АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Полиция формасын сатумен айналысқан топ іздестірілуде[:]

[:kz]

Қазақстан ішкі істер минист

рлігі интернетте полиция формасын сатқандарды іздеп жатыр. Бұл туралы министрліктің өкілі Алмас Садубаев хабарлады. 

Садубаевтың айтуынша, полиция формасын сатқандар әрекетіне қатысты тексеріс басталды. Сатушылар жауапқа тартылады.

Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желі қолданушылары интернетте полиция формасының саудаланып жатқанын айтып, «форманы қылмыс жасауға ниеттенген адамдар сатып алуы мүмкін» деп алаңдаушылық білдірген.

Қазақстан полициясы қазір ескі үлгідегі форма киіп жүр. Ішкі істер министрлігі алдағы уақытта полицейлер киетін форманы өзгертпек. 2018 жылдың желтоқсанында министрлік полицейлердің жаңа формасының үлгісін жариялаған. 

Дереккөз: Азаттық радиосы

[:]