КІРІСПЕ
ЖІГЕР» АҚ сүт өнеркәсібі кәсіпорындарының қазіргі жағдайы және даму тенденциялары
«ЖІГЕР» АҚ ЖШС-тің қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштерін талдау
“«ЖІГЕР» АҚ –тегі шығындарды талдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасындағы ЖІГЕР» АҚ сүт өнеркәсібі кәсіпорындарының қазіргі жағдайы және даму тенденциялары
Бүгінгі күні шаруашылық субъектілердің барлығы өз жұмыстарында өнім өндіру шығындарын азайтуға мәжбүр болып отыр. Сонымен бірге әр кәсіпорында әр түрлі деңгейде шығындарды азайтуға ең маңызды көңіл бөлініп отыр. Ол басқару икемділігі, қаржылық жағдай және басқа да факторларға байланысты болады. Еліміздің тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы шығындарды азайтудың қазіргі жағдайы мен мәселелерін талдау мақсатында осы индустрияның бірнеше саласында қызмет ететін кәсіпорындар жұмыста қарастырылды. Мәселен, тамақ индустриясының маңызды саласының өкілі ретінде “Қайсар сүт” компаниясының маркетингтік қызметі талданды. Тамақ өнеркәсібінде сүт өнімдерін өңдеу саласы ерекше орынға ие болып отыр. Осы аумақта белсенді әрі тиімді шаруашылықты жүргізіп жатқан кәсіпорындарға «ЖІГЕР» АҚ,“Адал”, «Фуд Мастер», Алматы маргарин зауыты сияқты кәсіпорындарды жатқызуға болады.
Ал енді статистикалық деректерге жүгіне отырып, 2006 жылғы сүт өнімдерінің өндіріс көлемі, тұтынуы және экспорт пен импорт көлемдері, бөлшек сауда айналымына талдау жасайық.
Ерекше тоқталатын жай, Елбасы Н.Назарбаев республикамыздың даму стратегияларын дайындауға аса көңіл аудару қажет екенін атап өтті. Осы алға қойылған міндеттерді орындау кезінде сүт өндірісінде кейінгі жылдары ерекше алға ұмтылыс болғаны байқалады.
Мәселен, өткен жылмен салыстырғанда республикамызда сары май өндірісінің көлемі 3 есеге артып, 9 мың тоннаны құрады. Ал тұтыну көлемі 2 тоннаға асты. Соған қарамастан, тұтыну мен өндіріс арасындағы айырмашылық өте үлкен, тіпті импорттық тауарлармен орны толмаған. Бұл негізінен көп жағдайда контрабандалық импортпен де байланысты болуы мүмкін. Ешбір аймақта өндіріс көлемі тұтынуды қамтамасыз ете алмаған. Ең көп көлемде сары май Алматы қаласында өндірілген. Екінші орынға солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстары ие болды. Ал енді нарықтың ең үлкен сыйымдылығы (тұтыну — өндіріс) Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, ал енді жақсы сыйымдылық Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарына тиесілі. Сары майдың негізгі бөлігі импортпен Ресейден (1971 тонна) және Жаңа Зеландиядан (1220 тонна) келген.
Сүтке шаққандағы мақсатты сүт өнімінің өндірісін талдасақ (9 кесте). 1990-2002 жылдар аралығында сүт өнімі өндірісінің күрт төмендеуі бұл проблеманы шешуді мемлекет тарапынан қолдауды қажет етуі айқын байқалады. Ең үлкен өсу ырғағы 2006 жылды 2003 жылмен салыстырғанда Ақмола, Батыс Қазақстан мен Ақмола облыстарына тиесілі.
5 кесте -Сүтке шаққандағы мақсатты сүт өнімінің өндірісі мың тонна
|
2003 |
2004 |
2005 |
2006 |
Өсу ырғағы,% 2006/2005 |
Қазақстан Республикасы
|
1469,7 |
109,6 |
108,5 |
122,5 |
112 |
Ақмола |
90,2 |
5,1 |
10,0 |
10,7 |
196 |
Ақтөбе |
51,5 |
5,7 |
6,3 |
7,7 |
135 |
Алматы |
163,8 |
14,7 |
17,5 |
17,0 |
116 |
Атырау |
29,6 |
1,6 |
0,3 |
0,2 |
13 |
Шығыс Қазақстан |
168,8 |
8,2 |
7,8 |
10,3 |
126 |
Жамбыл |
75,9 |
2,7 |
3,0 |
3,5 |
130 |
Батыс Қазақстан |
34,5 |
1,7 |
3,1 |
3,4 |
200 |
Қарағанды |
208,2 |
2,6 |
2,6 |
3,9 |
150 |
Қостанай |
124,9 |
24,7 |
12,7 |
16,6 |
68 |
Қызылорда |
38,6 |
1,5 |
1,2 |
0,8 |
54 |
Маңғыстау |
11,9 |
0,2 |
0,2 |
0,2 |
100 |
Павлодар |
102,5 |
10,7 |
10,3 |
10,3 |
103 |
Солтүстік Қазақстан |
113,2 |
10,6 |
11,2 |
13,3 |
126 |
Оңтүстік Қазақстан |
100,0 |
13,9 |
13,9 |
13,4 |
97 |
Астана қаласы |
|
2,0 |
2,2 |
2,0 |
100 |
Алматы қаласы |
155,8 |
3,7 |
6,2 |
9,3 |
252 |
Ескертпе: 1998 жылдан бастап өңделген сұйық сүт және қаймақ |
Қазақстан Республикасындағы сары май өндірісінің динамикасы (10-кесте) бойынша жылдар басында күрт төмендеуімен сипатталып, бүгінгі күні жандана түсуін 2003 жылда байқауға болады. Дегенмен, соңғы 2006 жылғы көрсеткіш 2003 жылмен салыстырғанда 10 есеге аз болуы нарықтың шетелдік басқа да өнімдерімен толуымен сипатталады. 2003 жылмен салыстырғанда қазір алға қарай бет алысты көруге болады. Алматы қаласындағы өсу ырғағы ең жоғары екендігін атап өтуге болады.
Өткен жылмен салыстырғанда маргарин өндірісі 3 есеге асып, импорт 2 мың тоннаға көбейіп, ал тұтыну 2 мың тоннаға азайған. Негізгі көлемді өнімді Қарағанды өндіреді. Тұтыну көлемі бойынша Шығыс Қазақстан, Алматы, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарының болашағының мол екендігін зерттеу нәтижелері көрсетті. Импортер мемлекеттер арасынан бірінші орынға Ресей (5 мың тонна), екіншісі – Түркия (3,5 мың тонна) және үшіншісі – Германия (1,3 мың тонна).
Статистика мәліметтерінен сүт консервілері бойынша импорт өте жоғары екендігі анықталды. Себебі ол республикамыздағы тұтыну көлемінен 4 есе көп. Негізгі өндіріс Алматы қаласында шоғырланған, сонымен қатар басқа да өндірушілерге Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстары жатады. Негізгі импортталатын тауарлар Ресейден (16,7 мың тонна) әкелінеді. Экспортқа сүт және қант қосылмаған қоюланбаған қаймақ жатады (А 3 қосымшасы).
Республикамызда 3 мың тоннадан астам майонез тапшылығы бар. Негізгі бұл өнімді өндірушілер Алматы және Қарағанды қалалары. Сонымен қатар жақсы тұтыну көлемі Шығыс Қазақстан мен Астанаға қатысты. Ал аз тұтыну Атырау, Қызылорда мен Маңғыстау облыстары. Негізгі импорт (4 мың тоннадан астам) Ресей мемлекетіне тиесілі.
Томат пастасының өндірісі тұтынуды мүлдем қамтамасыз етпейтіні байқалды. Бүкіл өндіріс Алматы қаласына шоғырланған деп айтуға болады. Негізгі тұтынушылар Алматы, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында болса, ал оның төмен тұтыну деңгейі Павлодар, Маңғыстау мен Қызылорда облыстарына келеді.
