МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………………….2
Негізгі бөлім
- Кәсіпорынның қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы қызмет етуі…………………………………………………………………………………………………3
1.1 ЖШС «ENERPRO» кәсіпорынның жалпы сипаттамасы………………….3
- ЖШС «ENERPRO» кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен экономикалық потенциалын талдау және бағалау…………………………………………………..6
2.1 Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау: баланс активі мен оның құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының жалпы динамикасын талдау…………………………………………………………………………………..6
2.2 Төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау………………………………….21
2.3 Қаржылық тұрақтылығын талдау және бағалау…………………………32
2.4 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау және бағалау………….40
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………….44
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………45
КІРІСПЕ
Кәсіптік тәжірибе мерзімі – 2011 жыдың 18 қаңтар мен 9 сәуір аралығында. Өту орны – «ENERPRO» жауапкершілігі шектеулі серіктестік кәсіпорыны. Кәсіптік тәжірибенің мақсаты – Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде алған теориялық білімімізді осы кәсіптік тәжірибе кезінде барынша макасималды түрде пайдалана отырып, нарықтық экономика жағдайында қызмет етіп жатқан «ENERPRO» жауапкершілігі шектеулі серіктестік кәсіпорынның экономикалық қызметімен, оның өндірістік және басқарушылық құрылымымен, есептілік жүргізу және кәсіпорынның өзінің қызметін жоспарлау тәртібімен танысу, әрі онда жүргізілетін әртүрлі есептілік түрлерімен танысу, оны игеріп білу болып табылады.
«ENERPRO» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік кәсіпорында өндірістік тәжірибе өту барысында кәсіпорынның қаржылық жағдайын, экономикалық потенциалын, яғни кәсіпорынның автивтер құрамы мен құрылымын, баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдадым, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, өтімділігін, қаржылық тұрақтылығын және іскерлік белсенділігін талдадым.
«ENERPRO» ЖШС кәсіпорында кәсіптік тәжірибе өту барысында мынадай мәселелерді :
- кәсіпорынның құрылу тарихымен таныстым;
- кәсіпорынның жарғысымен таныстым;
- кәсіпорынның басқарушылық және өндірістік құрылымын;
- негізгі бөлімшелердің, басқа да қосымша бөлімдердер мен басқармалардың қызментімен таныстым;
- кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлерге жалақы төлеу мен сыйақылар беру жүйесі;
- мекеменің басқа ұйымдармен келісім-шарт жасасу тәртібін;
- кәсіпорынның статистикалық мәліметтерімен;
- 2009-2010 жж аралығындағы бухгалтерлік есептілікпен таныстым;
- келесі жылға бюджетті құруды (бизнес-жоспарды құру) қарастырдым.
Кәсіптік тәжірибе өту жөніндегі есеп кіріспе, негізгі бөлім қорытынды қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім екі бөлімнен тұрады және оның бірінші бөлімінде кәсіпорынның міндеті, мақсаты, атқаратын қызметтері, ал екінші бөлімінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын қарастырдым.
1.Кәсіпорынның қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы қызмет етуі
1.1 ЖШС «ENERPRO» кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
Нарықтық жағдайларда тек ірі кәсіпкерлікпен ғана айналысуға болады, шағын кәсіпкерлік өмір сүруге қабілетсіз деген пікір бар. Тарих көрсетіп отырғандай, шындығына келгенде, шағын бизнес ірі бизнеспен табысты түрде бәсекелесуде, себебі ол дағдарыс жағдайларында анағұрлым икемді, анағұрлым ұтқыр, анағұрлым тұрақты болып келеді және үнемі түрде дамып отыруға қабілетті.
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің шетелдік тәжірибесі кәсіпкерліктің экономикада аса маңызды міндеттерді орындап отырғанын көрсетіп отыр.Жапон экономикасы екінші дүниежүзілік соғысынан кейін шағын және орта кәсіпорындардың арқасында жылдам қалпына келді, сөйтіп «жапондық экономикалық ғажайып» орын алды.
Өткен ғасырдың 70-ші жылдары тіпті мынадай формула танымал болатын: «Шағын нәрсе тамаша!».Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының мәліметтері бойынша әлемдік экономикада шағын кәсіпорындардың саны барлық кәсіпорындардың жалпы санының 95%-нан асады. Олардың үлесі әрекеттегілерінің 60%-нан астам бөлігін құрайды, ал олардың ЖІӨ-дегі үлесі 50%-ға дейін жетеді. Бұл орташа әлемдік көрсеткіштер. Ал Жапонияда мысалы, шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі компаниялардың жалпы санының 99,6%-ын, ЖІӨ-нің 55%-ын және өнеркәсіпте қызмет ететіндер санының 80%-ын құрайды. АҚШ-та — ЖІӨ-нің 50%-дан артық бөлігі, инновациялардың жартысынан астам бөлігі, ұлттық жұмыс күшінің 2/3 артық бөлігі шағын кәсіпкерлікте еңбек етеді.
Бүгінде Қазақстанда еңбекке жарамды белсенді тұрғындардың әрбір бесіншісі шағын және орта бизнесте еңбек етуде. Олардың шамамен алғанда тең жартысы – жеке кәсіпкерлер. Ал барлық тіркелген кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің 90% артық бөлігі шағын және орта бизнес секторына тиесілі болып келеді. Бұл тұрғыда біз орташа әлемдік көрсеткіштермен бір деңгейде келеміз. Сонымен қатар, егер шағын және орта бизнестің ЖІӨ-де алатын үлесін салыстырар болсақ, Қазақстанда – бұл шамамен 16%. Ал, мысалы, Ұлыбританияда – 52%, Италияда – 55%, Германияда – 57%.
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік көпшілік сипатқа ие және салыстырмалы түрде серпінді құбылысқа айналған. Кейінгі жылдарда кәсіпкерліктің жоғары қарқынмен дамып келе жатқандығына қарамастан, экономиканың аталмыш секторының сапалық тұрғыдан дамуына кедергі болып отырған бірқатар проблемалар орын алуда. Мұндай проблемаларға мыналар жатады:
- заңнамалық базаның жетілмегендігі – жеке кәсіпкерлік туралы заңдардың нормалары ескірген. ШОБ-ны (шағын және орта бизнес) дамыту жөніндегі бірқатар мәселелер бойынша нақты нормалар шығарылмаған, мұнысы әкімшіліктік тосқауылдардың көбеюіне және әрекеттегі заңдардың әртүрлі пайымдалуына әкеледі;
- кәсіпкерлік субъектілерін критерийлік тұрғыдан белгілеу мәселесі – кәсіпкерлік субъектілерін шағын және орта бизнес категориясына жатқызудың критерийлері әлемдік практикаға сәйкес келмейді. Төмендетілген құндылықтық критерийлер экономика мен бизнестің бүгінгі даму деңгейіне сай емес. Олар бизнестің жасанды түрде «бөлінуіне» ықпал етуде, отандық кәсіпкерлікті қолдау шараларының тиімділігі мен оның бәсекеге қабілеттілігін төмендетуде.
- салықтық жүйе жеткілікті дәрежеде дамымаған – Қазақстанның салық жүйесінде шағын бизнес ауқымының өсуіне және оның біртіндеп орта бизнеске айналуына арналған экономикалық стимулдар қарастырылмаған;
- әкімшілік тосқауылдар – әкімшілік тосқауылдардың болуы шағын және орта бизнестің дамуына елеулі кедергісін тигізуде. Алайда оларды кешенді талдау осы мәселені бұрынғысынан да тиімді шешудің жолдарын ашуда;
- кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының нашар дамуы және үзінділік сипатқа ие болуы – Қазақстанда орын алып отырған ШОБ-ты қолдау инфрақұрылымы шағын және орта бизнесті дамыту шараларын қолдауды қамтамасыз етпейді және жоғары транзакциялық шығындарға негіз болуда;
- шағын және орта бизнес өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі – қормен жеткілікті деңгейде жарақтандырылмауы, негізгі құралдардың жоғары тозу деңгейі мен төмен дәрежедегі жаңартылуы, сондай-ақ тұтастай ШОБ секторының төмен технологиялығы еңбек өнімділігін, шағын және орта бизнес өнімдерінің экономикалық тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін төмендетуде;
- қаржы ресурстарына қатынаудың жоқтығы – әлемдегі қаржы дағдарысы ШОБ субъектілерін қаржыландырудың жетіспеушілігі мәселесін одан әрі шиеленістіріп жіберді. Мемлекеттік Тұрақтандыру бағдарламасын уақытында жүзеге асыру дағдарыстық құбылыстардың ШОБ секторына жағымсыз әсерін ішінара бәсеңдетуге мүмкіндік берді.
Мемлекет кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік береді және соны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызындағы Конституциясына сәйкес: «..Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқы бар». [6, 12б]
Кәсіпкерліктің түрлерінің бірі -жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп бір немесе бірнеше тұлғаның құрған серіктестігі танылады. ЖШС-нің Жарғылық капиталы құрылтай құжаттарына сәйкес белгілі өлшемге ие үлестерге бөлінген. ЖШС-нің қатысушылары соның міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болмайды және қызметімен байланысты болатын залалдардың тәуекелін солардың қосқан салымдарының құны шегінде арқалайды.
«ENERPRO» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік кәсіпорынның мақсаты – табыс табуға бағытталған және қатысушысына тұрақты табысты қанағаттандыру болып табылады.
ENERPRO» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік- шағын кәсіпорын болғандықтан, нарықтық жағдайларға, өзгерістерге икемді және кәсіпорынды айқын басқаруға қабілетті болып табылады.
ENERPRO» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік кәсіпорыны ҚР заңына сәйкес келетін мынадай қызметтерді атқарады:
-маркетингтік және инжинирингтік қызмет;
-лицензия, сертификат (куәлік) берумен;
-кәсіпорындарға сарапшылық-консалтингтік кеңес берумен;
-химиялық, нефтехимиялық, энергетикалық салаларда жұмыс жасайтын кәсіпорындарға жәрдемдесу;
-жобалық, конструкторлық жұмыстар;
-құрылыс үшін ізденіс жұмыстары;
-және ҚР заңына қайшы келмейтін қызметтерді атқарады.
2.ЖШС «ENERPRO» кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен экономикалық потенциалын талдау және бағалау
2.1 Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау: баланс активі мен оның құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының жалпы динамикасын талдау
Баланс активтерінін құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кә-сіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінін абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
|
|||||
|
|
Сурет1-Кәсіпорынның мүліктік потенциалынталдауды жүргізу кестесі.
[2, 30б].
Агрегатталған баланс арқылы кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдаймыз. Агрегатталған балансты талдау арқылы кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайы туралы мәлімет аламыз, мысалы: активтердің жалпы құны; ағымдағы акивтердің, яғни мобильді активтердің құны туралы; ұзақ мерзімді активтердің құны туралы, яғни иммобильді активтер; меншікті капиталдың көлемі; қатыстырылған капиталдың көлемі; айналымдағы меншікті капиталдың көлемі.
Актив |
Пассив |
1.Мүлік |
1.Мүліктің құралған көзі |
1.1.Иммобильді активтер |
1.1.Меншікті капитал |
Мобильді, яғни ағымдағы активтер. |
1.2.Қатыстырылған капитал |
1.2.1.Тауарлы-материалды қорлар |
1.2.1.Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
Дебиторлық борыш |
1.2.2.Қысқа мерзімді міндеттемелер |
1.2.3.Ақша қаражаттары |
1.2.3.Кредиторлық борыш |
Сурет2-Кәсіпорынның агрегатталған балансы.[3, 65б].
