АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Өзбекстан Мәскеудегі Гүлнара Каримованың үйлерін тартып алуға кірісті [:]

[:kz]

Өзбекстан билігі Мәскеуден бұрынғы президент Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнәр Каримованың Ресейдегі жылжымайтын мүліктерін тәркілеуін сұрады деп жазды Азаттық тілшілері. Ресей астанасында «Камелот» кешенінде пентхаусы, Рублевкада зәулім үйі және сегіз пәтері бар. Ал Ялтада — қонақ үй, тұрғын үй және жерге иелік етеді.

«РФ Бас прокуратурасына Өзбекстанның Бас прокуратурасынан Каримова ісіне құқықтық көмек беру туралы өтініш түсті. Онда жылжымайтын мүліктерді бұғаттау туралы айтылған», — делінген Ресейдің Бас прокуратурасы таратқан мәліметте.

Өзбек билігі нақты нені бұғаттауды сұрағаны туралы мәлімет жоқ. «Өзбектердің сұрауы бойынша, бұл туралы мәлімет құпия болады», — дедеі ресейлік мекеме өкілі.

Бұның алында Өзбекстан тергеушілері Гүлнәр Каримованы түрлі елдерде ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, лас ақшаны заңдастырумен айналысты деп хабарлаған еді.

sn.kz

[:]