Сүтке шаққандағы сүт және сүт өнімін сатудан табыстылық деңгейі соңғы жылдары өрлегенін атап кету қажет (12-кесте). Әсіресе бұл көрсеткіш Астана қаласы мен Алматы және Қостанай; Павлодар облыстарында айрықша жоғары болғанын атап кету қажет. Себебі, бұл аймақтарда бұл өнімнің өндіріс көлемі айтарлықтай жоғары.
Әрине, соңғы жылдары сүт өнімін сатудың табыстылығының жоғары болуы нарықтық бағалардың қалыптасуы мен шығындардың біршама қысқаруымен сипатталады. Өйткені, бұл өнімнің тапшылығы және сәйкесінше сұранымның жоғары болуы осындай құбылысқа түрткі болып отыр. Сүт өнімінің өндірісін өркендету мен май өнімдерінің өндіріс көлемін көбейту республикамыздың азық-түлік рыногының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар республикамызда табиғи сүт өнімінің көлемін арттыру бұл өндіріс үшін ерекше дамуға кепілдік береді. Қазір еліміздегі май өнімдері шетелден әкелінетін өңделген сүт шикізаттарынан өндіріліп отыр. Сондықтан бұл проблеманы шешу қажеттілігі республика алдындағы өзекті мәселелердің бірі деп те айтуға болады.
6 кесте -Сүтке шаққандағы сүт және сүт өнімін сату табыстылығының деңгейі, %
|
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
2006 |
Қазақстан Республикасы
|
-29,9 |
-2,7 |
4,2 |
-0,9 |
16,2 |
Ақмола |
-40,4 |
-27,8 |
-14,8 |
-5,8 |
1,3 |
Ақтөбе |
-33,1 |
-29,6 |
-8,1 |
-53,5 |
6,8 |
Алматы |
-24,7 |
4,0 |
1,7 |
-9,2 |
33,4 |
Атырау |
6,4 |
45,3 |
76,8 |
21,5 |
-0,4 |
Шығыс Қазақстан |
-11,2 |
5,6 |
10,1 |
14,5 |
15,3 |
Жамбыл |
-23,8 |
16,3 |
9,7 |
-12,1 |
10,3 |
Батыс Қазақстан |
-24,8 |
-20,0 |
-16,8 |
-18,3 |
-2,8 |
Қарағанды |
-37,2 |
-17,1 |
4,4 |
8,0 |
4,3 |
Қостанай |
-40,2 |
26,7 |
31,2 |
9,2 |
24,9 |
Қызылорда |
-48,7 |
-52,2 |
-53,5 |
0,8 |
-59,1 |
Маңғыстау |
6,9 |
-12,4 |
-5,0 |
-18,7 |
9,5 |
Павлодар |
0,0 |
7,3 |
40,6 |
10,5 |
29,2 |
Солтүстік Қазақстан |
-29,3 |
-16,3 |
-9,7 |
24,8 |
8,3 |
Оңтүстік Қазақстан |
-36,5 |
-9,1 |
-17,7 |
-32,3 |
-19,3 |
Астана қаласы |
— |
— |
— |
— |
70,9 |
Алматы қаласы |
— |
12,5 |
-14,7 |
0,0 |
— |
Ескертпе: Қазақстан Республикасы статистикалық агенттігінің мәліметтері бойынша |
7 кесте — «ЖІГЕР» АҚ сүт өнімдерінің ассортименті
Өнім атауы |
Орам түрі |
Майлылығы, % |
Көлемі, л/кг |
Сүт |
тетрапакет |
3,2 |
1л |
Сүт |
тетрапакет |
2,5 |
1л |
Сүт |
финпакет |
2,5 |
1 л |
Сүт өнделген (топленое) |
финпакет |
4 |
1л |
Айран |
Тетрапакет, финпакет, стакан |
3,2; 2,5; |
1л; 0,5 л |
Ряженка |
Тетрапакет, финпакет, стакан |
4 |
0,5 л |
Қаймақ |
Тетрапакет, финпакет, стакан, өлшеумен |
15; 20; 40 |
0,2 кг; 0,35 кг; 0,5 кг; 1 кг |
Ірімшік |
Стакан |
5 |
0,2 кг; 0,25 кг |
Сары май |
Стакан, монолит |
82,5 |
0,2 кг; 1 кг |
Компанияның ассортименттік топтары үйлесімді, себебі фирма тауарлары кең тұтынуда болып, бөлудің бір арналары арқылы жүреді. Сату көлемінің динамикасы сүт өнімдерінің түрлері бойынша бір келкі емес (17 кесте).
8 кесте – 2006 жылғы натурал түрдегі «ЖІГЕР» АҚ сату көлемдерінің динамикасы (кг-л)
Атауы |
Көрсеткіші (салмағы, орамы, майлылығы) |
Желтоқ-сан |
Қаңтар |
Ақпан |
Өсу ырғағы,% (ақпан /желтоқсан) |
Сүт |
1л,т/р,3,2% |
11500 |
12573 |
10432 |
91 |
Сүт |
1л,т/р,2,5% |
10980 |
13302 |
10212 |
93 |
Сүт |
1л,ф/п,2,5% |
9020 |
140211 |
107780 |
1200 |
Өңделген сүт |
0,5 л |
|
|
6728 |
— |
Қаймақ |
0,25 кг |
6540 |
5517 |
3740 |
58 |
Айран |
1л, т/р, 2,5% |
22300 |
25785 |
21396 |
96 |
Айран |
1л, ф/п, 2,5% |
96250 |
141192 |
70088 |
73 |
Айран |
Стакан, 3,2% |
2160 |
2472 |
4168 |
193 |
Айран |
Стакан, 2,5% |
2200 |
3124 |
5016 |
228 |
Айран |
0,5 л, т/р3,2% |
2850 |
2676 |
3884 |
137 |
Айран |
0,5 л, т/р, 2,5% |
8800 |
11385 |
9140 |
104 |
Ряженка |
0,5л, т/р |
|
|
3232 |
|
Ряженка |
0,5л, ф/п |
|
|
3140 |
|
Қаймақ |
0,5 кг, стакан |
9665 |
8973 |
8128 |
84 |
Қаймақ |
Стакан, 40% |
2685 |
2241 |
1700 |
64 |
Қаймақ |
0,2 кг, 20% |
8680 |
7506 |
6404 |
74 |
Қаймақ |
0,2 кг, 15% |
7680 |
7974 |
6720 |
88 |
Қаймақ |
өлшеумен кг, 20% |
120 |
90 |
40 |
34 |
Қаймақ |
өлшеумен кг, 15% |
180 |
72 |
160 |
89 |
Сары май |
стакан |
|
|
56 |
|
Ірімшік |
Стакан, 0,25 кг, 5 % |
2300 |
1917 |
0 |
|
Барлығы |
|
203910 |
341775 |
282164 |
139 |
Өнімнің өндірілуі мен сатылуының артуына әсер етуші негізгі факторларға өнім орамы мен сапасының жақсаруы, жоғары сапалы өнім деген беделге ие болу, тұрақты клиенттердің көбеюі, өзінің экспедиторлық қызметін құруы, тұтынушылар талаптарына сай өнім орауын өзгерту, жаңа өнімдер құру және енгізу жатады.
«ЖІГЕР» АҚ ЖШС іскерлігінің ерекшелігі тез бұзылатын өнімдермен байланысты болуында. Мәселен, сүттің сақталу мерзімі мемлекеттік стандарт бойынша +2,+5 градуста 36 сағатты, ал қышқыл сүт үшін 72 сағатты құрайды. Сүт өнімдерін сапалы сақтау мақсатында арнайы тоңазытқышпен жабдықталған қоймалар бар. Компания жаңа сақтау сыйымдылықтарын сатып алуда, себебі ыдыс жетімсіздігі әр түрлі сападағы сүттердің араласуына әкеп соғады және соңғы өнім сапасына келеңсіз жағдайлар туғызады.
