[:kz]
Соңғы бірнеше тәулікте вирус шетелден келген 41 адамнан анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осылайша, Қытай елінде енді індеттің шетелден тарауы күшейді. Науқастардың 14-і – Бейжіңде. Жағдайға байланысты әуежайларда сақтық шаралары күшейтіліп, кей халықаралық рейстер алдымен ел астанасына жақын қалаларға бағытталуда.
Мұнда жолаушылар тексерістен өткізілген соң ғана Бейжіңге жіберіліп жатыр. Қытайдың өзінде соңғы бірнеше күнде коронавирусқа шалдығу оқиғасы тіркелмеген. Ал коронавирусты шетелден жұқтырып келгендердің саны 269-ға жеткен.
[:]