісті мемлекеттік органдарда тіркеуден өткізілуі тиіс. Қоғамның акцияны сатып алатын мүшесіне ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауға құқығы бар.

    Резервтік капиталдың есебі. Акционерлік қоғамдармен басқа да шаруашылық субъектілері өздерінің таза  пайдасы есебінен жоғарыда айтылғандай резервтік капитал құрады. Бұл резевтік капиталдың мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді, бірақ та ол субъектінің жарғылық капиталының 10 пайызынан (процентінен) кем болмауы тиіс. Ақшаның құнсыздануына, өндірістің өркендеуіне, сондай – ақ басқа да жағдайларға  байланысты шаруашылық субъектінің жарғылық капиталы көбейген уақытарда резервтік капиталда оған сәйкес артып отыруға тиіс.

    Резервтік капиталдағы  жинақталған сома алдын ала болжалмаған (есептелмеген), төтенше жағдайлардан болатын шығындарды жабу үшін жұмысалынады. Жалпы резевтік капиталдағы жинақталатын слмаларды жұмсау тәртібі акционерлік қоғамның жарғысында  бекітіледі. Резевтік капиталдың жұмсалуына байланысты азаюы келесі есепті кезең ішінде қоғамның жарғысында көрсетілген  мөлшерге тең етіп  қайта қалыптастыруды қажет етеді.

 

 

3.2 Негізгі құралдар есебі мен материалдық емес ативтердің есебі 

 

Негізгі   құралдар   дегеніміз —  кәсіпорында    өнім  өндіру, тауарларды   тасымалдау   немесе    қызмет   көрсету   үшін,  басқа   кәсіпорынға       жалға беру үшін    немесе     қызмет   көрсету  үшін,   басқа    кәсіпорынға     жалға  беру   үшін   немесе     әкімшілік    мақсаттар    үшін    пайдаланылған   және   бір    кезеңнен  (бір  жылдан)  артық   мерзім  ішінде     пайдаланылады  деп  болжанатын   материалдық    активтер.

      Негізгі құралдар түрлері бойынша бөлшектенеді. Негізгі құралдардың түрі – бұл ұйымның қызметінде сипаты және пайдаланылуы жағынан бірдей активтердің бірігуі. Жекелеген түрлердің мысалдары мыналар болып табылады:

-жер;

-жер және ғимараттар;

-машина жабдығы;

-кемелер;

-ұшақтар;

-автокөліктік құралдары;

-жылжымайтын мүлікпен біріктірілген жиһаз бен жылжымалы мүлік;

-кеңсе жабдығы.

Негізгі құралдардың түрлері бойынша бөлшектеуге байланысты синтетикалық шоттар ашылады.

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінде  негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақыланады; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетіледі және негізгі құралдардың қор қайтарымын анықталып, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігі негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін құрастырылады. Негізгі құралдарды түгендеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасайды және олардың нәтижесін сонымен қатар негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етеді.

2400 «Негізгі құралдар» кіші бөлімі негізгі құралдарды есепке алуға арналған.Осы бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 2410, 2420, 2430.

Негізгі құралдардың  келіп түсуі мен оның қозғалысынв 2410 – «Негізгі құралдар» шоты арналған.

Актив ретінде бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүлік барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған барлық жинақталған шығындарды қоспай оның өзіндік құны бойынша немесе барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған кейінгі жинақталған шығындарды қоспай қайта бағалау күніне дұрыс құны болып табылатын қайта бағаланған құны бойынша есепке алынады.

Негізгі құралдардың амортизациясын шоғырландыру үшін 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы» шоттар тобы арналған.

Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындарды шоғырландыру үшін 2430 «Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындар» шоттар тобына арналған.

3- кесте Негізгі құралдар келіп түсүінің шоттар корреспонденциясы

 

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

1

2

3

4

 

                                                            Дебет

Кредит

1

Негізгі құралдарды кәсіпорын ішінде ауыстыру

 2411-2415

2411-2415

2

Негізгі құралдар басқа заңды немесе жеке тұлғадан алынды:

—          келісім шарттық құнына

—          ҚҚС сомасына

 

 

 

2411-2414

 

1420

 

 

 

4110

 

4110

 

3- кесте жалғасы 14 бетте.

3-кесте жалғасы.  

 

1

2

3

4

3

Құрылтайшылардың кәсіп-орын жарғылық қорына салған салымдарына салған негізгі құралдары кіріске алынды

 

2411-2415

 

 

5020

4

Негізгі құралдар серіктестік, туелді және бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар-дан алынды:

—          баланстық құнына

—          ҚҚС сомасына

—          беруші жақтың есептеген тозу сомасы

 

 

 

 

2411-2414

1420

2411-2414

 

 

 

 

3320,3330,3340

3320,3330,3340

2421-2423

5

Тегін алынған негізгі құралдар кірістелді:

—          баланстық құнына

—          берілген күніне дейін есептелген тозу сомасы

 

 

2411-2414

2411-2414

 

 

6130

2421-2423

6

Түгендеу барысында есепке алынбаған негізгі құралдар анықталды:

—          негізгі құралдардың эксперттік жалмен анық-талған қалдық құнына

—          негізгі құралдардың эксперттік жолмен анық-талған,бірақ есепке алынбаған тозу сомасына

 

 

 

 

2411-2414

 

 

 

2411-2414

 

 

 

 

6130

 

 

 

2421-2423

 

3-кесте жалғасы 14-бетте.

 

3-кесте жалғасы.

 

1

2

3

4

7

Кәсіпорынның өзі дайындаған негізгі құралдары:

—          негізгі өндіріс цехында

көмекші өндіріс цехында

2411-2414

 

2411-2414

8011

 

8031

 

 

 

  Негізгі  құралдар  аудитінде  қолданылатын  ақпарат көздері  кәсіпорын  қабылдаған  есеп  саясатына  тәуелді  болады. Бұл  есеп  формасын  таңдауда  көрінеді: журнал-ордерлі, мемориалды – ордерлі, қарапайымды, сонымен  қатар  қолданыстағы  регистрлер  тізімінде, олардың  құрылуында, кезектілігінде  және  оларда  жазу  жүргізу  тәсілінде. Бірақ  есептің  кез- келген  формасында  негізгі  құралдар  бойынша  операциялар  алғашқы  есептік  құжаттаудың  бірыңғайлы  ведомісті аралық  формалары  мен  толтырылуы  тиіс  екендігін  есте  сақтау  керек:

НҚ-1 формасы – негізгі  құралдарды  қабылдау —  жіберу  актісі;

НҚ-3 формасы – жөнделген, қайта  құрылған  және  жетілдірілген  объектілердің  қабылдау – тапсыру  актісі;

НҚ-4 формасы – негізгі  құралдарды  жою  актісі;

НҚ-4а  формасы – автокөлік құралдарын  жою  актісі;

НҚ-6 формасы  — негізгі  құралдар есебінің

НҚ-14 формасы – қондырғыларды  қабылдау  туралы  акті;

НҚ-15 формасы  — қондырғыларды  монтажға  қабылдау – жіберу  актісі;

НҚ – 16 формасы қондырғылардың  анықталған  кемістігі  туралы  акті.

Негізгі  құралдар  қозғалысы мен  олардың  тозуының  синтетикалық  есебі №13,10 және 10/1 журнал – ордерлерде  жүргізіледі, ал  компьютерлік  ақпараттық  технологияларды  қолданған  кезде 01, 02  шоттары  бойынша  дебеттік  және  кредиттік  айналымдар  машинаграммосында  жүргізіледі.

Негізгі  құралдар  есебінің  аудитінің  негізгі  бағыттары  келесілерді  қамтамасыз  етеді:

Негізгі  құралдардың  тұтастығы  мен  бар болуын  бақылау;

Жабдықтардың  негізгі  құралдарға  жатқызылу  дұрыстығы;

Негізгі  құралдардың  есепте  бағалану  дұрыстығы;

Негізгі  құралдардың  түсуі  мен  шығуы  бойынша операциялардың  есепте  көрінуі  мен  толтырылуы  дұрыстығы;

Негізгі  құралдардың  тозуы  мен  жөнделуінің  есепте  көрінуі  мен  есептелу  дұрыстығы;

Бухгалтерлік  есеп  пен  есеп  беруде  негізгі  құралдардың  бар  болуы  мен  қозғалысы  туралы  мәліметтердің көріну  дұрыстығы.