Тауарлардың өмірлік циклінің көрсетуінше олардың көпшілігі өсу мен жетілу кезеңдерінде деп есептеуге болады. Оның басты себебі, фирма әлі де жас, оның өндіретін барлық тауарлары жаңартылып, жетілдіріліп тұруы өмірлік циклді біршама ұзартады.
Айран, сүт, қаймақ, ряженка, ірімшік сияқты өнімдер жетілу кезеңіне таяған. Ал жүзім мен ваниль қосылған ірімшіктер, йогурт, балмұзақ — өсу кезеңінде, ал кейбір түрлері нарыққа енді ену кезеңіне сәйкес келеді.
Қазіргі жағдайларда барлық шаруашылық субъектілері, соның ішінде «ЖІГЕР» АҚ ассортименттерді жаңартуға көп көңіл аударуы қажет. Белсенді ассортименттік саясатты жүргізу жекелей қалауларды есептеуді ұйғарады. Тұтынушылық мінез-құлықты талдауға дифференциалданған бап тұтынушылар типологиясы болып табылып, сатып алушылар топтарының тұтынушылық мінез-құлық заңдылықтарын белгілеуді ұйғарады. Сүт өнімдеріне сұранысты қанағаттандыру жолындағы кедергілердің бірі өндірістің орташаланған тұтынушыға негізделуі, осы кезде фирма профилінің кемшілігі қандай нақты тұтынушыға негізделуі айқын емес. Тұрғындардың ақша табыстарының дифференциациясының күшею тенденциясы басқа да факторлармен байланысты болып, мұқтаждықтар мен сұраныстың дифференциациясын туғызады. Бәсекелік ортаны қалыптастыру тұрғындардың мұқтаждықтары мен сұранысын қанағаттандыру проблемаларын шешуге ғылыми баптарды қолдану үшін жағдайдар туғызады. Мүндай бап ғылыми негізделген саясатты жүргізу кезінде жүзеге асады. Ассортименттік саясатты ассортиментті дамытуға көзқарастар жүйесінде қарастырып, сүт өнімдерінің қасиеттерін талдау және зерттеу барысында тауар жіктелуінде оның орнын белгілеу қажет, яғни маркалық өнімді құруға мүмкін нұсқаларды анықтап және тауып, тауар номенклатурасының кеңділігін, тереңдігін және үйлесімділігін қамтамасыз ету керек. «ЖІГЕР» АҚ-дың тауарлық ассортиментін кеңейту бұрыннан бар нарықтар үшін жаңа тауарлар шығару есебінен жүреді. Фирманың тауарлық ассортиментін толтыру үшін бірнеше себептер бар:
— табысты арттыру қажеттілігі;
-ассортиментті кеңейтуді сұраушы делдалдарды қанағаттандыруға талпыну;
-фирманың өндірісін толық пайдалану мүмкіндігі;
-максималды тауар ассортименті бар жетекші фирмаға айналуға ұмтылу;
-бәсекелестер іс-әрекеттетін бейтараптандыру.
«ЖІГЕР» АҚ тауар ассортиментін кеңейте алады, ассортименттік топтардың жаңа түрлерін енгізу арқылы толымдылығын қамтамасыз етеді. Әр түрлі қоспалар мен орамдар арқылы әрбір сүт өнімі түрлерін көбейту арқылы, фирма өзінің тауар номенклатурасын тереңдете алады. «Адал» фирмасы үшін әр түрлі тауардың ассортименттік топтары арасында үйлесімділікке жетуге тырысуы керек.
Өнім көлемінің өсуі жұмысшы санының өсуіне әсерін тигізді. Егер 2005 ж жұмысшы саны 47 орташа еңбек ақы 16000 теңге болса, қазіргі уақытта жұмысшы саны 125-ке жетті. Жұмысшылар еңбек заңына сәйкес шарттармен қамтамасыз етілген. Орта есеппен айлық 17124 теңгені құрайды.
Өнім құрамын кеңейтуге біздің завод үнемі жумыс істеуде. Өнім құрамының кеңеюіне байланысты өндіріс көлемі ұлғайып, жергілікті өндірушілерден сүт сатып алу шақсарды. Егер 2005ж сүттің түсу көлемі 243 тонна болса, 2006ж-354 тонна болды.
өндірісте еңбек қорғау кызметі құрылған өндірісте қауіпсіз жұмыссыз, денсаулыққа тиімді шаралар құрылған.
Іргелі ауылдық округін жасылдандыруда белсенді қолдау көрсетілді.
«ЖІГЕР» АҚ өз жетістіктерін ұйымшыл жас коллектив пен арнайы мамандардың еңбегінің нәтижесі деп есептейді. Өндіріс жұмысшылары Қазақстан менеджменті юриспруденция, маркетинг білімімен жақсы дайындалған, менеджер, маркетолог стажы бар арнайы мамандар.
Жергілікті өндірушілерден сүт алу көлемі ұлғайған соң, айлық еңбек ақы өсті.
2005ж-134070000 теңге.
2006ж-13826000 теңге.
2005 жылмен салыстырғанда товар өндірудегі табыс орташа есеппен 1 айда 53% өсті, егер 2004ж табыс 8917 мың теңге болса, 2005ж- 13124 мың теңге, ал 2006ж 13662 мың теңгені құрайды (1 айға).
Завод өндірісі автоматтандырылған;
Сапа жөнінен жұмыс істеуде қызметкерлердің қатысуы ескеріледі. Технологиялық және еңбек тәртібін сақтаған жұмысшыларға, жыл есебі бойынша сапалы өнім шығарудағы еңбектері үшін маиериалдық көмек көрсетілді.
Негізгі шикізатты жеткізуші Алматы облысының шаруа қожалығы. Сүтті жеткізуде келісім шарттары жасалған.
Жұмысшыларға еңбек ақысы уақыттылы төленеді. Налог жөнінде бюджетке қарыз жоқ, ай сайын налог түрлері төленеді.
«ЖІГЕР» АҚ өндірілетін өнімдер Алматы облысы территориясында шығарылады. «ЖІГЕР» АҚ материалдық көмек көрсетеді, Жамбыл ауданы Шиен ауылының «Суық төбе» копорациясынн сүт жеткізіледі.
2004ж жөндеу жұмыстары жргізілген. өндіріс басшылығы қоршаған ротаны қорғауға ерекше көңіл бөлген. Завод және аудан көлемін жасылдандыруда өндіріс ұжымы қатысып отырады. Қатты қалдықтарды шығаруда арнайы қызмет орнымен шарт жасалған. өрт сөндіру қаіпсіздігін және адам денсаулғын сақтауда сіңірген еңбегі үшін мақтау граммотасы бар.
