АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Отчёт по практике: Өндірістік тәжірибе «КазФерроСталь» ЖШС зауыты

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………………………………3

1.«КазФерроСталь» Жауапкершілік шектеулі  серіктестігіне  сипаттама…………………………………………………………………………………………4

1.1 «КазФерроСталь» Жауапкершілік шектеулі  серіктестік  зауытында   еңбекті  қорғау…………………………………………………………………………………..5

1.2. «КазФерроСталь» Жауапкершілік  Шектеулі  Серіктестігінде  қауіпсіздік  техникасы  мен  өнеркәсіптік  санитария  мәселелеріне  үшсатылық бақылау  жасау…………………………………………………………………………………………………6

1.3«КазФерроСталь» Жауапкершілік  Шектеулі Серіктестігіндегі  үшсатылық  бақылау нәтижесі………………………………………………………………………………..7

2.«КазФерроСталь» Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігінің саясаты………………………………………………………………………………………………8

2.1. «КазФерроСталь» Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігінде  жұмысты ұйымдастыру………………………………………………………………………………………9

2.2.«КазФерроСталь» Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігіндегі жұмысшыларды  тағаммен  қамтамасыз  ету………………………………………….10

2.3.«КазФерроСталь» Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігінде жұмысшыларға   жеке қорғану  құралдарымен қамтамасыз ету және  беру  тәртібі…………………………………………………………………………………………………13

2.4.«КазФерроСталь» Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігінде  жеке қорғану  құралдарын күтіп  ұстауды ұйымдастыру…………………………………14

3.«КазФерроСталь» Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігіндегі ұжымдық қорғаныс  құралдары…………………………………………………………………………..

3.1.«КазФерроСталь» Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігіндегі арнайы  киімдердің  маталары……………………………………………………………………………16

3.2.«КазФерроСталь» Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігіндегі арнаулы  киімге  техникалык   сипаттама  жасау     кезінде  техникалық  талаптарды  есепке алу……………………………………………………………………………………………..20

 

Қорытынды.………………………………………………………………………………………24

Пайдаланған әдебиеттер………………………………………………………………………25

 

 

 

 

 

Кіріспе

Осы  жұмыста Қ.И.Сәтбаев  атындағы  Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті  Құрылыс және Сәулет Институтының Бжб 11-1 қ тобының студенті Бекбосынова Жадыра 2015 жылдың 5-ші  қаңтарымен 2015 жылдың 7-ші ақпан  аралығында «КазФерроСталь» Жауапкершілік Шектеулі  Серіктестігінде  өндірістік  тәжірибеде  болды.

Зерттеу  мақсаты: өндірістің  негізгі  қызметі, құрылымы  және  зауыттың өнім  өндірудегі мақсатымен  танысып, жұмысшылардың арнаулы  киімдерін  зерттеу.

Зерттеу обьектісі:«КазФерроСталь» ЖШС зауыты.  Бұл қара  металдарды  қайта  өңдеп, кәдімгі  көміртекті  болаттардан   дайындамалар  алу  және  олардан  тауарлық  өнім  — ұсақ  сұрыпты  прокат ( бұрыштық) өндіру  жөніндегі  металлургиялық  кешен. Кешеннің  құрамына  екі  электр  доғалық  пеші, шөмішпеш  агрегаты, болатты  үздіксіз  құятын  машинасы  бар  электрлік  болат  балқыту  цехы  мен  прокат  станы  кіреді. Болат  өндірудің  жылдық  көлемі- құйылған  дайындама  бойынша 60 тонна.                           Зауыттың негізігі  міндеттері: тұрақты өнім өндіруді және  шығындарды

қысқартуды қамтамасыз ету  және   шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналу үрдісіне бағытталған жеке еңбек үрдістерінің жиынтығын , өндірістік үрдістің мазмұны кәсіпорынның және оның өндірістік бөлімшелерінің құрылуына тікелей әсер етуін бақылау. Сонымен  қатар  жұмысшылардың  қауіпсіздігін  үнемі  бақылап қадағалау. 

 

 

Қауіпті  өндірістік  фактор

Әсер  етуі белгілі бір жағдайларда  жұмыс істеушінің жарақаттануына, денсаулығының кенеттен шұғыл нашарлауына немесе  өліміне   әкеп соғуы мүмкін

Зиянды  өндірістік  фактор

Әсер  етуі белгілі  бір жағдайларда жұмыс  істеушінің  ауруына немесе  жұмыс  қабілетінің  төмендеуіне және  ұрпағының денсаулығына кері  әсер етуі мүмкін өндірістік фактор.

Қауіпті аймақ

Жұмыс істеушіге қауіпті  және зиянды өндірістік факторлар әсер  ететін кеңістік.

Өндірістік жабдықтың қауіпсіздігі

Өндірістік жабдықтың нормативтік  құжаттармен  және  жеткізушінің  ақпараты  белгілеген жағдайларда құрастыру кезінде еңбек  қауіпсіздігі  талаптарына  сәйкес келуді  сақтау қасиеті

Өндірістік  үдерістің  қауіпсіздігі

Өндірістік үдерістің  оны нормативтік құжаттар  белгілеген жағдайларда жүргізген кезде еңбек қауіпсіздігі  талаптарына  сәйкес  келуді сақтау қасиеті

Жұмыс істеушінің қорғаныс құралы

Тәуекелді  болдырмау немесе  оның жұмыс  істеушіге  әсерін  жол  берілетін  деңгейге дейін азайту  үшін тағайындалған құрал

1.«КазФерроСталь» Жауапкершілік шектеулі  серіктестігіне  сипаттама

1.1 «КазФерроСталь» Жауапкершілік шектеулі  серіктестік  зауытында   еңбекті  қорғау                                                                                                                                   

Кәсіпорын өз қызметін 1995 жылдан бастаған болатын. Ол кезде жиналған металл сынықтарының бәрі түгелімен шет елдерге жөнелтілетін. Металл сынықтарын өз елімізде балқытып, қажетті тауарға айналдырумен ешкім айналысқан емес. Бұл бағыттағы бастапқы өндірісті ұйымдастыру көптеген қаражат, арнайы мамандар мен қажетті құрал-сайман талап етті. Сонымен қатар, ат салушы жандардың ниеті мен қызметінің де маңызы зор еді.Олардың ішінде Татьяна Южакова – әйел адам арасында өте сирек кездесетін кәсіпші – металлург маманы. Зауытта «темір таудың ханымы» деген атаққа ие болған Татьяна металл сынықтарын қабылдап, оны іріктеп, құрыш балқыту цехына жөнелтеді. Металлургия зауытын ұйымдастырудағы алғаш қадамдарын оның есінде анық қалған. Зауыт іргесі қаңыраған бос жерде салынды. Ол кездегі заман тұрмысы қиын болатын, дегенмен, кәсібін берік ұстаған адамдар да аз емес еді. Осындай адал жандар пиғылынан елімізде «КазФерроСталь» сияқты кәсіпорын  пайда  болған. Ал, 2003 жылы электробалқыту цехы құрылысына кірістік. Цехтың алғашқы өнімі 2004 жылдың 8 наурызында, әйелдер күні қарсаңында шықты. Осы күнді кәсіпорынның дамуындағы жаңа сатысының басталуы деп айтуға болады.          — Саладағы бәсекелік орта күннен күнге өсіп келеді, сондықтан зауыт  бір орында тұрмай, ілгері даму жолдарын іздестіруде. Қазіргі таңда зауыттың жылдық өндіріс қуаты 60 мың тоннаға жеткізілген. Енді кәсіпорын басында прокат станының құрылысына кірісіпте кеткен. Құрылыс аяқталған соң, прокатқа арналған бастапқы өнім шығарудан, соңғы сатыдағы дайын бұйым өндіруге көшеді. Бұрыштықтар, швеллер, балкалардың түрлері – құрылыс саласында кеңінен қолданылатын металл бұйымдары. Әзірше, Қазақстанда мұндай бұйымдарды өндіретін бір де бір зауыт жоқ.                                      Кәсіпорын  стратегиясында тура есеп жатыр – қазірде шетелге жөнелтілетін металл брустарының экспорт бағасы 700-800 АҚШ доллар шамасында. Соңғы өнім бағасы ішкі нарықтың өзінде одан екі есе артық. Және оған сұраныс та жыл сайын артуда.

Бұл кәсіпорынның тұтыну ортасын шетелден ішкі нарыққа қайта бағыттаған кездегі тиімділік көрсететін сирек жағдайлардың бірі шығар.

Болат  өндірудің  жылдық  көлемі- құйылған  дайындама  бойынша 60 тонна. Қазіргі  кезде  зауытта жұмыс  істейтіндер саны  478 адамды  құрайды. Зауытта 13 цех орналасқан, оның 7 цехы негізгісі  болып  табылады. Транспортты  цех, кислородты-компрессорлы цех, механикалық ремонт цехы, электрлі- қуатты  цех, инженерлі-механикалық қамтамасыздандыру цехы,жөндеуден өткізу цехы.                                

Зауыт  штатында  еңбекті  және  қоршаған  ортаны  қорғау  қызметі  бар, оның  құрамында кәсіпорындағы  еңбектің  қауіпсіз және  зиянсыз  жағдайларын  жасау  жөніндегі  жұмысты   ұйымдастыратын  және  жұмыстардың  жүзеге  асырылуына  бақылау  жасайтын  еңбекті  қорғау  бойынша  маман  бар.

