[:kz]
Ер азаматтың денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
СҚО-да бірнеше күннен бері іздестірілген Петропавл қаласының тұрғыны 7 тамыз күні таңертең Есіл өзенінен табылды деп хабарлайды өңірдің полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
7 тамыз күні таңертең Есіл өзеніне жақын бөгет маңынан полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған 1990 жылғы Салықов Сағындық Ерденұлының денесін тапқан.
Ер азаматтың денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Оның денесі сот-медициналық сараптамасына жіберілді. Марқұмның орналасқан жері үшінші тамыздан бері белгісіз болған.
Соңғы рет Хименко-Набережная көшелері ауданындағы сауда үйінің бейнебақылау камералары оны Есіл өзенінің жағасына қарай бет алғанын түсіріп қалған.
Естеріңізге сала кетейік, 6 тамыз күні Сағындық Салықовтың мемлекеттік қызметте жұмыс істегендігі белгілі болды, ал жоғалған күні оның қолында қомақты қаржы болған.
KAZ.NUR.KZ.
[:]