АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Отчёт по практике: Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы «Адал АӨК» АҚ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………….3-4

1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы……………………………………………………4-7

2 Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы…………………………….. 8-9

3 Шығарылатын өнімнің ассортименті мен сапасы…………………………… 9-11

4 Кәсіпорынның технико – экономикалық көрсеткіштері……………….. 12-15

5 Кәсіпорынның маркетингтік қызметін ұйымдастыру…………………… 16-18

Қорытынды………………………………………………………………………………………… 19-20

Пайдаланған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………… 21

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

       Қазакстан Республикасындағы нарықтық қатынастарды қалыптастырудың қазіргі жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорын қызметінің тиімділігін тұрақтандыру және көтеру экономиканың басты міндеті болып отыр. Осыған байланысты кәсіпорын қызметінің көлемдік сипаты, өндіріс шығынын және тиімділігін анықтау әдісі экономиканы басқарудың түрлі дәрежесіндегі менеджер мен экономист жұмысының негізгі мағынасы болуы тиіс.

       Қазақстан Республикасы әлемдік тәжірибені ескеретін, қазіргі заманға сай құқық нормаларымен реттелген, нақты түбегейлі реформалау негізінде елдің тұрақты өркендеген өмір жолына түсуге мүмкіндік беретін әлеуметтік – экономикалық, конституциялық, мемлекеттік, құқықтық дамудың жаңа кезеңіне өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық – инновациялық даму стратегиясында айтылған. Аталған стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейінгі мемлекеттік экономикалық саясатты қалыптастырып, экономиканың шикізаттық бағыттан өңдеу салаларына бет бұруға мүмкіндік беретін экономика салаларын диверсификациялау арқылы тұрақты дамытуға мүмкіндік береді.

              Сондықтан біз теория жүзінде алған білімдерімізді өндірістік тәжірибені өту арқылы бекітуіміз керек. Себебі  университет қабырғасында алған теориялық білімдерімізді кәсіпорынның дамуына қатыса отырып                          нақтылап, тереңдетіп, толықтыра аламыз. Тек өндірістік тәжірибе нәтижесінде ғана кәсіпорын қызметіне тікелей араласып, іс-жүзінде кәсіпорынның жұмыс істеу механизмімен, өндіріс процесімен, басқару құрылымымен танысуға болады.

       Өндірістік тәжірибенің мақсаты болып есеп пен қаржылық есеп беру бойынша теориялық білімдерді ары қарай тереңдету мен күшейту және есеп берудің ұйымдастырылуы мен техникасы аясындағы тәжірибелік қабілеттерді меңгеру, экономикалық талдауды өткізу табылады.  

 

 

  Тәжірибе үрдісін өту кезінде:

  • кәсіпорынның шаруашылық қызметін зерттеу, оның ұйымдастырушылық құрылымымен, мамандануы мен саланың ерекшелігімен, басқару мен өндірістік бөлімшелердің негізгі қызметтерімен танысу;
  • бухгалтерияның құрылымын, бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды, есепке алу саясатын, есептің автоматизациясын, қаржылық есеп берудің құрамы мен мазмұнын, оның қарастырылуы мен бекітуін, кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметін экономикалық талдау әдістерін зерттеу;
  • өндірістік тәжірибеден өту кезінде ТМҚ — дың, еңбек пен еңбекақының, негізгі қорлардың есебі, өнімді өндіру мен шығару, өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы және оны өткізудің есебі сияқты барлық бөлімдерінде тікелей қатысуы және жұмыс жасауы;
  • шаруашылық операциялар бойынша бастапқы құжаттарды толтыру мен жасап шығаруда, бухгалтерлік есептің регистарларын толтыруда, талдау көрсеткіштерінің есеп берулерін, инвентаризация мен тексерулерді өткізуде және олардың нәтижелері бойынша актілер мен есептеу ведомосттарын құрастыруда қатысуы;
  • экономикалық және қаржылық талдау бөлімдерінің жұмыстарында қатысуы, қаржылық талдау мен кәсіпорын қызметін жоспарлау әдістерімен танысуы қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 КӘСІПОРЫННЫҢ жалпы сипаттамасы

        Зерттелуші кәсіпорын «Адал АӨК» АҚ – Алматы қаласындағы сүт өнімдерін өндірушілердің ішінде ең танымалысы болып табылады. Себебі оның өндіретін өнімдері басқа кәсіпорындарға қарағанда өзінің сапасымен ерекшеленеді.