Зауытқа  жұмысқа  кірген адамдар  Қазақстан  Республикасы Еңбек кодексі  талаптарына  сәйкес  тікелей  жұмыс  орнында  кіріспе  нұсқамадан өткізіледі. Зауытта  Қазақстан  Республикасы  Еңбек  кодексі   талаптарына  сәйкес   тікелей  жұмыс орнында  кіріспе  нұсқамадан, білімін  тексеру  мен  нұсқамадан  өткізіледі. Зауытта Қазақстан  Республикасы Еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау  министрінің  16.07.2007  жылғы №157 –ө бұйрығымен  бекітілген  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау  жөніндегі  нұсқаулықты  әзірлеу  және  бекіту  Ережесі талапатрына  сәйкес «КазФерроСталь» ЖШС-де   еңбекті  қорғау  жөніндегі  нұсқаулықтарды  әзірлеу мен  бекітудің  тәртібі  туралы  Ереже  дайындалған. Осы  ережеге  және  еңбекті  қорғау  жөніндегі  маман зауыттың  құрылымдық бөлімшелерінің  басшылары  және  қызметкерлер  өкілдерінің  қатысуымен жасаған  тізбеге  сәйкес  учаскедегі, цехтағы, қызметтегі, зертханадағы  әрбір кәсіп, сондай- ақ жұмыстардың  жекелеген  түрлері  (биіктіктегі  жұмыс, сынақтар) үшін  әзірлеген лауазымдық  нұсқаулықтар  қайта  қаралды. Тұтастай  алғанда  еңбекті  қорғау  мен  өнеркәсіптік  қауіпсіздік   бойынша жұмысты  ұйымдастыру « КазФерроСталь» ЖШС  ұжымына  алғащқы  болат  қорытылған  2004  жылдан  бастап  қазіргі  уақытқа  дейінгі  аралықта  шамалы  жалпы  жарақаттанушылықпен, ауыр  және  өліммен  аяқталатын  жарақаттанусыз   жұмыс  істеуге  мүмкіндік  берді: 2006 жылы  бір  жарақат тіркелді.

 Еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларға арналған шығындар

 

 Өндірістік  зияндылықтардың  негізгі  көздері  электрмен  болат  балқыту  цехында  орналасқан.  Бұл  құрамында  марганец  бар  шаң және  электр  доғалық  пештер  мен  шөміш –пеш  агрегаты  жұмыс  істеген кезде  бөлінетін  зиянды  газдар: күкіртті  ангидрид,  азоттың  қостотығы, көміртек  тотығы. Сондықтан  зауытта  бұл  цехтағы  еңбектің   санитарлық  гигиеналық жағдайларын   жетілдіруге, өндірістік зияндылықтарды   азайтуға  көп  көңіл  бөлінеді.

Жұмыстар  орындалатын  жермен  байланысты  қауіптіліктер

 

Қауіптіліктің  атауы

Төндірілетін  қауіп

Салдарлары,(ұнамсыз оқиғалар,залалы)

Өтпелер  мен шығатын жерлер

зақымданған едендер, салбыраған  кәбілдер, ылғыл еден, мұз, қоқыс, бет көлбеулігі, тегіс емес баспалдақтар, еден деңгейінің өзгеруі  және басқалар

құлау, таю және  басқалар

Биіктіктегі жұмыс

шатырдың осалдығы, шатырдың шеті, басқышта  тұрып жұмыс  істеу, едендегі тесіктер

биіктіктен  құлау

Кедергілер

төбенің аласалығы, өткір заттар

соққылар, кесіп алулар және т.б.

Сұйықтықтардың  үстінде  немесе  жанындағы жұмыс

жинақтаушылар, су қоймасының  үстіндегі  жұмыс және т.б.

сұйықтыққа құлау:

-батып кету

-улану

тұншығу

 

 

 

Авариялық жағдаяттар

шығатын есіктердің жабықтығы,шығатын  жерлерге  заттардың  үйілуі, шығатын  жерге дейінгі  ұзын  жолдар  және  басқалар 

өрт  немесе басқа да  авариялық жағдаят кезінде шығудың мүмкін еместігі

Көлік

автомобил, темір жол, жаяу жүргіншілер

өліммен  аяқталатын оқиғалар, жарақаттанулар

Табиғи  қауіптіліктер

найзағай, күшті  жел, мұздың еруі

өліммен  аяқталатын  оқиғалар, жарақаттанулар, аурулар және т.б.

 

  1.2. «КазФерроСталь» Жауапкершілік  Шектеулі  Серіктестігінде  қауіпсіздік  техникасы  мен  өнеркәсіптік  санитария  мәселелеріне  үшсатылық бақылау  жасау

 

Өндірістің  жалпы  мәдениетін  одан  әрі  арттыру, еңбек  жағдайларын, өнеркәсіптік санитарияны, жарақаттану  мен  ауруға  шалдығушылыққа  қарсы  күресті  жақсарту мақсатында «КазФерроСталь» ЖШС – де  қауіпсіздік  техникасы  мен  өнеркәсіптік  санитария  мәселелеріне  үшсатылық бақылау  жасау  туралы  Ереже  әзірленіп, қабылданды. Осы  ережеге  сәйкес  Зауыт  әкімшілігі  қауіпсіздік  техникасы мен  өнеркәсіптік  санитария  жағдайына  тұрақты  бақылау  жасауды ұйымдастырады. Бақылау  жасау сатылар  бойынша  жүргізіледі.

    Бірінші саты: Оперативтік  бақылаудың  бірінші  сатысын  өткізу  кезінде күн сайын ауысым  алдында  учаске (ауысым) мастері  бригадирмен  бірге  жұмыс  орындарын, жабдықтардың жай- күйлерін  тексереді  және  айқындалған  кемшіліктерді  жою  шараларын  қабылдайды. Тексерулердің  нәтижелері  бақылау  жасаудың  бірінші  сатысының  журналына  тіркеледі. Тексеруден кейін  учаске  жұмысшыларына  еңбекті  қорғау   жөнінде  бес  минуттық  нұсқама  өткізіледі, айқындалған  бұзушылықтарға талдау  жасалады. Мастерлер  күн  сайын  білікті жұмысшылардан  еңбекті  қорғау  бойынша  жауапты   адамдарды  тағайындайды, олар  жұмыс  ауысымы  кезінде  жұмысшылардың  өнеркәсіптік  қауіпсіздік  пен  еңбекті  қорғау   ережелері  мен нормаларын,  еңбекті  қорғау  бойынша  лауазымдық нұсқаулықтарды  сақтауына  бақылау  жасайды.

   Екінші  саты: Құрамына  механик, энергетик, цех  технологы  мен  зауыттық  еңбекті  қорғау қызметінің   маманы  кіретін, цех бастығы  басқаратын  комиссия  аптасына  бір рет  жабдықтардың, жұмыс  орындарының, өтпелер  мен  көлік  өтпелерінің  жай –күйіне, дайындамалар  мен  бөлшектерді   жинастырудың  дұрыстығына, жұмыс  істеушілердің  өнеркәсіптік   қауіпсіздік  пен  еңбекті  қорғау  ережелері  мен  нормаларын,  еңбекті  қорғау  бойынша   лауазымдық  нұсқаулықтарды    сақтауына  тексеру  жүргізеді.  Бақылау  жасаудың бірінші  сатысы  өткізілген кезде  айқындалған  кемшіліктердің  жойылуы  тексеріледі.  Бақылау жасаудың  екінші  сатысының  комиссиясы    мастерлердің  жұмысына  бақылау  жасайды,  оларға  цехтағы  еңбек  жағдайларын   сауықтыру  жөніндегі  шараларды  жүзеге  асыруына  көмектеседі. Тексерулердің  нәтижелері  бақылау  жасаудың  екіншк  сатысы  журналына  тіркеледі.

   Үшінші  саты: Зауыт  директоры  бекіткен  график бойынша  апта  сайын  құрамына бес  мамандар,  медсанбөлім, еңбек  және  қоршаған ортаны  қорғау, өрттен  қорғау қызметінің  қызметкерлері  кіретін,  бас  инженер  төрағалық  ететін  комиссия  цехтарды, учаскелерді, қызметтерді тексереді. Бақылау  жасаудың  үшінші  сатысының комиссиясы   еңбекті  қорғау  жөніндегі барлық  қолда  бар құжаттаманы  ( еңбекті  қорғау  бойынша мерзімдік  нұсқама журналдары, бірінші  және екінші  сатыдағы бақылау   жасаудың  журналдары  және т.б. ), өнеркәсіптік  санитарияның, еңбекті  қорғау мен  өндіріс  мәдениетін  тексереді. Тексерудің  нәтижелері  цехтағы, учаскедегі, қызметті  еңбекті  қорғау  мен  өндіріс мәдениетінің  жай – күйін  бағалаудың бақылау  қағазына  жазылады.