      Негізгі   құралдардың   бухгалтерлік есебінің    міндеті:

  • расталған   есептік     мәліметтердің,  техникалық    паспорттардың,  басқада құжаттар  мен     түгендеу   журналдарының      негізінде    еңбек   құралдарының     барлық   түрлерінің      сақталуына      бақылауды   ұйымдастыру.
  • Негізгі    құралдардың   келіп   түсуін,  шығарлуын, қозғалысын     есепте     уақтылы   және   дұрыс     көрсетлуін      қамтамасыз ету.
  • Негізгі    құралдардың     тозуының    дұрыс есептелуіне   және тиімді  пайдалануына     бақылауды  ұйымдастыру  және      қор   қайтарымдылығын    арттыру    жөніндегі      шараларды   жүзеге    асыру.
  • Негізгі    құралдарға    ағымдағы   және    күрделі   жөндеулерді,     қайта   құруды   және     жаңғыртуды    жүргізумен    байланысты      шығындарды    есепте   дұрыс   және      уақтылы      көрсетуді   жүзеге асыру.
  • Моралды   және    физикалық    тұрғыдан     ескірген      негізгі  құралдарды   жедел айқындау.
  • Негізгі құралдар  бойынша   дұрыс    есептеме    жасау   ұшін    бухгалтерлік   есептің      деректері     банкін    уақтылы  және   дұрыс қалыптастыру.

    Негізгі    құралдардың        ғылыми негізделген   жіктемесі  алға   қойылған мақсаттарға   жету   үшін,  маңызды шарт  болып табылады. Жіктемелік  топтарға    өндірістік-техникалық      мақсаты   бойынша,    тозу қарқыны, қызмет мерзімі, жөндеудің ерекшелігі, икемділігі мен    техникалық     жаңалығының    дәрежесі    бойынша       өте жақын        негізгі   қорлар     енгізіледі.

  Өндіріс  процесіне   қатысу    сипатына   қарай   негізгі   құралдар   былайша   бөлінеді: өндірістік-бұл  өндірістік  процеске  тікелей     қатысатын  немесе  өндірістің    негізін құрайтын   негізгі   құралдар. Олардың   шамасы   мен     техникалық    күйіне     шаруашылық    субьектісін, жалпы   елдегі    салалардың      экономикалық   қуаты   тәуелді.

Өндірістік емес –  бұл  тұтыну  мақсатындағы   негізгі   құралдар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды, ол    ұжымның   мәдени –тұрмыстық    қажеттілігін       қамтамасыз  етуге   арналған (үйлер,ғимараттар, керек жарақтар,денсаулық сақтау,спорт.)

Тиістілгі  бойынша      негізгі   қорлар  былайша бөлінеді.

  • Меншікті-бұл субьектіге  тиеслі   және  оның     балансында   көрініс табатын   негізгі  құралдар;
  • Жалданған-жалдау   шарты  бойынша, онда  белгіленген   мерзімге     басқа  субьектілерден     алынған негізгі   құралдар.

Пайдалану сипатына   қарай   негізгі   құралдар    былайша   бөлінеді:

  • Қолданыстағы — бұл    пайдалану  сатысындағы   негізгі   құралдар   қолданылмаған (тоқтатылған)-консервацияға   немесе    басқа да     себептерге    байланысты   уақытша      қолданылмай   тұрған    негізгі   құралдар;
  • Қорда тұрған — қолданылып   жүрген   негізгі   құралдардың    жөнделуі, жойылуы,апатқа   ұшырауы   жағдайында    оларды алмастыру   үшін    қор    құрайтын   негізгі  құралдар.

  Негізгі  құралдарды   бағалау   және    қайта  бағалау

  Негізгі   құралдар    бухгалтерлік есепте  бастапқы   құны    бойынша    кіріске  алу  сәтінде   көрсетіледі. Оған барлық  қажетті   нақты   өндірістік   шығындар,негізгі    құралдарды    орнату   және    сатып алу       шығындары,  соның   ішінде:

  1. Сатып алу кезінде   төленген    өтелмейтін     салықтар  мен     алымдар (үйлер, жеңіл  автомомильдер   бойынша ҚҚС    және    сатып алу    шарты   бойынша    мемлекеттік  баж)
  2. Жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға қосу   жөніндегі   шығындар
  3. Құрылыс   мерзіміне    берілген    несие   үшін   пайыздар.
  4. Активті   жұмыс     жағдайына     келтіруге   байланысты   басқа  да    шығындар   жатады.

   Үйлер мен  ғимараттардың   құрылысы кезінде     бастапқы   құнға   құрылыс   жөніндегі     мынадай   шығындардың   барлығы   қосылады:

  1. Материалдар
  2. Еңбекақы   төлеу
  3. Үстеме шығындардың  тиісті   үлесі.
  4. Сәулетшінің, заңгердің  қызметін  төлеу.
  5. Құрылыс кезеңіндегі   сақтандыру  шығындары. Құрылыс кезеңіне    берілген кредиттер  бойынша   пайыздар. Құрылыс жүргізуге   рұқсат  алуға   жұмсалған шығыстар.

    Негізгі  құралдардың келіп  түсуі  негізгі  құралдарды   қабылдау  өткізу (қозғалысы) №1 нысандағы актімен   ресімделеді. Ол жекелеген   обьектілерді    негізгі құралдардың     құрамына   есептеу   үшін, олардың    пайдалануға   берлуін   ресімдеу   үшін,   негізгі   құралдардың   бөлімше    ішіндегі  қозғалысын    ресімдеу  үшін, негізгі   құралдарды  қоймадан   пайдалануға    беру үшін   сондай-ақ    басқа  субьектіге   беру   мақсатында (жарғылық   капиталға  салымдар, өтеусіз беру) негізгі құралдың  құрамынан шығарып тастау  үшін  пайдаланылады. Негізгі құралдарды   қабылдауды   ресімдеген   кезде   басшы   тағайындаған    қабылдау  комиссиясы    әрбір жеке   обьектіге бір   дана акт   жасайды.

      Негізгі    құралдардың    амортизациясы  мен   тозуын   есепке алу

      Негізгі   құралдар   өндіріс    процесіне     ұзақ  уақыт   бойы   қатысы   отырып,   біртіндеп     тозады,  яғни     физикалық   күштердің,  техникалық  және    экономикалық      фактордың    әсерінен   өз     қасиеттерін   жоғалтады   және     жарамсыз    күй    кешеді.

     Тозу-бұл   физикалық  және     моральдық     сипаттамаларын   жоғалту  процесі

    Амортизациялық  құн  дегеніміз-бастапқы  құн мен   жою  құнының   арасындағы   айырмашылық. Ол негізгі  құралдар  келіп  түскенде    қосалқы     бөлшектердің, сынықтардық   қызмет   мерзімінің   соңында     қалыптасқан    қалдықтардың     болжамды   құны  ретінде   анықталады.

Салық  кодексі   бойынша   негізгі құралдар  4 топқа  бөлінеді.

  1. Үйлер мен ғимараттар оларға тозу жылына 10% мөлшерде
  2. Машиналар мен  жабдықтар оларға тозу жылына 25% мөлшерде 
  • Компьютерлер мен  машиналар оларға тозу жылына 40% мөлшерде
  1. Жоғарылардағыға 3 топқа кірмейтіндердің барлығының оларға тозу жылына 15% мөлшерде

 

 

3.3.Тауарлы –материалдық босалқылардың есебі

 

Тауарлы –материалдық босалқылар дегеніміз-бұл;

  • өндірісте пайдалануға   немесе     жұмыстар мен    қызметтерді  атқаруға  арналған  шикізат  қоры, материалдар,  сатып алынған  шала фабрикаттар және   құрастырмалы  бұйымдар,  құрылғылар   мен  бөлшектер,отын, ыдыс және   ыдыстық материалдар, қосалқы  бөлшектер,   басқа да  матириалда    түріндегі активтер;
  • аяқталмаған   өндірістік  түріндегі активтер
  • субъектінің    шаруашылық  қызметі  барысында сатып-өткізуге  арналған дайын өнім және  тауарлар  түріндегі активтер.

Тауарлы-материалдық қорлар мыналарға бөлінеді:

Негізгі – бұл дайындалатын өнімнің құрамына заттай кіретін және материалдың негізін қалайтын материалдар.

Қосалқы – бұл өндірілетін өнімнің құрамына кіретін, бірақ негізгіден айырмашылығы олар өндірістік өнімнің заттай негізін құрамайды.

        Тауарлы-материалдық қорларды уақытында қолданғанда оның нақты құнына тауарлы-материалдық қорларды қолдануына байланысты (сатып алу құны, тасымалдау құны, көлікті дайындауға кеткен шығындар және т.б.) шығындар кіреді.