9-кесте — «ЖІГЕР» АҚ ЖШС кәсіпорының техника-экономикалық көрсеткіштері
№ |
Көрсеткіштер |
өлшем бірлігі |
2005 жыл |
2006 жыл |
Ауыт- қулар +\- |
% өсу қарқыны |
1 |
өткізілген өнімнен түскен табыс |
мың тг |
150370 |
206988 |
56618 |
138% |
2 |
өткізілген өнімнің өзіндік құны |
мың тг |
125830 |
176720 |
50890 |
140% |
3 |
Жалпы табыс |
мың тг |
24540,6 |
30268,2 |
5727,6 |
123% |
4 |
Кезең шығындары |
мың тг |
28825 |
31933 |
3108 |
111% |
5 |
Негізгі қызметтен түскен табыс |
мың тг |
-4284,1 |
4254 |
-30,1 |
99 |
6 |
Негізгі емес қызметтен түскен табыс |
мың тг |
43668 |
4211,6 |
39456,4 |
9,6 |
7 |
Салық салғанға дейінгі жиынтық табыс |
мың тг |
82648 |
2375,3 |
-80273 |
2,8 |
8 |
Таза табыс |
мың тг |
57854 |
2375,3 |
-55479 |
4,1 |
9 |
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны |
мың тг |
61867,2 |
58660 |
-3207 |
0,5% |
10 |
Өнімнің рентабельділігі |
% |
37 |
1,1 |
— |
— |
11 |
Сату рентабельділігі |
% |
38 |
1,3 |
— |
— |
12 |
Өндіріс рентабельділігі |
% |
33 |
2 |
— |
— |
13 |
Жұмыскерлердің саны |
адам |
106 |
111 |
5 |
105% |
14 |
1 жұмыскердің еңбек өнімділігі |
мың тг |
1418 |
1865 |
447 |
131% |
15 |
Жұмыскерлердің еңбек ақы қоры |
мың тг |
16000 |
17124 |
1124 |
107% |
16 |
Айналым құралдарының орта жылдық құны |
мың тг |
115137 |
62185 |
-52952 |
54 |
17 |
Қор қайтарымдылығы |
мың тг |
2,4 |
3,5 |
1,1 |
146% |
18 |
Қор сыйымдылығы |
мың тг |
0,4 |
0,2 |
-0,2 |
50% |
19 |
Қормен қаруландыру |
мың тг |
584 |
528 |
-56 |
90 |
20 |
Орташа айналым жалақысы |
мың тг |
12578 |
12856 |
278 |
102 |
Кестеде кәсіпорынның өнімді өткізуден тусетін табыс көлемін 56618 мың теңгеге арттырғаны көрсетілген. Өнімді өткізуден түсетін табыс 2005 жылы 150370 мың теңгені құраса, 2006 жылы бұл көрсеткіш 206988 мың теңгені құрап тұр. Яғни 138 % өнімді өткізуден түскен табыс нақты құрап тұр.
Екінші көрсеткіш өнімнің өзіндік құны кәсіпорын жұмысының қалай жүріп жатқанын сипаттайды. Бұл көрсеткіш арқылы кәсіпорынның қаржылық жұмысын, өндіріс жұмыстарының кеңдігін, шаруашылық субъекті деңгейін көтеруг болады.
Табыстылықтың үшінші абсолютті көрсеткіші- жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді.
Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен өседі. Бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген сұраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің технико-экономикалық параметрлердің және тұтынушылық қасиетінің жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелді болады.
Аталған факторлардың жалпы табысқа әсерін анықтау үшін қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің мәліметтері бойынша кестені талдау керек.
Жалпы табыстың 2006 жылы көлемі 30268,2 мың теңгеге, яғни жалпы табыс көлемі 5727,6 мың теңгеге өскен.
Бұл ауытқуға келесі факторлар әсер етті:
- өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;
- өнім бірлігінің бағасы;
- өткізілген өнімнің бағасы;
- өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер.
Табыстылықтың келесі көрсеткіші- негізгі қызметтен алынған (түскен) табыс. Осы сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады;
Дн =Дж-Рк
Мұндағы, Дн— негізгі қызметтен түскен табыс;
Дж— жалпы табыс;
Рк— кезең шығындары;
Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындары білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс соншалықты жоғары болады. 2005 жылы негізгі қызметтен алынатын табыс -4284,1 мың теңгені құрады, 2006 жылы бұл көрсеткіш 4254 мың теңгені құрады. Осыдан қарап негізгі қызметтен түскен -30,1 азайғаны байқалды.
Негізгі емес қызметтен түскен табыс 2005 жылы 4366,8 мың теңге болды, 2006 жылы ол көрсеткіш 4211,6 мың теңгені құрап, ауытқу шамасы -80273 мың теңгені құрады.
Сегізінші көрсеткіш таза табыс 2006 жылымен 2005 жыомен салыстырғанда -55479 мың теңгеге азайып, 4,1-ді құрайды.
Оның себебі тауардың өзіндік құнының өсуімен және жалпы табыстың төмендеуі және салық салғанға дейінгі табыстың төмендеуі әсер етуі мүмкін.
Рентабельділік- кәсіпорын табысының қалыптасуын сипаттайтын басты көрсеткіштің бірі болып табылады. Сондықтан да олар қаржылық жағдайына баға беруде және салыстырмалы анализ жасау барысында рентабельділік көрсеткіштері инвистициалық саясаттың және баға қалыптасудың инструменті ретінде қолданылады.
Жұмыскерлер саны 2005 жылы 106 адам болды, ал 2006 жылы 111 адамға жетті. Сонымен жұмыскерлердің саны 5 адамға азайғанын , яғни 105 %-ды құрады. Оның себебі өткізілген өнімнен табыстың өсуі.
Негізгі қорларды пайдалану бойынша «Қайсар-Сүт» кәсіпорында қор сыйымдылық және қор қайтарымдылық көрсеткіштері қанағаттандырарлық. Кәсіпорынның орташа жылдық негізгі құралдары құнының 1 теңгесіне қанша өткізілген өнім келетінін анықтайтын қор қайтарымдылық көрсеткіші 1,1 тиынға өскенін көреміз.
Нарықтық экономиканы түбегейлі сипатта қалыптастыру еліміздің тауар өндірушілерінің дәстүрлі көқарастарын өзгертіп, шығарылатын өнімнің бәсеке қабілеттілігіне жету мәселесін алға қояды. Бұрынғы Одақ кезінде сапаны мемлекеттік реттеудің сәтсіз тәжірибесі есімізде. Онда өндірушілер арасындағы бәсекеде сатып алушылардың өнім сапасын бағалау әдісі болмады.
Сүт өнімінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету талап етілетін деңгейде оны сандық бағалауды ұйғарады. Бәсекеге қабілеттіліктің белгілері ретінде тұтынушы қызығушылық тудыратын параметрлер қабылдануы тиіс. Сүт өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің сандық параметрлік сипаттамасы кезінде әрбір параметрдің маңыздылығын есепке алатын коэффициенттерін қолдану мен бағалаудың балдық жүйесін пайдаланған жөн. Мәселен, сарапшылар тамақ өнімі үшін маңыздылықтың келесі коэффициенттері анықтаған: органолептикалық көрсеткіштер – 0,27, орам –0,17, өндіруші беделі – 0,10. Осы сипатта өнімнің бәсеке қабілеттілігінің сараптамалық бағалауын жүргізу қажет.
Макродеңгейде бәсекеге қабілеттілік кәсіпорындағы басқару жүйесінің сапасымен анықталып, онда келесі элементтерге көңіл аударылуы тиіс: ИСО (халықаралық стандарттау жүйесі) стандарттары негізінде өнім сапасын басқару жүйесіне ұйымдастыру, шығындарды төмендету арқылы төмен бағалар стратегияларын қолдану, қызметкерлердің еңбек ақысын дәстүрлі емес түрде төлеу жүйесін қолдану және тағы басқалар.
Қазіргі уақытта тұтынушылар техникалық қызмет көрсету мен қызметтерге, сатудан кейінгі сервиске көп көңіл аударады. Сондықтан «Қайсар сүт» фирмасының тауар саясатының маңызды элементтерінің бірі тұтынушыларға сервистік қызмет көрсету, ол келесі компоненттерден тұрады:
-фирма көрсететін сервистер кешеніне енгізілуі тиіс қызметтер тізімі;
-сервис деңгейі мен стандарттары;
-клиенттерге сатудан кейінгі сервис қызметін көрсету нысандары.