        «Адал АӨК» Акционерлік қоғамы – Алматы облысы, Еңбекші қазақ ауданы, Космос ауылында орналасқан.  Бұл кәсіпорын 2000 жылы 5 – ші қаңтарда Алматы облысының Әділет басқармасымен қайта тіркелген және бұрынғы «Асыл» шаруа қожалығының базасында құрылған.

Құқықтық – ұйымдастырушылық нысаны: Акционерлік қоғам.

Меншік нысаны: жеке меншік.

Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады және шектелмеген мерзімге құрылған.

Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың (дара құрылтайшылардың ) номиналды құны бойынша акцияларды төлеуі арқылы және заңнаманың талаптарына сәйкес белгіленген орнықтыру бағасы бойынша инвесторларға акцияларды сату арқылы құрылады.

Басылымға жарияланған акциялардың саны 30 000, соның ішінде құжатсыз және атаулы, артықшылықты акциялары жоқ.

Мемлекеттік қайта тіркеу кезінде акционерлермен ( құрылтайшылармен ) төленген жарғылық капитал 300 000 000 ( үш жүз миллион ) теңге болды, оған 30 000 атаулы құжатсыз нысандағы номиналды құны 10 000 теңге болатын акциялар енеді.

Қоғамның жарғылық капиталындағы жер учаскелері бөлінбейді.

Негізгі бағыттары: сүт өнімдерін өндіру мен өңдеу, дәнді дақылдарды, жүгеріні өсіру, мал азығын даярлау.

«Адал АӨК» Акционерлік қоғамының шаруашылық құрылымы – цехтық құрылым. Оның құрамында:

— өсімдік шаруашылығы цехы;

— мал шаруашылығы цехы;

— механизация цехы;

— өңдеуші кешен бар.

       Сонымен қатар 2 МТФ, 1 ТФ, 1 МТМ гараж, МТК (механизацияланған тракторлы кешен).

       «Адал АӨК» Акционерлік қоғамының жалпы жер көлемі 01.01.2004 жылғы мәліметтер бойынша, кәсіпорынның жалпы жер көлемі – 5190,2 га.

      Оның ішінде:

  1. Ауылшаруашылық жерлер – 4053 га.

Жыртылған жер – 3129 га.

ішінде: а) суармалысы – 2755га.

             б)  жайылым – 924 га.

             в) басқа да жерлер – 1137, 2 га.

       01.01.2004 жылғы мәлімет бойынша мал басының саны.

      Жалпы ірі қара малдар – 2744 бас

       ішінде сүттісі – 1145 бас

       жалпы жылқы – 61 бас

       ішінде биелері – 17 бас

       жалпы шошқа – 424 бас

       ішінде – 30 бас

       01.01.2004 жылғы мәліметтер бойынша техниканың қамтылуы.

  1. «Енисей» комбайындары – 4 дана.
  2. К – 700 А — 4 – дана.
  3. К – 701 — 2 дана.
  4. Т – 150 – 3 дана.
  5. Дөңгелекті тракторлар (МТЗ, ЮМЗ, Т – 16 дана) – 38 дана.
  6. Экскаватор – 1 дана.
  7. Силостық жүгері жинаушы (орушы) машиналар – 5 дана.

            оның КСКУ – 6 – 2 дана

            Ягуар – 3 дана

  1. Гусиницалы (шынжырлы) тракторлар ДТ – 75 А – 6 дана.
  2. Авто көлік

               арнайы көлік  — 35 дана.

               жүк көлігі – 10 дана.

               жеңіл көлік – 10 дана.

        Сүт зауыты «Рассо» және «Yeloupac» фирмаларының алдыңғы технологиялы техникасымен жабдықталған.

        МТФ – тің екеуі де автоматтандырылған сауыт жүйесімен жабдықталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы

 

       Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымдары келесі суреттерде келтірілген.

Басқару құрылымы

Акционерлер жиналысы

 

Директорлар кеңесінің төрағасы

Директорлар кеңесі

Бас диреатор

 

 

 

 

А/ш бойынша дирекетор

 

 

 

               
               
 

 

 

жемблок

меңгерушісі

 

мех.цехының

басшысы

м/ш цехының

басшысы

ө/ш цехының басшысы

 

 

 

 

Жал

гер

лер

 

 

 

 

Агро

ном

гидро

техник

 

Есеп

теуші

 

МТК

 

МТМ

 

МТФМ

ТФ

Кон

двор

 

Зоо

техник

 

Жем

блок

 

 

 

Коммерциялық директор

 

 

 

1 сурет – Коммерциялық бөлімді басқару құрылымы

 

 

2 сурет — Өңдеу кешенін басқару құрылымы

 

       Қоғамның коммерциялық директоры қоғамның ағымдағы қызметіне басшылық жасайды, ағымдағы қызметінің барлық мәселелерін шешеді, ол атқарушы орган болып табылады.

