АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Отчёт по практике ЖШС КазЭкспо Аудит бойынша

       Қазақстан  Республикасының   Білім  және  Ғылым  министрлігі

                            

                                  Алматы Технология Университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Есеп беру

 

 

      ЖШС КазЭкспо Аудит бойынша жүргізілген

              іс — тәжірибе

                                             

 

 

                                  Орындаған: СМиС-01 к\о

                                                                            Туран А.Т.

                    

      

 

 

 

 

 

 

 

       Алматы 2008 жыл.

 

                                 Мазмұны.

 

 

 

 

 

  1. ЖШС Каз Экспо Аудит сертификаттау ұғымы туралы ақпарат.

 

1.1.ЖШС Каз Экспо Аудит ұйымдық құрылымы.

 

  1. Ұйым жұмыстары ҚРСТ 3.4 – 2003 стандарты бойынша әзірлеу.

 

    2.1. Өнімді сертификаттау арқылы сәйкестігін растауды жүргізу     тәртібі.

 

    2.2. Сәйкестік мағлұмдамасымен бекітілген талаптарға сәйкес растау.

 

    2.3. Өнімнің сәйкестігін растау нәтижесі туралы ақпарат шағымдар.

 

    2.4. Құжаттарды толтыру тәртібі.

 

  1. Өнімдерді және көрсетілетін қызметтерді сәйкестік белгісімен таңбалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    ЖШС Каз Экспо Аудит сертификаттау ұйымы 1997 ж. ҚР нарықтық тауарлар мен қызметтердің жұмысын сертификаттау қызметі бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Компания өз құрылымын сертификаттау жүйесіндегі негізігі 1 сынақ зертханасымен, автотасымалдау құрылғыларының қауіпсіздігін сынауды қолға алған.

    ЖШС Каз Экспо Аудит құрамына – сынау орталықтары екі сынақ зертханалары, өнімді қызметті сертификаттау бөлімі кіреді. Белгілі бір мемлекеттен өткен тауарды сынау сараптау бөлімдері бар. Қазіргі кезде сонымен қатар ЖШС Каз Экспо Аудит кәсіпорынның нормативтік құжаттарды әзірлеумен қатар, техникалық қызметтерді және де сарапшы – аудиторлардың жұмысын өз базасына сай қазіргі жаңа технологиямен қамтуды бағалайды. ЖШС Каз Экспо Аудит шет мемлекеттен тауар тасушы шипортерлармен кедендік қызметпен тасымалданатын тауарлармен де жұмыс атқарады. Шет мемлекеттен әкелінген тауардың сапасымен адам денсаулығына сонымен қатар біздің мемлекетте қолданысқа қауіпсіз енуін бақылап белгілі бір дәрежеде қамтамасыз етуді бақылайды. Оның қажеттігінің негізінде Қазақстанға тасып әкелінетін тауардың құжат түрімен, сәйкестік сертификаты немесе өтініш декларациясы (тарату қауіпсіздігін қорғау туралы) құжаттарымен жұмыс жасайды.

    Бұл ұйым 10 жыл мерзім ішінде көлемін бірнеше сатыға дейін үлкейтті. Оған ірі көлемдегі Қазақстандық және шетелдік ірі фермалар мен кәсіпорындар өз таурларына сертификат ала алады. Оның ішінде ЖШС Creen house distribution, ЖШС Туркуаз, ЖШС Орейфлим, ЖШС Винком, ЖШС Шалир Indesit Company SPA, OY Electrolux AB, Ferero Trading Zux фирма HP Internation Trade BV және тағы басқалар.

    Мақсаты жұмыс көлемінің үлкен бөлігі өндірілетін өнімге көп көңіл бөлу. Ұйым №5 кестеге сәйкестендіріп өнімді тексергеннен кейін (3 жыл мерзім көлемінде) ұзақ мерзімдік сертификат бере алады. СТРК ИСО 9001-2001 сапа менеджмент жүйесін сертификаттау жолы арқылы өнімге сертификат құру арқылы 2 түрлі сертификат бере алады, біреуі сапа менеджмент жүйесінің сертификаты ал екіншісі өнімге бағытталып жасалынады.

    ЖШС Каз Экспо Аудит Ресейдің Қазақстандық серіктестігі сапа менеджмент жүйесін сертификаттау ұйымдарымен сертификаттау саласындағы ұйымдармен тығыз серіктестік байланыс орнатқан. Соның ішінде “Руский Регистр” өнімді сертификаттау ұйымы “Тест Бэт” (Ресей), ЖАҚ НиҚ САМТЭС (Ресей) НАСТХОЛ сертификаттау орталығы (Ресей) бар. Компанияда білікті мамандармен қамту жүйесімен қамтылған. Бүгінгі күнге дейін өнімді сертификаттау және сапа менеджмент жүйесінде 20 білікті сарапша-аудиторлар қызмет етеді. Сонымен қатар тұтынушылардың тұтыну қажеттігін арттыру, экологиялық қауіпсіздік, өнім қауіпсіздігіне баса назар аударуды мақсат ретінде белгілеп СКО 9000-2000 сапа талаптарын енгізуді қадағалаумен үнемі қызмет сатыларын жақсартуды көздеп отыр. 2005 жылдан бастап ЖШС Каз Экспо Аудит сертификаттау ұйымы сапа менеджмент жүйесімен аккредиттелген болатын. Қазіргі кезде “Каз Экспо Аудит-Ақтау” қаласында бөлімшесі орналасқан. Ендігі кездегі негізгі тапсырмаларының бірі “Каз Экспо Аудит Электро” МЭК ИСО 17 025 стандартына сәйкес аккредиттелген сынау зертханаларын қолға алды. Оған кабельдік және электротехникалық бұйымдар, машина жасау өнімдері, радиотехникалық, электрлік өндіріс, медициналық техникалар, жарық шамдар құралдарымен байланыс құрылғылары және т.б.

    Каз Экспо Аудит құжаттық құрылым жұмыстарының көп бөлігі ҚРСТ 3.4-2003 ж. стандартына бағытталып жасалынады. Ол жұмыс барысында көрсетіледі.

 

 

                   Каз Экспо Аудит бөлімшелері.

    АУП.

  • Сынау орталығы.
  • Каз Экспо сарапшылар.
  • Каз Экспо Электро.
  • Ішкі экономикалық байланыс бөлімшелері.
  • ОПС бөлімі.
  • СМЖ бөлімі.
  • Техникалық қамту бөлімшесі.
  • Сараптау бөлімшелері.

 

 

 

 

    Өнімді сертификаттау арқылы сәйкестігін растауды жүргізу тәртібі.

