МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………………3
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Ұйымның жалпы сипаттамасы…………………………………………….……4
- Ұйымның есеп-аналитикалық қызметі………………………………………….7
- БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
- Қысқа мерзімді активтерді есепке алу: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері…………………………………………………………………….9
- Қысқа мерзімді активтер: қысқа мерзімді дебиторлық берешектер…..…….11
2.3Қысқа мерзімді активтер: Қорлар есебі………………………………………..12
2.4 Ұзақ мерзімді активтер: негізгі құралдар және материалдық емес активтер есебі………………………………………………………………………………….13
2.5 Міндеттемелер есебі……………………………………………………………15
2.6 Еңбекті және оған ақы төленуін есепке алу…………………………………..15
2.7 Өзіндік капиталды есепке алу…………………………………………………17
2.8 Өндіруге кеткен шығындарды есепке алу…………………………………….18
2.9 Дайын өнімді шығару мен сатуды есепке алу………………………………..19
- Қаржылық есеп беруді ұсыну………………………………………………..20
- ЖЫЛДЫҚ ТҮГЕНДЕУДІ ЖҮРГІЗУ…………………………………………22
4 АНАЛИТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС……………………………………………………24
5 ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫС………………………………………………………….26
6 САЛЫҚ САЛУ……………………………………………………………………27
7 АУДИТ……………………………………………………………………………28
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………30
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi — Стратегия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы» Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Нарықтық экономикалы елдердiң, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдары бюджет қаражатын жеке кәсiпорындарға қаржы және инвестициялық қолдау көрсетуге жұмсауға тыйым салады. Осыған сәйкес нақты жеке компанияларға қаржылық қолдау көрсету мемлекеттiк сыбайлас жемқорлықтың көрiнiсi ретiнде бағаланады. Тәжiрибе осындай көзқарастың дұрыстығын көрсеттi.
Әдетте, мемлекет нақты компанияларға тiкелей қаржылық қолдау көрсете алмайды және онымен айналыспауға тиiс, бiрақ экономиканың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру мәселелерiнде, жеке кәсiпорындарды жаңғыртуға, инновациялық процестерге қатысуға және осы арқылы өзiнiң өндiрiстiк және бәсекелестiк әлеуетiн құруға және жақсартуға ұмтылуға ұйытқы әрi бастамашы болуы мүмкiн және болуы тиiс.
Диплом алдындағы өндірістік практика «VIP-ГТ» ЖШС-де өтіліді.
Өндірістік тәжірибе өту барысында «VIP-ГТ» ЖШС-нің бухгалтерлік есебінің қалай жүргізілетінін зерттелді.
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Ұйымның жалпы сипаттамасы
«VIP-ГТ» ЖШС-гі өз қызметін Жарғы негізінде жүзеге асыратын, негізгі мақсаты – табыс табу болып табылатын зады тұлға [Тіркеме 1-2]. Компания Қазақстан нарығынды 10 жылдан астам өз қызметін жүзеге асырып келе жатыр. Өз қызметін компания кеңсе тауарларын алып-сатудан бастаған. Алғаш кезде тауарларды тек құрылтайшысы NT компаниясынан алып отырған. Кейіннен басқа жабдықтаушылармен жұмыс жасай бастады. Компания алғашында тек Алматы қаласында жұмыс жасады. Кейіннен өзінің қызметін кеңейту мақсатында және өзге қалаларда туындаған сұранысқа байланысты Қазақстанның өзге қалаларында ашыла бастады. Бүгінде компанияның Алматы, Астана, Ақтөбе, қалалардында сату бөлімдері бар. Компания бүгінгі күнде 60 шақты адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр.
«VIP-ГТ» ЖШС-нің бизнес стратегиясы – максималды сервис жасау болып табылады. Тауралардың кең таңдау түрлері, барлық қызмет түрлері, жағымды орта, сонымен қатар тауарлар мен бағаның жағымды үйлесімділігі компанияның екі деңгейде: бөлшектеп сату және көтермелеп сатуда сапалы әрі тиімді жұмыс атқаруына мүмкіндік береді. Өзінің сауда желісі арқылы еліміздің 3 ірі қала тұрғындарын мектеп және кеңсеге арналған әлемдік дәрежедегі сапалы тауарды қол жетерліктей ету – компанияның мақсаты болып келеді. Компания менеджерлері әр клиенттің және де олардың ішіндегі ең талғампаздарының сұранысын қысқа мерзім ішінде қарастырып және корпоративті клиенттер үшін айрықша жағдайларды ұсына алады. Ұсынылған тауарлар мен қызметтер ассортиментін оңтайландыру, өз тұтынушысына барынша географиялық жақындық, сату жолдарының қазіргі заман талаптарына сай технологиялар ендіру және ұсынылған тауардың сапасын үнемі жақсарту саясаты – Компания жұмысының негізгі қағидасы болып қалған.
Сауда жүйесі
Қазақстанның ірі қалаларында компанияның кең сервис жүйелері бар: Астана, Алматы, Ақтөбе. Осындай тармақталған қызмет жүйесі арқылы Компания тұтынушылардың кең шеңберін толықтай көлемде қысқа мерзім ішінде қанағаттандыруға тырысады. Бірыңғай архитектуралық стильдегі қазіргі заман талабына сай техника мен көліктермен қамтамасыз етілген компанияның стау дүкендері әр қаланың бетке ұстары болып отыр. Қазақстанның барлық аумақтарында тауарлардың біркелкі ассортименті, қызмет көрсетуі, сату саясатының біркелкілігі, біркелкі құн саясаты дамыған. Филиалдар арасындағы шапшаң байланыс бір уақытта және қысқа мерзімде бір қаладағы төленген келісім шарт бойынша тауарларды жеткізуді жүзеге асырады. Өзіне өзі қызмет көрсету жүйесі, тауарларға деген еркін қатынас, штрих-кодтау жүйесі және түрлі кеңсе керек-жарақтарымен лық толған сөрелер сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады және сатып алу өрісін айтарлықтай жылдамдатады.
Қызметтер
«VIP-ГТ» өз клиенттеріне түрлі қызметтер түрін ұсынады:
— Компания сайтындағы Интернет-дүкен;
— Төлемнің түрлі формалары және иілмелі жеңілдіктер жүйесі;
— Клиенттердің өкілділік аймақтарының кез-келген нүктелеріне деген жөнелтім;
— 3 қала бойынша тауарды офиске дейін жеткізу;
— Сатып алынған барлық тауарларға кепілдік;
— Қайырымдылық және жарнамалық мақсатпен сыйлық жинақтарын жинақтау, қоғамжық іс-шаралар ұйымдастыру;
— Біркелкі құн саясаты және т.б.
Компания жоғары сапалы тауарды дер кезінде және шапшаң жеткізіп салуға, тауарлардың сапасына кепіл және сатып алынғаннан кейінгі қызметке үлкен назар аударады. Ал бұндай кепілдерді осы нарықта болашақта да жұмыс атқарғысы келетін компаниялар ғана ұсына алады. Клиенттермен жұмыс жасау саясатының маңызды бір қағидасы — ол клиенттің сенімділігі болып табылады. Ондай құрметке жету ғана емес, оны күннен-күнге қолдау маңызды.
Серіктестер
Компания әлемнің 4 елінің тұрақты серіктестері болып табылады. Олар – Түркия, Қытай, Тайланд, Ресей. Негізгі тұрақты жабдықтаушылары:
— N-T Kitap kirtasiye Buro, Түркия
— Double A (1991) Public Company Limited, Тайланд
— MONARK TRADE Consulting Co Limited CN, Қытай
— «Стамм» ААҚ, Ресей
— «Хатбер КАЗАХСТАН» ЖШС, Қазақстан және т.б.