       Директорлар кеңесінің мүшелері, яғни коммерциялық директор, өңдеу кешенінің директоры, құрылымдық бөлімшелерінің басшылары өздеріне артылған міндеттерді адал орындайды, Қоғамның мүддесін танытады деп санайтын әдістерді қолданады.

 

 

 

3 Шығарылатын өнімнің ассортименті мен сапасы.

       Зауыт өнімі тұтынушылардың көп бөлігіне қол жетерліктей, себебі елдің басқа аймақтарынан әкелінетін немесе басқа кәсіпорындар шығаратын өнімнің бағаларына қарағанда біршама төмен. Зауыт ұжымы үнемі өнімнің жаңа түрлеріне көп көңіл бөледі. Бүгінгі күні «Адал АӨК» АҚ өнімнің кең ассортиментін шығарады.Олар 1 кестеде келтірілген.

 

1 кесте – «Адал АӨК» АҚ шығаратын  өнім ассортименті.

Реттік

Өнім атауы

1

Сүт

2

Айран

3

Йогурт

4

Ряженка

5

Қаймақ

6

Май

7

Сүзбе

 

 

2 кестеде келтірілген 2005 жылғы мәліметтерді талдайық.

 

2 кесте — Өнім ассортименті бойынша жоспардың орындалуы

Атауы

Жоспарлы есептілік, л

Нақты есептілік, л

Жоспардың орындалуы, %

Сүт 2,5 %

10 000

9 000

90

Cүт 3,5 %

8 200

8 600

104,9

Айран

7 600

7 600

100,0

Йогурт

5 000

6 500

130,0

Ряженка

19 200

18 200

94,8

Қаймақ

18 371

18 400

100,2

Май

16 800

10 600

63,1

Сүзбе

12 100

15 500

128,1

Творожок

15 900

17 670

111,1

Бифилайф

5 000

6 200

124,0

Барлығы:

118 171

118 270

100,08

 

Сөйтіп, жоспарды орындау коэффициенті 100,08 құрады.

       Өнім кәсіпорында жасалған техникалық шарттарға сәйкес өндіріледі. Барлық өнім сертификатталған және сәйкес сертификатқа ие.

Өндіріс кезінде тек ҚР Денсаулық сақтау Министрлігімен қолдануға рұқсат етілген табиғи өнімдер және қосымшалар пайдаланылады. Сыртқы орамасы безендіруге қойылатын барлық талаптарға сәйкес жасалады. Ішкі бақылауды жүргізу үшін өндірістік корпуста орналасқан, өзіне өндірістік лабораторияны біріктіретін сапаны бақылау бөлімі бар. Лаборатория штатындағы лаборатория меңгерушісі және сапа бойынша инженер шығарылатын өнімнің сапасын бақылап, өз уақытысында және қажетті деңгейде талдау жасайды.

       Өндірістік бақылаудың барлық мәліметтері бақылау және есеп берудің арнайы журналына енгізіледі.

       Сонымен қатар лабораторияда және әрбір цехта лаборатория меңгерушісі жүргізетін өлшеулердің ішкі және сыртқы бақылауының журналы бар. Бақылау график бойынша жүргізіледі.

       Сүт өнімдері физико – химиялық және органолептикалық көрсеткіштер бойынша барлық талаптарға сәйкес болу керек. Физико – химиялық көрсеткіштер:

  • Майлылық;
  • Ақуыз –липидті құрамы;
  • Консистенция;

Органолептикалық көрсеткіштер:

  • Түсі;
  • Дәмі;
  • Иісі.

Сүтті қышқыл өнімдер 9-баллдық жүйе бойынша дегустациялық комиссиямен кварталда 1 рет, ал зауыт комиссиясымен, яғни бас технологтың басшылығымен аптасына 1 рет бағаланады.

       8-9 балл — өнім барлық талаптарға сәйкес келеді.

       «Адал АӨК» АҚ өнімдері үнемі 8,8 баллдан кем алмайды. Шығарылатын өнімнің сапасы тұтынушылар тарапынан ешқандай келіспеушіліктердің жоқтығын және орталық дегустациялық комиссия мамандарының жоғары бағасын білдіреді.