 

    Өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізу реті былай:

    ҚР-ның МСЖ өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізуді мына реттермен көздейді:

  • сертификаттау ұйымына өтініш беру (сәйкестік өтініш) және оны қарау;
  • өтінішті (сәйкестік өтінішін) қарау, сертификаттау үлгілерін таңдау нәтижелері бойынша шешім қабылдау;
  • өтінуші мен сертификаттау ұйымының арасында сертификаттау жұмыстарын жүргізу туралы келісімге отыру;
  • өтінілген өнімді ұқсастыру, үлгі іріктеу және оны сынақ зертханаларына (орталықтарына) жіберу;
  • өтінілген өнімнің үлгілеріне сертификаттау сынақтарын жүргізу және де басқа сертификаттау үлгілері бойынша көзделген жұмыстарды жүргізу;
  • сынақ нәтижесін талдау немесе сәйкестік өтініші бойынша берілген құжаттарды қарау;
  • сәйкестік сертификатын беру мүмкіншілігі туралы шешім қабылдау;
  • Сертификатты ҚР-ның МСЖ мемлекеттік тізіміне тіркеу және оны өтінушіге беру, сәйкестік белгісімен өнімді таңбалау (егер ол сертификаттау үлгісі бойынша көзделген болса) құқығын беру;
  • өнімнің сертификатталған сипаттарының тұрақтылығына және сапаның менеджмент жүйесінің жүзеге асуына (егер ол сертификаттау үлгісі бойынша көзделген болса) инспекциялық бақылау жүргізу;
  • өнімді сертификаттау нәтижесі туралы ақпарат беру.

 

    Өтініш беру және оны қарау.

    Өнімді сертификаттауды өтінушінің аккредиттеу аясына осы өнім кіретін сертификаттау ұйымына берген өтініші негізінде жүргізіледі.

    Өтінуші сертификаттау ұйымымен бірлесе отырып өнімді сертификаттау үшін сертификаттау үлгісін таңдайды.

    Өтініштің жалпы түрі Б қосымшасында берілген.

    Өтінуші өз қалауы бойынша өнімді 9 немесе 10 үлгілеріне сай сертификаттау үшін, сертификаттау ұйымына В қосымшасында берілген сәйкестік өтінішін береді.

    Сертификаттау үлгісін таңдау ұсыныстары Г қосымшасында берілген.

    Осы өнімді сертификаттайтын бірнеше ұйым болған жағдайда өтінуші өз өтінішін оның кез-келгеніне жіберуі мүмкін.

    Сертификаттау ұйымы, өтініш алынған және тіркелген күннен бастап 2 апта ішінде, өтінушіге өтінішті қарау негізінде шығарылған шешімді және өтінілген өнімді сертификаттауц жұмыстарын жүргізуге арналған 2 дана келісімді жібереді. Келісімнің ұсынылмалы түрі Д қосымшасында берілген.

    Шағын кәсіпкер субъектері үшін бұл жұмыс бір апта ішінде жүргізілуі тиіс.

    Өтініш бойынша қабылданған шешімде сертификаттаудың негізгі жағдайлары көрсетіледі: ұсынылған сертификаттау үлгісі, сынақ зертханасы, сертификатталған өнімге өткізілетін инспекциялық бақылау.

    Өтініш бойынша қабылданған шешімнің көшірмесін өнімді сертификаттауға қатысушыларға жібереді. Өтініш бойынша қабылданған шешімнің түрі Е қосымшасында берілген.

    Өтінішті қанағаттандырылмаған жағдайда сертификаттау ұйымы өтініш бойынша шешіммен бірге нақты негіздегі бас тартумен бірге оның меншікті құжаттарын қайырады.

    Өтінуші өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізуге келіскен жағдайда, ол сертификаттау ұйымына өзі қол қойған келісімнің бір данасын және осы келісімде көрсетілген шамадағы алдын-алдыңғы төлем ақысын сертификаттау ұйымының есепшотына жіберілгені туралы құжат көшірмесімен бірге жібереді.

    Сонымен бірге өтінуші, қажетіне орай, сертификаттау ұйымымен өтінілген өнімнің үлгісін іріктеу мерзімін келіседі.

 

    Үлгіні іріктеу және өнімді құрастыру.

    Өтінілген өнімнен үлгіні сертификаттау ұйымы үлгі іріктеуді аккредиттелген сынақ зертханасына жүктеуі мүмкін

    Сертификаттау ұйымы үлгі іріктеуді өтінушінің өзіне де жүктеуі мүмкін. Бұл жағдайда өтінуші бұйрығымен тағайындалған 3 адамнан кем емес тұратын тәуелсіз ұйымдардың өкілдерінен құралған білікті комиссия үлгіні іріктейді. Комиссия мүшелерінің жұмыс төлемін өтінуші төлейді.

    Іріктелетін үлгі саны (іріктеу көлемі), оны іріктеу әдістері, ұқсастыру және сақтау өтінілетін өнімнің нормативті құжаттарында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

    Бұндай нормативті құжат жоқ болғанда немесе олардың талаптары жетімсіз болған жағдайларда, үлгіні сертификаттау ұйымы қабылдаған әдістерге немесе басқа құжаттарға сәйкес іріктейді.

    Іріктелетін үлгінің конструкциясы, құрамы және өндіру технологиясы тұтынушыға (тапсырушыға) жіберілетін, өтінілген өніммен бірдей болуы тиіс.

    Үлгі іріктеу ұсынылымды түрі Ж қосымшасында көрсетілген акт жасау арқылы жүзеге асады. Үлгі іріктеу актісіне іріктеген адамдар және өтінушінің өкілі қол қояды.

    ҚР СТ 1014 талаптарына сәйкес қажетті түрде  ұқсастырылған, іріктелген үлгі, үлгіні іріктеген адамдардың (комиссияның) көз алдында қапталады және пломбаланады (егер оның қажеттігі және мүмкіншілігі болса). Содан соң іріктеу актісі және құрамы мен мазмұны сертификаттау ұйымы бекіткен техникалық құжаттың есептелген данасымен бірге стандарттау ұйымы анықтаған аккредиттелген зертханаға (орталыққа) жібереді.

    Өнімді сертификаттау кезінде қолданылатын үлгілермен іс істеуге ҚР ЕР 50.3.19. жағдайларын басшылыққа алу қажет.

 

 Сертификаттау мақсатында сынақ жүргізу.

