Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………………………….5
- АҚ «ӨҚ Южполиметалл» зауыты………………………………..7
1.1 Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі……………………………………………………………………..8
2 Өндірістің құрылымы …………………………………………………10
2.1 Зауыттағы өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесіне шолу……………………..………………………………..10
Қорытынды………….…………….………….…………………….14
Әдебиеттер тізімі………….……….………………………………….15
Кіріспе
Қай кез болмасын адамзат баласына әр уақытта да есептеу қажет болған Ең алғаш есептеуді бабаларымыз қолдың саусақтарын немесе сүйектерді, тастарды қолдану арқылы жүргізген. Осыдан төрт мыңдай жылдар бұрын, адамзат цивилизациясының алған даму жолдарында күрделірек есептеу жүйелері пайда бола бастаған. Ал енді біздің дәуірімізде барлық мүмкін есептеулер және басқа да іс қимылдар ‘компьютер’ деп аталып жүрген ‘электронды ми’ жүйесімен жүзеге асырылып жүр. Компьютер деп отырғанымыз, бұл біздің табиғатты танып-білудегі бізге көп жәрдемі тиетін қолымыздағы өте мықты құралдардың бірі. Айта кету керек, біздің іс әрекетімізге, күнделікті өмірімізге жылдам және кеңінен өзгерістер әкелген дәл осы компьютердей құрал жоқ шығар. Осы құралдың арқасында дәл есептеу арқылы Ай бетіне қону мүмкіндігін және Күн жүйесінің планеталарын зерттеуге мімкіндік алдық. Біздің өмірімізге тереңірек бойлап енгені соншалық, кәзіргі кезде компьютерді қолданбайтын адам жоқ.
Электронды есептегіш машиналар (ЭЕМ) немесе көбіне аталып жүрген аты-компьютер-адамзаттың ұлы жетістіктрінің бірі болып табылады. ЭЕМ- есептеуді жеңілдетуші және есептеудің әр түрін жүргізуші құрал. Сондықтан болар , кез-келген басқа да құрал-сайман сияқты оның ‘тілін’ білу қажет. Адам мен ЭЕМ арасындағы байланысты белгілі бір алдын-ала келісіммен алынған шарттар жүйесін беретін нақты бір тіл атқарады Соңғы кездері компьютерлердің небір түрлерінің шығуымен қатар көптеген бағдарламалау тілдері пайда болды. Сондықтан компьютерді бағындырамын деушіге өзінің мүмкіндігіне қарай белгілі бір тіл жүйесін таңдауы қажет. Сонымен, соңғы кезде кеңінен дүние жүзінде тереңірек дамыған бір қатар тілдер бар, олар: Фортран, Бейсик, Паскаль, Си, Ассемблер және тағы басқа. Айта кету керек бір тілді жетік меңгерген адамға басқа тілді түсініп меңгеру қиынға соқпайды.
70-80 жылдары Норвегияның қарулы күштерінде қолданылған Sumila тілі класс түсінігінде құрылған өте алғашқы тіл болып табылды.
Адамның қызметінің әр түрлі салаларында программаларды қолдану – барлық программалық қамтамасыз етудің сенімділігін арттыру қажеттілігіне алып келді.
Программалау технологиясы – бұл программалауды дайындаудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы және осы әдістер мен тәсілдерді қолданудың тәртібі.
1 АҚ «ӨҚ Южполиметалл» зауыты
Президент
Асамбаев Тұрсұнбек Қанатбекұлы
Экономикалық ғылымдар кандидаты.
1977 жылдан бастап компанияда жұмыс істейді, 1996 жылдан бері компания басшысы болып табылады.
Қорғасын, қорғасыннан шығарылатын заттар:
Дүние Жүзі бойынша қорғасын қорынан екінші орында, 14,9 тонна қорғасын шығарады деп тіркелген. Зауыттың өндірістік күші 160 мың рафинатталған қорғасынға тең. Бірегей технология С1 (99,985 Pb) маркалы қорғасынды және С00 (99,9985 Pb), С000 (99,9996 Pb), С0000 (99,9999 Pb) ГОСТ 3778-77 тазалығы жоғары маркалы қорғазынды шығаруға мүмкіндігі бар.
Бірегей технологияның арқасында жоғары маркалы қорғазынды шығара алады. Ерекшелігі жоғары технологиялар және терең өңдеу болып табылады, IV-V метеллургиядағы қайта құрулар — аккумуляторлы батареялардың шығарылуы, қорғазындық сурик және глеттің шығарылуы, Доре ерітіндісі, проволока және трубалар.