       Зауыт әкімшілігі мыныдай бақылау органдарымен келісім-шарт жасасты: стандартизация және метрологияның Алматы Мемлекеттік Орталығы, Санэпидбақылаудың Аудандық және Қалалық Басқаруы, канализация және су құбырларын Басқару.

       Кәсіпорында еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік қызметі ұйымдастырылған. Еңбекті қорғау қызметі жұмыскерлер өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Егер жұмыс орындарында адам өміріне қауіп келтіретін зиянды заттар болған жағдайда оларға міндетті түрде респираторлар мен құлақшындар берілуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 Кәсіпорынның технико – экономикалық көрсеткіштері

 

«Адал АӨК» АҚ – ның технико – экономикалық көрсеткіштері келесі кестеде келтірілген.

 

3 кесте — «Адал АӨК» АҚ – ның технико – экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Жылдар

Ауытқулар

2004

2005

+ / —

%

1

Өнімді өткізуден түскен түсім

мың теңге

250633,0

362648,0

112015,0

44,7

2

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

мың теңге

184222,0

288364,0

104142,0

56,5

3

Жиынтық табыс

мың теңге

66411,0

74284,0

7873,0

11,9

4

Кезең шығындары

мың теңге

47033,0

51316,0

4283,0

9,1

5

Негізгі қызметтен түскен түсім

мың теңге

19378,0

22968,0

3590,0

18,5

6

Қосымша қызметтен түскен түсім

мың теңге

6012,0

9602,0

3590,0

59,7

7

Салық салғанған дейінгі табыс

мың теңге

25390,0

32570,0

7180,0

28,3

8

Таза табыс

мың теңге

17773,0

22799,0

5026,0

28,3

9

1 теңге өткізілген өнімге кеткен шығын

теңге

0,92

0,94

0,02

2,17

10

Өнім рентабельділігі

%

 7,7

6,7

-1,0

11

Өткізу рентабельділігі

%

7,1

6,3

-0,8

12

Өндіріс рентабельділігі

%

4,4

5,3

0,9

13

Жұмысшылардың саны

адам

514

552

38

7,4

14

Жұмысшылардың еңбек өнімділігі

мың теңге

487,6

657,0

169,4

34,7

15

Жалпы жалақы қоры

мың теңге

60586,0

90756,0

30170,0

49,8

16

1 жұмысшының орташа айлық жалақысы

теңге

9822,6

13701,1

3878,5

39,5

17

Негізгі қордың орташа жылдық құны

мың теңге

231687,0

235948,0

4261,0

1,8

18

Айнымалы құралдардың орташа жылдық құны

мың теңге

173185,0

195000,0

21815,0

12,6

19

Қор сыйымдылығы

теңге

0,92

0,65

-0,27

-29,3

20

Қор қайтарымдылығы

теңге

1,08

1,54

0,46

42,6

21

Қормен қарулану

мың теңге

450,75

427,44

-23,31

-5,17

 

        Жалпы жоғарыдағы  3 – кестеде келтірілген технико – экономикалық көрсеткіштерді қарастыратын болсақ, өнімді өткізуден түскен түсім 2004 жылы 260633 мың теңге болса, 2005 жылы ол 362648 мың теңгені құраған, яғни 44,7% — ға немесе 112015 мың теңгеге көбейген.

         Ендігі көрсеткіш өткізілген өнімнің өзіндік құны 2004 жылы 184222 мың теңге болса, 2005 жылы 288364 мың теңге болған, яғни 56,5% — ға немесе 104142 мың теңгеге көбейген.

         Жиынтық табыс 2004 жылы 66411 мың теңге болса, 2005 жылы ол 74284 мың теңгені құраған, яғни 7873 мың теңгеге немесе 11,9% — ға көбейген.

         Кезең шығындары 2004 жылы 47033 мың теңге болса, 2005 жылы 51316 мың теңгені құраған, яғни 9,1% — ға немесе 4283 мың теңгеге өскен.

        Негізгі қызметтен түскен түсім 2004 жылғы 19378 мың теңгеден 2005 жылы 22968 мың теңгеге өскен, оның өсімі 18,5% — ды құрады.

        Ал қосымша қызметтен түскен түсім 2004 жылы 6012 мың теңгені құраса, 2005 жылы 9602 мың теңгені құрады, яғни 3590 мың теңгеге немесе 59,7% — ға өсті.