 

1.3«КазФерроСталь» Жауапкершілік  Шектеулі Серіктестігіндегі  үшсатылық  бақылау нәтижесі

    Бас  директордың  05.01.2009  жылғы  бұйрығына  сәйкес  әрбір  айдың соңғы  бейсенбісі « Еңбек  қорғау  күні» деп  жарияланды. Бұл  күні  кеңес  өткізіледі, онда  мынадай  мәселелер  қарастырылады:

  • Бақылау жасаудың үшінші  сатысын  өткізу  жұмысының нәтижелері;
  • Бөлімшелердегі өнеркәсіптік  қауіпсіздік  пен  еңбекті  қорғаудың  жай-күйі (график  бойынша  басшылардың есебі);
  • Еңбекті қорғау  жағдайларын  одан  әрі  жақсарту  жөнінде  белгілеген  қаржыны  игерудің орындалуы;
  • Еңбекті қорғау жөніндегі бұйрықтар  мен  өкімдердің  орындалуы;
  • Өндірістік жарақаттану оқиғаларын  талқылау.

 Кеңесте    бақылау  жасаудың  үшінші  сатысын өткізу  комиссиясы  еңбекті  қорғаудың  жай –күйіне қойған  айыптық баллдарының  қосынды  нәтижелері  бекітіледі  және бөлімшенің  өнеркәсіптік  қауіпсіздік  пен  еңбекті  қорғау  бойынша рейтингі  анықталады.Мысалы, қосындысында 10  айыптық  ұпайдан  аз  жинаған  бөлімшедегі  өнеркәсіптік  қауіпсіздік  пен  еңбекті  қорғаудың  жай – күйі жақсы, 10 нан 18  баллға  дейін  жинағандардыкінде  — қанағаттанарлық, 19 баллдан жоғарғыларда-қанағаттанғысыз деп  бағаланады.

«Жақсы» бағасын  алған  бөлімшелердің  басшылары  ақшалай  сыйлықақымен  марапатталады. Мысалы, 2008 жылы  наурыз  айында             ( бақылау  жасаудың  үшінші  сатысының  нәтижелері  мен  баллдық жүйе  бойынша  10  айыптық балдан  төменгі  нәтижеге  сәйкес) еңбекті  қорғау  жөніндегі  жақсы  көрсеткіштері  үшін   № 7  газ  қазандығы цехының бастығына  сыйлықақы  берілді.

Үшсатылық  бақылау жасауды  өткізуден    басқа  еңбекті  қорғау  бойынша  маман  күн  сайын  барлық  өндірістік  учаскелерді  аралап  шығып, жұмыс  істеушілердің  еңбекті  қорғау  ережелері  мен нормаларын  сақтауына  және  бақылау  жасайды.

 

2.«КазФерроСталь» Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігінің саясаты.

 

2.1. «КазФерроСталь» Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігінде  жұмысты ұйымдастыру

  Өндірістік  персоналдың  еңбекті қорғау  ережелері  мен нормаларын  сақтауға  жауапкершілігін  күшейту  мақсатында  бас  директордың  17.04.2008 жылғы  бұйрығымен  Зауытта еңбекті  қорғау  бойынша  айыппұлдық  талондар  енгізілді.

Егер  қызметкер еңбекті  қорғау  және  өнеркәсіптік  қауіпсіздіктің  ережелері  мен  нормаларын  бұзса, онда оған  айыппұлдық  талон  беріледі және  бұйрыққа  сәйкес  онымен  бірінші  рет  әңгімелесу  өткізіліп  ескерту  жасалады. Егер  ол  екінші  рет  бұзушылыққа  жол  берсе,  онда  өз  қызметтеріне  тиісті  талап  қоя  білмеген  оның  тікелей бастығы (тиісті  бөлімшенің  басшысы)  жазаланады. Қызметкер  еңбекті  қорғау, өнеркәсіптік  қауіпсіздік  және лауазымдық  нұсқаулықтардың  ережелері   мен  нормалары  талаптарын  үшінші  рет  бұзса, онда  онымен   еңбек  қатынастары  тоқтатылады.

Сонымен  қатар, зауыттағы өнім өндіру  көлемі  артып,жұмысшылардың арасында  белсенділері  болса, оларға  арнайы сыйлықақылар  беріледі.Ай сайын  10 пайыздық мөлшерде жұмыс зияндылығына және ерекше жұмыс нәтижелерін  көрсеткен жұмысшыларға 5 пайыздық қосымша ақы  төленеді.

Аттестаттаудың  нәтижелері  бойынша  еңбек  жағдайлары  мен   еңбекті  қорғаудың  жай — күйін  одан  әрі  жақсарту  жөніндегі  шаралар  белгіленеді, олар  зауыт  басшылығындағы  жауапты  тұлғаларға  оларды  жүзеге  асыру жолында  барлық  қажетті  іс – әрекеттерді  қабылдауды  және өндірісте  жазатайым  оқиғалардың  туындау  тәуекелі  мен  жұмыс   орындарындағы  зиянды  өндірістік  факторлардың  әсерін  барынша  азайтуды  міндеттейді. 

2.2.«КазФерроСталь» Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігіндегі жұмысшыларды  тағаммен  қамтамасыз ету және медициналық шаралары

 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. бұйрығымен өндірістер, цехтар, мамандықтар және лауазымдар тізімі бекітілген, сондай-ақ зиянды (ерекше зиянды) және/немесе қауіпті еңбек шарттарымен жұмыстар, ауыр жұмыстар тізбесі бекітілген, оған сәйкес осындай өндірістердің қызметкерлеріне еңбек ақының жоғарылатылған мөлшеріне, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтылығына, қосымша төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы құқығы ұсынылады.

Зауытта жұмысшыларға берілетін  тағамдар

Бидай наны

150

Балық (даяр күйінде)

25

Қара бидай наны

Бауыр (даяр күйінде)

25

Бидай ұны

15

Сары май

15

Жармалар, макарондар

40

Сүт (айран)

200

Картоп

100

Ірімшік

25

Көкөніс

150

Жұмыртқа

1/4 д.

Көк бұршақ

10

Тұз

5

Томат-пюре

2

Шай

0,5

Қант

35

Дәмдеуіштер қажетіне қарай 1 г.

Өсімдік майы

13

Ет (даяр күйінде)

150

 Тамақтану рационын витаминдермен байыту    схемасы      

Тамақтану рационы витаминдерді тағамдарға тiкелей қосу (кристалл түрiнде немесе майлы ерiтiнді-ретинол, токоферол) жолымен немесе 1-2 поливитамин дражесiн беру жолымен байытылады.
      Витамин ерiтiндiсi күн сайын, судың немесе тағамның белгiлi бiр көлемiнде қажет мөлшерi болатындай етіп дайындалады.
      Витаминдердiң су ерiтiндiлерi сақтауға келмейдi.
      Витаминдер ерiтiндiсiн дайындауды жеңiлдету үшiн мына кестені пайдалану керек:

Адам
саны

Сұйықтық мөлшерi, мл.

Витамин С, дозасы:

Витамин В1

Витамин В2

100 мг.

150 мг.

1

2

3

4

5

6

1

4

100

150

3

15

5

20

500

750

15

75

10

40

1000

1500

30

150

50

200

5000

7500

150

750

 

Медициналық алдын  алу  шараларын   өткізу

Кәсіпорында  ҚР Еңбек  кодексінің 317 бабы, 1- тармағы, 15- тармақшасының  негізінде  міндетті мерзімдік  медициналық  тексерулер мен  ҚР -сы заңнамасымен көзделген  жағдайла–да  қызметкерлерді  ауысым  алдындағы  медициналық куәландыру  өткізу  ұйымдастырылған. Қызметкерді  еңбек жағдайлары  өзгеретін  басқа  жұмысқа   ауыстыру немесе кәсіптік  ауру  белгілері  пайда  болған  кезде  медициналық  тексеру  міндетті түрде  өткізіледі.

Жыл сайын  МедСанчастың  бас дәрігері  медициналық  мекемемен  бірге  еңбектің  зиянды  жағдайларына  байланысты  қызметкерлерді  міндетті  мерзімдік  медициналық  тексеруден  өткізуді  ұйымдастырады. Мұндай  медициналық  тексеруден  өткізу  туралы  кәсіпорын  бойынша бұйрық  дайындалады. Алдын  алу  тексердің  өткізу  графигін  бас дәрігер әзірлейді  және бұйрықтың қосымшасы қызметін  атқарады.

Алғашқы медициналық көмек  қобдишаларымен  қамтамасыз  ету, жинақтау  мен олардың  қажетті  дәрі – дәрмектермен  өз  уақытында  толықтыру АҚ медпункті  арқылы  жүргізіледі.Бөлімшелерді  дәрі –дәрмектермен  өз  уақытында  өтінімдер  бойынша   қамтамасыз  ету бас директордың  жалпы  мәселелер  жөніндегі орынбасарыны жауапкершілікте  болады.

Қызметкерлер  жарақаттар алған  жағдайда Медсанчас фельдшерлері  алғашқы  медициналық  көмек көрсетеді  және  зардап  шегушіні  медициналық мекемеге  жеткізуді  ұйымдастырады.

    «КазФерроСталь» ЖШС еңбекті  қорғау  саласындағы  саясатының  аса  маңызды  бағыты  қызметкердің  өмірі  мен  денсаулығын  сақтаудың  басымдығын   қамтамасыз  ету  болып  табылады.

