АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Өткен тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандардың жаңа оқиғасы тіркелген жоқ – ДСМ[:]

[:kz]

Қазақстанда өткен тәулік ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жаңа оқиғасы тіркелген жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Telegram каналында хабарлады.

«Құрметті қазақстандықтар, өткен тәулік ішінде елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа оқиғасы тіркелген жоқ. Бұл дертке шалдыққан адам саны – 4. Олар дәрігерлердің қатаң қадағалауында карантинде жатыр. Бұл кісілермен байланыста болған адамдар анықталып, бақылауға алынды. COVID-19-бен күрес және індеттің алдын алу республика бойынша кең ауқымда жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыда коронавирус жұқтырған 3 адам тіркелгенін хабарлаған болатын. Ал кеше Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 4-ке жеткенін мәлімдеді.

azattyq-ruhy.kz/

[:]