АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Отчёт по практике: Кәсіпорынның қаржы ФудМастер” ЖШС

МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………..  3

 

1.“ФудМастер” ЖШС-нің жалпы сипаттамасы:

кәсіпорын тарихы, оның өнімінің, технологиялық үрдісінің

сипаттамасы…………………………………………………………………………………………..  4

 

2.Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық

қызметін талдау……………………………………………………………………………………. 19

 

3.Кәсіпорынның қаржы-экономикалық қызметін талдау  ……………………….26

 

4.Кәсіпорынның даму перспективасы  …………………………………………………..30

 

Қорытынды    ………………………………………………………………………………………..31

 

Пайдаланылған әдебиеттер  …………………………………………………………………..32

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты.  Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын  өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.

Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түспек. Осы тектес кәсіпорындардың қатарына тамақ өнеркәсібіндегі сүт өнімін өңдеумен айналысатын өндіріс орындарын жатқызуға болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты  кәсіпорындардың тиімділігін  арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылық өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік  нарықтағы беделін  арттыруда көрініс табады.

Отандық сүт өнімдерін өңдеуші кәсіпорындардың дамуы соңғы он бес жылда үлкен өзгерістерге ұшырады. Кеңестік жүйеде қалыптасқан экономикалық байланыстардың бұзылуы, нақты сектор мен қаржы саласының арасындағы алшақтық, өндірістерді дамытудың бірыңғай, арнайы мақсатты бағдарламаларының жоқтығы, өңдеуші салаларды ынталандыру тетіктерінің қалыптаспауы нарықтық қатынастардың алғашқы кезеңінде бұл сала кәсіпорындардың жетілуіне  мүмкіндік бермеді.

Тек соңғы кездері нақты секторды дамыту бағытындағы басты міндеттер  мен қолайлы ортаны қалыптастыру шараларының нәтижесінде жаңа өндіріс орындары ашылып, халықтың тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыра бaстады.

Зерттеу объектісі ─ «ФудМастер» ЖШС.

«ФудМастер» ЖШС өткен диплом алдындағы тәжірибенің есеп беру жұмысының мақсаты ─ «ФудМастер» ЖШС-нің өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық жағдайын талдау және 2004, 2005 жылдар бойынша оның дамуын зерттеу.

Есеп беру жұмысының  құрылымы 4 бөлімнен тұрады. 1-бөлімінде мен «ФудМастер» ЖШС-нің тарихы, оның өндірістік құрылымы, өнімнің сипаттамасы туралы мазмұндадым. 2-бөлімде «ФудМастер» ЖШС-нің техника-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасадым. 3-бөлімінде кәсіпорынның негізгі көрсеткіштері бойынша қаржы-экономикалық жағдайын талдадым. Ал 4-бөлімде мен «ФудМастер» ЖШС-нің алдыңғы 5 жылдағы  даму перспективасын жасадым

 

“ФудМастер” ЖШС-нің жалпы сипаттамасы: кәсіпорын тарихы, оның өнімінің, технологиялық үрдісінің сипаттамасы

 

«ФудМастер» компаниясының тарихы 1995 жылдан бастау алады. Дәл сол кезде жас кәсіпкерлерді «неліктен сүт өніміне сондай бай Қазақстан өңірінде йогурт атаулы керемет өнім жайлы білмейді?» деген ой мазалады. Дәл сол кезде «ФудМастер» Есік қаласындағы сүт зауытының цехын жалға алып, өте дәмді, үлкен стакандарға салынған «Crystal Lake» йогуртын өндіре бастады. Йогурт өнімінің нарықта сәттілікпен өткенін байқаған кәсіпкерлер, ендігі кезекте бүкіл «сүт саласын» игеруге батыл бел буды. «ФудМастер» компаниясы қазақстандық нарықта алдыңғы қатарлы орынды алуды көздеді.

Компанияның меншігіне 6 зауыт және 1 сүт – тауарлық ферма кіреді. 6 зауытқа төмендегілер жатады:

“ФудМастер –  Алматы ” – Есік қаласындағы сүт зауыты

“ФудМастер – НС Астана ” – Астана қаласындағы сүт зауыты

“ФудМастер — Қордай ” – Жамбыл облысы, Ауқатты аулындағы ірімшік зауыты.

“ФудМастер — Асептик ” – Есік қаласындағы ұзақ сақтауға арналған шырын және сүт өндірісі бойынша зауыт.

“ФудМастер — Агро” – Алматы облысы, Іле ауданы, Междуреченск поселогындағы  сүт – тауарлық ферма.

“ФудМастер – АйсКрим ” – Алматы қаласындағы балмұздақ өндірісі бойынша зауыт.

«ФудМастер» Компаниясы Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында сүт қабылдау торабын ұйымдастырды. Мұндай жеке меншік орындар шведтік сүт қабылдаушы резервуарлар мен алынған сүттің экспресс – анализін өткізуге арналған жабдықтармен жарақталды. Шаруаларға көлікпен, сондай –ақ бұзауларды сатып алуға кредит беру сияқты шаралар ұйымдастырды, ал қарыз сүтпен қайтарылды. Осылай сүт зауыттарына сүт ағуы басталды. Уақыт өте келе  шикізаттың тек сапалы болуына қол жеткізілді.

Әрбір зауыттың тарихын және қызметін атап өтейік.

“ФудМастер» Компаниясының алғашқы зауыты Алматы облысының Есік қаласында “ФудМастер –  Алматы” кәсіпорны 1995 жылы құрылған. Есік сүт зауытындағы алғашқы жетістіктер Қазақстанда сүт өнімімен айналысу пайдалы болатындығына көз жеткізді. Жыл сайын республиканың әр түрлі аумақтарындағы Компания меншігіндегі зауыттар саны өсті. Білікті мамандар тобы кәсіпорынды нарықта алғашқы орынға шығарды. Тәулік сайын сүт зауыты 100 тоннаға дейін сүт өндіреді.

Йогурт өндірісі бойынша шағын цехтан басталған Есік зауыты бүгінгі күні дәстүрлі сүт өнімі қатарын, оған қоса ацидофильді қатық, витаминді сүт, бифидумбактерин, “БИО” бифидумбактерин дақылдары қосылған өнімдер және т.б. қазақстандық нарық үшін жаңа сүт тағамдарын өндіруде. Оларды өндіру тек арнайы құрал – жабдықтарды ғана қажет етіп қоймай, сонымен бірге өндірістің ерекше мәдениетін талап етеді.

Өткен жылдар бойы кәсіпорын үлкен жетістіктерге жету мақсатында  қазіргі талаптарға сәйкес өзгертіліп тұрды. 2001 жылы қуаттылығы сағатына 50000 литр суға тең болып келетін құрал – саймандар мен түтіктерді жуғыш екі тізбекті автоматты CIP станциясы орнатылған.

Жоғарғы технологиялық құрал – жабдықтар өнімнің аса сапалы болуын қамтамасыз етеді. Тек қана 2001-2002 жылдар аралығында Есік сүт зауытын қайта құру мен модернизациялауға 2 млн. АҚШ доллары жаратылған. Ал қазір жабдықталуы бойынша бұл зауыт европалық кәсіпорындардан қалыспайды.

“ФудМастер –  НС Астана” ЖШС 1997 жылдың қаңтар айында пайда болды. Кәсіпорынның алдында тұрған міндет – Республиканың жаңа астанасын сапалы, әрі Алматыда кең таралып үлгерген “ФудМастер” сүт тағамдарымен қамтамасыз ету болды. Негізінен Астананың қалалық сүт зауытының бұрынғы жұмысшыларынан құралған мамандар тобы тез арада “ФудМастер”өнімінің негізгі ассортиментін өндіріп, оны өткізе бастады. Тек қана сапасы жоғары сүт тағамдарын өндіру арқылы және жаңашыл өнімдерді енгізе отырып, кәсіпорын тұтынушылардың сеніміне кірді. Кәсіпорын мамандарының көбі Еуропа мен Американың жетекші азық – түлік кәсіпорындарында тәжірибеден өтті.

Кәсіпорын өнімдері: тұтастай сүт өнімі: сүт, кефир, қаймақ, ряженка, сүзбе, “Пеппи” йогурттық сусыны.

Емдеу және профилактикалық мақсатта қолданылатын өнімдер: BFB, БИО – С, “БИО” – айран, А+Д сүті.

1998 жылы “ФудМастер ” Компаниясы жеке меншігіне Оңтүстік Қазақстан облысындағы Көк Саек аулында орналасқан май – ірімшік жасауға маманданған  зауытты алады. 1936 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп, кезінде өнімдері баршаға мәлім болған зауыт, экономиканың дағдарыс кезеңінде жұмысын толық тоқтатты. 7 жыл бойы тоқырау жағдайында болған зауыт, “ФудМастер” Компаниясының келуімен қайта жанданды. Зауыт күніне 30 тонна сүт өңдейді. Қазақстандық нарықта үлкен сұранысқа ие болған жұмсақ қышқылтым және балқыған ірімшік, сүзбе өнімдерін шығарады. Қазіргі “Хугарт” және “Роверс” технологиялық тізбектері заман талабына сай сапалы өнімнің  алуан түрлі жиынтығын өндіруге мүмкіндік береді. Өз істерінің шебері болған жергілікті халықтан құралған еңбекші ұжым – кәсіпорыннның үнемі өсіп отырған тиімділігінің басты себепшісі.

 Кәсіпорын өнімі:

— Жұмсақ тұзды ірімшіктер: “Ленгерский”, “Моцарелла”.

— Балқыған ірімшік: “Ленгерский”, сыраға арналған кептірілген ірімшік “Чечил”.

