АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Өз балаңды жұлмаласа көрер ем: Белгілі журналист 7 жасар балаға қатысты істің күдікке толы екенін айтты[:]

[:kz]

 

 

 

 

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбаққызы ОҚО-да зорланды деген 7 жасар балаға қатысты былықтардың бетін ашты. Әу баста Аружан Сайынның Алматыда жатып жазба жазып, ел-жұртты Зағипа Балиева қарсы қойғанынан-ақ күдіктеніпті. Ол баланы саясатқа айналдырып, ойыншық қылғанша Саиннан әділдік үшін күресіп, істі соңына дейін жеткізуін талап етті.

«7 жасар баланың тағдыры ойыншық болды барлығына. Әу баста осындай сценарийді құрып, Зағипа Балиева xанымды жеккөрінішті ету Аружан Саинға неге керек болды деп ойлаған едім. Сол «қайырымдылықты жасаушы» әйелге күдігім басым болғанын жазған да едім. Бүкіл мафиясымен енді адвокат Бауыржан Азановты жеп жатыр ма?! Браво! Жеңдер! Бала — сендердікі емес. Ол жәй әкесінің жылы сөзін, туған анасының аялы алақанын көрмеген, әжесінің қабағына қараған тастанды ғана. Өз қанасынан шықпаған балаға жаны ашып қайтсін, тәйірі?!

 

Зағипа xанымды осы Аружан бастаған топ — айқайлатып, ойбайлатып, омбудсменнен жұлып алды. Жеті жасқа дейін тәрбиелеген әжесін итеріп тастап, анасына берді. Кезінде қайда болыпты анасы?! Неге ол жеті жасқа дейін тәрбиесіне алмай, енді келіп жаны аши қалғаны. Барлығын тауысып, қайырымдылық жасаушылар ендігі адвокатын жексұрын етіп жатыр.

Сол оқиға басталған кезде Шымкентке кім барып еді, ағайын?! Естеріңізде ме? Аружан ба?! Мен неге сол әйелді көрмедім, а?! Азанов емес па еді өз қаражатына Астана-Шымкент-Алматы-Астана-Шымкент-Алматыға ұшып жүрген. Ал, Аружан болса әсем қала Алматыда отырып, «бла-бла-бла» деген посттар жазып отырды емес пе? Енді барлығы дұрысталғанда адвокат жаман болып қалды ма?!

 

Рамазан айында бастама депті Азановқа бір ұятсымақ адвокат. Соған айтарым: Бастасын! Бізге Ораза айында ақиқат керек. Біз шындықты естуіміз керек. Сендер орыстілді блоггерлер, Аружанның сөзіне сенсеңдер, мен балақайдың шын жанашыры болған Бауыржан Азановқа сенем! Сендердің артында үлкен алпауыт элита xанымдар мен мырзалар тұрса, Азановты жақтаушының артында мен секілді шыншыл журналист тұр. Ал, менің соңымда мыңдаған xалық бар. Саясатқа балақайды араластырмаңдар! Өз балаңды солай жұлмаласа көрер ем…
Қызық, айқай-шуды бастаған Аружан періште екен де, қалған кісілер монстр болды ғой. Менің жүз мыңдаған оқырманым күніге осы балақайды сұрайды. Ал бұлар болса балақайды саясатқа араластырып, ойыншыққа айналдыруда. Парадокс», – деді журналист желідегі жазбасында.

Айта кетейік, наурыз айында ОҚО Сарыағаш ауданы Абай ауылында тұратын 7 жасар баланың ауыр тағдыры жайында жазған болатынбыз. Оның әжесі жергілікті журналистерге берген сұхбатында немересінің былтырдан бері зорланып келе жатқанын айтқан. Сөзінше, көрші мектептің 7-8 сынып оқушылары 1-сынып оқушысын алдымен ұрып соғып, артынша зорлайды екен.

sn.kz/

[:]