АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Полицияға пара ұсынған жүргізуші 353 мың теңге айыппұл төлейді[:]

[:kz]

Ақмола облысында жол-патруль полициясы батальонының қызметкеріне пара бермек болған жүргізушіге 353,5 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ведомствоның дерегі бойынша, оқиға биылғы жылдың басында «Астана — Петропавл» тас жолының бойындағы «Рубеж-Бурабай» бекетінде орын алған. Жол қозғалысын бақылап жүрген жол патруль полиция батальонының қызметкерлері Петропавл қаласының 28 жастағы тұрғыны тізгіндеген «Mercedes Benz-200» көлігін тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде полицейлер ҚР міндетті сақтандыру жөніндегі заңнамасына қатысты заңбұзушылықты анықтаған. Жауапкершілікке тартпас үшін жүргізуші полиция қызметкеріне 2000 теңге пара ұсынған. Алайда, полиция қызметкері парадан бас тартқан.

 

«ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ҚР ӘҚбК 676 бабына (жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі) сәйкес жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырып, оны сот органдарының қарауына жіберді. Үстіміздегі жылдың 14 наурызында Ақмола облысы Бурабай аудандық сотының шешімімен құқық бұзушылық жасаған азамат айыпты деп танылып, 353 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды», дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Жазира Тоқтарқызы.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай 2019 жылдың 30 қаңтарында «Астана — Петропавл» тас жолының бойындағы «Рубеж-Бурабай» бекетінде құжаттары дұрыс болмаған жүргізуші, Петропавл қаласының 28 жастағы тұрғыны жол патрульдік полиция батальонының қызметкеріне пара бермек болады. Алайда, полиция қызметкері парадан бас тартып, жемқорлық қылмысы туралы өзінің басшылығы мен ПД ішкі қауіпсіздік басқармасына хабарлаған болатын.

 

 

alashainasy.kz/

[:]