— Cүзбе: “Чудо — завтрак”, “Чудо — сырок”.

Қырғызстанмен  Жамбыл облысының шекарасында Қордай атты табиғаты тамаша жерде “ФудМастер” Компаниясының ірімшік жасау зауыты орналасқан. Ірімшік жасау шеберлердің ірімшіктері жоғары бағаланған. 1978 жылы Ригада өткен Бүкілодақтық ірімшік жасаушылар конкурсында костромдық ірімшік ( “Қордай” ірімшігі ) бірінші орынға ие болып, ал қазақстандық ірімшік шеберлеріне “Жоғарғы сынып Шеберлері” және “Алтын қол Шебері” атақтары берілді. “ФудМастер” Компаниясы қатты ірімшіктің ерекше дайындау жолын сақтап қана қоймай, ірімшік жасаушы  атақты шеберлерді жұмыс орындарында қалдыра алды. Қордай шеберлерінің өнімін FOODEXPO – 98 көрмесінде білікті мамандар жоғары бағалады және “ФудМастер” – дің “Гауда” ірімшігіне халықаралық танымның белгісі болған Алтын медаль, “Астана Фуд — 2000” көрмесінде “Қордай”, “Росийский” ірімшігіне Алтын медаль берілді және май мен ірімшік жасау Бүкілресейлік ҒЗИ мамандарының үздік бағалауына ие болды.

1998 жылы “ФудМастер –  Қордай” дәстүрлі рецептуралы қатты ірімшіктерді (костромдық, ресейлік, пошехондық) және “Элит” сыныпының  гауда, голландық ірімшіктерін шығарады.

Зауытта капиталды қайта өңдеу жұмыстары жүргізілді.  Жаңа техниалық жабдықтар сақтау мерзімі ұзағырақ, әрі сапалы ірімшіктерді жасауға мүмкіндік береді.

Өнімдері: “Қордай”, “Аухатты”, “Голландық”, “Гауда”.

1998 жылы “ФудМастер” Компаниясы сақтау мерзімі ұзақ натуралды шырын мен сүт өндіретін зауыт ашады. Бұл зауыт жаңадан салынды. Өндірістік тізбек қазіргі заманғы ең озық Tetra Pak құрал – жабдығынан тұрады. Шикізат пен дайын өнімге деген сапа стандарттары Қазақстан Республикасында қойылатын талаптардан жоғары болып келеді. Өнім өндіру барысының барлық сатыларында 7 дәрежелік тексеруден өтеді. “ФудМастер –  Асептик” ұжымы қайратты да, жас мамандардан құралған. Батыл, алуан сарынды шешімдер қабылдануы, өнімнің Қазақстан мен көршілес елдерде тез кең тарауы Қазақстандағы шырын ендірушілердің арасында озық орынды ұстануға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын өнімі:

ЖТТ (жоғары температуралық технология) сүті: “Заилийское ”,

“Деревенское”сүттері, “МУ — У” хош иісті сүт, “БИО — сүт”.

2000 жылдың қаңтар айында “ФудМастер” Компаниясы Алматы облысы, Іле районы, Междуреченское аулында сүт – товарлық ферманы жеке меншігіне сатып алды. Сатып алынған шаруашылықта жандандыру жұмыстары жүргізілді:

  • Асыл тұқымды мал тобы қалыптастырылды;
  • Өндірушілік мүмкіндігіне қарай мал топтары бөлінді;
  • Компьютерлік жабдықтаулар негізіндегі сараптау жұмысының жем өндіру және жем беру жүйелері енгізілді;

 Компания АҚШ, Израиль, Голландия, Ресей және Қазақстанның мал асырау тәжірибесін қолданады. Ферма мамандары, мысалы, Кохран (АҚШ – тың Ауыл шаруашылық Министрлігі), МАШАВ (Израиль өкіметінің даму Орталығы), Эколинкс (USAID бағдарламасы), ПСО – центр (голландық өкіметтің даму бағдарламасы) және т.б.оқыту бағдарламаларына унемі қатысып отырады. Ресейлік, американдық және израильдік шаруашылықтың тәжірибесі  жем беру мен малды ұстау негіздерін түбірінен өзгертті. “ФудМастер –  Агро” сүт – товарлық фермасы орташа сауымында бір сиырдан  4800 литр сүт сауғанда күніне 78 тонна сүт өндіреді. Шаруашылықтағы мал басының түрі алатаулық болып келеді, сонымен қатар голштино – фризлік мал түрі де бар.малды рационалды, дұрыс қоректендіру мақсатында Компания Данияда шығарылған шағын комби жемдік зауытты сатып алды. Миксерлік техника фосфор, молибден, темір, кальций сияқты микроэлементтер мен дақылдардың қатынасы 100000 бөлікке дейін ұстанылады.  

 Ферма израильдік серіктестіктер берген мал ұстау процестерінің бағдарламалық жабдықтары (ГАВИШ) қолданылады. Программалық жабдықтардың көмегімен әр сиыр басының тарихы, шығу тегі, дамуы және т.б. маңызды ерекшеліктері бақыланатын көрсеткіштер базасын құрастыруға болады. Оған қоса ферма мамандары жануарларға  жем берудің жеке есебін жүргізе алады.

 Іске деген заман талабына сай көзқарастың арқасында “ФудМастер –  Агро” сауымды көбейтудің бірден – бір көрсеткіштеріне жетіп отыр. Бүгінгі таңда фермадағы сауым Республикадағы ең жоғарғы болып есептеледі, атап айтқанда, орташа есеппен жылына сиыр басына 4800 литр сүт алынады. Ұжым сауым көрсеткішін жақын арада 7000 литрге дейін өсіруді көздеп отыр.

Біздің клиентіміздің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған компания миссиясын ұстана отырып тұтынушы тарапынан келетін өтініштер немесе шағымдар үшін «ФудМастер — Алматы» кәсіпорынының офисінде байланыс телефон орнатылды.

Телефон нөмірі: 8 (3272) 584 855

Компанияның үнемі өсіп отырған жылдық айналымы  2001 жылы  24055 млн.  АҚШ долларын  құрайды.

Сертификациялау бойынша халықаралық орган TUV CERT анықтап, дәлелдеуі бойынша ААҚ «ФудМастер» Есік қаласындағы кәсіпорында сүт өнімін өңдеу және өндіру саласына сапаны(ң) басқару (менеджмент) жүйесін енгізіп, қолдануда.Бұл сертификат сала лидері — «ФудМастер» Компаниясына бүкіл Орталық Азия регионындағы кәсіпорындардың ішіндегі  берілген бірінші болып келеді.

Сәйкес тексеру аудиті өткізілген кейін берілетін ISO 9001 –2000 сертификаты «ФудМастер» Компаниясының өндірген өнімі де, өндіріс жүйесі мен менеджменті халықаралық стандарттарға сай екендігін дәлелдейді. Жоғарғы сапаға тұтынушылар тарапынан сұраныс көбейді, ал сұраныс өз кезегінде көлемнің өсуі және компанияның тез дамуының шарты болды.

Оператордың клиенттердің сұрауларына жауап қайтарып, келген шағымға жауап ретінде оған ұнамаған өнімді ауыстыруға мүмкіндігі бар. Компания ақпаратты – талдау жүйесін құрды. Жаңа өнімнің жоспарланып, ол тұтынушыға жеткенге дейінгі сапалылық туралы ақпаратты жинау нақты пайда болған мәселелер бойынша шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді. Біз өнімнің сапалылығына әсер ететін процестерді зерттеп, талдаймыз және жақсартамыз. Біздің ойымызша, ақаудың салдарынан азап шеккенше, оны болдырмаған жөн. Бізде жауапкершілік, өкілеттіктер және өзара байланыстар қатаң үлестірілген. ISO 9001 стандартының негізгі принціпіне сай процестермен басқару жүйесіне қатысты әр қызметкердің алдындағы алғашқы міндеті сапа болып табылады. Атап кететін бір жайт, TUV Rheinlad InterCERT «Мерседес» автомобильдерінің өндірісін сертификаттайды және екінің бірі оның клиенті бола алмайды. «ФудМастер» мұндай беделді ұйым сертификаттаған Қазақстандағы алғашқы компания болып табылады.    

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Компания «ФудМастер-Айс Крим» 2001 жылдың 22 тамызында Алматы обылысының Басқару юстициясында тіркелген, РН № 8259-1907-ТОО. Мемлекеттік классификаторы бойынша коды ОКПО 39476368.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ЖШС «ФудМастер-Айс Крим» дербесзаңды тұлға болып табылады өз атынан келісім-шарт жасайды, әр түрлі келісімдер істейді мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар және міндеттерге ие болады, сотта жауапкер және даугер болалады.

Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жансүгіров көшесі 482.

Меншік түрі – жеке.

ЖШС «Компания «ФудМастер-АйсКрим» құрушысы болып АҚ Компания «ФудМастер» табылады, РН 4776-1907-АҚ.

Серіктестіктің Жарғылық капиталы 117 600 000 (жүз он жеті миллион алты жүз мың) теңгені құрайды. Тіркелген уақытта 29 400 000 (жиырма тоғыз миллион төрт жүз мың) теңге құйылды. Жарғылық капиталы Серіктестік тіркелген күннен бастап бір жыл ішінде толық төленуге тиіс.

ЖШС «ФудМастер-Айс Кримнің» негізгі қызметі болып балмұздақ өндіру және сату.

Серіктестікті басқару органдары болып мыналар табылады:

  • Серіктестік Қатысушысы – жоғарғы басқару органы;
  • Серіктестіктің Бас директоры – орындаушы орган.