Осы сипатта алғанда, тауар саясаты дегеніміз бұл көп факторлы және күрделі фирма іскерлігінің аясын көрсетеді. Ол тауар ассортиментін қалыптастыру бойынша шешімдер қабылдауды талап етіп, жаңа өнімдер құру, тауарлардың өмірлік циклін талдау, маркілік атауларды қолдану, орам, маркілеу, сапаны бақылау мен тауардың бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету, сонымен қатар сервистік қызмет көрсетуді қажет етеді. Мұның барлығы тауар саясатын тұрақтандырушы кешенге еніп, маркетингтің басқа да құралдарымен қатар фирма стратегиясын құру арқылы кәсіпорынның нарықтық жағдайларға бейімделу жолдарын анықтайды. “Адал” компаниясының қаржылық жағдайы 18 — кестеде сипатталған. 2005 жылға қарай компания ахуалының жақсару мен дамуын байқауға болады.
10 кесте – «ЖІГЕР» АҚ іскерлігінің негізгі қаржылық нәтижелері
Көрсеткіштер атауы |
2006 жыл (мың теңге)
|
Өсу ырғағы 2006/2005 жыл,% |
Өсу ырғағы 2006/2005 жыл,% |
Өнімді сатудан табыс
|
8892914 |
121 |
174 |
Сатылған өнім өндірісіне шығындар |
6895465 |
108 |
186 |
Өнімді сатудан түскен табыс |
1997449 |
147 |
138 |
Басқа да сатудан түскен табыс |
500512 |
110 |
150 |
Сатудан тыс операциялардан табыстар мен шығындар сальдосы |
30015 |
90 |
125 |
Баланстық табыс |
2527976 |
148 |
142 |
Кәсіпорында қалатын таза табыс
|
649278 |
145 |
140 |
Ескертпе: Кәсіпорын мәліметтері бойынша есептелген. |
Табыс белсенді іскерліктің негізгі қаржылық элементтерін сипаттап, жарғылық қорды арттырудың негізгі көзі болып табылып, еңбек ақы қорын арттырып, барлық төлем ақыларды орындау мүмкіндіктерін береді. Табыс есебінен капиталдың құрылымын инвестициялау жүзеге асып, өндірісті жаңғырту мен қайта құру мәселелері шешіледі. Компания табысы ұжымның әлует мүмкіндіктерін қолданып, сәтті реформалар жүргізу арқылы қол жеткізеді. Фирманың қаржылық көрсеткіштерін талдай отырып, табысқа негізгі және айналмалы қорлар, материалдық-техникалық база жағдайы сияқты факторлар да зор ықпал етеді. “Қайсар сүт” компаниясының қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері 19-кестеде көрсетілген. Бұл кестеден кәсіпорынның қаржы тұрақтылығында болған өзгерісті байқауға болады. Дегенмен, аса жоғары өрлеу байқалмайды. Бұл әлі де өндірісте қаржыландыру мәселелеріне ерекше мән беруді талап етеді.
11 кесте – «ЖІГЕР» АҚ ЖШС-тің қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштерін талдау (мың теңге)
Көрсеткіштер атауы |
2005 жыл |
2006 жыл
|
Өсу ырғағы 2006/2005 жыл,% |
Тәуелсіздік коэффициенті |
0,6 |
0,7 |
116,7 |
Тәуелділік коэффициенті |
0,04 |
0,07 |
175 |
Қарыз және меншік қаржыларының қатынас коэффициенті |
0,073 |
0,10 |
136,9 |
Қаржыландыру коэффициенті |
13,5 |
9,8 |
72,6 |
Инвестицияны жабу коэффициенті |
0,62 |
0,78 |
125,8 |
Инвестициялау коэффициенті |
1,6 |
1,5 |
62,5 |
Кредиторлық қарыз коэффициенті
|
0,8 |
0,8 |
100 |
Ескертпе: Кәсіпорын мәліметтері бойынша есептелген. |
Өндірістің тиімділік көрсеткіштерінің бірі — табыстылық. Табыстылық деңгейі өнімнің өзіндік құны, негізгі және айналмалы қорларды қолдануына тәуелді. (20 кесте). Өндіріс табыстылығының деңгейіне әсер етуші факторларды талдай отырып, негізгі қорлардың орташа жылдық құны, материалдық айналым қорларының орташа жылдық қалдығы, өндіріс қорларының орташа жылдық құны сияқты көрсеткіштердің артуы байқалады. Бұл өз кезегінде компания табыстылығына әсер етті деуге де болады,. Себебі шығындардың азаюымен бір уақытта қатар табыстың өсуі кәсіпорын табыстылығын тез қарқынмен арттырады.
12 кесте — Өндіріс табыстылығының деңгейіне әсер етуші факторлар (мың теңге)
Көрсеткіштер атауы |
2006 жыл |
Өсу ырғағы 2006/2005 жыл,% |
Өсу ырғағы 2006/2005 жыл,%
|
Таза табыс
|
649278 |
145 |
140 |
Алдыңғы жыл бағаларымен өнім сату |
84000 |
112 |
183 |
Негізгі қорлардың орташа жылдық құны |
2963113 |
115 |
119 |
Материалды айналым қорларының орташа жылдық қалдығы |
1263200 |
112 |
115 |
Өндіріс қорларының орташа жылдық құны
|
422313 |
116 |
127 |
Ескертпе: Кәсіпорын мәліметтері бойынша есептелген. |
Сатылу бағаларының жоғарылауымен өнімнің өзіндік құны бұрынғыша қалуы кезінде табыстылық артады. Басқа жағынан, ең тиімді жол баға өзгеруінсіз өнімнің өзіндік құнын төмендету арқылы пайда сомасын көбейтуге болады. Сондықтан компания сүт өнімдерін өндіру кезінде негізгі міндеттердің бірі ретінде өзіндік құнды азайтуды алға қоюы тиіс. Қазіргі нарық жағдайларында кәсіпорындардың айналым шығындарын аттыруға жауапкершілігі артуда. Сол себепті жекелей шығын статьялары бойынша компания жан-жақты талдаулар жүргізуі қажет. Көбінесе кәсіпорын шығындарының артуы тасымалдау шығындары, жалдық ставкалар, электроэнергияға төлемдер өсуімен байланысты болып отыр. Компанияның негізгі және айналым қорлары құндары қоғамның балансында көрініс табады Кесте деректеріне қарай материалдық емес активтер мен мобильдік қорлар жоғары деңгейде артуын атап өтуге болады.
Мүлік меншіктік құқықта қоғамға тиесілі. Мүліктің қалыптасу көздері болып табылатындар:
-акцияларға төлемге акционерлер салымдары;
-өз іскерлігі нәтижелері бойынша қоғам алған табыстар;
-Қазақстан Республикасында әрекет етуші заң тиым салмайтын басқа да көздер.
Жарғылық қор қоғам іскерлігін қамтамасыз ету үшін құрылып, қоғамның жарғылық қор көлемі шығаруға берілген акциялардың номи.налдық құндарының сомасына тең. Мәселен, хабарланған қоғамның жарғылық қоры 300 млн. теңге және әр қайсысы 10 мың теңгелік 30 мың дана акцияға бөлінген. Шаруашылық іскерлік негізінде алынған табыс көлемі салықтарды төлеген соң қоғам меншігінде қалып, қорлар құру мен акциялар бойынша дивидендтер төлеуге жұмсалады.
