АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Отчёт по практике Жергілікті желілер

 

ЖОСПАР:

 

І. КІРІСПЕ

 

ІІ. ЖАЛПЫ БӨЛІМ.

2.1. Жергілікті желінің негізгі түрлері:

а) Корпоративті және аймақтық желілер

ә) Телекоммуникациялық есептеуіш желілер

б) Интернет желісі

 

ІІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

          3.1. Жергілікті желілер

          3.2. Байланыс хаттамалары. Желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар

          3.3. Ауқымды компьютерлік желі

 

  1. ҚОРЫТЫНДЫ

 

  1. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Мен бұл өндірістік практиканы Атырау қаласындағы Коммуналдық Мемлекеттік Кәсіпорны жанындағы «Ақпараттық жүйелер және технологиялар орталығында» өттім. Бұл орталық Республикамызда қолға алынып жатқан Электрондық үкімет құру саласында жұмыс атқарып жатыр. Электрондық үкімет құрудың  алғашқы этаптарының бірі жергілікті облыстық және қалалық әкімшілікте желі жүргізу болғандықтан, бұл орталықтағы білікті мамандар қазіргі уақытта желілік кабельдермен жұмыс істеуде. Осы практика барысында мен  компьютерлік желілер туралы жалпы мағлұмат алып, оларды құрудың тәжірибе жүзінде қалай іске асатындығын танып білдім. Сондықтан да, осы өндірістік практика есебін компьютерлік желілер және сол желілерде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар түсінігі ретінде дайындап отырмын.

Жалпы алғанда, компьютерлік желілер дегеніміз – ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Электрондық үкімет құруда бұл желілер ең маңызды роль атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Телекоференция хабары серверде үш күннен жеті күнге дейін сақталады. Осы уақыттың ішінде кез келген тұтынуша өзі қосылған провайдер серверіндегі осы конференция хабарын оқи алады.

World Wide Web (WWW) қызметі. World Wide Web – Интернеттің ең қарапайым және өте кең тараған қызмет түрі болып табылады. Көбінесе оны тек Web деп атайды. Бұл қызметтің танымалдығы сонша, оны көпшілік Интернеттің өзі деп біледі.

Электрондық пошта да, телеконференция жүйесі де ақпарат алмасудың кәдімгі жүйесі іспеттес. «Пошталық жәшігімізді» ашып, оған келіп түскен хабарларды көре береміз. World Wide Web қызметі интерактивті түрде (сауалға жауап беру) жұмыс істеуге арналған. Ол ақпаратты іздеу және жинауға мүмкіндік береді. WWW-мен жұмыс істеу қызғылықты орындарды аралап көру мақсатында әлемге саяхат жасаумен өте ұқсас, тек мұндағы әлем экрандағы сурет, яғни елестету (виртуалды күйінде) болады. World Wide Web қызметін пайдалануда HTML «құжаттарының пішімі» (мәтін пішімі) және «гипермәтіндік сілтемелер» деген негізгі екі ұғым бар.

 

3.3.5. HTML пішіміндегі мәтіндік құжаттар. HTML – компьютерлік желіде тасымалданатын мәтіндік құжаттарды түрлендіре отырып пішімдеуге арналған арнайы тіл (оны құжаттарды белгілеу тілі деп те атайды). Мұнда құжаттардың баспаға шыққандағы пішімі емес, олардың электрондық түрдегі, яғни экрандағы пішімі туралы айтылып отыр.

Электрондық түрде тасымалданатын Web-құжаттар (Web-парақтар) баспаға шығаруға емес, тек экранда көруге арналған. Бұл құжаттардың қандай компьютерде (экраны үлкен-кіші, түрлі-түсті, дыбыстық тақташалары бар немесе жоқ т.б.) оқылатыны алдын ала белгісіз болады. Сондай-ақ, сол құжатты оқитын компьютерде мәтін жазылған қаріптің түрі орнатылған ба, жоқ па, терезе мөлшері қандай екені де белгісіз.