Серіктестік шектелмеген қызмет мерзіміне құрылды.

Компания миссиясы: тұтынушының жоғарғы дәрежедегі талабына сай сапалы өнімді өндіру.

Оның клиенті өнімінің сапасына және Компанияның барлық тармақтарының жұмысына қанағаттануы қажет. Олардың тұтынушылары күткенінен алдабауы шарт.

Философиясы: ұлт денсаулығы, салауатты өмір салты.

Ол Қазақстанға аса қажетті ақылды, білімді, рухы және дені сау азаматтарды қолдап, қостау үшін нарыққа келді.

Дұрыс және сапалы тамақтану және осы бағыттың ажырамас бөлігі. Ол бүлдіршіндердің қолындағы болашақты аялайды.

Жаңашылдық, динамикалық және бейімділікті басшылыққа алу.

Оның алдында өндірісті жақсарту және тұтынушыларға аса пайдалы, сенімге тұрарлықсапалы өнім сату міндеттері тұр.Олар әрқашан ізденуде. Олар адал іскерлік пен дұрыс бәсекені қолдайды. Олар еркін нарық экономикасының принциптерін ұстанады.

Ол үшін сапа идеал болып табылады.

Олар қоғамның пікірін құрмет тұтады.

Компания өнімінің өндірілген жеріне қарамастан, әрқашан сапа стандарттарына сәйкес болады.

«ФудМастер» — өз ісінің шебері.

Компанияның басты құндылығы және қозғаушы күші – олардың қызметкерлері. Бірлікті маман қадірлеуге, еңбегінің материалдық және моральдық бағалануына тұрарлық.

«ФудМастер» Компаниясы әр қызметкердің көмегімен жұмыс істеуде. Қызметкерлер Компанияның мәселелерін шешуге өз үлестерін қосады, ал Компания кез келген қызметкерді көтермелейді, көмектеседі. Олар шығармашылық пен жаңа бастамаларды жоғары бағалайды. Оларға қызметкер жеке тұлға ретінде маңызды, оның шығармашылық әлеуетінің ашылуына және тұрақты еңбек етуіне, оған қоса маман ретінде өсуіне барлық жағдай жасайды.

Шешім қабылдаудағы жауапкершілік – Компанияның ең негізгі құндылықтарының бірі: өндірістегі қиын жағдайларда және адамдармен қарым – қатынасуда жауапкершілікті түсіну. Жұмыс істеудің ұжымдық – корпоративтік принципі әрқашан сақталады. Ымырдағы ұжым оның жеке алғандағы әрбір мүшесіне қарағанда үлкен жетістіктерге жетеді.

Өнімнің сипаттамасы:

Балмұздақтың негізгі төрт түрі бар: сүтті, кілегейлі, пломбир және миуалы.

Сүтті өнімдерсіз миуалы балмұздақ – калориясы төмен және құрамында майлар жоқ және түрлері бойынша жеміс-жидекті және хош иісті болып бөлінеді.

Сүтті негіздегі балмұздақтың құрамы әртүрлі болып келеді. Оның құрамында жеміс, жидек, карамель және жаңғақ болуы мүмкін және құрамы бойынша күрделі, бірақ оның негізгі құраушысы – сүт өнімдері: қоспасыз, құрғақ немесе қоюлаған сүт, кілегей, май, қант және стабилизаторлар.

Балмұздақ өндірісінде екі компоненттен артық қолданылатынын ескерген жөн.

Балмұздақта майлар келесі себептерге байланысты қосылады:

  • кремді консистенция;
  • керемет құрылым;
  • тоңазытқыштан алғанда құрғақ күйде болуы;
  • еруге ең жақсы қарсы тұру;
  • ауаны біртекті тарату.

Майдың физикалық қасиеттері балмұздақтық қату кезіндегі және оның құрылымының қалыптасу кезіндегі мінез-құлқына маңызды әсер етеді. Сондықтан балмұздақ өндіруге арналған өсімдік майлары нақты анық қасиеттерге ие болуы керек, әсіресе келесі шарттар маңызды:

  • балауыз татымының болмауы;
  • майлы фазасының белгілі бір бөлігі суыту кезінде, ұсталым кезінде және мұдатқыш камераға енгізу кезінде сұйық болып қалуы керек;
  • қоспа балмұздақтың жақсы сапасын қамтамасыз ету үшін кристализациялық қасиеттерге ие болуы қажет.

Шоколад балмұздақта әшекей немесе ішкі кірістіру ретінде пайдаланылады. Ең дәстүрлі тіркесім – қара шоколадты әшекей қосылған ванильді балмұздақ. Жабынның мақсаты – функционалды қасиеттерін, сырт келбетін және дәмін жақсарту.

Әшекейге қатысты маңызды шарттары мыналар:

  • нағыз шоколад дәмі;
  • ауызда тез еруі;
  • балауыз татымының болмауы;
  • бату кезінде тез қатуы;
  • жүргізуден кейін минималды ағу;
  • балмұздаққа жақсы жабысу;
  • жұқа және бірқалыпты қабат;
  • жарылуға қарсы тұру.

Әшекейдің қарапайым құрамы: лайықты өсімдік майы (60%), какао (13%), қант (25%), лецитин (0,7%) және ароматизаторлар.

Эмульгаторлар – балмұздақ компоненттерінің майлы және сулы фракцияларын тұрақтандыратын зат. Олар мұз кристалдарының болмауын қамтамасыз етеді. Балмұздақ өндірісінде пайдаланлатын эмульгаторлар табиғи өнім болып табылады. Оларды «гауһар мүк» атты теңіз балдырларынан алады.

Тұрақтандырғыштар балмұздақтың тез еруіне кедергі жасайды. Желатин, агароид, картоп және жүгері крахмалдарының орнына қазір мүлтіксіз импортты тұрақтандырғыштар қолданылады.

Тұрақтандырғыштарды қолдану мыналарға кепілдік береді:

  • қоспаны салқындатқаннан кейінгі сәтте балұздақтық максималды жабысқақтығына;
  • балмұздақтың оңай пайдаланылатын көпіршіктігіне;
  • дайын өнімді органолептикалық бағалау кезінде суды толық араластыру, мұз кристалдарының түйіршіктілік түйсігін қақпайлау;
  • пайдаланылған ароматизаторлардың закладкасын төмендетуге мүмкіндік беретін иіс бөлімін үлкейтіп, кілегей дәмін толықтыратын дайын өнімнің ауа ұяшығының құрылымына;
  • жылуға жоғары қарсыласушылық.

«ФудМастер-Айс Крим» балмұздақтың келесі ассортиментін (сәйкес шикізаттар көрсетілген) ұсынады (1-кесте):  

1-кесте. Компоненттер тізімі    (1 тоннаға есептелген)

Шикізат

Өлшем бірлік

Саны

«Фруктовый лед» балмұздағы

Ас суы

кг

810

Қант

кг

150

Тұрақтандырғыш

кг

2

Дикстрозды сироп

кг

32,5

Дәмдік сироп

кг

1,5

Лимон қышқылы

кг

4

Таяқшалар

шт

13500

Орама

кг

18

Гофрокартон

шт

665

Барлығы

кг

1000

«Вафельный стаканчик» балмұздағы

Сүт (майлылығы 3,5%)

кг

662

Кілегей майы 82,5%

кг

93

Қант

кг

140

Ванилин

кг

0,1

СОМ

кг

100

Тұрақтандырғыш

кг

5

Вафельді стакан

шт

10500

Орама

кг

17

Гофрокартон

шт

208

Барлығы

кг

1000,1

«Страдивари» балмұздағы

Сүт (майлылығы 3,5%)

кг

662

Кілегей майы 82,5%

кг

93

Қант

кг

140

Ванилин

кг

0,1

СОМ

кг

100

Тұрақтандырғыш

кг

5

Ароматизатор

кг

0,8

Орама

шт

1860

Гофрокартон

шт

154

Барлығы

кг

1000,9

«Батончик» типті балмұздақ

Сүт майлылығы 3,5%

кг

427

Кілегей майы 82,5%

кг

49

Қант

кг

88,2

Ванилин

кг

0,1

СОМ

кг

63

Тұрақтандырғыш

кг

3,2

Шоколад

кг

200

Жаңғақ

кг

20

Джем

кг

150

Орама

кг

20

Гофрокартон

шт

665

Барлығы

кг

1000,5

 

 Жергілікті шикізат:

  • май – «ФудМастер-НС», Астана қаласы;
  • сүт – СПКФ ауылшаруашылық кәсіпорны «Алматы» Талғар қаласы, ЖК «Мырзахметов»,ЖШС «МТФ»;
  • қант – Алматы қаласының қант орталығы;
  • гофрокартон – Семей қаласы Капполиграф.

 

Шет елден әкелінетін ингредиенттер тізімі 2-кестеде көрсетілген.

 

2-кесте. Шет елден әкелінетін шикізат тізімі

Атауы

Жабдықтаушы

ТНЭВД коды

Тұрақтандырғыш

Danice Services a/s (Denmark)

210690980

Шоколадты әшекей

Danice Services a/s (Denmark)

180620950

Жаңғақ

Danice Services a/s (Denmark)

200811920

Джем

Danice Services a/s (Denmark)

200710990

Вафельді керней

Danice Services a/s (Denmark)

190530990

Сусыздандырылған сүтті май

Corman (EEC)

040590900

Орама

Bakambalaj (Turkiye)

392010280

Шет елдік ингредиенттердің ерекшеліктері:

Тұрақтандырғыш – Қазақстанда жоқ жоғарғы технологияны пайдалануда суперсапалы қоспа дайындалады.

