АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Өзі үйретті» Ақтөбеде 17 жасында 74-тегі шалға тиген әйел шындығын айтты [:]

[:kz]

Әйелі мен 9 баласы бар қарияны өзіне қаратып алған ақтөбелік өзін бақытты санайды

Ақтөбелік Галина Новикова 17 жасында 74-тегі қазақ ақсақалына күйеуге шығып, алты баланы дүниеге әкелген. Ол өзінің бұл таңдауына еш өкінбейтінін «Өз ойым» телебағдарламасында айтты.

 
 

Ақтөбеде жетімдер үйінде өскен Галина мектепті тәмамдаған соң Жасөспірімдер үйіне ауысқан. Сол арада болашақ күйеуін жолықтырады. Ал оның сол кезде бәйбішесі мен 9 баласы болған екен.

«Ол 73-74-те болды. Ал мен 17-де едім. Сол кезде үйлендік. Әрине, бақыттымын. Ол кісі мен тұрған Жасөспірімдер үйінде жұмыс істейтін. Басында үйін жинап беруге барып жүрдім. Тамағын істейтінмін. Бірақ тамақ істеу қолымнан онша келмеуші еді. Өзі бәрін үйретті. Өмірге үйрете бастады. Ақысын төлейтін», — деген Галина бұл қарым-қатынастың ары қарай махаббатқа ұласқанын айтады.

Ол арада тұтанған сезімді махаббаттан гөрі өзі қатты бағалайтын туысқандықтан туған жақындық деп есептейді екен. 

«Мейрамдарда қайта-қайта сыйлық жасай беретін. Басында мұны жәй ілтипат шығар деп ойладым. Менде махаббат болған жоқ. Маған жылулық керек еді. Әкенің, ер адамның. Соны ол кісі маған сыйлай алды. Оған Құдайға мың алғыс айтамын. Өзіме қорған, тірек бола білген осындай адамды кездестіргеніме бақыттымын», — дейді ол.

Бақтығали ақсақалдың бәйбішесін бүгінде Галинаның балалары әжей деп құшақтап, айналып-толғанады екен.  Ал бастапқыда ол кісімен онша тату болмапты.

 
«Бақтығалидың бірінші әйелінің есімі – Сәлима. Өте жақсы кісі. Одан Бақтығалидың 9 баласы, 23 немересі, 16 шөбересі бар… 2005 жылы тұрмысқа шықтым ғой. Сәлиманы тастап маған келді. Бәйбішесін айтамын. Басында айқай-шу болды, Сәлима тоң-теріс кетті бізден. Бірақ балалар пайда болған соң, уақыт өте келе қасыма келіп, ақыл-кеңесін беріп, мені қолдады. Менің балаларым Сәлима апасы десе ішкен асын жерге қояды. Ол кісінің немерелері менің балаларыммен қатар, тел қозыдай бірге өсіп келеді. Сөйтіп күйеуім қайтыс болғанша бәріміз бір үйде тұрғанбыз…», — дейді Галина.

Бүгінде алты бала өсіріп отырған Галина жергілікті әкімдіктен жер телімін алғанын айтады. Енді сол араға үй тұрғызып, мал өсіріп, бақша егіп, бала-шағасымен бақытты ғұмыр кешсем ғой деп армандайды.

Айта кетсек, Галинаның үлкенінің жасы 12-де, кішісі бес айлық. Есімдері  — Қуаныш, Венера, Қуандық, Бақтияр, Әділет, Анжели.

 

sputniknews.kz

[:]