Кәсіпорындарда инвентарлық тексеру (инвентаризация) жылына бір рет болып тұрады. Инвентарлық тексеру мына жағдайларда жүргізіледі:

  • ұрланған фактілер болған жағдайда;
  • төтенше жағдайларда (өрт, табиғат апаттары);
  • материалды-жауапты тұлғаны ауыстырған жағдайда;
  • кәсіпорынның құлауы немесе тарауы кезінде.

Тауарлы-материалдық қорлардың есебі келесі 2 суретте көрсетілген тәртіп бойынша жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

       
   
 
     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сурет — 3 . Тауарлы-материалдық қорлардың есебін ұйымдастыру тәртібі

 

Тауарлы – материалдық босалқылар қозғалысын құжаттарда бейнелеу

Материалдардың қозғалысы  бойынша операцияларды құжаттау келесі бастапқы есеп құжаттарының типтік нысандарымен жүзеге асырылады:

  • Сенімхат;
  • Кіріс ордері;
  • Материалдарды қабылдау актісі;
  • Лимиттік – жинақтаушы карта;
  • Талап накладнойы;
  • Материалдарды сыртқа жіберу жөніндегі  накладной;
  • Материалдарды есепке алу карточкасы
  • Тауарлы- материалдық  босалқыларды  бағалау

     Тауарлы- материалдық босалқылар  өзіндік құн    мен   сатып  өткізудің таза   құнының  ең  төменгісімен   бағаланады.

   Тауарлы — материалдық  босалқыларды  сатып-өткізудің   таза   құны   әдеттегі   шаруашылық   қызмет   барысында  болжанып   отырған    сату   бағасының  оларды   жинақтауға  және  сатылуын   ұйымдастыруға    кеткен   шығындарды  шегерегендегі    мөлшерге тең болады. Сатып өткізудің  таза құны  тауарлы материалды босалқылар  бұлінгенде, немесе олар ішінара не болмаса толығымен ескергенде,  немесе олардың сату  бағасының     төмендеуіне     байланысты    өзіндік   құн   қалпына  келмейтін   жағдайда   ғана    қолданылады.

    Өндіріс процесінде   еңбек құралдарымен    қатар   еңбек  заттары   да     қатысады,  олар   өндірістік   босалқылар  деп    аталады.  Еңбек заттарының  еңбек құралдарынан   айырмашылығы-олар өндіріс   процесіне бір   рет     қатысады,  өзінің  құнын    өндірілген   өнімнің   өзіндік   құнына      толығымен   аударып,   өнімнің материалдық    негізін   құрайды.

     Дайындау   процесінде    кәсіпорынның  тауарлы –материалды   босалқыларды    сатып алу     операцияларының   есебі    жүргізіледі. Дайындау  процесінің      есебін   жүргізуде   тауарлы-материалдық босалқыларды   дұрыс   бағалау   маңызды мәселе   болып   табылады. Синтетикалық   есепте   және  бухгалтерлік   баланыста   барлық     сатып   алынған    тауарлы-материалдық   босалқылар    меншікті    өндірістің     құндылықтары   сияқты  нақты   өзіндік  құны     бойынша  есепке   алынады.

      Тауарлы-материалдық    босалқылардың  өзіндік   құнына    босалқыларды   сатып  алу  шығындары,  оларды   қазіргі   тұрған   жеріне   дейін     жеткізуге   және  тиісті   қалыпта   келтіруге    байланысты   көлік-дайындау   шығындары, өнімдерді  қайта  өңдеу (жұмыстарды  және   қызметтерді орындау)  шығындары  енгізіледі.

     Тауарлы-материалдық    босалқыларды  сатып алу шығындарына сатып алу бағасы, жабдықтаушы және   делдал  мекемелерге   төленген  комиссиялық сый-ақылар, тасып әкелу   бойынша салықтар, көлік дайындау  шығындары және   босалқыларды  сатып   алуға тікелей    байланысты    басқадай   шығындар  кіреді.

    Тауарлы-материалдық    босалқылар есебінің   міндеттері:

  • материалдық құндылықтарды сатып алумен байланысты   нақты шығындарды анықтау;
  • тауарлы-материалдық    босалқыларды  дұрыс бағалау;
  • тауарлы-материалдық    босалқыларды кіріске алу және   босату   құжаттарын   уақтылы және   дұрыс    толтыру;
  • сақтау орындары   және   жауапты   адамдар   бойынша    есепке  алу   арқылы      материалдық құндылықтардың   сақталуын    бақылау:
  • бухгалтерлік есеп  мәліметтерін   тауарлы-материалдық   босалқылардың    нақты    барымен    салыстыру,  субъектіге   қажет   емес   материалдық  босалқыларды  анықтау және   оларды сату.

   Тауарлы-материалдық    босалқылардың   қаржылық   қорытынды    есепте   ашып   көрсетлуі. Қаржылық   қортынды   есепте   тауарлы-материалдық    босалқылар   бойынша   келесі   мәліметтер   ашылып көрсетілуге тиісті:

  • тауарлы-материалдық    босалқыларды   бағалауға   арналған  есеп  саясаты;
  • тауарлы-материалдық    босалқылардың   жіктік   топтары   бойынша   баланстық   құнын   ашып   көрсету;
  • себептерін сипаттай отырып   тауарлы-материалдық    босалқыларды  сатып  өткізудің   таза   құнына   дейін     елеулі есептен    шығарлуы;
  • сатылған   тауарлы-материалдық    босалқылардың    өзіндік   құны;
  • себептерін сипаттай отырып   жыл    аяғына   міндеттемелерге    кепілдік    ретінде    салынған    тауарлы-материалдық    босалқылардың  баланстық құны.

Тауарлы-материалдық    босалқылардың    бухгалтериядағы  есебі

    Кәсіпорындағы   тауарлы –материалдық қорлардың есебі №7 «Тауарлы –материалдық қорлардың есебі» БЕС-ына   сәйкес     ұйымдастырылады.

    Бухгалтерлік   қызметте    материалдардың   аналитикалық     есебінің   бірнеше     әдістері   бар: сорттық әдіс, номенклатуралық   нөмері   бойынша   есепке алу әдісі, оперативті-бухгалтерлік (сальдолық) әдіс.

     Сорттық әдіс. Бухгалтерия материалдардың   әрбір  түріне   және    сортына   сандық-сомалық   есеп     карточкасын   ашады,    онда   бастапқы   құжаттардың     негізінде    заттай   және  ақшалай   өлшеммен     көрсетілген    материалдардың      келіп  түсуі   және   шығуы    операциялары тіркеледі. Сөйтіп   бухгалтериядағы   аналитикалық    есеп    материалдар   есебінің    карточкасында     жүргізілетін    қоймадағы   есепті    қайталайды. Ал  аяқталып, түгелдеу  мерзімі    басталғанда  карточкада   тіркелген    материалдардың   ай    ішіндегі    кірістері   мен   шығыстарын   санап, олардың    қалдығын    анықтайды. Осы  мәліметтер  негізінде   әрбір     материалдық-жауапты тұлға    ашылатын   аналитикалық    есептің          айналым    ведомосы    жасалады.

Тауарлы-материалдық қорлардың нақты қолда бары мен құжаттардағы тізімінің сай келуін тексеруде біріншіден жылдық түгелдеудің берілгендеріне сүйену, екіншіден қорлардың сақталу орындарының жаппай тексерілуі  мен бөлек немесе теріліп тексеру орындарын таңдау қажет.

Материалдық құндылықтардың қоймадағы сақталу тізімінің қадағалауына және құндылықтардың бөлек түрлерінің сақталыну орындарына аса маңызды көңіл бөлінеді.

Материалдар негізгі құралдарға қарағанда өндіріс процесінің бір циклына қатысып, өзінің құнын өнім құнына толығымен беріп, оның негізін құрайтын өндірістік қор болып табылады. Өндіріс процесінде барлық материалдар атқаратын қызметіне және тағайындалуына қарай негізгі және көмекші болып бөлінеді.