«VIP-ГТ» серіктес – жабдықтаушыларды Қазақстандық тұтынушылар талабына сәйкес таңдап алып, Компанияның қоймаларында тауарлардың өте көп мөлшер сан көлемінің бар болуын қамтамасыз етеді. Көбінесе компания Қазақстанның географиялық орналасуына байланысты қазақстандық тұтынушылардың тілектері мен қажеттілігін алдын ала білу мен дүкендердің сөрелеріне тауарлардың дер кезінде жеткізілуін реттеп отырады. Бірнеше жылдар бойы көптеген серіктестермен ынтымақтастықта болғаннан «VIP-ГТ» Қазақстанға көптеген сауда белгілерін жеткізуші ретінде таңдамалы компаниялардың бірі болды. Компания қол жеткізген жетістіктерімен тоқтамайды, сол себептен компания мамандары үнемі барлық халықаралық ірі көрмелерге барады, жаңа өндірушілерді іздестіру жұмыстарын жүргізеді және жаңа тауарлар, брендтерді бағалайды, жаңа дизайнерлердің дайындаған жұмыстарына және тауар өндірушілердің тауар бағытына белсенді түрде қатысады.
Компания клиенттері
«VIP-ГТ» компаниясының ең басты мақтанышы — ол клиенттерінің ауқымы бір жасар баланың қолына қалам алуынан басталып, шексіздікке созылады, өйткені үйрену мен даму — кез-келген жас аралығындағы әр адамның негізгі сипаты. Бізге әр тұтынушы – жеке тұлғалар және заңды тұлғалар да маңызды. Сатып алушылар қатарында кіші сынып оқушылары, зейнеткерлер және атақты әрі республикамыздың көрнекті тұлғалары бар.
Біздің корпорпоративті клиенттеріміз:
- «КАЗКОМ» АҚ
- «Альянс Банк» АҚ
- » Авиакомпания SCAT» АҚ
- Алматы қаласындағы «Корпорация Казахмыс» ЖШС Филиалы
- «ОНТУСТИК МУНАЙГАЗ» АҚ
- «POSCO ENGINEERING & CONSTRUCTION CO.LTD» Филиалы
- «Редакция «Южный Казахстан» МКК
- «Real Company» (Реал Компани) ЖШС
- «Коммеск-Омир» Сақтандыру компаниясы Филиалы
- «News Al Khalidiah Tourism» ЖШС
Тауарлар
Кеңсе тауарлары жылдан жылға адам тіршілік әрекетіне еніп, адамзаттың жанында бүкіл өмір бойы серік болады, бала-бақшаларындағы алғашқы суреттер мен ермексаздан жасалған пішіндерден бастап, кәсіпорын және мекеме жұмыс орындарын безендіруге дейін. Кеңсе тауарларына деген қажеттілік артқан сайын, тұтынушының тауарға және қызмет сапасына деген мұқтаждығы да артады, сондықтан да әртүрлі жас топтарының, кәсіби бағыттар мен халықтың әлеуметтік жігін қанағаттандыру үшін «VIP-ГТ» үй және кеңсеге арналған тауарлардың кең ассортиментін ұсынады. «VIP-ГТ» клиенттерінің өзгешелік белгілері, ол – таңдау құқығы, кез-келген тауарды түсі мен дизайнын өз қажеттілігі мен мүмкіншілігіне сәйкес таңдай алуы.
Тауар ассортименті 40 мыңнан асады:
Таурларадың негізгі ассортименттері:
- Қағаз өнімдері;
- Кітаптар;
- Балалар әдебиеті, Көркем әдебиет;
- Сөздіктер;
- Тематикалық кітаптар, Оқу-әдістемелік құралдар;
- Кеңсеге арналған тауарлары;
- Жазу құрал-жарақтары;
— Компьютер аксессуарлары;
- Сөмкелер мен портфельдер;
- Кәсіби суретшілерге арналған көркемөнер материалдары мен сызу құрал-жабдықтары және т.б.
«VIP-ГТ» ЖШС-нің басқа кеңсе тауарлар компанияларынан айырмашылығы:
- Тауарлар мен қызмет көрсетудің жоғары сапалылығы;
- Тауарлардың аса зор ассортименті;
- Бізде сатып алынған бүкіл тауарға кепіл беріледі;
- Әр тұтынушыға арналған арзан баға;
- Қазақстанның ірі 3 қаласында қызмет көрсетуі;
- Корпоративті клиенттерге арналған жеке менеджерлер;
- Компанияның тауарлар ассортименті – 6000 тауардан асады;
- Өте жақсы қызмет ететін маркетинг және логистика жүйесі.
1.2 Ұйымның есеп-аналитикалық қызметі
«VIP-ГТ» ЖШС-де құрылтайларшылармен бекiтiлген есеп саясат қабылданған.
Серіктістіктің ұйымдық құрылымы мен жалпы мәліметі осы есеп саясаттының мақсаты болып табылады.
Осы есеп саясатының басты міндеті бухгалтерлік есеп әдістері мен қағидаларын орнату болып табылады. Саясатты қолдану серiктестiктiң қызметiн теңбе-тең бейнелеуге барынша мүмкiндiк бередi. Бұл қызметтi тиiмдi реттеуiнiң мақсаттары үшiн ол туралы толық, нақты және сенiмдi мәлiметтi серiктестiктердiң пайдасына құрастыру. Ол есептiк процесстiң әдiстемелiк, техникалық және ұйымдастыру тараптарын қамтиды.
Есеп саясаты
Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.
Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және тағы сол сияқты.
Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.
- Негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері.
- Материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасы есептеу және оларды есептеп шығару жолдары.
- Шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу (апару) әдістері.
- Өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі.
- Жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату әдісі.
- Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі.
- Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау және бағалау жолдары.
- Материалдық қорларды бағалау әдістері.
- Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру.
- Курстық айырманы есептеу.
«VIP-ГТ» компаниясының құжатайналым схемасы
Кассалық кітап [Тіркеме 5] |
Бухгалтерлік баланс |
Шот-фактуралар
|
НҚ бойынша инвентарлық карточка |
НҚ бойынша амортизация есптеу ведомості |
Тауарларды жеткізу келісімшарттары |
Штат кестесі |
Төлем тапсырмасы |
Есептік шот бойынша банк есебі |
Жұмыс уақытының кестесі
|
Жалақы бойынша ведомость |
Қабылдау-өткізу актілері [Тіркеме 10] |
Тауар есебі |
Жүк құжаттары |
Шаруашылық операцияларын тіркеу журналы |
Пайда және зиян есебі |
Кіріс ордері, [Тіркеме 6] шығыс ордері [Тіркеме 7] |
- БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Қысқа мерзімді активтерді есепке алу: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері
Ақша қаражаттары ең тез қолданылатын активтер қатарына жатады. Тез қолданылатын себебі, ақшалай есептесу арқылы кез келген операцияны жүргізуге болады және міндеттемелерді орындау үшін ұзақ уақыт талап етілмейді. Ақшалай қаржының болуы, қарыздары барлармен, бюджетпен, қызметкерлермен, дер уақытында есептесіп отыруға мүмкіндік береді.
Ақша қаражатының есебін жүргізу үшін, шоттардың типтік жоспарындағы 1010 – 1060 шоттарының тобы пайдаланылады.