    Сынақ зертханасы (орталық) өтінілген өнімге сынақты сертификаттау ұйымымен келісілген сынау әдістерін бекіткен нормативті құжат көрсеткен мерзім ішінде жүргізуі тиіс. Ең болмаса көрсеткіштердің бірінен сынаулардың жағымсыз нәтижелерінде, өнімді сертификаттау мақсатымен сынаулар тоқтатылады.

    Хаттама ретінде дайындалған сынақ нәтижесін сынақ зертханасы (орталығы) сертификаттау ұйымына жібереді.

    Сынақтың теріс нәтижесі болғанда сертификаттау ұйымы сәйкестік сертификатын бермеу туралы шешімді (И қосымшасында берілген түрі) сынақ хаттамасымен бірге өтінушіге және өкілетті ұйымға жібереді.

    Өтінушінің өтініш беру кезінде қолында өкілетті ұйымның мемлекеттік бақылау бөлімшесінің өкілі іріктеп, ҚР-ның МСЖ аккредиттелген немесе танылған сынақ зертханасында сыналғаны туралы сынақ хаттамасы болған жағдайда сертификаттау ұйымының шешімі бойынша өнімнің сыналған көрсеткіштерін сынақ жүргізбеуі мүмкін.

    Егер нормативті құжатта бекітілген сынаққа шығатын шығын қымбат, мерзімі ұзақ, және де қиын тасылатын заттар, сертификаттау сынағы күрделі, үлгі іріктеу қымбат болған жағдайда сертификаттау ұйымы сертификаттау сынағы мен сертификаттау ұйымының өкілі қатысатын өндіріс процесінде өтетін сынағын біріктіру туралы шешім қабылдауы мүмкін.

 

    Сәйкестік өтінішін қарау және өндіріс жағдайын талдау.

    Сертификаттау үлгісіне байланысты өнімді сертификаттау сынағынан өткізгенде басқа да өндіріс жағдайын талдау (2, 3, 4, 10 үлгілері), өндірісті немесе сапа менеджменті жүйесін сертификаттау (5 және 6 үлгілері) жүргізіледі.

    9 және 10 үлгі бойынша өнімді сертификаттау үшін сәйкестік өтінішін берілген құжаттармен бірге қарайды.

    Өндіріс жағдайын талдау сертификаттау ұйымының өнімнің және оның өндіріс ерекшелігін еске ала отырып жасаған бағдарламасы бойынша жүргізеді.

    Бұл кезде:

  • нормативтік және техникалық құжаттармен қамтамасыз етілуі, оның жағдайлары;
  • технологиялық процесстерді сақтау және оның метрологиялық қызмет көрсету және жөндеу жүйесінің болуы;
  • шикізаттар мен материалдардың болуы;
  • сертификатталған өнім сапасының тұрақтылығы;
  • сақталу жағдайларының болуы;
  • шағымдарды есепке алу және талдау тексеріледі.

    Тексеру нәтижесі болған жағдайда өтінілген өнімді таңдалған үлгі бойынша сертификаттау жұмыстары тоқтатылады да, ол туралы сертификаттау ұйымы үш күн ішінде өтінушіге жазба түрде хаттар береді.

    Анықталған жетімсіздіктерді жойған соң немесе сертификаттаудың басқа үлгісін таңдаған өтінуші сертификацияға жаңа өініш береді.

    Өтінушіде ҚР МСЖ ұйымы немесе ҚР МСЖ танылатын ұйым берген өндіріске немесе сертификатталатын өнімнің өндірісіне немесе сапа жүйесі менеджментінің сертификаты болған жағдайда, өндіріс жағдайын талдау қажеттігі жоқ.

    Сапа жүйесі менеджментінің немесе өндірісінің сертификаттау процедуралары жеке де және өнімді сертификаттау процедураларына қосымша болуы мүмкін. Екі жағдайларда да бұл жұмыстарды өнімге сәйкестік сертификатын бермес бұрын жүргізеді.

    Сапа жүйесі менеджментінің немесе өндірісінің сертификаттау тәртіптері ҚР СТ 3.15.1, ҚР СТ 3.15.2, ҚР СТ 3.15.3.

    Сертификаттаудың 9 және 10 үлгісі сәйкестік өтініші және өнімнің бекітілген талаптарға сәйкестігін тік немесе жанаспа дәлелдейтін құжаттар арқылы жүргізіледі.

    Сәйкестік өтінішіне:

  • өнімге бірінші, екінші немесе үшінші жақ өткізген сынақ хаттамалары;
  • бұрын алынған әрекеттегі өнімге немесе шикізаттарға, материалдарға, қосалқы бөлшектерге, сапа жүйесіне немесе өндіріске берілген сертификаттар;
  • бақылау ұйымдары өз аясында берген өнімнің бекітілген қауіпсіздік талаптарына сай екендігі туралы бірге беріледі.

    Сертификатталатын өнімнің түріне байланысты сертификаттау ұйымы өнімнің қауіпсіздігі туралы дұрыс ақпараттары бар басқа да құжаттарды сұратуы мүмкін.

    Сәйкестік өтінішіне мемлекеттік және орыс тіліне аударылған құжаттар беріледі. Егер олар басқа тілдерде баяндалса, онда олар түпнұсқалық мәтінмен қоса жіберілуі тиіс.

    Аударманың дұрыстығына өтінуші жауапкер.

    Өтінушінің сәйкестік өтінішінде өнімнің сәйкестігін дәлелдейтін ақпарат жетімсіз болған жағдайда, сертификаттау ұйымы өтінушіге өнімді басқа үлгі бойынша сертификаттауды ұсынады.

    Сәйкестік сертификатын беру және сертификатталған өнімнің сәйкестік белгісімен таңбалау құқығын беру.

    Өтінілген өнімді сертификаттау үлгісінде көзделген жұмыстардың оң нәтижесінде, сертификаттау ұйымы сәйкестік сертификатын дайындайды және оның қажетті көшірмесін жасайды.

    Сәйкестік сертификатының түрі К қосымшасында берілген.

    Сәйкестік сертификатының көшірмесінің түрі Л қосымшасында берілген.

    Сәйкестік сертификатының әрекеті таралатын өнімнің нақты құрамын бөлу қажеттігіне сай тізбесі берілген қосымшасы болуы мүмкін, онда:

  • бір өндіруші өндірген және бірдей талаптарға сәйкес сертификатталған өнімнің біртекті топтары;
  • сертификатта көрсетілген техникалық қызмет көрсетуге және заттарды (кешендерді, жиынтықтарды) жөндеуге қолданылатын бекітілген жинақтағы бұйымдар (кешендер, жиынтықтар), қажетті бөлшектері және (немесе) қосалқы бөлшектер.

    Сәйкестік сертификаты қосымшасының түрі М қосымшасында берілген.