Висмут өндірісі ТМД елдерінің арасында металлдық висмутты Ви 00, Ви 1, Ви 2 ГОСТ 10928-90, одан басқа висмут тұздары және тұндырмаларын , эжылына 500 тонн висмутқа дейін шығаратын жалғыз зауыт болып табылады. Зауытта жоғары сапалы өңдеу технологиясы жұмыс істейді. Бұл технологияның кереметтігі Ви-1 және Ви-2-ден бастап жоғары сапалы маркалы Ви-00, Ви-000, Ви-0000 ГОСТ 10928-90 висмутқа дейін және висмут тұздары-оксихлорид түрінде, бесжолды азотқышқылды висмут ГОСТ 4110-75 өндіріліп шығарылады.
Одан басқа сирек кездесетін металды өндіріс жұмыс істейді. (Тe, Re, Cd, Тl). Зауыт қормасынды өндірумен қатар сирек кездесетін металлдарды да өндіреді, мысалы: талий, кадмий, теллур, рений (переренат, амоний түрінде).
Литейлы комплекс құрамы:
- Фасонды-литейлы цех (ФЛЦ). 2500 тонн өнімі бар.
- Үлкен және орташа құйылым цехы. Жылдық шығарылым 2000 тонна. Шойынды, болатты, түсті метеллдар құйылымы.
- Аз құйылымды цех.
Аккумуляторное өндіріс 2005-2006 жылдар аралығында 1,5 млн. аккумуляторлы батареялар өндірілді. Ал 2007 жылы аккумуляторлы батареялар өндірісі жылына 2 млн.-ға жетті, ал 2010 жылға дейін аккумуляторлы батареялардың шығарылуын жылына5 млн.-ға дейін жеткізу деген мақсат бар. Өндірілетін маркалар: Марки выпускаемые: 6СТ-55-100 а ч, 6СТ-132, 140, 190 а ч. Типі: 70% — қолданылмайтын, 30% — құрғақзарядталған. Бәсекелестік еуропалық талаптарға сай. “Siemens” Германия, Италия, “Digatron”, “Sovema” фирмаларының құрылғыларымен қамтылған.
Сваркалық электродтар өнімі:
Сваркалық электродтарды өндіретін зауыт Оңтүстік Қазақстан облысы Ақсукент район орталығында орналасқан, алып жатқан жер көлемі 6,6 га. Зауыт құрамында:
— электродты цех;
— проволкалар, сваркалық электродтар және шығарумен айналысатын цех;
— транспортты цех;
— силикаты глыба және метиз шығаратын цех.
1.1 Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі
Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі дегеніміз өндірісте таптырмайтын ең қажетті құрал-жабдықтар жүйесі болып табылады. Бұл жүйе атқарылатын жұмыстың барлығын қадағалап, өлшеп отырады. Сонымен қатар біздің көптеген жұмысымызды жеңілдетіп, бізге автоматты өлшенген нақты мәліметтерді көрсетіп отырады. Бұл жүйе барлық жұмыс ретін басқара отырып, үлкен экранға процесстің қысымы, температурасы, шикізат көлемі мен түрі туралы нақты өлшемді мәліметтерді көрсетеді. Жүйенің тағы бір тиімділігі жұмысшылар арнайы рұқсатнамамен қамтылған, осы рұқсатнама арқылы жұмысшы өз жұмыс орнына кіре алады. Ал мұның барлығы мәліметтер қорында сол жұмысшының ұяшығына сақталып отырады. Егер жұмысшы кешіксе немесе жұмыс орнынан ерте шығып кетсе, жұмыс істелген уақытына қарай жұмысшы тиісті еңбек ақысын алады. Жұмысшы рұқсатнаманы жоғалтқан жағдайда ол қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік техникасынан қайта емтихан тапсырады. Осы мәліметтердің барлығын, барлық цехтар мен бөлімдердің жұмысын диспетчер және бас инженер өз компьютерінен бақылап отырады.
Өндірісте басқару-өлшеу құралдары және автоматика бөлімі бар. Бұл бөлім барлық цехтардың есептеулері мен өлшемдерін басқарады. Бұл бөлім өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесіне кіреді.