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және олар-да болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның же-ке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
|
|
|
Ағымдағы
|
активтер
|
Сурет3- Кәсіпорынның баланс активінің құрылымы. [2, 37б]
Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алай-да, кәсіпорын мүлік құныньщ өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі ба-ланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтар-лықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.
Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.[7, 60б]
Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау ушін келесі аналитиклық кесте құрылады:
Кесте4 — Баланс активтерінің құрамы мен құрылуы (2009жыл).
Активтер |
Жыл басында |
Жыл соңында |
Өзгеріс (+ ; -) |
Құрылымының өзгеруі |
|||
Көрсеткіштер
|
сомасы, мың.тг |
үлес салмағы, % |
сомасы, мың.тг |
үлес салмағы, % |
Мың тг. |
Үлес салмағы, % |
|
1)Активтер құны, барлығы, соның ішінде: |
230 989 |
100 |
457 931 |
100 |
226 942 |
98 248 |
0 |
1.1Ұзақ мерзімді активтер: |
43 858 |
19 |
58 619 |
12,8 |
14 761 |
33,656 |
-6,2 |
а)негізгі құралдар |
43 858 |
19 |
57 595 |
12,6 |
13 737 |
31 |
-6,4 |
б) материалдық емес активтер |
0 |
0 |
1024 |
0,2 |
— |
— |
— |
1.2Қысқа мерзімді активтер: |
43 098 |
18,7 |
264 320 |
57,7 |
221 222 |
513 |
39 |
а) тауарлы-материалдық қорлар |
6002 |
2,6 |
24 349 |
5,3 |
18 347 |
306 |
2,7 |
б) дебиторлық борыш |
8811 |
3,8 |
31 277 |
6,8 |
22 466 |
254 |
3,0 |
в) ақша құралдары |
28 285 |
12,2 |
208 694 |
45,6 |
180,409 |
637 |
33,4 |
Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 226 942 мың теңгеге немесе 98% -ға артқанын көруге болады. Бұл кәсіпорынның 2009 жылы жұмысының оң нәтижесін көрсетеді. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көңіл бөлгенін, негізгі құралдардың жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет. Қаражаттарды ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасында тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі жыл басында 0,3 пунктке (18,7-19) аз болса, жыл аяғында 44,9 пунктке (57,7-12,8) асып кетті және 57,7%-ды құрады. Ағымдағы активтердің өсуі ұзақ мерзімді активтердің өсуінен (513/33) 15 есеге артық болып отыр.
Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Талдап отырған кәсіпорында бұл коэффициенттің деңгейі жыл басында (43 098/230 989) 0,186; ал жыл соңында (264 320/457 937) 0,577 құрады. Коэффициенттің мәні артқан, яғни кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады-яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығы және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.
Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш- мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады. Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық көрсеткіштеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорында берілген көрсеткіштердің деңгейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс.Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш деңгейі жыл басында ( 43 098/43 858) 0,98 және жыл соңында (264 320/58 619) 4,51 құрайды. Бұл коэффициент деңгейі мобильді қаражаттардың өсу қарқыны иммобильді қаражаттардың өсу қарқынан артуының нәтижесінде өсіп отыр. Есепті жылы біріншілір (264 320/43 098) 6,1 есеге; ал екіншілірі (58 619/43 858) 1,3 есеге ғана өскен.
Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың белгісі болып табылады: ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасының коэффициентінен артық болуы керек.Әрі қарай кәсіпорынның мүлікті жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құндағы негізігі құралдардың нақты құнынң (қалдық) үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Себебі бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.Біздің мысалымызда баланс валютасындағы негізгі құралардың қалдық құнының үлесі жыл басында 19%; ал жыл аяғында 12,8%-ды құрайды,, бұл көрсеткіш теориялық мәніне сәйкес келмейді. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасының дамуындағы жағымсыз кезеңі ретінде қарастырылуы тиіс. Осыған байланысты кәсіпорынның материалды-техникалық базасын нығайтуға және жаңартуға қатаң көңіл аудару тиіс.
Ең мобильді активтер, яғни ақша қаражаттары 180 409 мың теңгеге өскен. Бұл коэффициент, ағымдағы міндеттемелерді өтеуге бағытталатын қаражаттардың жалпы сомасындағы төлеуге дайын қаражаттардың үлесін көрсетеді. Ең мобильді қаражаттар сомасының жоғарлауы кәсіпорынның төлеу қабілетінің жақсы екендігін сипаттайды.Кәсіпорынның тауарлы-материалдық айналым қаражаттары есепті жылы 305%-ға өсті және ал жыл аяғында 24 349 мың теңгені құрады. Олардың үлесі 2,7 пунктке жоғарыланған, бірақ оның үлесі төмен.
Есепті жылы дебиторлық борыш та әжептеуір өскен. Егер оның көлемі жыл басында 8811, ал жыл аяғында 31 277 мың теңгені құрайды немесе 257%-ға өскен, ағымдағы активтер құрамындағы оның үлесі 3 пунктке азайды (6,8-3,8).
Өтімді емес, өтімділігі төмен тауарлы-материалдық құндылықтардың бар болуы, дебиторлық борыштың әсіресе, оның күмәнді бөлігінің үлкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуіне әкеліп соқтырады және кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді. Осылайша мүліктің және ағымдағы активтердің мобильділігінің өскендігіне қарамастан, кәсіпорын басшылығы оның құрамындағы өзгерістердің негізділігін және оның себептерін бағалауы қажет. [7, 68б]
Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытты есептеулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен, айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, себебі оның бір юөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді.
Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді.
Дебиторлық борыштың нақты құны бойынша бағалау керек. Себебі дебиторлық борыштың барлығы бірден өндіріліп алмауы мүмкін. Оның қайтарымдылығы өткен тәжірибенің, сондай-ақ ағымдағы жағдайлардың негізінде анықталады. Бухгалтерлік тәуекелдің мәні, сол өткен кезең тәжірибесі болашақтағы зиянға сай келмеуі мүмкін немесе ағымдағы жағдайлар толығымен ескерілмей қалуы мүмкін. Нәтижесінде дебиторлық борыштың қайтарылу ықтималдылығын анықтаудың және оны дайындаудың дұрыстығы мен нақтылығын білуі керек. [7, 69б]
Келесі талдау баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға лынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.
Сурет5-Кәсіпорынның пассивтер құрылымы.[2, 45б].
Пассивтер құрылымы
Ағымдағы Қатыстырыл
|
міндеттемелер ған капитал
|
|
Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландыруымен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдеріне ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен жабылады. [3, 28б]
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды.Бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатыны көруге болады.
Тәуелсіздік коэффициент меншікті капиталды барлық авансталған капиталға болумен анықтайды. Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетеді, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді. Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жоғарғы деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілділігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағайында алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.
АҚШ және Еуропа елдерінде тәуелсіздік коэффициентінің жоғарғы жетерлік деңгейі болып, 0,5-0,6 тең болатын меншікті капиталдың баланс валютасына қатынасы саналады. Бұл жағдайда несие берушілердің тәуекелділігі төмен болады: өз қаражаттарынан қалыптастырылған мүліктің жартысын сатып (қарызға алынған қаражаттар салынған, екінші жартысы кейбір себептермен құнсызданған болса да), кәсіпорын өзінің қарыз міндеттемелерін жабуына болады.
Жабдықтаушылар мен сатып алушылыр арасындағы келісім-шарттық міндеттемелер қатаң сақталатын және фирманың атағына үлкен мән берілген нарықтық экономикасы дамыған елдерде тәуелсіздік коэффициентіне мұндай жоғары талаптарды қоймайды (Жапонияда оны 0,2-ге дейін төмендетуге болады). Жоғарыда келтірілген меншіктік коэффициентін 0,5-0,6 деңгейінде шектеуді орындау, қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды. Сондықтан қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін белгілеуге мүмкіндік беретін, құрылымына зерттеу жүргізіп баға беру қажет. Нарық жағдайында ол ақпарат ішкі және сыртқы пайдаланушылармен жүзеге асырылады. Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, немие берушілер меншіктік капиталдың авансталынған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға беріледі.
Меншіктік капиталдың үлесі төмендегенде тәуекелдік өседі. Кәсіпорын капиталының құрылымын зерттеу оларға қызметінің кеңейгені немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүмкіндік береді.
Қысқа мерзімді несиелердің төмендеуі және меншіктік капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қысқарғанын көрсетеді. Бірақ бірыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидентке пайыздық мөлшерлемелер әсерінен болуы мүмкін.
Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивиденттердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражаты өсірген дұрыс, ал егер керсінше болса, онда меншікті капталды пайдаланған дұрыс. Әрине, авансталған капиталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған жағдайларға тәуелді болады. [7, 81б]
Кесте 6 — 2009 жылдың активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерттеу үшін келесідей талдау кестесі құрылады.
|
Көрсеткіштер |
Жыл басы |
Жыл аяғы |
Жыл бойындағы өзгеріс |
Құрылымның өзгеруі |
|||
сомасы, мың.тг |
үлесі, % |
сомасы, мың.тг |
үлесі, % |
сомасы, мың.тг |
үлесі, % |
|||
1 |
Авансталған капитал, барлығы: |
230 989 |
100 |
457 931 |
100 |
226942 |
98 |
0 |
|
1.1.Меншікті капитал |
74759 |
32,4 |
74 759 |
16,3 |
0 |
0 |
-16,1 |
|
1.2.Қарыздық капитал, соның ішінде: |
156 230 |
67,6 |
383 172 |
83,7 |
226 942 |
145 |
16,1 |
|
1.2.1. Кредиторлық борыш |
121 230 |
52,5 |
348 172 |
76,0 |
226 942 |
187 |
23,5 |
|
1.2.2.Басқа да пассивтер |
35 000 |
15,2 |
35 000 |
7,6 |
0 |
0 |
-7,6 |
2 |
Тәуелсіздік коэффициентті |
— |
0,324 |
— |
0,163 |
— |
— |
-0.161 |
3 |
Қаржыландыру коэффициентті |
— |
1.479 |
— |
1.195 |
— |
— |
-0.284 |
4 |
Қатыстырылған капиталдың меншікті капиталға қатынасы |
— |
2.086 |
— |
5.135 |
— |
— |
3.049 |
Кесте мәлеметтерінен кәсіпорынның есеп беру жылындағы активтерінің қалыптасу көзі 226 942 мың теңге немесе 98 %-ға өскені көрініп тұр. Бұл өсу жылдың соңында 383 172 мың теңге болған, яғни 226 942 мың теңге болған, яғни 226 942 мың теңгеге өсуіне байланысты қатыстырылған капиталдың өсуінен болған бұл кезеңде тәуелсіздік коэффициентті 0,163-тен 0,324-ке дейін немесе 0,161 пунктке төмендеген, яғни жыл басы мне жыл аяғында тәуелсіздік коэффициентті оның қалыпты мәнінен айтарлықтай төмен, бұл кәсіпорынның 2009 жылы қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) төмендегенін дәлелдейді. Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатыстырылған капиталдың барлық авансталған капиталдағы үлес салмағы да дәлелдейді. Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарлайды. Біздің кәсіпорынымызда оның деңгейі жыл басында (1-0,324) 0,676; ал жыл аяғында (1-0,163) 0,837 болды. Бұл көрсеткіш жыл аяғында өскен, талданып отырған кәсіпорын өзінің қаржылық тәуелсіздігі төмен, яғни 2009 жылы кәсіпорын сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғары.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады. Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі. Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржыландыру коэффициенті <1 болатын жағдайда кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқанын,төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайда жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді. Арнайы әбедиеттерде бұл көрсеткіш үшін қалыпты шектеу 1-ден асып кеттеу керек, асып кетсе, онда кәсіпорының қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы қауіпті нүктеге жетеді, бірақ жауап әр уақытта бірдей бола бермейді. Қарыз және меншіктік қаражаттар қатынасының коэффициенті салалық ерекшеліктерге, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сипаына және айналым қаражатының айналу жылдамдығына байланысты болады. Материалдық айналым қаражатының айналымдылығының жоғары көрсеткіштері және дебиторлық борыштың одан да жоғары айналымдылығы кезінде коэффициенттің қауіпті мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпорынның қаржылық дербестігіне ешқандай әсерін тигізбейді. Кәсіпорынның ең төменгі қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін бұл коэффициент ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің қатынас коэффициентінің мәнімен шектелуі қажет. Біздің кәсіпорнымызда бұл коэффициенттің мәні жыл басында 2,086 және жыл аяғында 5,135 құрайды. Бұның мәні кәсіпорын есеп беру кезеңінің басында активтерге салынған меншіктік қаражаттардың әрбір теңгесіне қарыз қаражаттардың 2 теңге 1 тиынын тартқанын дәлелдейді. Есеп беру кезеңінің ішінде қарыз қаражаттары меншіктік салымдардың әрбір теңгесіне 5 теңге 14 тиынға дейін көтерілген. Демек, кәсіпорын 2009 жылы қарыз қаражаттарын пайдалануға көп күш жұмсаған.
Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын ең маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды. Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек, ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті. Біздың мысалымызда бұл коэффициенттің мәні жыл басы мне аяғында 0,32 және сәйкесінше 0,16 құрайды. Жыл аяғында 0,284 пунктке төмендеген және 0,75 ең төменгі қалыпты мәнінен төмен, бұл кәсіпорын үшін қауіпті болып саналады.
Капиталдың құрылымын қалыптастырудың тиімділігін (қолайлығын) анықтау үшін инвестициялау коэффициентін де қолданамыз. Ол батыс фирмаларда кеңінен қолданылады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықталады. Активтерді құрудың ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айналым капиталдың бір бөлігін жабатын кезегі жол саналады. Кәсіпорын, барлық қарыз қаражаттары алынып жатса да өмір сүре беретін болады. Кәсіпорынның капиталын пайдалану туралы тағы бір пікір – меншікті капиталды тек қана негізгі құралдарды сатып алуға жұмсап, ал айналым қаржаттары (ағымдағы активтер) келесі жолмен қалыптасу керек: ¼ — ұзақ мерзімді қарыздар есебінен, ал ¾ — қысқа мерзімді қарыздар есебінен. Нарықтық қарым-қатынас осы принцип (қағида) бойынша құрылған.Аз ғана капитал бола тұра, көп табыс алуға болады.
Инвестициялау коэффициенті жыл басында 1,705; ал жыл аяғында 1,298 құрайды. Б ұл берілгендерге қарап меншікті капитал тек қана негізгі құралдарды сатып алуға ғана емес, кәсіпорынның қаржылық есеп беруінің басқа да активтерін, соның ішінде ағымдағы активтерін сатып алуға да пайдаланылады деуге болады.
Меншікті капиталды зерттегенде өзіндік айналым қаражаттарындағы болған өзгерістерге ерекше назар аударылады, яғни меншікті капиталдың қандай бөлігі иммобильдік сипаттағы құндылықтарда бекітілмегендігін және осы қаражаттарды неғұрлым азды-көпті еркін жұмсауға мүмкіндік беретін нысанда тұрғандығы анықталады. Меншікті айналым қаражаттарының көлемін анықтау үшін, меншікті капиталдың сомасынан баланс активінің бөлімінің жалпы сомасын алып тастау керек. Жыл басында меншікті айналым қаражаттарының көлемі (74 759-43 858) 30 901 мың теңге және жыл аяғында (74 759-58 619) 16 140 мың теңгені құрады, яғни 14 761 мың теңгені немесе 47,8%-ға төмендеген. Бұл кәсіпорын үшін теріс бағыт ретінде қарастырылады.
Меншіктік айналым капиталдың жалпы меншікті капиталдағы үлес салмағын анықтау қажет. Бұл көрсеткіш кәсіпорын қаржылық тұрақтылығының әлдеқайда нақты сипаттамасы болып саналады. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның меншікті қаражаттарының қандай бөлігі, осы қаражаттарды еркін жұмсауға болатын, мобильді нысанда екендігін көрсетеді. Бұл көрсеткіші жұмсау (маневрлық) коэффициенті деп аталады. Жұмсау коэффициентінің төмен мәні кәсіпорынның меншікті қаражатының көп бөлігі иммобильді сипаттағы құндылықтарда бекітілгендігін көрсетеді, ал олар тез айналатын қаражаттар емес, яғни ақшаға тез айнала алмайды. Қаржылық жағдайдан оның өсуі және жоғары деңгейі кәсіпорынның қаржылық жағдайын оңды сипаттайды: бұл кезде меншікті қаражаттар мобильді, олардың көп бөлігі негізгі құралдарға да, айналымнан тыс активтерге де емес, айналым қаражаттарына салған. Сондықтан жұмсау коэффициентінің өсуі кәсіпорын мүлкінің нақты құрылымындағы мүмкін болатын шектерінде ғана тиімді. Егер коэффициент негізгі құралдардың құнының азаюынан емес, негізгі құралдарға қарағанда меншікті қаражат көздерінің тез өсуіне байланысты көбейсе, онда коэффициенттің жоғарлауы шынымен кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының артқанын дәлелдейді. Оптималды мөлшері ретінде жұмсау коэффициенті ≥0,5 деп алынуы мүмкін, бірақ іс жүзінде көрсеткіштің тұрақты қалыптасқан мәндері жоқ. Бұл көрсеткіштің ұсынылып тұрған деңгейі кәсіпорынның менеджері мен оның меншік иелері өз қаражаттарын мобильді және иммобильді активтерге салудың тепе-теңдік принципін сақтау керек екендігін көрсетеді, бұл баланс өтімділігін қамтамасыз етеді. Жұмсау коэффициентінің мәні, кәсіпорынның қызметінің сипатына байланысты: оның әдеттегі деңгейі материал сыйымдылығы жоғары өндірістерге қарағанда қор сыйыдылығы жоғары өндірістерде төмен болуы керек, себебі қор сыйымдылығы жоғары өндірістерде меншікті қаражаттардың айтарлықтай бөлігі негізгі өндірістік қорларды жабудыңкөзі болып табылады. Біздің кәсіпорынымызда жыл басында 0,413 және жыл аяғында 0,216 құраған. Жыл аяғында коэффициенттің мәні төмендеген және теорилықмәнінен (≥0,5) төмен, кәсіпорынның меншікті қаражатының көп бөлігі иммобильді сипаттағы құндылықтарда бекітілгендігін көрсетеді.
Кәсіпорынның тауарлы-материалдық қорлары мен шығындарының қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің абсолютті көрсеткіштері қаржылық тұрақтылықты талдау үшін басты роль атқаратынына сәйкес, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының басты көрсеткіштердің бірі болып қорларды қалыптастырудың өз көздерімен қамтамасыз еілілу коэффициенті саналады, ол меншікті айналым қаражаттарының тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың құнына қатынасымн анықталады. Бұл көрсеткішті тауарлы-материалдық қорлар мен шығындарды жабу коэффициенті деп атайды. Материалды айналым қаражаттарын жабу коэффициенті қандай дәрежеде тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардар меншікті қаражаттармен жабылғанын және қарыз қаражаттарын тартуды қажет етпейтінін көрсетеді. Оның қалыпты мәні ≥0,6-0,8 түрде болады. [7, 83б]
Біздің мысалымызда жыл басында 5,15 және жыл аяғында 0,7 құрайды, бұл коэффициенттің мәні теориялық мәнін сақтап тұр жыл басында асқан 5,15≥0,6-0,8.Біздің кәсіпорын есепті жылы ұзақ мерзімді ғана емес, қысқа мерзімді несиелерді де қатыстырмаған. Қатыстырылған капитал кредиторлық борыштан тұрады, яғни ағымдағы міндеттемелер кредиторлық борышқа тең, яғни оның көлемі жыл соңында 348 172 және жыл басында 121 230 мың теңге болған, яғни 226 942 мың теңгеге өскен. Оның құрамында сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар тез өсіп кеткен. Жыл соңында 289 455 мың теңге болса, жыл басында 97 490 мың теңге, яғни 191 965 мың теңгеге өскен, нәтижесінде есепті жылы балансың осы бабының үлес салмағы 80%-дан 83%-ға өскен.
Дебиторлық және кредиторлық борыштың қатынасы негізінен 2:1 болуы керек деп ұсынған. Егер кредиторлық борыш дебиторлық борышпен қамтамасыз етілмеген болса, онда бұндай жағдайды жағымсыз деп айтуға болады, себебі бұл өзіндік қаражаттың әлдебір өтімді бөлігінің ақшаға айналуын бәсеңдетуі мүмкін. Егер кәсіпорынның коммерциялық несиесі дамыған болса, онда дебиторлық борышы қатты өсіп кетуі мүмкін. Біздің мысалызда кредиторлық борыш жыл басында дебиторлық боыштан (121 230/ 28 285) 4,3 және жыл соңында (348 172/ 31 277) 11,1 есе көп болады. Мұндай кредиторлық борыштың дебиторлық борышпен өте төмен дәрежеде қамтамасыз етілуі, дебиторлармен да кредиторлармен де арақатынасы тиімсіз болуы да олардың өзара қарыздарын төлемеуінен болады. Кредиторлық борыштың өсіп кетуі қаржылық жағдайды нашарлатпайды, себебі кәсіпорын бұл борышты зерттеліп жатқан уақытта қатыстырылған қаражат көздері ретінде пайдаланып жатыр деп айтуға болар еді. Бірақ тауар, жұмыс және қызметтер үшін ғана емес, бюджет пен еңбекақы бойынша есеп айырысуда да үлкен кредиторлық борыштың болуы кәсіпорынның жұмысы мен жалпы оның қаржылық жағдайын тиімсіз жағынан сипаттайды.
Қорыта келгенде, кәсіпорынның актив бабының құрылымы жақсарған. Активтердің нақты құны, яғни актив баптарының барлық статьялары өскен. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсарғанын көрстеді және кәсіпорын өзінің қаражаттарын ең мобильді активтерге салынғанын білдіреді. Валюта балансында негізгі үлесті ең мобильді актив-ақша қаражаттары құрады. Дебиторлық борыш едәуір өскен. Тауарлы-материалдық қорлардың үлесі екі есеге өскен.
Меншікті капитал мен қатыстырылған капиталына қатынасы кәсіпорының автономдылығын көрсетеді. 2009 жылдың басында меншікті капитал қатыстырылған капиталдан 2 есе төмен, ал 2009 жылдың соңында пассив көлемі өскен, меншікті капитал өзгермеген. Сондықтан кәсіпорынның тәуекелділігі төмендегенін көрсетеді, ал меншікті капиталдың үлесі баланс құрамында 2 есе төмендегенін көрсетеді. Бұл кәсіпорынның сыртқы көздерден тәуелділігін көрсетеді.