13 кесте –“»ЖІГЕР» АҚ -тің негізгі қаржы көрсеткіштері, (мың теңге)
Көрсеткіштердің атауы |
2004 жыл |
2005 жыл |
Шектеулі мәні
|
Меншік айналым қаржыларының маневрлігі
|
0,7 |
0,04 |
|
Ағымдық өтемділік коэффициенті |
1,5 |
2,3 |
2,0 |
Тез ағымдық коэффициент |
0,64 |
0,8 |
1,0 |
Абсолютті ағымдық коэффициент |
0,34 |
0,06 |
0,2 |
Ағымдық активтердегі тауарлық -материалдық қорлардың үлесі |
0,6 |
0,66 |
|
Меншік айналым қаржыларымен қамтамасыз ету коэффициенті |
0,3 |
2,3 |
0,1 |
Айналым капиталын шоғырландыру коэффициенті |
0,58 |
0,7 |
105 |
Қаржы тәуелділік коэффициенті
|
1,7 |
1,43 |
124 |
Ескертпе: Кәсіпорын мәліметтері бойынша есептелген. |
Тауарлар қаланың азық-түлік дүкендеріне жеткізіліп, 800-ге жуық дүкен-тұтынушылар қамтамасыз етіледі. Өткізу меншік шағын 10 автокөлікпен жүзеге асып, алыс аудандарға қызмет көрсетуші 3 дистрибьютор бар. Осы кезде дүкенге тасымалдаудың ең аз сомасы 2 мың теңгені құрады. Сонымен қатар 10 тәулік мерзімге 10 мың теңге шамасында консигнацияға тауарлар қалдырылады. Мұндай сату тек ірі сауда орталықтары үшін қолданылады. Фирманың негізгі бәсекелестерінің бірі — «ФудМастер» компаниясы. Ол “Ақ бұлақ” акционерлік қоғамы негізінде американдық корпорациямен бірлесе құрылған. Осыдан шамамен 10 жыл бұрын нарыққа шыққан бұл компания қазір өзінің жоғары сапалы өнімдерін әсем орамдармен нарықта сатып, жоғары үлеске ие болып отыр. Компанияның алғашқы өнімі — йогурт. Одан соң нарыққа жоғары сапалы сүт, айран, қаймақ өнімдері ұсынылды. Компания өз ассортиментін әрдайым жаңартып отырады. Компания балмұздақ шығару бойынша жетекші позицияларды иеленген. Фирманың маркалық атауы — ФудМастер. Ал маркалық белгісі батып бара жатқан күн аясындағы ақ алжапқышпен тұрған шелегі сүтке толы әйел адамның бейнесі. Компания көп маркалық стратегия тәсілін кеңінен қолданады. Мысалы, Кристалл Лейк бір маркісінде 6 түрлі йогурт шығарылып, ал Пеппи сауда маркісі өнімдер сериясын өзіне енгізеді: йогурт, йогурттық сусындар, және т.б. Бұл компанияның Астана, Петропавл, Шымкент және Степногорск қалаларында 4 төл компаниялары бар. Қазіргі кезде “ФудМастер” компаниясы тәулігіне 40 тоннадан астам сүт өнімін сатады.
Қатаң бәсеке жағдайында «ЖІГЕР» АҚ компаниясында өнім өткізуге байланысты бір қатар ауыртпашылықтар туындады. Оның негізгі себептері ретінде мыналарды атап өтуге болады:
— қысқы маусымда сүт өнімдері ұсынысы азайып, ал сұраныс керісінше артады (8 сурет). Жазда кері жағдайды байқауға болады;
— қысқы мезгілде қара малды асырау қиынға түседі;
— аулалар мен нарықтарда төмендетілген бағада сүт өнімдерін стихиялық сатуды жиі кездестіруге болады;
— бәсекелестердің көп болуы;
— тұрғындардың әлі де төмен деңгейдегі төлем қабілеттілігі.
Сүт өнімдерінің сатылу көлемінің маусымдық ауытқулары
3 cурет — Сүт өнімдерінің сатылу көлемінің маусымдық ауытқулары
Ескертпе: Кәсіпорын мәліметтері негізінде дайындалған.
Мұндай маркетингтік зерттеулер компания жұмысының әлсіз жақтарын біліп, нарықпен жұмыс істеуді жақсарту бағыттарын анықтайды. Маркетинг кешенінің барлық рәсімдері ЖІГЕР» АҚ компаниясының бәсекелік күресте өміршеңдігін қамтамасыз етіп, нарықтағы өз үлесін сақтап, жоғары сапалы сүт өнімдерін өндіруші ретінде компания имиджін қалыптастырады.
Сүт өнімдерінің әлемдік саудасы көлемін тұрақтандыру нәтижесінде оған бағалар сұраныс пен ұсынысқа сезімтал болып барады. Орташа экспорттық бағалар ТМД елімен қоса импортер елдер қатарында сұраныстың азаюы салдарынан төмендейді. Көптеген экономикасы дамыған мемлекеттерде сүт пен сүт өнімдерін тұтыну өзгеріссіз қалды немесе қысқарды. Сүт өнімдерімен әлемдік сауда өте шектелген, яғни барлық тұтынудың 5 пайsзын құрайды. Сүт өнімдерімен сауда неғұрлым шоғырландырылған болып барады. Еуропалық Одақ, Жаңа Зеландия, Австралия мен АҚШ үлесіне 1983-1984 жылдары 85 пайыз келсе, қазір бұл көрсеткіш 92 пайызға жетті. Өндірістің динамикалық өсуі тұрғындардың төлем қабілетті сұранысынан артып барады және ұтымсыз түрде ресурстарды қолдану мен нарықтардың тауарға толып кетуін әкелді. Ауыл шаруашылығы өндірушілері мен сүт өңдеуші кәсіпорындар арасында экономикалық қатынастардың деформациясы шикізаттың тапшылығынан пайда болды және бірінші көзқараста екі аумақтағы өндірістің шығындық сипаты өсуімен қалыптасты. Мұндай келеңсіз жағдай екі жақта да шикізаттың сатылу бағасымен қанағаттанбауы факторымен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта еліміздің сүт өнімдерін сату бағасы әлемдік деңгейге жақындады және одан ары өсе алмайды, себебі сүт рыногының 30 пайызын импорттық өнімдер алады. Өндірістің құлдырауы, тұрғындардың төмен төлем қабілетті сұранысы маңызды өнімнің жан басына тұтынуының төмен болу себебімен түсіндіріледі.
Көптеген мамандарддың есептеуінше, сүт кешені қатынасушылары арасында табысты бөлу механизмі болмауына қарай табыс өндірістің соңғы сатысы немесе сатуда ғана көп болып қалады. Әрине, сүт өніміне баға құру кезінде бұл өнім түрін өндіруге жұмсалған барлық шығындар есептеледі. Нәтижесінде көтерме баға құрылады. Бөлшек бағаны анықтау кезінде өнім үшін сауда үстемесі көтерме бағада орташа 15 пайызды құрайды. Келесі 22 кестеде “Адал” компаниясының өнімдеріне бағалар көрсетілген.
14 кесте –“ ЖІГЕР» АҚ -тің сүт өніміне бағалар динамикасы
Өнім атауы |
Бағасы, теңгемен |
||
1.11.2004 |
1.11.2005 |
1.11.2006 |
|
Сүт Т/р 3,2% 1л |
64 |
64 |
65 |
Сүт Т/р 3,2% 1л |
28 |
32 |
30 |
Айран 2,5% 1л |
46 |
48 |
50 |
Каймак20% 1кг |
190 |
170 |
170 |
Ірімшік 5% 0,2 кг |
35 |
54 |
50 |
Ірімшік 82,5% 0,2 кг |
80 |
80 |
80 |
Сары май Монолит 82,5% 1 кг |
400 |
450 |
450 |
Ескертпе: Кәсіпорын мәліметтері бойынша есептелген. |
Республикада мал шаруашылығы сақталатыны күмәнсіз. Дегенмен, агроөнеркәсіп кешенін ары қарай реформалау өндіріс пен тауар нарықтарын тұрақтандыру бойынша ұйымдастырушылық және қаржылық шараларды қарастырып, өнім бойынша бағдарламалар жасау тұжырымдамалары мен басымдылықтарына сәйкес дамыту мәселелерін шешуі қажет.
Тауарды жылжытудың маңызды рөлі ЖІГЕР» АҚ компаниясы үшін келесі фактілермен анықталады: өнімнің жоғары сапасы; сервистік қызмет көрсету; қол жетімді баға; жеткізудің ыңғайлы жүйесі және т.б.
