АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Павлодарда анасы 10 айлық баласын аяусыз ұрып тастаған[:]

[:kz]

Павлодарда тұрғын үйдің кіреберісінде анасының 10 айлық баланы ұрып-соққаны видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео әлеуметтік желілерде жарияланып, үлкен резонанс тудырды. Кейбір желі қолданушылары әйелді ата-ана құқығынан айыруға шақырды, ал басқалары анасында босанғаннан кейінгі депрессиясы болуы мүмкін екенін айтты. Тағы бір топ видеодағы әйелдің нәрестенің анасы екеніне күмәнданды.

Павлодар облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Бұл факт Павлодар қаласының солтүстік полиция бөлімінде тіркелді. 32 жастағы әйел баланың анасы екені анықталды.

Әкесі 3 жасар қызын қайнаған ыстық суда отыруға мәжбүрлеген

Нұр-Сұлтанда спортсмен 4 жастағы қызды аяусыз ұрып тастаған

Қылмыстық кодекстің 140-бабы «кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Баланы дәрігерлер қарап шықты. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, бала ауруханаға жатқызылды.

Әйелдің 14, 12 жастағы және 10 айға толмаған үш баланы тәрбиелеп отырғаны анықталды.

[:]