 Шоколад – қоспаны араластырудың жоғарғы технологияны пайдалануда ерекше қасиеті бар (тегіс жағылған қабат, қатыру температурасы — 26°С) өнім дайындалады.

Жаңғақ – таза, ұнтақталған, ұзақ уақыт сақталу қасиетімен ерекшеленеді.Мынадай жаңғақтар пайдалынады: Қазақстанда өспейтін арахис және фундук.

Джем — өнімді сусыздандыру үрдісі пайдаланылатын арнайы технология бойынша дайындалады. Таза, ұзақ уақыт сақталу қасиетімен ерекшеленеді.

Сусыздандырылған сүтті май – дайындау кезінде тек қана жоғарғы пайыздық майлығы бар (кілегей майы сияқты) жоғары сапалы сүт пайдаланады.Технология өнімнен ылғалды толығымен кетіруді қарастырады. Ұзақ уақыт сақталу қасиетімен ерекшеленеді және +25°С температурада бұзылмайды.

Таяқшалар – тұтынушы пайдаланғанда қауіпсіз тегістелген таза ағаш.

Вафельді керней – ұзақ сақталу мерзімге өнімге «қытыр қасиетін беретін жоғарғы технологияны пайдаланғанда дайындалады.

Орама – жоғарғы технологияны пайдалану материалдың сапасын жақсартады.

    Өндірістің технологиялық үрдісі:

Бүкіл конвейер аралығнда біздің өнімге адам қолы тимейді: барлық үрдістер автоматтандырылған.Операторлар тек программа береді. Барлық параметрлер, температуралық режим автоматты түрде сақталады, мейлі ол компоненттерді дайындау бөлімі, аппаратты цех, су дайындау бөлімі, алмалы-салмалысыз жуу цехы, мұздатқыш камералар немесе бөлшектеп өлшеу цехы болсын. Заводта, сондай-ақ өзінің зертханасы бар. Ол нағыз қазіргі заманғы құралдармен қамтылған. Мұнда дайын өнімнің және балмұздақтың барлық компоненттерімен қатар ораманың да физико-химиялық және батериологиялық қасиеттері зерттеледі. Кәсіпорын барлық мағынада көз алдында, себебі тамыз айының ортасынан бастап оныңең талғампаз бақылаушылары – оқушылар келеді. Балалар өздерінің сүйікті балмұздақтары қалай дайындалатынын көріп қана қоймай, дәм татады.

Балмұздақ дайындаудың технологиялық үрдісіне келесі негізгі сатылар кіреді:

  1. қоспаны дайындау;
  2. қоспаның толуы (пісуі);
  3. үздіксіз фрезерлеу;
  4. өнімді бөлшектеп өлшеу және қалыптастыру;
  5. ширату;
  6. орау және орама;
  7. ұзақ сақтау.
  8. Қоспаны дайындау

Бұл үрдісте ингредиенттерді араластыру (сүт, қант, кілегей майы және т.б.) және оларды алдын-ала ысыту. Содан кейін қоспа пастеризация мен гомогенизацияға жіберіледі. Гомогенизация кезінде сұйық май өте ұсақ түйір қалыпқа айналады. Тиімді гомогенизацияда бұл май түйіршіктерінің көлемі 0,4 микроннан көп болмауы тиіс. Көпіршік маймен бірге қоспаның керекті консистенциясын береді. Содан кейін қоспа салқындатылады және толуға (пісуге) жіберіледі.

  1. Қоспаның пісуі

Бұл қоспаны 1-4 сағат аралығында әрдайым араластыру үрдісі.

  1. Үздіксіз фрезерлеу

Пісуден кейін қоспа фрезерлерге жіберіледі. Онда қоспа -5°С – ға дейін қатырылады және шайқау кезінде үлкен көлемде ауаға қанығады. Ауа қамалы (көпіршік) пайда болады, онда 60% ауа бар. Көпіршікті тұрақтандыру үшін және белгілі бір қасиеттерге жету үшін ауа мен қоспаның арасында май қабаты болуы тиіс.

  1. Өнімді бөлшектеп өлшеу және қалыптастыру

Белгілі бір жабдықтың көмегімен фрезерден кейін әр түрлі кескінді (түрі) балмұздаққа (стаканчик, эскимо, батончик және т.б.) айналады. Сосын бөлшектеп өлшенген өнім ширатуға жіберіледі.

  1. Ширату

Бұл өнімді -40°С температурада бір сағат қатыру үрдісі.

  1. Орау және орам

Ширатудан кейін орайтын жабдықтың көмегімен балмұздақ қабыршаққа оралады және қораптарға салынады. Содан әрі балмұздақ сақтау камерасына жіберіледі.

  1. Ұзақ сақтау

Ауа температурасы әрдайым -25 градус болып тұратын арнайы камераларда балмұздақ 6 айға дейін сақтала алады және ассортименті бойынша іріктеледі.

Алынған өнімнің сапасы ингредиенттерді таңдаумен, шикізаттың белгілі бір пропорциясын пайдаланумен, істелген өндеу режимін дәл сақтаумен бірге анықталады.

Құрал-жабдықтың сипаттамасы:

Қазіргі уақытта Қазахстанда балмұздақ дайындауға арналған жекеменшік өндірістін қазіргі заманғы технологиялық құрал-жабдықтары жоқ.Сондықтан «ФудМастер-Айс Крим» компаниясы балмұздақ өндірісі бойынша шетелдік ірі технологиялық құрал-жабдық өндіруші фирмалардың бірі болып табылатын белгілі «Тетра Пак Хойер А/С» (Дания) фирмасының құрал-жабдығын алды. Құрал-жабдықтын жалпы құны 1 549 855 (бір миллион бес жүз қырық тоғыз мың сегіз жүз елу бес) ЕВРОны құрайды.

Технологиялық құрал-жыбдықты «Тетра Пак Хойер» фирмасы 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі № А012864-1 контрактына сәйкес келесі позициялар бойынша әкелді (3-кесте).

 

3-кесте. Құрал-жабдық

Құрал-жабдықтың аты

Бірлік саны

1

Араластыруға арналған жабдық:

—        еріткіш резервуар, JMT конфигурациясы;

—        резервуарларға арналған ыстық суы бар құрылғы;

—        мөлшерлеу блогы:

—        сорғыш;

—        құбырлар және топтамалар терімі;

—        Хойер Промикс КПВТ 3000 – бумен жылытылатын қоспа өңдеу блогы;

 

1

 

1

1

1

1

 

1

2

Құрал-жабдық өндірісі:

—        Хойер Фригус 600 – екі поршнді құбыры бар үздіксіз әрекет ететін тоңазытқыш қондырғы;

—        Хойер Стрейлайн 600 С – поддондарды қысу жүйесі;

—        Хойер Стрейлайн 600 С үшін R22 булану блогы;

—        Хойер Стрейлайн 600 С үшін салқындату блогы;

—        жууға арналған щетка;

—        Хойер Дино С – орын ауыстыру және батыру жүйесі;

—        Хойер Дино С үшін әшекейге арналған резервуар;

—        Таяқшалардағы тақтаға арналған жабдық; 

 

 

4

 

2

 

2

 

2

2

 

2

 

1

1

3

Стакандарға арналған құрал-жабдық;

1

4

Мұздарға арналған құрал-жабдық;

1

5

Сыйлық тақталарға арналған қосымша жабдық;

1

6

Хойер Флоурэп СЛ 80 TS – бір өткелді орағыш;

1

7

Хойер Комет RC – кернеулер мен стакандарға балмұздақ толтыратын агрегат;

 

1

8

Кернеу жібергіш;

1

9

Стакан жібергіш – бір өткел – стакандарды толтыру машинасында;

 

1

10

Стакандар конфигураторы – бір өткел

1

11

Косалқы белшектер топтамасы;

1

12

Кернеулер конфигураторы – бір өткел;

1

 

«Тетра Пак Хойер» (Дания) фирмасының құрал-жабдығын технологиялық құрал-жабдықтар нарығын зерттеу нәтижелері негізінде таңдалды.

«Тетра Пак Хойер» компаниясының балмұздақ өндірісі бойынша құрал-жабдық дайындау облысынды үлкен тәжірибесі бар және оны әрдайым жетілдіруде.

Экологиялық аспекті:

«ФудМастер-Айс Крим» компаниясындағы балмұздақ өндірісінің технологиялық үрдісі ысырапсыз, экологиялық таза, қоқыс түсіру және қалдықтарды пайдаланумен байланысы жоқ болып табылады.

Атмосфераға шығарылатын жалғыз нәрсе болып табиғи газ жанғанда бөлінінетін ығынды табылады.

Өндіріс технологиясына сәйкес 1 тонна балмұздақ өңдеу үшін 1,8 Гкал бу қажет. 1,8 Гкал буды өңдеу үшін 230,8 кг табиғи газ қажет. Демек, 1 тонна балмұздақ өндіру үшін 230,8 кг қысылған табиғи газ жағу қажет.

Табиғи газ жанғандағы ығындылар үшін экологиялық төлемдер келесідей: юстиция Барқармасында 2000 жылы №250 тіркелген және Алматы қаласының Әкімінің 2000 жылғы №1133 шешімімен бекітілген Алматы қаласы бойынша 2001 жылғы қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер ставкасына сәйкес қысылғн табиғи газдың тоннасына 410 теңге.

Осылайша, 3745 тонна балмұздақ өндіргенде экология бойынша жылдық төлемдер 354382 теңгені құрайды.