    Сәйкестік сертификаты, сәйкестік сертификатының көшірмесі және оларға қосымшалар оларды типографияда дайындаған кезде жасандылардан қорғалған белгіленгін үлгі бланкісінде орындалады.

    Жасандылардан қосымша қорғау мақсаты мен уәкілетті органдармен белгіленген тәртіпте голограмма түсіріледі.

    Сәйкестік сертификатының көшірмесін басшының, немесе оның орынбасарының, немесе бұйрық бойынша тағайындалған жауапты адамның қолдарымен және сертификаттау жұмыстарына арналған мөрімен растау көзделген.

    Өнімді сериялы өндіретін кәсіпорындарға — өндірушілерге сертификат бергенде оларға сертификатталған өнімді Сәйкестік белгісімен таңбалау (егер ол сертификаттау үлгісі бойынша көзделген болса) және (немесе) сәйкестік сертификатының көшірмесімен өнімге ілестіру құқығы берілуі мүмкін. Бұл жағдайда көшірме өндіруші – кәсіпорын басшының, немесе оның орынбасарының, немесе бұйрық бойынша тағайындалған жауапты адамның қолдарымен және кәсіпорынның сертификаттау жұмыстарына арналған мөрімен растау көзделген.

    Ескерту – Міндетті сертификаттауға жататын қаруға сәйкестік сертификатын сертификаттау ұйымы тек оны «Азаматтық және қызметтік қарудың және оның патрондарының Мемлекеттік кадастрында» тіркелгеннен соң ғана беріледі. Тіркеуді сәйкестік сертификатын беру туралы сертификаттау ұйымының сертификаттау сынағының оң нәтижесінен соң берген шешімнің негізінде жүзеге асырады.

    Сәйкестік сертификатында мыналар көрсетілуі тиіс:

  • өнімнің стандарт немесе басқа да нормативті құжаттардың бекітілген талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер;
  • өндірушіге өнімін сәйкестік белгісімен таңбалау немесе әрбір өнім тобын немесе өнімнің дара бірліктерін сертификаттар көшірмесімен ілестіруі құқығы туралы мәліметтер;
  • өндіруші кәсіпорындағы сертификатпен расталған әрекеттік сапа менеджменті жүйесінің (егер ол сертификаттау үлгісінде көзделген болса) болуы;
  • сертификаттау үлгісіне сәйкес сертификат беруге негіз болған құжаттар туралы мәліметтер.

    Сертификаттау кезінде өткізілген өнімге өткізілген барлық сынақтардың хаттамалары бірге беріледі.

    Сертификаттау ұйымы сертификатты сертификаттау жұмыстарына келісімге сай толық төлем төленгеннен соң береді.

    Сертификаттың әрекеттік мерзімін сертификаттау ұйымы сертификаттаудың таңдаоған үлгісі бойынша, және өнімнің айрықшылықтарын, оның өндірісін, өнімнің нормативті құжатының әрекет мерзімін, өндірісті немесе сапа жүйесін сертификаттау мерзіміне, тек үш жылдан аспайтын мерзімге сертификаттау ұйымының бекітуі бойынша беріледі.

    Өнімнің жарамдылық мерзімі аясында сертификат берген ұйым оны ұзартады. Бұл жағдайда сертификаттың мерзімі берілген күннен бастап есептегенде үш жылдан аспауы тиіс. Сертификатты ұзарту өтінушінің қалауы бойынша мың әдістердің бірі бойынша жүзеге асырылады:

  • сертификаттың «____дейін» деген бабының сол жағында «әрекетті мерзімі____дейін ұзартылған» деген жазу жазылады және ол жауапты адамның қолымен және сертификаттау ұйымының мөрінің түпнұсқасымен расталады;
  • ұзартылатын сертификаттың нөмірін сақтай отырып және өнмнің сертификат ұзартылатын саны мен номенклатурасы көрсете отырып жаңа сертификат дайындалады.

    Егер сериялы өндірілетін өнімге берілген сәйкестік сертификатының күшінің мерзімі аяқталған болса, ал оның әрекет мерзімі өнімнің жарамдылық немесе оның сақталу жағдайы дұрыс болса сақталу мерзіміне, бірақ үш жылдан көп емес мерзімге ұзартылуы мүмкін.

    Сертификаттау кезінде дәлелденетін көрсеткіштеріне ықпал ететін өнімнің конструкциясына (құрамына) немесе өндіріс технологиясына өзгерістер енгізілген жағдайларды, сертификат ұстаушы дереу сертификаттау ұйымына хабар береді, ал ол сертификатты жою немесе оның әрекетін толық немесе бөлікті сынақ өткізу немесе бұл өнімнің өндірісінің жағдайын бағалауға дейін тоқтата тұруға шешім қабылдайды. Бұл жағдайда сертификат ұстаушы сертификаттау ұйымы өз шешімі туралы хабарлағанынша жаңартылған өнімді сертификатталған өнім ретінде өндіре алмайды.

    Өнімді сертификаттау кезіндегі нормативті құжаттарда бекітілген нормалар бұрынғысына қатаң болып өзгерген жағдайда, сәйкестік сертификатының әрекеті осы өзгеріс енгізілген күннен бастап жойылады.

    Егер өнім халықаралық жүйе немесе келісім бойынша сертификатталатын болса, онда сертификаттың түрі, біреу тәртібі және сәйкестік белгісі, және де оның жарамдылық мерзімі осы жүйе немесе келісім ережелері бойынша анықталады.

    Өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау құқығын сертификаттың әрекеттік мерземінен аспайтын уақытқа өнімді сертификаттаған сертификаттау ұйымы ҚР-ның МСЖ нормативті құжаттар бекіткен тәртіп бойынша береді.

    Өнімді сәйкестік белгісімен таңбалауды өтінуші белгі бейнесінің нақты кейіпін, сыртқы ықпалдарға төзімділігін, өнімнің жарамдылық мерзіміне дейін ұзақ сақталуын қамтамасыз ететін әдіспен жүргізеді. Таңбалау әдісін және оның орналасатын орнын өтінуші мен бірлесе отырып стандарттау ұйымы ҚР СТ 3.1; ҚР СТ 3.25 және өнімнің біртекті топтарын сертификаттау тәртібін бекітетін нормативті құжаттардың талаптарына сай анықтайды.

    Сәйкестік белгісімен таңбаланған өнім, жүргізілген сертификаттау туралы техникалық, қолданымдық немесе тауарға ілесетін құжаттарда ақпараттар берген жағдайларда, сертификаттың көшірмесімен ілестірілмейді.