«VIP-ГТ» ЖШС Ақша қаражатының есебін жүргізетін шоттар актив есебін жүргізетін щоттарға жатады, сондықтан шоттың дебетіндегі сальдо, шоттың қалалдығындағы сомаға тең болады. Дебет бойынша өсуі немесе соманың айналымы, ұйымға қаржының түскенін немесе ақшаның көбейгенін көреседі. Соған сәйкес, кредит бойынша айналуы, ақшаның азайғанын көрсетеді. Ақша қаражаты сатылған өнімнің құнынан, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызметке төленген ақының есебінен көбейеді. Кемуі – ақша қаражатының құндылықтарды, шикізатты, негізгі қорларды сатып алып, басқа да операциялық немесе инвестициялық мақсаттарға жұмсалғанын көрсетеді. [Тіркеме 11 ]
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 1000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпке айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 1000 АЕК-тен аспауы керке.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім- шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді. [Тіркеме 12 ]
Корреспондеттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.[Тіркеме 16]
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банкалушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне , яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:
- төлем тапсырмасының нөмірі;
- төлем тапсырмасының жазылған күні;
- жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған)
коды (ЖТК немесе ИИК)
- жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
- бенефициардың коды (БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе Код) – бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі-резиденттік белгісін, ал екіншісі-экономиканың секторын көрсетеді;
- бенефициар-аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
- банк-алушы-банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;
- бенефициар банкісі-бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
- жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) – филиаларалық айналымдарының коды (ФАК немесе МФО);
- төлем арналымының коды – ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады;
- бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды – салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
- валюттелген күні – ақша қаражатын бенефициардың (алушының)
банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының нысанымен анықталады. [Тіркеме 13]
Банк ұйымдардың шоттары бойынша әрбіріне жеке шот ашады (көшіргі қағаз арқылы екі данада). Бірінші данасы жеке шоттан көшірме болып саналады және шаруашылық ұйымына беріледі, екінші – жеке шот (есеп беті) банкіде есеп жүргізу негізі болып қалады. Көшірме орындаушының қолымен және көшірме үшін банк мөрінің бедерімен расталады. Көшірмелер, бірінші немесе екінші қол құқығына ие тұлғаларға немесе ұйым сенім хаты бойынша өзге қызметкерлерге, ұйыммен келісе отырып белгіленген мерзімде беріледі. Көшірмелер поштамен жіберілуі немесе клиент үшін ыңғайлы жерде банк жабдықтаған абоненттік жәшіктер арқылы берілуі мүмкін. Клиент өкілі көшірмелерді алу үшін жеке шотта (бет есепте) немесе жеке карточкаға қол қояды.
Банктен келіп түскен көшірмелер оған тіркелген құжаттар бойынша бухгалтерияда тексеріледі. Ұйым қате жазулар туралы 10 күннен кешіктірмей банкке хабарлауы тиіс, егерде ол басқа елді мекенде болатын болса – көшірме тапсырылғаннан кейін 20 күннен кешіктірілмей хабарлауы қажет. Банктің жетекшісі мен бас бухгалтері қате жазулардың әрбір жағдайының нақты себептерін анықтап, алдағы уақытта соған ұқсас қателіктерден сақтандыруды қамтамасыз ететін шаралар қолдануы тиіс.
2.2 Қысқа мерзімді активтер: қысқа мерзімді дебиторлық берешектер
Материалды-жауапкершілікті адамның жұмысындағы ауытқулар анықталған жағдайда бухгалтер бас бухгалтерді немесе басшылықты хабардар етуге тиісті.
Ай соңында қоймаға «Материалдар қалдығы кітабы» тапсырылады, оған карточкадан материалдық қорлар қалдығы көшіріледі. Осылайша қоймадағы есеп заттай ал бухгалтерияда қорлардың сақталған орны бойынша ақшаға шағылып көрсетіледі.
«VIP-ГТ» мекемесінің қоймасынан бухгалтерияға түскен «Құжаттарды тапсыру реестрі» тіркелген құжаттармен бірге бағаланады.
Есептің журналдық-ордерлік материалдар қозғалысы есебі тізімдемесі (ведомості) қоймалар бойынша материалдық қорлардың қалдығы мен қозғалысы жайлы және материалды-жауапкершілікті адамдар бойынша мәліметтер жинақтап қаржыланатын есеп тізілімі жинағы қызмет етеді. Оған материалдар қалдығы тізімдемесінен, есепті кезең ішіндегі материалдар қозғалысы бойынша жинақтаушы тізімдемелерден, сондай-ақ материалды-жауапкершілікті адамдардың материалдық есептерінен мәліметтер көшіріледі. Материалдар қозғалысы есебі тізімдемесі синтетикалық есептің мәліметтерін материалдарды талдаушы есеп көрсеткіштерімен үйлестіруге арналған. Түскен материалдық қорлар құны синтетикалық шоттар шамасындағы немесе белгіленген есептік топтар бойынша келтіріледі. Сонымен қатар, тізімделсе де алынған материалдардың нақты өзіндік құнының есептік бағалар бойынша құннан ауытқулары есебі жүргізіледі. Материалдардың қозғалысын есептеу тізімдемесі, сондай-ақ шығындарды бағыттау бойынша (синтетикалық шоттар, қосалқы шоттар (субшоттар)) материалдар шығынын бөлуге де қызмет етеді. [Тіркеме 5]
«VIP-ГТ» ЖШС Келісім бойынша шетелдік жабдықтаушыдан бағамы 1АҚШ долларына 183.2 теңге бағамымен 100 мың АҚШ доллары көлемінде 12 510 мың теңгеге тауар алынады.
Бухгалтерлік есепте келесі жазбалар жазылады:
1)Тауар кірістеледі:
Дт 1330 «Тауарлар»;
Кт 3310 «Жеткізуші мердігерлерге қысқа мерзімді
берешек» -12510,00.
2.3 Қысқа мерзімді активтер: Қорлар есебі
Тауарлы-материалдық қорлар — өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен аударады.
Халықаралық қаржылық есесптің «Қорлар» стандарттарына сәйкес тауарлы-материалдық қорларға мыналар жатады:
- Шикізат, материал, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен құрамдас бұйымдар, құрылғылар мен тетіктер, отын, ыдыс (қап, қорап, жәшік т.б.) және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған басқа да материалдық қорлар;
- Аяқталмаған өндіріс;
- Мекеменің іс әрекеті барысында сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар.
ХҚЕС 2 ( халықаралық қаржылық есеп стандарттары) сәйкес қорлар екі өлшемнің ең кішісімен өзіндік құнның және өткізудің таза құнымен бағалануы тиіс.
«VIP-ГТ» компаниясының негізгі қызметі тауарларды сату болып табылғандықтан, сатылымдағы материалдарға және кассадағы ақша қаражаттарына материалды жауапты тұлғаның арасыдағы қатынас өте маңызды. Жұмысқа қабылданған материалды жауапты тұлға міндетті түрде қызметтік инструкцияға қол қойылады. [Тіркеме 15 ]
Материалдар алу сәтінде нақты құны (синтетикалық есепте) немесе есептік баға (аналитикалық есепте) бойынша көрсетіледі.
Материалдарды алудың нақты құны ұйымның осы қорларды дайындау мен жеткізу шығындарынан және сатып алу бағасынан құралады.
Есептік бағалар (алудың жоспарлы өзіндік құны орташа сатып алу бағасымен және т.б.) бойынша материалдарды есептеуде есептік баға ретінде қорлардың құны мен қор алудың нақты құны арасындағы айырма осы шоттаға есептеу арқылы айқындалады.
