АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Өтінішті жұмыс беруші беретін болады: Нұрымбетов 42500 алудың жаңа ережелері туралы[:]

[:kz]

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов 42500 теңге алу үшін арнайы жарнаны төлейдің қажеті жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр алдыңғы жолы әлеуметтік көмек тағайындай кезінде жіберілген кейбір қателіктерді ескере отырып, кейбір талаптарды алып тастағанын жеткізді.

«Жұмыс беруші жұмысшылар үшін ұсыныс береді, ешқандай жарналардың төленген төленбегенін біз ескермейміз. Осылайша біраз мәселе шешімін табады. Өйткені өткенде өздеріңіз білесіздер заң бойынша жарна төлемейтін, жалдамалы жұмыста істеп жүрген зейнеткерлер, ірнеше жұмыста істеп жүрген адамдарды растай алмай қалдық. Ондай мәселелердің барлығы шешіледі деп ойлаймын», — дейді Нұрымбетов. 

[:]