HTML – белгісіз құрылғыларда (қарап шығуға арналған) экрандық құжаттарды рәсімдеуге арналған арнайы тіл. HTML тілінде құжат құру программалауға ұқсас болып келеді. Құжат авторы әдеттегі мәтін қаріптеріне арнайы кодтарды (оларды тег деп атайды) енгізеді. Құжатты оқыған мезетте осы тегтер командалар қызметін атқарады. Мысалы, абзацтың бас жағында <CENTER> деген тег тұрса, құжатты оқыған кезде оның мәтіні жазылған қаріп түрі мен оқылатын терезенің мөлшерінен тәуелсіз түрде сол абзац терезенің ортасына ығыстырылып тураланады.

Гипермәтіндік сілтемелер. HTML тегтері құжаттың жолдарын туралауға, экран фоны, яғни реңі мен мәтін әріптерінің түсін басқаруға мүмкіндік береді. Тегтердің көмегімен мәтін ішіне әр түрлі сурет енгізіп, олардың айналасына сөз жазу, сондай-ақ парақтарды безендіруге болады. Осы әрекеттерді орындап мазмұны тартымды Web-құжат құруға болады.

Web-құжатты кәдімгі газет-журнал сияқты оқитын болғандықтан, Web жарияланымдары деп те атайды.

HTML тегтерінің ішінде гипермәтіндік сілтемелер құруға арналған арнайы түрлері болғаны. Гипермәтіндіксілтеме дегеніміз – мәтіннің немесе оның маңындағы суреттік бейненің басқа Web-парақтардың желілік адресімен байланысып, ерекшеленген бөлігі. Әдетте гипермәтіндік сілтемелері бар сөз тіркестері олардың астын сызу немесе басқа түске бояу арқылы ерекшеленіп тұрады. Гиперсілтемелік мәтінге курсорды жылжытып алып барса, оның түрі өзгереді. Сол мезетте гипермәтіндік сілтемені нұсқап тұрып тышқанның сол жақ батырмасын шертсе, басқа сервердегі немесе басқа құрлықта орналасқан компьютердегі Web-параққа жылдам ауысуға болады.

Web-парақтардың адрестері. Әрбір Web-парақтың өзі жеке Web-09жат болып табылады. Бұл Web-парақтардың кәдімгі мәтіндік құжаттардан жазылу пішімі ерекшелеу болады және олардың атауы. HTML деген жалғаумен (кеңейтілуімен) жазылады. Біз әрбір сервердің әлемдік желіде өзіндік адресі болатындығын айтқан болатынбыз. Сондай-ақ, жер шарындағы әрбір компьютердегі орналасқан файлдың адресін – оны іздеу жолы (маршруты) немесе электрондық адресі деп атайды. Сондықтан Интернеттің ақпараттық өрісіндегі әрбір құжаттың сол сервердегі файл маршруты мен сервер адресінен тұратын толық адресі болады. Әрбір құжаттың осындай адресі URL адресі деп аталады.

WWW-дегі ақпараттарды оқу. Кез келген компьютерде HTML пішімі түріндегі Web-құжаттарды оқу үшін арнайы программа болуы керек. Мұндай программаларды Web-ті көру құралдары немесе броузерлер деп атайды.

Web-құжаттарды оқуға арналған, өте кең таралған программаларға Netscape Novigator немесе Internet Explorer броузерлері жатады. Бұл программалардың негізгі қызметі – алыстағы компьютерлердегі Web-құжаттарды оқуға, олардың бірінен-біріне жылдам ауысуға мүмкіндік береді.

 

3.3.6. Интернеттен ақпарат іздеу. Гипермәтіндік сілтемелерді пайдаланып, Интернет ақпарат кеңістігіндегі Web-парақтардың бірінен келесісіне өтіп, оларды шексіз аралай беруге болады. Алайда, әлемдегі Web-парақтардың өте көп екендігін ескерсек, қажетті мәліметті іздеп табуға өте көп уақыт кетеді, яғни бұл іс қиындай түседі. Сол себепті Интернетте ақпарат іздеуге арналған арнайы іздеу серверлері бар. Іздеу серверлері өте көп емес, Интернетте жұмыс істейтін адамдар олардың адрестерін жақсы біледі. Жалпы іздеу серверлерінің екі түрі бар, олар: іздеу каталогтері және іздеу индекстері.