 

    Инспекциялық бақылау.

    Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылауды, егер ол сертификаттау үлгісімен көзделген болса, сертификат берген сертификаттау ұйымы жүргізеді.

    Инспекциялық бақылау сертификаттың әрекеті мерзіміне және өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау құқығына жылына бір реттен кем емес, кезеңдік және жоспардан тыс бақылаулар арқылы жүргізіледі. Инспекциялық бақылаудың кезеңін сертификаттау ұйымы анықтайды.

    Жоспардан тыс бақылауды сертификатталған өнімге шағымдар түскен кезде жүргізеді.

    Инспекциялық бақылаудың жұмыс түрін, көлемін және кезеңдерін, сертификатталған үлгісін өнімнің сипаттарының тұрақтылығын, өнімнің қуіптілік дәрежесін, өндіру көлемін ескере отырып, сертификаттау ұйымы анықтайды.

    Инспекциялық бақылауға әдетте мына жұмыстар түрі кіреді:

  • сертификатталған өнімге түскен ақпараттарға талдау;
  • өнім сапсының тұрақтылығына қажетті жағдайларды сақтауды тексеру;
  • өнімді сынау және оның нәтижесін талдау;
  • бақылау нәтижелерін дайындау және шешім қабылдау.

    Нақты өнімнің өндірісінің және сапа жүйесі менджментінің сертификаты болған жағдайда және инспекциялық бақылаудың нәтижесі оң болса, өнім тұрақтылығы жағдайына талдау жүргізілмейді.

    Инспекциялық бақылаудың нәтижесі еркін түрдегі актпен дайындалады, онда үлгілердің сынағының және же басқа бақылаулардың бағасын және сертификатталған өнімнің өндіріс жағдайы және де берілген сертификаттың әрекет мерзімін сақтау туралы қорытындысы беріледі.

    Актының даналары өндіруші-кәсіпорынға және инспекциялық бақылауға қатысқан мекемеге жіберіледі. Актінің көшірмесі сертификаттау ұйымында үш жылдан кем емес уақыт сақталуы тиіс.

    Инспекциялық бақылаудың нәтижесі бойынша сертификаттау ұйымы сәйкестік скертификаттың сәйкестік белгісінің әректтерін тоқтату немесе жою құқығы мына жағдайларда болады:

  • инспекциялық бақылау кезіндегі сынақтың теріс нәтижесінде;
  • сертификаттау ұйымына хабарламай өнімнің конструкциясын (құрамын), өнімнің жиынтығын және (немесе) өндіріс технологиясын ұйымдастыру өзгертуінде;
  • технология талаптары сақталмауында;
  • сертификаттау ұйымымен келіспей бақылау және сынау әдістерін, сапа жүйесін өзгертуінде (орындалмауында).

    Сертификаттың немесе сәйкестік белгісін қолданудың әрекетін тоқтату туралы шешімді, егер оны берген сертификаттау ұйымымен келісе отырып, өндіруші-кәсіпорын сәйкессіздіктің анықталған себептерін түзету шаралары арқылы жойып, және қосымша сынақсыз-ақ өнімнің нормативті құжаттарға сәйкестігін қайталанымды инспекциялық бақылауда дәлелдейтін болса қабылданады.

    Қайталанымды инспекциялық бақылауды өндіруші-кәсіпорын қосымша өтейді. Сертификаттың әрекет мерзімі сертификаттау ұйымы мен өндіруші-кәсіпорын келісе отырып, осы бұйымды өндіру тоқтаған жағдайда және де басқа себептерде тоқтатылуы мүмкін.

    Сертификаттың әрекетін және Сәйкестік белгісін қолдануды жою мына жағдайларда болуы мүмкін:

  • егер де анықталған сәйкессіздік түзетілмейтін болса;
  • егер өндіруші өзінің сертификаттау ұйымы алдындағы қаржы міндетін орындамаса;
  • егер өндіруші сертификат әрекетінің уақытша тоқтатылған кезінде қажетті шараларды қабылдамаған жағдайда;
  • егер өтінуші сертификат әрекет мерзімін ұзартқысы келмесе;
  • егер бұйым өндіріс тоқтатылса (басқа өндіріске берілсе) немесе кәсіпорын таратылса.

Нақты өнімнің сертификатының әрекеттік мерзімін тоқтату немесе жою және Сәйкестік белгісін қолдануға тиым салу туралы өндіруші-кәсіпорынды, өкілетті ұйымды, тұтынушыларды және барлық мүдделі қатысушыларын хабардар етеді.

    Өндіруші-кәсіпорынның өнімге сертификатты немесе ҚР-ның МСЖ Сәйкестік белгісін санкциясыз қолдануы анықталған жағдайда;

мысалы, сертификаттың әрекет мерзімінің бітуі; өнімнің ҚР-ның МСЖ сертификатталмаған т.б. жағдайлары анықталғанда кінәліге әрекеттік заңдарға сай шара қолданылады.

    Сәйкестік сертификатын жою сертификатта тізбесіне қажетті жазуды жазған заматтан бастап күшіне енеді. Күші жойылған сәйкестік сертификатын өтінушіге сертификаттың жойылуы туралы хабар берілгеннен бастап үш күн ішінде оны берген ұйымға қайтару қажет.

    Сертификаты жойылған өнімді және келісімді өндіруші-кәсіпорын инспекциялық бақылауда анықталған бұзылымдарын түзетуге бағытталған шараларын өткізгеннен соң қайтадан сертификаттауға беруіне болады. Бұл жағдайларда өнімді сертификаттау жаңа келісім бойынша, бұл өнімнің бұрынғы сертификаттаудан өткен нәтижесін есепке алмай жүргізіледі.

 

 

       Сәйкестік мағлұмдамасымен бекітілген талаптарға сәйкестігін растау.

 

    Өтінуші өнімнің бекітілген талаптарға сәйкестігін сәйкестік мағлұмдамасымен растай алады. Өнімнің сәйкестігін сәйкестік мағлұмдамасымен растау (3) сай жүргізіледі.

    Сәйкестік мағлұмдамасы нөмірленген және қайта жасаудан қорғалатын басылым арқылы жасалған бекітілген үлгідегі бланкте орындалады.

    Сәйкестік мағлұмдамасының түрі және оны толтыру Н қосымшасында берілген. Осы стандарттың талаптарына сай толтырылған сәйкестік мағлұмдамасына өтінушінің басшысы қол қояды. Заңды тұлғалар оны қайта жасауға бөгет болу үшін сәйкестік мағлұмдамасы өз қолы және мөрімен растайды.