 

 

3.4 Ақша қаражаттарының есебі

 

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік ақша қаражат-тарының   түсуі  мен   жұмсалуы   келесі   категорияларға  жіктейді: Операция-лық   қызмет, Инвестициялық  қызмет, Қаржыландыру  бойынша   қызмет

  1. Операциялық қызмет – ұйымның   табыс   әкелуге  бағытталған    негізгі   қызметі.  Осы  категорияға  ақша  қаражаттарының   түсу   ағыны   ретінде   жатады:  тауарлар   мен  қызметтерді  сатып  алушылардан   ақша  қаражаттарының түсуі,   инвестициялар мен  ссудалардан   алынған   пайыздар   мен  дивидендтер, сондай-ақ нарықтық  бағалы   қағаздарды  сатудан  алынған   қаражаттар.  Ақша  қаражаттарының   жұмсалу ағынына: еңбекке   ақы  төлеу, тауарлар  мен  қызметтер үшін   төлемдер,  проценттер   бойынша  төлемдер,  салықтық  төлемдер   және  нарықтық   құнды   қағаздарды   сатып  алу.
  2. Инвестициялық қызмет – айналымнан тыс  активтерді   сатып  алу   және  сату, ақша  эквиваленттеріне  жатпайтын   басқадай   инвестицияларды   сатып алу, сату. Ақша қаражаттарының түсу ағыны ұзақ мерзімді   активтерді   және  нарықтық    құнды   қағаздарды   сатудан   алынған ақша  қаражаттарын   қамтиды. Ақша  қаражаттарының  жұмсалу  ағыны   ұзақ   мерзімді   активтер  мен нарықтық құнды қағаздарды сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттарын   қамтиды.
  3. Қаржылық қызмет– ұйымның меншікті   капиталының    құрамындағы   өзгерістерді   тудырады.  Басқаша айтқанда   қаржылық  қызмет – ұйым   иелерінің ресурстарды   алу  немесе   иелеріне ресурстарды  қайтару. Олардың    инвестицияларына  табысты   беру.

Ақша  қаражаттарының  түсу   ағыны  акцияларды,  қысқа   және  ұзақ   мерзімді  займдарды шығарудан  түскен  түсімдерді қамтиды. Ақша  қаражат-тарының жұмсалу  ағыны иелеріне ақшалай дивиденттерді төлеуді   қамтиды.

Ақша қаражаттарының   қозғалысы  туралы   есеп   беру  үш   категорияға   сәйкес үш  бөлімнен  тұрады.   Алғашқы   бөлімде   операциялық    қызметтен   түскен   ақша   ағыны   одан  кейін   инвестициялық   қызмет,   ең  соңғысы – қаржылық   қызмет.

  «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ ақша қаражаттарының қозғалысын есепке алу үшін 1000 «Ақша қаражаты» кіші бөлімі арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

1010 – «Кассадағы ақша қаражаты», онда кассадағы ұлттық және шетел валюталарымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1020 – «Жолдағы ақша қаражаты», онда жолдағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1030 – «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты», онда ағымдағы банктік шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1040 – «Карт-шоттардағы ақша қаражаты», онда карт-шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1050 – «Жинақ шоттарындағы қаражаты», онда жинақ шоттарындағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1060 – «Өзге ақша қаражаты», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге ақша қаражаты есепке алынады.

 

3.5. Дебиторлық борыштардың есебі

 

Белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісінің алдындағы сатып алған тауарлары, субъектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын  -дебиторлық берешек деп айтады.

  «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-да сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі бухгалтерлік есептің мынандай шоттарында жүргізіледі:

1200 «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек»

1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

1220 «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

1230 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

1240 «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

1260 «Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек»

1270 «Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар»

1280 «Басқа да қысқа мерзімді дебеторлық берешек» шоты;

1290  «Күмәнді талаптар бойынша резерв»

Осы шоттар бойынша жасалатын есептің ұйымдастырылуын қарас-тырайық.

1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотында жөнелтілген өнім (тауарлар), орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге банк қабылдаған есептесу құжаттарын есепке алады. Алынуға тиісті дебиторлық берешек ағымдағы (немесе қысқа мерзімдегі) дебиторлық берешектер, яғни бір есептік кезеңнің ішіндегі болып және ұзақ мерзімдік дебиторлық берешектер, яғни бірнеше есептік кезеңді қамтитын болып екіге бөлінеді.

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша бухгалтерлік есепте келесі жазулар жазылады: Сатылған өнімнің, тауарлардың, істелінген жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнына сәйкес мына төмендегідей шоттардың корреспонденциялары жасалады:

7000 «Сатылған дайын өнімнің өзіндік құны», 7010 «Сату үшін алынып, сатылған тауарлардың өзіндік құны», шоттары дебеттеледі де, 1320 «Дайын өнімдер», 8310 «Қосалқы өндіріс» және басқа шоттары кредиттеледі. Қаржылық инвестицияларды, материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды сатқан кезде тиесілі шығыстар шоттары дебеттеліп, актив шоттары кредиттеледі. Сатылған өнімнің, тауардың, атқарылған жұмыстың, көрсетілген қызметтердің сату құнына 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты дедеттеледі де, 6010 «Сатылған дайын өнімнен түскен табыс» шотты кредиттелінеді.

Сатылған тауарлардың өзіндік құнына:

       Дт: 7010 Сатылған өнімдердің 

өзіндік құны                                                                                3000 тг

       Кт: 1320 Дайын өнімдер                                                      300 тг

 

Сатылған тауарлардан алынатын сомаға:

       Дт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты                                        4200 тг

       Кт: 6010 Дайын өнімдерді сатудан алынатын табыс шоты           4200 тг

 

Сатылған тауарлар үшін есептелеген ҚҚС сомасына:

       Дт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты                                       800 тг

       Кт: 3130 Қосылған құн салығы сомасы                                           504 тг

 

Сатылған тауарлар үшін алынатын сома келіп түскенде:

       Дт: 1030  «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»            500000тг

       Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты                               5000 тг

 

 

    Кәсіпорынның   шаруашылық, өндірістік қызметі  барысында   сатып өткізілген өнімдері (тауарлары, жұмыстары, қызметтері) үшін,  алынған  вексельдер   сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің   борыштары және  есеп  беруге тиісті тұлғалардың  өтелмеген  борыштары дебиторлық борыштар деп табылады.

   Дебиторлық  борыштың құрамында  кәсіпорынның  төмендегі қарыздары  есепке алынады:

  • Алынуға тиісті борыштар
  • Кәсіпорынның  есеп беруге тиісті тұлғаларының  борыштары
  • Ағымдағы активтерді сатып алу үшін  төленген аванстық төлемдер
  • Негізгі шаруашылық серіктестік және   оның еншілес серіктестіктер арасындағы операциялар нәтижесінде пайда болған  дебиторлық борыштар

   Есептеу  принципіне сәйкес  кәсіпорыннң     табысы пайда болған  сәттен  бастап, дебиторлық борыш   та  танылады.

   Шаруашылық қызметі барысында  кәсіпорын   қызметкерлерін  шаруашылық   мүддесімен    іссапарға    жіберді,    жалпышаруашылық   және    әкімшілік  мақсаттарда (кеңсе тауарларын, басқадай материалдық және материалдық  емес   активтерін   нақты ақшаға сатып алу) ақшаларды  жұмсап   отырады. Мұндай  шығындарды  банк арқылы төлеу  мүмкін емес, сондықтан   кәсіпорын  қызметкерлеріне   нақты  ақша беру арқылы,  аталмыш шығындар бойынша төлем   жасайды. Берілген ақшаның көлемін басшы бекітеді,   тек содан кейін ғана кассадан  аванс   беріледі. Кассадан  қызметкерге нақты ақша   берілген  сәттен   бастап, ол  кәсіпорынға  есеп  беруге   тиісті  тұлға  ретінде   танылады. Төлем   жасалынғаннан кейін есеп  беруге  тиісті   тұлға  кәсіпорын алдында  нақты ақшаның   іс    жүзінде    жұмсалғандығын  растайтын  құжаттар  арқылы  есеп беріп,  өзінің   міндеттемесін   өтейді. Дебиторлық борыштар  мерзім көлеміне байланысты:

  • Қысқа  мерзімді дебиторлық борыштар-қамтитын мерзімі 12 ай
  • Ұзақ мерзімді  дебиторлық борыштар-қамтитын мерзімі 1 жылдан артық уақыт аралығы.

Қысқа берзімді дебиторлық борыштарға мыналар жатады.

  • Сатып алушы мен тапсырыс берушінің қысқа мерзімді   дебиторлық борыштары- кәсіпорынның  контрагенттері
  • Еншілес ұйымдардың  қысқа мерзімді   дебиторлық борыштары
  • Қауымдасқан   және  бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді   дебиторлық борыштары
  • Филиалдар мен  құрылымдық  бөлімшелердің қысқа мерзімді   дебиторлық борыштары
  • Жұмыскерлердің  қысқа мерзімді   дебиторлық борыштары-кассадан жабдықтаушылар мен есеп айырсу кезінде  немесе  өз иелігіне жарату ұшін жұмысшы кассадан ақша алған кезінде туындайды,
  • Жалдау бойынша қысқа мерзімді   дебиторлық борыштары-ағымдағы жылғы Кәсіпорынның мұлкін немесе басқада техникалық құралдарын
  • Алынуға тиісті   қысқа мерзімді сый-ақылар
  • Күмәнді  талаптар бойынша   резерв

Күмәнді борыштар бойынша  резервтердің есебі бухгалтерлік есептің 5 «Табыс»  деп аталған қазақстандық стандартымен және  оған  әдістемелік нұсқаулармен реттеледі.