SWOT анализ:

Күшті жақтары

  • төмен бағалар
  • жоғары сапа
  • кең ассортимент
  • орамасының тартымдылығы

Әлсіз жақтары

  • тұтынушы нарығының маусымдығы

Мүмкіндіктері

  • өткізу нарығын басып алу
  • экспортқа шығу

Қауып-қатер

  • импортты ингредиенттерді жеткізу бойынша кепілдіктің болмауы
  • әлемдік нарықтағы бағалардың құбылмалылығы.

Жерге преференция:

Қазақстан Республикасының инвестициялар бойынша Агенттігінің Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуірдегі №01/7 «Экономиканың артықшылықты секторларында инвестициялық қызмет атқаратын инвесторлармен келісімге отырғанда преференциялар мен жеңілдіктер беру процедурасын жетілдіру туралы» Бұйрығына сәйкес, дәлірек айтсақ 5 статья «Мемлекеттік грант беру реті» бойынша белгілі компания мемілекеттік грант жер участкесіне үміттенуге құқысы бар.

  • жер учаскесінің орналасқан жері – Алматы қаласы, Түркісіб ауданы, Жансүгіров көшесі 482;
  • жер учаскесінің жалпы ауданы – 1,8196 га;
  • жер учаскесінің бағалау құны – 13046,5 мың теңге.

Мемлекеттік гранттың мүмкін максималды көлемі негізгі капитал инвестициясының 30 пайызын құрайды. Шамаланған мемілекеттік грант есебі 4-кестеде көрсетілген.

 

4-кесте. «ФудМастер» ЖШС-нің  Преференциялар есебі (мың теңге)

Негізгі капиталға инвестиция көлемі

364133

Мемлекеттік гранттың максималды көлемі (30%)

109233,9

Есептелген мемлекеттік грант (жер участкесінің құны)

13046,5

 Кәсіпорынның маркетингтік қызметі:

Нарық өсімінің әлсіз динамикасы балмұздақты алмастырушы десертті өнімдер, сабституттар – чипсылар, снэктер, кола және т.б. пайда болуымен түсіндіріледі. Бұрын балалар үшін негізгі тәтті балмұздақ болатын, ал қазір баламалар көп. Жасөспірімдер ақшаларын SMS хаттарға, сыра мен колаға жұмсайды. Сабституттардың сатылу көлемі жыл сайын 20 пайызға өсуде. Бұл осы өнімдерді өндірушілерге агрессивті жарнама жасауға мүмкіндік береді. Ондай жарнамаға балмұздақ өндірушілердің мүмкіндігі жоқ, олар негізінен тек бір реттік акциялармен шектеледі. Балмұздақтың ірі өндірушілері өз тауарларын жылжытуға шамамен 300-500 мың доллар жұмсайды. Олар көбінесе жаңа өнімді таныстыру үшін промо-акциялар жүргізеді.

Әзірге балмұздақты жылжыту жергілікті сатылу орындарында жүргізіледі. Бұл балмұздақтың импульсті тауарлар тобына кіруімен байланысты. Яғни бұл тауарды сатып алу жоспарсыз іске асады. Нарық қатысушылары балмұздақ сатып алу кезінде негізгі стимул болып оның орамасы табылатынына назар аударды. Сондықтан олар өз күштерін тауарды брэндтау және тартымды орама қағаз жасауға бағыттады. Орама өзіндік құнның 5 пайызын құрайды. Жергілікті өндірушілер оны шет елден тапсырыспен алады, себебі оның сапасы біздегіден жақсырақ және 50 пайызға арзан. «ФудМастер-Айс Крим» компаниясында өнімнің 10 пайызы әрдайым өзгеріп отырады.

Негізгі маркетингтік концепция болып балұздақты пайдалануда мүлдем зиянсыз, керемет дәмді, жоғары сапалы өнім ретінде өндіру және сату табылады. Өнім тұтынушылардың кең шеңберіне арналған, сондықтан ассортименттің әртүрлілігіне, тартымды орама мен қоспа жасауға үлкен назар аударылады.

Маркетингтік жоспардың мақсаты мыналар:

  • Қазақстан нарығында жаңа бірегей өнімді орнықтыру;
  • мақсатты нарық сұранысын қанағаттандыру;
  • тұтынушыларға сапалы және уақытылы қызмет көрсету.

ТОО «ФудМастер-Айс Крим» өнімдерін Қазақстан Республикасының мына аймақтарында сатады: Астана, Қарағанды, Өскемен, Қостанай, Шымкент, Талдықорған, Алматы және т.б.

Балмұздақ нарығының негізгі ерекшелігі болып оның айқын көрсетілген территориялық фрагментациясы табылады. Онда нарықты географиялық бөліп алған 25-30 шақты жергілікті өндірушілер және 10 шақты тұрақты импортерлер әрекет етеді. «ФудМастер» компаниясының позициясы Алматы мен Астанада күшті болып келеді. Өнімнің шамамен 70 пайызын Алматы қаласы мен облыстары тұтынады. Оңтүстік және Солтүстік Қазақстанда бұл компания әлсіз әрекет етеді. Көптеген шығындар бастапқыда кішігірім көлемдегі өнім жеткізуге, тасымалдауға кетеді. Бірақ уақыт өте келе онда да сату көлемі өседі, өзіндік құны төмендейді, ал маржа өседі. Компаничның брэнді танымал бола бастайды. Супермаркеттер арқылы балмұздақтың 40 пайызы сатылады. Сондай-ақ супермаркеттер тауардың сапасына байланысты өз шарттарын қояды. Соған байланысты өндірушілер белсендірек болады және өз өнімдерінің қасиеттерін жақсарта бастайды.

«ФудМастер-Айс Крим» компаниясы өзінің сүт зауытынан бөлініп шығуының себебі, ол қаржы ағымын дәлірек бақылады және тиімдірек стратегияны анықтау мүмкіндігі пайда болды.

«ФудМастер-Айс Крим» компаниясының өнімдері келесідей ассортиментте:

  1. «Фруктовый лед»
  2. «Вафельный стаканчик»
  3. «Пластик»
  4. «Батончик»
  5. «Макси»
  6. «Африка»

Өндірістің технологиялық кешеніне шикізатты өңдеуге және тәулігіне 40,0 тонна (әр линияға 5,7 тоннадан) максималды өнімділікпен сәйкес өнім алуға арналған 7 линия кіреді.

Жабдықты профилактикалық тоқтату – жылына 230 сағат.

Өндірістік персонал жұмысы бес күндік жұмыс аптасы, әр сменада 8 сағаттық жұмыс күні.

  1. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау

5-кесте. Кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2004 жыл

2005 жыл

Ауытқу

+;-

%

1

Өткізілген өнімнен түскен түсім

тг

515581259,00

705977415,00

190396156,00

136,93

2

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

тг

368255183,00

460282827,00

92027644,00

124,99

3

Жалпы табыс

тг

147326076,00

245694588,00

98368512,00

166,77

4

Кезең шығындары

тг

217311127,00

179610298,00

-37700829,00

82,65

5

Негізгі қызметтен түскен түсім

тг

-69985051,00

66084290,00

136069341,00

94,43

6

Негізгі емес қызметтен түскен түсім

тг

46311150,00

-9410331,00

-55721481,00

20,32

7

Салыққа дейінгі жиынтық табыс

тг

-23673901,00

56673959,00

80347860,00

239,39

8

Таза табыс

тг

-16571730,70

39671771,30

56243502,00

239,39

9

Өткізілген өнімнің 1 теңгесіне келетін шығын

тг

1,14

0,91

-0,23

79,81

10

Өнімнің рентабельділігі

%

-2,83

6,20

9,03

219,07

11

Сату рентабельділігі

%

-3,21

5,62

8,83

174,83

12

Өндіріс рентабельділігі

%

-2,74

6,10

8,84

222,59

13

Жұмыскерлер саны

адам

189,00

238,00

49,00

125,93

14

С.і. жұмысшылар саны

адам

77,00

177,00

100,00

229,87

15

1 жұмыскедің еңбек өнімділігі

тг

2727943,17

2966291,66

238348,49

108,74

16

1 жұмысшының еңбек өнімділігі

тг

6695860,51

3988572,97

-2707287,54

59,57

17

Жұмыскелердің еңбек ақы қоры

тг

71782000,00

94185100,00

22403100,00

131,21

18

С.і. жұмысшылар еңбек ақы қоры

тг

22284600,00

58121200,00

35836600,00

260,81

19

1 жұмыскердің орта айлық еңбек ақысы

тг

379798,94

395735,71

15936,77

104,20

20

1 жұмысшының орта айлық еңбек ақысы

тг

289410,39

328368,36

38957,97

113,46

21

Негізгі құралдардың орташа жылдық құны

тг

547824000,00

591867000,00

44043000,00

108,04

22

Айналым құралдарының орташа жылдық құны

тг

57173009,00

58807216,00

1634207,00

102,86

23

Қор қайтарымдылығы

тг

0,94

1,19

0,25

126,74

24

Қор сиымдылығы

тг

1,06

0,84

-0,22

78,90

25

Қормен қарулану

тг

7114597,40

3343881,36

-3770716,05

47,00

26

Амортизация сомасы

тг

105834000,00

91431000,00

-14403000,00

86,39

 

5-кестені қарастырып екі жылдағы өзгерісті байқаймыз.

Бірінші көрсеткіш өткізген өнімнен түскен түсім 2004 жылы 515581259 теңге, ал 2005 жылы 705977415 теңгені құрады. Яғни, 190396156 теңгеге өскенін көріп отырмыз. Мұның себептері ретінде «ФудМастер» компаниясы 2005 жылы нарыққа жаңа балмұздак түрлерін шығарған, сонымен қатар өнім сапасы жақсарып, сату көлемі көбеюі болуы мүмкін. Ал аталған көрсеткіштің өсуі жалпы табысқа, таза табысқа және де табыстылық көрсеткіштеріне әсерін тигізеді.

