АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:ru]Отношение госслужащих к простому человеку не меняется – Назарбаев[:kz]АҚМОЛАДА ШАҒАЛА КӨП БОЛАТЫН [:]

[:ru]

При этом был ужесточён отбор самих госслужащих, отметил глава государства.

Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев раскритиковал работу чиновников. Об этом шла речь на встрече с премьер-министром РК Бакытжаном Сагинтаевым. Видео встречи размещено на официальной странице Акорды в Facebook, передаёт корреспондент BNews.kz.

Глава государства выразил недовольство ростом стоимости коммунальных услуг, ухудшением качества медицинского обслуживания, дорогизной образования, отсутствием роста объёмов производства субъектов МСБ.

«Поэтому сейчас настает вопрос всё это пересмотреть. Мы говорили о верховенстве закона: сколько приняли законов, все изменили. Порядок государственной службы изменили, подбор изменили, а отношение госслужащих к людям, простому человеку не меняется. Поэтому нам надо вместе думать, почему не делается? Всё есть, средства определены. Сейчас по жилищному строительству в рамках «Пяти социальных инициатив» если также пойдёт, то совсем плохо будет. Мы строим дороги республиканского значения, а если между районами дорог нет, человек это не чувствует. Я уже давал задание министру: кое-что может подождать, отложите деньги, но чтобы внутри посёлка, района дороги появились, чтобы люди ездили. Низкое качество образования в вузах, поэтому дети предпочитают учиться в соседних российских вузах или других. Не все имеют возможность это делать», — отметил глава государства.

«Целый клубок вопросов накапливается именно с точки зрения и исполнения принятых решений и контроля со стороны Правительства. Все эти вопросы мы должны хорошо рассмотреть», — добавил Президент.

https://bnews.kz/ru/news/otnoshenie_gossluzhashchih_k_prostomu_cheloveku_ne_menyaetsya__nazarbaev

[:kz]

Еліміздің бас қаласы Астана биыл 20 жылдығын тойлап жатыр. Бұл мәңгілік ел астанасы тарихының қас-қағым ғана мезеті болғанмен астанамен бірге кемелденіп, бірге жасап келе жатқан кейбір адамдар үшін өмірінің ең жарқын кезеңдері. Ақмола қаласы астана болып ресми жарияланбай тұрып бірінші кезекте ұлттық қауіпсіздік қызметінің жұмыс тобы барды. Соның құрамында болған сыртқы барлау қызметінің офицері, Мемлекет басшысы Жарлығымен «Астана» медалін алғашқылардың бірі болып кеудесіне таққан Рахман осыдан 20 жыл бұрынғы Ақмолаға бет алған Ұлы көш туралы әңгімелеп беріп еді. 

1997 жылдың қыркүйек айы. Алматыда алтын күз. Сонда да жаздың ыстығы басылмаған, тамаша кезең. Рахман кезекшіліктен шығып ертемен бекітілген тәртіп бойынша оперативтік жағдайды баяндау үшін бөлімше басшысына кірген болатын. Полковник Мұрат Сыздықов баянатты қабылдаған соң, қарамағындағы офицерді емін-жарқын әңгімеге тартты, отбасының жағдайы туралы сұрады. Бұл сұрақтарға қандай жауап алатынын  бастығы жақсы біледі, алтын уақытын бос әңгімегеге жұмсайтын бұл кісі емес. Демек маңызды бір тапсырма бермекші, деп түйген сұңғыла барлаушы Мұрат Хамзаұлы тарапынан тосын бір ұсыныс болатынын іштей сезді. Ойын жинақтап қандай жаңалық айтар екен деп күтті. Бастығы да Рахманның ойын оқып отырғандай жайлап сөзді қызмет бағытына бұрды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жаңадан астана болып белгіленген Ақмола қаласына баратын алғашқы жұмыс тобын құрып жатқанын, соған сыртқы барлау қызметінен бес кісінің қажет екенін, сол топқа өзін қосқысы келетінін айтты. «Барлық болашақ сол жаңа астанада, кейінірек бәріміз сол қалаға көшеміз. Болашағынан үміт күтетін жігіттердің бірі өзіңсің, жаңа астанаға барып негізгі құрам келгенше сол жақтағы жұмыстарды ұйымдастырасың. Бұған қалай қарайсың? Ойлануға екі күн беремін, жағдайыңа қара» деп сөзін түйіндеді. Шындығына келгенде полковник Сыздықовтың қарамағындағы аға лейтенантты бұйрық беріп аттандыруына толық құқы болды, алайда ол бұл жерде алдымен жас офицердің жағдайымен, пікірімен санасатындығын білдірді. Үнемі ағалық ақылын айтып, қамқор болып жүретін бастығының   сөзін мұқият тыңдап отырған жас лейтенант іштей шешім шығарып, жауабын дайындап қойған. Салт басты жас жігітке ойланатын не бар, Рахман жаңа астанаға көшуге бірден келісімін берді.

