АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Пәкістан педофилдер ордасына айналып барады[:]

[:kz]

Мұсылман мемлекеті саналатын Пәкістан бүгінде педофилдердің ордасына айналып барады.

Пәкістанда күніне 10 бала зорлық-зомбылыққа ұшырайды, деп жазады Aljazeera.com.ға сілтеме жасаған SN.kz

Мұсылман мемлекеті саналатын Пәкістан бүгінде педофилдердің ордасына айналып барады. Өткен жылдың өзінде-ақ 207 миллион тұрғыны бар елде 3800 бала зорлау оқиғасы тіркелген. 

Бала құқықтарын қорғайтын әлемдік ұйымдар «Пәкістан билігі бұл мәселеге келгенде салғырттық танытып отыр» дейді. Ата-аналар болса балалардың болашағына алаңдаулы. Өйткені Пәкістанда күніне 10 бала зорлық-зомбылыққа ұшырайды, деп жазады Aljazeera.com.

Ал Үндістан Пәкістаннан кейінгі бала зорлау фактісі көп тіркелетін елдің қатарында. 2018 жылы Нью-Делиде жоғарыда айтылған мәселе бойынша 2000-нан аса қылмыстық іс қозғалған. Бангладеште жүргізілген сауалнама қорытындысына сәкес балалардың 87 пайызы ерексектер тарапынан жыныстық қорлық көргенін жасырмады.

[:]