АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]»Өзің амансың ба деп сұрауға шамасы келмеді»: Әуелбекова бұрынғы күйеуіне шүйлікті [:]

[:kz]

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мөлдір Әуелбекова жол апатына түсіп, көлігінен айырылып қалғаны туралы пікір білдірді. Өнер иесі бұл жағдайда темір тұлпарды сыйлаған бұрынғы жолдасының әрекетіне қатты қынжылған. Қызының әкесін әншінің амандығы емес, көлікті жөндету мәселесі көбірек алаңдатқанға ұқсайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуіне деген өкпе-назын Instagram парақшасында жеткізген. Ол жол апатынан кейінгі экс-жолдасының қылығына ренжіп қалған. Өнер иесінің сөзінше, қызының әкесі оның жағдайын сұраудың орнына көлікті соққаны үшін сөккен. Әуелбекова бұл жайттың нақты соңғы нүктесі қойылғанын айтты.

Сонымен қатар, эстрада жұлдызы өзі үшін алаңдаушылық танытқан барша жандарға алғысын да білдірді.

«Кешегі мен түскен жол апаты жайлы сторисімді қарап, жағдай сұрасып, қолдап жатқандарыңызға рақмет. Негізі, түбінде бұл жерде мәселе сол темір немесе 5 млн теңге де емес қой. Мені қыңжылтып тұрғаны, көлікті маған сыйлаған қызымның әкесіне: «жол апатына түсіп қалдым» — дегенде, «өзің амансың ба, тірісің ба?» деп сұрауға шамасы келмеді. «Қай жерін соқтың, қатты соқтың ба, қанша тұрады білесің бе сен?» — деп темірін сұрап әлектенді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Moldir Auyelbekova (@moldir.auyelbekova)

Айтарға енді басқа сөзім жоқ. Соңғы нүктесі осы. Аллаға тапсырдым. Алла әділ. Реттейді. Тек сабыр мен уақыт керек. Осымен бұл тақырып енді жабық», — деп жазды ол. Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова жол апатына түскенін хабарлаған еді.

Ол оқиғадан кейін аталмыш көлікті сыйға тартқан бұрынғы жолдасы одан темір тұлпарды тартып алып, жөндетуіге бес миллион теңге сұраған.

kaz.nur.kz

 

[:]