Өткізілген өнімнің өзіндік құны 2004 жылы 368255183 теңге, ал 2005 жылы 460282827 теңгеге дейін өскеніні көреміз. Бұл шикізатқа кеткен шығынның өсуіне байланысты. Бұл көрсеткіш кәсіпорын дамуының нашарлауының факторы бола алады.

Жалпы табыс 2004 жылы 147326076 теңге, ал 2005 жылы 245694558 теңгені құрады. Бұл өткізілген өнімнен түскен түсімнің өсуімен байланысты.

Кезең шығындары зерттеліп отырған кезеңде базисті жылмен салыстырғанда 37700829 теңгеге азайған. Бұл жалпы және әкімшілік шығындардың азаюынан болған жағдай.

Негізгі қызметтен түскен түсім жалпы табыстың өзгеруіне байланысты. Біздің кәсіпорында жалпы табыс артып отыр, сондықтан негізгі қызметтен түскен түсім де артты, яғни 136169341 теңгеге.

Таза табыс кәсіпорын табыстылығының абсолютті көрсеткіштерінің маңыздысы болып табылады. Бұл көрсеткіш 2004 жылы теріс мәнде болса, 2005 жылы 56243502 теңгеге артып, 39671771,3 теңге болды. Яғни кәсіпорын жағдайы жақсарды.

Өткізілген өнімнің бір теңгесіне келетін шығын есепті жылы базисті жылмен салыстырғанда 23 тиынға кеміген, мұның өзі кәсіпорын қызметіне оң әсерін тигізеді.

Негізгі құралдардың орташа жылдық құны 2004 жылы 547824000 теңге болса, 2005 жылы 291867000 теңгені құрады. Бұдан  «ФудМастер» компаниясы 2005 жылы жаңа техникамен қаруланғанын көре аламыз. Осының есебінен қор қайтарымдылығы да 0,25-ке артты. Бұл құбылыс тағы амортизация сомасына да әсерін тигізді. Жаңа техника алғандықтан бұл көрсеткіш 14403000 теңгеге азайып тұр.

Кәсіпорын жұмысының жақсарғанын өнім рентабельділігі, сату және өндіріс рентабельділігінің өсуінен байқауға болады.Жұмыскерлердің еңбек ақы қорының 31 пайызға өсуіне олардың санының 25 пайызға өсуі себеп болған. Негізгі құралдардың орташа жылдық құны өскенімен қормен қарулану төмендеп кеткен оған да себеп жұмыскерлер санының өсуі. Ал амортизация сомасы есепті жылы 13,61 пайызға төмендеді.

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау:

Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі 6-аналитикалық кесте құрылады.

 

6-кесте. 2005 жылдың басы мен соңындағы «ФудМастер- Айс Крим» компаниясындағы баланс активтерінің құрамы мен құрылуы.

Көрсеткіштер

2005 жыл басында

2005 жыл соңында

Жыл бойындағы

Құрылы-мының өзгеруі (4гр.-2гр.)

 

 өзгеріс (+;-)

сомасы тг

үлес салмағы %

сомасы, тг

үлес салмағы, %

тг.

(3гр.-1гр.)

% (5гр/1гр* 100)

Активтер құны, барлығы

399092222

100

329240219

100

-69851993

-17,503

х

 

 

соның ішінде:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұзақ мерзімді активтер:

339054668

84,956

271663331

82,512

-67391337

-19,876

-2,444

 

 

Ағымдағы активтер:

60037544

15,044

57576888

17,488

-2460656

-4,099

2,444

 

 

Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 69851993 теңгеге немесе 17,5 пайызға азайғандығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының теріс нәтижесін көрсетеді. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге азырақ көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет.

6-кесте мәліметтері көрсеткендей қаражаттарды ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі жыл басында 69,91 пунктке аз болса (84,966-15,044), жыл аяғында ол ұзақ мерзімді активтер үлесінен 65,02 пунктке асып кетті (82,512-17,488) және 82,51 пайызды құрады. Ағымдағы активтердің өсуінен 15,78-ге (19,876-4,099) кем болып отыр.

Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтерқұнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (модильділік) коэффициентіні өсуі.Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады – яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскенін көрсетеді.

Талдау жүргізіп отырған кәсіпорында бұл коэффициенттің деңгейі жыл басында 0,15 (60037544/399092212), ал жыл соңында 0,18 (57576888/329240219) құрады.

Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш – мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.

Бұл қатынастың қауіпті және қолайлы көлемі, кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорындарды берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс.

Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш деңгейі жыл басында 0,18 (60037544/339054668), ал жыл аяғында 0,21 (57576888/271663331) құрайды. Бұл коэффициент деңгейі мобильді қаражаттардың өсу қарқыны иммобильді қаражаттардың өсу қарқынынан артуының нәтижесінде өсіп отыр. Есепті жылы біріншілер, яғни мобильді қаражаттар 0,96 есеге (57576888/60037544), ал екіншілері – 20%-ға (271663331/339054668*100) кеміген.

Әрі қарай, келесі 7-аналитикалық кестені құрастыра отырып, ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет.

7-кесте. Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы

Көрсеткіштер

2005 жыл басында

2005 жыл соңында

Өсуі (+),

 
 

сомасы, тг

үлес салмағы, %

сомасы, тг

үлес салмағы, %

кемуі (-),

%

 

1

Ағымдағы активтер,

60037544

100

57576888

100

-4,1

 

 

соның ішінде:

 

 

 

 

 

 

1.1. Тауарлы-материалдық қорлар

31708538

52,82

41833395

72,66

+31,93

 

 

1.2. Дебиторлық борыш

5799293

9,66

2250000

3,91

-61,2

 

 

1.3. Ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

22529713

37,5

13493493

23,4

-40,11

 

 

Келтірілген мәліметтер кәсіпорын активтерінің жалпы алғанда жағымды динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер – яғни ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бір жылда 9036220 (13493493-22529713) теңгеге немесе 40,11 пайызға азайған.

Ағымдағы активтердің ең мобильді бөлігінің, олардың құнына қатынасы арқылы анықталатын айналым қаражаттарының мобильдік коэффициенті (ағымдағы активтердің) 1,6 (37,5/23,4) есеге және 23,4 пайызды ғана құрайды. Бұл коэффициент, ағымдағы міндеттемелерді өтеуге бағытталатын қаражаттардың жалпы сомасындағы жалпы төлеуге дайын қаражаттардың үлесін көрсетеді.

Ең мобильді қаражаттар сомасының азаюы және айналым қаражаттарының мобильдік коэффициентінің жылдам төмендеуі кәсіпорынның төлеу қабілетінің нашарлағанын сипаттайды деп айтуға да болар еді. Алайда, нарық жағжайында айналым қаражаттарының төмен мобильділігі әрдайым теріс бағаланбайтындығын да ескерген жөн. Есеп айырысу шотында қаражаттар қалдығының аздаған сомасының бар болуы немесе олардың болмауы әлі де болса кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетпейді.

Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары есепті жылы 31,93 пайызға өсті және ол жыл аяғында 41833395 теңгені құрады. Олардың үлесі 19,84 пунктке өскен.

Есепті жылы дебиторлық борыш азайған.Егер оның көлемі жыл басында 5799293 теңгені құраса, жыл аяғында ол 2250000 теңгені құрайды немесе 61,2 пайызға азайған және де ағымдағы активтер құрамындағы оның үлесі 5,75 пунктке азайды (9,66-3,91).

Дебиторлық борыш неге мұнша азайғандығын және бұл бапты не үшін түсіндіру керектігін зерттеп, қарыздарды өтеудің болашағын бағалау және егер болған жағдайда олардың құрамындағы күмәнді қарыздарды анықтау қажет. Кейбір қолма-қол ақшалардың кемуі едәуір дебиторлық борыштың мысалдары болып табылады.

Өтімді емес, өтімділігі төмен тауарлы-материалдық құндылықтардың бар болуы, дебиторлық борыштың әсіресе, оның күмәнді бөлігінің үлкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айналымдылығының әсемдеуіне әкеліп соқтырады және кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді.

Кадр ағымына талдау

8-кесте. Кадр ағымы

Көрсеткіштер

2004 ж

2005 ж

ауытқуы

ауытқу,%

1

Жұмысшыларды қабылдау коэффициенті

1,28

0,84

-0,44

-34

2

Жұмыстан шығу коэффициенті

1,16

0,73

-0,43

-37

3

Кадр ағымының коэффициенті

1,16

0,73

-0,43

-37

 

8-кестеге түсініктеме беріп кетейік. Жұмысшыларды қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2005 жылы 34 пайызға төмендеді, себебі есепті жылы жұмысқа өткен жылға қарағанда 41 адамға аз қабылданған. Ал жұмыстан шығу бойынша коэффициент 37 пайызға төмендеген, себебі 2004 жылы жұмыстан 220 адам шықты, ал 2005 жылы 173 адам ғана жұмыстан шыққан. Жұмыстан шығу коэффициенті де, жұмысқа қабылдау коэффициенті де азайғанына қарап жұмыскерлер құүрамы аса өзгеріске ұшырамағанын байқауға болады. Сол себептен де кадр ағымының коэффициенті 37 пайызға төмендеген.

