АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Өзімнің қызым бар»: Ержан Максим ғашығы туралы өз құпиясымен бөлісті[:]

[:kz]

Ресейдегі «Голос. Дети» жобасының финалисі ретінде халыққа танымал болған Ержан Максим «Түнгі студия» бағдарламасына берген сұқбатында ғашығы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі. 

Кішкентай болса да, ресейлік эстрада жұлдыздарына өзін мойындата білген Ержан Максим жоба біткен соң, үлкен танымалдыққа ие болды. Халыққа оның жобадағы өмірі ғана емес жас жұлдыздың жеке өмірі де қызық. «Түнгі студия» бағдарламасына сұхбат берген ол қызының бар екенін жасырмады. 

«Мен қызға қарамаймын. Бірақ өзімнің қызым бар. Есімі құпия болсын. Менің жасым 11-де, оның жасы 10-да», — деген Ержан Максимнің сөзінен ғашығы туралы біліп алмақшы болған бағдарлама жүргізушілері оған түрлі сұрақтар қойды. Бірақ кішкентай жұлдыз бұл қулыққа алдана қоймады. 

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының 24-і жұлдызында «Бірініш арна» «Голос. Дети» жобасының ақтық мәресін тікелей эфирде қайта өткізбек. Бұдан бөлек жас әнші танымал жұлдыздардың қатысуымен елордамызда жеке ән кешін өткізетінін, сондай-ақ, алдағы уақытта Америкадағы The World’s Best байқауында Қазақстанның намысын қорғайтыны туралы айтқан болатынбыз.

 Stan.kz

[:]