        Салық салғаннан кейінгі табыс 2004 жылы 25390 мың теңге болса, 2005 жылы ол 32570 мың теңгені құрады, яғни 7180 мың теңгеге немесе 28,3% — ға өсті.

        Таза табысқа келетін болсақ, ол 2004 жылы 17773 мың теңге болса, 2005 жылы 22799 мың теңге болды, яғни ол есепті жылы 5026 мың теңгеге немесе 28,3% — ға өсті.

       1 теңге өткізілген өнімге кеткен шығын 2004 жылы 0,92 болса, 2005 жылы ол 0,94 болды, яғни 0,02% — ға көбейді.

       Өнім рентабельділігі 2004 жылы 7,7% болса, 2005 жылы 6,7% болды, яғни есепті жылы ол 1% — ға азайды.

       Өткізу рентабельділігі 2004 жылы 7,1% болса, 2005 жылы ол 6,3% — ды құрады, яғни 0,8% — ға төмендеді.

        Ал өндіріс рентабельділігі 2004 жылы 4,4% болса, 2005 жылы ол 5,3% — ды құрады, яғни есепті жылы ол 0,9% — ға көбейген.

       Жұмысшылардың саны 2004 жылы ол 514 адам болса, 2005 жылы олардың саны 552 адамды құрады, яғни есепті жылы олардың саны 38 адамға көбейді.

       Жұмысшылардың еңбек өнімділігіне келетін болсақ, ол есепті жылы 34,7% — ға көбейді.

       Жалпы жалақы қорына келетін болсақ, 2004 жылы 60586 мың теңгені құрады, ал 2005 жылы ол 90756 мың теңге болды, яғни ол есепті жылы 49,8 % — ға көбейді.

        1 жұмысшының орташа айлық жалақысына келетін болсақ, ол есепті жылы 39,5% —  ға көбейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 Кәсіпорындағы маркетингтік қызметті ұйымдастыру

       Компанияның тиімді маркетингтік стратегиясын жасап шығарудың басты мақсаты нарықта тауарды жылжыту бойынша бірқатар шараларды жасап шығару жолымен өндіріс көлемінің өсімін қамтамасыз ету.

       Компанияның маркетингтік стратегиясы сусындар нарығындағы оның құрылтайшыларының жеткілікті үлкен тәжірибесін ескере отырып жасалады. Тиімді жұмыс істеу үшін өткізу бөлімі құрылған, оның негізгі міндеті болып потенциалды тұтынушылық сұранысты зерттеу, нарыққа тауарларды жылжыту механизмідерін жасап шығару және дайын өнімді өткізуді тікелей жүзеге асыру табылады.

       «Адал АӨК» АҚ – ның негізгі мақсаты – табыс табу. Бұл мақсатқа жету үшін фирманың өткізу саясаты клиенттермен өзара әрекеттесу көзқарасынан келесідей қатынастардың үш негізгі типін ескере отырып құрастырылуы мүмкін:

— клиент қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру (кейде тіпті өзінің тікелей қызығушылықтарына зиян келтірілсе де – жақсы қарым – қатынастарды сақтап қалу үшін, имиджді қолдау үшін);

— тең құқықты өзара тиімді шарттардағы серіктестік қатынастар – паритет;

— белгілі бір сипаттары бойынша клиенттерді селективті таңдау мен категориялау; клиенттердің қандай да бір тобымен өзара қатынастардың фирма үшін қолайлы деңгейіне байланысты дифференцирленген қатынастарды орнату.

       Маркетингтік зерттеулерді өткізу бөлімі жүзеге асырады. Қызметтің негізгі бағыты болып сүт өнімдері нарығының маркетингтік зерттеулерін ұйымдастыру табылады.

        Фирма өнімін өткізудің қаржылық сметасы құжатты сипататйды, онда сату көлемдері, саудалық шығындар мен өткізуден түскен пайда тіркеледі. Индивидуалды сметалар негізінде әрбір тауар немесе тауарлар тобы үшін өнім өткізудің жиынтық сметасы құрастырылады.

       «Адал АӨК» АҚ бәсекелестері болып ұқсас өнім шығаратын кәсіпорындар табылады: «ФудМастер» АҚ, «Агропродукт» АҚ, «Вимбильдан» және тағы басқалар. «Адал АӨК» АҚ олардан сапа, технология және баға бойынша кем емес.