 

2.3.«КазФерроСталь» Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігінде жұмысшыларға   жеке қорғану  құралдарымен қамтамасыз ету және  беру  тәртібі

 

Еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғаудың  негізгі құрамдастарының  бірі – жеке  және  ұжымдық  қорғаныстың  сапалы  құралдарын  пайдалану.  Кәсіптік  аурулардың  алдын  алуда  жеке  қорғану  құраладарының  (ЖҚҚ) маңызы  зор  және  бастапқы алдын  алудың   неғұрлым  тиімді  бағыттарының  бірі  болып  табылады.

Осы  зауытта  қызметкерлерді  ЖҚҚ –мен  қамтамасыз  етудің  тәртібі ҚР Еңбек  және  халықты   әлеуметтік  қорғау  министрі міндетін    атқарушының 2007 жылғы  31  шілдедегі  №184-ө  бұйрығымен  бекітілген « Жұмыс  берушінің қаражаты   есебінен  қызметкерлерді арнайы киіммен,  арнайы  аяқкиіммен  және  басқа  да  жеке  және  ұжымдық   қорғану құралдарымен,  санитарлық – тұрмыстық  үй  жайлармен, құрылғылармен,   қамтамасыз  ету  ережесіне»  және  кәсіпорынның  ішкі жергілікті  актілеріне сәйкес  белгіленген.

 Зауытта  жеке  қорғану  құралдарының  мынадай негізгі  түрлері  қолданылады:     

  • арнайы киім  ( комбинезондар, жартылай комбинезондар, күртешелер, шалбарлар, костюмдер, халаттар, жамылғылар, алжапқыштар, жеңселер);
  • арнайы аяқкиім ( етіктер, галоштар, киіз  етіктер, қонышты  жұмсақ  етіктер);
  • қолдарды қорғау  құралдары  (қолғаптар, бес саусақты  қолғаптар);
  • басты қорғау  құралдары( телпектер, дулыға  астынан  киілетін  баскиімдер және  басқалар);
  • тыныс алу  органдарын  қорғайтын  құралдар( газтұтқырлар, тұмылдырықтар);
  • бетті қорғау  құралдары( қорғаныс  қалқаншалары);
  • есту органдарын  қорғау  құралдары( құлаққаптар, ішпектер);
  • көздерді қорғау  құралдары( қорғаныс  құралдары);
  • сақтандырғыш айлабұйымдар( сақтандырғыш  белдіктер, диэлектрлік  кілемшелер, қол  қармағыштары);
  • дерматологиялық қорғаныс  құралдары(сықпалар, кремдер, майлар).

ЖҚҚ қабылдап  алуды  ұйымдастыру

Өнім  берушіден  жеке  қорғаныс  құралдарын  дұрыс  қабылдап   алудың  маңызы зор. Қоймаға  түсетін  әрбір  партияны  қабылдап  алуды   бас  директордың  бұйрығымен  беітілген  комиссия  жүргізеді. Комиссияның  міндеті  кәсіпорында  ассортимент, үлгілер, мөлшерлерге, бойға, түс  реңктері  мен  тиісті  стандарттар,  техникалық  құжаттамалар  белгілеген  сапалық  көрсеткіштер  бойынша  өтінімге  сәйкес  келмейтін  ЖҚҚ – н пайдаланудан  сақтандыру  болып  табылады.

ЖҚҚ орамындағы стандартты  таңбалау  мәліметтерінің,  оның  ішінде  қорғаныстық  қасиеттері  бойынша  мәліметтердің  барлығы  тексеріледі.

ЖҚҚ – н  қабылдаған  кезде  комиссия  олардың  негізгі қасиеттері  мен  белгілерін  бөліп  көрсетеді. Бұл  мақсат  үшін  қорғаныс құралдарын  олардың  қасиеттеріне  қарай 5 дәреже  бойынша  бағалау  жүйесі құрылған.

 

І дәреже – тағайындалу  көрсеткіштері

-механикалық әсерлерден;

-тайғанақтаудан;

-төменгі  температуралардан;

— жоғары  температуралардан

ІІ дәреже- сенімділік  көрсеткіштері

-өндірістік  ортаның  зиянды  факторларының  әсерлеріне  төзімділігі;

-тазаланатындығы  және  басқалары

ІІІ дәреже- эргономикалық  көрсеткіштер

-жұмыс  қабілеті;

-ЖҚҚ – ның  адамды  жылы  ұстауы;

-сызықтық  мөлшерлерінің  адамның  антропометриялық  мәліметтеріне  сәйкес келуі.

ІV дәреже- экологиялық  көрсеткіштер

-Зиянсыз  кәдеге  жаратылуы;

-өңделу және екінші  рет пайдаланылу  мүмкіндігі.

V дәреже – эстетикалық көрсеткіштер

-құрылымдаудың  заманауи бағытына  сәйкестігі;

— функциялық – құрылымдық  бейімделгіштігі;

-көркемдік – реңктік  безендірілуі

 

ЖҚҚ- н  беру  тәртібі

Кәсіпорында « Жұмыс  орнының әкімшісі»  (ЖОӘ) ақпараттық  бағдарламасы  әзірленген, оған  бас  директор кәсіптер  бойынша  әзірленген  және  бекіткен арнайы  киім  беру  нормалары  енгізілген.

Қызметкерлерге  берілген  жеке  қорғану  құралдары  бой  мен  мөлшерлерге, орындалатын жұмыстың сипаты  мен  жағдайларына  сәйкес  келуі  және  еңбек  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуі  тиіс. Сәйкестік  сертификаты  жоқ  жеке  қорғану құралдарын  сатып  алу мен  беруге жол  берілмейді

 -Жеке қорғану құралдары қызметкерлерді жұмысқа қабылдау не оны басқа жұмысқа ауыстыру кезінде не осы құралдарды пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты белгіленген нормада беріледі.
-Жеке қорғану құралдарын пайдалану мерзімдері күнтізбемен белгіленеді және ол қызметкерге нақты берілген күнінен бастап есептеледі.
   -Жеке қорғану құралдары сертификатталған болуға және де киюге ыңғайлы, қозғалуға бөгет жасамайтын болып, қызметкерлердің өлшемдеріне сәйкес іріктеліп берілуге тиіс.
-Жеке қорғану құралдары (противогаздар, өздігінен құтқарғыштар, сақтандыру белбеулері, масаханалар, каскалар және де өзге де құралдар) жүйелі түрде сынақтан өткізілуге және олардың дұрыстығы тексерілуге тиіс, қорғаныш қасиеттері төмендеген сүзгіштер, шынылар және де өзге де бөлшектер уақытында ауыстырылуы керек. Тексеруден кейін жеке қорғану құралдарында келесі сынақ мерзімдері туралы белгі (таңба, мөртаңба) қойылуға тиіс.Жұмыс беруші жеке және ұжымдық қорғану құралдарына тиісті күтімді ұйымдастырады, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын алдын-ала өңдеуді, сондай-ақ оларды жөндеуді уақытында жүзеге асырады.
   -Еңбек жағдайлары бойынша қажет болған жағдайда ұйымдарда жеке қорғану құралдарын алдын ала өңдеуге арналған кептіргіштер, камералар мен қондырғылар орнатылуға тиіс.
      Егер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормалар бойынша қызметкерлерге арнайы киім мен арнайы аяқ киімнің екі немесе үш жинақтамасын беру көзделсе, жеке қорғану құралдарын профилактикалық өңдеу және жөндеу жұмыс уақытында жүзеге асырылуы мүмкін, ал қызметкерлерге осы уақытқа жұмыс берушілерде осы мақсаттарға қажетті мөлшерде болуға тиіс арнайы киімнің, арнайы аяқ киімнің ауысымдық жинақтамалары беріледі.
-Осы кезеңге белгіленген жұмыс уақыты нормасын толық орындаған қызметкерге сабын берудің айлық нормасы 500 грамнан төмен болмауға тиіс.

Зауытқа  жаңадан  жұмысқа  алынған   әрбір  жұмысшы мен маман  үшін арнайы киім  дүкенінде  берілген ЖҚҚ – н  есепке  алудың  жеке  карточкасы  толтырылады. Дүкеннің  үй жайында  вестибюль, өлшеу  бөлмесі  бар  көрсетілім залы мен  қойма  қарастырылған. Көрсетілім  залында  нормативтік –техникалық құжаттар, сондай –ақ арнайы  киімнің  арнайы  аяқкиімнің,  аяқкиімнің  және басқа да  ЖҚҚ- ң өлшемдік- бойлық межелгі  бар  кестелер  ілінген.

Арнайы  киім  дүкені  персоналының  міндетіне ЖҚҚ – н беру, есепке  алу  және сақтау, іріктеу, өлшеп  көру  кіреді. Кәсіпорында сондай – ақ тігін учаскесі  де  бар, онда  стандартты  емес  өлшемдері  бар  персонал  үшін  арнайы  киімді  бой  мен өлшем  бойынша лайықтау  жүргізіледі.