Осылайша 1997 жылдың 6 қазанында Рахман ең бірінші болып жаңа астанаға көшкен арнайы қызметтің жұмыс тобы құрамында Алматыдан Ақмолаға жол тартты. Солтүстіктегі жаңа астанаға бағытталған Ұлы көштің басы осы еді. Арнайы жасақталған автоколоннамен шыққан отряд жолда Балхаш көлінің жағасына бір қонып, келесі күні түн ортасы ауа Ақмолаға жетті. Жаңа астанаға бірінші болып келген  әріптестерін жергілікті чекистер қуана күтіп алып, түнгі сағат бір болса да дастархан жайып қонақкәде берді.

– Жолдан шаршап келіп түнгі сағат 3-те жатқандықтан қатып ұйықтаппыз. Сағат онда тұрдық. Ақмоланың таза ауасы адамды бірден сергітеді. Есте қалған ең алғашқы әсеріміз – Алматыдағы күнде көріп көзіміз үйренген тау көрінбейді, айнала теп-тегіс дала, ұшып жүрген үлкен шағалалардың қиқулаған дауыстары естіледі. Жақын арада теңіз жоқ еді ғой, бұл қайдан жүрген шағалалар деп ойладық. Біз орналасқан ауданды жергілікті тұрғындар сол маңайдағы дүкеннің атымен  «Встреча» деп айтады екен. Сонымен бір күн демалып, ертесінде  жұмысқа шықтық. Ол кезде қазіргі «Сырбар» сыртқы барлау қызметі ҰҚК құрамында болды. Бізге солар орналасқан ғимараттан екі бөлме беріледі. Бүкіл керек-жарақты Алматыдан алып келгенбіз. Шарушылық бөлімшесінің қызметкерлері киім ілетін шкаф таппай, полковник Мұрат Сыздықов Алматыдағы өз кабинетінде тұрған шкафты беріп жібергені есімізде. Кабинетімізді жинақтап, компьтерлерді қосып, шаң-тозандарын сүртумен тағы бір күн өтті. Сөйтіп үшінші күні сол кездегі Орталық Алматыға, «Жұмыс істеуге дайынбыз» деген баянат жіберілді. Алғашқы жұмыс күнін қаламен танысудан бастадық. Қала шағын ғана, біз сияқты жастарға бір басынан екінші басына жаяу шығып кетуге болады екен. Бірақ қыстың күні жаяу жүру қиын екенін көп ұзамай-ақ білдік. Оңтүстіктен барған біз үшін солай көрінді ме, әйтеуір сол жылғы қыс ерекше суық болды. Қызметкерлерді жұмыстан жатақханаға апарып, алып келетін арнайы автобус бөлінген. Бірақ жұмыстың аяғында оған көбінесе үлгіре алмайсын, кейде қызмет бабымен қалада жүріп қаламыз да қалалық көлікке мініп қайтатын кездеріміз жиі болады. Сондай бір күндері, әлі есімде 9-шы маршруттағы автобустан өзімнің аялдамама келіп түстім. Ақ түтек қарлы боранның күші адам ұшыратындай. Тура жүргенде алдымда тоғыз қабатты үй тұру керек, мен тұратын жатақхана сол көпқабатты үйдін артында. Әлгі үй жоқ, менің аялдамам емес сияқты. Жетпей түсіп қалдым ба, жоқ өтіп кеттім бе деген ой келді. Екі-үш минуттай аңырып жан-жағыма қарап тұрдым, жайлап алға қарай жылжыдым. Бір кезде боран сәл тынышталған кезде әлсіз сығырайған жарық көрінді. Жақындағанша қарлы бораннан көрінбеген екен, тоғыз қабатты үй дәл алдымда тұр. Жол жиегіндегі темірден ұстап әрен дегенде жатақханаға жеттім,-деп Рахман жаңа астанадағы алғашқы әсерлерін еске алады.

Бұл, Алматыдан министрліктердің көшіп келуінен екі ай уақыт бұрын, қазан айының басы болатын. Үкімет жаңа астанаға 1997 жылдың 10 желтоқсаны күні көшіп келді, сол күні Ақмола ресми түрде тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасы болып жарияланды. Алматыдан көшіп келіп жатқан министрліктер Есіл өзенінің оң жағалауындағы ғимараттарға орналаса бастады, ол кезде қаланың сол жағалауында көп үйлер жоқ, бос жататын. Мысалы, қазіргі «Бәйтерек» тұрған жер «Заречный» совхозының егіс алқаптары болатын. Сол жылдары қаланың барлық бөліктерінде қызу  құрылыс жұмыстары жүре бастады. Рахмандардың жұмыс тобы министрліктердің қандай ғимарттарға орналасатыны, қай жерде ведомствоның орналасуына ыңғайлы бос ғимараттар тұрғаны, қаладағы ресми, оқу, демалыс орындары, діни ғибадатханалар орналасқан жерлер туралы мәліметтер жинап, орталық үкіметтің көшіп келуі алдында дайындық жұмыстарын жүргізді.

