АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Павлодар облысының әкімі Иманбекке «көрімдік» ретінде 2 млн теңге берді[:]

[:kz]

«Грэмми» премиясының лауреаты Иманбек Зейкенов өзінің туған қаласы Ақсуға оралып, жастармен кездесті. Кездесу барысында ол өзі туралы айтып, Мәскеуге барғандағы әсері және жоспарлары туралы баяндады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Диджейді облыс әкімі, мәдениет министрі құттықтап, оны Қазақконцерт директоры Жеңіс Сейдоллаұлы қарсы алды. 

Облыс әкімінің атынан диджейге заманауи техника алуына және «премия алғаны үшін көрімдік» ретінде 2 миллион теңге берілген. Ал Ақсу әкімі Нұржан Әшімбетов шапан жапты.  

«Менде заманға сай техника бар, сондықтан ол ақшаны қайырымдылыққа бергім келеді. Мен ешқайда көшпеймін. Күнде қалаға барып тұрамын. Болашақта музыка саласындамын. Теміржолдан бір жыл бұрын кеткенмін. Әрі қарай музыкамен айналысамын. Жастар бәрі жемқорлық көп, көтерілу мүмкін емес деп ойлайды. Олай емес. Менің келесі релизім Шон Полмен болады», — дейді Иманбек.

 

[:]