Нормалар  кәсіпорынның кәсіптері  тиісті  салалық  нормаларда  қарастырылған  әрбір қызметкерлеріне  әзірленеді. Аварияларды (өрттер, жарылыстар  мен  басқа да  оқиғалар)  оқшаулауға  және жоюға  арналған  ЖҚҚ қарастырылған. Бұл  жағдайда  қорғаныстың  тиісті  құралдары  үнемі  авариялық қызметтердің  (ӘАТҚҚО, ӨҚО) қарамағында  болады, авария  орталығынан  шығару үшін немесе  авариялардың  салдарларынан  сақтандыру  жөніндегі  жедел іс –әрекеттер  үшін  пайдаланылады. Авариялық  мамандандырылған  қызметтер  жылу  қайтаратын  костюммен  (ТОК) және  өрт сөндірушінің  жауынгерлік  киімімен  (БОП) қамтамасыз  етілген. ТОК -200 құтқарушыны  қоршаған  ортаның  температурасы 200 С-қа дейін болған  кезде жылулық  әсерлерден,  ашық  отпен  жасқанғанда 20 секундтан артық  емес уақыт, сондай –ақ жұмыс  аймағындағы  ауаның құрамындағы  артық  зиянды  газдар  мен уыттыларын  қосқанда  басқа да  сұйықтықтардың буларынан, судан, беттік –белсенді  заттар  ерітінділерінен, шоқтардан  немесе  басқа да  қоспалардан  қорғауды  қамтамасыз  етеді. БОП -200 минус 40ͦ С – тан плюс 1600ͦ С –қа дейінгі  температураға  шыдайтын  жылуға  төзімді  винилді  былғарыдан немесе  киізден жасалады.

Ашық  ауадағы  жұмыстарды  орындайтын зауыт қызметкерлері  тиісті  нормалардан бөлек қысқы  уақытта жүн  бетперделерден және  үсуге  қарсы  креммен, ал  жазға  уақытта шыбын – шіркейлік  торлармен  және масаға қарсы маймен  қосымша қамтамасыз  етіледі.

 

2.4.«КазФерроСталь» Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігінде  жеке қорғану  құралдарын күтіп  ұстауды ұйымдастыру

 

-Кәсіпорында  ЖҚҚ-н тиісті  дәрежеде  күтіп  ұстауға  арналған   кір  жуатын және химиялық тазалау орны  бар. Құрылымдық  бөлімшелерден  ластанған  арнайы  киімдер  бекітілген  графикке  сәйкес  кір  жуудың  орталықтандырылған пунктіне  жеткізіледі. Жұмыс ауысымы  ішінде  73 кг  арнаулы  киім жуылып, химиялық  тазартудан  өткізіледі. ЖҚҚ-н   алдын  ала  өңдеу  ауысымдар  аралығындағы  үзілістер  кезінде  жүргізіледі.

Кейбір  кәсіптер  үшін  нормалар  бойынша  жұмысшылар  мен  қызметшілерге  ЖҚҚ-ның  ауысымдық  жинақталымын беру  қарастырылған,  мұндай  жағдайда  өңдеу  басқа  уақытта орындалады. Қажет болған жағдайда ЖҚҚ –на ұсақ –түйек жөндеу  жұмыстары  жүргізіледі.

-«КазФерроСталь» ЖШС – да  қабылданған  талаптар мен  тиісті  логотиптерге  сәйкес  арнаулы  киімнің жаңа  дизаины  әзірленеді, ескі  үлгідегі  арнаулы  киімді  алмастыру  кезеңдер  бойынша  жүзеге  асырылуда.Қазіргі  сәтте арнаулы  киімнің  30 %  дан  астамы  алмастырылды.

ЖҚҚ – сақтаудың  тәртібі

-Кәсіпорында  ЖҚҚ –н сақтау  үшін  арнаулы  қоймалық үй-жайлар бөлінген. Үй- жайлар ЖҚҚ-н түрлері, мөлшерлері  мен  бойлары  бойынша  орналастыруды қамтамасыз  ететін  бірнеше  қабаттан тұратын ұяшықтары  бар  сөрелермен, ілгіштермен  және де  басқа  құралдармен жабдықталған. ЖҚҚ- ның дұрыс  сақталуын  тексеру  үшін  бір  тоқсанда  олардың жай күйін  бір реттен кем  емес  көзбен таңдамалы  шолып шығу  өткізіледі және  кемшіліктер  айқындалған  кезде  тиісті  шаралар  қабылданады.

-Қызметкерлерге  берілген ЖҚҚ-н сақтау үшін арнаулы  жабдықталған үй – жайлар (киім шешетін  орындар) берілген. Кәсіпорынның  әрбір  қызметтеріне екі: біреуі- таза  киімді  сақтауға, екіншісі-арнаулы  киімді  сақтауға  арналған  шкаф  қарастырылған.

 

3.«КазФерроСталь» Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігіндегі ұжымдық қорғаныс  құралдары

3.1.«КазФерроСталь» Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігіндегі арнайы  киімдердің  маталары

 

Ұжымдық  қорғаныс  құралдары

Ұжымдық қорғаныс құралдары – бұл құрылымдық   және  функциялық  жағынан  өндірістік  үдеріспен  немесе жабдықпен  байланысқан, әдетте  жұмыс  аймағында  орналасқан екі немесе  оданда  көп  қызметкерлерді  қорғауға  арналған құралдар. 

Өндірістік  факторлардың  зиянды және қауіпті  әсері  адамның өндрістік  жабдықтармен, материалдармен  және  бұйымдармен   тікелей  жанасуының  нәтижесі  болуы,  сондай-ақ өндірістік  үдерістердің  нәтижесінде  ластанған  және  өзгерген  ауа  ортасы  арқылы  жүзеге  асырылуы  мүмкін. Кәсіпорында  ұжымдық  қорғаныс  құралдарын  пайдалануды  жобалар, мемлекеттік  стандарттар, техникалық  пайдалану  ережелері мен еңбек  қауіпсіздігі  мен  еңбекті  қорғау  жөніндегі  талаптарды қамтитын  басқа  да  нормативтік  құқықтық   актілер  қарастырады.Ұжымдық  қорғаныс  құралдарының  жай  күйіне  қадағалау  жасауды өрт  қауіпсіздігі  саласындағы  тәуекелдерді  бағалауды есепке  ала  отырып, бекітілген  жылдық  графикке сәйкес тұрақты  жұмыс істейтін өрт техникалық комиссиялары , сондай- ақ  кәсіпорынның  тиісті  қызметтері  жүзеге  асады.   

Әдетте, жеке  қорағну  құралдарының  жұмыстардың  қпуіпсіздігі  қорғанысытың  техникалық  құралдарымен  (жабдықтардың  құрылымымен, өндірістік  үдерістерді  ұйымдастырумен, сәулеттік  жоспарлаушы  шешімдермен  және  ұжымдық қорғаныс  құралдарымен) қамтамасыз  етілуі  мүмкін  болмайтын жағдайларда  қолданылатыны  белгілі.

  Сонымен   бірге  қызметкер  өзінің  лауазымдық  міндеттерін  орындау  үдерісінде  ЖҚҚ –н тікелей  өзіне  киген  кезде  оған зиянды  өндірістік  факторлардан  сенімді  қорғануға  кепілдік  беретін  техникалық  және  эргономикалық  талаптар, сондай –ақ қорғаныс құралдарының  өздері  денсаулыққа, көңіл –күйге және  жұмыс  қабілетіне  қолайсыз әсер  етуіне   жол  бермейтін  гигиеналық  талаптар  кешені  қойылады. Бұл  талаптардың  орындалуы жеке  қорғану құралдары  сапасының  сипаттамаларымен  сондай-ақ оларды  таңдау  мен  қолдану  шарттарымен   қамтамасыз  етіледі, ол мыналарға:

  • нақты өндірістік  жағдайлар   үшін  тағайындалған  жеке  қорғаныс құралдары  құрылымын  дұрыс  таңдай білуге;
  • қызметкердің өлшемі  бойынша дұрыс лайықтауға;
  • дайындаушының талаптарына  сәйкес  дұрыс  пайдалануға;
  • ең операцияларының сипаты  мен  ауырлығын  есепке  алатын  еңбектің  белгілі  бір режімін  сақтауға;
  • ЖҚҚ- н қолдануды талап  ететін  жұмыстарды  орындау  үшін  қызметкерлердің  денсаулық  жағдайын  айқындауға  байланысты.

Осы  стандарттың  жобасы  ҚР Индустрия  және  сауда  министрінің 2010 жылғы  25 ақпандағы  №61 бұйрығымен  бекітілген  мемлекеттік  стандарттау  жөніндегі  2010  жылға  арналған  жұмыс  жоспарына  сәйкес  дайындалады. Стандарттың  жобасында  мыналар  белгіленіп, сипатталады:

  • жартылай бетперде  жасалатын  материалдарға  қойылатын  талаптар( бетке киілетін  бөлігі және  бекіту тартпалары) және басқа  киілетін  бөлігі
  • пайдаланылу қасиеттілігі;
  • сүзгілік жартылай  бетперде  арқылы  өту  коэффициенті;
  • тұтанғыштыққа төзімділігіне қойылатын талаптар;
  • тыныстайтын ауадағы  көміртек  қос  тотығының  мөлшеріне  қойылатын талаптар;
  • дем алу  және  дем  шығару  клапандарының  құрылымына  қойылатын  талаптар;
  • сүзгілік жартылай  бетперденің  ауа  ағынына бастапқы  қарсылық жасауына  қойылатын  талаптар;
  • шаңдануға төзімділігіне  қойылатын  талаптар;
  • алынатын элементтеріне  қойылатын  талаптар;
  • орамасындағы таңбалауға  және  сүзгілік  жартылай  бетпердені  таңбалауға  қойылатын  талаптар;
  • тасымалдау және  сақтау.