Негізгі капиталды жаңғырту үрдісі өндірістің тиімділігі және өмірлік қызметінің негізін көрсетеді. Оның қозғалысы шаруашылықта пайдаланылуының барлық сатыларында реттеледі және бақыланады. Негізгі қорлардың айналымының негізгі жаңғырту сипаттамасы болып олардың өсу, жаңару және істен шығу көрсеткіштері табылады. Өсу коэффициенті қарастырылып отырған кезеңдегі негізгі капиталдың артуын сипаттайды және негізгі капиталдың өсу құнының олардың бастапқы құнына қатынасымен анықталады. Өндірістік аппараттың жаңару дәрежесі жаңару коэффициентімен —  енгізілген негізгі құрал-жабдықтың құнының қарастырып отырған кезең соңындағы олардың жалпы құнына қатынасымен өлшенеді. Негізгі капиталдың жаңару және өсу көрсеткіштері – бір бірімен байланысты өлшемдер: өсу үлесі неғұрлым артық болса, жаңару деңгейі де соғұрлым жоғары, және керісінше. Бұл байланысқа елеулі үлес қосатын істен шыққан негізгі құрал-жабдықтың құнының оның кезең басындағы құнына қатынасымен анықталатын қорлардың істен шығу коэффициенті.

9-кесте.

Көрсеткіштер

2004 ж

2005 ж

ауытқуы

Пайызбен

1

Негізгі құрал-жабдықтың істен шығу коэффициенті

0,012

0,018

0,006

150

2

Негізгі құрал-жабдықтың жаңару коэффициенті

0,12

0,06

-0,06

50

3

Негізгі құрал-жабдықтың тозу коэффициенті

0,205

0,158

-0,047

77

4

Негізгі құрал-жабдықтың жарамдылық коэффициенті

0,66

0,47

-0,19

71

5

Негізгі құрал-жабдықтың өсу коэффициенті

0,12

0,04

-0,08

33

 

9-кестедегі есептеулерге талдау жасасақ, істен шығу коэффициенті 2005 жылы 50 пайызға артқандығын, яғни есепті жылы істен шыққан негізгі құрал көлемі өсті. Жаңару коэффициентіне келетін болсақ, ол керісінше 50 пайызға азайған, яғни 2005 жылы негізгі құралдардың аз көлеміғана жаңартылға. Өсу коэффициенті жаңару коэффициентіне тікелей байланысты болғандықтан, ол да кеміген. Бірақ ол 67 пайызға ғана төмендеген.

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:

 
   

 

 

 

 

Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес. 10-кестеге қарап біздің баланс толық өтімді деп айта аламыз.

 

10-кесте. «ФудМастер-Айс Крим» компаниясының мәліметтері негізінде баланс активінің өтімділік дәрежесі және оның пасивінің төлеу мерзімінің шұғылдығы бойынша баптарының тобы

Актив

Сомасы, тг

Пассив

Сомасы, тг

Төлеу артықтығы (+), жетіспеушілігі (-)

2004 ж.

2005 ж.

2004 ж.

2005 ж.

2004 ж.

2005ж.

1.Ең өтімді активтер

8256257

71070381

Неғұрлым тезірек

1)төленуге тиіс міндеттемелер

235710571

99708345

-153143314

-28637964

2.Тез өткізілетін активтер

5799293

2250000

2)қысқа мерзімді міндеттемелер

101685563

141796200

-95886270

-139546200

3.Баяу өткізілетін активтер

31708538

41833395

3)ұзақ мерзімді міндеттемелер

77453860

46819500

-45745322

-4986105

4.Қиын өткізілетін активтер

30342922

99958845

4)тұрақты міндеттемелер

-15757785

40916174

46100707

59042671

Жиыны:

399092212

329240219

Жиыны:

399092212

329240219

 

Төлем қаражаттарының бірінші тобы (А1) төлем міндеттемелерін айтарлықтай жауып тұрған жоқ.

Актив пен пассив баптарының І тобының жиындарын салыстыру жақында келіп түскен кірістер мен төлемдердің (3 айға дейінгі) қатынасын көрсетеді.

Актив пен пассив баптарының ІІ тобын салыстыру жақын уақытта күтілетін төлем тәртібінің (3 айдан 6 айға дейін) жағдайының жақсаруы немесе нашарлауы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда баланс активі мен пассиві баптарының І және ІІ топтарын салыстыру ағымдағы өтімділікті анықтауға мүмкіндік береді. Ол қарастырылып отырған мезгілде жақын уақыттағы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін (төлем қабілетсіздігін) көрсетеді. «ФудМастер-Айс Крим» компаниясының 2004 жылы да, 2005 жылы да баланс баптарының осы екі тобының  мәліметтері бойынша төлеу қабілеттілігі болмаған. Ең өтімді және тез өткізілетін активтердің сомасы жыл басында 88366550 тг. құрады,  ал тез қайтарылуға тиіс және қысқа мерзімді міндеттемелердің, яғни жалпы ағымдағы активтер 337396134 тг., бұл 249029584 теңгеге төлем қаражатынан көп. Жыл соңында төлем жетіспеушілігі 168184164 теңгені құрады. Баяу өткізілетін (жүретін) активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру перспективалы өтімділікті бейнелейді және болашақ кірістер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлем қабілеттілігін жобалауды көрсетеді, яғни кәсіпорынның бұдан да алыс алдағы уақытқа қаржылық жағдайының жақсаруы немесе нашарлауын алдын ала біліп отыруға мүмкіндік береді. «ФудМастер-Айс Крим» компаниясында жыл басында да, соңында да төлем қаражаттардың айтарлықтай артықшылығы болмаған. Егер жыл басында оның мөлшері 45745322 тг. болған болса, жыл аяғында 4986105 теңгені құрады.

 Баланс активі мен пассиві баптарының төртінші тобының жиындарын салыстыру кәсіпорынның оның иеленушілері (меншік иелері) алдындағы міндеттемелерін жаба алу мүмкіндігін көрсетеді. Бірақ бұл кәсіпорын жабылатын кезде ғана керек болады, ал үздіксіздік принципін сақтау немесе жұмыс жасап жатқан кәсіпорын үшін шаруашылық субъектінің өз меншікті айналым капиталының болуын талап етіледі. Ол үшін жоғарыда келтірілген теңсіздік сақталуы тиіс: А4 ≤ П4, яғни меншікті қаражаттардың көзі иммобильді активтерден көп болу керек. Талданып отырған кәсіпорында бұл теңсіздік сақталмаған.

Жыл басы мен аяғанда баланс активінің баптарының жиыны пассив баптарының жиынынан  сәйкес 46100707 тг. және 59042671 теңгеге көп болған, бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлағанын көрсетеді, себебі оның өзінің үздіксіз қызметін жүзеге асыру үшін меншікті айналым капиталы болмаған.

3.Кәсіпорынның қаржы-экономикалық қызметін талдау

Кәсіпорынның қаржы-экономикалық тұрақтылығы ақша қаражаттарын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді. Қаржы-экономикалық жағдайды талдау арқылы оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

 

11-кесте. «ФудМастер» ЖШС-нің қаржы-экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2004 ж

2005 ж

ауытқуы

1

Рентабельділік көсерткіштері

 

 

 

1.1

Өткізілген өнімнің рентабельділік коэффициенті

-0,05

0,08

0,13

1.2

Сату көлемінің табыстылығы коэффициенті

1,18

0,99

-0,19

1.3

Қордың рентабельділік коэффициенті

1,52

2,6

1,08

1.4

Негізгі қызметтің рентабельділік коэффициенті

0,98

1,58

0,6

1.5

Өндірістің рентабельділігі

-0,06

0,12

0,18

2

Қаржы тұрақтылық коэффициенттері

 

 

 

2.1

Тәуелсіздік  коэффициенті

-0,04

0,12

0,16

2.2

Қарызға алынған және меншікті қаражаттардың арақатынасының коэффициенті

-14,05

2,1

16,15

2.3

Тәуелділік коэффициенті

0,56

0,26

-0,3

2.4

Меншікті айналым қаражаттары мен салынған капитал арақатынасының коэффициенті

0,02

0,3

0,28

3

Іскерлік белсенділік көрсеткіштері

 

 

 

3.1

Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті

1,09

2,16

1,07

3.2

Негізгі құралдардың айналымдылығы

1,1

2,62

1,52

3.3

Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті

-27,72

17,36

45,08

3.4

Өткізілген өнімді өндіруге кеткен шығындардың қайтарымдылық коэффициенті

1,16

1,54

0,38

4

Өтімділік көрсеткіштері

 

 

 

4.1

Абсолютті өтімділік коэффициенті

0,37

0,83

0,46

4.2

Жедел өтімділік коэффициенті

0,26

0,3

0,04

4.3

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

0,36

0,48

0,12

4.4

Меншікті өтімділік коэффициенті

0,02

0,41

0,39

 

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы. Қаржылық  тұрақтылықтың мәні – қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады. Аталған кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын анықтау үшін қаржы тұрақтылық коэффициенттерін анықтадым.

Тәуелсіздік коэффициенті меншікті капиталдың кәсіпорын активтерін қалыптастыру көзінің жалпы көлеміндегі үлесін сипаттайды. Ол бойынша кәсіпорынның қаншалықты деңгейде қарыз қаражатқа тәуелді екендігін және меншікті қаражатын қалай пайдаланатынын білуге болады. 2004 жылы бұл көрсеткіш -0,04-ке тең болса,  2005 жылы 0,16-ға өсіп 0,12 құрады. Осыдан меншікті капиталдың кәсіпорын активтерін қалыптастыру көзінің жалпы көлеміндегі үлесі аз мөлшерде, дегенмен өсу тенденциясы бар. Тәуелділік коэффициенті 2004 жылы 0,56 болса, 2005 жылы 0,3-ке кеміп, 0,26 құрады. 2004 жылы кәсіпорын  қарыз қаражаттарының  жиынтық капиталдағы үлесі жоғары деңгейде болғандығын байқадым, ал  2005 жылы кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржыландырудың сыртқы көздеріне тәуелділігі 30 пайызға азайған. Қарызға алынған және меншікті қаражаттардың арақатынасының коэффициенті 16,15-ке көбейген, яғни кәсіпорын активтерін қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру өскен.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, активтер мен міндеттемелер арасындағы жалпы сомасы бойынша, келіп түсу уақыты бойынша әрдайым теңдікті өтімділік көрсетеді. Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Ал кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек. Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.