Қазақстан Республикасының заңдық құжаттарына сәйкес шағымдану мерзімінен 3 жыл өткеннен кейін өтелмеген  күмәнді дебиторлық борыш қайтарылмайтын  қарыз ретінде танылады.

Қайтарылмайтын дебиторлық борыштарды есептен шығарудың екі әдісі  бар:

  • қайтарылмайтын борыштың болатынын алдын – ала қарастыратын резервтеу әдісі;
  • нақты дебиторлық борыштар қайтарылу мүмкіндігі жоқ борышқа айналғаннан кейін ғана, бұл шоттардың мәліметтері шығынға апарылатын тікелей есептен шығару әдісі.

Тікелей есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қарағанда тиімді есеп, себебі ол табыстар мен шығыстарды сәйкестікке келтіре алмайды. Заңдық құжаттарға сәйкес күмәнді борыштар тауарлар жөнелтілген немесе қызметтер көрсетілген мерзімде емес, қай есепті мерзімде ол шығынға апарылуы тиіс деп есептелінеді.

 

 

3.6.Міндеттемелердің есебі

 

Міндеттемелер   дегеніміз — белгілі бір тұлғаның (борышкердің)   басқа    бір   тұлғаның, яғни   қарызгердің (кредитордың)   пайдасына  белгілі   бір   іс-әрекет   жасау   міндеттемесі: мәселен    мүлікті  беру   жұмыс   атқару, ақша төлеуі   және   басқалар,  не  болмаса  белгілі  бір    іс-әрекеттен    бас  тарта тұруы, ал  борышкерден   оның  міндеттемелерін   атқаруды  талап етуге    қарызгердің (кредитордың)  құқығы  бар. 

   Міндеттемелер   кәсіпорында       жасалынған  әр түрлі  келісімдердің    нәтижесінде   туындайды   және  алынған    тауарлы-материалдық   құндылықтар  немесе      пайдаланылған    қызметтер    үшін       келешекте     жасалынатын     төлемдердің     заңды  негізі   болып  табылады.

        Міндеттемелер   төмендегі   үш    белгісі   бойынша анықталады.

  • Кәсіпорында міндеттемені  туындатушы  оқиға   орын алуға  тиісті
  • Міндеттемелер   тек   активті немесе    қызметтерді   басқа кәсіпорынға   аудару  жолымен   реттеледі
  • Міндеттеме   даусыз  болуға тиісті 

   Міндеттемелердің  бағалануы.   Міндеттемелер, әдетте,  қарызды  төлеу   үшін  қажетті   ақша  сомасымен   немесе  нарық   жағдайында    берілуге  тиісті     тауарлардың    көрсетілуге  тиісті  қызметтердің   құнымен   бағаланады.

    Міндеттемелердің   өтелуі (қайтарлуы)    әр түрлі  тәсілдермен      жүзеге    асырлуы  мүмкүн:

  • Ақша  қаражаттарын  төлеу  арқылы:
  • Басқадай активтерді  беру  арқлы
  • Қызмет  көрсету арқылы;
  • Бір міндеттемені  екіншісі мен аустыру арқылы;
  • Міндеттемені  капиталға  ауыстыру  арқылы.

   Міндеттемелер   орындалу  мерзіміне   байланысты     екі   категорияға    жіктеледі:

  1. Ұзақ  мерзімді міндеттемелер
  2. Ағымдағы  міндеттемелер

Ұзақ  мерзімді міндеттемелер-есеп  беру  мерзімінен   кейінгі   жыл    ішінде  немесе    белгілі    бір     операциялық      цикл    ішінде    қайтарлуы   жоспарланбайтын   кәсіпорынның  міндеттемелері.

   Есепті кезең (бір жыл)  ішінде  немесе     белгілі   операциялық  цикл  ішінде    қайтарылады   деп    күтілетін   борыштар  ағымдағы  міндеттемелер  болып  табылады.

 

3.7.Еңбек  және   оған  ақы  төлеудің  есебі

 

 Еңбекақы-қызметкердің  орындаған    жұмыс  көлемі мен    белгілеген   еңбек   шарты   және   лауазым   нұсқауына    байланысты   төлем. Еңбек  тиімділігінің   арттырудың   әр  түрлі   ынталандыру    жолдары   болып, сыйақы, қосымша  төлем,кепілді  төлем  және  т.б болып табылады.

 Тәжрибе   жүзінде    еңбекақыны   ұйымдастырудың  негізгі  екі  нысаны-мерзімдік   келісімді  қолданылады.

 Мерзімді  еңбекақы -еңбек ақы төлеу  жұмыспен  өтелген  уақыттағы   тарифтік  ставкалар    немесе  қызметақылар  бойынша   жүргізіледі. Мерзімдік еңбекақы –жай және мерзімдік  сыйақылар    болып   бөлінеді.

Жай мерзімдік   еңбекақы  тек   жұмыспен     өтелген  уақытпен    және  қызметкердің  тарифтік  стафкасымен   немесе   қызметақымен анықталады.

Келісімді еңбекақы  жағдайында,  қызметкерге еңбекақы     әрбір орындалған немесе  өндірілген   өнім ұшін  алдын   ала   белгіленген  мөлшерде есептелінеді.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметі барысында жұмысшылар мен қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен оларды жұмыстан босату процестері жүргізіледі. Қызметкерлердің жеке құрамы бойынша есепті кадрлар бөлімі жүргізеді. Олар өз кезегінде жалпы кәсіпорында, сонымен қатар оның құрама бөлімшелерінде  жұмыс істейтін қызметкерлердің саны туралы, олардың өзгерістері және ондай өзгерістердің туындау себебі жайында, қызметкер-лердің жынысы, жасы, категориялары, мамандықтары, лауазымдары, біліктігілі, жұмыс өтіліне, білімі мен басқа да белгілері бойынша құрамы туралы ақпаратқа ие болады.

  «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ –да жұмысқа қабылдау барысында кәсіпорын басшысы мен жұмысқа қабылданатын тұлға арасында келісімшарт жасалады.

Жеке еңбек шарты дегеніміз бұл жұмысшылар мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша түрдегі келісімі. Бұл келісім жұмыс орны, шарттың мерзімі және еңбек режимінің талаптары мен шарттары, демалыс пен еңбекақы төлеу мен еңбекті қорғау, жұмысшының әлеуметтік-тұрмыстық қамсыздандырылуы, екіжақты материалдық жауапкершіліктері туралы ақпаратты қамтуы тиіс.

Жеке еңбек шарты әрбір жұмысшы үшін жеке шарттар қарастырып, өзара құқықтары мен борыштары және жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы жауапкершіліктерін айқындайтын құжат.

Жеке еңбек шарттарынан басқа жұмысшы мен жұмыс беруші арасында азаматтық-құқықтық келісімшарт та жасалуы мүмкін. Бұл шартты атқарушы тұлғаның нақты бір жұмыс түрлері мен тапсырмаларды орындауы үшін бекітеді.

Жеке еңбек шартының талаптары мен міндеттемелері екі жақтың қатысуымен және жұмыс түрі, оның ерекшеліктері, өндірістің нақты мақсаттары мен міндеттерін, сонымен қатар жұмыс берушінің қаржылық жағдайын ескере отырып бекітіледі. Алайда бұл келісімшартқа «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңының 7, 8 және 9 баптарының тармақтары міндетті түрде енгізілуі шарт.

Жеке еңбек шарты:

Белгісіз мерзімге;

Белгілі бір мерзімге;

Белгілі бір жұмыстың орындалу мерзіміне байланысты;

Белгілі бір жұмыс орнына белгілі уақытқа;

Еңбеккерлер жоқ болған жағдайда оның жұмысын уақытша атқаруға;

Жеке еңбек келісім шартын жасау үшін жұмыс беруші жұмыскерлерден еңбек кітапшасын, жеке төлқұжатын, жеке әлеуметтік кодын, зейнеткерлік келісім шартын, білімі туралы құжаттарды талап етуге құқылы.

Жеке еңбек шартын міндетті түрде жазбаша формада, кемінде екі данада толтырып екі жақ та қол қоюы міндетті. Екі дананың біреуі екі жақ та қол қойып растағаннан кейін жұмысшының өзіне беріледі. Еңбек шарттарының орындалуының бастамасы ретінде ең алдымен шартта көрсетілген мерзімде жұмысқа шығу болып саналады.