Кесте7-2010 жылы баланс активтерінің құрамы мен құрылымы.
Көрсеткіштер |
Жыл басында |
Жыл аяғында |
Өзгеріс (+, -) |
Құрылы мы ның өзгеруі |
|||
сомасы, мың.тг |
үлес салмағы, % |
сомасы, мың.тг |
үлес салмағы, % |
сомасы, мың.тг |
үлес салмағы, % |
||
Барлық активтер Құны, соның ішінде |
457 931 |
100 |
443 540 |
100 |
-14 391 |
-3,14 |
0 |
1.1.Ұзақ мерзімді активтер: |
58 619 |
12,8 |
57 169 |
12,9 |
1450 |
2,47 |
0,1 |
а) негізгі құралдар |
57 595 |
12,6 |
56 145 |
12,7 |
-1450 |
-2,5 |
0,1 |
б) материалдық емес активтер |
1024 |
0,22 |
1024 |
0,23 |
0 |
0 |
0,01 |
2.2. Ағымдағы активтер: |
264 320 |
57,7 |
243 775 |
55,0 |
-20 545 |
-7,8 |
-2,7 |
а) тауарлы-материалды қорлар |
24 349 |
5,3 |
33 863 |
7,6 |
8514 |
3,9 |
2,3 |
б)дебиторлық борыш |
31 277 |
6,8 |
104 771 |
23,6 |
73 494 |
234 |
16,8 |
в)ақша-қаражаттары |
208 694 |
45,6 |
105 081 |
23,7 |
-103 613 |
-49,6 |
-21,9 |
Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 14 391 мың теңге немесе 3,14%-ға төмендеуін көруге болады. Бұл кәсіпорын жұмысының 2010 жылы теріс нәтижесін сипаттайды. Қаражаттарды ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешіледі.
Баланс валютасында ағымдағы активтерінің үлесі жыл басында 57,7% болса, ал жыл аяғында 55% болып 2,7% -ға есепті жылы төмендеген. Ал кәсіпорын активтердің іске тартылу (мобильді) коэффициентті (264 320/457 931) 0,58 және жыл аяғында (243 775/443 540) 0,55 құрайды. Коэффициенттің мәні есепті жылы 0,03 пунктке төмендеген, бұл кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамтамасыз ете алмайтындығын және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де төмендей түседі.
Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын – мобильді және иммобилбді қаражаттар қатынасының коэффициентті. Біздің мысалымызда жыл басында 4,51 және жыл аяғында 4,26 құраған. Бұл көрсеткіштің деңгейі теориялық мәнінен (0,5-тен төмен болмау) жоғары, яғни мобильді қаражаттардың өсу қарқыны иммобильді қаражаттардың өсу қарқынынан артуының нәтижесінде өсіп отыр.
Есепті жылы мобильді активтер (243 775/264 320) 0,92 болса, ал иммобильді активтер (57 169/58 619) 0,97 есеге төмендеген. Баланс валютасындағы негізгі құралдардың қалдық құнының үлесі жыл басында 12,6%-ды, жыл соңында 12,7%-ды құрайды, яғни бұл көрсеткіш теориялық теориялық мәнінен төмен ( 50%-дан кем емес). Бұл кәсіпорынның материалдық-техникалық базасының дамуындағы жалғымсыз кезеңі ретінде қарастырылуы тиіс.
Ең мобильді активтер-яғни ақша қаражаттарыбір жылда 103 613 мың теңгег немесе 21,9%-ға төмендеген. Бұл кәсіпорынның төлеу қабілетінің нашарлығын сипаттайды. Кәсіпорынның тауарлы-материалдық айналым қаражаттары есепті жылы 3,9%-ға өскен. Бірақ олардың үлесі теориялық мәнінен төмен. Дебиторлық борыш есепі жылы едәуір өскен,яғни 73 494 мың теңгеге өскен.
Кесте8 — 2010 жылы кәсіпорынның авансталған капиталдың құрамы мен құрылымы.
Көрсеткіштер |
Жыл басында |
Жыл аяғында |
Өзгеріс (+, -) |
Құрылы мы ның өзгеруі |
|||
сомасы, мың.тг |
үлес салмағы, % |
сомасы, мың.тг |
үлес салмағы, % |
сомасы, мың.тг |
үлес салмағы, % |
||
Авансталған капитал: |
457 931 |
100 |
443 540 |
100 |
-14 391 |
-3,14 |
0 |
1.1.Меншікті капитал |
74 759 |
16,3 |
74 759 |
16,9 |
0 |
0 |
0,6 |
1.2. Қарыздық капитал: |
383 172 |
83,7 |
368 781 |
83,1 |
-14 391 |
-3,8 |
-0,6 |
1.2.1.Ұзақ мерзімді Қарыздар |
0 |
|
0 |
|
|
|
|
1.2.2. Қысқа Мерзімді Активтер |
0 |
|
0 |
|
|
|
|
1.2.3.Кредиторлық борыш |
348 172 |
76 |
333 665 |
75,2 |
-14 507 |
-4,2 |
0,8 |
1.2.4.Басқа да пассивтер |
35 000 |
7,6 |
35 117 |
7,9 |
117 |
0,3 |
0,3 |
Тәуелсіздік коэффициенті |
— |
0,163 |
— |
0,169 |
— |
— |
0,006 |
Қаржыландыру коэффициенті |
— |
0,195 |
— |
0,203 |
— |
— |
0,008 |
Қатыстырылған капиталдың меншікті капиталға қатынасы коэффициенті |
— |
5,135 |
— |
4,917 |
— |
— |
-0,218 |
Кәсіпорынның есеп беру жылындағы активтердің қалыптасу көзі 14 391 мың теңгег немесе 3,14%-ға төмендегенін көрсетіп тұр. Валюта балансында көп үлесті жыл басында 83,7%-да және жыл аяғында 83,1% қарыздық капитал құрайды. Тәуелсіздік коэффициенттің мәні жыл соңында 0,006 пунктке өсен, бірақ оның мәні теориялық мәнінен төмен болғандықтан, бұл кәсіпорынның сыртқы қарыздардан тәуелді. Меншіктік капиталдың көлемі төмен болғандықтан тәуелсіздік коэффициенттің мәні төмен. Несие берушілердің тәуекелділігі төмен болады, инвесторлардың да күмәнін туғызады. Меншікті капиталдың үлесі төмендегенде тәуекелділігі өседі. Меншіктік капиталдың көлемі төмендеуі кәсіпорынның қызметінің қысқарғанын айтады. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) төмендегенін дәлелдейді. Бұны тәуелсіз коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын тәуелділік коэффициенті дәләлдейді, яғни кәсіпорынның чыртқы қаржыландыру көздерінен тәуекелділігі жоғарлайды. Бұл коэффициенттің мәні жыл басында 0,837 (1-0,163) және 0,831 (1-0,169) құрады. Есепті жылы 0,006 пунктке төмендеген, бірақ оның мәні қалыпты мәнінен айтарлықтай жоғары.
Қаржыландыру коэффициенті жыл басында 0,163 және жыл аяғынды 0,169 болған және 0,006 пунктке өссе де, бұл теориялық мәнінен айтарлықтай төмен, яғни кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқанын көрсетеді, кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді. Қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатысымен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті. Кәсіпорын есеп беру кезенінің басында активтерге салынған меншіктік қаражаттардың 5 теңге, есеп беру кезеңінің ішінде қарыз қаражаттары меншіктік салымдардың әрбір теңгесіне 4 теңге 2 тиынға төмендеген. Бұл коэффициенттің мәні <1 қалыпты мәнінен жоғары, яғни мәні 1-ден асқандықтан, кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы қауіпті нүктеге жеткенін көрсетеді.
Кәсіпорынның тәуелсіздік дәрежесін сипаттайтын ең маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициентінің мәні жыл басында 0,163 және жыл аяғында 0,169 құраған. Кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттемелері болмағандықтан, оның мәні тәуелсіздік коэффициентінің мәніне сәйкес.
Инвестициялау коэффициенті жыл басында 1,289 және жыл аяғында 1,331 құраған. Жыл аяғында 0,033 пунктке өскен. Бұл берілгендерге қарап меншіктік капиталдың көп бөлігі негізгі құралдарды сатып алуға жұмсалғанын көреміз. Меншіктік айналым қаражаттарының көлемі жыл басында (74 759-58 619) 16 140 және жыл аяғында (74 759-57 169) 17 590 мың теңгені құрайды, яғни 1450 мың теңгеге өскен. Ал меншіктік айналым капиталының жалпы меншіктік капиталдағы үлес салмағы, яғни маневрлық (жұмсау) коэффициенті жыл басында 0,216 және жыл аяғында 0,235 құраған. Жыл аяғында бұл коэффициенттің мәні 0,019 пунктке өскен, бірақ оның мәні төмен, бұл кәсіпорынның меншіктік қаражатының көп бөлігі иммобильді сипаттағы құндылықтардан тұратындығын көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының басты көрсеткіштердің бірі болып қорларды қалыптастырудың өз көздерімен қамтамасыз етілу коэффициенті, яғни тауарлы-материалдық қорлардың қамтамасыз етілу коэффициенті саналады. Бұл коэффициент жыл басында (16 140/17 294) 0,933 және жыл аяғында (17 590/19 822) 0,887 құрады. Бұл коэффициенттің мәні жыл аяғында 0,046 пунктке төмендесе де, теориялық мәннен жоғары (≥0,6-0,8).
Қорыта, 2010 жылы 2009жылмен салыстырғанда баланс құрылымы нашарлаған. Кәсіпорынның мүлкі төмендеген, бұл иммобильді және мобильді активтердің төмендеуіне алып келді. Ең мобильді актив, ақша қаражаттары екі есе төмендеген, бірақ тауарлы-материалды қорлар өскен. Дебиторлық борыш үш есе өскен, бұл өсу болашақта «ақша каражаттары» бабының өсуіне алып келуі мүмкіндігін көрсетеді. Меншікті капитал өспеді, бірақ қатыстырылған капитал аз болса да төмендеген. 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы кредиторлық борыштың өсу қарқыны төмендеген, яғни кәсіпорынның кредиторлардың алдында борышы төмендегенін көрсетеді.
Кәсіпорынның «идеалды» балансы мынадай болу қажет:
- Есепті кезеңінде баланс валютасының көлемі жыл басындағы баланс валютасының көлемінен жоғары болу керек.
- Ағымдағы активтердің өсу қарқыны ұзақ мерзімді активтердің өсу қарқынынан жоғары болу керек.
- Меншікті капитал қатыстырылған капиталдан жоғары болу керек, ал оның өсу қарқыны қатыстырылған капиталдың өсу қарқынынан жоғары болу керек.
- Дебиторлық және кредиторлық борыштардың өсу қарқыны сәйкес болу керек.
- Айналмалы активтердің құрамындағы меншікті капиталдың үлесі 10%-дан өмен болмау керек.[3, 56б]
2.2 Төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау баланс өтімділігін талдаудан басталады.
Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.
Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілетілігі ұғынылады, егер кәсіпорын өзінің ағымдағы активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәсіпорын болып саналады. Ал екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. [7, 93б]
Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойьшша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мә-нінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілі-гін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.