    Сәйкестік мағлұмдамасын мағлұмданатын өнімнің өтінуші бекіткен жоспарлы шығару мерзіміне қарай, қажетті сапасы мен саны қажетті сынақ хаттамалары және еспқұжаттармен расталған шикізаттың бар болуын, немесе өнім тобының жарамдылық мерзіміне сай, бірақ 1,5 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

    Өтінуші қабылдаған сәйкестік мағлұмдамасы осы өнім аккредитация аясына кіретін кез-келген сертификаттау ұйымына тіркелуге жатады.

    Сәйкестік мағлұмдамасы қажетті құжаттармен бірге өтінушінің өзі таңдаған сертификаттау ұйымына тіркеуге беріледі.

    Тіркелетін сәйкестік мағлұмдамасына мына құжаттар қоса беріледі:

  • тіркеу туралы өтініш (ұсынылымды түрі П қосымшасында берілген);
  • өнімнің сәйкестігін бекітілген талаптарға сәйкестігін растайтын, құжаттардың көшірмесі;
  • өнім өндірісінің тұрақтылығын растайтын құжаттар көшірмесі (стандарттар талаптарына сай болуы туралы мемлекеттік бақылаудың актілерінің көшірмесі және де басқа да нормативті құжаттар, өндірістің тұрақтылығының ішкі бақылауының актілерінің көшірмесі);
  • өтінушінің сынақ зертханасының техникалық біліктілігін растайтын (аккредиттеу куәліктері немесе метрологиялық аттестациялау сертификаттары) құжаттардың көшірмесі немесе аккредиттелген зертханалармен технологиялық процесстерде көзделген өнім сынақтарын өткізу туралы келісімдердің көшірмесі.

Сертификаттау ұйымы мағлұмданған өнімді ұқсастыру мақсатында қарап шыққаннан, жұмыс жүргізуге келісімге отырғаннан соң 10 күннен аспайтын мерзімде:

  • өтінушінің сәйкестік мағлұмдамасының қабылдау құқығының;
  • осы өнімнің сәйкестігін растауды көздейтін нормативті құжаттардың нұсқауларының дұрыстығы мен толықтығын;
  • ҚР-ның заңдарына сай осы өнімді өндіруге көзделген барлық құжаттарының болуын;
  • Сәйкестік мағлұмдамасының дұрыс толтырылуын қарайды және тексереді.

    Сертификаттау ұйымы өтініштің оң қаралуы негізінде сәйкестік мағлұмдамасын ҚР-ның МСЖ тізбесінің арнайы тарауына тіркейді. Теріс нәтиже негізінде — өтінушіге анықталған өнімнің бекітілген талаптарға сәйкессіздіктерін жою туралы хабарлайды немесе өндірілетін (сатылатын) өнімді ҚР-ның МСЖ сертификаттау үлгісінің басқа біреуіне сай сертификаттау туралы ұсыныс береді.

    Өтініштің шешімінің түрі Е қосымшасында берілген.

    Сәйкестік мағлұмдамасының тіркеу нөмірі оны тіркеген сертификаттау ұйымының кодынан (ҚР СТ 3.11 9.1.2 б.) және и сәйкестік мағлұмдамасының тізбеге енгізілген ретті нөмірінен тұрады. (ҚР СТ 3.11 9.1.5 б.).

    Сәйкестігі сәйкестік мағлұмдамасы арқылы расталған өнім Сәйкестік белгісімен таңбаланбайды.

    Сәйкестік мағлұмдамасының көшірмесі өтінушінің басшысының қолымен және мөрімен расталады (заңды тұлға үшін).

    Сәйкестік мағлұмдамасының көшірмесінің түрі Л қосымшасында берілген.

    Сәйкестік мағлұмдамасының, оның әрекеті таралатын өнімнің нақты тізбесі берілген қосымшасы болуы мүмкін. Сәйкестік мағлұмдамасының қосымшасы М қосымшасында берілген.

    Сәйкестік мағлұмдамасының және оның қосымшасының ҚР-ның МСЖ бекіткен бланктерге жасалады.

    Сәйкестік мағлұмдамасымен расталған өнімге өкілетті ұйым және оның мемлекеттік бақылау аумақтық бөлімшелері (4), (5) талаптар бойынша бақылау жүргізеді.

    Өкілетті ұйым немесе оның аумақтық бөлімшелерінің өнімнің бекітілген талаптарға сәйкессіздігін анықтаған жағдайда сәйкестік мағлұмдамасын қабылдаған өтінуші, үш күн ішінде оны тіркеген сертификаттау ұйымына сәйкестік мағлұмдамасының әрекеттік мерзімінің тоқтатылғаны туралы хабарлайды.

    Сертификаттау ұйымы хабардың негізінде, тізбеге сәйкестік мағлұмдамасының әрекет мерзімінің тоқтатылуы туралы жазу жазады.

 

         Ерікті сертификаттауды жүргізу тәртібі.

    ҚР-ның МСЖ ерікті сертификаттау өтінушінің қалауы бойынша, ҚР-да міндетті сертификаттауға жататын өнімдер тізбесіне кірмейтін өнімге жүргізіледі.

    Ерікті сертификаттаудың мазмұны және жұмыс жүргізу реті осы стандарттың 5.1-5.1. баптарында көрсетілген талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.

    Өтінілген өнімнің сертификаттау үлгісінде көзделген ерікті сертификаттау жұмыстарын жүргізудің оң нәтижесіне сай, сертификаттау ұйымы Р қосымшасында көрсетілген түрінде сәйкестік сертификатын береді. Сәйкестік сертификатын осы стандарттың К қосымшасында берілген ұсыныстарға сәйкес дайындайды.

 

       Өнімнің сәйкестігін растау нәтижесі туралы ақпарат.

    Сертификаттау ұйымы сәйкестік сертификаттарының тізбесін, сәйкестік декларациясының тіркеуін жүргізеді және өкілетті ұйымға ҚР СТ 3.11. бекітілген мәліметті береді.

    Тізбенің мәліметтері, және де сертификаттау ұйымдарынан және де басқа да ҚР-ның МСЖ қатысушылардан алынған мәліметтерді өзінің ақпараттық басылымдарында жариялайды.

    Өнімнің сәйкестігін растайтын (бекітілген талаптарға сәйкес) құжаттар мен материалдар сәйкестік сертификатын беоген және сәйкестік мағлұмдамасын тіркеген сертификаттау ұйымында үш жыл ішінде сақталуы тиіс.

 

       Шағымдар.

 

    Өтінуші өнімнің сәйкестігін растау үшін берген өтінішіне қатысты қабылданған шараларға, сертификатты жою және де сертификаттау ұйымының басқа да әректтеріне ҚР СТ 3.10 талаптарына сай шағым бере алады.