  «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ –да жеке еңбек шарты бекітілгеннен кейін кәсіпорын басшысы жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады. Бұйрық проектісі кадрлар бөлімі немесе жұмысқа қабылдауға жауапты тұлғамен қарастырылып, ары қарай еңбек шарттарымен таныму үшін бағыт болып саналады. Аталмыш бұйрықтың проектісі осы кәсіпорында жұмысшының вакансиялық лауазымын растау үшін қажет. Басшының қолы қойылған бұйрық негізінде кадрлар бөлімі жұмысшының жеке карточкасын толтырып, еңбек кітапшасына жұмысқа қабылданғандығы жөнінде белгі қояды.

«Еңбек туралы» заң мен құқықтық актілер мен келісімшарт шарттарына  сәйкес жұмысшыларға берілетін жыл сайынғы немесе өзге де демалыстарды  тағайындау үшін демелыс беру туралы бұйрық шығарады. Бұл бұйрық екі данада толтырылады. Біріншісін кадрлар бөліміне, ал екіншісін бухгалтерияға тапсырады. Бұйрыққа       «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ –ның басшысы қол қояды. Осы бұйрықты негізге ала отырып кадрлар бөлімінде жұмысшының  жеке еңбек табеліне белгі қойып, бухгалтерияда демалыс кезінде берілетін орташа жалақысын есептеу жұмыстарын жүргізеді.

Жұмысшының жұмыстан шығуына байланысты кадрлар бөлімінің маманы жеке екі данада  еңбек шартын бұзу туралы бұйрық дайындайды. Оның біреуін кадрлар бөлімінде қалдырып, екіншісін бухгалтерияға тапсырады. Бұйрыққа   «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ –ның басшысы қол қояды. Осы бұйрықты негізге ала отырып бухгалтерияда демалыс үшін тиесілі жалақысын есептейді.

Жұмыс уақытын пайдаланудың есебі жұмысшылардың барлық категориялары бойынша олардың бекітілген жұмыс тәртібін қадағалауы үшін және еңбекақы есебін жүргізу үшін жұмыс уақытының есебі табелінде жүргізіледі. Бұл табель жауапты тұлғамен  бір данада толтырылып бухгалтерияға беріледі. Жұмысшылардың жұмысқа қатыспауы немесе үстеме жұмыс істегендігі, толық емес жұмыс күні және жұмысқа келе алмау себептері тек қана осы жағдайларды растайтын құжаттар негізінде табелде белгіленеді. Жұмыс уақытын пайдалану есебін жүргізуді табельде жұмысқа келу не келмеудің толық тіркеуі немесе тек қана ауытқуларды тіркеу әдісімен толтырады.

Еңбекақы дегеніміз жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарылған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем.

Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамдас бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі түрде әсер етеді. Себебі еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңызды құралдарының бірі. Кәсіпорында еңбекақы саясатын әзірлеуде және оны ұйымдастыруда жалаұының төмендегі принциптерін ескеру қажет:

Еңбектің саны мен сапасына байланысты еңбекақы төлеуді жүзеге асыру;

Зиянды еңбек жағдайының және ауыр дене еңбегінің есебі;

Еңбекті сапасы мен еңбекке қатысу адалдығына қарай ынталандыру;

Ақаулық жібергені үшін, өзінің міндетіне жауапсыздықпен қарағаны үшін материалдық жазалаулар;

Инфляция деңгейіне сай жалақыны индекстеу;

Еңбекке ақы төлеу жүйесі – жұмсалған еңбек пен есептелген жалақы арасындағы арақатынасты белгілеу жүйесі.

Еңбекақыны төлеу жұмыстың жеке немесе ұжымдық нәтижесіне қарай берілуі мүмкін. Алайда жұмыс берушінің бекіткен еңбекақы мөлшері ҚР заңдарымен  бекітілген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс.

Іс жүзінде еңбекақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады:

Мерзімдік (істеген күніне қарай төлеу) деп нақты істеген уақыты үшін еңбек ақының мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккер-лерге есептелінетін жалақының нысанын айтады;

Кесімді (өнім санына қарай еңбекақы төлеу) еңбекақы төлеген кезде алдын-ала белгілініп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орындалған жұмыстың әрбір бірлігіне есептейді.

  «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ – да еңбекақы төлеуді  мерзімдік жүйе бойынша іске асырады. Еңбекке мерзімді ақы төлеу кезінде оның ақысы іс жүзңнде жұмыс істелінген уақыт пен оның тарифтік ставкасына байланысты. Тарифтік ставка тиісті разрядтағы қызметкердің уақыт өлшемі ішіндегі еңбекке ақы төлеу мөлшерін білдіреді.

Еңбекақы есептеу барысындағы басты құжаттар болып мыналар табылады. Олар: бұйрықтар, үкімдер, табель, келісімшарттар,     «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ – ның басшысы бекіткен штаттық кесте. Еңбекақыны есептеу үшін төлем ведомості қолданылады. Бұл құжатта берілген және депоненттелген еңбекақының жалпы сомасы жазылып, барлық жазбалардың соңынан жалпы сомасы жазылуы тиіс. Ал жұмысшылармен есеп айырысу үшін есеп айырысу ведомості (кітабы) толтырылады. Бұл кітапта қызметкердің лауазымы, категориясы, тарифтік разряды, жұмыс істеген сағаттар саны, қосымша есептелінген төлемақылар, сыйақы мен уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша төленетін төлемақылар, сонымен қатар еңбекақыдан ұсталынатын төлемдер туралы ақпарат беріледі. Аталмыш құжат бухгалтерияда бір дана етіліп толтырылады. 

Кәсіпорындағы барлық жұмысшылар екі топқа бөлінеді:

-әкімшілік-басқарушылық тұлғалар:

-кәсіпорын басшысы;

-бухгалтер;

-мамандар;

-негізгі өндіріс жұмысшылары;

Еңбекақыны еспке алу мен оны аудару 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқы мерзімді берешек» шотында жүргізіледі. Әкімшілік аударымдар бойынша 7210 «Әкімшілік шығыстар» шотында есепке алынады. Негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақылары бойынша 8213 «Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы» шотында, ал әлеуметттік салық бойынша аударымдар 8214 «Еңбекақыдан бөлінетін аударымдар» шотында жүргізіледі.

6 бөлімнің шоттарында заңмен бекітілген бюджеттен тыс қорларға аударымдарды   есепке алу операциялары жүргізіледі.

3220 – зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер.

Бюджетпен есеп айырысулар:

3110 – төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы;

3130 – қосылған құн салығы;

3140 —  акциздер.

Жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу 3310 шотында жүргізіледі. Алынған аванстар есебі 3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар» шотында, ал басқа да есеп айырысулар  3440 «Өзге қысқа мерзімді бағалау міндетттемелері» шотында көрініс табады.

Жұмысшылардың өндіріс нәтижелілігін арттыруға материалдық  қызығушылықтарын және жұмыс сапасын арттыру мақсатында сыйақылар мен жыл бойғы еңбектерінің жемістері үшін қосымша сыйақылар беру жүйесі енгізілуі мүмкін.

Сыйақы ретінде жұмысшыларға жеткен жетістіктері үшін және ары қарай қызығушылықтары мен ұмтылыстарын арттыру мақсатында берілетін қосымша ынталандыру ақысын қарастыруға болады. Сыйақы мөлшері мен шарттарын жеке еңбек шартында қарастырады.

Сыйақыдан басқа ынталандыру жүйесінде үстеме ақы төлеуді енгізу де орын алуы мүмкін. Үстеме ақы бұл еңбек шартында қарастырылмаған жұмыстың ауыр талаптары мен  қосымша жұмыс істегені үшін төленетін қосымша ақы.

Материалдық ынталандырудың бір түрі болып саналатын жұмысшаларды жыл бойғы еңбектің нәтижесі бойынша марапаттау болып табылады. Бұл марапаттың көлемі мен шарттары жеке еңбек шартында бекітіледі.

Осындай сыйақыларды беру кезінде жұмысшының еңбек нормасын жақсы атқарғандығын ғана емес, сонымен қатар оның еңбекке деген оның моральдық көзқарасы мен шығармашылық тұрғыдан көзқарасының қалыптасуы  және т.б. әсер етуші факторларға мән берілуі қажет.