Іздеу каталогтері ақпараттарды олардың тақырыбы бойынша іздеуге арналған. Мұндай серверлердегі мәліметтер негізгі және ішкі тақырыптары бойынша реттеліп құрылған.

Іздеу индекстері алфавиттік көрсеткіш арқылы жұмыс істейді. Белгілі бір сөзді немесе сөз тіркесін, яғни түйінді сөздерді (keyword) енгізе отырып, сол термин кездесетін құжаттарды жылдам іздеп табуға болады. Сонымен бірге ақпарат іздеу мүмкіндігін беретін арнайы классификациялық серверлер де бар. Бұл серверлерде ақпарат жалпы тақырыптарымен бірге көп таралған танымал сөз тіркестерінің тізімі бойынша топтастырылған. Әрбір іздеуші мәліметіне байланысты құжаттарды ашу кезінде арнайы есептеуіш іске қосылып, көп қолданылатын ақпараттардың есебі алынып отырады.

 

3.3.7. Интернетте жұмыс істеу. Интернетке телефон желісі арқылы қосылу үшін, қызметті жеткізушімен келесідей қызмет түрі көрсетілген келісімшартты толтыру қажет:

  • Интернетке қосуды жүзеге асыратын телефон номері.
  • Тіркеу аты (пайдаланушы аты).
  • Құпиясөз (пароль).
  • Домендік атауын сандық түрлендіруді қамтамасыз ететін DNS (Domain Name Server) серверінің адресі.
  • Байланысты жүзеге асыратын хаттама (РРР немесе SLIP). Мүмкіндік болса РРР хаттамасын қолданған дұрыс.
  • ІР адресі, яғни Интернет желісіндегі сіздің жеке сандық адресіңіз, бұл келісімшарт бойынша көрсетілуі қажет.
  • Пошталық жәшік аты.
  • Баптаудың міндетті емес параметрлері, мысалы, Интернет қауіпсіздігінің хаттамасын баптау (IPSec).

Интернетпен жұмыс істеу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

  • Модемді қосу және телефон торабы арқылы интернет байланысын баптау.
  • Инетернетте жұмыс істеуді жүзеге асыратын ТСР/ІР хаттамасын орнату, операциялық жүйені Интернетпен жұмыс істеуге баптау.
  • Желі және желімен қашықтан қатынасқа шығу (Сеть и удаленный доступ к сети) терезесінде қызметті жеткізушімен қосылу үшін жаңа байланыс орнату; провайдер хабарлаған телефон номерлері бойынша бірнеше байланыстарды орнатуға болады.

Жергілікті желі арқылы байланыс құру үшін прокси-сервер және порт номерін білу қажет. Сонымен бірге желі әкімі корпоративті желіде шолушыны қолдану үшін арнайы баптауды беруі мүмкін.

 

3.3.8. Internet Explorer 5 шолушысы. Windows 2000 Professional операциялық жүйесінде Интернет ресурстарымен жұмыс істеу үшін Internet Explorer 5 шолушысы қолданылады. Ол мәтіндік және мультимедиялық құжаттармен, Web-құжаттармен, көпкадрлі GIF, JPEG форматындағы графикалық бейнелер, кіріктірілген бейнелерді көрсетеді, пайдаланушыға құжат жариялауға, дыбыстық сүйемелдеулерді тыңдауға т.б. мүмкіндік береді. Internet Explorer 5 Интернеттен жаңалық іздеу, Web-парақтарды автоматты жүктеу және автономды режимде жұмыс істеу мүмкіндіктерін береді. Internet Explorer Интернеттің басқа сервистерімен: FTP-түйіндемелерімен, gopher, телеконференциялармен жұмыс істей алады.

Internet Explorer 5 көпміндетті пакет болып табылады, оның құрамына шолушыдан басқа Интернетке қосу шебері, Интернетте қарау құралдары (Internet Explorer 5), электрондық пошта және жаңалықтар (Outlook Express), адрестік кітап(Address Book), желілік бейнеконференцияларды өткізуге арналған программалық жабдық (Microsoft NetMeeting) қамтылған.

 

3.3.9. Интернетке қосылу шебері. Интернетке қосу және оны баптау жұмысын Интернетке қосу шебері жеңілдетеді. Шебер жұмыс үстеліндегі Интернетке қосылу (Подключение к Интернету) шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы қосылады.