– Сөйтіп жүргенде қараша айының 5-ші күні Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Барлау» Қызметін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Былтыр сыртқы барлау қызметі 20 жылдығын тойлады. Осылайша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Бас барлау басқармасы ҰҚК құрамынан бөлініп шығып, жеке ведомство болып құрылды.  Енді бізге бөлек ведомства ретінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратын босатып, жеке шығуымыз керек болды. Орын тапқанша жаңадан құрылған «Барлау» Қызметі 1997 жылдың аяғына дейін ҰҚК ғимаратында отырды. 7-ші қарашада Алматыдан Ақмолаға Қазақстан Республикасының ресми рәміздері – Ту, Елтаңба жеткізілді. Осындай республикалық деңгейдегі салтанатты шараларға «комитетшілермен» бір ведомство ретінде қатысатынбыз. 1998 жылдың басында Ақмолаға «Барлау» қызметінің аумақтық орталық басшысы болып полковник Уәлихан Ботабаев тағайындалады. Орталық Алматыдан әлі қозғалған жоқ. Көшіп келу үшін жаңа астанадан ғимарат іздедік. Алғашқыда астымызда көлігіміз де болмады, бөлімшедегі жергілікті бір жігіттің ғана ескі «Москвич» автокөлігі бар еді, оның қолы бос болса бәріміз әлгі «Москвичке» мініп аламыз. Ол болмаса жаяу жүре береміз. Қаланы ерсілі-қарсылы жаяу аралап жүріп біздің қызметке лайықты-ау деген ғимаратты таптық. Енді бұл ғимаратқа арнайы байланыс желілерін тарту керек болды. Сол кезде осындағы орталықтың басшысы полковник Ботабаевтың арнайы байланыстың білікті маманы болғаны жағдайды жеңілдетіп, көп жағынан ұттық. Сонымен өте қысқа мерзімде «Барлау» қызметінің Ақмоладағы аумақтық орталығы өз жұмысын бастап кетті, — деп есіне алады барлаушы Рахман.

 Бұл қандай бағыттағы жұмыстар екенін оқырман түсініп отырған болар, сондықтан ол туралы мүмкін ешқашан да айтылмайтын шығар. 1998 жылдың 10 маусымында Астана күні тойланып, бүкіл әлемге Қазақстанның жаңа елордасы таныстырылды. Рахман «Астана» медалін кеудесіне тақты. Сол мерекеде Рахман болашақ зайыбы Разияның келісімін алып, үйлену тойы келесі айдын 6-на белгіленеді. Үйлену тойы болған 6-шы шілде болашақта үлкен мерекеге айналатынын ол кезде жастар қайдан білсін. Міне биыл олардың танысуына, отбасын құруға себепші болған Астана қаласына 20 жыл болды. Жиырма жыл бойы Рахман отбасы үйленген күндерін өздерінің сүйікті қаласы құрылған күнмен бірге тойлап келеді.

Бірнеше шет тілдерін меңгерген Рахман ана тілін қатты қадірлейді. Рахман 1998 жылдың күзінде Мәскеу қаласына арнайы қызметтің оқуына барды. Оқуды бітіріп Астанадағы қызметіне оралды. Кейіннен шығыс елдерінің бірінде ұзақ мерзімдік іссапарда болып қайтты. «КСРО кезінде әскерде Шығыс Германия жерінде болдым. Осындағы апайым сол кездерде хат жазып, ішіне төрт бүктелген «Қазақ әдебиеті» газетін салып отыратын. Газеттің әрбір нөміріне бір әңгіме шығады, сондағы қазақ жігіттері газетті кезектесіп қызыға оқитынбыз. Оқып біткен соң газетті сол күйінде әскери бөлімнің кітапханасына тігіп қоюға тапсыратынмын. Сөйтіп апайымның арқасында алыстағы неміс жеріндегі Кеңес әскери бөлімінің кітапханасында «Қазақ әдебиеті» газетінің тігіндісі пайда болды. Кейіннен шетелде жұмыс істегенде байқағаным, егер адам өз елінің тарихын, мәдениетін білмесе шетелдіктер оған түсінбестікпен, тіпті сенімсіздікпен қарайды. Әдетте қазақстандық дипломатия қызметкерлеріне сол елдің ғалымдары, жалпы интелегенциясы біздің елге қатысты әртүрлі сұрақтармен келеді. Олардың қоятын сауалдары, әрине, қарапайым сұрақтар емес. Сондықтан оларға тұщымды жауап беру үшін барлық жағынан, әсіресе ұлттық құндылықтарымыздан жақсы хабардар болуға тиіспіз» дейді барлаушы.

Біраз жыл шетелде жұмыс істеп келгені болмаса, соңғы жиырма жылда Рахман өзінің сүйікті қаласы Астанада тұрады. Биыл Рахман отбасы Астана қаласының мерейтойымен бірге үйлену тойларының 20 жылдығын атап өтті.

 

Қайыржан ТӨРЕЖАН.

Алтынорда

 

 

[:]