Баланста материалдар есебі нақты құны бойынша көрсетіледі, осы баға бойынша олар синтетикалық есепте, ал аналитикалық есепте – тұрақты есептік бағалармен (келісім-шарттық немесе жоспарлы есептік) есептеледі.
Егер материалдарды есептеу келісім-шарттық бағалар бойынша ұйымдастырылса, онда олардың нақты құны осы бағалар бойынша материалдар сомасына қосу көлік-дайындау шығындары (КДШ) қосылып шығарылады. ХҚЕС-на сәйкес КДШ құрамына жабдықтау-өткізу ұйымдарына төленген үстеме бағалар, барлық қосымша алымдарымен бірге жүкті тасығаны үшін кіре ақы төлемі, «VIP-ГТ» мекемесінің қоймасына материалдарды түсіру мен жеткізу шығындары, дайындау орындарында ұйымдастырылған арнайы дайындау кеңселерін, қоймалар мен агенттіктерді ұстауға арналған шығындар, материалдарды алу мен жеткізуге байланысты (жабдықтаушылардан жүк жеткізілгендегі ұйымның жүргізушілері, жүк тиеушілер)және іссапар шығындары кіреді.
ТМҚ сатуда жүк құжаты мен шот-фактура тапсырылады, ТМҚ міндетті түрде сенім-хат арқылы табысталып, оны алғандығын растап сатып алушы тарапынан қол қойылады. [Тіркеме 8-10]
«VIP-ГТ» қызметін бірнеше сату бөлімшелері арқылы жүзеге асыратындықтан, тауарларын негізгі қоймадан әр қаланың қоймаларына аударады. Бұл операция материалдарды ауыстыру накладнойымен расталады. [Тіркеме 14]
Мекемедегі материалдар белгілі уақыт аралығына жарамды болып уақыт өте есептен шығарылып отырады. Ондай материалдарға қолданысқа алынған су, жанармай, кеңсе тауарлары және өзге де керек-жарақтар жатады. Бұл операция Есептен шығару және Есептен шығару актісімен расталып, арнайы коммиссияның қолымен рәсімделеді. [Тіркеме 18]
«VIP-ГТ» ЖШС бойынша тауар 184 теңге бағамы бойынша 216 АҚШ доллорына өткізілді немесе 39744 сомасына (184*216);
Дт 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары»;
Кт -6010 «Өнімдерді өткізу мен қызмет көрсетуден
түскен кіріс» — 39744 теңге.
- Ұзақ мерзімді активтер: негізгі құралдар және материалдық емес активтер есебі
Негізгі құралдарға олардың құнына байланыссыз, бір жылдан астам қызмет ету мерзімі бар ғимараттар, құрылыстар, кеңселік заттар, есептегіш техникалар, компьютерлер, көлік құралдары жатады.
Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес бағытта болуы мүмкін.
Өндірістік емес бағытка — жарғылық қызметпен байланысы жоқ негізгі құралдар жатады.
Өндірістік бағыты бойынша — жарғылық қызметті жүзеге асырумен және нәтижесінде пайда алумен байланысты құралдарды жатқызуға болады. Сонымен қатар өндірістік бағыттағы негізгі құралдарға банктің дәрежесін жоғарылатуға арналған заттар (картиналар, вазалар, сервиздер) жатады, себебі клиенттерді тартуда банк беделінің маңыздылығы сондай, банк қосымша пайда алуына ықпалын тигізеді. Алғашқы нақты түрін сақтай отырып, олар өздерінің кұнын жұмыстарды орындауға немесе есептелген амортизация (тозу) сомасында көрсетілген қызметтерге аударады.
Келесі топтарға бөлінеді:
— ғимарат және құрылыс;
— компьютерлер;
— көлік құралдары;
— құралдар және басқа да шаруашылық құрал-саймандар;
— басқа да негізгі құралдар.
Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің анықтамасы негізгі құралдардың анықтамасына сәйкес келеді, яғни жай қызметтер үрдісінде сатуға арналмаған және ұзақ мерзімге пайдалану мақсатымен сатып алынады.Егер оларды пайдаланудан болашақта табыс алынады деген ықтималдылық болса және егер оларды сенімді бағалауға болатын болса ғана олар танылады.Тауардың немесе қызметтің келуі шот-фактура және шығыс накладнойымен рәсімделеді.[Тіркеме 17]
«VIP-ГТ» ЖШС Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында,өзіндік құнның құрамына өндірістік объектілер үшін төленген жалдау ақысы ғана кіретіні ескере кетейік.
Шаруашылық операциялардың мазұны |
Дт |
Кт |
1.Есепті кезеңдегі есептелген жалдау ақысы |
8110 |
3390,3540,4170,4430 |
2.Есептелген жалдау ақысының пайыздық жалдау бөлігі |
7310 |
3360,4150 |
3.Жалдау ақысының ҚҚС |
1420 |
3390,3540,4170,4430 |
4.Жалдау ақысы |
3360,4150,3390,3540,4170 |
1030 |
- Міндеттемелер есебі
Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндірісен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де саудемен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін, сондай – ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай – ақ міндеттемелерін ешктен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі. Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең негізгілерінің бірі болып саналатын тақырыптардың бірі – міндеттемелер есебі. Мекеме жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы екі жақты есеп айырысуын нақтылап екі жақты есеп айырысуы актісін жасап отырады. Ол міндетті түрде екі жақтың қол және мөр қоюымен расталады. [Тіркеме 20]
2.6 Еңбекті және оған ақы төленуін есепке алу
Еңбекақының мәнін қарастырған кезде оның жалдамалы жұмыскерлерге, яғни өз еңбегі үшін ақы алатын адамдарға қатысты екенін ескеру қажет.
Еңбекақы — бұл жалдамалы жұмысшының табыс алу элементі, өзіне қатысты еңбек ресурсын экономикалық жүзеге асыру нысанының құқығы. Сонымен бірге жұмыс берушіге, яғни еңбек ресурсын өндіріс факторларының бірінің сапасын жақсарту үшін, сатып алушыға жалдамалы жұмысшыларға еңбек ақыны төлеу өндіріс шығындарының элементтерінің бірі болады.
Нарықтық экономика жағдайында еңбекақы көлеміне нарықтық және нарықтық емес бірқатар факторлар әсер етеді.
Жалақының негізгі элементі – жалақы мөлшерлемесі. Бірақта ол еңбек нәтижесіне әсер ететін жұмысшылардың мүмкіншіліктерін, физикалық күнін, реакциясын ескермейді. Сондықтан жалақы құрылымында тағы бір элементті бөліп айтуға болады, ол өтпелі бөлігі. Ол еңбек қызметінің жеке нәтижесінің өзгешелігін көрсетеді: (сыйақы, қосымша төлем және т. б.) Сонымен бірге табыстың басқа түрлері де бар. Ол жұмысшының нақты кәсіпорында алатын мүмкіншілігі (материалды көмек, бағалы сыйлық, зейнетақы сақтандыруы).
Жалақының кесімді нысаны өнімнің әрбір данасына төлем немесе атқарылған жұмыс көлеміне байланысты. Ал мерзімді жұмыс істеген уақытына төлем, бірақ күнтізбелік емес, тарифтік жүйемен қарастырылған нормативтік уақыт.
Нақты бір кәсіпорын өндірілетін өнімнің мінездемесіне, сол немесе басқа технологиялық процестің болуына, еңбекті және өндірісті ұйымдастыру деңгейіне қарамастан сол немесе басқа еңбек ақы нысанын қолданылады. Мысалы, кесімді жалақы тиімсіз болуы мүмкін, егер тек қана кесімді-сыйақылы немесе кесімді прогрессивті варианттарын қолданса, бірақ егер аккордтық жүйені қолданса, онда тиімділік жоғарылайды. Сол кәсіпорында цехтардағы нақты бір өнім шығаруға байланысты еңбекақы варианттарын қолдану әр түрлі болуы мүмкін.