Егер шеберді Internet Explorer баптағаннан кейін қоссақ, шолушы терезесінде Сервис менюінің Шолушы қасиеттері (Свойства обозревателя) командасын орындап, Қосылу (Подключение) ішкі бетінде Орнату (Установить) батырмасын басамыз.

Егер компьютерге модем орнатылған болса, шебердің келесі терезесінде Интернетпен байланысудың нұсқаларын таңдау терезесі ашылады:

  • жаңа есепке алу жазбасын алу … ;
  • қолданыстағы есепке алу жазбасын қолдану … ;
  • интернетпен байланысты өздігімен немесе жергілікті желі арқылы орнату … .

Оқулық (Учебник) батырмасы Интернетке қосылу шебері оқулығын ашу мүмкіндігін береді. Шебер көмегімен Интернет деген не? Интернетте қалай жұмыс істеуге болады? Электрондық пошта не үшін қолданылады? т.с.с. сұрақтарға жауап ала аламыз.

          Шебердің келесі терезелерінде байланысуға арналған модемді (егер компьютерге бірнеше модем қосылған болса) таңдау, жаңадан қашықтан қатынасқан шығуға мүмкіндік беріледі. Шебер көмегімен Интернет арқылы жеткізушінің әр түрлі нөмірін теру үшін қашықтан қатынасқа шығудың бірнеше байланысын орната аламыз.

 

3.3.10. Web-парақтарды қарау. Егер біз телефон желісі бойынша қызмет жеткізуші арқылы Интернетпен қатынасқа шыға алатын болсақ, Web-парақтарды қарау үшін Интернетпен байланыс орнатып, шолушыны іске қосамыз. Жұмыс үстеліндегі оның шарт белгісін екі рет шертеміз немесе Жылдам іске қосу (Быстрый запуск) тақтасында Internet Explorer шолушысын іске қосу (Запустить обозреватель Internet Explorer) батырмасын басамыз.

 

3.3.11. Web-парақтарды жүктеу. Web-парақтарды жүктеу үшін Адрес (Address) өрісінде оның URL-адресін енгіземіз: мысалы, http://www.pcweek.kz, одан кейін Ауысу (Переход) батырмасын немесе Enter пернесін басамыз.

Егер адрестік қатарға Web-парақтың толық адресін енгізбей Ctrl+Enter пернесін бассақ,  Internet Explorer нақты URL-адресті хаттама және кеңейтулерді қосып толықтырады. Мысалы, адрестік қатарға mi сөзін енгізіп,  Ctrl+Enter пернесін басамыз. Адрестік қатардың өзгергеніне көз жеткізуге болады.

Web-парақтарды жүктеудің басқа тәсілдері:

  1. Сілтемелер (Ссылки) саймандар тақтасының қажетті серверімен байланыс орнатуды қамтамасыз ететін батырманы басамыз;
  2. Файл-Ашу (Файл-Открыть) командасын орындап, сұхбат терезесінің Ашу (Открыть) өрісінде URL-адресті енгізіңдер.

Web-парақтың мазмұны терезені тұтасымен немесе экран аймағын толтырып тұратын бірнеше тіктөртбұрышты терезелерде – фреймдерді алып тұруы мүмкін. Әрбір фреймде көлемді ақпарат қарау үшін айналдыру жолақтары болады. Фрейм өлшемін өзгерту үшін курсорды оның терезесінің шекарасына орналастырамыз. Web-парақты толық экранда көру үшін Тұтас экранға (Вид-Во весь экран) командасын орындаймыз.

 

3.3.12. Web-парақтармен жұмыс істеу. Жүктелетін Web-парақ ақпараттың келіп түсуіне қарай көрсетіледі. Бастапқыда анық емес бейне пайда болады да, біртіндеп дұрысталады. Қалып-күй қатарында әлі жүктелмеген объектілердің саны көрсетіледі. Жүктеу процесін тоқтату үшін, Тоқтату (Остановить) батырмасын немесе Түр (Вид) командасынан Тоқтату командасын орындаймыз.