Кәсіпорындағы өнімді жаңарту үрдісі өндірістегі тиімділікті арттырады. әрбір кәсіпорын жаңа өнім шығаруға ынталануы керек. Соған байланысты нарық сұраныстарына сай, сүт алыптарымен бірге қалыспай қызмет етулері қажет. Олардың шығарған өнімдерінен де асып түсетін жаңа, экологиялық таза, көп сақталатын өнім шығару. Жаңа өнім шығарудың тиімділігін анықтау үшін келесідей кестелерден байқауымызға болады.
Талдайтын бірінші көрсеткішіміз ол өнімнің бұрынғы ассортиментіне жаңа тауарларды қосуы әсерінен өнім өндіру үрдісінің жақсаруы.
2003 ж ассортимент ЖІГЕР» АҚ -не айтарлықтай табыс әкелді. Бірақ заман ағымына сәйкес, нарық сұранысына байланысты өнімді жаңартуға тура келеді. Сол кезде ғана өнімді өндіру үрдісі жақсарады, белгілі табыстар әкеледі.Оны төмендегі 4 кесте арқылы байқауымызға болады.
15 кесте — «ЖІГЕР» АҚ ЖШС-нің өнім ассортиментіне жаңа өнім қосу.
Көрсеткіштер |
2003 |
2004 |
||
|
натуралды тауар |
мың тенге |
натуралды тауар |
мың тенге |
Сүт Қаймақ Кілегей Кефир Сүзбе Ряженка Ірімшік Простокваша Йогурт Қоюландырылған сүт Творожник Қайнатылған сүт |
760 600 46 236 27 56 51 56 — — — — |
5400 6600 874 2123 6160 616 6320 3920 — — — — |
820 650 56 272 29 72 53 64 85 580 28 50 |
6200 6900 970 2448 6300 820 6415 4230 1765 4590 4700 3700 |
Барлығы |
1832 |
32016 |
2759 |
49038 |
Осы кестеден байқағандай ЖІГЕР» АҚ ЖШС-нің өнімінің жоғарылатқанда 2004 ж соған байланысты өндірісі көлемі айтарлықтай өсті. Сонымен қатар 2004 ж бәсекелестерден қалыспау үшін, жаңа өнім түрлерін кәсіпорын ассортиментіне қосты. Бұл дегеніміз халықтың осы тауарларға деген сұранысының өсуі. Қазіргі кезде халықтың құнарлығы жоғары тауарларға сұранысы көп. Халықтың қоюландырылған сүт, творожник деген өнімдерге деген сұранысы пайда болғандықтан ол өнімді шығаруға ынталанады. Талдауға кіріссек «ЖІГЕР» АҚ ЖШС-і 2003 жылы натуралды түрде 1832 т сүт өнімдерін өндірген екен. Ал ақшалай түрде 32016 мың теңгені құрайды. Бұл яғни, нашар көрсеткіш емес. Бірақ бәсекелестерінен қалыспау үшін кәсіпорын өнім өндірісін кеңейтті. Ол натуралды түрде 2759 т құрады. Ал ақшалай түрде 49038 мың теңгені құрайды. Бұл жерде тиісті орынға жаңа өнімдерді өндіріске қосу ие. Егер оның ақшалай үлесін есептейтін болсақ 2004 жылдың өндірілген өнім көлемінің 30% құрайды. Бұны үлкен жетістік деп айтуға болады.
Кестеде көріп отырғанымыздай, кәсіпорын ассортиментіне жаңа тауарларды қосу арқылы қосымша кіріс кіргізеді және де бұл қосымша шығындарды, соның ішінде, өнімді жаңарту мақсатында сатып алынған құрал -жабдықтарды айтуымызға болады.
16 кесте – 2006 жылы жаңа құрал-жабдықтарды өндіріске енгізу.
Көрсеткіштер |
дана |
өлшем бірлігі |
2006 жыл |
% үлесі |
— МТС-80 сүтті қоюландырғыш — И1 ОВМ құрғақ сүтті қалпына келтіретін қондырғы — ТЛ-720 «Тетра Лавиль» орама аппараты — КБ-ОТА-10 гомогенизатор |
1
2
1
1 |
мың
мың
мың
мың |
1320
1210
1170
1700 |
0,10
0,09
0,08
0,13 |
Барлығы |
— |
— |
5400 |
0,4 |
Кәсіпорындағы барлық негізгі құрал құны |
— |
— |
1314241,2 |
100 |
Енді осы кестеге талдау жасайық. Бұл кестеде көріп отырғанымыздай кәсіпорын өзінің өнімін жаңарту үшін жаңа технологиялық құрал-жабдықтарды сатып алды. Көріп отырғанымыздай әлемге әйгілі «Тетра Лавиль» компаниясының орама жасайтын аппараттары. Қазір кәсіпорын ораманың үш түрін қолданады. Олар: Тетра Пак, Тетра Брик, Плюр Пак. Бұл дегеніміз жаңа өнімді ыңғайлы, әдемі орамамен нарыққа шығару. Кәсіпорын алдағы уақытта Феникс, Нимко деген компаниялардың технологиялық тораптарын сатып алуды жоспарлап отыр. Бұған дейін кәсіпорынның қою сүт шығаруаға мүмкіндігі болмаған
2.3 “«ЖІГЕР» АҚ –тегі шығындарды талдау
Осы жаңа құралдардың кәсіпорынның негізгі құралдар құнының ішіндегі үлесін есептейік. Кестеде көріп отырғанымыздай негізгі құралдар құнының 0,4% құрайды екен. Бұл дегеніміз негізгі активтердің шоғырлануына себеп болды. Осы жаңа құралдарды енгізу арқасында өнімділік артады, тиімділікке қол жеткізіледі. Келесі, осы өнімдерді шығаруға жұмсалған шығындарын талдайық.
17 кесте — Өнімді шығаруға кеткен шығындар
Көрсеткіштер |
2006 жыл |
% үлесі |
мың теңге |
||
1.Жаңартылған өнімнің шикізатына жұмсалған шығын сомасы 2. Өнімнің жаңа түрін шығарған жұмысшылардың еңбек ақысы 3. Жаңа өнімді жарнамалауға кеткен шығындар 4. Жаңа өнімнің қорабына кеткен шығындар |
760
680
540
480 |
31
27
22
20 |
Барлығы |
2460 |
100 |
Кестеден көріп отырғанымыздай жұмсалған шығындардың ең үлкен үлесі 31% шикізатқа тиесілі. Қазіргі нарық кезінде тұтынушылар өнімнің таза табиғи сүттен жасалғанын қалайды. Сол себепті осы жағдайды ескере отырып, сүтті табиғи өндірушілерден сатып алады.
Екінші көрсеткіш жұмысшылардың еңбек ақысы. Өнімнің жаңа түрін шығару үшін білікті, жаңа өндіріспен таныс жұмысшыларды қабылдай бастады. Соның себебінен жаңа өнім сапасы жоғарылай бастады.
Үшінші көрсеткіш – жаңа өнімді жариялауға кеткен шығындар. Яғни, теледидар, радио басқа да тарату каналдары арқылы тұтынушыларға жеткізу. Оның үлесі 22%-ті құрайды. Ақпарат арқылы ғана тұтынушылар хабарды біліп, жаңа өнімді сатып алады.
Төртінші көрсеткіш – жаңа өнімнің қорабына кеткен шығындар. Мониторингтік сұрау кезінде тұтынушылардың көбі орамаға қарайтыны белгілі болды. Оның ыңғайлылығы, тартымдылығы жаңа өнімнің сұранысқа тез ие болуына септігін тигізеді.
Сонымен жаңа өнімді өндіруге кеткен шығындар аз емес. Бірақ, соған қарамастан «ЖІГЕР» АҚ ЖШС-нің жалпы табысы өсе түседі. Бұл шығындарсыз кәсіпорынның әрі қарай нарықта өмір сүруі қиындай түспек.
