АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Өз ісінің шебері еді»: Шарында селден қайтыс болған мұғалім жайлы дерек шықты [:]

[:kz]

Экскурсия демалыс уақытында болғандықтан мектеп әкімшілігімен келісілмеген. Білім басқармасы оқиғаның мән-жайын зерттеп жатыр

Шарын шатқалында селден көз жұмған мұғалім кейінгі 3 жылда Алматыдағы №199 гимназияда жұмыс істеген. Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға кезінде ол балаларға көмектескен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы қаласы білім басқармасының мәліметінше, 26 жастағы Мерей Ибрагимов көркем пәндерден сабақ берген. Жұмыс өтілі – 5 жыл. Оның 3 жылында Алматы қаласындағы №199 гимназияда жұмыс істеген.

Әріптестерінің айтуынша, Мерей өте жауапты маман болған.

«Барлық оқушының сүйікті ұстазы, өз ісінің шебері еді. Ерекше шығармашылық адамы, көшбасшы, мақсаты айқын ұстаз болатын. Жан-жағындағыларға күлкі сыйлап жүретін», — дейді марқұмның әріптестері.

Айта кетейік, 29 мамыр күні Алматы облысында Шарын шатқалының төменгі бөлігінде сел жүрді. Сол күні Алматыдағы №199 гимназияның 8 оқушысы шатқалға экскурсияға шыққан. Оларды 5 ата-ана мен 3 мұғалім ертіп жүрген.

Қайғылы оқиға салдарынан оқушы мен мұғалім көз жұмды, тағы бір оқушы жоғалып кетті. 30 мамырда сел ағызып әкеткен қыз аман-есен табылды.

«Экскурсия демалыс уақытында болғандықтан мектеп әкімшілігімен келісілмеген. Білім басқармасы оқиғаның мән-жайын толық зерттеп жатыр. Қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығуын тілейміз. Құрметті ата-аналар,  демалыс кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске саламыз», — деді Алматы қаласы білім басқармасы.

sputnik.kz

[:]