Өлшеу-өлшеуге тиіс физикалық шама және өлшеу бірлігі ретінде қабылданған мән арасындағы сандық қатынасты тәжірибелік түрде анықтау.
Сезгіш құралдар-қашықтыққа жіберуге және өндіруге қолайлы шығыс сигналдарын қалыптастыратын, бақыланатын немесе реттелетін мәндерді түрлендіруге арналған құрылымдар.
Өлшеу приборлары— өлшеу мәнін өлшем бірліктерімен тура немесе жанама салтыруға арналған және алынған нәтижелері санау құрылғысы арқылы анықтайтын құрылымдарды.
Тура өлшеу — өлшеу мәнін соның тікелей салыстыру арқылы немесе таңдалған өлшем бірліктеріне бөлшектелген өлшеу приборларының көрсетулерімен анықтау.
Жанама -өлшеу мәнін соның белгілі қатынаспен байланысқан шамаларды тура өлшеу негізінде алынған мәліметтермен анықталатын өлшеулер.
Метрология — өлшеулер солардың тұтастығын қамтамасыз ететін әдістер мен құралдар және талап етілген дәлдікке жеткізетін тәсілдер туралы ғылым.
Өлшеу дәлдігі — өлшеулер нәтижесінің өлшеніп жатқан көрсеткіштің шын мәніне жақындығын көрсететін сапалық сипаттама.
Дәлдік классы – негізгі және қосымша қателіктердің шектерімен анықталған , дәлдікке ықпал жасайтын мәндеріөлшеу құралдарының жеке түрлерін стандартпен орнатылған қасиеттерінің жалпыланған сипаттамасы .
Сезімталдық — өлшеу приборының шығысындағы сигналдардың өзгеруінің сол өзгерісті туғызған өлшеу шамасына қатынасы.
Тексеру — қателіктерін немесе солардың көрсетулеріне түзетулерін анықтау үшін өлшеу приборларын үлгілі приборлармен салыстыру операциясы.
Жүйе — өзара байланысқан бөліктерден құралған біртұьас қимыл жасайтын және қандай да бір мақсатқа жеткізугеарналған, реттелген немесе бір тәртіпке енгізілген құрылғылар жинағы.
Басқару жүйесі – қимылы басқару объектісінің жұмысын бірқалыпты ұстап тұруға жетілдіруге бағытталған басқарушы жүйе және сол объектінің қосындысы.
Басқарушы жүйе — жинақтау өңдеу информацияны беру және басқару әсерлерін қалыптастыру құралдарының комплексі ретінде түсінуге болады.
2 Өндірістің құрылымы
2.1 Өндірістік процестерді автоматтандырудың негізгі бағыттары
Өндірісті басқару негізінен қоғамдық еңбек процесінде оның қызметтерін ұйымдастыру мен реттеу мақсатында адамдар ұжымдарына бағытталған белгілі бір әсер ету болып табылады.
Өндірістің дамуы, оның күрделенуі, еңбектің бөлінуі және оның сол уақыттағы кооперациясы еңбекпен байланысқан тікелей физикалық еңбекті басқарумен үйлесуін мүмкін болмайтындай дәрежеге жеткізді. Еңбектің бір түрінің екіншісінен ажыратылуы және негізінен басқарушылық еңбектің қызметтің жеке түріне айналуы қажет болды. Сонымен қатар өндіріс масшатабтарының өсуімен басқару қызметі анағұрлым күрделенуде, оның мәні жоғарылап жатыр және де басқару басқарушылық еңбектің сапасы мен өнімділігін айтарлықтай жоғарылататын қызмет көрсетудің арнайы құралдарын қажет ететіндей дәрежеде тым күрделеніп жатыр.
Ғылыми-техникалық прогресс қарқындарының жылдамдауы өндіріс көлемдерінің айтарлықтай өсуін және оның концентрацияларын алып келді. Өндірістің жоғарылаған күрделілігі және динамикалылығы, кәсіпорындар мамандандырылуының дамуы мен кооперациялануы, өндірістік процестің жүруін жоспарлаумен және реттеумен байланысқан есептеу жұмыстардың күрделі өндірістік құрылымы, байланысуы мен өзара әрекеттесуі кәсіпорындар құрамындағы корпоративтік ұйымдар мен өндірістік буындардың ішіндегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысын реттестіру мәселесін анағұрлым күрделі және қиынға соғатын істердің біріне айналдырып отыр.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында басты назар тікелей өндірістік процестердің механизациялануы мен автоматтандырылуына аударылған, ал ғасырдың екінші жартысында басқарушылық еңбек процестерінің автоматтандырылуына уақыт келді.
