АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Полициядан қашқан елордалықтар елді күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Видео кадрларынан карантин режимін 50-ге жуық адам сақтамағаны байқалады.

Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтандағы алаңдардың бірінде полициядан жаппай қашқан елордалықтардың видеосы тарады. Қалада балалар мен ересектер карантин ережелеріне қарамастан, сыртқа қыдыруға шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі жағдайды жоғарғы қабатта тұратын тұрғын түсірген. Оның терезесінен алаңда қыдырып жүрген бір топ адамды көруге болады. Видео кадрларынан карантин режимін 50-ге жуық адам сақтамағаны байқалады.

 Бейнежазбаның ең қызықты сәтін — аумаққа полиция қызметкерлері келгеннен бастап көруге болады. Тәртіп сақшылары дыбыстық ескертпемен алаңға бұрылғанда, үй тұрғындары жапа-тармағай қаша бастаған.

Бұл видеоның көрген желі қолдаунышылары «»Карантин? Жоқ, естімедік», «Құмырсқа сияқты», «Біз ғана үйде отырған сияқтымыз», «Бір жағынан қызық, бір жағынан қорқынышты», «Полиция жарайсыңдар. Балаларды, ата-аналар мен ата-әжелерді тұтқындамас үшін алдын ала ескертпе беріп жатыр», «Барлық алаңдарда осылай», «Бұлай болса, карантин жалғаса береді. Тек үйде отырып, балконға ғана шығыңыздар»,- деп пікір білдірді.

Естеріңізде болса, күні кеше ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды карантин режимін сақтауға шақырған болатын. 

 

[:]