[:kz]
Боксшы Әділбек Ниязымбетов Қарақалпақстанда тұрып жүргенде өзбек ағайындар спортта жетістікке жетуіне кедергі болғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұрсұлтан Құрманарнасына сілтеме жасап.
1989 жылы Қарақалпақстандағы Нүкісте дүниеге келген олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегерінің айтуынша, өзбек ағайындар қазақ болғаны үшін алып тұрған жүлдесін бермей қойған екен. Әділбекті қоя беріп, әлем чемпионатында өнер көрсетіп, жетістікке жетіп қалған қазақтар болса, өзбектер жарысқа қатыстырмау үшін барын салатын көрінеді.
«Ауылда жүрген кезде облыстарда неше рет жеңіске жеттім. Маған ешқашан жүлде бермейтін. Өзбек болсаң ғана береміз деп айтатын. Қазақтарды көтермейтін. Әлем чемпионаттарында топ жарып жүрген қазақ ағаларымыз болды. Сол кезде өзбек ағайындар қалай болса да аяғынан шалып, құлатып, өзбеті алып кететін», — дейді Әділбек Ниязымбетов.
Ата-бабасы Қарақалпақстанға көшіп кеткенімен, спортшының ұлты қазақ. Бапкерінің кеңесімен туған елге оралып, Әділбектің отбасы ұлының үлкен спортқа қадам басуына ықпал еткен. Әділбек Ниязымбетов алғашқы кәсіби жаттығуларын Жаңаөзен қаласында бастаған.
«Менің бапкерім Рашид деген өзбек кісі болатын. Қазақстанға кетер кезде ол кісі осы қадамымды дұрыс деп есептеді. Өйткені, Өзбекстанда сені көтермейді деді бапкерім», — деп ағынан жарылды спортшы.
[:]