Кәсіпорынға жұмысшыны қабылдау үшін алдымен жұмысқа қабылдау жөнінде өтініш жазады, артынан жұмысшыны жұмысқа қабылдау бұйрығы қабылданады. Бұйрықта міндетті түрде қабылдағалы жатқан жұмысшының толық аты-жөні, қызмет лауазымы, жұмыс орны мен жалақы мөлшерлемесі көрсетіледі. Сондай-ақ, жұмысқа кірісу уақыты анықталады. Бұйрықпен қабылданған жұмысшы жеке карточкасы толтырылады, карточкада жұмысшы өзі жайлы жеке ақпараттарды көрсетеді. Артынан жұмысшы мен жұмыс беруші арасында еңбек келісімшарты жасалады. Кәсіпорын штатына алынған жұмысшыға бұйрықпен және еңбек келісімшартымен белгіленген жалақы мөлшерлемесі жұмыс жасаған күндерінің кестеіне сай әр айдың 10 жұлдызынан кешіктірілмей беріледі. Жұмысшы жалақысынан міндетті зейнетақы және жеке табыс салығы бюджетке жіберіліп отырады. Жұмыс беруші тарапынан міндетті түрде әлеуметтік салық және әлеуметтік сақтандыру төлемдері. Жұмысшының мереке және демалыс күндері жасаған жұмыс күндері үшін екі еселенген ақы төленеді және ол бұйрықпен рәсімделеді. Жұмысшы жылдық еңбек демалысына арыз білдіру арқылы шығуына құқысы бар. Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы барлық қатынастар мен даулар Еңбек кодексі негізінде шешіледі. [Тіркеме 1-4]
Кесімді және мерзімді еңбек ақы төлеудің нысандарын жүйелі түрде көрсетуге болады.
Жалақы жүйелері мен нысандары
Еңбекақы төлеудің жүйелері мен нысандары
|
|
Кесімді |
Мерзімді |
Қарапайым кесімді |
Қарапайым мерзімді |
Кесімді сый ақылы |
Мерзімді сый ақылы |
Жанама кесімді |
Сағаттық |
Аккордтық |
Күндік |
Кесімді прогрессивті |
Апталық |
Жеке |
Ұжымдық |
«VIP-ГТ» ЖШС Жалақы төлеу ведомостары мен кассалық ордерлер бойынша 1200000 теңге көлемінде еңбекақы төленген. Баланс активі де,пассиві де осы сомаға азаяды.Ақша қаражаттары 1010 счетында,ал еңбекшілерге жалақы есептеу-шоттардың типтік жоспарындағы «Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді берешек» атты 3350 счеттар тобында есепке алынады.Баланс жиынтығы шарувшылық операциясының сомасына кемиді.Бухгалтерлік проводка төмендегі түрде жасалады: Дт 3350-1200000 теңге;Кт 1010- 1200000 теңге
2.7 Өзіндік капиталды есепке алу
Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен айналысатын шаруашылық субъектілерді қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржалақ салымдары, табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары болуы қажет. Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық субъектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің өзінің қызметі барысында тапқан таза пайдасы және сондай – ақ басқа да көздерден, тегін түскен көздер мен ақшалай қаражаттар есебінен өсіп отырады.
Субъектінің мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Шаруашылық субъектісі меншікіті капиталының көздері болып мыналар саналады:
- Жарғылық капитал
- Резервтік капитал
- Бөлінбеген пайда
Жарғылық капиталдың есебі
Ұйымның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған ұйымның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғлық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.
«VIP-ГТ» ЖШС мекемесінің жарғылық капиталына салынатын салымдары ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер болуы мүмкін.
Құрылтайшылардың жарғылық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанды бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт қуаттауы керек.
«VIP-ГТ» ЖШС-тің құрылтайшылары болып мыналар болып табылады:
- Түркия Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған «N-T Kitap Kirtasiye Buro Malzemeleri Pazarlama Ve Turizm Ticaret Anonim Sirketi» компаниясы, Ыстамбул қаласының сауда реестрінде тіркелген, тіркеу №422402, күні 06.09.2010 ж. Жарғы капиталының қатысу үлесі – 90% — 135 000 (жүз отыз бес мың) теңге.
- Түркия Республикасының азаматы Тозар Месут Шукру, туылған жылы 31.10.1970, паспорт TR-O №480335, Анкара қаласының Әкімшілігі тарапынан 13.05.2004 ж. берілген. Жарғы капиталының қатысу үлесі – 10% — 15 000 (он бес мың) теңге.
2.8 Өндіруге кеткен шығындарды есепке алу
Ұйымның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге белінеді.
Негізгі ондіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, үсталық, престеу — машина жасау зауыттарында) арналған жартылай фабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім ондіруге, қызмет корсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және т.б.).
Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз етуі керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын есептеу (калькуляциялау), қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығысын толық, дер кезінде жөне шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті үйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.
Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім типтерін қабылдау үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеуі мүмкін.
Калькуляция дегеніміз – өнімнің атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметгердің бір өлшемге есептелінген өзіндік құны болып табылады. Ол ұйым жұмысын жедел басқару үшін маңызды роль атқарады және ішкі резервтерді дер кезінде ашуға және өнімнің өзіндік қүнын жоспарлауға, өнімге, жұмыстар мен қызметтерге көтерме және бөлшек бағаларды негіздеуге пайдаланылады.
Калькуляциялауды жасау мерзімі: алдын ала және кейінгі (немесе кезектегі) болып екіге бөлінеді.
Шаруашылық операциялары журналында келесі мәліметтер бар.
Негізгі өндірістің цехына босатылған материалдар – 360 000 теңге, көмекші өндірістің цехына босатылған материалдар – 20 000 теңге, негізгі өндірістің еңбеккерлеріне есептелген еңбекақы – 1 300 000 теңге, көмекші өндірістің еңбеккерлеріне есептелген еңбекақы – 850 000теңге, әлеуметтік салық – 232 000 теңге. Шоттар тобы бойынша корреспонденциясын жасау керек, негізгі жіне көмекші өндіріс өнімдерінің өзіндік құнын келтірілген мәліметтер бойынша анықтау қажет, негізгі өндірістің 90 дана және көмекші өндірістің 40 дана өнім шығарғанын ескеріп, негізгі және көмекші өндіріс өнімдерінің өзіндік құнын анықтау қажет.
Операциялар мазмұны |
Сома |
дебет |
Кредит |
Негізгі өндірістің цехына босатылған материалдар |
360 000 |
8110 |
1310 |
Көмекші өндірістің цехына босатылған материалдар |
20 000 |
8310 |
1310 |
Негізгі өндірістің еңбеккерлеріне есептелген еңбекақы |
1 300 000 |
8110 |
3350 |
Көмекші өндірістің еңбеккерлеріне есептелген еңбекақы |
850 000 |
8310 |
3350 |
Негізгі өндіріс қызметкерлерінің табысына есептелген әлеуметтік салық (232 000/(1 300 000+850 000)*1 300 000) |
140 279 |
8110 |
3150 |
Сол сияқты көмекші өндіріс |
91 721 |
8310 |
3150 |
Келтірілген мәліметтер бойынша ай ішінде шығарылған негізгі өндірістің өзіндік құны: 360,0+1300,0+140,279=1800279 теңге.