Баланс өтімділігінің талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелерімен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртәппен топталады, өтімділігі жоғарыдан бастап өтімділігі төмендегілерге, яғни өтімділігінің төмендеу тәртәбі бойынша қайтарууақыты қысқаларға қарай, яғни қайтару уақытын жоғарлату тәртібі бойынша болады.[7, 94б]
Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді:
А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады. Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзмді қаржылық инвестициялар)-айналым қаражатының ең мобильбі бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға тез айналады.
А12009 = 208694
А12010 = 105081
∆А= А1ж.с. — А1ж.б. = 105 081-208 694= — 103 613
Өсу қарқыны А=∆А/ А1ж.б. * 100%=-49.65% Ең өтімді активтер 2010 жылы 103 613 мың.тенгеге немесе 49.65% төмендеген.
А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалуы мүмкін. Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің көп болуы кәсіпорынның тұрақтылығына қауіп төндіру мүмкін.
А22009 = 31277
А22010 = 104772
∆А= А2ж.с. – А2ж.б. =104 772 – 31 277= 73495
Өсу қарқыны А=∆А/ А2ж.б. * 100%=234%
Тез өткізілетін активтер 2010 жылы 73495 мың.теңгеге немесе 234% өскен.
А3. Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің II бөлімінің “Тауарлы-материалдық қорлар” жатады және I бөліміндегі “Ұзақ мерзімді инвестициялар” бабы жатады.
А32009 = 24349
А32010 = 33863
∆А= А3ж.с. – А3ж.б. = 33 863-24 349=9514
Өсу қарқыны А=∆А/ А3ж.б. * 100%=39%
Баяу өткізілетін активтер 2009 жылы 2010жылмен салыстырғанда 9514мың.теңгеге немесе 39% көтерілген.
А4. Қиын өткізілетін активтер. Баланс активінің I бөлімінің алдындағы топтарға еңгізілген баптарынан басқа барлық баптары. I бөлім жиынынан “Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялар” бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алып тасталғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.
Баланс активінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, бастыр орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады – кассадағы, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, дебиторлар мен есеп айырысулар тұрады. Өтімділігі бұдан төмен элементтер тауарлы-материалдық қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылған.
А42009 = 58619 + 134992 = 193611
А42010 = 57169 + 142655 = 199824
∆А= А4ж.с. – А4ж.б. =199824-193611=6213
Өсу қарқыны А=∆А/ А4ж.б. * 100%=3.2%
2010 жылы негізгі құралдарды аммортизациялау есебінен 2009 жылмен салыстырғанда төмендеген. Бірақ Қиын өткізілетін активтер 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 6213 мың теңгеге немесе 3.2% өскен.
Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады:
П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер. Бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттеме-лер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көле-мінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктің мақсатты қарыздарын өз мақсаты бойынша пайдаланбағандығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.
П12009 = 348172 + 35000 = 383172
П12010 = 333665 + 35116 = 368781
∆ П1= П1ж.с. — П1ж.б. = -14 391
Өсу қарқыны П=∆ П/ П1ж.с. * 100%=-3.75%
Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер -14 391мың теңгеге немесе 3.75% төмендеген. Бұл неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелердің төмендеуі баланс өтімділігінің жақсаруына жағымды әсерін тигізеді.
П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.
П22009 = 0
П22010 = 0
П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.
П32009 = 0
П32010 = 0
Кәсіпорын 2009 және 2010 жылдары Қысқа мерзімді міндеттемелер мен Ұзақ мерзімді міндеттемелері болған жоқ.
П4. Тұрақты міндеттемелер. Бұған меншікті капитал жатқызылады. Актив пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің “Алдағы кезең шығындары” бабы бойынша сомаға азайтылады.
П42009 = 74759
П42010 = 74759
Кәсіпорында 2009 жылы мен 2010 жылы тұрақты міндеттемелер өзгермеген.Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топ-тар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:
Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір то-бы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса ба-ланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.
- А1 ³ П1
А12009 = 208694 £ П12009 = 383172
А12010 = 105081 £ П12010 = 368781
- А2 ³ П2
А22009 = 31277 ³ П22009 = 0
А22010 = 104772 ³ П22010= 0
- А3 ³ П3
А32009 = 24349 ³ П32009 = 0
А32010 = 33863 ³ П32010 = 0
- А4 £ П4
А42009 = 193611 ³ П42009 = 74759
А42010 = 199824 ³ П42010 = 74759
Алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды.
Төртінші теңсіздік “баланстау” сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді. Бұл жағдайда бірнеше теңсіздіктің қолайлы варианттағыға қарама-қарсы мәні бар, баланс өтімділігі абсолютті өтімділіктен айырмашылығы бар.
Активтің бір тобы бойынша қаражат жетіспеушілігі олардың басқа топ бойынша пртылғанымен орны толтырылады, бірақ өтем тек құндық мөлшері бойынша жүзеге асырылады, өйткені нақты төлем жағдайында аз өтімді активтер өтімді активтер орнын баса алмайды. [4, 255б]
Кесте9 — Активтердің өтімді дәрежесі бойынша өзгеру динамикасын бағалау
Көрсеткіш |
2010ж.б. |
2010ж.с. |
Абсолюттік көрсеткіш |
Өсім қарқыны, % |
A1 |
208694 |
105081 |
-103 613 |
-49,6483 |
A2 |
31277 |
104772 |
73 495 |
234,981 |
A3 |
24349 |
33863 |
9 514 |
39,0747 |
A4 |
193611 |
199824 |
6213 |
3,209012 |
Барлық активтер |
457931 |
443540 |
-14391 |
-3,14261 |
Бұл мәліметтер бойынша активтердің өтімді дәрежесі бойынша өзгеру динамикасына мынадай қорытынды жазуға болады. Кәсіпорынның активі 2010жылдың соңында -14 391 мың теңгеге немесе 3 %-ға төмендеген. Бұл төмендеудің себебі 2010 жылдың соңында ең өтімді активтер -103 613 мың теңгеге немесе 49%-ға төмендеген. Ең өтімді активтердің төмендеуі және басқа активтер тобының өсуі, баяу өткізілетін активтер 39 %-ға жоғарлауы кәсіпорын актиттер өтімділігіне кері әсерін тигізеді.
Өтімділік бойынша активтер құрылымын талдаймыз. Бұл талдау үшін әрбір активтер тобының барлық құрамындағы үлесін мына формула арқылы анықтаймыз:
d(Ai)=Ai/A
мұндағы d(Ai) – Ai активтер тобының бүкіл A активтер құрамындағы үлесі.
Кесте10 — Өтімділік бойынша активтер құрылымын талдау
Көрсеткіш |
2010ж.б. |
2010ж.с. |
Абсолюттік ауытқуы |
Өсім қарқыны, % |
A1 |
208 694/457931= 0,4557
|
105081/443540= 0.2369 |
-0.21882 |
-48.0146 |
А2 |
31277/457931=0.0683 |
104772/443540= 0.2362 |
0.1679 |
245.8497 |
А3 |
24349/457931=0.0532 |
33863/443540= 0.0763 |
0.0232 |
43.5858 |
А4 |
193611/457931=0.4223 |
199824/443540= 0.4505 |
0.0277 |
6.5577 |
Барлық активтер |
1 |
1 |
0 |
0 |
Сурет11 — 2010 жылдың басы мен аяғында баланс активтердің құрамы мен құрылымы.
Бұл кестедегі мәлімет бойынша 2010жылдың басында барлық активтер құрамында негізгі бөлігін ең өтімді активтер құраған (45%), бірақ 2010 жылың соңында 2010 жылдың басымен салыстырғанда 22% азайған. 2010 жылдың соңында бүкіл активтердің негізгі бөлігін қиын өткізілетін активтер құрайды (45%).Сонымен есепті кезеңде жыл басымен салыстырғанда кәсіпорынның активтерінің өтімділігі төмен.
Кесте12 — Пассивтердің өтімді дәрежесі бойынша өзгеру динамикасын бағалау.
Көрсеткіштер |
2010ж.б. |
2010ж.с. |
Абсолюттік ауытқуы |
Өсім қарқыны, % |
П1 |
383172 |
368781 |
-14391 |
-3,7558 |
П2 |
0 |
0 |
0 |
0 |
П3 |
0 |
0 |
0 |
0 |
П4 |
74759 |
74759 |
0 |
0 |
Барлық пассивтер |
457931 |
443540 |
-14391 |
-3,14261 |
Ағымдағы пассивтер |
383172 |
368781 |
-14391 |
-3,7558 |
Кесте мәліметтері бойынша есепті кезеңде кәсіпорынның міндеттемелері -3,8%-ға (14391 мың теңгеге ) төмендеген. Жыл басы мен жыл соңында ұзақ және қысқа мерзімді несиелер болмаған. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер ,8%-ға (14391 мың теңгеге ) төмендесе де, бірақ А1 ³ П1 бұл теңсіздік А12009 = 208694 £ П12009 = 383172 және А12010 = 105081 £ П12010 = 368781 орындалмаған, сондықтан бұл міндеттемерелерді жабуға ең өтімді активтердің құны жетіспейді. Тұрақты міндеттемелер жыл басы мен жыл соңында өзгермеген, А4 £ П4, бұл теңсіздіктің А42009 = 193611 ³ П42009 =74759 және А42010 = 199824 ³ П42010 = 74759 орындалмауы, кәсіпорынға жыл басы мен жыл аяғында меншікті қаражаттардың жетіспеущілігін білдіреді.
Өтімділік бойынша пассивтер құрылымын талдаймыз. Бұл талдау үшін әрбір пассивтер тобының барлық құрамындағы үлесін мына формула арқылы анықтаймыз:
d(Пi)=Пi/П
мұндағы d(Пi) – Пi пассивтер тобының бүкіл П пассивтер құрамындағы үлесі. [5, 167б]
Кесте13 – Өтімділік бойынша пассивтер құрылымы.
Көрсеткіштер |
2010ж.б. |
2010ж.с. |
Абсолюттік ауытқуы |
Өсім қарқыны, % |
П1 |
383172/457931= 0.8367 |
368781/443540= 0.8314 |
-0.0053 |
-0.633 |
П2 |
0 |
0 |
0 |
0 |
П3 |
0 |
0 |
0 |
0 |
П4 |
74759/457931= 0.1685 |
74759/443540= 0.1685 |
0.0053 |
3.244 |
Барлық пассивтер |
1 |
1 |
0 |
0 |
Ағымдағы пассивтер |
0.8967 |
0.8134 |
-0.0053 |
-0.633 |
Кесте мәліметтері бойынша жыл басы мен соңында барлық міндеттемелер ішінде неғұрлым тезірек төленуге тиіс міндеттемелер 83,67% және сәйкесінше 83,14 % құрайды. Еспті кезеңде 0,53 пунктке төмендеген. Ал тұрақты міндеттемелер жыл басы мен соңында 16,33% мен 16,83% құрайды.Бірақ барлық міндеттемелер құрамында неғұрлым тезірек төленуге тиіс міндеттемелердің үлесі жоғары және оны өтеуге ең өтімді активтер көлемі жетіспеушілігінен кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді.
Сурет14 — 2010жылдың басында пассивтердің өтімділігі бойынша құрамы.
Сурет15 — 2010 жылдың соңында пассивтердің өтімділігі бойынша құрамы.