Жалақылан  ұстап қалу  және  төлемдер

Қазақстан Республикасы  заңына  сәйкес   жұмыскердің    еңбек ақысынан:  міндетті   зейнетақы,жеке  табыс салығы, орындаушы қағаздар бойынша, немесе   жұмыс     берушінің    бастамашылығымен    жұмыскердің келісімінің    еңбекақы есебінде  төленген аванысты   қайтару үшін   (артық төленген  соманы   қайтару  үшін)  және  т.б жағдайларда    ұстап  қалулар болады.

Жеке   табыс салығын  ұстау. Салық   кодексінің 145-бап ставкасына      сәйкес, еңбекақы, сонымен қатар   жұмыс  орындарынан  төленетін төлем ақылар

 Қызметкерлердің   жалақысынан   бухгалтерия    ұсталымдардың  мынадай   мынадай  түрлерінен  ұстап қалады.

  1. Табыс салығы
  2. Орындаушы қағаздар бойынша
  • Несие сатып алынған  тауарлар үшін  тапсырмалар міндеттемелер бойынша
  1. Жазбаша тапсырмалар, жеке сақтандыру шарттары бойынша
  2. Жалақы  есебінен  берілген аванысты өтеу
  3. Жеке  тұрғын  үй    құрылысына  берілген   несиені  өтеу үшін
  • Егер шаруашылық   субъектісі   кәсіподақтардың   немесе  тәуелсіз  кәсіподақтардың    федерация кеңесінде  тіркелген  болса, 1%-дық кәсіподақ жарнасы
  • Жұмысшының   жазбаша келісімі  бойынша  шаруашылық   субъектісіне  тиеслі  тұрғын  үй  үшін  пәтерге  төлеу
  1. Демалыстың  өтелмеген күндері үшін
  2. Кәсіпорынға келтірілген  зиянды  өтеу
  3. Айыппұлдар мен мойнындағы ақша

    Жұмысқа жаңадан қабылданғандарды «Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен» (№Е – 1 нысан) рәсімдейді. Кадрлар бөлімі жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың негізінде Жеке карточканы (№Е – 2 нысан) толтырады. Кезекті демалыс уақытын құжаттау  үшін «Демалыс беру туралы бұйрық» (№Е–6 нысан) қолданылады. Оны екі дана етіп толтырып, біреуі бухгалтерияда, ал екіншісі кадрлар бөлімінде болады. Қызметкерлерді жұмыстан шығарғанда екі дана етіп «Еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрық» (№Е – 8 нысан) толтырады. Оның біреуі бухгалтерияда, ал екіншісі кадрлар бөлімінде болады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақытының белгіленген кестесін сақтап жүруін бақылау, жұмыс істелген уақыт туралы деректер алу, еңбек төлемі бойынша есеп айырысу, сондай – ақ еңбек жөнінде статистикалық есеп беру үшін «Жұмыс уақыты есебінің табелі»  (№Е – 13 нысан) жұмыс істеп жүргендердің барлық категорияларының жұмыс уақытын пайдалану есебі жүргізіледі. Төменде құжаттың нысаны келтірілді. Мұны өкілеттілік алған адам бір дана етіп жасайды, тиісінше құжатталған соң бухгалтерияға беріледі. Жұмысқа келмеу себептері туралы немесе жұмыс күнінің толық істелмегені туралы, мерзімінен тыс істелген жұмыс туралы және басқа қалыпты жұмыс  жағдайынан ауытқушылықтар жөнінде дұрыс толтырылған құжаттар (жұмысқа жарамсыздық қағазы, мемлекеттік не қоғамдық  міндеттерді орындағандығы туралы анықтамалар т.б.) негізінде ғана табельге белгілер қойылуға тиіс. Жұмыс уақытын пайдалану есебі табельдерде  қызметкерлердің жұмысқа келген – келмегендігін жаппай тіркеу әдісін немесе тек қана ауытқушылықтарды (келмегендерді, кешіккендерді т.б.)  тікреу әдісін жүзеге асырылады. Жұмысқа қабылдау мерзіміне байланысты жұмысшылар тұрақты, уақытша және маусымдық болып бөлінеді. Тұрақты жұмысшыларға жұмыс істеу мерзімінің аяқталу уақыты көрсетілмеген жұмысшылар, уақытша жұмысшыларға белгілі бір  мерзімге қабылдаған жұмысшылар, маусымдық жұмысшыларға маусымдық жұмыстарды орындау үшін қабылданған жұмысшылар жатады. Еңбек ақы және сол сияқты басқадай төлемдер қызметкерлерге арнайы төлем ведомостары бойынша төленеді. Ведомостың бірінші бетінде төленуге тиісті сомалар жазумен толтырылады, кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтердің төлуге рұқсат еткен қолдары қойылады. Ведомоста көрсетілген соманы әркім өздері қол қойып алуға тиісті. Әлдекімдердің өздері келе алмайтын жағдайы болса, басқа біреуге «сенім қағаз» беруіне болады.  Мұндай жағдайда бухгалтерия соманы алуға тиісті адамның фамилиясы мен аты – жөнінің соңына сенім қағазбен алушының фамилиясы мен аты – жөнін көрсету керек. Сонан соң кассир ведомоске «сенім қағаз» бойынша деген белгі соғып, алушыға қол қойдырады да, тиісті соманы төлейді. Еңбек ақы беру мерзімі біткен соң кассир ведомост бойынша алынбаған сомалардың тұсына депоненттелді деген белгі соғып, ведомосты жабады (қосымшаларға назар аудар). Нақты берліген соманы төлем ведомосының бетіне шығарып, сол сомаға «Кассалық шығыс ордерін» толтырады.       «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ шілде айында жұмысшыларына  еңбек ақы  төледі.Төмендегі мәліметтер негізінде

1.Төлем ведомосы-жұмысшылардың  қолына нақты алатын жалақысын көрсетеді (шегерімдерді   қоспағанда)

2.Расчетно-платежная  ведомость-жұмысшының еңбек ақысынан зейнет ақы аударымын,жеке табыс салығын сонымен  қатар әлеуметтік салық,және  әлеуметтік  сақтандыруға   төленетін  төлемдерді   көрсетеді.

Зейнетақы  аударымы=Еңбек ақының*10%

Жеке табыс  салығы=((Еңбек ақы-зейнет ақы)-13470 ең төменгі жалақы)*10%

 

3.8. Шығыстар мен табыстардың есебі

 

Қаржы – шаруашылық қызметпен айналысыу барысында кәсіпорындар, әдетте, негізгі қызметінен және қосалқы қызметінен табыс алады. Есепті мерзім ішінде кәсіпорын осы көздерден түскен табыстарды және осы табысты табу мақсатында жұмсалған шығындарды жеке жинақтап, есепті мерзім аяғында таза табысты (пайданы) анықтауда басшылыққа алынып жүрген заңдық – нормативтік актілер бойынша кәсіпорынның таза табысын немесе шеккен зиянын анықтайды.

Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың міндеттері. Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші – бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әдебиеттерде «табыстар» ұғымы келесідей түрде анықталады:

«Табыстар дегеніміз  – қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі».

Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден  алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.

Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.

Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы – директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметті) ретінде төмендетіледі. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік – техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудалармен және коммерциялық несиелермен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.  Табыс есебінен, сондай– ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.  Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.

    Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.б. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

    Қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі  туралы есептің осы бабы бойынша  негізгі  қызметтен  түсетін  табыс  көрсетіледі. 

    Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер  мен тауарларды өткізуден түсетін  табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылған басқа да факторлармен анықталады. Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы – материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіден – азаюына әсер етеді.  Кәсіпорында өнімді өткізуден түсетін табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы – материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кезедеседі.   Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып – түю, орау, тиеуге дайындау, көлік партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс мөлшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметіне көңіл аударуы қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай нақты – заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорында орыналады. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмайды. Бұл сондай-ақ кейбір салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік, байланыс салаларына да қатысты.     Көп жағдайда тауарлар сатып алушының жауапты сақтауында болады, яғни өнім тиеліп жіберіліп сатып алушыға келіп түседі, бірақ сатып алушы заңды негізде оны төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебі жабдықтаушының жеткізу шарттарын сақтамағандығынан болуы мүмкін.      Есептеу әдісіне көшу өнімді өткізуден түсетін табыс оған келіп түскен төлем сомасының мөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен анықталуына әкеледі. Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Тиелген тауарлардың бір бөлігін сатып алушылардың уақытында төлемейтіні белгілі. Бұл жағдайда ақшалардың түспеуі жабдықтаушыға байланысты емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорынға ақша алу бағытында жұмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді тоқтату, оны есеп айырысудың аккредитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті өндіріп алу бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.  Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың алдын ала төлеу нысаны да қолданылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем мерзімі өткен тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнімдер үшін есеп айырысудың бұл нысаны көптеген кәсіпорында қолданылады. Алайда оның кемшіліктері де бар:

  • біріншіден, бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді;
  • екіншіден, белгілі бір дәрежеде өндірілген өнім сапасын бақылау төмендейді, әсіресе егер жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығында монополиялық орын алатын болса;
  • үшіншіден, тұтынушы төлем жүргізгеннен кейін, тауарды қажетті санынан аз алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетін шикізаттар мен материалдар сатып алу жүргізілген уақытта).

     Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші – жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.   Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді.     Көптеген кәсіпорында өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады.  Бірақ белгілі бір мөлшерде бұ жұмыс, инфляциясының әсері және шикізат пен отын – энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің маңызын төмендетеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде табыстың өсімі мүмкін емес.  Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы – материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай – химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.     Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты табыс өсімін пайдалы қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз ету өте қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін.     Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн деңгейімен анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші мәнділікке ие болады.    Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің өсуі табыстың өсуіне әкеледі. Сұранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі көлеміне күрделі салымдар көиегімен қол жеткізуге болады, бұл табыстың әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып алуға, жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап етеді. Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция, бағаның өсуі және ұзақ мерзімді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын немесе мүлде мүмкін емес. Күрделі капитал салымдарын жүргізуге қаржыларымен мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвестиция рентабельділігін инфляция қарқынынан жоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын нақты өсіре алады.       Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындарды талап етпейді. Инфляция айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорындардың шикізат пен отын – энергетика ресурстарынс сатып алуына олардың көп бөлігі бағытталады. Сатып алушылардың төлемеушілігі және де талап етілетін алдын ала төлем жүргізу кәіспорынның қаржысының көп бөлігін  айналымнан тыс әкетеді. Төлем жүргізбеудің себептері тек айналым қаражаттарының жетіспеуі ғана емес, сонымен бірге төмен қаржылық есептік тәртіп, банк жүйесі жұмысындағы кемшіліктер және де вексельдік айналымның дамымауы да болып табылады.      Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен өседі.  Бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген сұраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің техника – экономикалық параметрлердің және тұтынушылық қасиетінің жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелді болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР

 

  «Базилик» ЖШС-да іс-тәжірибемді атқара отырып мыналарды айтып кетсем деймін.

«Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде» теориялық түрде алған білімімді іс-тәжірибеде қолдана отырып, бухгалтерияда бухгалтерияның жұмыстарын істедім және өз білімімді едәуір тереңдеттім деп ойлаймын.

Мен бухгалтерияда әр түрлі бастапқы құжаттармен жұмыс істей отырып, олармен таныстым. Мерзімді есепті құруға көмектестім және де әр түрлі бланкілерді толтырдым.

Кәсіпорын жұмысы Қазақстан Республикасының барлық заңдарына сәйкес реттеліп отырады. Қызметті ұйымдастыруда барлық жағдай қарастырылып, кәсіпорын табысына жағымды әсерін тигізеді. Барлық құжатнама қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Есептер жүргізу автоматтандырылған. Кәсіпорынның материалдық емес активтерінде бекітілген «1С: Предприятие» бағдарламасы бухгалтерияны жүргізуде қолайлы істер атқарады. Салық есептемелерін ЭФНО, ИСИД, ИНИС, НДС, СГДС бағдарламалары жүргізеді.

  «Базилик» ЖШС-і қазіргі күнге барлық нормаларға сәйкес жұмыс атқарып жатыр. Яғни бюджетке, статистика басқармаларына салықтарды және есептілікті мерзімінде тапсырып, қазіргі күнге жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қойылатын талаптарды толығымен орындап жатыр. Салық басқармасына есептілікті жалпыға бірдей қолданылатын режиммен өткізеді. Салық органдарымен электронды есептілік туралы келісімі болғандықтан декларацияларды СГДС-клиент арқылы ұсынады.

Осы жұмыстың қортындысы ретінде талау материалдарына сүйене отырып төменгідей тұжырым жасауға болады:

  1. «Базилик» ЖШС дағдарыс кезеңінде өзін өндірістік бірлік ретінде сақтап қала алды.
  2. Кәсіпорын өзінің өндірістік қарқынын өсіре отырып кірістілгін арттырып отыр.
  3. Кәсіпорын жылдан жылға өндірістік жылды пайдамен аяқтап отыр.
  4. Кәсіпорынның одан ары дамуының перспективасы бар және нарық заманында өз орынын нықтай алады.
  5. Кәсіпорынға жетіспейтін негізгі және айналымды құралдарды толтыру үшін сырттан қарыздық құралдармен инвестициялық қорларды белсенді түрде тарту керек.

Жоғарғы айтылған мәліметтерге сүйене отырып төменгідей ұсыныстар жасауға болады:

  1. Тауарлық-материалдық құндылықтардың бей-берекет жұмсалмау үшін және сақталуын қамтамасыздандыру мақсатында бар материалдық, ақшалық қозғалыстарды қатаң қадағалап отыру.
  2. Қойма шаруашылығын керекті жабдықтармен қамтамасыздандырып, ТМҚ-ы сақтау технологияларын қатаң ұстану.
  3. Өндірістік қорлардың түсуі, жіберілуі мен өңделуіне ішкі бақылауды күшейту және алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану керек.
  4. Ақша құралдарын мақсатты және нәтижелі пайдалану үшін ішкі бақылауды жолға қою керек.
  5. Жауапкершілікпен есеп тәртібін көтере түсу үшін қойма меңгерушілер мен басқада материалдық жауапкершілігі бар тұлғалардың күнделікті есеп беруін іске асыру керек.
  6. Ай сайын жүйелі түрде мердігерлермен және жабдықтаушылармен салыстыру тексерулерді іске асырып, сонымен қатар дебиторлар мен кредиторлар арасындағы есеп айырысуды жолға қою керек.
  7. Нормативтен жоғары қорлардан және жойылымы жоқ материалдардан құтылу үшін айналымдағы құралдар көлемін нормалап отыру керек.
  8. Ұйымның сенім-хатымен жұмыс істейтін адамдар тізімін анықтап, қатаң есепке алу керек.

Бұдан басқа, кәсіпорынға жетістіктерге жету үшін басшылықтың алға қойған мақсаттарына қажетті мұқият түрде қаржы жоспарларын құрастыру процесін көрсететін бюджеттеу жүйесін енгізу ұсынылады. Сондай-ақ,   бюджеттеу кәсіпорынның әртүрлі бюджеттерін жүргізуді қамтамасыз ететін қаржылық, ақпараттық және ұйымдастыру технологиялары болып табылады.  Ол бизнесті жоспарлауда, сондай-ақ қаржылық, бухгалтерлік, басқару және жедел есепке алуларда қолданыла алады.  

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана.
  2. Налоговый кодекс. О налогах и других обязательных платежах в бюджет. – Алматы: Юрист, 2003.
  3. Закон Республики Казахстан «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 24 июня 2002 года, №329-1 // Нормативные акты по финансам, налогам, бухгалтерскому учету, страхованию: «Қаржы-қаражат»  Официальные материалы // Қаржы-қаражат . – 2002. — №7.
  4. Постановление Национальной комиссии по бухгалтерскому учету от 13.11.96. №3.
  5. Стандарт бухгалтерского учета «Представление финансовой отчетности» (Приказ министра финансов РК 17 января 2003 г. № 14) // Бухгалтерский учет и аудит. – 2004. — № 2.
  6. Типовой план счетов и их типовая корреспонденция (Приказ министра финансов РК от 18 сентября 2002 г. № 438) // Бухгалтерский учет и аудит. – 2003. – 1,2,3.
  7. Бухгалтерлік есеп счеттарының жұмыс жоспарын жасау жөніндегі нұсқау және 2006 жылдан бастап қолданылатын бухгалтерлік есеп счеттарының жұмыс жоспары. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 22 желтоқсан 2005 жылғы 426, 427-ші бұйрықтары.
  8. Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт) оқулық, — Алматы 2006 жыл.
  9. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. пособие. – М.: Финансы и статистика, 1994.
  10. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001. – 330 бет.
  11. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З:Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы. – Алматы: ЭкономикС, 2003. – 360 бет.
  12. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З:Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А. Қаржылық есеп – Алматы: Экономика, 2001.
  13. Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. – М.: Центр экономики и маркетинга, 1995.
  14. Назарова В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов. – Алматы, 2004.
  15. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии. – А.: Центраудит – Казахстан, 2002.
  16. Тоқсанбай С.Р. Толық экономикалық орысша – қазақша сөздік. Алматы: — сөздік – словарь, 1999.