Сол сияқты бір дана өнім =1800279/90=20003 теңге
Ай ішіндегі көмекші өндіріс өнімінің өзіндік құны: 20,0+850,0+91,721=961721 теңге.
Сол сияқты бір дана өнім =961721/40=24043 теңге.
2.9 Дайын өнімді шығару мен сатуды есепке алу
Дайын өнім қозғалысын есептеудің алғышарттары үшін нормативті-анықтамалық ақпарат қажет.
Дайын өнім запасының жағдайын жан-жақты бақылау, оның өндіру және жеткізу жоспарын орындау, әрбір бұйымның атауын, көлемін, сортының қозғалысын қадағалауын қажет тұтады. Есептеуді осылай детальдап қарау дайын өнімді есептеу мен оның қозғалысын ұйымдастырудың міндетті алғышарты болып табылатын номенклатураны жобалау жолымен жасалады.
Номенклатура деп кәсіпорынмен немесе біртекті кәсіпорындар тобымен өндірілетін өнім түрінің қолданыстағы белгілеу жүйесіне сай өлшем бірлігі бар жүйелендірілген тізімі аталады. Номенклатураның әр позициясына номенклатуралық номер беріледі, ол оның коды болып табылады. Кодтағы белгілер саны минимальды болу қажет, бірақ өндірілетін өнімнің барлық тізіміндегі белгілерді қамту үшін жеткілікті болу қажет.
Есепті жеңілдету мақсатында бір номенклатуралық номерге бағасы бірдей немесе бір-біріне жақын бірнеше өнімдердің размерін, сорттарын немесе түрлерін бекітеді, осылайша номенклатураны бекітеді. Бірақта есеп мәліметтерінің ақпараттылығын көтеруін және бақылауын жақсарту мақсатында номенклатураның жайылған түрі тартымдырақ болады.
«VIP-ГТ» ЖШС-де тауарлар ассортименттері алты мыңнан асып, номенклатура саны қырық мыңнан асады.
Жедел жұмыс жасау үшін өткізу бөлімінің қызметкерлері дәл осындай номенклатуралық парақты қажетсінеді, бірақ онда сату бағасы көрсетіледі және де сол бағалар прейскуранттың позициясы мен номеріне сілтейді, олар сатып алушыларға берген шоттарда белгіленеді. Сонымен қатар, оларға сатып алушылардың, келісім-шарттардың коды бойынша дифференциалды өнімдердің жеткізуі бойынша кәсіпорынның міндеттері мен жоспарлық тапсырмалары туралы анықтамалық құжаттың мәліметтері керек.
Пайдаланушылардың мүдделеріне сай нормативті-анықтамалық ақпаратты ұйымдастырудың рационалды әдістері арнайы әдебиеттерде экономикалық ақпаратты механикалық өндеуді жобалау және басқаруды автоматизацилау жүйесімен байланыста қарастырады. Бірақ бұл әдістердің негізгі идеяларын өнім және оның қозғалысы туралы жоспарлық және есептік ақпараттар компьютерлендірілмесе де қолдануға болады.
Дайын өнім туралы ақпаратты компьютерлік өндеу жағдайында алғышарттары техникалық тасымалдаушыларға нормативті-анықтамалық мәліметтерді салу болып табылады, оларды ыңғайлы тәртіппен ұйымдастыру және өзгерістер және толықтырулар қажет болған жағдайларда уақытылы жаңартып отыру жүйесін жасау.
2.10 Қаржылық есеп беруді ұсыну
Қаржылық есептер субъектінің қаржылық жағдайын, қызметінің қаржылық нәтижелері мен ақша құралдарының қозғалысын объективті білдіруге тиіс. Дұрыс беру үшін операциялардың нәтижелерін, өзге де оқиғалар мен жағдайларды активтердің, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды танудың анықтамаларына және өлшеулеріне сәйкес әділ көрсету талап етіледі.
Халықаралық Қаржылық Есеп Стандартына сәйкес қаржылық есептерді жасайтын субъект бұл туралы ескертпелерге сәйкес баяндайды. Қаржылық есептер осы Стандартта баяндалған барлық талаптарға сәйкес келетін жағдайларды қоспағанда, Стандартқа сәйкес келетіндей етіп баяндалмауға тиіс.
Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсыну үшін ұйым басшылығы қаржылық жағдай, оның нтижелері мен қаржылық жағдайдағы өзгерістер жайлы ақпаратқа сүйене отырып, жауапкершілік көтереді.
Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвестииялық саясатын жасауға, несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының ағынын бағалауға, кәсіпорынның міндеттемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.
Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін әрқилы пайдаланушыларының әртүрлі мүдде бойынша пайдалануы жеткілікті болғаны абзал. Сондықтан олардың негізгі талабы кәсіпорынның алған меншік капиталы мен басқа инвестииясы туралы ақпараттар оларды қанағаттандыруы тиіс.
Бұл ереже барлық пайдаланушылардың мүддесіне ортақ әрі сай келетін ақпарат болып саналады. Жалпы алғанда, пайдаланушылар келесі ақпаратқа мүдделі болып келеді:
Есеп берудің мәліметтері |
Пайдалылығы |
Экономикалық ресурстары (активтер құрылымы) |
Кәсіпорынның табыс алу қабілітін бағалау және болашақта болатын ақша қаражаты |
Қаржылық құрылымы (кәсіпорынның қарызы мен меншік капиталының ара қатынасы) |
Қарыз қаражатының келешекке қажеттілігін бағалау және болашақта алынатын пайда мен ақша қаражатын мүдделі тараптардың арасына тарату: кәсіпорынның сырттан инвестицияны тартудың потенциалдық икемділігін бағалау |
Өтімділік пен төлем қабілеттілігінің коэффициенті |
Өз міндеттемесіне жауап беретін кәсіпорынның ұзақ және қысқа мерзімдегі қарыздарын төлеу қабілеттілігін бағалау |
Рентабельділік пен іскерлік белсенділігінің коэффициенті |
Кәсіпорынның ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау |
Қаржылық жағдайының өзгеруі |
Қаржылық, инвестициялық, оперативтік қызметінің нәтижесінде, кәсіпорынның алған ақша ағынын бағалау, келешекте ақша қажеттілігін болжау. |
Қаржылық есеп беру өзара байланысты, өйткені ондағы шаруашылықтың бір ғана операциясы әртүрлі фактімен көрініс табады, әрбір есеп беру әртүрлі ақпартты береді, ал оны сол немесе басқаша күйінде ЖШС пайдаланады.
Қаржылық есеп пайдаланушылар үшін айқын, түсінікті болуы және барлық мәнді ақпараттарды ашуы тиіс. Қажет болған кезде түсініктеме хаттамасында баптардың жіктемесі мен ақша қаражаттары туралы қосымша мәліметтер арқылы олардың мазмұнын түсіндіру керек.
3 ЖЫЛДЫҚ ТҮГЕНДЕУДІ ЖҮРГІЗУ
«VIP-ГТ» ЖШС түгендеу жылдық түгендеу туралы бұйрық шыққаннан кейін жүзеге асырылады. Бұйрықта көрсетілген белгілі мерзімде есептік жылға түгендеу жүргізілуі тиіс. Бұл түгендеуді директордың орвнбасары немесе бас бухгалтер ұйымдастырады. Осы лауазымды адам тугендеу жүргізілуінің комиссия төрағасы болып табылады. Осы жылдықтүгендеудің дұрыс және уақытылы орындалуын кәсіпорын басшысы қадағалайды.