    Егер де өтінуші сертификаттау ұйымының шағымдық комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда, ол өкілетті ұйымының шығымдық комиссиясына шағымдану құқығы бар. Өкілетті ұйымның шағымдық комиссиясының қабылдаған шешімін ҚР-ның заңдарына сәйкес сот арқылы шешуіне болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Өнімнің біртекті топтарын сертификаттау тәртібінің негізгі сұрақтарын анықтайтын бақылау тізімі.

 

    Өнімнің біртекті топтарын сертификаттау тәртібінде:

  1. Сертификатталатын өнімнің (өнімнің бірегей топтары) және сертификаттауды жүргізуге арналған нормативті құжаттардың тізбесі.
  2. Міндетті сертификаттауды жүргізу, шетел сертификаттарын тану, осы өнімнің біртекті топтарын сертификаттау үлгілері және оның әрқайсысын қолдану туралы ұсыныстар көрсетілген негізгі жағдайлары.
  3. Ұқсастыру процедурасы және сертификаттауға арналған үлгілерді іріктеу тәртібі (сериялы өндіру немесе жіберілімде және аздаған топтармен немесе бір данамен жіберілімде).
  4. Сертификаттау сынағының көлемі. Міндетті сертификаттау кезінде сыналатын өнімнің көрсеткіштері. Бұл көрсеткіштерді сынаудың әдістері және бақылау құралдары. Өнімнің аздаған топтарын және бір данасын сертификаттаудағы сертификаттау сынағының көлемі.
  5. Сертификаттау сынағының нәтижелерін дайындау тәртібі (сынақ хаттамасының түрі).
  6. Сынақ хаттамасына өзгерістер және толықтыру енгізу тәртібі.
  7. Сертификаттау сынағының оң және теріс нәтижелерін дайындау тәртібі.
  8. Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау жүргізу тәртібі (бақылаудың кезеңі, инспекциялық бақылау жүргізу кезіндегі сынау көлемі) бекітілуі тиіс.

 

    Ескерту — әзірлеу және дайындау тәртібі ҚР СТ 1.5-2000 бойынша.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Сәйкестік сертификаты және мағлұмдамасы көшірмесінің бланкінің түрі.

 

 

    Көшірме

 

 

 

 

 

 

 

     КОПИЯ    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Сәйкестік сертификатының және сәйкестік мағлұмдамасының қосымшасының түрі.

 

 

  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесі

  ________________________________________________________              

             

                                                      ҚССҚ № _______________________

 

 

 

Сәйкестік сертификатына және сәйкестік мағлұмдамасына

 

                                      ҚОСЫМША

 

                                    № ________________

 

    Сәйкестік сертификатының (сәйкестік декларациясының)   

                 әрекеті таралатын нақты өнім тізбесі

 

    КПВЭД коды             Өнімнің атауы және     Өнім шығарылатын

    _ _ _ _ _ _ _ _             белгісі, оны өндіруші   құжаттардың белгісі

  

    ТН ВЭД коды

 

 

                                  

 

 

    Сертификаттау ұйымының басшысы

    немесе өкілетті адамның қолы

    (өндіруші-кәсіпорынның басшысының) _______  ___________

                                                                              қолы        аты-жөні

 

    М.О*

 

    ____________________________

         * — заңды тұлға үшін

       Сертификаттау сызбасын таңдау туралы ұсыныс.

 

    1 1-6 және 10 сертификаттау үлгілерін сериялы түрде өндірілетін өнімді сертификаттауда, 7,8,9 – схемалары өндірілген өнімді сертификаттауда қолданылады.

    2 1 үлгісін шекті, алдын-ала мөлшері келісілген өнім көлемінде қолдану ұсынылады.

    3 2 үлгісін ұзақ мерзімді келісімдер немесе сериялы түрде өндірілетін өнімді тұрақты түрде жеке келісімдер арқылы шетелден жеткізіліп тұратын өнімді сертификаттауда қолдану мүмкін.

    4 3 үлгісін сериялы түрде өндіріс тұрақтылығы күмән келтірмей өндірілетін өнімді сертификаттауда қолдану ұсынылады.

    5 4 үлгісін өнімнің тұрақтылығына жан-жақты және қатаң бақылау қажет болғанда қолданылады.

    6 5 және 6 үлгілерін:

    сынаққа арнап алынған үлгі көлемінің өндірілетін өнімді объективті түрде бағалау мүмкіншілігіне жеткіліксіз;

    технологиялық процесстер сырт факторына сезімтал;

    өнім өндірісінің тұрақтылығына жоғары талап қою қажет;

    өнімнің жарамдылық мерзімінің сынақты ұйымдастыру және өткізуге қажет мерзімінен кем;

    өнімнің түрлерін жиі өзгертіп тұруы тән;

    өнімді тек тұтынушыда қондырғанда ғана сынау қажеттігі болған жағдайларда сертификаттау үшін қолданылады.

    6 үлгі дайын бұйымды сертификаттау үшін көзделінбейді және қосалқы бөлшектерді сертификаттауға қолдануға ұсынылады.

    6 үлгіні шетелден әкелінетін өнімді жіберушінің (өндіруші емес) өзінің сапа жүйесіне сертификаты болғанда, сертификаттау растайтын сипаттар қатары мен оның маңыздылығы ҚР-ның аумағындағы әрекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сай болғанда қолдануға ұсынылады.

    7 7 және 8 үлгілерін осы өнімнің өндірілуі мен сатылуы бір жолғы сипатта (топ, бір дана) болғанда қолдануға ұсынылады.

    8 9 үлгіні шетелден әкелінетін өнімді мына жағдайларда:

— шағын және орташа кәсіпкерлікте және жеке кәсіпкерлікте;

— өнімді өз мұқтаждығына және өндірісіне арнап әкелгенде (жинаққа кіретін, үйлесімділік өнімдері, өндіріс шикізаттары технологиялық жабдықтар, өндіріс аспаптары мен саймандары, қондыру жабдықтары және т.б.);

— басқа кәсіпорындар сатуға әкелген өнімді сынауға сынақ зертханалары болмаған жағдайларда қолдануға ұсынылады.

    9 10 үлгіні отандық өнім шығарушылардың өндірілуі тұрақты емес немесе аздаған көлемде ұзақ өндіру кезінде қолдану ұсынылады.

    Үлгіні шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдерін сертификаттауда қолдану ұсынылады.

