АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Өздігінен ашылған аурухана есігі желідегілердің үрейін ұшырды (видео)[:]

[:kz]

Ұлыбританиядағы Ньютаунардс қаласының тұрғыны Джон Маккриди қауіпсіздік жүйесін орнататын компаниялардың бірінде жұмыс істейді. Қызметі кезінде ауруханада пайда болған ақауды жөндеуге келіп жеткен жігіт адам сенгісіз жағдайдың куәсі болған деп жазады life.ru-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Джон Facebook-тегі топтардың біріне басынан өткен оқиғаны баяндап берген. Оның сөзінше, ол әріптесімен Белфас ауданындағы ауруханаға келген.

Ер адамға аурухана қызметкерлері соңғы кездері түнде өздігінен дабыл іске қосылып кететінін айтқан. Алайда ақауды байқамаған жігіт бақылау камераларын қарап шығуды ойлайды.

Ал бейнежазбадағы көрініс жігіттің зәре-құтын қашыған. Кадрда о бастан айтарлықтай ештеңе байқалмағанымен, кенет есіктің автоматты түрде ашылып, дабылдың іске қосылып кеткені көрінеді.

Жігіт видеоны қайта-қайта қарай бастаған кезде, әлдекімнің көлеңкесін көрген.

Бейнежазбадан адам іздеріне ұқсас көлеңкенің кіреберіске дейін барып, кейін есіктің өздігінен ашылғанын анық байқауға болады.

Желі қолданушылары аталған видео өздерінің үрейін қашығарғанын жарыса жазған.

«Ойбу, мына нәрсе адамға ұқсайды екен! Жақсылап қарасаң, оның аяғын байқауға болады. Бірнеше рет қарауға тура келді. Бірақ ол соған тұрарлық. Өте керемет», «Иә, мен де дөңгелек қара дақты көріп тұрмін!» ,- деп жазды қолданушылар.

 

 

[:]