 

3.1.«КазФерроСталь» Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігіндегі арнайы  киімдердің  маталары

Арнайы киім жұмысшылардың жеке қорғаныс заттары ретінде кең қолданылатындардың санына жатады. Олар келесі негізгі талаптарды қанағаттандыруы тиіс: оны қолдану кезеңінің ішінде адамның нормалы қызметтік жағдайын және оның жұмысқа қабілеттілігін сақтауды қамтамасыз етуі; зиянды өндірістік факторлардың әсерінен сақтауы; жалпы токсикалық және теріні тітіркендіру әсерін болдырмауы; жеткілікті төзімді және эстетикалы болуы тиіс.  Қорғаныс әсеріне жету үшін арнайы киім гигиеналық талаптар кешені, яғни адамның жұмыс қабілетілігін және денсаулығын сақтауға қажетті материалдар мен құрылысқа қойылатын талаптары ескеріліп дайындалуы тиіс. 

Арнайы киімдердің алуан түрлі түрлері бар. Олар нақты өндірістік шарттарға байланысты қауіпсіз еңбек шарттарын қамтамасыздандыруы үшін ұсынылуы мүмкін. Негізгілеріне жататындар: күртеше, шалбарлар, комбинезон, тізеге кигіш және т.б. Арнайы киімнің бұл түрлері жеке және бір-бірімен үйлесім ретінде қолданылуы мүмкін.   

МЕСТ 12.4.103-83 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Киім арнайы қорғаныс, қол және аяқтың жеке қорғаныс тәсілдері. Жіктелінуі» талаптарына сәйкес және белгіленуіне байланысты арнайы киім 15 топқа және 39 топастына жіктелінеді. Арнайы киімнің жіктеліну негізіне өндірістік факторлардың зиянды әсерінен қорғаныс қасиеттері салынған.  

Арнайы киімдерге күрделі кешендік талаптар қойылған: қорғаныстық, гигиеналық, эксплуатациялық және эстетикалық. Арнайы киімнің әрбір түріне эксплуатациялық шарттарына сәйкес нақты талаптар қойылады.

Электрлік алаңнан және электростатикалық тоқтардан қорғауға арналған киім электрөтімділік қасиетке ие және экранирлік әсерлі материалдардан дайындалуы тиіс. Сонымен қатар, ол барлық дененің бөліктерін (басты, бетті, денені, қолды, аяқты) кешенді қорғауды қаматамасыз ету қажет.

Ерекше талап антистатикалық киімге қойылады. Бұл киімдерге арналған материалдар кем дегенде 105-09 Ом беттік кедергілікке ие болуы тиіс. Ең үздік антистатикалық қасиеттерге құрамында өте жұқа көмір бөлшектері бар материалдар ие. Олардың беттік электрлік кедергісі 100-10000 Ом болады. 

Арнайы киім көмегімен адамға максималды сәйкес келетін микроклимат құрылады: температурасы 28-32 °С, сондай-ақ салыстырмалы ылғалдылығы 20-40% және ауаның жеңіл айналуы. Мұндай киімдер ағзаның жылу жоғалтуын төмендетуге, дене терісінің бетін механикалық зақымданудан, кірден, шаңнан және т.б. сақтауға арналған. Арнайы киімдерге қойылатын басты гигиеналық талаптар – міндетті түрде жылусыйымдылық, климаттық жағдайларға, жыныс ерекшілігіне, еңбектің белсенділігіне, денсаулық жағдайына және т.б. қатынасы бойынша ауаөтімділігік қасиеттеріне сәйкес келуі. Арнайы киімнің пішімі мен құрылысы мүмкіндігінше максималды қозғалыс кеңдігін қамтамасыз етіп, демалысы мен қанайналымын қиындатпауы қажет.      

Жылдың суық уақыты кезінде арнайы киімдер үшін қалыңдығы мен көлемдік салмағы жоғары емес, механикалық әсерлер кезінде, жоғары ылғалдылық шарттарында, ұзақ киілу барысында өз қасиеттерін жоғалтпайтын материалдар сәйкес келеді. Өйткені, материал қалыңдығының азаюы ондағы ауаның азаюына ықпал етеді, бұл арнайы киімнің жылусақтаушылық қасиеттерінің төмендеуіне негіз болады. Мұндай киімдерді дайындау үшін ең тиімді қасиеттерге табиғи жолмен пайда болған материалдар ие бола алады. Ал синтетикалық маталар арнайы киімнің сыртқы қабатына өте жақсы сәйкес келеді, өйткені олар атмосфералық ылғалдан жақсы қорғайды. Тұмаудан сақтану үшін белсенді тербөлуді тудыратын артық жылуқорғаушылықтан сақтану қажет. Олар киімді дымдандырып, жылусақтағыш қасиеттерінің төмендеуін туындатады.  

Жылдың жылы кезеңдерінде жылуды сақтамайтын және сонымен қатар терді жақсы сіңіретін материалдардан дайындалған киімдер сәйкес келеді. Бірқалыпты климаттық жағдайдағы жұмыс үшін жаздық киім ультракүлгін сәулелерін максималды мүмкіндігінше өткізуге ыөпал етуі тиіс. Аптап ыстық климат үшін арнайы киім сәулелік жылудан экран құруы тиіс. Күн радиациясынан ең жақсы қорғанысты ашық түстерден дайындалған жылтыр киімдер жасайды. Егер арнайы киімнің тігісін гигиеналық жағынан қарастырсақ, онда мақтаматалы материалдар көбірек сәйкестенеді. Синтетика өте тез кірленеді, ылғалсыйымдылық және гигироскопиялық қасиеттерге ие болмайды, дене терісінің тыныс алу қызметін бұзуға ықпал етеді, статикалық электрлікті жинақтайды, сондай-ақ аллергиялық реакциялардың пайда болуы туындатуы мүмкін.       

Азаматтық персоналдарға, жұмысшыларға және басқаларға, көбіне телефондық байланыс станциялық жабдық инженерлеріне арнайы киімдердің, арнайы аяқ киімдердің және басқа да жеке қорғаныс заттарының тегін берілу типтік нормаларына сәйкескелесі арнайы киімдердің түрлері берілу қажет: халат немесе мақтаматалы костюм – дана, былғарыдан жасалған бәтіңке немесе тапочкалар – 1 жұп 2 жылға, резеңке қосылған алжапқыш – төзгенше, медициналық резеңкелі қолғаптар – 6 жұп, тыныс алу ағзаларын қорғаудың жеке заттары аэрозольге қарсы – кезекші.   

Нақты мамандықтағы жұмысшыларға арналған арнайы киімдердің сапасы көбінде еңбек шарттарын білумен анықталады. Жұмысшылардың еңбек шарттарын меңгеру бойынша ең алдымен келесілерге көңіл бөледі: өндірістік факторлардың сипаты мен олардың әсер ету деңгейі (барлық беті немесе локальды аумақтары бойынша); орындалатын жұмыстардың ауырлығы; сипаттық қозғалыстар; эксплуатацияның нормативті уақыттары (арнайы киімдердің, аяқ киімдердің және қорғау өажеттіліктерін тегін беру нормаларына сәйкес); эстетикалық талаптары (түстік шешім, өнеркәсіптің өндірістік интерьеріне сәйкестігі).    Осы факторлар ескеріле отырып, арнайы киімдер құрастырылады. Мысалы, метеорологиялық берілгендерге, физикалық жұмыстардың белсенділігіне, жұмыс орнында болу уақытына сәйкес материалдар таңдалынады және өндірісте адамның жылуалмасуы үшін қолайлы шарттарды қамтамасыз ететін киім құрылысын құрастыру. Өндірістік факторлардың сипатына және адам қозғалысына сәйкес материалдар таңдалынады және осы факторлардан қажетті қорғанысты және қозғалыстың кеңдігін қамтамасыз ететін киім құрылысы құрастырылады. Таңдалынған материалдар мен құрылыстар арнайы киімдердің төзу уақытымен және адамның жұмысқабілеттілігімен шартталады.    

Эргономикалық жетілдірілу деңгейі келесі кешендік көрсеткіштер бойынша бағаланады: антропометриялық, гигиеналық, физиологиялық, психофизиологиялық,психологиялық.                                                                  Арнайы киімнің антропометриялық көрсеткіштер сапасы адам денесінің өлшемдері мен пішініне сәйкестігін сипаттайды.

Арнайы киімнің гигиеналық көрсеткіштер сапасы – эргономикалық критерийлердің ең маңыздысы. Гигиеналық көрсеткіш бұйымның жылуды сақтау немесе болдырмау, киім асты кеңістігіндегі ылғалды және ағзаның өміртіршілік азықтарын жою қабілеттерін бағалайды. Физиологиялық көрсеткіш адамның арнайы киімдегі ағзаның жылулық жағдайын, күштік және энергиялық мүмкіндігінің сәйкестігін сипаттайды. Көбінде, арнайы киім дайындалған материалдар майысу кезінде минималды қаттылық мүмкіндігіне және адамның максималды серпімділікке ие болуы тиіс. Бұл киімнің кедерлігі адамның шаршауын туғызбауы тиіс.       Арнайы киімнің психофизиологиялық сапа көрсеткіші адамның сезу ағзаларының қызметтік ерекшеліктеріне сәйкестігімен анықталады: көзбен көру, құлақпен есту, етпен сезіну, иіс сезу, кинестатикалық (бұлшықтық) және т.с.с. Беттік шағылысуы жоғары коэффициентті материалдардың қолданылуы (мысалы, металданған) көздің көру өткірлігін, көзбен көру анализаторының өтімділік қабілеттілігін және т.б. нашарлатуға ықпал етуі мүмкін.