 

3.3.13. Қалып-күй қатары. Интернетпен жұмыс істеу барысында қалып-күй қатарында орындалып жатқан әрекеттер жөнінде мәлімет беріліп тұрады. Мысалы, Серверге қосу жөнінде т.б. Қалып-күй қатарының ортасына орналасқан прогресс-индикатор Web-парақ жүктелуін көрсетіп тұрады.

 

3.3.14. Бастапқы парақ. Internet Explorer іске қосылғаннан кейін ашылатын бірінші бет – бастапқы парағы деп аталады. Бастапқы парақ Интернет серверінде немесе компьютердің қатты дискісінде сақталуы мүмкін. Оны кез келген уақытта өзгертуге болады. Жұмыс кезінде бастапқы парақты шығару үшін Үйге (Домой) батырмасын басамыз.

 

3.3.15. Актив парақты сақтау. Актив парақты сақтау үшін, Файл… деп сақтау командасын таңдау қажет. Одан кейін Web-парақты сақтау терезесінде файлдың атын теріп, сақтау командасын береміз.

Егер Internet Explorer терезесінде параққа немесе суретке сілтеме беріліп тұрса, қажетті сілтемеде тышқанның оң жақ батырмасын басып, жанама менюден Объектіні деп сақтау (Сохранить объект как) командасын таңдаймыз. Internet Explorer парақтар мен суреттерді сілтемелер емес, көшірмелер ретінде сақтайды.

 

3.3.16. Web-парақтарды баспаға шығару. Файл-Баспаға шығару (Файл-Печать) командасы Web-парақ экранда қалай көрініп тұрса, сол күйінде немесе жеке бөліктерін, мысалы, кадрлерді шығару мүмкіндіктерін береді. Кадрді немесе Web-парақ элементін баспаға шығару үшін объектінің жанама менюінен Баспаға шығару немесе Объектіні баспаға шығару командасын орындау қажет.

 

3.3.17. Автономды режимде жұмыс істеу. Біз Web-парақты өз компьютерімізге сақтап, оны автономды режимде оқу арқылы Интернетте жұмыс істеу уақытын қысқарта аламыз. Параққа сілтемені Таңдаулылар (Избранное) бумасына сақтауға болады. Web-парақ Интернетке қосылмай-ақ қарау үшін Файл менюінен Автономды жұмыс істеу (Работать автономно) командасын таңдап, қажетті парақты ашамыз. Қалып-күй қатарында автономды жұмыстың шарт белгісі пайда болады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі ақпараттық технологияның даму заманында әрбір адамның компьютерлік сауаттылығы болуы керек. Бұл сауаттылық құрылып жатқан электрондық үкімет мүмкіндіктерін пайдалануға көмектеседі. Осы электрондық үкімет мүмкіндіктерін пайдалану барысына алдыңғы ретте бүкіләлемдік Интернет желісі ықпал етеді. Сондықтан да менің бұл дайындап отырған өндірістік практикадағы есебім әрбір адамның жалпы желі, жергілікті желі және ауқымдық желі – Интернет туралы түсінігін одан ары жетілдіре түсуге ықпал етеді деп сенемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Бөрібаев Б., Нақысбеков Б., Мадиярова Г. «Компьютерлік желілер». – Алматы «Мектеп», 2005.
  2. Глушаков С.В., Ломотько Д.В., Мельников И.В. «Работа в сети Internet». – Харьков: Фолио, М.: ООО Издательство «АСТ», 2000.
  3. Валединский В.Д. «Информатика. Словарь компьютерных терминов». – /М.: Аквариум, 1997.
  4. Балапанов Е.К., Бөрібаев Р.М. «Информатикадан 30 сабақ». – Алматы: ИНТ, 2000
  5. «Основы работы с Microsoft Office и Internet». Руководство пользователя. Корпорация Microsoft, 2004.
  6. Фролов А.В., Фролов Г.В. «Сети компьютеров в вашем офисе». – М.: ДИАЛОГ-МИФИ, 1996.
  7. Симонович С.В., Евсеев Г.А., Алексеева А.Г. «Специальная информатика»: Учебное  пособие.  —  М.: АСТ-ПРЕСС:  Инфорком-Пресс, 1998.