Болашақта өндірістің барлық салалары ЭЕМ-нің, микропроцессорлардың, робот техникасының және ақпараттық технологиялардың басқа элементтерін барлық жерлерге дерлік ендірілуімен байланысатын болады. Осыған сәйкесінше аталған бағытталуды қамтамасыз ететін салалардың (электротехникалық, радиоэлектрондық, құралдарды жасау, компьютерлер мен лазерлік техниканың, полимерлік жіне композициялық материалдардың өндірісі) жылдамдатылған өсуі жоспарлануда.
Автоматтандырылу ғылыми-техникалық прогрестің стратегиялық интеграцияланған бағыты ретінде өндіріс дамуының қажетті әлеуметтік-экономикалық мақсаттарына жетуін келесі жолдармен қамтамасыз етеді:
- жаңа ғасырдың жоғары тиімді автоматтандарылған техникасын кең көлемде қолданудың негізінде өндірістік жүйелердің сапалық сипаттамаларын құрастыру;
- өндіріс автоматтандырылуының негізінде және ресурстарды жинақтайтын технологиялық құрал-жабдықтар жасалуының есебінен ресурстарды жинақтаудың режимдерін күшейту;
- ғылым мен білімдегі адамның интеллектуальдық қызметінің, басқарушылық еңбегінің максималдық автоматтандырылуының негізінде еңбек өнімділігінің айтарлықтай жоғарылауы.
Әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған адамның қолымен жасалатын мақсатты бағытталған процесстероперациялар деп аталатын әрекеттердің ұйымдасқан және реттелген жиынтығын көрсетеді. Операцияларды екі классқа бөлеміз: жұмысшы операциялар және басқарушы операциялар.
Станоктағы бөлшектерді өңдеу кезінде
Орнын ауыстыру станоктағы бөлшекті өңдеу кезінде қабыршақты алу, жүктің мысалы осы тектес іс-әрекеттерді жұмысшы операцияларға жатқызамыз. Жұмысшы операцияларда адамды белгілі бір механизммен алмастырылуын механизациялау деп атаймыз.
Жұмысшы операцияларда және басқарушы операцияларда адамның еңбегін техникалық жабдықтармен алмастыруды автоматизациялау деп атаймыз.
Техникалық жабдықтардың жиынтығы — машиналар, еңбек құралдары, механизация құралдары басқару объектісі болып табылады.
Басқару жабдықтарының жиытығы және басқару объектісі басқару жүйесін құрады.
Басқарушы операцияларының белгілі бір үлесі ғана автоматтандырылған , ал қалған үлесі (әдетте өте маңыздысы) адамдар арқылы орындалатын жүйені автоматтандырылған басқарушы жүйе(АБЖ) деп атайды.
Қорытынды
Менің өндірістік іс-тәжірибемнің тақырыбы «Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі». Өндірістік іс-тәжірибемнің мақсаты: осы жүйенің жұмыс істеу шарттары мен тиімділігін көрсету. Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесінің құрылымы мен жұмыс істеу шарттарын нақты жоғарыда түсіндіріп өттім. Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесінің тиімділігі бұл жүйе көптеген адамдардың жұмысын бір мезетте қадағалап, өлшеп, басқарып отырады.
Өндірістік іс-тәжірибе маған көп пайдасын тигізді. Жұмысты істеу барысында өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесін тереңінен оқып, үйрендім. Бұл жүйенің мүмкіндіктері өте жоғары екеніне көзімді жеткіздім. Бұл жүйені үйрену мен үшін болашаққа деген қадамдардың бірі болып саналады.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Королев М.А. и др. Информационные системы и структуры данных. М.,Статистика, 1977.
- Разумов О.С. Организация данных в вычислительных системах. М.,Статистика, 1978.
- Общеотраслевые руководящие методические материалы по созданию автоматизированных систем управления предприятиями и производственными обьединениями (АСУП). М., Статистика, 1977.
- Комплекс общеотраслевых руководящих методических материалов по созданию АСУ и САПР. М.,Статистика, 1980.
- Хоффман Л. Современные методы зашиты информации. М., Сов.радио, 1984.
- Советов Б.Я. АСУ. Введение в специальность. (Учебник по АСОИУ). М., В.школа, 1989.