Психологиялық көрсеткіш арнайы киімнің жеке элементтерін қолдану ыңғайлығын, оны кию және шешу қолайлығын, адамның көру түсінің мүмкіндігіне бұйым түсінің сәйкестігін сипаттайды. Осыларды ескере отырып, арнайы киімдерді жобалау барысында қалталардың қолданылу қолайлығы және еңбектің қажетті заттарының орналастырылуына байланысты басқа да құрылыстық элементтерімен бағаланады.

 

Слесарь-жөндеуші

Астары мақта матадан тігілген костюм (куртка және шалбар немесе шолақ комбинезон)

1 жылға

2 жинақ

Бактерияға және статикаға қарсы қабаты бар баскиім

1 жылға

2 бұйым

Табиғи былғарыдан жасалған жылы бәтеңке (немесе етік). Табаны май мен су сіңдірмейтін, сырғанамайтын және тозуға төзімді протекторлы, тұмсығы қатты металдан жасалған.

2 жылға

1 жұп

Құрама биялай

1 жылға

24 жұп

Қорғаныш көзілдірік

1 бұйым тозғанша

Қорғаныш каска

1 бұйым тозғанша

Күкірт сутегі, радонды және басқа да минералды суларды жіберу және қыздыру, жөндеу кезінде және оларды ванналар мен себезгілерге жібергенде, сондай-ақ штольняларда қызмет көрсету кезінде қосымша:

Жеңұшы ұзын резеңке биялай

1 жылға

24 жұп

Противогаз

1 бұйым тозғанша

Сыртта жұмыс істегенде:

Желден қорғайтын су өткізбейтін капюшоны бар жадағай

1 жылға

1 бұйым

Табаны сырғанамайтын резеңке етік

2 жылға

1 жұп

 

Энергетик

Астары мақта матадан тігілген костюм (куртка+шолақ комбинезон/немесе шалбар)

2 жылға

1 жинақ

Резеңкеленген мақталы негізді биялай

1 жылға

6 жұп

Диэлектрлік биялай

1 жылға

6 жұп

Резеңке етік

3 жылға

1жұп

Баллондарды толтырушы

Май мен су сіңдірмейтін қабаты бар мақта матадан тігілген костюм (куртка+шолақ комбинезон/немесе шалбар)

1 жылға 1 жинақ

Су өткізбейтін резеңкеленген мақта матадан тігілген (немесе пленкалы қаптамасы матадан тігілген) алжапқыш

1 жылға 1 бұйым

Табаны май мен су сіңдірмейтін, сырғанамайтын және тозуға төзімді протекторлы, тұмсығы қатты металдан жасалған, табиғи былғарыдан жасалған бәтеңке (немесе етік)

1 жылға 1 жұп

Поливинилхлорид (немесе полимер) алақандығы бар мақта матадан тігілген жылы қолғап

1 жылға 4 жұп

Противогаз

1 бұйым кезекші

«В-1» типті жарық сүзгісі бар поликарбонатты (немесе минералды) беріктендірілмеген шыны

1 бұйым тозғанш

Өнеркәсіптік темір бетонды құбырларды салушы

Мақта матадан тігілген комбинезон

1 бұйым

1 жылға

Поливинилхлорид (немесе брезент) алақандығы бар жылы мата қолғап (немесе полимер қаптамасы бар биялай)

12 жұп

12 жұп

1 жылға

Сигналдық комбинезон немесе сигналдық костюм (куртка+шолақ комбинезон/немесе шалбар)

1 бұйым

1 жылға

Тұмсығы қатты табиғи былғарыдан жасалған бәтеңке

1 жұп

1 жылға

Қыста сыртта жұмыс істегенде қосымша:

Мақталы негізді қалың куртка. Астары ағытылмалы

1 бұйым белдеу бойынша

Астары бар мақталы негізді қалың шалбар

1 бұйым белдеу бойынша

Резеңке табанды пима немесе

Тұмсығы қатты табиғи былғары қалын бәтеңке

1 жұп

белдеу бойынша

Жылы астары бар мақта матадан тігілген сигналдық костюм (куртка+шолақ комбинезон/немесе шалбар)

1 жинақ

белдеу бойынша

Қорғайтын қаптамасы бар, астары жүннен тоқылған аязға төзімді биялай

3 жұп

1 жылға

       

 

3.2«КазФерроСталь» Жауапкершілік Шектеулі Серіктестігіндегі арнаулы  киімге  техникалык   сипаттама  жасау     кезінде  техникалық  талаптарды  есепке алу

   Қазақстан  Республикасының  Жеңіл  өнеркәсіп  кәсіпорындарының  қауымдастығы  1999 жылдың  соңында  құрылды,  тоқыма, тігін, трикотаж, былғары-тері,  сондай-ақ  аяқкиім  кәсіпорындарын  біріктіреді.                        Жеңіл  өнеркәсіптің  қазақстандық  компаниялардың  іс жүзінде  80%-ы  өндірістің  әр түрлі: мұнай-газ,  құрылыс, көлік, күзет кәсіпорындары,  медицина  және  басқа  салаларының  жұмысшылары  үшін  арнаулы  қорғаныс  киімі  мен аяқкиім  шығару  нарығында  жұмыс істейді. Сапалы  арнаулы киім  бәріне де  қажет, өйткені  бұл өндірістегі  қызметкерлердің   денсаулығы үшін  сенімді  қорғаныс, сондай-ақ  еңбек  өнімділігін  арттыруы  да мүмкін.  Арнаулы  киімнің  артықшылықтары туралы  көп  айтуға  болады,  алайда  көптеген  зерттеулер  арнаулы киімің   сапасы  бірінші  кезекте  мата  мен барлық  қосалқы  материалдарға (жіптер,  сыдырмалар  және басқалар ) байланысты  екендігін  растайды.                                                                        

Тендерлік   құжаттаманың  техникалық  бөлігіне  талдау  жасау  негізінен  берілетін  тауарға  қойылатын   талаптардың  кәсіби  емес  деңгейде жасалған  сипаттамасының  байқалатынын  көрсетеді.  Мысалы, «номекс », «пробан» және  басқа  да  үлгідегі  отқа төзімді  маталар  бір  позицияда  үтір  арқылы  санамаланады.  Алайда   бұл  жинақталымдардың  сипаттамалары  мен  бағасы  бір-бірінен  айтарлықтай  ерекшеленеді.

    «Номекс »  маталарынан  тігілген  киім «пробан»  маталарынан  тігілген  киімге  қарағанда  3 есе қымбат.  Бір уақытта  өткізілетін  тендерге  біреулер   «номекс » маталарынан  тігілген  арнаулы киімді , басқалары  мүлдем  әр түрлі сипаттамалары  бар неғұрлым  арзан  маталар  пайдаланылған  арнаулы киімді  ұсынған  болып  шығады.  Бұл  тауарларды  салыстыру  көпке- көріну  мүмкін  емес. Бұған  қоса,  отқа  төзімді  өнім  міндетті  түрде  арнаулы  затбелгімен  таңбалануы  тиіс, алайда  техникалық  ерекшеліктерде  бұл  көрсетілмейді. Немесе  басқа  бір мысал. Тендерлік  құжаттамада   бұрынырақта  қыстық  арнаулы киім  жасау үшін   пайдаланылатын  «синтепонның» орнына   «тинсулейт»  жылытқышын  көрсету  сәнге  айналды. Бұл  өнімді  таңбалауға  қойылатын  ешқандай  талаптар  жоқ,  оның  түрі  көрсетілмеген . Ал  бұл болса  тіркелген  сауда  белгісі   және  бұл өнімнің  беделі  өте  байсалды  іс.

      Көбінде  кейбір  компаниялар  тендердің  өзіне  өзіндік  құнынан  анағұрлым  төмен  бағаны қояды, өйткені  оларға  бұл тауардың  құны  беймәлім.  Және де  таңғаларлығы- солар  жеңіп  шығады. Өйткені   сапа емес, ең  төменгі  баға  жеңіп  шығады. Алайда  бұл  адамның  қауіпсіздігіне  қауіп  төндіреді.  Сапа  мен  жоғары  технологиялар  көп  ақшаны  талап етеді.

    Шығар  жол қайда? Біз  оны  осы  бағыттарда   жүйелі  жұмыс  жүргізуден көреміз.

 Біріншіден ,арнаулы саланың мамандарын қатыстырумен сараптама жүргізу және  техникалық  сипаттамалардың  талаптарына  сәйкес  келмейтін  өнім  берушілерді жазалау  қажет .

    Екіншіден,  салалық  мамандардың  қатысуымен  техникалық  ерекшеліктерді  қайта  қарастыру   қажет.

    Қауымдастық  техникалық  реттеу  жүйесіне  өтуді  жүзеге  асыру  үшін  Ведомствоаралық  комиссияның  құрамына  кіреді.