         Аталған кәсіпорындар «Адал АӨК» АҚ болашақ бәсекелестері болып табылады, сондықтан компанияға үнемі өнімнің сапасы мен ассортиментін жетілдіріп қана қоймай, көп жағдайда маркетингтік бөлімге де байланысты. Компания өз тауарын орналастырып, танымал брэнд құрып, белгілі бір нишаны иелену керек. Мысалы, балаларға арналған өнім шығаруға болады, себебі тұтынушылардың бұл тобына арналған өнім шығару табыс әкеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

       Қазақстан Республикасының Президентінің 2006 жылға арналған Жолдауының негізгі түпнегізі – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы. Бәсекелестік – экономиканың тиімді дамуының негізгі механизмі. Нарықтық экономиканың негізгі буыны немесе оның болуының алғышарты – нарықтағы кәсіпорындар болып табылады. Сондықтан бүгінгі таңда кәсіпорындардың қызметін тиімді ұйымдастыру мен оңтайлы басқарудың мән мағынасы өсуде. Сол кәсіпорындар неғұрлым дамыған, сапалы қызмет етсе ол экономикаға оң әсер етеді. Демек, қазіргі уақытта кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамыту қажеттілігі алдыңғы орынға шығып отыр.

       Сондықтан тәжірибе мен теорияны үнемі ұштастырып отыру қажет, тәжірибені міндетті түрде өндірістік кәсіпорында өтіп, негізгі өндіріс процесімен танысу керек.

       Кәсіпорын өзінің бәсекеқабілеттілігін арттыу мәселесін шешетін және сол ұйымның әбі наықтық орта элементтерімен байланысын қамтамасыз ететін бәсекеқабілетті басқару жүйесін қалыптастыру қажет. Соған байланысты шаруашылықтың жаңа жағдайларында нарықтық қатынастаға бейімделген басқау жүйесін құу поцесін жеделдеткен жөн. Сонымен қатар бәсекеқабілетті басқау жүйесінің ақпааттық қамтамасыз етілуін және стратегиялық бағыт-бағдарын күшейте түсу керек.

       Сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындар ашық жүйе етінде жабдықтаушылармен, көлік шаруашылықтарымен, тауалы қызмет көрсету және т.б. субъектілермен өзара қарым-қатынас жасайды. Сондықтан шикізат пен материалдарды сатып алу, сақтау, тасымалдау бойынша қызметтер талап етіледі. Бұл қызметтер жүйелі, мақсатты сипатта болу керек және нәтижесі минимум шығындар мен максимум табыс кезінде тұтынушыларды қанағаттандыру керек.

       «Адал АӨК» АҚ басқару қызметінің тиімділігін анықтауда ұйымның технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізудің маңызы зор. Ол кәсіпорынның екі жылдық балансы мен қаржы-шаруашылық қызметінің жылдық есебінің мәліметтеріне негізделген.

       Егер кәсіпорынның жиынтық табыс, негізгі қызметтен түскен табыс, таза табыс, қосымша қызметтен түскен табыс сияқты көрсеткіштеріне талдау жасайтын болсақ, онда олардың ұлғайғанын байқаймыз. Бірақ соған сәйкес кезең шығындары, өнімнің 1 теңгесіне шаққан шығындар да өсіп отыр. Бұл көрсеткіштерді есептеудің нәтижесіне келетін болсақ, кәсіпорынның жағдайы бірқалыпты екенін, сонымен қатар өткен жылмен салыстырғанда біршама өскенін көреміз.

       Тиімділік көрсеткіштеріне келетін болсақ, өндіріс рентабельділігінің өсуіне қарамастан, өткізу мен өнім рентабельділігі төмендегенін көреміз. Сондықтан сүт өнімдері нарығында тұрақты бәсеклік жайғасымды иелену үшін өндіру технологиясын жетілдіру керек, персонал біліктілігінің деңгейін көтеру қажет, нарықтың қызмет етуі туралы озық, сенімді талдау базасын құру маңызды. Осының негізінде негізгі және өндірістік бағдарлама мен өнім шығару жоспарын әзірлеу сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорынның өндірістік өткізу қызметінің тиімділігін арттыру бойынша шаралар анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1 Савицкая «Анализ хозяйственной деятельности»

2 Д.Я. Қуатова «кәсіпорын экономикасы» Алматы Экономика 2006

3 Дүйсенбаев «Аудит және анализ»

4 Мейірбеков «Кәсіпорын экономикасы»

5 Кәсіпорын Жарғысы

6 Кәсіпорын балансы мен тарихы