Кәсіпорында жыл басы мен жыл аяғында қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелері жоқ. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер жыл басы мен жыл аяғында 83% және сәйкесінше 84% құрайды. Ал тұрақты міндеттемелер жыл басы мен жыл аяғында 0,17% құрайды.
Кесте16-Баланстық өтімділік талдау.
|
|
|
|
|
|
Төлеу артықтығы, жетіспеушілігі |
|
|
2010 жыл басы |
2010 Жыл соңы |
|
2010 Жыл басы |
2010 Жыл соңы |
|
|
АКТИВ |
|
|
ПАССИВ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2010ж басы
|
2010ж соңы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1. А1 |
208694 |
105081 |
1. П1 |
383172 |
368781 |
-174478 |
-263700 |
2. А2 |
31277 |
104772 |
2. П2 |
0 |
0 |
31277 |
104772 |
3. А3 |
24349 |
33863 |
3. П3 |
0 |
0 |
24349 |
33863 |
4. А4 |
193611 |
199824 |
4. П4 |
74759 |
74759 |
118852 |
125065 |
БАЛАНС |
457931 |
443540 |
БАЛАНС |
457931 |
443540 |
x |
x |
Есепті мерзімде кәсіпорынға неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелерді өтеу үшін 174 478 мың теңге ең өтімді активтер жетіспейді. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелердің 54% ғана өтей алады. Бұл кәсіпрынның жыл басында төлем қабілетсіздігін көрсетеді. Жыл соңында 263 700 мың теңге ең өтімді активтер жетіспеген және неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелердің 28% ғана өтей алады.
Ең өтімді активтер және тез өткізілетін активтер мен неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер және қысқа мерзімді міндеттемелер салыстыру, бұл кәсіпорынның ағымдағы өтімділігін көрсетеді, бұл жағдайда жыл басы мен жыл соңында ағымдағы өтімділікті қанағаттандырмайды.
Ағымдағы өтімділік-қарастырылып отырған мерзімге жақын уақыттағы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін немесе төлем қабілетсіздігін көрсетеді. Талданып отырған кәсіпорынның жыл басында да, жыл аяғында да баланс баптарының осы екі тобының мәліметтері бойынша төлеу қабілеттілігі болмаған.
Баяу өткізілетін ативтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстырғанда перспективалы өтімділікті бейнелейді және болашақ кірістер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлем қабілеттілігін жобалауды көрсетеді, яғни кәсіпорынның бұдан да алыс алдағы уақытқа қаржылық жағдайының жақсаруы немесе нашарлауын алдын ала біліп отыруға мүмкіндік береді. Кәсіпорында жыл соңы мен басында қысқа және ұзақ міндеттемелері болмаған.
Баланс активі мне пассиві баптарының төртінші тобының жиындарын салыстыру кәсіпорынның оның иеленушілері (меншік иелері) алдындағы міндеттемелерін жаба алу мүмкіндігін көрсетеді. Бірақ бұл кәсіпорын жабылатын кезде ғана керек болады, ал үздіксіз принципін сақтау үшін немесе жұмыс жасап жатқан кәсіпорын үшін шаруашылық субъектісінің өз меншікті айналым капиталының болуы талап етіледі. Ол үшін: А4≤П4 теңсіздік, яғни меншікті қаражаттардың көзі иммобиьді активтерден көп болуы керек. Талданып отырған кәсіпорында бұл теңсіздік сақталмаған. Жыл басы мен аяғында баланс активтер баптарының жиыны пассив баптарының жиынынан сәйкес 118 852 мың.тг және 125 065 мың.теңгеге көп болған, бұл кәсіпорынны қаржылық жағдайының нашарлығын көрсетеді, себебі оның өзінің үздіксіз қызметін жүзеге асыру үшін меншікті айналым капиталы болмаған.
Берілген схема бойынша жүргізіліп жатқан талдау уақытылы есеп айырысу мүмкіндіктері бойынша қаржылық жағдайды толығымен көрсетеді. Алайда ол берілген кезеңдегі кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайын әрқашан да дәл көрсете алмайды, оның себебі бухгалтерлік есеп берулер негізінде сыртқы талдау жүргізіп жатқан талдаушының ақпараттардың шектеулігінде. Баланстың өтімділігін бұдан да дәл бағалауды есеп мәліметтерін пайдалану негізінде, яғни қаржылық жағдайды ішкі талдау шеңберінде жүргізуге болады.
Жалпы баланс өтімділігі мына формуламен анықталады:
= (А1+0,5А2+0,3А3)/(П1+0,5П2+0,3П3)
Баланс өтімділігінің жалпы көрсеткіші кәсіпорынның барлық өтімді айналым қаражаттарының сомасының барлық төлем міндеттемелерінің сомасына қатынасын көрсетеді. Бұл теориялық мәні 0,9-дан төмен болмауға тиіс көрсеткіш кәсіпорынның міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша қашықтағы мен таяу арадағы есеп айырысуды жүзеге асыру қабілеттілігін көрсетеді. Осы көрсеткіштердің көмегімен кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне және кәсіпорындағы өтімділік жағынан қарастырғандағы қаржылық қаржылық жағдайының өзгерістеріне жалпы баға беріледі. Бұл көрсеткіш сонымен қатар, есеп берулер негізінде өте көп әуелетті әріптестерінің ішінен ең сенімді әріптесті таңдағанда қолданады. Талданып отырған кәсіпорында жыл басында 0,605; ал жыл соңында 0,455 құрады, яғни 0,15 пунктке төмендеген және көрсеткіштің деңгейі теориялық мәнінен екі есе төмен, ал бұл кәсіпорынның төлем қабілеттілігі төмен екендігін көрсетеді. Осы көрсеткішпен қатар, кәсіпорынның төлемқабілеттілігін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың жиынымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштердің бүтіндей жүйесі қолданылады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады. [8, 174б]
Абсолютті өтімділік коэффициенті ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.
Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздар-дың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.
Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады:
Ка.ө 0,20,5
Бұл – ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі.
= 208 694/383 172 =0.54> 0.2-0.5
=105 081/368 781=0.28>0.2-0.5
2009 жылдың соңы мен 2010 жылдың соңында кәсіпорын төлем қабілеттілігі көрсеткіштің теориялық мәнін қанағаттандырады. 2009 жылжың соңында – кәсіпорын өзінің қысқа мерзімді міндеттемелердің жартысын өтей алатындығы көрсетілген, ал 2010 жылдың соңында 28% өтей алатындығы көрсетілген. 2009 жылдың соңында абсолюттік өтімділік коэффициенті теориялық мәнінен асып тұр, бірақ 2010 жылы (0,26 пунктке) төмендесе де теориялық мәнінен төмендемеген.
2) Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін (немесе оның басқа аталуы: қауіпті өтім коэффициенті, өтімділіктің дәл коэффициенті) ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүр-гізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер бойынша түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша өрнектеледі:
Кар.ө 1
=( 208 694 + 31277)/383172=0.63<1
=( 105 081 +104 772)/368 781=0.57<1
Аралық өтеу коэффициентінің мәні теориялық мәнінен төмен, ал 2010 жылдың соңында ол 0,06 пунктке төмендеген, бірақ дебиторлық борыш өскен, ал ақша қаражаттары төмендеген. Бұл кәсіпорын ағымдағы міндеттемелерін 2009 және 2010 жылдары ақша қаражаттары мен дебиторлық борыштары арқылы өтей алтайтындығын көрсетеді.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффициенті) барлық ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді жіне дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, соны-мен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.
Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты мән болып табылады:
Кағ.ө 2
=0.7<2
=0.67<2
Коэффициенттің мәні теориялық мәнінен төмен, бұл кәсіпорынның несие берушілеріне үлкен тәуекел болып саналды, себебі ағымдағы активтер қысқа мерзімді міндеттемелердің көлемінен төмен.
Жалпы алғанда бұл кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдай отырып, мынадай қорытынды жасауға болады, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі өте төмен. Сондықтан бұл кәсіпорынға іскерлік қатынаста іскер серіктес ретінде және несие алушы ретінде сақтандықпен қарайды.
2.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау және бағалау
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау – бұл оның болашақтағы, яғни ұзақ мерзімде қызметінің тұрақтылығын көрсетеді. Қазіргі уақытта және халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдауда қаржылық коэффициенттерді қолданады.
Кесте17 — Кәсіпорынның капитал құрылымын коэффициенттік талдау.[4, 63б]
Көрсеткіштер |
Есептеу тәсілі |
Көрсеткіштердің мәндері |
|
Жыл басы |
Жыл аяғы |
||
1.Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті |
Меншікті капитал / баланс валютасы(авансталған капитал)
(0,4-0,6) |
74 759 / 457 931=0,163 |
74 759 / 443540=0,169 |
2.Қаржылық тетік коэффициенті (коэффициент финансового рычага) |
(Ұзақ мерзімді міндеттемелер+қысқа мерзімді міндеттемелер) / меншікті капитал
(<1,5) |
(0+383172) / 74759=5,125 |
(0+368 781) / 74759 =4,933 |
3.Қарыз қаржыландыру коэффициенті (коэффициент заемного финансирования) |
Меншікті капитал / қатыстырылған капитал( ұ.м.м+қ.м.м)
(>0,7) |
74759/(0+383172)= 0,195 |
74759/(0+368781) =0,203 |
4.Меншіктік көздері арқылы қаржыландыру коэффициенті (коэф.обеспеченности собственными источниками финансирования) |
(Меншікті капитал-ұзақ мерзімді активтер) / ағымдағы активтер
(>0,6) |
(74759-58619) /264320=0,06 |
(74759-57169)/243716=0,07 |
5.Меншікті капиталдың маневрлілік коэффициенті |
(меншікті капитал-ұзақ мерзімді активтер) / меншікті капитал
(0,2-0,5) |
16140/74759= 0,216 |
17590/74759=0,235 |
6.тауарлы-материалдық қорларды құрудағы қаржылық тәуелсіздік коэффициенті |
(меншікті капитал-ұзақ мерзімді активтер) / (қорлар+ндс) (>0,6) |
16140 / (17294+7055)= 0,663 |
17590/(19822+14041)=0,519 |
Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті-кәсіорынның барлық қаражаттар құрамындағы меншіктік капиталдың үлесін және кәсіпорынның жалпылама қаржылық тұрақтылығын көрсетеін көрсеткіш. Қалыпты мәні: 0,4-0,6 аралығында. Талданып отырған кәсіпорында бұл коэффициентің мәні жыл басында 0,163 және жыл аяғында 0,169 құрайды, яғни қалыпты мәннен төмен, меншікті капитал арқылы міндеттемелерді жаба алмайды, тек 16-17% ғана жабады, ал теория бойынша міндеттемелердің 50%-ын меншікті капитал арқылы өтеу керек. Юұл кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы төмен екендігін және сыртқы ақша қаражаттарынан тәуелді. Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері шама тәуелділік коэффициенті дәлелдейді. Тәуелділік коэффициент жыл басында (1-0,163) 0,837 және жыл аяғында (1-0,169) 0,831 құрайды. Бұл коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарлайды, біздің мысалымызда бұл коэффициенттің мәні жоғары болғандықтан, кәсіпорын сыртқы қаржыландыру көздеріне тәуелді.
Қаржылық тетік коэффициенті мәні жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздеріне тәуелділігі жоғары болуы және несиелік потенциалы төмендейді, себебі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы төмен болғандықтан несие алу мүмкіндігі төмен. Талданып отырған кәсіпорында бұл коэффициенттің мәні жоғары, бұл кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы төмен екендігін көрсетеді.
