[:kz]
Атышулы Алтынай Жолдыбаева желіде тағы да қызу талқыға түсті. Отандық танымал әнші бұл жолы жаңа екі образын паш етіп, ерлерді естен таңдырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі «Playboy» стилінде фотосессия жасап, жаңа фотоларын Instagram парақшасында жариялады. Алтынайды бұған дейін мұндай образда көрмеген желі қолданушылары оның бұл кейпіне қатысты жарыса пікір білдірді.
Кейбір оқырмандар әншіні тым ашық-шашық киініп алғаны үшін сынап, оның әрекетін ерсі санап жатты. Алайда, пікір білдірушілер қатарында Жолдыбаеваның мінсіз мүсініне қызығып, оған тәнті болғандар да табылды.
«Барби» , «Керемет, әрдайым өзгешесің» , «Playboy», «Сөзім жоқ, әбден ашық болып кетіпсің» , «Жарасымды маған ұнап-ақ тұр» , «Қазақтар бұл мейрамды тойламайды ғой» , Сондай әдемісіз» , «Сұлу қыз, саған бәрі де жарасады» , — деп жазуда көпшілік.
[:]