4 кестеден байқағанымыздай, осы кәсіпорын 2003 жылы йогурт, қоюланған сүт, балаларға арналған сүт қоспаларын өндірумен шұғылданбапты. Демек, ол кезде кәсіпорында сүт өнеркәсібінің алыптарымен бәсекеге түсу мүмкіндігі болмаған. Алайда жаңа өнімді шығару кәсіпорынның сауығуына әсер етеді, оның бәсекелестік қабілетін жақсартады. Өнім сатуға жасалған талдау нарықта бағасы қымбат емес, жоғары сапалы өнім, тауар негізінен пайдаланылатынын дәлелдейді. Ал 2004 жылы кәсіпорын өзінің ассортиментіне жаңа тауарларды ( йогурт, қоюланған сүт, творожник) қосты. Соның нәтижесінде халықтың сұранысына ие болып отыр.
Әсіресе, ұзақ уақыт бойы сақталатын, бұзылмайтын тауарлар шығару қажет. Қазіргі кезде нарықта сүт өнімдері шөлмектегі сиымдылығы 0,5 литрлік йогурт пайда болды. Жүргізілген мониторинг кезінде бұл өнімнің үлкен сұраныспен пайдаланылатыны белгілі болды.
Бұған қоса, балаларға арналған өнім шығаруға бағдар ұстау қажет. Сүтті негізінен табысы аз халық өкілдері яғни, зейнеткерлер алады, сол себепті оның бағасы тиісінше болуға тиіс. Сүт шығарумен айналысатын алыптар осы аталған өнімнің бағасын өсірмей, ұзақ уақыт бойы ұстап тұруларына болады. Ал біз әңгіме етіп отырған «Қайсар Сүт» ЖШС-і сияқты кәсіпорындар бағаларды үнемі ұстап тұра алмайды, энергия таратушылардың, отынның және басқа бірқатар көрсеткіштердің ұлғаюына қарай сүт және сүт өнімдерінің бағасын арттыруға еріксіз мәжбүр болады. Шығарылған өнімнің рентабельділігі көрсеткендей, 2003 жылмен салыстырғанда жалпы табыс артқанын атап көрсету керек.
Қазір жер-жерде нарық, консерванттары бар шетел өнімдерімен толып тұрған жағдайларда кәсіпорын мамандары өнімнің сапасын жақсарту есебінен табиғи, нағыз сүт өнімдерін өндіру мақсатын алға қойып отыр. Демек, қазіргі кезде, бұл өнім табысты және бәсеке қабілетті.
Бәсеке қабілеттілікті жоғарылату «ЖІГЕР» АҚ компаниясының даму стратегиясы болуы керек, тек сонда ғана ол сол нарықта қызмет етумен қатар өз жұмысын кеңейтіп, нарықтағы үлесін жоғарылатады. Тауар бәсекелестігі бағалық және сапа бойынша болуы мүмкін.
Тауардың сапасы мынадай параметрлермен анықталады:
- нормативті-техникалық параметрлер- бұл тауардың норма мен стандарттарға сәйкес келуі;
- сенімділік және қауіпсіздік параметрлері;
- эргономикалық параметрлер: қолайлы қорабы, тауардың адамның физикалық қажеттіліктеріне сәйкес келуі;
- эстетикалық параметрлер – дизайн және мода;
- бәсекелестерді білу және классификациялау, яғни бәсекелестер туралы мәліметтер банкасын құру;
- бәсекелестер қызметінің көрсеткіштерін талдау;.
- бәсекелестердің күшті және әлсіз жақтарын білу.
Кәсіпорынның қазіргі алға қойған мақсаты ИСО 9000 басқару сапасы жүйесін өзіне ендіру болып табылады. өйткені «Қайсар Сүт» тек қана ішкі
нарықта қызмет етіп отыр. Бұл сапаны енгізсе тауардың шетел фирмаларымен бәсекелесте болатынына еш күмән жоқ.
Қорытынды
Өндіріс шығындары – кәсіпорынның өндіруге және сатуға кеткен барлық шығындарының сомасы, яғни өнімді өндіруге кеткен еңбек шығындарының жиынтығы. Кәсіпорынның қызметін айқындайтын экономикалық көрсеткіштердің жиынтығы өнімнің өзіндік құны. Бұл оның пайдаланған өндіріс құралдарының шығынын және еңбекақы төлеуді қоса есептегендегі оның ақшаға айналдырған құнының бір бөлігі.
Өнімнің өзіндік құны белгілі бір өнім мөлшерін өндірудің және сатудың кәсіпорынға қаншаға түсетінін көрсетеді. Өндірілген өнімді сатудан түскен қаржының есебінен өзіндік құнның құрамына кірген, өндірісте тұтынылған элементтер шығынының орны толтырылады. Ол қалған қаржының бір бөлігі ұлғаймалы өндірісті дамытуға жұмсалады.
Өндіріс тәсілінің негізгі экономикалық санатының бірі бола отрырып, өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның экономикалық тиімділігін анықтайтын неғұрлым толық неғұрлым толық көрсеткіш. Өзіндік құнға жолдам жасағанда оған кеткен шығындарға мұқият талдау жасау, өндірісті дәл ұйымадстыру, техниканы және технологияны, материалдар мен шикізаттарды басқа материалдық ресурстардың барлық резервтерін табу, сөйтіп, өнімсіз еңбек шығындарын анықтау және алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың өзіндік құнды азайту жөніндегі тәжірибелерін үйрену керек.
«ЖІГЕР» АҚ басты мақсаты тұтынушылар талғамына сапалы машиналар шығару. Ең басты мәселе кәсіпорынның капиталымен жарақтануы.
Бірақ, жасалынған жұмыстар нәтижесінде фабрика жыл сайын өндіріс көлемін ұлғайту байқалды, яғни өндіріс көлемін ұлғайтса кәсіпорын табысы өседі және даму деңгейі көтеріледі. Бірақ өнімнің өзіндік құны өскенмен де, өнімді өткізуден түскен табыс пен жалпы табыс азайды. Сәйкесінше шығындар да көбейеді.
Өндіріс шығындарын азайту үшін жеткізушілер мен жабдықтаушылар арасында тиімді экономикалық байланыс құру арқылы тасымалдау шығындарын азайту, тапсырыс берушілер мен тұтынушылар талаптарын ұтымды ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруға болады. Кәсіпорындардың мүмкіншіліктерін және нарықтағы орнын анықтау үшін маркетинг зерттеу және инновациялық өнім өндіруге қажетті шығындарды көбейтуге талпыныс жасап, экономикалық он нәтижеге жету жолдарын басқару шараларын жан-жақты қарастырумен қатар, ұйымдастыру басты мақсат болуы керек.
Кәсіпорындардың өндіріс шығындарын азайтуда мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану, мысалы, салық жеңілдіктерін беру, кедендік алымдарды азайту, несие шарттарының ұтымды түрін қолдану, инвестиция тарту және тағы басқалар түрінде іске асыру маңызды рөл атқарады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
- Поллард А., Практический маркетинг: книга 6. Реакция на факторы внешней среды. – Жуковский: МЦДО ЛИНК, 1995. – 843с.
- Экономический анализ: ситуация, тесты, примеры, задачи, выбор оптимальных решений, финансовое прогнозирование: Учебное пособие / Под.ред.М.И.Баканова., Н.Д.Шеремета – М. Фин. и стат. 2000.;
- Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 1998. – с.184.
- Ефимова О.В. Как анализировать финансовое положение предприятия. — «Бизнес-Школа», Интел-Синтез, 1994.
- Чечета А.П. Анализ финансового состояния предприятия. / Бухгалтерский учет, 1992г., №5.
- Анализ платежеспособности педприятий и организаций. Практическое руководство для государственных, совместных и малых предприятий. – М: 1991.