Қарыз қаржыландыру коэффициентінің мәні теориялық мәніне сәйкес келмейді. Бұл кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы төмен екендігін сипаттайды.
Меншіктік көздері арқылы қаржыландыру коэффициенті – ағымдағы активтердің қандай бөлігі меншікті капитал арқылы қаржыландыруға болатындығын көрсетеді. Біздің мысалымызда бұл коэффициенттің мәні қалыпты мәніне сәйкес келмейді, яғни кәсіпорын өзінің меншікті капитал арқылы ағымдағы активтерге деген қажеттілігін қанағаттандыра алмайтындығын көрсетеді.Меншікті капиталдың маневрлілік коэффициенті- меншікті капитал құрамындағы мобильді қаражаттардың үлесін көрсетеді. Қалыпты мәні: 0,2-0,5. Біздің мысалымызда жыл басында 0,216 және жыл аяғында 0,235 құрайды, яғни теориялық мәнге сәйкес. Бірақ кейбір талдаушылардың пікірінше бұл коэффициенттің қолайлы мәні 0,5-ке тең болу керек деп санайды. Бұл коэффициенттің мәні төмен болғандықтан, меншікті капиаталдың көп бөлігі ұзақ мерзімді активтерді қаржыландыруға бағытталған, яғни өтімділігі төмен активтерге бағытталған. Сондықтан паритеттік принципті сақтап, меншікті капиталды ағымдағы активтер мен ұзақ мерзімді активтерге салуын ұсынады.
Егер меншікті айналым капиталдың көлемі жоғары және ұзақ мерзімді активтердің көлемі төмен болса, онда кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы жақсарады.Тауарлы-материалдық қорларды құрудағы қаржылық тәуелсіздік коэффициенті— тауарлы-материалдық қорлардың қандай бөлігі меншіктік капитал арқылы құрала алатындығын көрсетеді. Талданып отырған кәсіпорында жыл басында 0,663>0,6 қалыпты мәнінен жоғары, ал жыл аяғында 0,516<0,6 төмен. Жыл аяғында кәсіпорын тауарлы-материалдық қорлар меншікті капитал арқылы құралмағандығын көрсетеді. Бұл кәсіпорынға теріс, себебі тауарлы-материалдық қорларды құру үшін сырттан ақша қаражаттарын тартуға мәжбүр болады, себебі кәсіпорында меншікті капитал жетіспейді.Кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның қаржылық тұрақтылығы дәрежесі бойынша топтауға мүмкіндік беретін абсолютті көрсеткіштерді жіктеу. Қаржылық тұрақтылықтың абсолютті көрсеткіштері – тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер. Тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздерін сипаттайтын үш негізгі көрсеткіш анықталады:
1.Меншікті айналым капиталының бар болуы. Бұл көрсеткіш меншікті капитал мен (баланс пассивінің I бөлімі) ұзақ мерзімді активтердің (баланс активінің I бөлімі) арасындағы айырма ретінде анықталады. Ол меншікті айналым қаражаттарын сипаттайды. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда оның көбеюі кәсіпорынның қызметінің болашақтағы дамуын көрсетеді.
= —
Жыл басында (74759-58619) 16140 және жыл соңында (74759-57169) 17 590 құрады, 1450 мың теңгеге өскен. Бұл көрсеткіштің мәні өскенімен, меншікті капиталдың құралу көздері өспеген, бірақ ұзақ мерзімді активтердің көлемі төмендеген.
- Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қарыздың қалыптасу көздерінің бар болуы. Бұл көрсеткіш алдындағы көрсеткішті, яғни меншікті айналым капиталының ұзақ мерзімді міндеттемелер сомасына қосу жолымен мына формуламен анықталады:
=+
Жыл басында (16 140+0) 16 140 және жыл соңында (17590+0) 17590 құрады.
3.Тауарлы-материалдық қорлардың негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері алдыңғы көрсеткішті қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар сомасына қосу жолымен, мына формула арқылы анықталады:
НК=+
Кәсіпорын 2009 және 2010 жылдары қысқа мерзімді несиелер мен қарыздарды алмағандықтан, бұл көрсеткіштің мәні жыл басында – 16 140 және жыл аяғында-17590 мың теңгені құрады.
Тауарлы-материалдық қордың бар болуының үш көрсеткішіне тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың үш көрсеткіші сәйкес келеді.
1.Меншікті айналым капиталының артықтығы немесе жетіспеушілігі:
= -ҚШ
= 16 140-24349=-8209
=17590-33863=-16273
Жыл басы мен жыл аяғында меншіктік капиталдың жетіспеушілігі бар.
2.Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздерінің артықтығы немесе жетіспеушілігі:
=-КШ
3.Қорлардың негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшерінің артықтығы немесе жетіспеушілігі:
∆НК=НК-КШ
Кәсіпорын 2009 жылы мен 2010 жылы несиелер мен қарыздардарды алмағандықтан, оның мәні:
=∆НК=-8209
=∆НК=-16273
Тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің үш көрсеткішін есептеу кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылық дәрежесі бойынша келесі төрт типке бөлуге мүмкіндік береді:
- қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы;
- қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы;
- тұрақсыз қаржылық жағдайы;
- дағдарысты (қауіпті) қаржылық жағдайы.
Сурет18 — тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілу дәрежесін талдау. [9, 157б]
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
Кесте19- Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық дәрежесі бойынша типтері. [10, 67б]
Қаржылық тұрақтылық дәрежесі бойынша типтері |
|
Абсолютті тұрақтылық |
Тауарлы-материалдық қорлар меншікті айналым капиталымен жабылатынын көрсетеді, яғни кәсіпорын сыртқы кредиторлардан тәуелсіз болады. Мұндай жағдай өте сирек кездеседі. |
Қалыпты тұрақтылық |
Тиімді жұмыс істеп тұрған кәсіпорын тауарлы-материалдық қорларды жабу үшін әр түрлі қалыпты — меншікті және қатыстырылған қаражат көздерін пайдаланып жатқан жағдайға сәйкес келеді. |
Тұрақсыз қаржылық |
Кәсіпорын өзінің тауарлы-материалдық қорлардың бір бөлігін жабу үшін қалыпты емес болып, яғни негізделмеген болып саналатын қосымша жабу көздерін тартуға баруына тура келетін жағдайға келеді |
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын баллдық бағалау арқылы талдау
Көптеген талдаушылардың пікірінше, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тек меншікті капиатлдың құрамы мен құрылымы арқылы ғана емес, сонымен қатар төлем қабілеттілігі мен өтімділігі арқылы талдау қажет деп санайды, сондықтан кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын баллдық бағалауда өтімділік көрсеткіштері қолданылады.
Кесте20-Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштерді бағалау.
Көрсеткіштер |
Көрсеткіштердің рейтингісі, баллы |
Көрсеткіштерді бағалау |
|
Жоғары |
Төмен |
||
1.Абсолютті өтімділік коэффициенті |
20 |
0,5 және жоғары- 20балл |
0,1-ден төмен- 0 балл |
2.Жедел өтімділік коэффициенті |
18 |
1,5 және жоғары- 18 балл |
1,0-ден төмен – о балл |
3.Ағымдағы өтімділік коэффициенті |
16,5 |
2,0 және жоғары – 16,5 балл |
1,0-ден төмен – 0 балл |
4. Меншіктік көздері арқылы қаржыландыру коэффициенті |
15 |
0,5 және жоғары – 15 балл |
0,1-ден төмен – 0 балл |
5.Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті |
17 |
0,6 және жоғары – 17 балл |
0,4-тен төмен – 0 балл |
6. тауарлы-материалдық қорларды құрудағы қаржылық тәуелсіздік коэффициенті |
13,5 |
1,0 және жоғары – 13,5 балл |
0,5-тен төмен – 0 балл |
Барлығы |
100,0 |
100,0 |
0 |
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық класстары:
1-ші класс – кәсіпорынның қаржылық жағдайы өте жақсы, яғни абсолюттік қаржылық тұрақтылық пен төлем қабілеттілігі бар.
2-ші класс – кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсы, көптеген қаржылық көрсеткіштер қолайлы мәндерге жақын, капитал құрамында қатыстырылған капиталдың үлесі жоғарлауда. Кредиторлық борыш дебиторлық борышқа қарағанда жоғарғы қарқынмен өсуде.
3-ші класс – кәсіпорынның қаржылық жағдайы қанағаттанарлық. Бұл қатыстырылған капиталдың үлесі жоғары болуына байланысты кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығының төмендеуі.
4-ші класс-банкрот болу ықтималдылығы бар. Кәсіпорында төлем қабілеттілігі, капитал құрылымы нашар, несие алу мүмкіндігі жоқ, пайда көлемі төмен немесе жоқ.
5-ші класс – кәсіпорынның қаржылық жағдайы нашар. Банкрот болу ықтималдылығы жоғары. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі жоқ. [2, 57б]
Кесте21 — Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы бойынша класстарға бөлінуі.
[5, 75б].
Көрсеткіштер |
Критерий бойынша класстардың шектеу |
Жіктеуге жатпайды |
||||
1-ші класс |
2-ші класс |
3-ші класс |
4-ші класс |
5-ші класс |
||
1.Абсолютті өтімділік коэффициенті |
0,5 және жоғары = 20 балл |
0,4 және жоғары =16 балл |
0,3 = 12 балл |
0,2 = 8 балл |
0,1=4 балл |
0,1-0 баллдан төмен |
2.Жедел өтімділік коэффициенті |
1,5 ж2не жоғары = 18 балл |
1,4 = 15 балл |
1,3 = 12 балл |
1,2-1,1 = 9-6 балл |
1,0 = 3 балл |
1,0-0 баллдан төмен |
3.Ағымдағы өтімділік коэффициенті |
2,0 ж2не жоғары = 16,5 балл |
1,9-1,7 = 15-12 балл |
1,6-1,4 = 10,5-7,5 балл |
1,3-1,1 = 6-3 балл |
1,0=1,5 балл |
1,0-0 баллдан төмен |
4. Меншіктік көздері арқылы қаржыландыру коэффициенті |
0,5 және жоғары = 15 балл |
0,4 = 12 балл |
0,3 = 9 балл |
0,2 = 6 балл |
0,1=3 балл |
0,1-0 баллдан төмен |
5.Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті |
0,6 және жоғары = 17 балл |
0,59 – 0,54 = 16,2-12,2 балл |
0,53-0,48 = 11,4-7,4 балл |
0,47-0,41 = 6,6-1,8 балл |
0,4=1 балл |
0,4-0 баллдан төмен |
6. тауарлы-материалдық қорларды құрудағы қаржылық тәуелсіздік коэффициенті |
1,0 және жоғары = 13.5 балл |
0,9 = 11 балл |
0,8 = 8,5 балл |
0,7-0,6=6,0-3,5 балл |
0,5=1 балл |
0,5-0 баллдан төмен |
Шекараның ең төменгі мәні |
100-94 балл |
93-65 балл |
64-52 балл |
51-21 балл |
20-0 балл |
0 |
Кесте22 – Қаржылық тұрақтылығын бағалау
Көрсеткіштер |
Жыл басы |
Жыл аяғы |
||
мәні |
баллы |
мәні |
баллы |
|
1.Абсолютті өтімділік коэффициенті |
0,54 |
20 балл |
0,3 |
12 балл |
2.Жедел өтімділік коэффициенті |
0,63 |
0 балл |
0,57 |
0 балл |
3.Ағымдағы өтімділік коэффициенті |
0,70 |
0 балл |
0,67 |
0 балл |
4. Меншіктік көздері арқылы қаржыландыру коэффициенті |
0,06 |
0 балл |
0,07 |
0 балл |
5.Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті |
0,7 |
15 балл |
0,5 |
12 балл |
6. тауарлы-материалдық қорларды құрудағы қаржылық тәуелсіздік коэффициенті |
0,7 |
8,5 балл |
0,5 |
1 балл |
Барлығы: |
|
43,5 |
|
25 |
Кесте23-Қаржылық тұрақтылығын баллдық бағалау
1 класс |
100-94 балл |
2 класс |
93-65 балл |
3 класс |
64-52 балл |
4 класс |
51-21 балл |
5 класс |
20-0 балл |
Кәсіпорынның жыл басы мен жыл аяғында қаржылық тұрақтылығының 4 классына жатады. Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдылығы бар. Кәсіпорында төлем қабілеттілігі, капитал құрылымы нашар, несие алу мүмкіндігі жоқ, пайда көлемі төмен немесе жоқ.