2009 жылы  Қауымдастық  жанынан  жеңіл  өнеркәсіп  саласында  стандарттау  бойынша  №73  Техникалық  комитет  құрылды, ол  тауарлар  шыққан  елді  анықтауға  сараптама  жүргізеді,  мемлекеттік  салалық   стандарттар,  жіңіл өнеркәсіп  өнімінің  қауіпсіздігі  туралы  техникалық   регламенттер   әзірлейді.

   Атап  айтқанда, Қауымдастық  Кеден  Одағы  жеңіл   өнеркәсіп  өнімінің  қауіпсіздігі  туралы  Техникалық  регламент  әзірледі. №73  Техникалық  комитетінің  құрылымында  қосымша  комитет- арнаулы киім  мен ЖҚҚ-н  әзірлеу  мен ендірудің  әдістемелік  орталығы  қарастырылған.      Орталық  еңбекті  қорғау  саласындағы  талдаушылық  жұмыстар  мен  консалтинг  жүргізуге,  кәсіпорындардың  корпаративтік  стандарттарын  әзірлеуге  мамандандырылған  және  жоғарыда  баяндалған  проблемалық  мәселелерді  шешу бойынша  өз  қызметтерін тегін негізде  ұсынуға  дайын. Корпаративтік  стандарт- бұл  кәсіпорынды , өндірісті  егжей-тегжейлі  зердегеннен  кейін  барлық  бизнес-үдерістер, өнеркәсіптік  қауіпсіздік,  еңбекті  қорғау   және   қызметкер  денсаулығын  сақтаудың  мақсаттары мен құралдары  баяндалатын  құжат.

   Егер  «Үлгілік  салалық  нормалар»  «не?»  және  «кім  үшін ?»  деген  ұйғарым  жасаса,  стандарт  «қандайлар ?»  сұрағына  жауап  береді. Ол  қорғаныс  құралдарының  барлық  топтары:  киім,  аяқкиім, ЖҚҚ, құлаудан  қорғану  құралдары  және  басқалары  үшін  әзірленеді.

    Корпаративтік  стандартты  әзірлеу  кезінде  мынадай ақпарат  есепке алынады:

  • ЖҚҚ құрылымына  қойылатын  талаптар;
  • ЖҚҚ-ның әрбір  түріне  бекітілген  нормалар;
  • Өндірушілер туралы мәліметтер;
  • Әрбір ЖҚҚ-ын   пайдаланумен  орындалатын  жұмыстардың  тізбесі;

  Корпоративтік  стандарттың  ерекшелігі  әрбір  кәсіптің  өзіндік  ерекшелігі  ескеріле отырып, нақты  кәсіпорын  үшін  жасалатындығында ,  таңдап  алынған ЖҚҚ-ның  тек МемСТ-қа  ғана  емес,  сондай-ақ  еуропалық  нормаларға- EN  сәйкес  келуін  көздейтіндігінде

  • Алмастыру шарттары, тиімді пайдалану жөніндегі  ұсынымдар  және  ЖҚҚ-мен  жұмыс  істеген  кездегі сақтық шаралары (олардың  жұмыс  қабілетін  қамтамасыз ету үшін).

Сондай –ақ  орталық  Корпаративтік  стиль  әзірлеумен  айналысады, ол  кәсіпорын  беделінің,  оның  мәдениеті  мен  ырыс-берекесінің  ажырамас  бөлігі  болып  табылады.  Нақ  осы  корпоративтік  стиль  қандай да бір  компанияны  милиондаған  тұиынушыларға  танымал етеді.

Корпоративтік  стильді  әзірлеу  және  жинақтама  шығару мынадай  кезеңдерді  қарастырады:

  • Кәсіпорында болу  және  оның  жұмыс  ерекшеліктері  туралы  мәліметтер  жинау;
  • Корпоративтік түстер  мен   кәсіпорын- тапсырыс  берушінің  нышандамасын  қолдана  отырып, арнаулы  киім  мен  арнаулы  аяқкиім  нобайларын  дайындау;
  • Еңбек қауіпсіздігінің   базалық  стандарттарына  сәйкес, климатты  және  қызметкерлердің   кәсіптік  міндеттерін  есепке ала  отырып,  арнаулы  киім мен  арнаулы  аяқкиімнің   модельдерін  жасау;
  • Құрылымдау құжаттамасын  әзірлеу  және тіркеу;
  • Киім тізімдемесін, оның ішінде  электрондық   түрде дайындау;

Кәсіпорын   киімді  автоматты  жобалау  жүйесімен  жарақтандырылған.

  Орталық  мамандары  арнаулы киім  мен ЖҚҚ-н дұрыс таңдау  және тиімді  қолдану  мәселелерінде  жәрдем  береді,  заманауи ЖҚҚ-н  пайдаланудан  болатын  экономикалық  тиімділікті  есептеуге  көмектеседі, еңбекті  қорғау  мәселелерінде  сарапшылар  болып  табылады  және  өнеркәсіптің  әр түрлі  салаларындағы  кәсіпорындардың  еңбекті қорғау  жөніндегі  мамандарымен   үнемі  қарым-қатынаста  болады. Тұтынушылар  Орталық   мамандарының  кәсіпқойлығына  лайықты   бағасын  береді   деп есептейміз.

      Әдістемелік  орталық  сондай-ақ  әр  түрлі  кәсіпорындардың   мамандарына  арналған  оқытушы семинарлар  ұйымдастырумен   де айналысады. Семинарлар  не  әдістемелік  орталықтың  базасында, не кәсіпорынға  барып  өткізіледі.Семинарлардың  тақырыптарын   түзу  кезінде  қатысушылардың  ұсыныстары  есепке   алынады,  мәселелер  талданады  және  соңғы  нәтижеде  тыңдаушыларға   барынша   қолданбалы  сипаты   бар  материал  ұсынылады.Семинар   бағдарламасы   тақырыптама  мен  қатысушылардың   құрамына  байланысты  жеке  де  әзірленеді.

 

Қорытынды

Өндірістік  тәжірибе  адам  өмірін қорғау,өндірістік  жұмыстар  және метал балқыту саласында  кең  көлемде білім  берді.Өндірістік  тәжірибені  өту  барысында «КазФерроСталь» ЖШС зауытында металл балқыту және өңдеу, цехтардың жұмыстарымен таныстық.

Бүгінгі  таңда зауыт  өнім шығару  пайызын  арттырып, ай  сайын 5500 тоннаға жеткізбек, жаңа  аппараттар орналсатырылады  деп  күтілуде.Әрбір  жұмысшының  өмірін  және денсаулығын  қорғау мақсатында  әр  түрлі  шаралар  ұйымдастырылуда,атап айтатын болсақ: жеке қорғаныс  құралдарымен, тағамдармен,арнайы сыйақылармен және  ерекше  көрсеткіштері болса арнайы  демалыс  күндерін  қосып беруде. 

Зауытта орта сұрыпты  прокат, швеллер ,арқалық және бұрыштық шығаратын прокат  цехының  екінші  кезегінің  құрылысы  аяқталып келеді. Бұл «КазФерроСталь» ЖШС-не жылына 92 мың тоннаға дейін  прокат  өнімдерін шығаруға және  қосымша 270 жұмыс орнын құруға  мүмкіндік  береді.Сонымен  қатар  қоршаған  ортаны  қорғау мақсатында  зауыт  жанына  ағаштар  отырғызылып, егін  егілмекші

Транспортты  цехта: ховосамосвал,зил самосвал, 2 авто кар, тепловоз, 70 тонналық кран, жұмысшыларды  таситын арнайы 2 автобус бар.

Кәсіпорын мақсаты-металдарды өңдеп, сапалы  прокат  өнімдерін  дайындау және  оның  көлемін  арттыру.Жұмыс  орнында жұмысшылардың қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету

Көрcетiлген жеке қорғану құралдарының жарамдылық мерзімін, оның iшiнде олардың тозу пайызын, ұйымның еңбектi қорғау жөніндегі комиссиясы немесе жұмыс берушiнің уәкiлетті лауазымды тұлғасы белгілейді.    Кезекші ретінде берілетін жеке қорғану құралының кию мерзімін еңбек сипаты мен жағдайларына байланысты ұйымның еңбектi қорғау жөніндегі комиссиясы немесе жұмыс берушiнiң уәкiлетті лауазымды тұлғасы бекiтедi. Көрсетілген мерзімдер аталған өндірістің қызметкерлері үшін берілетін жеке қорғану құралдарының кию мерзімінен кем болмауға тиіс.
Кәсіпорын  артықшылығы- өнім өндіреді және  99 пайыз таза кислород  шығарады.Шығарылған  кислородты  Қазақстанда медицина  саласында  көптеп  қолданады.Қаржы экономикалық қызметінің  барлық  көрсеткіштері  бойынша  өркендеу  байқалады  және  болашағы зор кәсіпорын  боып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.Қазақстанда еңбекті  қорғау  журналы №7(79)2012 ж.33-35 бет

2.Қазақстанда еңбекті  қорғау  журналы №12(48) 2009 ж. 4-10 бет

3.Қазақстанда еңбекті  қорғау  журналы №9(69) 2011 ж. 27-35 бет

  1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі: 15 мамыр 2007 жыл //  «ПАРАГРАФ» ақпараттық жүйесі// www.zakon.kz
  2. «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы: 7 ақпан 2005 жыл, № 30 // «ПАРАГРАФ» ақпараттық жүйесі// www.zakon.kz

6.www.google.kz интернет сайты

7.www.kmg.kz