Түгендеуді мынадай мерзімдерде:
1) машиналар мен жабдықтарды, көлік құралдарын, аспаптарды, өндіріс пен шаруашылық құрал-саймандарын, материалдық емес және өзге де ұзақ мерзімді активтерді — жылына кемінде бір рет 1 қыркүйектен кешіктірмей;
2) ғимараттарды, құрылыстарды, өтпелі құрылыстар мен басқа да жылжымайтын активтер объектілерін (жер учаскелерін, көпжылдық өскіндер мен басқа да жер шаруашылығымен тығыз байланысты, оларды ауыстыру, олардың арнаулы мақсаттарына байланысты шығынсыз болмайтын объектілерді) — жылына кемінде бір рет 1 қыркүйектен кешіктірмей;
3) ақшаны, ақша құжаттарын, құндылықтар мен қатаң есептегі бланктерді — мемлекеттік мекеменің басшысы белгілеген мерзімдерді, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес;
4) ақша қаражаты мен олардың баламаларының есеп шоттарындағы қозғалыстар мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк қызметтерiнiң деректерi бойынша тиiстi шоттарда есепте тұрған сомалардың қалдықтарын қазынашылықтың құрылымдық бөлімшелердің есептi нысандары бойынша деректермен және қызмет көрсететiн екiншi деңгейлi банктердiң үзiндi жазбаларымен салыстыру жолымен — мемлекеттік мекеменің басшысы белгілеген мерзімдерді, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес жүргiзiледi;
5) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша, жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылатын міндетті зейнетақы жарналары бойынша бюджетке төленетін төлемдер бойынша, депоненттермен есеп айырысуларды — тоқсанына кемінде бір рет;
6) әр түрлі дебиторлармен және кредит берушілермен есеп айырысуларды — жылына екі реттен кем емес;
7) баланстың басқа да баптарын — 1 қаңтардағы жағдай бойынша — жүргізуге міндетті.
Бұрын жыл бойында жоспардан тыс тексеруге ұшыраған құндылықтар, сол сияқты белгіленген мерзімде түгендеуге жатады.
Түгендеу жүргізу үшін мекеме басшысының бұйрығымен тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады, түгендеу жүргізудің бастау және аяқтау мерзімдері белгіленеді.
Комиссия бас бухгалтердің тікелей қатысуымен мекеме қызметкерлерінің арасынан құрылады.
Түгендеу комиссиясы бас бухгалтерді қоса алғанда, мекеме қызметкерлерінің арасынан кемінде 3 адам құрамында құрылады.
Түгендеу комиссиясын мекеменің басшысы немесе оның орынбасары басқарады.
Мекеменің басшысы белгіленген мерзімде есептеу объектілерінің іс жүзінде болуын толығымен және нақты тексеру үшін жағдайлар қамтамасыз етеді.
Үлкен номенклатуралық құндылығы бар мекемелерде аралық түгендеу кезеңінде мекеме басшысының өкімі бойынша материалдық құндылықтарды оларды сақтау және қайта өңдеу орындарында таңдаулы түгендеу жүргізіледі.
4 АНАЛИТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Экономикалық талдау — экономикалық құбылыстар мен үрдістерді құрамдас бөлшектерге бөлуге негізделген және байланыстардың барлық көптүрлілігін және тәуелділігін оқуға негізделген мазмұнын пайымдаудың ғылыми әдісі болып табылады. Талдау- макро- және микродеңгейлерде жүзеге асырылатын басқару қызметі. Сәйкес, макроэкономикалық және микроэкономикалық талдау болып бөлінеді. Макродеңгейдегі экономикалық талдау ұлттық әлемдік экономика деңгейінде экономикалық құбылыстарды зерттейді, ол экономика саласында мемлекеттік және биліктің орындаушы органдарының шешімдерін және әрекеттерін ғылыми позиция негізінде шешуге негізделген.
Экономикалық талдау тақырыбы кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ассоциялардың, шаруашылық үрдістері, экономикалық ақпарат жүйесі арқылы көрінетін объективті және субъективті факторлардың әсерінен құралатын әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың қызметінің түпкі қаржылық қорытындысы болып табылады.
Экономикалық талдаудың мәні, мазмұны және тақырыбы негізінен төмендегі міндеттермен анықталады және тұрады:
- кәсіпорын қызметінде жоспарлаудың ғылыми-экономикалық негіздемесін жоғарлату;
- еңбек, материалдық және қаржы ресурстарының экономикалық тиімділігін анықтау;
- өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін іздеу және қорды көтеруді анықтау;
- кәсіпорын қызметіне әсер етуші объективті және субъективті факторларды анықтау;
- жоспарлар және басқару шешімдерін орындауды бақылау;
- кәсіпорынның ағымдағы және келешектегі қаржылық жағдайын анықтау.
Экономикалық талдаудың негізгі мақсаты — кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруды анықтау болып табылады. Экономикалық талдау қолданбалы ғылым болып келеді, бірақ оның нақты пайдасы өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде пайдаланылмаған қорларды анықтауды жүргізген кезде ғана іске асады. Кәсіпорын экономикасын дамыту қарқынын жоғарлату шаруашылық қорының барлығы жұмылдырылғанына, үнемділік режімінің басты қағидасы болып келетін — аз шығындармен, жоғары нәтижеге жету туралы негізгі қағидалар сақталуына байланысты.
№ |
Көрсеткіштер |
Өткен жыл |
Есептік жыл |
Ауытқу |
|
сома |
% |
||||
1 |
Сатудан түскен кіріс, мың теңге |
566 484 |
757 371 |
190 887 |
133,7 |
2 |
Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам |
53 |
66 |
13 |
124,5 |
3 |
Негізгі құралдардың орташа құны, мың тенге |
43 325 |
44 380 |
1 055 |
102,4 |
4 |
Қысқа мерзімді активтердің орташа құны, мың теңге |
237 303 |
253 094 |
15 791 |
106,6 |
5 |
Еңбек өнімділігі, теңге (1/2) |
10 688 |
11 475 |
787 |
107,4 |
6 |
Қор қайтарымы, теңге (1/3) |
13 |
17 |
4 |
130,8 |
7 |
Қор сыйымдылығы, теңге (3/1) |
0,078 |
0,058 |
-0,02 |
74,4 |
8 |
Өнімнің өзіндік құны, теңге |
545 055 |
682 614 |
137 559 |
125,2 |
9 |
Жалпы кіріс, мың теңге |
566 484 |
757 371 |
190 887 |
133,7 |
10 |
Кезең шығыстары, мың теңге |
556 253 |
701 525 |
145 272 |
126,1 |
11 |
Салық салынғанға дейінгі кіріс |
10 231 |
55 846 |
45 615 |
545,9 |
12 |
Табыс салығы |
2 046 |
11 169 |
9 123 |
545,9 |
13 |
Таза табыс |
8 185 |
44 677 |
36 492 |
545,8 |
14 |
Дебиторлық берешек |
89 415 |
10 212 |
-79 203 |
11,2 |
15 |
Қысқа мерзімді активтердің айналымдылығы (актив/міндеттеме) |
3 |
2,3 |
-0,7 |
76,6 |
16 |
Сату көлемінің табыстылығы, % (9/1) |
100 |
100 |
0 |
0 |
17 |
Активтердің табыстылығы, % (13/активтер) |
1,7 |
16,6 |
14,9 |
976,5 |
18 |
Меншікті капитал табыстылығы (9/меншікті капитал) |
3776 |
4676 |
900 |
1,3 |
Тұжырым: Кесте бойынша «VIP-ГТ» ЖШС көрсеткіштеріне сүенсек,сатудан түскен кіріс өткен жылмен есептік жылды салыстырғанда 190887 теңгеге өсіп отыр.Сол сияқты қысқа мерзімді активтердің отраша құны 15791 теңгеге өсті.Ал керісінше өткен жылмен есепті жылды салыстырғанда дебиторлық берешек 79203 теңгеге азайып отыр.Осы көрсеткіштерге сүйеніп «VIP-ГТ» ЖШС экономиқалық талдауының тиімді екенін көруге болады.
