[:kz]
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Айқын Төлепберген жары Жұлдыз Өмірғалиге ерекше сыйлық тарту етті. Ол екі баласының анасына су жаңа темір тұлпар сатып әперген деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жұлдызды жұп бұл қуанышты жаңалығымен Instagram желісінде хабарлаған. Айқын Төлепберген өз парақшасында келіншегінің қымбат көлікті жүргізіп келе жатқан сәтінен видео жариялап, оған темір тұлпарды сыйлағанын жазған.
Жұлдыз Өмірғали енді «Gelandewagen» қымбат көлігінің иесі атанды. Неміс темір тұлпарының бағасы 15 миллион теңгеден басталады.
«Өзі ұнатқан машинасын алдық. Әрине бала-шағамен жүргенге ыңғайсыздау болғанымен, плюстері де көп. Құтты болсын жаным. Сіздерге де жұғысты болсын! Енді тасып жүретін машина осы. Құтты болсын жаным. Темір тұлпарың тозып, өзің тозба! Жақсы көремін сені. Құттықтауларыңызға рахмет» , — деп жазды өнер иесі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары бірден Жұлдыз Өмірғалиді құттықтап, оның жолдасының асқан жомарттығына тәнті болған.
«
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Құтты болсын. Айқын жарады» , «Нағыз ер адам осындай сыйлықтарды тарту ету керек» , «Керемет, көпке үлгі болар ер азамат» , «Әйелін сыйлай білетін азамат осындай сыйлықтармен қуантады» , «Құтты болсын. Баршамызға да жұғысты болсын» , «Мінсіз көлік деп осыны айт. Бұл темір тұлпар талай жігіттің арманы ғой» , — деп жазуда көпшілік.
[:]