    10 9 және 10 үлгілерді өнімнің мынандай біртекті топтарын: сертификаттауда қолдануға тиым салынады: бала тағамдары өнімдерін; ойыншықтарды; автомобиль бензиндерін; дәрі-дәрмек жабдықтарын; 3 бапқа сәйкес (6) белгіленген қауіпті өндірістік объектілерін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           Өнімнің сәйкестігін растау жұмыстарына арналған келісім түрі                                     

 

                    Өнімнің сәйкестігін растау жұмыстарына арналған

 

 

                         КЕЛІСІМ № ____________

 

_____________қаласы                           200___ж______”____”

 

 

    Талаптар: ____________________________________________

                                 Сертификаттау ұйымының атауы

  ҚР МСЖ Мемлекеттік тізімінде 200___ж _________”____” №____

  тіркелген, әрі қарай «Орындаушы» деп аталатын және _________негізінде жұмыс істейтін ___________________________

                                                                   басшының аты-жөні

бір жағынан және _________________________әрі қарай «Өтінуші»

                                 өтінуші мекменің атауы

 

деп аталатын екінші жағынан _____________________________

                                                        басшының аты-жөні

осы келісімді төмендегі туралы жасады:

 

    1 КЕЛІСІМ МӘСЕЛЕСІ

   

    ˝Өтінушінің˝ тапсырысы бойынша, ал “Орындаушы” сәйкестік сертификатын беру немесе сәйкестік декларациясын тіркеу мақсатында өнімнің сәйкестігін растау жұмыстарын орындауды өзіне жүктейді.

    “Өтінуші”:

    Өнімнің сәйкестігін растау жұмыстарына байланысты шығатын шығынды, оның нәтижесіне қарамай, бекітілген тәртіп бойынша төлеуді.

    Предстовлять “Орындаушыға” өнімді ұқсастыруға және оның бекітілген талаптарға сәйкестігін бағалауға мүмкіншілік беретін өнімге талаптар қоятын қажетті нормативті және де басқа да құжаттарды беруді.

    Өнім алынған соң ___ күннен кешіктірмей әрекеттік нормативті құжаттарға сай іріктеуді қамтамасыз етуді.

    Өтінілген өнімнің өндіріс жағдайын талдауды және инспекциялық бақылауды жүргізуге қажетті жағдайларжы жасауды міндетіне алады.

    “Орындаушы”.

    Өтінілген өнімнің аккредиттелген _________________________

__________________________________________________________________

сынақ зертханасының атауы, мекен-жайы, аккредиттеу куәлігінің№

 

  сынақ зертханасында (орталығында) өткізілген сынақ негізіндегі және «Өтінуші» ____________________________________________

                                                            өнім атауы

өндіру жағдайын талдау, ____________________________________                                           

                                                   өтінуші берген өнімнің сәйкестігін

___________________________________________берген құжаттар

 растайтын құжаттарды көрсету

негізінде сәйкестігін объективті бағалауды қамтамасыз етуді.

  Өнімнің белгіленген талаптарға сай еместігін және тұтынушыға төндіретін қауіпі туралы мәліметтерден басқа коммерциялық құпия болып табылатын ақпараттарының құпиялығын сақтауды қамтамасыз етуді.

  «Өтінуші» осы келісімнің 1.2. бабын орындаған жағдайда берілген сәйкестік сертификатын қорғау кепілі болуді міндетіне алады.

  Сәйкестік сертификаты берілген соң «Өтінуші»:

  • ҚР-ның МСЖ бекіткен ережелерді сақтауды;
  • өз өнімін сәйкестік сертификатынсыз сатпауды (тіркелген сәйкестік декларациясынсыз);
  • өндірілген (сатылатын) өнімнің сапасына жауапкер болуды;
  • өнімнің сәйкестігін растау кезіндегі сипаттарының тұрақтылығын қамтамасыз етуді;
  • өнімге деген шағымдарды жинауды;
  • өндіріс жағдайына талдау жүргізуге және өнімге инспекциялық бақылау жүргізуге, оның ішінде бақылау объектілеріне кідіріссіз кіруге және төлемді уақытында төлеуге жағдай жасауды;
  • «Орындаушыға» өнімнің конструктивті және технологиялық, және де оның өндіріс процесстеріндегі өзгерістерін, заңды мекен-жайының және төлем реквизиттерінің өзгерістерін уақытында хабарлауды;
  • өнімді сертификаттардың (сәйкестік декларациялардың) көшірмелерін жіберу ережелерін сақтауды;
  • сәйкестік белгісін дұрыс қолдануды қамтамасыз етуді міндетіне алады.

 

 

 

 

 

 

    Жұмыстардың құны және есептеу тәртібі

 

    ″Орындаушының″ осы келісім бойынша өнімнің сәйкестігін растау жұмыстарын жүргізгені үшін ″Тапсырушы″ ″Орындаушыға″

________________________________________________аударады.

                            (сомасы жазбаша)

    ″Орындаушының″ осы келісім бойынша инспекциялық бақылауды жүргізгені үшін ″Тапсырушы″ ″Орындаушыға″

_______________________________аударады.

    Төлемді _________________________________________________

                    (біржолы, кезеңмен, алдын-ала және басқа принциппен)

_________________________________________________жүргізеді.

 

    ″Орындаушының″ іссапарлық шығыны жеке төленеді.

 

    Тараптардың жауапкершілігі.

 

    Осы келісім бойынша орындаомаған немесе дұрыс орындаомаған міндеттемелері үшін ″Орындаушы″ мен ″Тапсырушы″___________

__________________________________________________________

 ҚР әрекеттік заңдарына сәйкес мүлікті жауапкетшілікті көереді

 

    Келісімнің әрекет мерзімі және тараптардың заңды мекен-жайлары

 

    Келісімнің әрекет мерзімі:

    Басталды 200____ж. ________________ ″___″

    Аяқталды 200____ж.________________ ″___″

    Тараптардың мекен-жайлары және есеп шоттары:

    ″Өтінуші″_____________________________________________

    ″Орындаушы″__________________________________________

 

    Орындаушы__________қолы         Өтінуші_________қолы

 

     М.О.                                                  М.О.

    200__ж._______ ″___″                       200__ж.________ ″___″

 

 

 

 

Бақылаушы кеңесі

 

 Координациялық басқару             кеңесі                     

 

Аппеляциялық кеңес немесе қайта қараушы

кеңес

 

 

 

сапа жүйесіне жауапкершілігі

 

 

 

 атқарушы басшы

 Ұйым серіктестігі            

 

 

Сертификаттау жөніндегі  комиссия

 

 

  сынау зертханалары

     

 

                  Сертификаттау ұйымының құрылымы