5 ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫС
Кәсіпорын құқықтық жұмысын Қазақстан Республикасының Заңымен және өнеркәсіптің жарғысымен жүргізіледі.
Қоғамның қаржылық есептілігі қоғамның бухгалтерлік балансын кірістер мен шығыстар туралы есебін, ақша қозғалысы туралы есепті және ҚР бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңдарына сәйкес өзге де есептлікті қамтиды. Қоғамның бухгалтерлік есебін жүргізу мен қаржылық есептілік жасау тіртібі ҚР бухгалтерлік есеп пен қажылық есептілік туралы заңдармен және бухгалтерлік есептің стандарттырымен белгіленеді. Жылдық қаржылық есептілігі ҚР бухгалтерлік есеп пен қажылық есептілік туралы заңдарына сәйкес жаслады.
Қоғамның қаржы – шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін мүшелерінің саны үшеу болатын ішкі аудит қызметі құрылуы мүмкін
Қоғам өз қызметінің нәтижелерін есепке алуы, қолданыстағы заңнамамен бекітілген есепте бухгалтерлік және қаржылық есебін жүргізеді. Қоғамның бас есепшісі жауапкершілік жүргізеді және кәсіпорындар мен ұйымдардың бас есепшілері үшін белгіленгіен құқықтарды қолданады. Ұйымның бас есепшісі тікелей ұйымның диркторына және Серіктестіктің бас есепшісіне бағынады.
6 САЛЫҚ САЛУ
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мелекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді.Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді . Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен , жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі-ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік- экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен , мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу — әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.
Қазақстан Республиксы Конституциясының 35 – ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады,-деп жазылған.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:
- пайда (алынған игіліктер) қағидаты
- ″қайыр көрсету″(төлем қабілеттілігі) қағидаты
Тұңғыш рет Қазақстан Республиксында заңнамалық деңгейде салық салудың қағидаттары баянды етілген . Қазақстан салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі , салық салудың айқындығы , әділдігі ,салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негізделеді.
Салық төлуеші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуның барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.
Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады.
Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік – экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді
7 АУДИТ
Аудит – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен тексеру. Нақты, әр елдердегі аудит туралы анықтама берген авторалды қарастыратын болсақ, Англия ғалымы Рой Додж өзінің “Краткое руководство по по стандартам и нормами аудита” кітабында “аудит – тәуелсіз, дербес тексеру және табыстылық ақпарат туралы өз пікірін айту”, — деп анықтама берген. Басқа бір англиядағы белгілі бухгалтерлік есеп, аудит маманы Роджер Адамс “Аудит негізінде кәсіпкерлік ретінде қызмет көрсету, қоғам үшін өте қажет мәліметтурдің дүрыстығын анықтаумен, кәсіпорынның табыстылық ақпаратын тексеріп, басылымға шыққан міліметтердің шындығын анықтау” – деп анықтама берген.
Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем – есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы – шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынып аудиторлық фирмалардың (аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.
Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты – аудиторға қажылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек.
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компаниялары, көлік және коммерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызметтерді көрсетулерді орандау, коммертциялық операцияларды ақша қаражаттары мен инветициялардың займын жүргізу бойынша сан алуан келісім – шартттық (келісімді) қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арсындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.
Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:
- Экономикалық субъектілердің (фирмалар, акционерлік қоғамдар);
- Салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;
- Қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушылардың;
- Аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және қорытынды есеп беру мақсатында.
Аудитке деген қажеттілік меншік құқығы мен кәсіпорынды басқару бөлінген кезде пайда болады. Бірақ аудитті жүргізуге деген заң талаптары жоқ кезде де қаржылық есеп беру аудитіне тән белгілі басымдылықтар болады.
Аудиттің мазмұнын қарастыру барысында оның нақты құрамы айту қажет. Олар мыналар:
- шаруашылықтағы субъеккт;
- мәлімет;
- аудитордың мамандығы;
- фактілерді жинау және бақылау;
- аудит стандарты;
- аудитор ақпараты.
Осы көрсетілген аудит элементтерін жеке-жеке қарастыру қажет.
Шаруашылықтығы субъект. Аудит жұмысын орындау үшін міндетті түрде сол субектінің шаруашылық бағытын, көлемін анықтау қажет. Оны сол субъектінің шаруашылық параметірлері құрайды. Оған аудит барысында нақты болжам жасау үшін аудит қамтитын объектілердің көлемі, мақсатты қарастырылыуы қажет. Мысалы, заң субектілері немесе эканомикалық объектіге қосылмайтын мәлімет жүйесі.
Мәлімет. Аудит жұмысы барысында тапсырушылар берген мәлімет қарастырады. Аудитор олардың дұрыстығын дәлелдеп, өзінің жаңа мәліметтерін құрайды. Сол жұмыс барысында олардан кемшілік табуы немесе дұрыс еместігін анықтауы мүмкін. Ол негізінде екі түрлі себептен болуы мүмкін;
1) ақпаратта кейбір мәліметтердің жетіспеушілігінен;
2) ақпарат дұрыс жасалғанбағандықтан.
Қорыта келгенде, жоғарыда келтірілген аудиттің міндетті құрамын қарастырмай, нақты аудит жүргізу мүмкін емес. Аудиттің міндеті мен мақсаты толық орындау үшін оның принціптерін білу қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Диплом алдындағы өндірістік тәжірибе өту барысында «VIP-ГТ» ЖШС негізгі қызметімен таныстым.
Серіктестік өз қызметін Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жүргізеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестер туралы» Заңына сәйкес және өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына, кәсіпорын жарғығсына сәйкес жүзеге асырады.
Кәсіпорын коммерциялық ұйым болып табылады.
Серіктестік ерікті түрде құрылған, орта кәсіпкерлік субъектісі мәртебесіне ие жұмысшыларының саны жылда 250 адамнан және жалпы жылдық активтерінің құны үш жүз жиырма бесмың еселенген айлықесептік көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік қызметімен айналысады.
Серіктестік қызметінің басты мақсаты – таза табыс алу болып табылады.
Серіктестіктің негізгі қызмет түрі
- кеңсе керек жарақтарын көтерме, бөлшектеп сату
- ойыншық, базарлық бұйымдарын, аудио видео CD, DVD, VCD, кітап, техниканы сатып алу – сату
- полиграфиялық қызмет
- сыртқы экономикалық қызмет
- көтерме және бөлшек сауда жасау
Бухгалтерия кәсіпорынды басқыруда ең негізгі орын алады. Ол өндірістің қаржылық жағдайын көрсетеді. Активтерді, өзіндік капиталды, міндеттемелерді есепке алуды ХҚЕС №2 сәйкес бухгалтерлік есепте шоттар жоспары сай екі жақты жазба бойынша жүргізіледі.
Негізгісі «VIP-ГТ» ЖШС бухгалтериясы жоғарғы дәрежеде жұмыс жасайды және оз алдына қойылған есептерді уақытылы және дұрыс орындауға ұмтылады.