2.4.Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау және бағалау
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анық-тауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.Жоғарыда айтып өткендей, кейбір актив түрлері әртүрлі айналым жылдам-дығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады. Қаражат-тың айналымда болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші қатарға кәсіпо-рынның әрекет өрісін, салалығын, ауқымын және тағы да басқаларын жатқызу-ға болады. Елдегі экономикалық жағдаймен оған байланысты шаруашылықты жүргізу шарттары да кәсіпорынның активтерінің айналымдылығына да әсер ет-пейді. Сөйтіп, елдегі өтіп жатқан инфляциялық процестер, кәсіпорындардың басым көпшілігінің жабдықтаушылармен, сатып алушылармен реттелген ша-руашылық байланысының болмауы шамадан тыс қор жинақтауға әкеліп соқты-рады да, бұл қаражат айналымын айтарлықтай бәсендетеді.
Қаражыттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімді-лігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек.
Шынында да, қолданылған баға саясаты, құрылған актив құрылымы, пайда-ланылған тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістемесіне байланысты кә-сіпорын өз қаражатының айналымының ұзақтығына көп немесе аз әсер ету ер-кіндігіне ие болады.
Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кә-сіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бір-дей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өн-дірістік-техникалық күшінің артқанын көрсетеді.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициент-тер жатады:
1.Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Бұл көрсет-кіш мына формула бойынша анықталады:
К = Д/ А
Мұнда, К- капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті;
Д- өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
А- авансталған капитал орташа мөлшері.
2009 жылы= 430677 / ( 230989 + 457931 ) / 2 = 1,25
2010жылы: = 289133 / (457931 + 443540 ) / 2 = 0,64
- Негізгі құралдардың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылы-ғын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайда-ланудың тиімділігін сипаттайды. Ол саудадан түскен табысты (ақшаны) қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың шамасына бөлу арқылы есептей-ді.
Қор қайтарымдылығы коэффициентінің артуына негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық дең-гейінің жоғарылығы есебінен қол жеткізуге болады.Алайда бұл жерде жалпы заңдылық былайша болады: коэффициент жоғары болған сайын, есеп беру кезіндегі шығындар азая түседі. Коэффициенттің тө-мен болуы өнімді сатудан түсетін табыстың жетімсіздігін не болмаса активтер түрлеріне тым жоғары деңгейде қаржы бөлінгендігін білдіреді.
2009 жылы=430677 / ( 43858 + 58619 ) / 2 = 8,41
2010 жылы = 289133 / ( 58619 + 57169 ) / 2 = 5,00
Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның меншікті капиталдың пайдалану тиімділігін кемігенін көрсетеді. (1 тиын 89 тиыңға). Егер жыл басында кәсіпорында меншікті капиталдың әрбір ақша бірлігіне 5 теңге 76 тиын, ал жыл соңында 3 теңге 87 тиын келтірді.
4) Ағымдағы активтер немесе айналым капиталының айналымдылық коэф—фициенті. Ол өнім сатудан түскен табысының (жұмыс, қызмет көрсету) ағым-дағы активтердің орташа шамасына қатынасымен анықталады:
К= Д/ Т
Мұнда: К- ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті;
Д- өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
Т- ағымдағы активтер.
Ағымдағы активтердің (айналым капиталының) айналымдылық коэффи-циенті олардың айналым жылдамдығын, яғни зерттелген кезеңдегі барлық ай-налым қаражатының айналым санын көрсетеді. Ағымдағы активтердің айна-лымдылығының үдеуі олардың қажеттілігін кемітеді де, кәсіпорындарға халық шаруашылығының мұқтажы үшін (абсолюттік босату) немесе қосымша өнім өңдіруге (салыстырмалы босату) айналым қаражатының бір бөлігін босатуға мүмкіндік береді.
Айналымның жылдамдауы нәтижесінде айналым қаражатының заттық эле-менттері босайды, шикізат, материалдар, отын қорлары мен аяқталмаған өнді-рісті істеу аз қажет болады, демек, бұрын осы қорлармен іске салынған ақша ресурстары босап шығады. Босаған ақша ресурстары кәсіпорынның ең өтімді активтерін арттырады, нәтижесінде оның төлем қабілеті бекіп, қаржылық жағ-дайы жақсарады.
2009 = 430677 / ( 43098 + 264320 ) / 2 = 2,80
2010= 289133 / ( 264320 + 243775 ) / 2 = 1,14
Коэффициенттің мәні соңғы жылдары кәсіпорынның ағымдағы активтерінің пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді, бұл жағымсыз әсер, яғни кәсіпорын өзінің қаражаттарын иммобильді активтерге салуын көрсетеді.
5) Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті кә-сіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көр-сетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды. Толықтай алғанда бұл коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, осы аз өтімді бапта соғұрлым азы-рақ қаражат байланады, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақтанып, айна-лым капиталында көбірек өтімді құрылым болады. Және керісінше, басқадай жағдайда тауардың шамадан тыс жиналып қорлануы, кәсіпорынның іскерлік белсенділігіне кері әсер етеді.
Өндірістік қорлар (материалдар) оларды дайындау (сатып алу) құны бойын-ша есептелетіндіктен, қорлардың айналымдылық коэффициентін есептеу үшін сатудан түскен табыс емес, сатылған өнімнің өзіндік құны пайдаланылады.
Онда есептеу мына формуламен іске асырылады:
К= S/ З
Мұнда: К- материалдық айналым құралдарының айналымдылық
коэффициенті;
S- сатылған өнімнің толық өзіндік құны;
З- өндірістік материалдық қорлар.
Неғұрлым айналымдылық көрсеткіші жоғары болған сайын, соғұрлым қор-лар тезірек ақшалай қаражатқа айналады. Оның төмендеуі салыстырмалы түрде өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірістің ұлғайғанын немесе дайын өнімге деген сұраныстың бәсендегенін көрсетеді.
2009 жылы =430677 / ( 6002 + 24349 ) / 2 = 28,38
2010 жылы =289133 / ( 24349 + 33863 ) / 2 = 9,93
Коэффициенттің мәні төмендеді, бұл жағымсыз әсер, қорға қаржылық ресурстарды салу керектігін көрсетеді, қорлардың жиналып қалуы қаупі бар, ал бұл кәсіпорынның өнімді өндіру мен сатудағы белсенділігін күрт азайғандығын куәландырады.
6) Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың шамасына қатынасымен анықталады:
К= Д/ Д
Мұнда: К- дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;
Д- өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
Д- дебиторлық борыш.
Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыш-тың сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген ком-мерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді.
2009жылы = 430677 / ( 8811 + 31277 ) / 2 = 21,49
2010жылы = 289133 / ( 31277 + 104771 ) / 2 = 4,25
7) Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сату-дан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың шамасына қаты-насымен анықталады:
К= Д/К
Мұнда: К- кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;
Д- өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
К- кредиторлық борыштың кезеңдегі орташа шамасы
Барлық коэффициентердің мәндері кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің төмендеуін көрсетіп отыр. Бұл кәсіпорында бар барлық қаражаттар тиімсіз пайдаланғанын білдіреді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Осы кәсіптік тәжірибені біз Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде алған барлық теориялық білімімізді қолдана ортырып, қазіргі таңда нарықтық экономика жағдайында қызмет етіп жатқан
ЖШС «ENERPRO» кәсіпорында өттім.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау барысында кәсіпорынның төлем қабілеттілігі төмен болуы, яғни ақша қаражаттарының жетіспеушілігі, ұзақ және қысқа мерзімді қарыздардың жоқ болуы және кәсіпорын қызметін меншіктік капиталмен қаржыландыра алмайтындығына байланысты кәсіпорын кредиторларға тәуелді, яғни оның қаржылық жағдайы тұрақсыз, осыған байланысты кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыру үшін төлем қабілеттілік арттыру жолдарын іздеу керек. Сонымен кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудың бірнеше жолдарын атап көрсетуге болады. Материалдық, еңбек, қаржылық ресурстарының тиімді пайдалануына көп көңіл бөлу қажет. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтырутырудың маңызды көзі – факторинг, яғни кәсіпорынның өзінің дебиторлық борыштары бойынша талап ету құқықтарын банке немесе факторинг компанияларға сатуы болып табылады. Кәсіпорынның материалдық техникалық базасын жаңартудың ең тиімді жол-дарының бірі – лизинг. Ол инвестициялаудың бір түрі болып табылады. Лизингтік операциялар бойынша жедел амортизацияны пайдалану өндіріс құралдарының оперативті түрде жаңартып отыруға мүмкіндік береді.
Кәсіптік тәжірибе өту барысында кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайындағы жағдайындағы қызметімен, өндірістік және басқарушылық құрылымымен, бөлімдер, бөлімшелер мен басқармалар және олардың атқаратын қызметімен және тағы басқалармен таныстым. Сонымен қатар тәжірибе барысында көптеген есептеулер жүргізуді, атап айтқанда кәсіпорынның мүліктік жағдайын, яғни баланс активінің құрамы мен құрылымын талдауды, баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының өзгеру динамикасын, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, баланс өтімділігін бағалауды, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін талдауды және бағалауды игердім.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Кәсіпорынның жарғысы.
2.Новашина Т.С., Карпунин В.И., Финансовый анализ: оқу құралы, Москва, 2005.-30б.
3.Лиференко Г.Н., Финансовый анализ предприятия: оқу құралы, Москва, 2005-65б.
4.Васильева Л.С., Петровская М.В.,Финансовый анализ: оқу құралы, Москва, 2006.
5.Гогина Г.Н., Филиппова О.А., Финансовый анализ: оқу құралы, Самара, 2006.
6.Бижан Б.А., Иссык Т.В., Құрғанбаева Г.А., Кәсіпкерліктің жедел курсы: оқу құралы, Алматы, 2009-12б.
7.Дүйсенбаев, Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001 ж.
8.Шеремет А.Д., Негашев Е.В., Методика финансового анализа деятельности коммерческих организаций: оқу құралы, Москва, 2008.
9.Костирко Р.О., Финансовый анализ: оқу құралы, Москва, 2005.
10.Романова Т.Г., Романова Т.В., Романова А.Г., Белаусова А.Г., Финансовый анализ: схемы и таблицы,: оқу құралы, Улан-Удэ, 2002.