Абсолютті өтімділік коэффициенті баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді. «ФудМастер» ЖШС-нің ағымдағы қарыздарының 2004 жылы 37 пайызы, 2005 жылы 83 пайызы баланс жасалатын уақытта өтелген. Бұл мәлімет арқылы кәсіпорынның төлем қабілеттілігі жақсарған, ол жалпы кәсіпорын жағдайының жақсарғандығын көрсетеді. Жедел өтімділік көрсеткіші арқылы ағымдық міндеттемелердің 2004 жылы 26 пайызы, 2005 жылы 30 пайызы  тек ақша қаражаттары есебінен ғана емес, сонымен қатар жасалған жұмыс, көрсетілген қызмет есебінен өтелген. Бұл көрсеткіш айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған деп айтсақ болады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті – ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарын сату жағдайындағы төлем мүмкіндігін көрсетеді. Аталған көрсеткіш 0,36-дан 0,48-ге жоғарылаған. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қажетті меншікті капиталды сипаттайтын көрсеткіш айтарлықтай өскен, 39 пайызға. Жалпы зерттеліп отырған кезеңде компанияның төлем қабілеттілігі жоғарылаған.

Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

 Өткізілген өнімнің рентабельділік коэффициенті 0,19-ға өскен. Бұл көрсеткіштің өсуі жалпы активтердің табыстылық деңгейіне әсер етеді. Сондықтан жалпы активтердің табыстылық деңгейі жоғарылады деп есептеуге болады. Қордың рентабельділік коэффициенті неғұрлым жоғары болса, өнім рентабельділігі солғұрлым жоғары болады. Қарастырып отырған кезеңде 2004 жылғы 1,52-ден 2005 жылы 2,6-ға дейін жоғарылады. Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің өзгеруіне ықпал етуші факторларды атап өтсем: өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы таза табыстың көбеюі; қор сыйымдылығының көбеюі; материалдық айналым қаражаттарын бекіту коэффициентінің азаюы. Нарықтық жағдайдағы маңызды  көрсеткіштердің бірі негізгі қызметтен алынатын табыс. Бұл көрсеткіш тек қана кәсіпорынның шаруашылық  қызметінің тиімділігін ғана емес, сонымен қатар бағаның құрылу процестерінің тиімділігін көрсетеді. 2004 жылы көрсеткіш 0,98 болса, 2005 жылы 1,58-ге дейін өсті. Барлық табыстылық көрсеткіштерінің ішінде  сату көлемінің табыстылығы коэффициенті 0,19-ға кеміген. Оның кемуіне мына факторлардың өзгерісі әсер етеді: өнімнің өзіндік құнының өсуі және сату бағасының кемуі.Сонымен табыстылық коэффициенттері кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсетеді.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады. Іскерлік белсенділікті талдау кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттерінің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгендігін көрсетеді. Біздің кәсіпорын үшін көрсеткіш 2004 жылы 1,09 құраса 2005 жылы 2,16 болды. Көрсеткіш кәсіпорынның жалпы капиталын пайдалану тиімділігінің жоғарылағанын көрсетеді. Нәтижесінде кәсіпорынның барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып, өнімді сатудан түскен табыс түріндегі жалпы тиімділігі өсті. Негізгі құралдардың айналымдылығы қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі өндірістік қорларын пайдалану тиімділігін сипаттайды. Көрсеткіш 2004 жылы 1,1 болса, 2005 жылы 1,52-ге жоғарылап, 2,62-ні құрады. Оған негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылығы әсер етті. Келесі қарастыратын көрсеткіш- меншікті капиталдың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан – салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан – кәсіпорынның меншік иелері (акционерлер, мемлекет немесе басқадай меншік иелері) тәуекелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді. Егер коэффициент өте жоғары болса, салынған капиталдан сату деңгейінің едәуір артқандығын білдіреді, ал бұл несиелік қорлардың артуын, меншік иелеріне қарағанда істе кредиторлардың көбірек қатысуы мүмкін шекке жетуінен туындайды. Бұл жағдайда міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы артады, кредиторлардың қауіпсіздігі төмендейді және табыстың кемуіне байланысты кәсіпорын айтарлықтай қиыншылықтарға кездесуі мүмкін. Біздің кәсіпорында 2004 жылы көрсеткіш 0,02 болса, 2005 жылы 0,3 болды. Яғни көрсеткіштің айтарлықтай артқанын көріп отырмыз, өсім – 0,28. Егкр меншікті капитал 2004 жылы 0,02 рет айналса, 2005 жылы 0,3 рет айналған. Бұл кәсіпорынның меншік иелерінің қаражатын пайдалану тиімділігінің артқанын көрсетеді.  

Жалпы кәсіпорынның жағдайын зерттеліп отырған кезең, яғни 2004 жыл мен 2005 жылдардағы мәліметтерге сүйене отырып, жақсару үстінде деп айтуға болады. Және алдағы жылдары өте жақсы нәтижелерге жетіп, дамитынына көзіміз жетіп отыр.

  1. Кәсіпорынның 2010 жылға дейінгі дамуына болжам

Компанияның 2004 және 2005 жылдардағы берілген мәліметтері бойынша алдағы бес жылға өткізілген өнімнен түскен түсім, таза табыс, жалпы табыс сияқты көрсеткіштерге болжам жасадым. Болжам регрессиялық талдау әдісі бойынша жасалды. Яғни аталған екі жылдағы даму тенденциясы зерттеліп, тренд теңдеуі құрылды, сол теңдеу арқылы болжанатын уақыт мәліметтері анықталды. Ал жалпы табыс және өткізілген өнімнен түскен түсім арқылы сату рентабельділігінің болашақтағы мәндері анықталды.

12-кесте. «ФудМастер»ЖШС-нің 2010 ж. дейінгі дамуына болжам

Жыл

Өткізілген өнімнен түскен түсім

Таза табыс

Жалпы табыс

Сату рентабельділігі

 

тг.

тг.

тг

%

2004

515581259

-16571731

147326076

-3,21

2005

705977415

39671771

245694588

5,62

2006

896373571

95915273

344063100

38,38

2007

1086769727

152158775

442431612

40,71

2008

1277165883

208402277

540800124

42,34

2009

1467562039

264645779

639168636

43,55

2010

1657958195

320889281

737537148

44,48

 

Кестедегі мәліметтер  арқылы «ФудМастер» ЖШС-нің дамуын төмендегі графиктен көре аламыз.

Қорытынды

Әлемдегі барынша өрбіп, қанатын жайған жаһандану үрдісінен ашық әрі демократиялық қоғам құрып жатқан Қазақ­стан шеткері қалмау керек. Дүние жүзі мемлекетттерінің ішінде алатын орны­мыз осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Экономиканың даму қарқынын үдетіп, оны ұзақ уақыт ұстап тұру мүмкіндігі де осы бә­секеге қабілеттілікке байланысты. Ол үшін өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсiн дамыту керек. Диплом алды тәжірибемді өткізген және есеп беруімде зерттеген «ФудМастер» ЖШС Қазақстанның осы мақсатына үлес қосушы болып табылады. Оның алдында өндірісті жақсарту және тұтынушыларға аса пайдалы, сенімге тұрарлықсапалы өнім сату міндеттері тұр. Олар әрқашан ізденуде. Олар адал іскерлік пен дұрыс бәсекені қолдайды. Олар еркін нарық экономикасының принциптерін ұстанады.

Сәйкес тексеру аудиті өткізілген кейін берілетін ISO 9001 –2000 сертификаты «ФудМастер» Компаниясының өндірген өнімі де, өндіріс жүйесі мен менеджменті халықаралық стандарттарға сай екендігін дәлелдейді. Жоғарғы сапаға тұтынушылар тарапынан сұраныс көбейді, ал сұраныс өз кезегінде көлемнің өсуі және компанияның тез дамуының шарты болды.

Біз ЖШС-тің «ФудМастер-Айс Крим» атымен Алматы қаласында орналасқан зауытында тәжірибе өткіздік. Бұл компанияның өнімдері келесідей ассортиментте: «Фруктовый лед», «Вафельный стаканчик», «Пластик», «Батончик», «Макси», «Африка».

ТОО «ФудМастер-Айс Крим» өнімдерін Қазақстан Республикасының мына аймақтарында сатады: Астана, Қарағанды, Өскемен, Қостанай, Шымкент, Талдықорған, Алматы және т.б.

Кәсіпорынның 2004, 2005 жылдардағы мәліметтері бойынша дамуын  зерттедім. Талдаудан жалпы кәсіпорынның жағдайын жақсару үстінде деп айтуға болады. Оған дәләл ретінде кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, қаржы тұрақтылығын, табыстылығын және қызмет белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштер бола алады. Бұл көрсеткіштер 2005 жылы 2004 жылға қарағанда айтарлықтай жоғарылаған.   Және алдағы жылдары өте жақсы нәтижелерге жетіп, дамитынын регрессиялық талдау әдісі бойынша жасалған болжам мен графиктен көре аламыз.